жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғылыми жоба Құрт - қазақтың ұлттық тағамы
Алматы облысы
Панфилов ауданы
Ғылыми жоба жұмысының тақырыбы
« Құрт – қазақтың ұлттық тағамы »
Жоба қорғаушы: Эрнест Дана Ерланқызы
Мектебі: Крылов атындағы орта мектеп
Сыныбы: 6 А
Секция : Этномәдениеттану
Жетекшісі : Дуненбаева Гульфия Оспановна
Жаркент
Мазмұны
1.
Мазмұны
- 1
2.
Аннотация
- 2
3.Резюме
- 3
4. Пікір - 4
5.Түйіндеме - 5
6.Кіріспе
- 6 - 7
7.Ғылыми
жұмысымның мақсаты
- 8
8. Негізгі бөлім
1.1 Құрт – қазақтың ұлттық тағамы - 9 – 11
1.2 Құрттың адам денсаулығына пайдасы -11 – 13
1.3 Төрт түлік малдың адам денсаулығына қажетті құндылығы - 14
1.4 Құрттың тарихи деректерде қолдананылуы - 14 - 16
1.5 Жасалу технологиясы - 16 - 18
1.6
Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағамдар
- 18 - 23
8.
Қазақстанның ұлттық бренді – құрт
- 24 – 25
9.
Зерттеу әдісі мен объектісі
- 26 - 27
10.
Нәтижесі
- 28
11. Қорытындысы - 29
12.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі
- 30
1
Аннотация
Бұл жобадағы қазақ халқының өмірінде маңызды рөл атқаратын сиыр сүтінен жасалатын осы заманға дейін жеткен және көпшілікке таныс негізгі түрлерінің бірі құрт туралы айтқымыз келді. Құрт — қазақ халқының сүттен жасалған ұлттық тағам ретінде кеңінен қолданатын өте көне түрінің бірі.
Бұл жұмысты қолға алуға Алматы облысынан көшіп келген әжейдің жасаған құрты себепті болды. Ол әжей құртты қаптап жинайды екен. Дастарханынан ақ үзілмейді, жасалуы да өзгеше. Бізді қазақ құртының пайдасы және құрттың жасалу әдістері мен кейбір тағамдарға қосымша қолданылатындығы қызықтырды.
Медицина ғылымдары пайда болмай тұрып-ақ алдындағы асын тани білген қазақ нағыз данышпан. Біздің ата-бабаларымыздың табиғи таза өнімдердің арқасында денсаулығы мықты болған деген түйін жасауға болады. Дана халқымыз құрттың бала денсаулығына және тілінің таза шығуына пайдасы мол екенін жақсы білген. 2 тал құрт адамның бір күнгі кальций қажеттілігін өтейді. Иммунитетті нығайтып, бойға қуат береді. Тіпті ғарышкерлердің ас мәзірінде де құрт бар екен. Ертеде жорықтағы әскерлер бірнеше күн аттан түспей осы құртты талшық еткен. Алғашқы жылы құрттың түрлерін анықтадық және жасап көрдік. Жұмыстың мақсатына жету үшін құрт жасайтын кісілермен сауалнамалар жүргіздік, балалар дәрігерімен сұбхаттастық, әр түрлі басылымдардан, ғаламтордан материалдар жинадық, дәмі әр түрлі құрт жасау тәсілдерін анықтадық, тәжірибе жасадық. Әр өңірде құрт әртүрлі жасалатынына көз жеткіздік. Біздің аудан бойынша құртпен айналысатын ешқандай өнеркәсіп жоқтың қасы. Сондықтан осы құрт-күш қуаттың көзі екенін зерттеп, құрт өнеркәсібін дамытпаса да, жоғалып кетуіне жол бермей ауылды жерлерді жанжандыру мақсатымен осы тақырыпты зерттеуге алдық. Биылғы жылы пайдасын анықтап, алдағы уақытта құрт құрамын анықтасақ деп отырмыз.
2
Резюме (Аннотация)
В данном проекте мы хотим рассказать о самом распространенном продукте (курте), который используется в казахской кухне. Курт готовят из коровьего молока. Мы решили собрать материал о том, как этот молочный продукт готовят в домашних условиях.
Особенно нас заинтересовал способ приготовления курта одной женщины, которая переехала в наше село из Алматинской области. У нее особый способ приготовления курта. Молоко сквашивается, затем сгусток сливается в деревянную бочку (кадку) с отверстием внизу. Отверстие с затычкой для слива жидкости. Затем полученный сгусток варит в казане в течение 2-3 часов и добавляет немного соли. После остывания данной массы « расфасовывает» т.е. курт получает разной величины и формы, потом сушит на солнце.
У этой женщины всегда богатый дастархан. Чтобы достичь цели нашей работы, мы провели ряд анкетирований, также беседовали с врачами местной больницы, подбирали материалы из газет и журналов. Оказывается, способы приготовления данного продукта во многих областях нашей республики разный. Легче и лучше курт приготовить в домашних условиях, желательно бы придумать технологию изготовления, но как?
Известно, что в глубокой древности молоко употребляли при лечении ряда болезней. Люди раньше были здоровыми, сильными. Особенно дети любят курт, что помогает их быстрому росту, развитию речи. В этом продукте содержатся необходимые человеческому организму пищевые вещества-витамины А, С и др. Два кусочка курта заменяют витамин С. Повышает иммунитет, придает человеку силу и бодрость. Раньше люди отправляясь в дальние походы, запасались этим продуктом. Доказано, что в меню космонавтов содержатся частички курта.
Мы увидели процесс приготовления курта. В нашем районе нет промышленности, которая занимается приготовлением этого полезного продукта.
Поэтому мы взяли эту тему, чтобы показать как готовят курт, его пользу для здоровья, чтобы этот продукт не ушел в историю, а процесс его приготовления передавался из поколения в поколение.
В этом году показали процесс приготовления и пользу курта, а в будущем будем работать над его составом.
3
Пікір
Технология секциясы бойынша « Құрт – қазақтың ұлттық тағамы » атты ғылыми жобаға берілді .
Білім беру мекемесі : « Крылов атындағы орта мектеп » КММ.
Орындаушы : « 4 А » сынып оқушысы Эрнест Дана Ерланқызы.
Дананың « Құрт – қазақтың ұлттық тағамы » атты ғылыми жобасында ол алдына қойған мақсаттарына өз денгейінде толығымен орындаған. Зерттеу жұмысын жазу барысында ізденуші ұлттық сүт тағам құрттың жасалу әдіс-тәсілдері, оның адам ағзасына тигізер пайдасын білу туралы ізденді. Ғылыми жобаны жазу барысында төрт түлік малдың сүтінің пайдасы, оның қасиеті жайлы «Қарты бар үйдің –қазынасы бар» дегендей өзінің әжесінен көп мәлімет алғанын айта кетеді.
Жұмыстың өзектілігі : Бұл зерттеу жұмысында қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету, ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығару қажеттілігін түсіндіру. Сол арқылы бүгінгі жастардың адамгершілік рухын көтеру және патриоттық сезімін ояту.
Оқушының алдына қойған міндеті : « Құрт – қазақтың ұлттық тағамы » тақырыбын зерттей отырып, негізгі теориясымен танысу және зерттеу жұмысын көрнекті түрде құрастыра білу, зерттеудің нәтижелерінде құрттың пайдасының маңыздылығана баға беру.
Ғылыми — әдістемелік деңгейі : Құрттың жасалу жолын зерттеп біліп, оның адамның денсаулығы үшін пайдасы мен тиімділігінің маңызын түсіндіруге негізделген.
Зерттеудің жаңалығы : Болашақта құртты үнемі пайдалану әдістері; Қоғам дамуына байланысты ұлттық тағамның жасөспірімдер арасында кең таралуына ықпал ету;
Маңыздылығы : Қазақтың ұлттық тағамы – құрттың адам ағзасына пайдасы зор екенін түсіндіре отырып, оқушының танымына жол ашу.
Жетекшісі технология пәнінің мұғалімі Дуненбаева Гульфия Оспановна
4
Түйіндеме
Бұл жоба қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын зерттеуге арналған. Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Бұл тағам ақуыздарға өте бай, адам денсаулығына өте пайдалы. Жобамда құртты Қазақстанның ұлттық бренді ретінде әлемдік нарыққа шығу жолдары қаралды.
Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған, әрі қастерлей білген. Ел — жұрт жадында мәңгі жатталып қалған «ас – адамның арқауы»-деген қағида осындай терең ұғымның қалтқысыз түсінігі болып қалыптасқан. Халқымыз адам өмірінде тамақтың орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған. Ел мен елді татуластыру да, жақсылар мен жайсаңдарды құрметтеу де, өздерінің мырзалық, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын білдіру де, ел дәулеті мен қабілетін, түсінігін танытуды да, қазақ кең дастарқан арқылы яғни ас, қонақасы арқылы көрсеткен. Демек ұлт мәдениетінде тамақ, дәм таттыру – экономикалық, дипломатиялық және тәлім — тәрбиелік қызмет атқарған. Бұл істе әрине, қазақ халқының қонақжайлылық дәстүрі шетелдерде ерте заманнан-ақ аңыз болып тараған. Ұлттық тағамдарымыздың көбі сүттен жасалынған. Апаларымыз бір тамшы сүтті жерге төкпей «ырыздық кетеді, малдың желіні кетеді» деп қастерлеген. Сүт өнімінен жасалынған әр тағамның өзінің құндылық орны бар. Соның ішінде зерттеу жұмысымда айтылатын, сиыр сүтінен алынатын, қазақтың ұлттық тағамы – құрт та бар.
Құртты ежелгі замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоғалтпай, жақсы сақталған ұлттық тағам ретінде пайдаланып келеміз.
Халқымыздың бүгінгі күні бізге жеткен құртының түрі көп. Құрт күнделікті өмірде тағамның бір түрі ретінде, немесе басқа тағамдардың дәмін келтіру үшін қолданылатын тағам десек те болады. Құрт өз деңгейінде қолданысқа түскен жоқ. Міне, сол себепті құрттың құрамына және оның адам организміне тигізетін пайдасына баса назар аудара отырып, деректер жинақтап, зерттеу жұмысын жүргіздім. Құрт туралы мектеп оқушыларының толығырақ мағлұмат алуына көмегімді тигізсем деген оймен осы жобаны ұсынып отырмын. Мені қазақ құртының және құрттың жасалу әдістері мен кейбір тағамдарға қосымша қолданылатындығы қызықтырды.
5
Кіріспе
Қазақ
халқы асты өте жоғары бағалаған әрі
қастерлей білген. Ел - жұрт жадында мәңгі
жатталып қалған «ас – адамның арқауы»
деген қағида осындай терең ұғымның
қалтқысыз түсінігі болып қалыптасқан.
Халқымыз адам өмірінде тамақтың орнын
тіршілікке қажетті құндылықтардың
бәрінен де жоғары қойған. Бұған «астан
үлкен емессің» немесе «арпа, бидай ас
екен, алтын, күміс тас екен», «асты
қорлама құстырар» деген сөз, ескертпелер
мен мақал - мәтелдер де куә бола алады.
Қалай айтылса да, қай заманда айтса да
халық асты құрметтеу мен бағалаудың
жолын да, жөн - жосығын да, оны дәмді етіп
әзірлеудің көзін, кезін, ретін таба
білген. Ел мен елді татуластыру да,
жақсылар мен жайсаңдарды құрметтеу де,
өздерінің мырзалық, мәрттік үлгілі,
өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын
білдіру де, ел дәулеті мен қарым -
қабілетін, түсінігін танытуды да, қазақ
кең дастарқан арқылы яғни ас, қонақасы
арқылы көрсеткен. Осы жолда тұшымды сөз
айтып, дәмді тағам берумен бірге оның
таза, бүтін ыдыстарына дейін ерекше
назарда болған. Сырттан келген кісілер
де елді осы қонақасы берудің жолы мен
жөні арқылы сынап, бағасын берген. Демек
ұлт мәдениетінде тамақ, дәм таттыру –
экономикалық, дипломатиялық және тәлім
- тәрбиелік қызмет атқарған. Бұл істе
әрине, қазақ халқының қонақжайлық
дәстүрі шетелдерде ерте заманнан - ақ
аңыз болып тараған. Қазақ қонақасы
беруде қонақ таңдауды, басқа ұлт, дін
өкілдері деп бөлуді де білмеген, төрге
шығарып ашық қабақ танытқан, достық
көңілін көрсеткен. Шаршағандарына,
мұқтаждарына ат, ас, көлік сыйлай да
білген. .
Ас,
тамақ дайындауды қазақ әйелдерге
жүктеген. Қазақ әйелдері тағамның алуан
түрлерін дайындауымен бірге қыста да,
жазда да оның таза әрі бұзылмай сақталуының
әдіс - тәсілдері мен жолдарын да таба
білген. Бұл қағидаларды әйелдер ұрпақтан
- ұрпаққа жеткізіп, кейінгілерге үйретіп
отырған. Мысалы, олар етті ыстап сақтауды,
қымызды жазда салқын ұстауды, майды
көгертпей күтуді, басқа тамақтарды да
бұзылмай сақталуының ғасырлар бойы
ұмытылмай келе жатқан байырғы халықтық
әдістері мен амалдарын әсіресе ауылдық
жерлерде күні бүгінге дейін жеткізді
және оны әлі де қолданып келеді. Әсіресе,
қымыз бен шұбатты баптаудың, құрт,
ірімшік, ежігей, сары май сияқты жеңсік
тағамдарды дайындауда қазақ әйелдерінің
шеберлігі мен өнері үлгі етіп, қалай
мадақтауға тұрарлық.
Қазақ халқы
асты үш түрге бөледі. Олар ақ (сүт
тағамдары), қызыл (ет тағамдары) және
көк (жеміс тағамдары).
.
Мал және онан алынатын өнімдер
қазақтың басты байлық қоры. Соның ішінде
ұлт тағамдарының негізгі көзі болып
табылатын сүттің орны бір бөлек. Сүт
тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп
атайды.
6
Осы
ақтан бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар
бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай
жүре одан жүзден астам тамақ түрлері
мен дайындау әдістерін жасаған. Және
олардың көптеген қызықты атаулары мен
орны және алуан түрлі ерекше жасау,
пісіру жолдары тағы бар. Сөйтіп бір
сүттен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы,
жұмсақ, қатты, ұнтақ тағамдар жасап
шығарған. Олардың көпшілігі қазіргі
кезде қазақ дастарқанынан сирек көрінетін
жеңсік ас қатарына жатады.
.
Сүт - химиялық құрамы жағынан тамаша
тағам. Оның құрамында адам ағзасының
қалыпты жетілуі үшін барлық зат бар.
Соған орай оған физиологиялық құндылығы
жағынан бірде бір азық тең келе алмайды.
Сүт басқа өнімдердің биологиялық
құндылығын көтереді. Ас қорыту бездерінің
жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып
отырады. Сүтті пайдаланып әр түрлі
тағамдар дайындауға болады. Айран
ұйытып, ірімшік, құрт кептіруден бастап,
ботқа пісіруге дейін осы бір керемет
өнім пайдаланылады. Ал сүт қосып
дайындалған тағам өте дәмді болады.
Оның үстіне сүт өнімдерінің дәрулік
қасиеті бар. Олар емдеу, алдын алу,
диеталық тағам ретінде де қолданылып
жүр.
7
Ғылыми жұмысымның мақсаты:
Қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету. Қазақстанның әр түрлі аймақтарында жасалу түрлерін зерттеп, ерекшеліктерін табу, организмге күнделікті қажеттілігін насихаттау, ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығаруға үлес қосу.
Ғылыми жұмыстың міндеттері:
Зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми әдебиеттерді оқып, талдау, саралау;
Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық екенін зерттеп, дәлелдеу.
Қазақтың ұлттық тағамы құрттың түрлерімен, жасалу тәсілімен танысу. Құрттың жаңартылған түрлерін жасап көру.
Зерттеу заты: үй жануарларының сүтінен жасалатын құрт тағамы.
Зерттеудің өзектілігі- балаларға арналған құрамында әр түрлі химиялық қоспалар бар шетелдік тағамдар орнына таза, табиғи, кейінгі уақытта көбейіп кеткен әр түрлі ауруларға қарсы иммунитет нығайтатын дәрумендері бар құрт тағамын балалардың күнделікті ас мәзіріне қосу қажет .
Зерттеудің болжамы-егер құрт жайлы көбірек оқып білсек, онда құрттың көптеген сырларын ашар едік.
Зерттеу әдістері
– ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;
– бақылау;
-зерттелген нәтижеге талдау жүргізу
Ғылыми жұмыстың практикалық қолдану салалары:
Биология, әдебиет, тарих сабақтарында және тәрбие сабақтарында қолдануға болады.
Ұлттық брендті құру – Қазақстанның өзекті мәселесі. Мәдениет, тарих қайраткерлері және бизнес — құрылым өкілдері де осы мәселе бойынша ізденісте. Ұсыныстар өте көп. Біреулер ұлттық бренд домбыра, қобыз сияқты музыкалық аспаптар десе, екіншілері қымыз және шұбат сусындары деп санайды, ал үшіншілері киіз үйді жақтайды. Келешекте Қазақстанның атын шығаратын не екені белгісіз. Таңдау қиын, ұлттың сәні – кешке киетін сәнді киім емес.
Мен қазақтың байырғы тағамы құртты әлемдік нарыққа шығару керек деп санаймын. Оның мыңжылдық тарихы бар, және бүгін құрттың дайындалу рәсімі ұмытылған жоқ. Қазір ұлттық бренді ойлап табу мәселесі туралы айтсақ, назарымызды неге құртқа аудармасқа?! Бір кездері құрт көшпенділерді ұзақ жорықтарда және соғыстарда аштықтан құтқарған. Бұл азық өте ұзақ сақталады, ал ол кезде тоңазытқыштар болмаған. Мен өзім құртты сүйіп жеймін.
8
І. Негізгі бөлім
1.1. Құрт – қазақтың ұлттық тағамы
Қазақ халқы ұлттық тағамға өте бай. Ұлттық дастарқанымыздың ас мәзіріне ет, сүт, балық, ұн өнімдерінен жасалған тағамдар көптеп енеді. Ата-бабамыз осынау бай дастарқан мен табиғи құнарлы ұлттық тағамдарды ішіп-жеу арқылы анау-мынау ауруға дес бермеген. Бір тағамның бірнеше жолмен дайындалып, жасалу технологиясының мұқият сақталып, жасалу түріне қарай бірнеше атау берілуінің өзі аналарымыздың тамақтың бабын жақсы білгенін аңғартады.
Халқымыздың күнделікті өмірде де дәмге мән бере сөйлеген. Мәселен «бір күн дәм татқанға қырық күн сәлем» деп ренжісе көңілі қалған күнде «дастарханымнан дәм татып едің ғой» деп, салмақ сала сөйлесе, ренжіген адамын «дәм тұзым атсын» деп қарғаған.
Қазақ халқы асты үш түрге бөледі. Олар ақ (сүт тағамдары), қызыл (ет тағамдары) және көк (жеміс тағамдары).
Ертеде ата – бабаларымыз амандасқанда «мал – жан аман ба?» , – деп сұрайтын. Осы бір ауыз сөздің өзінен ақ қазақ өмірінде малдың орны ерекше екенін ойлауға болады. Малдың күші сүт, жүн, қылы, ет, терісі – халықтың тағамы, киімі, баспанасы, үй – жиһазы, өмірінің, тірішілігінің негізі. Мал өсіру, малшылық – тіршіліктің көзі. Тұрмыстың бұл түрінің адамзат өркениетіне, мәдениетіне қосқан үлесі зор. Малдың өнімінсіз әлі де күн көру қиын. Малдың етін айтпағанда, сүт және одан өндірілетін тағамдарсыз, жүн, тері және олардан жасалатын бұйымдарсыз қазіргі адамзат өмірін көз алдыңа елестету мүмкін емес. Кейінгі кездерде балықшылықпен айналысқандар – кеме жасауды, егіншілікпен айналысқандар техниканы игеріп алға шықты. Ал малшылықпен айналысқандар техника жоқ кезде адам игеруге келмейтін жерлерді игеріп, бүкіл адамзатқа қажет нарселерді ойлап тапты, мысалы: шалбар, етік, ертоқым, жүген; етттен, сүттен жасалған тағамдар; теріден, жүннен жасалатын бұйымдар. Малшылық – адамзаттың байырғы дәуірден бері бірге жасасып келе жатқан кәсібі.
Мал және онан алынатын өнімдер қазақтың басты байлық қоры. Соның ішінде ұлттық тағамдарының негізгі көзі болып табылатын сүттің орны бір бөлек. Сүт – химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Оның құрамында адам ағзасының қалыпты жетілуі үшін барлық зат бар. Соған орай оған физиологиялық құндылығы жағынан бірде бір азық тең келе алмайды. Сүт басқа өнімдердің биологиялық құндылығын көтереді. Ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады. Сүтті пайдаланып әр түрлі тағамдар дайындауға болады. Айран ұйытып, ірімшік, құрт кептіруден бастап, ботқа пісіруге дейін осы бір керемет өнім пайдаланылады. Ал сүт қосып дайындалған тағам өте дәмді болады. Оның үстіне сүт өнімдерінің дәрулік қасиеті бар. Олар емдеу, алдын алу, диеталық тағам ретінде де қолданылып жүр. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды.
9
Осы ақтан бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай жүре одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Және олардың көптеген қызықты атаулары мен орны және алуан түрлі ерекше жасау, пісіру жолдары тағы бар. Сөйтіп бір сүттен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ тағамдар жасап шығарған. Олардың көпшілігі қазіргі кезде қазақ дастарқанынан сирек көрінетін жеңсік ас қатарына жатады
Ұлттық
тағамдардың ішінде ежелгі және көпшілікке
ортақ тағамның бірі – ақ екені белгілі.
«Ағы бардың бағы бар» деп қазақ халқы
сүт тағамын бақыт несібесі деп білген.
Сүтті соншалық қасиеттеудің басты
себебі – ол тіршілік арқауы, одан неше
алуан құнарлы тағамдар әзірлеп, дастарқан
молшылығын жасаған. Одан қымыз, шұбат,
айран, қатық, сары май, ірімшік, құрт,
сүзбе, қаймақ сияқты ішетін, жейтін,
сусындайтын алуан түрлі тағам әзірлейді.Сүт
төрт түлік малдың аттарына қарай бие
сүті, түйе сүті, қой – ешкі сүті, сиыр
сүті делінеді. .
«Қазақтардың
сүттен жасайтын ұлттық тағамдарының
түріне сан жетпейді» – деп жазған
ертедегі бір зерттеуші. Демек, оның
барлық түрлері мен аттарын түгел айтып
беру қиын. Сүт тағамдарының осы
заманға дейін жеткен және көпшілікке
таныс негізгі түрлерінің бірі туралы
айтқым келеді.
Қазақ халқының
сүттен жасалған ұлттық тағам
ретінде кеңінен қолданатын тағамының
өте көне түрінің бірі -құрт.
Құртты ежелгі замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоғалтпай, жақсы сақталған ұлттық тағам ретінде пайдаланып келеміз. Халқымыздың бүгінгі күні бізге жеткен құртының түрі көп. Құрт күнделікті өмірде тағамның бір түрі ретінде, немесе басқа тағамдардың дәмін келтіру үшін қолданылатын тағам десек те болады.
Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Бұл тағам ақуыздарға өте бай, адам денсаулығына өте пайдалы.
Құрт сөзіне Қазақстан тарихының ІІІ-томында мынадай анықтама келтірілген: «Пісірілген сүттен күнделікті ішу үшін қатық, айран ашытылды. Айран мен іріген сүттің артығы күбіге құйылды, ол «іркіт» деп аталады.Іркітті әбден қоюланғанға дейін үлкен қазанда қайнатты. Бұл қою іркіт дорбаға құйылып сүзілді.Одан сүзбе алынып,сүзбеден қысқа арнап «құрт», «сықпа», «ежігей» кептірілді».
Құрттың адам денсаулығына өте пайдалы екенін бұрынғы ата-бабаларымыз біліп, құртты үнемі пайдаланған екен. Мал бағуға кеткенде қалталарына құрт салып алған және күнделікті тағамдарға қосып ішкен немесе құртты езіп ішкен, сондықтан ол кісілер көп ауырмаған, дәрі-дәрмек пайдаланбаған. Ертеректе тіс дәрігері де болмаған, ата-бабаларымыздың тістері ауырмаған. Атап айтқанда, адамның тісінің қалыптасуына құрттың пайдасы зор екен. Егер бала жастайынан құрт жеп өссе оның тісі өткір, қатты, ауырмайтынына көз жеткіздім. Құрт, ірімшік жеп, қымыз, айран, сүт ішкен баланың денсаулығы мықты болады екен.
10
Құртты
адам алыс сапарға шыққанда пайдаланса,
қарны ашпайды, шөлдемейді, ал
самолетпен ұшқанда құрт құлақтың
бітпеуіне және жүрек айнымауына көп
ықпал етеді екен. Сонымен қатар, құрт
дәрумендерге бай, адамның ас қорытуында
әсері өте жоғары , атап айтсақ кейбір
ас қорытуға арналған дәрілерге пара-пар
сияқты. Ал қыста құртты езіп ішсең ол
тамаша қорек болады , әрі адам суыққа
тоңбайды екен.. «Құрт – қыстың қымызы»
– дейтіні сондықтан болса керек .
.
1.2. Құрттың адам денсаулығына пайдасы
Іші – бауырымыз құрысып – тырысып, көзіміз қарауытқанда, ойбай дәруменіміз азайып кетті деп шығамыз. Ондайда банан, киви, апельсин жеу керек деп ақыл айтатындар да табылады.
Осы біздің атам қазақ апельсин көрмей өсті ғой, олар неге құлап, талып қалмаған деп таңғаламыз. Сөйтсек, олардың ішкен – жегені нағыз дәрумендердің көзі екен. Көгорай шалғынды жалпағынан басып жайылған сиырдың сүті, түйенің шұбаты мен жылқының қымызы – дәруменнің, күш – қуаттың көзі осылар екен. Дүкендерде сатылатын сырды қазақшалап сыртына “ірімшік” деп жазып қояды. Бірақ сырдың дәмі қазақтың қозы қарын қосып қайнатқан ірімшігінің садағасына да татымайтынын, әсіресе, ауыл қазағы жақсы біледі. Әңгіме оның дәмінде ғана емес.
Құрттардың құрамында не бар, адам ағзасына қандай пайдасы бар деген сұраққа келер болсақ құрт нағыз дәруменге бай, таптырмас дәрі екен.
Адам денсаулығына аса пайдалылығының дәлелі, құрт – кальцийдің көзі. Сондай-ақ құрт ақуызға өте бай. Сондықтан ол құнарлы, тоқ тағам болып есептеледі. Оның құрамында А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері жетерлік.
Құрттың құрамында сүттің құрамында кездесетін адам ағзасына және тіршілікке қажетті ақуыздар, дәрумендерден: көздің көргіштігін жақсартатын – А дәрумені, жалпы иммунитетті жақсартатын – С дәрумені, сүйектің қатаюына көмектесетін – Д дәрумені. Сонымен қатар, микроэлементтерден – Са:P (кальций-фосфор) үйлесімді түрде кездескен, ал бұл әсіресе балалар үшін аса маңызды. Ерекше айта кететін жәйт, құрт қуаттылығы жағынан жоғары тағам. Құрттың құрамы тағамдық биологиялық қоспалар мен мақтауы күшті түрлі дәрумендерден құралған.
Құртымыз да химиялық құрамы мен калориясы жағынан қала дүкендеріндегі сүзбені он орап алады. Сүзбеде ақуыз мөлшері 14, 5 – 18, 6% болса, қазақ құрты ақуызға өте бай – 52, 6%. Ал 100 грам сүзбе 87 – 227 – ге дейін қуат берсе, құрттан 370, 1 қуат алуға болады. 100 грамм құртта 3 грамға жуық ақуыз, 3,2 грамм кальций мен фосфор қосындылары, белгілі мөлшерде А1, В2, Д дәрумендері бар. 100 грамм құрттан ағзаға 60-қа жуық килокалория беріледі. Сондай-ақ «кепкен құртты мүжіген баланың тісі сау, сүйегі берік болады» дейді дәрігерлер. Сондықтан, адамның күні-бойы қуаттылығын өтей алатын тағам болып саналады.
11
Тоқсаннан асып, жүзге қарай бет алған қай қариядан ұзақ жасаудың сырын сұрасаңыз, міндетті түрде ағарған ішіп, құрт жейтінін айтады. Кәдімгі құрттың ұзақ өмір сүруге септігі бар-жоғын ғалымдар да зерттей келе зерделі ойларын паш еткен-ді.
Құртты балаларға беруге бола ма, әлде қарт кісілерге ме деген сұраққа келер болсақ бұл нағыз балалардың тағамы десе болады. Себебі, балалар үшін құрттың пайдасы ұшан теңіз. Мүмкіндігінше, тұздылығы орташа болғаны абзал. Ол баланың бойының өсуіне және сүйектері, тістері дұрыс қалыптасып, жетілуіне септігін тигізер тағамдардың бірі. Әсіресе, қатқан құрттың пайдасы зор, себебі тісі енді шығып келе жатқан балалардың иектерінің қатаюына, тістің шығуына жәрдемдеседі. Ал, тісі бар балалардың тісінің мықты болуына көмектеседі және тістің кальцийге деген мұқтаждығын толықтырады. Асылы, аузынан ақ ажырамаған халқымыз қымызын ішіп, құртын жеп отырып-ақ осы күнгі көп кеселдің алдын алған. Кепкен құртты мүжіген баланың тісі сау, сүйегі берік болады. Ал сау әрі мықты сүйек-тірек қимыл аппаратының дұрыс әрі белсенді жұмыс жасауына сеп болады Қарт кісілерге де шектеу жоқ. Керісінше, жасы ұлғайған кісілерде зат алмасу баяулай бастайды, сондықтан құрттың құрамында кездесетін қарттарға қажет, зат алмасуды және бауырдың қызметін жақсартатын холин және метионин деген заттар бар және құртта В тобының дәрумендері болғандықтан, қарттарда жиі кездесетін атеросклероз ауруының алдын алады.
Сонымен қатар құртты көктем, жаз айларында жеген өте пайдалы, себебі көктемде авитаминоз яғни, дәрумендердің жетіспеушілігі байқалады. Жаз айында ыстық шай ішкен кезде, термен бірге тұзды да жоғалтады. Сол жоғалған тұздың орнын толтыруға көмегі зор. Құртты әркім өз қалауынша қалаған тағамына қосып жей беруге болады.
Құрттарды қатырып жеген дұрыс па, әлде жұмсақ күйінде ма?
Осы жерде қазақтың мынадай бір ырымы ойға оралады. Қазақта мынадай ырым бар екен. Өреде тұрған кеппеген құртты алып жесе, жауын жауады екен. Дегенмен, әр адамның өз қалауы бар. Тек қатқан құрттың ылғалдылығы жоғалып, тұздылығы жоғарылай бастайды. Ол егер көп уақыт сақталса, тығзыдылығы жоғарылай береді. Оны бүйрегі ауыратын науқастарға және қан қысымы жоғарылаған адамдарға шектеген жөн. Кейбір адамдар болады тұзды құртты ұнататын , үнемі тұзды артық мөлшерде пайдаланатын, ондай адамдарда қандай да бір микронутриенттердің жетіспеушілік жағдайы туындаған десе де болады. Мұндай адамдар дәрігерге қаралып, кеңесалғаны дұрыс.
Құрттың қарын тойдыратын ғана емес, ұшақта жүректі басуға да таптырмас тағам екені белгілі.
Езілген құрттың таусыншақ түйіршіктерін малта дейді. Ол өте кәделі ас,әрі жұмсақ болады.Ұзақ сапарға жолаушылар көбіне-көп жолға малта алып аттанған. Өйткені малта бір жағынан ашыққан адамның өзегін талдырмаса,екіншіден шөлдеген кісіге сусын болған.
12
Адам аштыққа бір айға дейін шыдауы мүмкін ал шөлге бір жетіге де шыдай алмайды. Егер де ұзақ жолға шығатын адам алдын ала сақтық шарасымен әлдеқалай болып қалар деген оймен қалтасына бес – алты түйір малта құрт салып алса еш алаңдамауға болады. Себебі малта құрттың адамды шөлден құтқарар ерекше қасиеті бар.
Ғылыми
зеттеулер көрсеткендей, сиырдың сүтінің
құрамында, 100 грамға шаққандағы ақуыздың
мөлшері 22, 85 – 34, 52% болса, қазақ
ірімшігіндегі ақуыздың мөлшері 40 – 42%
екен. Сыр құрамында көміртегі ары кетсе
4, 52%- тен аспайды, ал ірімшікте ол 10, 93%
болады. Адам ағзасындағы сүйек ұлпаларының
мықты болуы үшін ең қажет элемент фосфор
болса, дәстүрлі әдіспен жасалған ірімшік
құрамында фосфор 0, 51%, ал кальций 2, 3%
мөлшерінде кездеседі екен. Ал қуаттылығына
келсек, 100 грамм сыр 268, 8 – 401, 38 қуат
берсе, 100 грамм ірімшік 408, 4 қуат береді.
Құртымыз да химиялық құрамы мен калориясы
жағынан қала дүкендеріндегі сүзбені
(творог) он орап алады. Сүзбеде ақуыз
мөлшері 14, 5 – 18, 6% болса, қазақ құрты
ақуызға өте бай – 52, 6%. Ал 100 грам сүзбе
87 – 227 – ге дейін қуат берсе, құрттан
370, 1 қуат алуға болады.
Бабаларымыз
кие тұтқан жылқы малының сүті – қымыздың
емдік қасиеті ежелден мәлім.
Дені сау адамның ағзасы 1 тәулікте орта есеппен 50 мг. С дәруменін қажет етсе, 1 литр қымыз құрамында 200 – 260 мг. С дәрумені бар. Қымызда сонымен қатар сөл бөлу және жүрек жұмысын жақсартатын В тобы дәрумендері: В(1), В(2), В(3), оның ішінде қанның жасалуына қатысатын В12 дәрумені, ағзадағы тотығу – тотықсыздану реакцияларына әсер ететін С тобы дәрумендері, А дәрумендер тобы, липоид, бар. Қымыз нағыз антибиотик. Ол ағзаға тарағасын, ішектегі шіру процесін тежейді. Шіріткіш микробтарға, ішек таяқшаларына және сарғыш стафилококтарға қарсы жойғыш күші бар қымыз құрт ауруы, сүзек, дизентерия, күл (дифтерия) бактерияларына тосқауыл қояды. Кеңес заманы тұсында 1958 жылы қымызбен емдейтін сауықтыру орталығы ашылған.
Қос өркешті «шөл кемесі» түйе жануары беретін шұбаттың жөні бөлек. Құрамының элементтерге байлығынан шұбат қымыздан да асып түседі. Мәселен, қымыз құрамындағы ақуыз мөлшері 2, 3 – 2, 9% болса, шұбаттағы ақуыз 2, 91 – 4, 93% мөлшерінде. Қымыздың майлылығы 1, 3 – 2, 5% болса, шұбат одан да майлырақ ─ 8 – 9%. Шұбаттың құрамында С дәрумені де молырақ. Түйе сүтінің құрамында кальций (0, 13 – 0, 21%) мен фосфор (0, 05 – 0, 072%) секілді микроэлементтер де кездеседі. Бірақ құрамындағы көміртегі жағынан шұбаттан (1, 07 – 1, 78%) гөрі қымыз (3, 6 – 7, 3%) бай. Осылармен қатар шұбатта А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері жетерлік.
Химия, медицина ғылымдары пайда болмай тұрып – ақ алдындағы асын тани білген қазақ нағыз данышпан. Асылы, аузынан ақ ажырамаған халқымыз қымызын ішіп, құртын жеп отырып – ақ осы күнгі көп кеселдің алдын алған. Атам қазақтың ғұмыры аттың жалында, атанның қомында өтсе де, дүниеге небір алып тұлғалы, батыр да дана перзенттер әкелген тылсым сырының да бірі осы болса керек.
13
1.3. Төрт түлік малдың адам денсаулығына қажетті құндылығы.
Бабаларымыз кие тұтқан жылқы малының сүті – қымыздың емдік қасиеті ежелден мәлім. Дені сау адамның ағзасы 1 тәулікте орта есеппен 50 мг. С дәруменін қажет етсе, 1 литр қымыз құрамында 200 — 260 мг. С дәрумені бар. Қымызда сонымен қатар сөл бөлу және жүрек жұмысын жақсартатын В тобы дәрумендері: В1, В2, В3 оның ішінде қанның жасалуына қатысатын В12 дәрумені, ағзадағы тотығу — тотықсыздану реакцияларына әсер ететін С тобы дәрумендері, А дәрумендер тобы, липоид бар. Қымыз нағыз антибиотик. Ол ағзаға тараған соң, ішектегі шіру процесін тежейді. Шіріткіш микробтарға, ішек таяқшаларына және сарғыш стафилококтарға қарсы жойғыш күші бар қымыз құрт ауруы, сүзек, дизентерия, күл (дифтерия) бактерияларына тосқауыл қояды. Жылқының саумалымен туберкулез ауруын емдейді.
Қос өркешті «шөл кемесі» түйе жануары беретін шұбаттың жөні бөлек. Құрамының элементтерге байлығынан шұбат қымыздан да асып түседі. Мәселен, қымыз құрамындағы ақуыз мөлшері 2, 3 — 2, 9% болса, шұбаттағы ақуыз 2, 91 — 4, 93% мөлшерінде. Қымыздың майлылығы 1, 3 — 2, 5% болса, шұбат одан да майлырақ ─ 8 — 9%. Шұбаттың құрамында С дәрумені де молырақ. Түйе сүтінің құрамында кальций (0, 13 — 0, 21%) мен фосфор (0, 05 — 0, 072%) секілді микроэлементтер де кездеседі. Бірақ құрамындағы көміртегі жағынан шұбаттан (1, 07 — 1, 78%) гөрі қымыз (3, 6 — 7, 3%) бай. Осылармен қатар шұбатта А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері жетерлік.
Химия, медицина ғылымдары пайда болмай тұрып — ақ алдындағы асын тани білген қазақ нағыз данышпан. Асылы, аузынан ақ ажырамаған халқымыз қымызын ішіп, құртын жеп отырып — ақ осы күнгі көп кеселдің алдын алған. Атам қазақтың ғұмыры аттың жалында, атанның қомында өтсе де, дүниеге небір алып тұлғалы, батыр да дана перзенттер әкелген тылсым сырының да бірі осы болса керек.
1.4.
Құрттың
тарихи деректерде қолданылуы.
Қазақ халқының құрты тарихи деректер мен ауыз әдебиетінің кейбір үлгілерінде де кездеседі.
Материалдық мәдениеттің негізгі бір көрсеткіші тағам түрлері болады. Қазақ халқы сүттен алуан түрлі тағам жасай білген. Мәселен XIII – ғасырда қазақстанда болған Еуропа саяхатшылары қыпшақтардың сүттен қалай май алатынын, құртты, қымызды қалай жасайтындарына таңданған.
Құрт – жыл бойына сапасын жоғалтпай,жақсы сақталатын тағам.Езілген құрттың таусыншақ түйіршіктерін малта дейді. Ол өте кәделі ас,әрі жұмсақ болады.
14
Ұзақ сапарға жолаушылар көбіне-көп жолға малта алып аттанған. Өйткені малта бір жағынан ашыққан адамның өзегін талдырмаса, екіншіден шөлдеген кісіге сусын болған. Адам аштыққа бір айға дейін шыдауы мүмкін ал шөлге бір жетіге де шыдай алмайды. Егер де ұзақ жолға шығатын адам алдын ала сақтық шарасымен әлдеқалай болып қалар деген оймен қалтасына бес – алты түйір малта құрт салып алса еш алаңдамауға болады.Себебі малта құрттың адамды шөлден құтқарар ерекше қасиеті бар.
Оған бір мысал мынадай: «Ұлы Отан соғысының ардагері,қарт майдангер Қанат ата малта туралы бір хикая шерткен екен. Соғыс алдындағы қырғын шайқаста,қатарымыз селдіреп, біздің взвод қорғаныс шебін тастап, шегінуге мәжбүр болды. Күші басым жау әскерінің танктері екі қанаттан орап, ту сыртымызға өтіп кеткен. Тірі қалған бес жауынгер сай-жыраны сағалап, жаудың тылында қалып қойдық. Аштық пен шөл бірдей қысқанда жүк қапшығымды ақтарып отырып, бес-алты құрт тауып алдым. Майданға келгеніме сегіз ай болса да,<<елдің дәмі ғой>>,-деп ырымдап, жемей жүргенмін. Сенсеңіз,балам,сол тығылған жерімізде төрт күн,төрт түн тырп етпей жаттық. Өйткені мидай жазық далада жаудың көзіне түсіп қалудан қорықтық. Шынымды айтсам, ол уақытта тұтқын болғаннан гөрі, өлгенді артық санайтынбыз. <<Пленде болыпты>> деген қаңқу ілінген қызыл әскерге елдің бәрі сенімсіздікпен қарайды. Бесінші күні таң ата біздің бөлім қарсы шабуылға шығып, қару-жарағымызбен өз бөлімімізге қосылдық. Жанымызды сақтаған бес-алты құрт болды дегенге бөлімнің қызметкерін әрең иландырдық. Абырой болғанда дорба түбінде бір уыс құрт болыпты. Куәлікке соны тарттық. – Е,балам,сөйтіп жанымыз бен арымызды қазақтың құрты сақтап қалған еді»,-дейді.
1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы көтеріліс басшыларының бірі әрі өткір тілді,өр мінезді ақын Махамбет Өтемісұлы «Ерлердің ісі бітер ме ?» атты өлеңінде:
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай..»,- деп құрттың тағамдық құндылығын өлеңге қосқан.
Тіптен Беташарда да:
Қаптың аузы ашық деп
Құрт ұрлама келіншек,- деген жолдар кездеседі.
Сондай ақ жарапазан жырында да:
Аяқ – табақ сылдырап,
Құрт бергелі жатыр ма?
Аузы – басы жылтырап,
Май бергелі жатыр ма? – деп келетін жолдар бар.
15
Наурыз мерекесіне арналған бата мен ән – шашуларда да құртты қоспай кеткені жоқ.
Жаңа жылда жарылқасын!
Саба іркіт пен саумалдан босамасын.
Өре құрт пен ірімшектен босамасын, – деп ақсақалдар бата берсе, «Наурыз» өлеңінде
Құрт пен майы
Қаймақ, шайы,
Шұбат қымызы
Қазағымның сазды қобызы , – деп келетін жолдар бар.
Осы тәріздер жырлар мен деректерде кездескен құрт туралы ақпараттардан құрттың қазақ өміріндегі орасан зор маңызын байқаймыз.
1.5 Жасалу технологиясы
Құрттың өзіне тән жасалу технологиясы, тәсілі бар. Құртты қалай жасайды, оған не қосады, немен жасайды, сүттен қалай алады деген сұрақтар төңірегінде біраз ізденіс жұмыстарын жасадық. Жоғарыда «Айран мен іріген сүттің артығы күбіге құйылды,ол «іркіт» деп аталады», – деген жолдар бар. Яғни құрт іркіттен жасалады. Алдымен іркіт деген не? Соған тоқталайық.
… Жиі енеді түсіме бұрынғы ауыл,
Ойнақ салып, құлын-тай қырында жүр.
Сүттен бұлақ ағызып, сиырлы ауыл,
Іркіт иісі келеді мұрынға бір, – деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлаған іркіт дегеніміз не?
Энциклопедия болсын, түрлі ақпарат ағымынан болсын іркіт туралы мәлімет іздегенімізде мынадай деректер алдық.
1.Іркіт – майын алып, құрт қайнату үшін ұйытып сабаға шикі сүттен немесе пісірген сүттен жинаған айран, қатық. Сабаға жиналып толған сүттің пісілуі сауылып отырған сауын малдың азды-көптігіне тікелей байланысты. Малы көп үйлер барлық малдың сүтін араластырмай, сиыр сүтінен ғана немесе қой–ешкі сүтінен ғана жинайды. Саба неғұрлым тез толса, іркіт көп ашымайды, нәтижесінде құрт шағырмақ, ащы болмайды. Іркітті алғашқы піскен сүтті ұйытып алып сабаға құяды да, үстіне шикі сүт құйып жинай береді. Кейде іркітті сусын орнына ішеді.
Іркіт– құрт қайнатусабаға, күбіге жинап ашытқан айран – қатық, шикі сүт. Іркітті сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен дайындайды. Піскен сүттен ұйытылған айранды немесе шикі сүттен ұйытылған қатықты сабаға не күбіге жинайды да пісіп, оның майын қалқып алғаннан кейін, ыдыстың ішінде іркіт қалады. Іркіттің ащы не тұщы болуы оның дайындалған сүтіне ғана емес, дайындау тәсіліне де байланысты. Іркіт құйылған ыдыс
16
күннің көзінде тұрса іркіт божып ащиды да дәмі қышқылданып кетеді. Іркіт құйған ыдыс көлеңкеде тұрса, іркіттің дәмі бұзылмай тұщы болады.
Иә, кейбір аймақтарда іркіттің дайындалу тәсілі осыған саяды. Бұл тәсіл әсіресе оңтүстік аймақтарда жиі кездеседі екен. Оңтүстіктің кейбір тұрғындарынан сұрағанымызда да дәл осындай жауап алдық. Біз енді солтүстік аймақтың тұрғындарының құрт жасау әдісімен танысқымыз келді. Сөйтіп, солтүстік тұрғындарына өз сауалдарымызды қойғанда мынадай ақпараттар алдық. Ендеше, солтүстік аймақтықтар құрт жасау үшін іркітті қалай дайындайды?
Сиырды сауып алған соң, сүтті жылы күйінде сүт машинасына құйып тартады. Сүттің қаймағы алынады да, қаймақтан бөлінген сүтті көк сүт деп атайды. Оны ағаш бөшкеге құйып жинай береді. Көк сүт құйылған ағаш бөшке күн шуағы мол түсетін күнгей бетке қойылады. Бөшкенің бір бүйірін дөңгелете кесіп, тесік жасайды да, сол тесікті бекітіп тұратын ағаш тықпа жасайды. Тартылған көк сүтті ағаш бөшкеге құйып, аузын мықтап бекітеді. Ол кешке дейін күн көзіне пісіп, ақырып тұрады. Сары суы бөлініп, іркіті бетіне шығып быжиды. Міне, сол кезде бөшкенің бүйіріндегі тесікті ашып, сары суын ағызады. Іркіт ішінде қалады. Бұл әдіс күнде қайталанады. Ағаш бөшке ашыған іркітке толған уақытта іркіт дайын болды дегенді білдіреді.
Іркіттің жасалу әдісін білдік. Іркіттен құрт қалай алынады. Көкейімізді тескен сұраққа жауап іздеп жүріп, соңында мынадай қорытындыға тоқтадық.
Ауылдағы қазақ есік алдына жер ошақ қазады да тай қазанды қойып, құртты осы қазанда қайнатады. Алдымен, құрттың түбі күйіп кетпес үшін қазанның айналасын майлайды. Қазанға Ағаш бөшкеде жиналып пісілген іркіттің бәрін құймай, алдымен бір – екі шелегін ғана құяды. Астын тұтатады. Құрт қайнатуды жер ошақтағы жанып жатқан оттың да үлкен маңызы бар. Отты малдың кепкен жас тезегімен тұтатып, үстіне қыстан шыққан қойдың қалың қиын үстемелеп салып отырады. Ағашты көп пайдалана бермейді. Ағаш қатты жанатындықтан қазанның астын жабыстырып, күйдіруі немесе тасытып жіберуі мүмкін. Ондай жағдайда құрт күйік дәм татып кетеді. Малдың қиы құртты баяу, бабымен қайнатады. Бастапқыда құйған екі шелек іркіт қайнауға айналғанда тағы да қалған екі шелек іркіт үстінен еселенеді де одан әрі қайнатылады. Құрт қайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін арнаулы құрт қайнатқышпен әлсін-әлсін қазанның түбін, ернеуін қырып, араластырып отырады. Әбден қойылған құртты кенеп қапқа құйып керегеге асып қояды. Сонда оның қалған суы тағы да ағып, құрғайды. Бұдан кейін шараға салып, аздап дәміне қарай тұз араластырады да қолмен бөлшектеп, сығып немесе алақанда айналдырып өреге жайып кептіреді. Құртты кептіру үшін әр түрлі формаға келтіреді. Оның негізі түрлері – күлше, жарма, сықпа және шүйірмек. Күлшені жасағанда құртты кесектеу етіп (уысқа сиярлықтай) домалақтайды. Одан соң оң қолдың бас бармағы мен төрт саусағының арасына қысып бүйірін жұқартып, дөнгелек формаға келтіреді. Күлше ұзақ уақыт сақтау үшін жасалады. Кейде күлшенің бүйірін тесіп моншақ сияқты жіпке тізіп, керегенің басына, өренің ашасына іліп кептіреді. Оны көп кептіру керек, әйтпесе іші көгеріп кетеді.
17
Сықпаны жасағанда құртты шағындап қана алып,төрт саусақтың бүгуіне салып сығып жасайды. Шүйірмектің мөлшері сықпаның жартысындай ғана болады. Шүйірмек жасағанда құртты екі саусақты бүгуіне салып, екінші жағын басқа қолдың бармағымен батыра қысады. Бұл тез кебеді. Көгермей, қызбай біртегіс кебу үшін өреде жатқан кезде оны бірнеше рет аударып отырады. Ал құртты кептіргенде ыдысқа салмай шидің үстіне жайып кептіретіні шидің арасы саңылау болады. Сонда астынан соққан ауа лебі құртты біркелкі, әрі тез кептіріп,күн қызуымен жарылып кетуден сақтаған.Осындай әдіспен қайнатып, кептіріп алған құрт жыл бойына, кейде 2-3 жылға дейін сақтала береді.
Құртты әсіресе ауа – райы ыстық оңтүстік аймақтармен солтүстіктің кейбір жылы аймақтарында істеу ыңғайлы. Себебі құрт аса ыстықты қажет ететін тағам. Күн көзі дұрыс түспейтін, қоңыржай аймақтарда құрт жасау нәтижелі іс бермейді. Себебі Күн көзінен алынған қуатты энергия құрттың бойына табиғи дәруменді сіңіреді. Әрі құрттың көгермей, шірімей кебуіне де аса қуатты күн көзі ғана пайдасын бермек. Осындай әдіспен қайнатып, кептіріп алған құрттың 2 немесе 3 жылға дейін азбай сақталуының сыры осында.
Құрттың қай түрі болса да өреге кептіріледі. Күлше мен жарманы қысты күні жеу үшін, ал,сықпа мен шүйірмекті жазды күні, күзде шайға салу үшін дайындайды. Қайнатқан құрттың өзі үш түрлі болады: бірі –ақ құрт. Ол көп ашымаған майдан әбден арылған іркіттен қайнатылады. Ақ құрт аталатын себебі, тұзын көбірек етіп қосады. Ол көбіне жазда, күзде желінеді. Екінші- қара құрт. Ашуы жеткен іркітке аздап сары май қосып қайнатады. Тұзын аздап қана қосады. Құрттың осы түрін қыста езіп, дәмді құрт көже даярлайды. Үшінші – ежігей құрт. Ежігей де құрттың жасалу жолымен әзірленеді. Бірақ ол өте ашымаған іркіттен жасалады. Әзірлеу кезінде бір шелек іркітке екі шелек қаймағы алынбаған сүт қосып қайнатылып дайындалады. Әбден қайнап суы сарқылып піскен ежегей суы сорғытылып сәл кебір тартқаннан кейін алақанға салып сығып өреге қатарлап жәйіп кептіріп алады. Ежігей кепкен кезде де ащы құрт сяқты тас болып қатып қалмайды. Үгітіліп тұрады. Әбден кептірген ежегей жазда да, қыста да дәмі де, түсі де озгермейді. Ежігейді кептірмей де пайдалануға болады. Үстіне сары май, қаймақ құйып, қонақтарға ұсынады. Сондықтан да оны дастарқанға салуға даяр тұру үшін ыдыста екі ـүш күн сақтап қойса да бұзылмай сақтала береді. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады.
1.6 Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағамдар
Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып, тұздап, өреде кептіріп, сақтайтын тағам түрі. Жасалу тәсілдеріне қарай құрт сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт деген түрлерге бөлінеді. Қазақ ырымы бойынша кеппеген құртты жеуге, алуға болмайды. Егер өреден құрт алып жесе, жауын жауады деген ырым бар.
18
Сабада жиналып пісілген іркітті майы алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайната береді.Құрт қайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін арнаулы құрт былғауышпен (басында қырғыш темірі болады) әлсін — әлсін қазанның түбін, ернеуін қырып араластырып отырады. Әбден қойылған құртты қапқа құйып керегеге асып қояды, сонда оның қалған суы тағы да ағып, құрғайды. Бұдан кейін қолмен бөлшектеп, тақтайшаға, шиге, қолмен сықпалап, өреге жайып кептіреді. Көгермей, қызбай біртегіс кебу үшін, өреде жатқан кезде оны бірнеше рет аударыстырады. Осындай әдіспен қайнатып, кептіріп алған құрт жыл бойына, кейде 2 — 3 жылға дейін сақтала береді. Кұрт күшті ас, ол әртүрлі тамаққа қосылады. Бүгінгі күнге дейін сүт өнімінен жасалатын құртты әркім әр түрлі әдіспен дайындайды.
1-тәсіл:Сабаға сүтті жинап, сүт ашығаннан кейін піседі.Сүт іркітке айналып, майы бетіне қалқып шығады.Майын бөлек алып тұздап қарынға салады да,іркітті қазанға суы сарқылғанша қайнатады.Құрт қайнап жатқан кезде қазанның түбін,ернеуін қырып,әлсін- әлсін араластырып отырады.Құрт кайнап әбден қойылған соң қапқа құйып,керегенің басына немесе ашаға іліп, сары суын ағызады.Құрт қапта бір тәулік тұрған соң суы әбден сарқылып құрғайды.Бұдан кейін құртты қаптан алып, сықпалап өреге жайып кептіреді.
2-тәсіл:Сауылған сиыр сүтін қақпағы жақсы жабылатын ыдысқа, не ағаштан жасалынған бөшке болуы мүмкін, не үлкен 40-50 литрлік ыдысқа құяды. Күннің астына немесе жылы жерге құйылып қойылған сүт ашып, қоюы іркітке, ал сұйығы сарысуға айналады.Әбден ашыған сүттің қою іркіті ыдыстың бетіне көтеріледі.Астында одан бөлінген сарысу қалады.Сондықтан ағаш бөшкеге жиналған іркіт болған жағдайда бөшкенің төменгі жағынан сарысу ағызатын арнайы шүмек тесіп қояды.Сол шүмекті ашып – жабу әдісімен сарысу ағызылып алынып ,ал қою іркітті қазанға салып,отқа қойып бабымен қайнатады.Ал ыдысқа ашытқан іркіттің қоюын екінші ыдысқа сүлгімен сүзіп алып,сарысуынан ажыратамыз.Қазанға іркітті құймас бұрын қазан түбіне және ернеуіне кез- келген жеуге жарамды майдан жағып қойса қазан түбі жабыспайды және майланған ернеуінен асып төгілмейді.Қазан астына жағылған оттың бабы тәтті және біркелкі құрттың пісуіне әсер етеді.Сарысуынан әбден айырылған және ашуы жеткен іркіттің қоймалжыңы құртқа тез айналады,Дайын құртты қазаннан таза қапқа немесе сүлгіге аударып алып 10 сағаттай ашаға іліп немесе үстіне ауыр зат бастыру арқылы суын әбден сарқылтамыз.Одан соң дайын құртты өзіңізге ұнаған пішінмен кептіріп аласыз.Оны кептіру үщін жылы жел, ыстық күн керек.
19
Құртты кептірудегі пішін түрлері:
а) күлше ә)сықпа б)шүйірмек в)жарма
Күлше : күлшені жасағанда құртты кесектеу етіп(уысқа сиярлықтай) домалақтайды.Одан соң оң қолдың бас бармағы мен төрт саусағының арасына қысып бүйірін жұқартып, дөңгелек пішінге келтіреді. Күлше ұзақ сақтау үшін жасалады.Кейде күлшенің бүйірін тесіп моншақ сияқты жіпке тізіп,керегенің басына, өренің ашасына іліп кептіреді.Оны ауыстырып отыру әдісімен әбден кептіру керек, әйтпесе көгеріп кетеді.
Сықпа : сықпаны жасағанда құртты шағындап қана алып, төрт саусақтың бүгіуіне салып сығып жасайды.
Шүйірмек : шүйірмек құртты жасағанда құртты екі саусақтың бүгіуіне салып,екінші жағын басқа қолдың бармағымен батыра қысады. Шүйірмектің мөлшері сықпаның жартысындай ғана болады. Бұл құрттың пішіні тез кебеді
Жарма- құрттың тағы бір түрі .Жарма құртты негізі үлкендеу етіп алып оны түзу жерге қойып, қатты жіп немесе кендір жіптің көмегімен бөліп жарып, төрт бұрышты пішінге салады..Ол ұзақ кепкенімен дастарханның көркі.
Күлше мен жарманы қысты күні жеу үшін,ал сықпа мен шүйірмекті жазды күні,күзде шайға салып немесе жәй жеу үшін дайындайды.
Құрттың түрлері:
а)ақ құрт ә)қара құрт б)малта құрт
Ақ құрт-ол көп ашымаған және пісуін жеткізіп,майдан әбден арылған іркіттен қайнатылады.Кейде аздап тұз қосып кептіреді.Ақ құрт көбіне жазда , күз мезгілдерінде желінеді.
Екінші -қара құрт.Ашуы жеткен іркіттің пісуін қандырмай майын жартылай алады немесе алмай қайнатылады. Қара құртты көбінесе қыста езіп, дәмді құрт көже дайындайды.Езілгеннен қалған қиыршық құрт малта деп аталады.
Малта- дегеніміз сорпаға не ыстық суға езілген құрт.Сорпадағы не судағы қиыршық құртты езу үшін кей кезде әжелеріміз қойдың бас сүйегіндегі азу тістерін қолданған.Малтаға немесе құрткөжеге ыдысқа тұздап сақталынған сүзбе құртты да пайдаланылған.Малта сорпаға құрт қалдығын езуден жасалса,ал құрткөженің жасалу жолы басқадай.
20
Құрттан істелетін немесе кұрт қосылатын тағамдардың кейбір түрлері:
Ж а с қ ұ р т. Сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп, бастырма ретінде шаймен бірге дастарқанға қояды. Әсіресе кепкен құртқа, бауырсаққа тісі өтпейтін қарттар үшін өте кенеулі ас саналады. Ертеректе жас құртты мипалауға, құйрық — бауырға қосқан.
Құрттың сары суын сүт қосып қайнатып, ірімшік жасайды; ауырған малға ішкізеді; әйелдер бас жуады; сондай -ақ одан тері илеу үшін малма жасайды.
К
ө б і к. Қайнап
жатқан кұрттың бетінде қалқып тұрған
беткі қабатын қалқып беру. Майлы, кенеулі
ас ретінде жас балаларға, қарттарға
калқып беру салт болған.
Ыстық құрт. Қайнап жатқан құртты алып, май қосып, сапырып ішетін кенеулі ас. Өкпе ауруына, суық тиіп ауырған сырқаттарға ем саналған.
Сықпа
құрт. Мұның
қайнатқан кұрттан айырмашылығы, сол
ашыған айран қапқа кұйып сүзіледі де,
тұздалып, әртүрлі үлгімен бөлшектеліп
тақтайшаға кептіріледі. Сықпа құрт та
бастырма ретінде пайдаланылған. Мұндай
кұрт жайған әйел ауыл балаларына арнап
дөңгелек жасап, жіпке тізіп мойындарына
іліп қуанту салты болған.
М
а л т а. Езілген
құрттың таусыншақ түйіршіктері, ол әрі
жұмсақ, әрі сүйкімді ас саналады. Ұзақ
сапарларда ауызға салып суын жұтқан
кезде әрі сусын, әрі қорек болған.
Езген құрт. Сорпаға, тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосу немесе сұйық күйінде ішу үшін кепкен құрт астауға салып ұнталады, келіге түйіледі немесе қол диірменге тартылады. Езген құрт — ұлттық тамақтардың ең бір сүйкімдісі және кенеулісі.
А
қ м а л т а. Езген
құрттың ең соңғы шайындысы. Ол өте
жұғымды және тез сіңетін тағам болып
саналады, оны сол сұйық түрінде ішеді.
Ұнтақ
құрт. Арнайы
түйіп ұсатқан немесе қап түбінен жинап
алған үгінді. Оны сүттің піскен қаймағына
былғап жейді.
21
Ақ құрт. Іркітті қазанда қайнатып, суыған соң қапқа салып сорғытады. Қаптағы құрттың сары суы кетіп дегдіген соң қолменн бөлшектеп, түрлі формаға келтіріп өреге жаяды. Бұл құрттың ақ болатын себебі тұзын анағұрлым көбірек қосады.
Қара құрт. Ашуы жеткен іркітке аздап сары май қосып қайнатады. Тұзын аздап қана қосады. Түйе сүтінен жасалатын құрттың да қара болатынына куә болдық. Түйе сүтінен жасалатын құрттың да жасалу технологиясы сиыр сүтінен жасалатын құртпен бірдей. Айырмашылығы ненің сүтінен жасалатындығында.
К ұ р т – м а й. Сары майға батырып табақ жасайтын кепкен сықпа жалпақ құрт. Оны асығыс кезде дәм таттыру үшін немесе жеңіл – желпі түстік ретінде дастарқанға қояды. Кейде құрт, ірімшік, май тағамдарының қосындылары да кұрт – май деп аталады.
Ежігей немесе ежегей. Ежігей немесе ежегей құрт құрттардың ішіндегі ең бір ерекшесі, әрі дәмдісі. Ежегей құрт көлемі жағынан да кіші, бармақтай болып келеді. Кепкен кезде ежігей де құрттың жасалу жолымен әзірленеді. Бірақ ол өте ашымаған іркіттен жасалады. Әзірлеу кезінде бір шелек іркітке екі шелек қаймағы алынбаған сүт қосып қайнатылып дайындалады. Әбден қайнап суы сарқылып піскен ежегей суы сорғытылып сәл кебір тартқаннан кейін алақанға салып сығып өреге қатарлап жәйіп кептіріп алады. Ежігей кепкен кезде де ашы құрт сяқты тас болып қатып қалмайды, үгітіліп тұрады. Әбден кептірген ежегей жазда да, қыста да дәмді де, түсі де озгермейді.
А. Сұйық ежігей. Оны кептірмей ـ ақ үстіне сары май, қаймақ құйып, қонақтарға ұсынады сұйық түрі де бар екен. Сондықтан да оны дастарқанға салуға даяр тұру үшін ыдыста екі ـүш күн сақтап қойса да бұзылмай сақтала береді.
Б. Құрт көже. Қайнатылып, кептірілген қатты құрттан қыстың қатты аязды күндерінде құрт көже дайындайды. Қазанды пешке қойып, су құяды. Аздап күріш салып, қайнатады. Бөлек ыдысқа ұн шаяды да қазандағы қайнап жатқан суға құйып әбден араластырады. 1 келіге жақын құртты қайнап жатқан қазанға салып ожаумен жарты сағатқа жуық, құрттың дәмі кіргенше былғай береді. Дәміне қарай аздап тұз қосады. Үстіне сары май салып түстік ас ретінде ішуге болады. Құрт көже әсіресе суық тиіп, тұмауратып ауырғандарға бірден бір ем.
Құрттың адам денсаулығына өте пайдалы екенін бұрынғы ата-бабаларымыз біліп, құртты үнемі пайдаланған екен. Мал бағуға кеткенде қалталарына құрт салып алған және күнделікті тағамдарға қосып ішкен немесе құртты езіп ішкен, сондықтан ол кісілер көп ауырмаған, дәрі-дәрмек пайдаланбаған.
22
Ертеректе тіс дәрігері де болмаған, ата-бабаларымыздың тістері ауырмаған. Атап айтқанда, адамның тісінің қалыптасуына құрттың пайдасы зор екенін білдім. Егер бала жастайынан құрт жеп өссе оның тісі өткір, қатты, ауырмайтынына көз жеткіздім. Құрт, ірімшік жеп, қымыз, айран, сүт ішкен баланың денсаулығы мықты болатынын түсіндім.
Құртты адам алыс сапарға шыққанда пайдаланса, қарны ашпайды, шөлдемейді, ал самолетпен ұшқанда құрт құлақтың бітпеуіне және жүрек айнымауына көп ықпал етеді екен. Сонымен қатар, құрт дәрумендерге бай, адамның ас қорытуында әсері өте жоғары , атап айтсақ кейбір ас қорытуға арналған дәрілерге пара-пар сияқты. Ал қыста құртты езіп ішсең ол тамаша қорек болады , әрі адам суыққа тоңбайтыны туралы білдім. «Құрт – қыстың қымызы» — дейтіні сондықтан екен.
23
Қазақстанның ұлттық бренді – құрт.
Ұлттық
брендті құру – Қазақстанның өзекті
мәселесі. Мәдениет, тарих қайраткерлері
және бизнес - құрылым өкілдері де осы
мәселе бойынша ізденісте. Ұсыныстар
өте көп. Біреулер ұлттық бренд домбыра,
қобыз сияқты музыкалық аспаптар десе,
екіншілері қымыз және шұбат сусындары
деп санайды, ал үшіншілері киіз үйді
жақтайды. Келешекте Қазақстанның атын
шығаратын не екені белгісіз. Таңдау
қиын, ұлттың сәні – кешке киетін сәнді
киім емес. Ал, Алматылық Айдар Шалбарбаев
уақытын текке өткізіп жүрген жоқ.
Айдар
Шалбарбаев 19 жыл бойы құртқа ұлттық
бренд мәртебесін беруге ат салысуда.
Әлі нәтижесіз .
– Ұлттық
бренд туралы сөз қозғалған кезде, мен
тыс қала алмаймын, – деп Айдар Ақаралұлы
атап кетті. – Мен қазақтың байырғы
тағамы құртты әлемдік нарыққа шығару
керек деп санаймын. Оның мыңжылдық
тарихы бар, және бүгін құрттың дайындалу
рәсімі ұмытылған жоқ. Қазір ұлттық
бренді ойлап табу мәселесі туралы
айтсақ, назарымызды неге құртқа
аудармасқа?! Бір кездері құр көшпенділерді
ұзақ жорықтарда және соғыстарда аштықтан
құтқарған. Бұл азық өте ұзақ сақталады,
ал ол кезде тоңазытқыштар болмаған. Мен
өзім де құртты жеп өстім.
1990 жылы
Айдар Ақаралұлы құрт және оның мәртебесі
туралы күрделі ойлай бастады
.
– Менің алғашқы білімім – мүсінші
- суретші, сондықтан бастапқыда, суретші
ретінде, мені құртың мүсіні қызықтырды.
Және мен сыйға тартатын құрт құру бойынша
жұмыс істей бастадым, - деп жалғастырды.
– Ол кезде тағамның құрамы мен сапасы
туралы, оның жасалу технологиясы туралы
ойлаған жоқпын. Менің бірінші ойлап
шығарған құртым үшбұрышты боды, және
әр бұрышы үш жүзді білдірген. Осы
бұрыштарда қазақтардың негізгі игілігі
– киіз үй, қойлар, жылқылар, түйелер.
Сонымен қатар, сыйлық ою түрінде де
әзірленген. Бұл Қазақстанға келген әр
шетел азаматына өте жақсы сыйлық.
Басқа
шетелде демалыста болып, сол елден
естелік және жейтін сыйлық әкелу –
бұрынғы туристік дәстүр. Түркиядан біз
әлемге әйгілі пахлавасын, Үнді елінен
шайларын әкелеміз. Әр елде достарына
сый ретінде әкелуге болатын, ерекше
тағамдары бар. Ал, Қазақстан не ұсына
алады? Тек базарда кемпірлермен тауарсыз
түрінде сатылатын құрттан басқа ештеңе
жоқ.
Жылдар бойы құрт тақырыбын
зерттеген Айдар Шалбарбаев тұзды
домалақтардан ерекше тауар шығаруын
біледі.
24
–
Егер мен бастапқыда тек мүсіні туралы
ойласам, кейін мені құрттың дайындалу
технологиясы қызықтырды, – дейді Айдар
Ақаралұлы. – Мен ұлттық ащы сүт өнімдерінің
өндірісін зерделедім. 2004 жылы осы
зерттеуіме патент алдым. Осы патент
қазіргі заман технологияларын қолданып,
шетелдерге мақтанышпен шығарылатын
сапалы құрт шығаруға мүмкіндік береді.
Мен біздің құрт голландықтардың
ірімшіктері, түркілердің йогурті сияқты
әлемдік асханада өзіне лайық орын алуы
қажет деп ойлаймын.
Айдар Шалбарбаев
құртты өндірудің үш бағытын ойлап
шығарды. Бірінші «сыйға тартылатын
құрт». Бұл құрт шоколадпен қапталған
және жаңғақ қосылған.
Екінші бағыт
– етті құрт(жылқы, қой, сиыр еттері). Бұл
құрт байырғы ата - бабаларының әдісі
бойынша жасалады. Үшіншісі – балық
құрт. Бұл өнімді сыра ішетіндер жақтайды
деп ойлайды зерттеуші. Осы құрт балықтың
әр түрінен жасалып, балық мүсінінде
болады. .
Айдар Ақаралұлы
өз зерттеулерімен көптеген жерлерге
барып, көмек сұрады, бірақ жолы болмай
жүр. Жақында, ол премьер - министр Кәрім
Мәсімовтың блогі туралы біліп, премьер
- министрге ұлттық брендті құрғаны
туралы хат жазды. Жауабын әлі алған жоқ.
.
– Мен, өзім де құртты
өндіретін цех ашар едім, – дейді
зерттеуші. – Бірақ, қазақтың байырғы
тағамын ұлттық бренд бола алмас еді. Ол
үшін құртты жетілдіру бойынша зауыттар
жүйесін ашу қажет.
.
25
ІІ. Зерттеу әдісі мен объектісі
Зерттеуге нысан ретінде Алматы облысы, Панфилов ауданы, Басқұншы ауылынан құрт жасауға әкелінген сүт өнімдері алынды.
Құрт жасауға керекті қоспалар мен құралдар:
-сүт сүзбесі;
-табиғи бояулар (сәбіз, қызылша, шоколад);
-тұз;
-жаңғақтар мен кепкен жемістер;
-құрттың пішінін келтіріп жасауға арналған қалташалардың түрлері;
2.1. Зерттеу әдістері:
Жинақтау, топтау;
Салыстыру, жасау, көрсету;
Өзіндік ой топшылау;
Сауалнама жүргізу;
2.2. Зерттеу жұмысының болжамы:
Туристердің байырғы дәстүрі, іс сапарда немесе демалыста болған елден тек естелік болатын зат емес, сонымен қатар жеуге жарайтын заттар әкелу. Түркиядан біз атағы жаһанға әйгілі пахлаваласын әкелеміз, ал Үндістаннан – түрлі шәйлар мен тағамға қосатын қоспалар әкелеміз. Үйге әкеліп, достарыңа ауыз тигігузуге ұятты болмайтындай қайталанбас тәттілерді әр елден де табуға болады. Қазақстан не ұсыныла алады? Былай қарасақ ештеме, егер жергілікті базарда апаларымыз сатып тұрған ешқандай тауар көрінісі жоқ құртты есептемегенде. Сондықтан да, туристер өз еліне онсыз оралғысыз келмейтіндей, құрттардың сыртқы пішініне және құрамына, түсіне бір өзгерістер енгізсе. Егер құрт жасау технологиясын қолға алып дамытса, онда тіпті оны экспортқа шығаруға болатын еді. Голландтық ірімшік, Түркияның йогурты сияқты, қазақтың ұлттық сүт тағамы — құрт дүниежүзілік аспазшылықта өзіне лайықты орын алуы керек деп есептеймін. Шоколадтағы құртты өндірудің үш бағыты бар. Біріншісіне және ол ең негізгісі — «сыйлық құрт». Құрттың бұл түрі әдемі қораптардағы керемет шоколадтардан да асып кетер еді. Себебі оның пішіні де ерекше болады және ішіне жаңғақ, кепкен жемістер де қосылады.
26
Неге осыны жасамасқа? Мысалы, Украиндықтар шоколадты шошқа майына малып, келген қонақтарын күтеді екен.
Бұрыңғы кезде құрт – конфеттің рөлін атқарған. Оны әртүрлі мерекелерде балаларға беріп, қуанышты сәттерде барлығына таратып, шашу да шашқан. Қазіргі кезде конфеттермен бәсекеге түсе алуы үшін, бұл тағам түрі жақсартуды қажет етеді. Дүкендерде қазырғы кезде қораптар мен пакеттерде құрттар сатылады. Бұл тек бастамасы деп ойлаймын. Бұнымен тоқтап қалуға болмайды. Әлемдік деңгейге шығу керек. Екінші бағыты, етті құрт (жылқы еті, сиыр еті, қой еті). Бұл байырғы әдіс болып табылады. Ертеде көшпенділер бұндай құртты жауға шапқан кезде, жауынгерлерге берген. Сондықтан бұндай құрттың пішіні қалқанға ұқсайды. Және де үшінші бағыт – бұл «кемпірқосақ» деп аталады. Бұл құрттар түрлі-түсті және әртүрлі пішінді болады. Себебі балаларды түстер қызықтырады. Бояулар табиғи жолмен әртүрлі жемістер мен көкөністерден алынады. Сол себепті оның зияны болмайды. Бұндай құрттар Қазақстанға келген әр шетел азаматына өте жақсы сыйлық болар еді. Сөзсіз конфеттен қарағанда, құрттың пайдасы көп. Конфеттің еш пайдасы жоқ деуге де болады. Бірақ оның сыртқы жылтыраған қағаздары, тәтті дәмі балаларды баурап алады. Оның зияны туралы айтсам, ол бөлек әңгіме. Сондықтан мен «құртты» зерттеу жобамның тақырыбы етіп алдым.
27
2.3. Нәтижесі
Жұмыстың мақсатына жету үшін үлкен кісілермен, балалармен сауалнамалар жүргіздім. Зерттеу жұмысымның барысында сиыр сүтінен жасалған құрттың құрамын жоғарыда айтылғандай етіп жасап достарыма, сыныптастарыма ұсындым. Нәтижесінде мен сияқты жасөспірімдерге қышқыл құрттан да тәттілеу құрттың көп ұнайтынын анықтадым. Сондықтан құрттың құрамы мен жасау әдістеріне қарай «Майлы құрт», «Майсыз құрт», «Қышқыл құрт», «Тұзды құрт», «Тәтті құрт», «Жеміс қосылған құрт» деп бірнеше түрге бөлдім.
Құрт халық тарихымен жасасып келе жатқан ұлттық тағам екені белгілі және құртты үнемі қолдануда үлкен мән – мағына бар екеніне көз жеткіздім. Осы еңбегімнің нәтижесі ретінде болашақта дүкен сөрелерінен балаларға арналған әртүрлі тәттілер мен сағыздар сияқты балалар еркін сатып алатындай, құрттың әртүрі болса деп ойлаймын. Тіпті дәріхана сөрелеріне де гематоген, аскорбинкалар мен қатар құрттың әр түрін қоюға болады.
Алдыма қойған мақсатыма жету үшін болашақта құрт жасайтын арнаулы завод ашпақшымын. Завод заман талабына сай жаңа технологиялармен жабдықталмақ. Арнаулы қондырғылардың көмегімен сиыр фермаларынан әкелінген сүттен құрттың әр түрін жасаймын. Қосымшада көрсетілген суреттен сиыр сүтінен жасалған құрт шығаратын менің заводым болмақ. Құрттың құрамы мен пішіндері балаларды қызықтыратындай болады. Олар жануарлар, құстар, аңдар бейнесінде болмақ. Құрт түрлері санитарлық нормаға сай арнаулы көз тартарлықтай ыдыстар мен қағаз қораптарға салынады. Қораптың сырты пайдаланушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес безендірілген, құрамы мен қасиеті толық жазылған болады. Қазіргі кезде балалар көп пайдаланатын әртүрлі сағыздар мен шоколодтардың (киндер сюрприз, сникерс, чупа-чупс,т.б.) орнын сол құрттар басады деп ойлаймын. Балалар ойнап жүргенде, бос кездерінде ауыздарына сағыз салғанша, құрт салса, денсаулығына да өте пайдалы болар еді.
Менің зерттеуімнің нәтижесінен туған осы бір жаңалық өзім сияқты оқушыларды қызықтырады деген ойдамын.
28
IІІ. Қорытынды
Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл тағамның емдік, тұрмыстық пайдасы бар. Қазіргі заманда жастардың көбі осы тағамды, оның денсаулыққа пайдалы екенін білмейді. Өз сыныптастарымнан құрт туралы не білетіндерін сұрастырғанда, көбі білмейтін болып шықты. Әйтеуір ұнағандықтан жеді екен. Еңбекке баулы сабағында сыныптастарымды жобаммен таныстырдым. Оларға құрттың өте маңызды тағам екенін түсіндіре алдым деп ойлаймын. Өз отбасым да, құрбыларым да осыған көз жеткізді. Менің ойымша, құрт Отанымыздың ұлттық бренді мәртебесіне лайық. Құртымыз әлем нарығына шығып қана, өз еліміздің балалары осы тағамның пайдасын көре алады деп ойлаймын. Себебі, қазір құртты тек қазақ халқы біледі, ал егер осы тағам ұлттық бренд болса, оны тек шет елдер ғана емес, өз еліміздің барлық тұрғыны дәмін татып, бағалайды. Ал оның ұлттық бренд болуы үшін, құрттың қазырғы тауар түрін жақсарту қажет деп ойлаймын. Яғни, шоколадпен қапталған, кепкен жемістер қосылған, түрлі-түсті, әртүрлі пішінді құрттар туристерді де қызықтырар деп ойлаймын.
Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық тағамы – құрт адам денсаулығына қажетті тағам. Біз Қазақстанның жастары, осы құнды тағамның жойылуына жол бермеуіміз керек.
29
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізім:
1.Дүниетану
оқулығы 1сыныпқа арналған
«Алматыкітап»
2008ж.
2.Қазақтың
ұлттық тағамдары
Алматы 2000ж
3.Қазақ энциклопедиясы
Алматы
2002ж
4. Ғаламтор
Қазақ халқының салт – дәстүрлері Алматы «Рауан» 1994
Қазақстан тарихы 7 – сынып Алматы 2010ж
Қазақстан тарихы 9 – сынып Атамұра 2009 ж
Дүниетану оқулығы 2 сыныпқа арналған «Алматыкітап» 2008 ж
Қазақ Энциклопедиясы 1 – том Алматы 2002 ж
Қазақ энциклопедиясы 3 – том Алматы 2002 ж
Дүниетану оқулығы Алматы «Атамұра» 2003 ж
Қазақтың мақал – мәтелдері ҚКӘБ. 1951 ж
Марғұлан Ә.Х. «Ежелгі жыр аңыздар» Алматы, «Жазушы», 1985 ж
Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, «Ана тілі», 1991.
Кенжеахметұлы С. «Қазақтың дарқан дастарқаны», Алматыкітап 2007 ж.
16. Анфимова Н. А., Татарская Л. Л. «Аспазшылық», Просвещение 2002 ж.
17.Ермакова В. И. «Аспазшылық», Просвещение 1993 ж.
18. Матюхин З. П. «Тамақтану, гигиена және физиология негіздері», Просвещение 1999 ж
30
.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген