Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жоба "Құрт қазақтың ұлттық тағамы"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Циолковский атындағы №84 жалпы орта мектебі
Ғылыми жоба
Тақырыбы: Құрт-қазақтың ұлттық тағамы
Секциясы: Жаратылыстану
Авторы: 3 «Ә» сынып оқушысы Ералы Рабиға
Шымкент 2017ж
Құрт – қазақтың ұлттық тағамы
Мақсаты:
Қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету, жасалу түрлерін зерттеп, ерекшеліктерін табу, организмге күнделікті қажеттілігін насихаттау, ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығаруға үлес қосу.
Зерттеу заты– құрт тағамы.
Зерттеудің өзектілігі- балаларға арналған құрамында әр түрлі химиялық қоспалар бар шетелдік тағамдар орнына таза, табиғи, кейінгі уақытта көбейіп кеткен әр түрлі ауруларға қарсы иммунитет нығайтатын дәрумендері бар құрт тағамын балалардың күнделікті ас мәзіріне қосу қажет .
Зерттеудің болжамы-егер құрт жайлы көбірек оқып білсек, онда құрттың көптеген сырларын ашар едік.
Зерттеу әдістері
– Ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;
– Бақылау;
-Зерттелген нәтижеге талдау жүргізу
Мазмұны:
-
Кіріспе
-
Негізгі бөлім:
2.1. Құрт – қазақтың ұлттық тағамы
2.2 Құрттың жасалу технологиясы
2.3.Құрттың түрлері
2.4 Құрттың адам денсаулығына пайдасы
2.5. Қазақстанның ұлтттық бренді – құрт
3. Қорытынды
-
Қолданылған әдебиеттер
Аннотация
Бұл жоба қазақ халқының тағамы – құрттың пайдасын және жасалу технологиясын зерттеуге арналған. Мені қазақ құртының жасалу әдістері қызықтырды. Құрт денсаулыққа өте пайдалы. Зерттеу жұмысымның барысында құрттың әр түрін әкеліп сыныптастарыма ұсындым. Нәтижесінде мен сияқты жасөспірімдерге қышқыл құрттың да, тәттілеу құрттың да ұнайтынын анықтадым.Осы орайда бүгінде ұшақта таратылатын кәмпит орнына ұлттық тағамымыз – құртты денсаулыққа зияны жоқ тағамдық бояғыштарға бояп, түрлі- түсті етіп таратсақ, жүректі басып қана қоймай, басқа елден келіп-кетушілерге, туристерге ұлттық тағамымызды танытудың бір жолы болар еді.
Кіріспе
Құрт – қазақ халқының сүттен жасалған ұлттық тағамы ретінде кеңінен қолданатын өте көне түрінің бірі.
Бізді құрттың жасалу әдістері мен кейбір тағамдарға қосымша қолданылатындығы қызықтырды. Тағамның өте көне әрі пайдалы түрі –құрт жайында мәлімет жинағым келді.
Өз мақсатымызға жету үшін,
алдымызға мынадай міндеттер қойдық:
- құрт жайында материалдар жинау;
-Құрттың жасалу технологиясын анықтау;
-Құртты кеңінен пайдалану әдісін ұсыну;
– Құрттың адам денсаулығына пайдасын
көрсету;
-Қазақтың ұлттық тағамы құртпен танысу;
Сыныптағы оқушылар арасында сауалнамалар жүргіздік. Сыныптастарыма «Құрт туралы не білесің?», «Құртты жеп көрдің бе?», «Отбасыңда құртты пайдалана ма?» деген сауалдар жүргіздік. Кейбір сыныптастарымыз құрт туралы мүлде ештеңе білмейтін болып шықты. «Отбасыңда құртты жиі пайдалана ма? дегенге» «Наурыз мерекесінде пайдаланады» немесе «Наурыз көже істегенде қосады» дегендер де болды.
Зерттеу жұмысымның барысында құрттың әр түрін әкеліп сыныптастарыма ұсындым. Нәтижесінде мен сияқты жасөспірімдерге қышқыл құрттың да, тәттілеу құрттың да ұнайтынын анықтадым.
Біздің алдымызға қойған
мақсатымыз мектеп оқушыларына құрт тағамы жайында
толығырақ мәлімет беру және оның пайдасын,
түрлерін насихаттау. Осы еңбегіміздің нәтижесі
ретінде болашақта дүкен сөрелерінен балаларға арналған
әртүрлі тәттілер мен сағыздар сияқты балалар еркін сатып алатындай
құрттың әр түрі болса деп ойлаймыз. Тіпті дәріхана сөрелеріне де
гематоген, аскорбинкалармен қатар құрттың әр түрін қоюға
болады.
Біздің зерттеуіміздің нәтижесінен туған осы бір жаңалық
өзім сияқты оқушыларды қызықтырады деген ойдамын.
Зерттеу жаңалығы: құрттың адам денсаулығына
пайдалы екені.
2.1. Құрт – қазақтың ұлттық тағамы
Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Бұл тағам ақуыздарға өте бай, адам денсаулығына өте пайдалы.
Құрттың адам денсаулығына өте
пайдалы екенін бұрынғы ата-бабаларымыз біліп, құртты үнемі
пайдаланған екен. Мал бағуға кеткенде қалталарына құрт салып алған
және күнделікті тағамдарға қосып ішкен немесе құртты езіп ішкен,
сондықтан ол кісілер көп ауырмаған, дәрі-дәрмек пайдаланбаған.
Ертеректе тіс дәрігері де болмаған, ата-бабаларымыздың тістері
ауырмаған. Атап айтқанда, адамның тісінің қалыптасуына
құрттың пайдасы зор екен. Егер бала жастайынан құрт жеп өссе оның
тісі өткір, қатты, ауырмайды екен. Құртты адам алыс
сапарға шыққанда пайдаланса, қарны ашпайды,
шөлдемейді, ал самолетпен ұшқанда құрт құлақтың бітпеуіне және
жүрек айнымауына көп ықпал етеді екен. Ал қыста құртты езіп ішсең
ол тамаша қорек болады , әрі адам суыққа тоңбайды
екен.
2.2.Жасалу технологиясы
Құрттың өзіне тән жасалу технологиясы, тәсілі бар. Құртты қалай жасайды, оған не қосады, немен жасайды, сүттен қалай алады деген сұрақтар төңірегінде біраз ізденіс жұмыстарын жасадық.
Құрттың қай түрі болса да өреге кептіріледі. Күлше мен жарманы қысты күні жеу үшін, ал,сықпа мен шүйірмекті жазды күні, күзде шайға салу үшін дайындайды. Қайнатқан құрттың өзі үш түрлі болады: бірі –ақ құрт. Ол көп ашымаған майдан әбден арылған іркіттен қайнатылады. Ақ құрт аталатын себебі, тұзын көбірек етіп қосады. Ол көбіне жазда, күзде желінеді. Екінші- қара құрт. Ашуы жеткен іркітке аздап сары май қосып қайнатады. Тұзын аздап қана қосады. Құрттың осы түрін қыста езіп, дәмді құрт көже даярлайды. Үшінші – ежігей құрт. Ежігей де құрттың жасалу жолымен әзірленеді. Бірақ ол өте ашымаған іркіттен жасалады. Әзірлеу кезінде бір шелек іркітке екі шелек қаймағы алынбаған сүт қосып қайнатылып дайындалады. Әбден қайнап суы сарқылып піскен ежігей суы сорғытылып сәл кебір тартқаннан кейін алақанға салып сығып өреге қатарлап жайып кептіріп алады. Ежігей кепкен кезде де ащы құрт сяқты тас болып қатып қалмайды. Үгітіліп тұрады. Әбден кептірген ежегей жазда да, қыста да дәмі де, түсі де озгермейді. Ежігейді кептірмей де пайдалануға болады. Үстіне сары май, қаймақ құйып, қонақтарға ұсынады. Сондықтан да оны дастарқанға салуға даяр тұру үшін ыдыста екі ـүш күн сақтап қойса да бұзылмай сақтала береді. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады.
2.3. Құрттың түрлері
Аналарымыз бір ғана сүттің өзінен түрлі тағам жасай білген. Ал сол сүттен жасалынатын құрттың өзі жасалу жолына қарай сан түрге бөлінеді.
1) Жас құрт
2) Көбік құрт
3) Ыстық құрт
4) Сықпа құрт
5) Малта құрт
6) Езген құрт
7) Ақ малта құрт
8)Ұнтақ құрт
9) Ақ құрт
10) Қара құрт
11) Құрт май
2.4. Құрттың адам денсаулығына пайдасы
Құрттың құрамында не бар? Адам ағзасына қандай пайдасы бар? деген сұраққа келер болсақ құрт нағыз дәруменге бай, таптырмас дәрі екен.
Адам денсаулығына аса пайдалылығының дәлелі, құрт – кальцийдің көзі. Сондай-ақ құрт ақуызға өте бай. Сондықтан ол құнарлы, тоқ тағам болып есептеледі. Оның құрамында А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кальций жетерлік.
Тоқсаннан асып, жүзге қарай бет алған қариядан ұзақ жасаудың сырын сұрасаңыз, міндетті түрде ағарған ішіп, құрт жейтінін айтады.
Құртты нағыз балалардың тағамы десе болады. Себебі, балалар үшін құрттың пайдасы ұшан теңіз. Мүмкіндігінше, тұздылығы орташа болғаны абзал. Ол баланың бойының өсуіне және сүйектері, тістері дұрыс қалыптасып, жетілуіне септігін тигізер тағамдардың бірі
Сонымен қатар құртты көктем, жаз айларында жеген өте пайдалы, себебі көктемде дәрумендердің жетіспеушілігі байқалады.
Құрттың қарын тойдыратын ғана емес, ұшақта жүректі басуға да таптырмас тағам екені белгілі.
.
2.5. Қазақстанның ұлттық бренді – құрт.
Ұлттық брендті құру – Қазақстанның өзекті мәселесі . Кейбір қазақ бизнесмендері құртты Қазақстанның бренді ретінде қалыптастыруға жан салып жүр.
Қазақ халқында ұлттық тағамдарды дайындаудың технологиясы қалыптасқан. Осы жасалу технологиясын сақтап отырғанда ғана ұлттық тағамымыздың даңқы асқақтап, адам денсаулығына пайдалы қасиеті сақталмақ. Өкінішке қарай, соңғы кездері басқа ұлттық тағамдарымыз секілді құрттың да жасалу технологиясы сақталмайтын болды. Бүгінгі күні базарларда сатылып жүрген жеңсік астың дәмі бұзылған. Сыртына қарап аузыңнан сілекейің шұбырғанымен, оның дәмі тіл үйірмейді. «Жұмыртқадан жүн қырқып», бір уыс сүзбеден қыруар пайда тапқысы келгендер сүзбеге ұн, құрғақ сүт, тіпті әкке дейін қосып сататын көрінеді. Өнімнің мөлшерін арттыратын мұндай қоспалар, шын мәнінде, құрттың дәмін бұзатыны сөзсіз. Осылайша, шын мәнінде, адам денсаулығына аса пайдалы ұлттық тағамымыз өзінің қасиетінен айырылып отыр. Мамандар «өзге ұлттың өкілдері тамсана жейтін жеңсік асымыз ұлттық брендіге сұранып-ақ тұр» дейді. Расында да, Түркияның пахлавасы, үндінің шайы секілді қазақтың құрты да – халықаралық деңгейге шығуға лайық-ақ тағам. Жолға ұзақ сақталуы, адам ағзасына пайдалылығы жағынан да ұлттық брендіге айналуға лайық тағамның өзіміз қадірін білмей отырғанымыз өкінішті. Осы орайда бүгінде ұшақта таратылатын кәмпит орнына ұлттық тағамымыз – құртты денсаулыққа зияны жоқ тағамдық бояғыштарға бояп, түрлі- түсті етіп таратсақ, жүректі басып қана қоймай, басқа елден келіп-кетушілерге, туристерге ұлттық тағамымызды танытудың бір жолы болар еді.
Қорытынды
Құрт – адам денсаулығына
қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл тағамның емдік,
тұрмыстық пайдасы бар.
Өз сыныптастарымнан құрт туралы не білетіндерін
сұрастырғанда, құрт туралы еш нәрсе білмейтіндер де бар
болып шықты. Оларға құрттың өте маңызды тағам екенін
түсіндіре алдым деп ойлаймын. Өз отбасым да, құрбыларым да осыған
көз жеткізді. Біздің ойымызша, құрт Отанымыздың ұлттық бренді
мәртебесіне лайық. Құртымыз әлем нарығына шығып қана, өз еліміздің
балалары осы тағамның пайдасын көре алады деп ойлаймын. Себебі,
қазір құртты тек қазақ халқы біледі, ал егер осы тағам ұлттық бренд
болса, оны тек шетелдер ғана емес, өз еліміздің барлық тұрғыны
дәмін татып, бағалайды. Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық тағамы –
құрт адам денсаулығына қажетті тағам. Біз, Қазақстанның жастары осы
құнды тағамның жойылуына жол бермеуіміз
керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Дүниетану
оқулығы 1сыныпқа арналған
«Алматы
кітап» 2008ж.
2.Қазақтың ұлттық
тағамдары
Алматы 2000ж
3.Қазақ энциклопедиясы
Алматы 2002ж
4. Ғаламтор
-
Қазақ халқының салт – дәстүрлері Алматы «Рауан» 1994
-
Дүниетану оқулығы 2 сыныпқа арналған «Алматы кітап» 2008 ж
-
Қазақ Энциклопедиясы 1 – том Алматы 2002 ж
-
Қазақ энциклопедиясы 3 – том Алматы 2002 ж
-
Дүниетану оқулығы Алматы «Атамұра» 2003 ж
-
Қазақтың мақал – мәтелдері ҚКӘБ. 1951 ж
-
Марғұлан Ә.Х. «Ежелгі жыр аңыздар» Алматы, «Жазушы», 1985 ж