400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Ғылыми Жоба Қызанақтың адамға деген пайдасы...

Материал туралы қысқаша түсінік
Автордың қызанақ дақылының адам өміріндегі маңызы атты ғылыми еңбегінде,қызанақты көктемгі егіске дайындаудан бастап,күтіп-баптауына және жинап-сақтауына байланысты барлық агротехникалық шаралары қамтылған.Сонымен қатар қызанақ өсімдігінің адам өмірінің маңызына сай келетін алдыңғы қатарлы елдердің озық технологиясы туралы мәліметтер бар.Бұл ғылыми еңбектің көлемді тарауының бірі қызанақтың әртүрлі ауруларға қарсы күресі туралы.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Жұмыс орындаған мекеменің Алматы облысы,Қарасай ауданы,толық аты, Әйтей ауылы,оқу орны:

Б.Қосынов орта мектебі









Автордың аты-жөні Бақытжанова Гульназ

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: «Қызанақтың адам организміне

пайдасы»







Ғылыми жұмыстың бағыты: Қызанақтың адам

өміріндегі маңызын зерттеу







Ғылыми жетекшісі: Калмуратов Калихан Жаксылыкович



























Қазақстан Республикасының Кіші Ғылыми Академиясы

Алматы облысы Қарасай ауданы филиалы

Тезистер

«Қызанақтың адам организміне пайдасы»

Чокпарова Ақбота Ерсайынқызы

Б.Қосынов орта мектебі

Калмуратов Калихан Жаксылыкович – ғылыми жетекшісі,география пәнінің мұғалімі.

Абдильдаев Виктор Султанович – ғылыми кеңесші,«Картоп және

көкөніс – бақша дақылдары ғылыми зерттеу институтының ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы.

Өзектілігі:Ғылыми зерттеу институтында зерттеу жұмыстарын жүргізу. Мақсаты: «Қызанақ дақылының адам өміріндегі пайдасын зерттеу Міндеті:Тұқымдық қызанақ өндірудің агротехникалық ерекшеліктерімен

танысып,қызанақтың адам өміріндегі пайдасын аңықтап білу.

Зерттеу әдісі: Ғылыми Зерттеу Институтының зертханаларында қызанақты зерттеп,неше түрлі ауруларға шипасын анықтау.

Зерттеу объектісі:Зертханада бақылау,зерттеу.

Қорытындысы: Ғылыми зерттеу институтының зертханаларында қызанақты өсуін зерттеп, ,неше түрлі ауруларға тигізер шипасын анықтау.

Тұжырымдамасы:Қызанақ өнімі өте жоғары және тұқым өндіру деңгейі сапалы болуы керек.

Ұсыныстар:Қызанақ – азық-түлік ретінде халықтың көп қолданатын дақылдарының бірі,сан алуан аурулардың бірден-бір шипасы,сондықтан да қызанақ өнімдерін көбейту керек.



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Г.Ә. Құлжабаева «Өсімдіктер әлемі» 

  2. Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы»



Чокпарова Ақбота Ерсайынқызының

«Қызанақ дақылының адам өміріндегі

маңызы» атты ғылыми жұмысына









Аннотация

Азық-түлік ретінде халықтың көп қолданатын дақылдарының бірі қызанақ дақылы,ол өнеркәсіпте маңызды шикізат қоры болып есептелінеді.Ауыл шаруашылығының алдында тұрған басты міндеттер халықты жеткілікті мөлшерде сапалы азық-түлікпен өнеркәсіпті шикізат қорымен қамтамасыз ету болып табылады.

Автордың қызанақ дақылының адам өміріндегі маңызы атты ғылыми еңбегінде,қызанақты көктемгі егіске дайындаудан бастап,күтіп-баптауына және жинап-сақтауына байланысты барлық агротехникалық шаралары қамтылған.Сонымен қатар қызанақ өсімдігінің адам өмірінің маңызына сай келетін алдыңғы қатарлы елдердің озық технологиясы туралы мәліметтер бар.Бұл ғылыми еңбектің көлемді тарауының бірі қызанақтың әртүрлі ауруларға қарсы күресі туралы.










Жоспар



І.Кіріспе





ІІ.Негізгі







1)Қызанақ туралы мәлімет.

2) Қызанақтың күтімі мен қолданылуы.

3)Қызанақтың адам организміне пайдасы.







ІІІ.Қорытындысы







Пайдаланған әдебиеттер.









Кіріспе

Қызанақ — алқа тұқымдасына жататын бір және көпжылдық

шөптесін өсімдіктер кейде жартылай бұта.Оңтүстік Америкадан таралған. Оның 3 түрі бар (кейбір деректерде 7). Қазақстанда 1 түрі: кәдімгі (ас) Қызанақ барлық жерде өсіріледі. Сабағының биіктігі 30 — 40 см-ден жоғары. Жапырағы қауырсын тәрізді. Гүлінің түсі сары, жемісі — екі не көп ұялы жидек, пішіні әртүрлі. Салмағы 25 — 500 г, кейде 800 — 900 г-ға дейін жетеді. Қызыл, сарғыш жемісінің құрамында 4,5 — 8,1% құрғақ зат, 3,5 — 8,5% органикалық қышқыл,минералдық тұздар, С витамині, В, РР тобының витаминдері, каротин бар. Жемісін тамаққа пайдаланады, тұздайды, шырын алады. Қызанақ жылу сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді. Өсуіне қолайлы температура 20 — 25С, температура 15С-қа дейін төмендегенде гүлдеуін, ал 10С-та өсуін тоқтатады.

1 — 2С-та үсікке шалдығады. Жартылай түйіршікті, қарашірігі мол топырақта жақсы өседі. Әр га-нан ашық жерде өсіргенде 150 — 200 ц, ал жылыжайларда 1 м2-нен 12 — 15 кг өнім алуға болады. Қазақстанның әр аймақтарында Қызанақтың әр мезгілде пісетін бірнеше сұрыптары бар. Ерте пісетін сұрыптары: Белый налив 241, Ранний 80, Ақтөбелік 85, Глория, т.б.

Қызанақ жемісі жеуге жарамды, бір жылдық немесе екі жылдық шөптесін өсімдік. Орыс тілінде 'помидор' атауы итальян тіліндегі 'pomodoro - алтын алма' дегеннен шыққан. Ал 'томат' атауы француздардың 'tomate' сөзінен аударылған. Отаны Оңтүстік Америка, бұл жерде қызанақтың жабайы және жартылай мәдени түрін кездестіруге болады. Ең алғаш Еуропаға XVI ғасырдың ортасында Испания, Португалия, кейін Италия мен Францияға да жеткен. Басында барлығы қызанақты жеуге жарамсыз және улы деп санап, бақша өсімдігі ретінде ғана өсірген. Осыдан 200 жыл бұрын құмыраға егілген бұл өсімдікті Англияда үйлердің терезесінен, бақтан кездестіруге болатын еді.

  • 1811 жылы ботаникалық сөздікте томат - улы өсімдік болып есептелсе де, оны Италияда бұрышпен,сарымсақ және маймен қосып жейді, ал Португалия мен Богемияда одан ерекше қышқыл дәмі бар соус дайындалады' деген хабар пайда болады.

  • Қызанақ адам организміне пайдалы витаминдерге бай, құрамында қышқыл, каротин бар. Ересек адамдарда жиі кездестін көк тамыр қуысының тығындалып қабынуы (тромбофлебит) мен көк тамырдың кеңеюін емдеуде әсері зор. Сонымен қатар, қызанақ пен оның шырынын төменгі қышқылдықты, гастритті емдеуге пайдаланады.

  • Қызынақты жүрек-қан тамыр аурулары кезінде жеген пайдалы. Өйткені, қызанақтың сұрыптарынан ғалымдар 24 пайдалы химиялық элемент тапқан. Онда темір, мыс, калий тұздары көп. Бұлар жүректің жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі, организмдегі артық сұйықтықтарды, зиянды қалдықарды сыртқа шығарады. Ал шырыны жүрек тамырлары мен қанайналым жұмысын жақсартады.

  • Томаттың балдырында өт айдағыш, несеп айдағыш, микробтарға, қабынуға қарсы әсер ете алады. Және зәрдің шығуын тездетеді, бұзылған зат алмасу процесін қалыпқа келтіреді.

Қызанақ асқазан мен ішектің сөл бөлу қызметі нашарлаған асқазан ішек жолдары сырқаттары кезінде аса пайдалы. Ас қорытуды жақсартады.









Тезис



1.Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі:

Қызанақ көкөнісінің адам организміне пайдасын зерттеу. 2.Зерттеу мәселесі;

Қызанақ көкөнісінің өсіп-өнуін,адам организміне пайдасын зерттеу. 3.Зерттеу мақсаты;

4.Зерттеудің практикалық маңызы;

5.Зерттеудің ғылыми жағдайы мен ғылым үшін маңызы;

6.Зерттеудің ғылыми қорытындылары.























Қызанақ туралы мәлімет





Қызанақ — алқа тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер(кейде жартылай бұта.Оңтүстік Америкадан таралған. Оның 3 түрі бар (кейбір деректерде 7). Қазақстанда 1 түрі: кәдімгі (ас) Қызанақ барлық жерде өсіріледі. Сабағының биіктігі 30 — 40 см-ден жоғары. Жапырағы қауырсын тәрізді. Гүлінің түсі сары, жемісі — екі не көп ұялы жидек, пішіні әртүрлі. Салмағы 25 — 500 г, кейде 800 — 900 г-ға дейін жетеді. Қызыл, сарғыш жемісінің құрамында 4,5 — 8,1% құрғақ зат, 3,5 — 8,5% органикалық қышқыл,минералдық тұздар, С витамині, В, РР тобының витаминдері, каротин бар. Жемісін тамаққа пайдаланады, тұздайды, шырын алады. Қызанақ жылу сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді. Өсуіне қолайлы температура 20 — 25С, температура 15С-қа дейін төмендегенде гүлдеуін, ал 10С-та өсуін тоқтатады.

1 — 2С-та үсікке шалдығады. Жартылай түйіршікті, қарашірігі мол топырақта жақсы өседі. Әр га-нан ашық жерде өсіргенде 150 — 200 ц, ал жылыжайларда

1 м2-нен 12 — 15 кг өнім алуға болады. Қазақстанның әр аймақтарында Қызанақтың әр мезгілде пісетін бірнеше сұрыптары бар. Ерте пісетін сұрыптары: Белый налив 241, Ранний 80, Ақтөбелік 85, Глория, т.б. сорттары Батыс Қазақстан,Қостанай,Қарағанды, Павлодар, т.б. облыстарда аудандастырылған. Негізгі зиянкестері: картоп қоңыр көбелегі, ызылдауық қоңыз, колорадо қоңызы, т.б. Ең көп тараған аурулары: бактериялық теңбілділік,фитофториоз, макроскориоз, т.б. Қызанақ жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шұғылданады.Қызанақ –жемісі жеуге жарамды, біржылдық немесе екіжылдық шөптесін өсімдік. Орыс тілінде «помидор» атауы итальян тіліндегі «pomodoro–алтын алма» дегеннен шыққан. Ал «томат» атауы француздардан «tomate» деген сөзінен аударылған. Отаны Оңтүстік Америка, бұл жерде қызанақтың жабайы және жартылай мәдени түрін кездестіруге болады. Ең алғаш Еуропаға XVI ғасырдың ортасында Испания, Португалия, кейін Италия мен Францияға да жеткен. Басында барлығы қызанақты жеуге жарамсыз және улы деп есептеп, жемісінің әдемілігі үшін бақша өсімдігі ретінде ғана өсірген. Қазіргі уақытта қызанақ ең кең таралған және өсіретін көкөністердің бірі болып саналады. Түрінің көптігімен, дәмімен және диеталық қасиеттерімен танымал. Қызанақтың тамыр жүйесі қатты және жақсы дамыған болып келеді. Кейбір түрлерінің тамыры 1 метр тереңдікке дейін барады. Өсімдікке дұрыс күтім жасалса, тамыр сабағының бойына да өсіп шығады. Осыдан қызанақты тек тұқымы арқылы емес, тамыр сабақтары арқылы да көбейтуге болатынын көреміз. Сабағының биіктігі түріне қарай 30 см-ден 2 метрге дейін барады. Ұсақ, сарғыш түсті болып келетін гүлдері бір түпке жиналып өседі. Бір сабағында аталықтары да, аналықтары да кездеседі. Жемісі өте шырынды, түріне қарай домалақ, сопақ, майда, ірі болады. Түсі ашық күлгіннен, қою қызылға дейін болып келеді және сары түстілері де кездеседі. Қызанақты жеміске де, көкөніске де жатқыза береді. Өйткені, 1893 жылы АҚШ Жоғарғы Соты қызанақты көкөніс деп қабылдаса, 2001 жылы еуропалықтар оны жеміс деп шешті. Біздің елде қызанақ көкөніс деп саналады.





























































Қызанақтың күтімі мен қолданылуы



Қызанақтан ертерек өнім алу үшін жылыжайда немесе үй жағдайында наурыздың соңы, сәуір айларында көшетін дайындайды. Мамырдың онынан кейін немесе үсік жүріп өткеннен кейін бақшаға егеді. Өнім алу мерзімі – шілде, қыркүйек айлары аралығы



Тыңайту 

Негізгі құюды күзде жасайды - бұл минералдық қоректендірудің (Р, К) шамамен 70% құрайды. Калийлық тыңайтқышпен құю K2SO4 20—25 кг/га дейін жүзеге асырылады, pH жоғары болған кезде бұл мөлшерді көтеруге болады. Көктемде, отырғызар алдында бастапқы тыңайту береді (монокалий фосфат және  аммиактық селитра 300 кг/га). Бұндай сызбада өсімдікті 3-4 апта бойы қоректендірмейді. 
Тыңайту жүйесі  жер анализіне негізделуі  және  өсімдіктің даму кезеңі мен  ауа райы жағдайларын есепке алуы керек. Шамамен 20 кг/м² дайын өнім алу үшін жылыжай топырағына  (га-ға) 40—60 т көң, 600—800 кг селитра (аммиактық және/немесе калийлық), 300—500 кг суперфосфат және шамамен 100 кг калимагнезий енгізу керек. Немесе ә.з. : N 250—300, P2О5 100—150, K2О 150—200 кг/га.
Кальцийлық жеткіліксіздік белгілерінің пайда болуына жол бермеу үшін (шыңдық шіру), кальцийлық селитрамен 4 күн сайын 3 рет қатарынан жапырақтық қоректендіру (25 г/10 л суға) жүргізеді.  Дамуының бастапқы кезінде, тамыр жүйесінің дамуы үшін, түйіні мен гүлдердің қалыптасуы кезінде фосфорға ерекше көңіл аудару керек.

Аурулар мен зиянкестерден қорғау 
Айтарлықтай қауіпті ауру  фитофтороз болып табылады. Зиянкестерден үлкен зиянды аз мерзім ішінде өнімнің үлкен  бөлігін жоя алатын көбелектер (совка) алып келеді.
 
Аурулармен және зиянкестермен күресу үшін өз аймағыңызда тіркелген препараттарды пайдаланыңыз. Препараттар бойынша толық мәлімет алу үшін өсімдіктерді қорғау құралдары бойынша мамандарға хабарласыңыз.

Суару 
Суару мөлшері қоршаған ортаның ылғалдығы мен температурасына, сонымен қатар жыл мерзіміне байланысты. Көшіріп егуден соң алғашқы 2-3  аптада суару  ұсынылмайды. Егу кезінде құйылған ылғалдық өсімдіктің бастапқы өсуі мен дамуына жетеді.  Вегетацияның әр түрлі кезеңінде  топырақ ылғалдығы келесідей болғаны маңызды: көшет кезінде және оны ауыстырып отырғызғаннан кейін — 80—90%, гүлдеу кезінде  — 70—75%, өнімді жинар алдында — 80%, өнімді жинау кезінде— 75—85%. Бұны тамшылық суармалау жолымен жасаған жөн.  Жыл мезгіліне байланысты  суару  саны бір реттен 1-2  күннен  күніне 2 ретке дейін.

Өнімді жинау 
Өнім қолмен жемістердің пісуіне қарай жиналады. Будан үшін екі  шашақтың бірден пісуі сай.  Әрі қарай жемістерді биологиялық пісу сатысында жинайды, 4-5 күнде бір рет





Қолданылуы



Жылыжай жағдайында жыл он екі ай өнім алуға болады. Жеке отбасыға жетерлік қана өсіру үшін, базардан мамандар дайындап өсірген көшетті алған дұрыс. Ал шаруа қожалықтары үшін көшеттерді өздерінің дайындағаны тиімдірек.



Қуырылған қызанақ

Піскен помидорды жуған соң, оны көлденең екі бөлікке бөліп, тұз және бұрыш себу қажет. Кесілген помидорларды кесілген жағын бетіне қаратып табаға (сары май жағылып қыздырылған) салып қуырады. Қызанақтар қызара бастаған кезде екінші бетін аудырып қуырады. Дайын қызанақты жеке тағам ретінде немесе ет және балық тағамдарына гарнир ретінде де пайдаланіға болады.

Чокпарова Акбота

Научная работа на тему:

«Влияние помидоров на

жизнедеятельность человека»



Аннотация


В работе «Влияние помидоров на жизнедеятельность человека»
Кокымбаева Аружан остановилась исследуя помидоры в научно-исследовательском институте,выявить лечебные свойства помидоров
от разных болезней.
Разработка и усовершенствование технологий возделывания помидора способствует сохранению плодородия почвы и получению высоких урожаев экологически чистой продукции.В частности автор,опираясь на научные исследования работников КазНИИ картофелеводства,присутствуя на лабораторных исследованиях,рассматривает в своей работе различные методы семеноводства помидора.










Қызанақ тұздау

Қызанақтардың барлық түрлерін (көк, шала піскен, піскен) де тұздауға болады, тек қызанақтың әр сортыни бөлек тұздау керек. Ол үшін

қызанақтарды іріктеп, зақымданғандарын бөлек алады. Іріктеліп алынған қызанақтарды тазалап жуып, алдын-ала дайындалған ағаш кеспекке салады. Әрбір қатарына укроп, шие, немесе қарақат, сарымсақ жапырақтарын жауып отырған дұрыс. Қызанақты ағаш кеспекке салған кезде оқтын оқтын тығыздап отыру қажет, сосын бетіне ертерек дайындалған тұздық (10 л мұздатылған қайнаған суға 700-900 г тұз) ұқйылады. Қызанақ пісіп кеткен немесе ірі болса, соғұрлым тұздық ащылау болғаны дұрыс. 40-50 күн өткеннен кейін ол пайдалануға келеді. 10 кг қызанаққа: 150 г укроп, 15-20 г бұрыш, 100- 120 г қарақат немесе шие жапырағы және 50-70 г желкек жапырағы қажет.





























Қызанақтың адам организміне пайдасы

Қызанақ жемісі жеуге жарамды, бір жылдық немесе екі жылдық шөптесін өсімдік. Орыс тілінде 'помидор' атауы итальян тіліндегі 'pomodoro - алтын алма' дегеннен шыққан. Ал 'томат' атауы француздардың 'tomate' сөзінен аударылған. Отаны Оңтүстік Америка, бұл жерде қызанақтың жабайы және жартылай мәдени түрін кездестіруге болады. Ең алғаш Еуропаға XVI ғасырдың ортасында Испания, Португалия, кейін Италия мен Францияға да жеткен. Басында барлығы қызанақты жеуге жарамсыз және улы деп санап, бақша өсімдігі ретінде ғана өсірген. Осыдан 200 жыл бұрын құмыраға егілген бұл өсімдікті Англияда үйлердің терезесінен, бақтан кездестіруге болатын еді.

  • 1811 жылы ботаникалық сөздікте томат - улы өсімдік болып есептелсе де, оны Италияда бұрышпен,сарымсақ және маймен қосып жейді, ал Португалия мен Богемияда одан ерекше қышқыл дәмі бар соус дайындалады' деген хабар пайда болады.

  • Қызанақ адам организміне пайдалы витаминдерге бай, құрамында қышқыл, каротин бар. Ересек адамдарда жиі кездестін көк тамыр қуысының тығындалып қабынуы (тромбофлебит) мен көк тамырдың кеңеюін емдеуде әсері зор. Сонымен қатар, қызанақ пен оның шырынын төменгі қышқылдықты, гастритті емдеуге пайдаланады.

  • Қызынақты жүрек-қан тамыр аурулары кезінде жеген пайдалы. Өйткені, қызанақтың сұрыптарынан ғалымдар 24 пайдалы химиялық элемент тапқан. Онда темір, мыс, калий тұздары көп. Бұлар жүректің жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі, организмдегі артық сұйықтықтарды, зиянды қалдықарды сыртқа шығарады. Ал шырыны жүрек тамырлары мен қанайналым жұмысын жақсартады.

  • Томаттың балдырында өт айдағыш, несеп айдағыш, микробтарға, қабынуға қарсы әсер ете алады. Және зәрдің шығуын тездетеді, бұзылған зат алмасу процесін қалыпқа келтіреді.

Қызанақ асқазан мен ішектің сөл бөлу қызметі нашарлаған асқазан ішек жолдары сырқаттары кезінде аса пайдалы. Ас қорытуды жақсартады. Іштің қатуы мен қатар жүретін ішек қызметінің бұзылуы кезінде жеген дұрыс.

  • Қантты диабетке және семіздікке шалдыққан науқастар үшін томат құнды тағам. Сапасы жақсы, тұзы аз немесе мүлде жоқ томат шырынының құрамында ликопин бар. Ол организмді зиянды ісік ауруларының талшықтарынан қорғайды. Қызанақ шырыны семіздікке жол бермейді.

  • Қызанақ иммунитетті де көтереді. Қызанақ пен бал қоспасының денсаулыққы пайдасы мол. Ара шаққанда, дене күйіп қалған кезде де сол жерге қызанақты екіге бөліп басудың пайдасы зор. Себебі қызанақ ара уын денеге жаймайды және күйіктің ыстығын алады. Оған қоса ол теріні күн сәулелерінің зиянынан қорғайды.

  • Дегенмен, үш айдан асқан қызанақ шырынын пайдаланбаған жөн,бұл организмге зиян. Алайда бұл зиян бірден байқалмайды. Мұның зардабы бүйрекке, қуыққа тас байлануға әкеп соқтырады.















Қызанақты өсіру

Қызанақты әр түрде өсіруге болады. Жылда бір ғана сорт еге бермей алмастырып отырыңыз. Қызанақ – картофелдің жақын туысы. Егер сіз тәжірибе жасағыңыз келсе, онда жас қызанақты, немесе оның мұртшасын картофелдің сабағына апарып қондырыңыз. (прививка). Тәжірибеңіз сәтті шықса жоғары жағынан қызанақ, тамырынан картофель өнімін аласыз.


Қызанақ күн шуағы мол түсетін ашық тыңайтылған жерде жақсы өседі. Көктемнің ортасында өскіндерді тұрақты жеріне әр өскіннің арасын 60 см, ал қатар аралықтарын 75 см қондырады, бұны түптеп егу дейді. Өскінге тіреу қажет, сондықтан да ағаш қадалар, керілген сым темір не ескен жіптер тарту керек. Топырақ ылғалды болу үшін, үнемі суғаруды тілейді. Қосымша қоректендіруді әр он күн сайын қайталап отыру керек. (Көңнің езілген қойыртпағын әр түпке жеке жеке құю керек.)  


Күздің қара суығы түскенше өнім негізінен пісіп үлгереді. Пісіп үлгермегендерін тамыр сабағымен қоса жұлып алып қалқа жерге іліп қойса, сапасын жоғалтпай піседі. Қызанақты жинаған кезде гүл табанымен үзіп алу керек.
           

Қызанаққа көптеген аурулар мен зиянкестер әуес. Инфекциялық аурулардан қызанақтың қысқы ауруы, картофель өрнегі, сұр және жапырақты шіру, фитофтора. Зиянкестерден ақ көбелек, бит, қызыл торлы қандала, темір құрттар. Су жеткіліксіз болса қызанақ жарылып қақырап кетеді.





Қызанақ шырыны: пайдалы ма, әлде зиян ба?!

Қызанақ шырынының пайдасы мол екені бұрыннан белгілі. Ертеде қызанақ шырынын хан сарайларда халық көсемдері мен қадірлі қонақтарға берілген екен. Ал оның қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды екенін көпшілік біле бермейді.

Қызанақ шырыны - құрамында крахмал және концентрантты қант болмаса, ең пайдалы әрі құнарлы. Қоспасы жоқ сусын құрамында магний, кальций, натрий, минералды заттар, А,В,С,К,РР дәрумендері және шырын алма, лимон, қымыздық қышқылы бар. Жазда бұл сусын шөл қандырса, қыс мезгілінде бойдағы температураны бір қалыпта ұстауға ықпал етеді.


Шырын жүрек қантамырлары мен бойдағы қан айналым жұмысын жақсартады. Ағзадағы зиянды қалдықтарды сыртқа шығарады. Тері қабатын жұмсартып, шаш, тырнақ өсіміне тікелей ықпал етеді. Қызанақ пен оның шырынының құрамында ликопин бар. Ол ағзаны зиянды ісік ауруларының талшықтарынан қорғайды. Сондай-ақ, қызанақ шырыны семіздікке жол бермейді. Қызанақ шырыны анемия, көз аурулары, жүйке ауруларының алдын алады.


Алайда, қайнатылған немесе консервантты қызанақ шырынының пайдасына қарағанда, зияны көбірек. Оны көп мөлшерде пайдалану өт және бауыр жолдарында тастардың жиналуына жол береді. Сондықтан да, жарамдылық мерзімі үш айдан асатын шыны ыдыстағы қызанақ шырынына көп әуестене бермеңіз.


Асқазан ауруларына шалдыққан жандарға қызанақ шырынын көп мөлшерде қолдануға болмайды.Әсіресе, асқазан жарасы, гастрит, панкреатит ауруларымен ауыратын жандар үшін қызанақ шырыны қауіпті болуы мүмкін.


Қызанақ шырынын үйде жасауға болады. Ол үшін қып-қызыл болып піскен, қатты қызанақтарды жуып, оны сыртқы қабатынан ажыратып алыңыз. Екіге бөліп, шырынсыққыштан өткізіңіз. Дайын шырынға бір шәй қасық тұз қосып, оны 10-15 минуттан кейін пайдалануға болады. Сондай-ақ,қызанақпенбірге шырынсыққышқа алма, лимон, асқабақ, сәбіз қосуға болады. Араласқан шырын да пайдалы келеді.

Күнделікті таңертең және ұйықтар алдында 1 стақан қызанақ шырынын ішкен абзал. Таңертең шырын адам бойына сергектік бітірсе, кешкілік жанға тыныштық сыйлайды. Қызанақ шырынын ас алдында да ішуге болады. Алайда, оны құрамында көп мөлшерде ақуыз кездесетін тағамдармен араластырмаған жөн.




Қызанақ шырынын дайындау және оның пайдасы



Қызанақ шырынын үйде жасау. Ол үшін қып-қызыл болып піскен, қатты қызанақтарды жуып, оны сыртқы қабатынан ажыратып аламыз. Екіге бөліп, шырынсыққыштан өткіземіз. Дайын шырынға бір шәй қасық тұз қосып, оны 10-15 минуттан кейін пайдалануға болады.

Сондай-ақ оған алма,лимон,сәбіз,асқабақ қосуға болады.

Күнделікті таңертең және ұйықтар алдында 1 стақан қызанақ шырынын ішкен абзал. Таңертең шырын адам бойына сергектік бітірсе, кешкілік жанға тыныштық сыйлайды. Қызанақ шырынын ас алдында да ішуге болады. Алайда, оны құрамында көп мөлшерде ақуыз кездесетін тағамдармен араластырмаған жөн.

Қызанақтың биологиялық ерекшеліктері

Қызанақтар көшет және көшетсіз әдістерімен өсіріледі. Парниктерге ақпанның шыққан кезде қатардағы өсімдіктің аралығында 4-5 см қалдырып, сиректейді, ал содан кейін түбіне шым қара шірінді топырақ төгіледі. 
Өсімдіктің тамыр жүйесін жақсы сақтау үшін оны парниктен таңдап алған кезде ағаш ұнтақ төсенішке өсіру керек. Бұл үшін парникте биоотынға минералдық тыңайтқыш араластырылған 7-8 см қабатпен ағаш ұнтағы себіледі, бір тонна ағаш ұнтағына 3-4 кг аммиак селитрасы, 5-6 кг суперфосфат , 3-4 кг калий т.зы, 0,8-1,0 кг күкірт қышқыл магний араластырылады. Ағаш ұнтағының бетіне 5-6 см биіктікте топырақ салынады. Көшетті жұлған кезде ұнтақтың қабатымен қазылады және топырақ кесегімен оңай алынады. 
Өсу кезеңінде 9-10 суарылып, 2 рет үстеп қоректендіріледі: бірінші көң садырасы ерітіндісінің 1:5 қосапысмен және 100 г ерітіндіге 200 г суперфосфат қосып, екінші -100 л суға 200 г аммиак селитрасы және 300 г аммофос ерітіліп жүргізіледі. Жұмсау мөлшері -екі рамаға бір сусепкіш жетеді.  
Көшет ашық топыраққа сәуірдің аяғында, мамырдың басында отырғызылады. Көшет қатараралығы 75 см жалға отырғызылады және қатардағы қашықтығы 50-60 см болуы керек. Көшет отырғызудың ең таңдаулы схемасы Қазақстандық ауыл шаруашылығы институты ұсынған екі жолдық ленталық болып табылады: ленталардың арасының қашықтығы 90-100 см, лентадағы қатардың арасы 40-50 см, қатардағы өсімдіктің арасы 40-50 см, шұқырда 2 өсімдіктен болады. Вегетациялық кезеңінде екі рет: гүлдеу және жеміс байлау кезінде үстеп қоректендіріледі. Культивация жалға сабақ жайғанша жүргізіледі. Қызанақ тұқымы ашық жерге үшінші онкүндігінде ылғал топыраққа гектарына 2-2,5 мөлшерінде 2-Зсм тереңдікте себіледі. Көгі өсіп шыққан кезде шабықталып, ал нағыз 2-3 жұп жапырағы пайда болған кезде сирету және отау жүргізіледі. Аудандастырылған сорттар: талалихин 186, Колхозный 34, Глория, Советский 690. 
Қызанақ жылу сүйгіш дақыл, оның тұқымы 12° өнім шығады.Өсімдіктің жақсы өсіп-өнуі үшін 22-24° жылылық қажет. Өсімдіктің әрбір гектарынан 500 өнім жинау үшін 6000м3 су жұмсалынады. Топырақтың құнарлылығын қалайды. Қызанақтың Қазақстанда аудандастырылған сорттарына: актюбинский 85, белый налив 241, волгоградский 5/96, волгоградский скороспелый 323, колхозный 34, жергілікті малиновка, майкопский урожайный 2090, машинный 1, молдавский ранний, новинка Приднестровья,перемога 165, првосходный 176, подарок, ранний 83, сибирский скороспелый, советский 679, талалихин, тамбовский урожайный 340, уральский многоплодный және вировский буданы.

Қатараралықты өңдеу жұмыстарының тереңдігі қызанақтың қатар аралықтарының еніне және оны өсіру әдістеріне байланысты. Тұқыммен өсірілетін қызанақтың қатараралығы енін 70см етіп бірінші рет культивациялау 5-7 және 8-10 см терңдікте жүргізіледі. Егер топырақ ылғалмен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген болса, гүлдену жеміс құрау кездерінде топырақты 14-16 см терең қопсытады. Қызанақты көшет арқылы өсіргөнде топырақты терең қопсыту және үю жұмыстарын өсімдік жақсы тамырланған кезде жүргізеді. Бұл-өсімдік жүйелерінің жақсы дамуына жағдай жасайды. Қатараралықтардағы өсімдіктің жапырақтарының басы түскенше 4-5 рет 8-12см тереңдікте культивация жүргізіледі. 

Қызанақтың егістігіндегі арамшөптерге қарсы трефлан, солан, тиллам, дифенамил, амибен және нитрофор препараттарын қолданады. Трефлан препаратын бір жылдық қос жарнақты және астық тұқымдас арамшөптерге қарсы гектарына 1-2 кг мөлшерінде көшетті топыраққа отырғызғанға дейін қолданады. Бұл препараттан арамшөптер 90% дейін жойылады. 
Астық тұқымдас және кейбір қос жарнақты арамшөптерге қарсы тиллам препаратын гектарына 4,5-6 кг мөлшерінде көшетті топыраққа отырғызбастан бұрын қолданады бүріккеннен кейін тырмалау арқылы топыраққа сіңіреді. Аса тиімді гербицидке дифенамил жатады.

Бұл препаратты қызанақтың тұқымын топыраққа сепкенше немесе көшетті отырғызғанға дейін гектарына 4-8 кг мөлшерінде жұмсайды. Препаратты гектарына 8 кг мөлшерінде жұмсағанда арамшөптер 90% дейін қысқарады. Ал қызанақтың өнім 10-15 % артады.
Көшеті өсіру. Қызанақтың ерте пісетін сортының шетін қоректендіргіш қыш құмырада өсіреді.



Қорытынды:

Қызанақ көкөнісі – өте пайдалы көкөністердің бірі.Қызанақ неше түрлі ауруларға бірден-бір шипа болып келеді.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шығаратын болсам қызанақты қазіргі өсіп келе жатқан жасөспірімдер жиі қолданған дұрыс.Ал,40-50 жастағы адамдарға қызанақты мөлшермен қолданған дұрыс.Себебі ол кісілерге қызанақтың пайдасынан зияны көп,өйткені ол жас шамасында гастрит,жүрек аурулары жиі болады.Ал гастрит,жүрек ауруларына қызанақтың зияны болады.
















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
21 сәуір
1746
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі