400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба "Сәлемдесу әдебі" /бастауыш сыныптар үшін/

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып оқушыларына арналған ғылыми жоба материалы. Ғылыми жоба жазу барысында негізге алуға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Риддер қаласы

«№2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Авторы: Қайырбекова Аяна 3- сынып оқушысы











Ғылыми жоба тақырыбы: Сәлемдесу әдебі



Бағыты: этнопедагогика











Жетекшісі: Досанова Қарлығаш Қадырқызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



















Риддер қаласы, Д.Қонаев атындағы «№3 орта мектебі» КММ,2018 ж





Жұмыстың тақырыбы: Сәлемдесу әдебі

Мазмұны

Жоспар:


І. Кіріспе

1.«Сәлем»сөзі туралы түсінік. Сәлемдесу.

2. Сәлемдесу жөнінде «Хадисте» жазылған ақыл-кеңестер.


ІІ. Негізгі бөлім

Амандасу- бұрын жіне қазір

Қазіргі қоғамда еніп кеткен сәлемдесу түрі

Жақын амандасуды медицина қолдамайды.

Қалай сәлемдесу керек


ІІІ. Қорытынды      

Мен және менің ортам

І. Кіріспе

Жұмыстың мақсаты:   Халқымыздың  сәлемдесу әдебінің пайда болуы, әдептілік пен әдепсіздік қайшылығы, дұрыс амандаса білудің сипатын ашу

Жобаның міндеті: Жобаның міндеті жасөспірімдер мен жастар қауымының батысқа еліктеп амандасудың қазақ арасында жат екенін, денсаулыққа да пайдасы жоқ екенін түсіндіру.

Зерттеудің өзектілігі: Батысқа еліктеп, беттен сүйіп амандасу, күнде кездесіп жүрсе де,

құшақтасып амандасуды ерсі көрген, бұрынғы дәстүрімізге адалдық танытпаған жастарға реніштерін білдірген үлкендердің бұл сынына жастар жағы лайықты жауап бере алмағандықтан аз да болса көпшілікке ой тастау .

Зерттеу сұрақтары:

1. Бұрынғылар қалай амандасты және қол алып амандасу қайдан шықты?

2. Қазіргі қоғамдағы етене жақындасып амандасу қайдан шықты?

3. Етене жақындасып амандасуды медицина қолдай ма?                     

4. Қалай сәлемдесу керек?


Зерттеу әдісі:Салыстыру, саралау,топтастыру, сауалнама жүргізу


Жұмыс нәтижесі: Ұлттық әдебіміз, тарих, медицина тұрғысынан берілген мәліметтерден соң, жастар мен жасөспірімдер арасындағы батысқа еліктеп амандасуды ата-бабамыздан қалыптасқан амандасумен алмастыру.



«Сәлем» арабтың «тыныштық, бейбітшілік» деген мағынадағы «ассалам» сөзінің тілімізге фонетикалық өзгеріске түсіп, қалыптасқан түрі. Арабтар осы сөзді қолданып амандасады. Мұсылман дінін қабылдағаннан бері қазақтар да алдымен осы сөзден бастап амандасатын болған.   

Сәлемдесу жайлы ақыл-кеңестер жинағы Хадисте де айтылады. Хадис өмірлік ережелер жинағы. Хадисте көрсетілген ақыл-кеңестерге тоқталсақ,

(№1 сызбаны ұсынамын) 

( №1 сызба)


Хадис дерегінен кім бірінші сәлем беру керек? деген сұраққа жауап та табылды.(№2 сызбаны ұсынамын)


  КІМ БІРІНШІ СӘЛЕМ БЕРУ КЕРЕК?

 

  ХАДИСТЕ ЖАЗЫЛҒАН СӘЛЕМ БЕРУ ӘДЕПТЕРІНЕ СҮЙЕНСЕК:

  ■ АТТЫЛЫ ЖАЯУҒА

  ■ ЖҮРІП КЕЛЕ ЖАТҚАН - ОТЫРҒАНҒА,

  ■ АЗШЫЛЫҚ - КӨПШІЛІККЕ,

  ■ ЖАСЫ КІШІСІ, ЖАСЫ ҮЛКЕНГЕ

  ■ ЕР АДАМ ӘЙЕЛ АДАМҒА БІРІНШІ БОЛЫП СӘЛЕМ БЕРУІ КЕРК ЕКЕН.

(№2 сызба)

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Сөз қадірін биік қойған қазақ тіпті «Сәлем - сөздің анасы» деп баға берген. Оны әйгілі Бұқар жыраудың мына бір өлеңінен жақсы байқауға болады:

 Әй,айташы, айтсаң айт!

   ...Құдіретімен жаратқан,

  Он сегіз мың ғаламды айт.

  Ақтан сия танытқан

  Дәуіт пенен қаламды айт.

  Сөйлеу үшін жаратқан

  Сөз анасы - сәлемді айт!

« Сәлемдесу әдебі» тақырыбында мұғалім екеуіміз жұмыс бастауға шешім қабылдағанымыз туралы ата-анаммен ой бөліскен едім. Осы сәттен анаммен әңгімелесуден жоба жұмысым басталды десем болады. Анам (тарих пәнінің мұғалімі) өте қызықты әңгімеге тартты.

Анамның әңгімесінен:

Қазіргі қол алып амандасу қайдан шықты?

Бұның тарихы тым алыстан. Бұрынғы замандағы неандерталь адамы аң аулап жүріп, өзі секілді аяқты, жұмыр басты адамды кезіктіргенде,оған өзінің қастық жасау ойының жоқ екенін білдіру үшін оң қолын жоғары көтеретін болған. Бұл оның:«Көріп тұрсың ғой, мен қарусызбын»,- дегені екен. Бұл белгі Мысырда белгілі болған. Бұл әдеп кейін римдіктерге көшіп, кешқұрым кездескен адамдар, ең алдымен, қару- жарақтарының жоқтығына сендіру үшін оң қолдарын алысуы керек болған екен.

Иә, қарап тұрсаңыз, қол алысып амандасу сонау Мысыр елінде бастау алып әлі күнге дейін жалғасын табуда. Біздің елімізде қол беріп кімдер амандасады? Осы сұрақ мен үшін қызығушылық тудырғандықтан сауалнама жүргізіп мынадай қорытындыға келдім. Саулнамаға 10-14 жас ,15-20 және 40-тан жоғары жас адамдардан 15 адам қатысты. Қол беру арқылы көбінде ер адамдар амандасады. Жұмыс бабымен ер адам ер адаммен, ер адам мен әйел адамдар да амандасады деген жауап түрлері ұсынылды.10-14 жастағы жасөспірімдердің көпшілігі қол беру арқылы көбінде ер адамдар амандасады деп жауап берді. Жұмыс бабымен ер адам ер адаммен, ер адам мен әйел адамдар да амандасады деген ойларын жастар жағы қолдайды. Ресми амандасу түрі деп санайды. Жоғары буын өкілдері тек қана ер адамдар амандасқаны жөн екендігін басым көпшілігі атап өтті. Әйел адамдар «Амансың ба» немесе «есенсің бе »деп амандасса болады деген пікірлер айтылды.


Қазіргі қоғамдағы етене жақындасып амандасу қайдан келді?

Етене жақындасып амандасудың Отаны - Европа елдері. Бұл елдерде қазақ қоғамындағыдай әдепті емес, керісінше әйел болсын, ер адам болсын беттен сүйіп, құшақтасып амандасады. Осыған орай өз елімізде де осындай амандасу түрінің орын алып жатқанын күнделікті тұрмыста байқап жүрміз. Сондықтанда мен сауалнама барысында осы амандасу түрін қолдайсыз ба? деп және де салдарын көрсетіңіз дей отыра мынадай жауап түрлерін топтастыра алдым. Яғни бастауыш сынып оқушысы жақындықты қалайды 100 пайызы. Орта буынна жартысы қолдаса жартысы қолдамайды. Ал жоғары сынып оқушылары көшілігі қолдамайды.

Ал бұл амандасудың бізге қалай еніп кеткендігін сауалнама қорытынды негізінде мынадай боллжамдарды ұсынамын:

  • Европа елдері секілді амандасу алдымен, қоғамымыздағы жастардың еліктеушілігінен;

  • Үздіксіз телеарналардан батыс елдерінің сериалдарын көрсетуінен;

  • Шет ел азаматтарымен бұрынғымен салыстырганда, кеңінен араласудан;

Етене жақындасып амандасуды медицина қолдамайды. Интернетке кіріп, етене жақындасып амандасуға медицина тұрғысынан көзқарастарды іздестіріп көрдім және учаскелік балалар дәрігері Клевцова Наталья Дмитриевнамен сұхбаттастым. Нәтижесі көңіл қуантарлық емес. Бұл жолмен жұғатын ауру түрлеріне саусақ жетпейді. Олар: герпес, тұмау, туберкулез, сифилис, гепатит сияқты ауру түрлері.Осылардың ішінде вирусы кең таралған ауру ол - герпес. Оның вирусы ағзаға түскеннен кейін бірнеше күннен кейін қуаттанып, тері бетіне шығады. Бірер күн өтер өтпестен, дене қызуы көтеріліп, әлсіздік байқалады екен. Егер адамда

тым болмағанда бір рет герпес шыққан болса, онда ол адамды герпестің алғашқы формасының науқасы деп атауға толық негіз бар. Жер бетіндегі 90% адамдар герпес вирусын тасушылар. Бұл тек жеңіл ауру түрі. Ал осылай амандасу нәтижесінде өміріңізге қауіпті ауруды да жұқтырып алмасыңызға кім кепіл? Сондықтан медицина қызметкерлері бұлай амандаспаған жөн деп санайды. 

Қалай амандасу керек?

Сәлемдесудің әдеп ретіндегі ең басты шарты - жылы шырай. Онда сәлем беруші мен сәлем алушының қас-қабақ, бет-жүз құбылысы, дауысы маңызды қызмет атқарады. Сәлем алушы үшін мұның бәрі маңызды. Айталық, көз көреді, аяқ жүреді, ауыз жұтады осылардың бәрі сенің өзіңе қызмет етеді. Тек жылы жүз, әсем күлкі мен әуезді үн айналадағы адамдарға сый. Және бұлар басқалардың сенімен жайдары, жақсы қатынаста болуы тілектестік, ниеттілік үшін, адамды ренжітпеу үшін қажет. Сол себепті де әркім сәлемдесуді емес, қалай сәлемдесуді білу, өзінің қас-қабақ, бет-жүз, дауыс құбылысын қадағалап, алдындағы адамға жақсы әсер қалдыратындай болуына талпынуы, машықтанып, үйренуі керек.

    Сәлемдесу, амандасу адамның бір-біріне ізет, сый-құрмет көрсетуі болып  есептеледі. Күнделікті өмірде біз қанша адаммен кездесіп, қанша жұртпен ұшырасамыз. Солардың бәрінде де бірінші кезекте арамызда сәлемдесу, амандасу жүреді. Адам баласы қашаннан бейбіт, тыныш өмір сүруді аңсап, армандаған. Сол арманның негізінде қолы жеткен жетістігі сәлемдесу әдебінің қалыптастырылуы. Сәлемдесудің кереметі сонда - адамдардың бір-біріне жылы мейірім мен кең пейіл көрсетуінде, достықты, жақындықты бейнелеуінде. Сәлемдесу - инабаттылық пен әдепке қатысты қатынас нормасы. Байырғы қазақ дәстүрі амандасулардың әлеуметтік тегінен, байлығынан және жалпы өмірдегі алатын орнынан белгі беретін болған. Ертеде хан немесе ірі сұлтандарға төменгі таптағы адам екі қолын кеудесіне қойып және төмен қарай иілмесе, оларға жақындай алмаған. Ал егер ол қайырым ретінде оған қолын созса, онда ол бір тізерлеп жерге отырып, оның қолын екі қолымен қысады. Әлеуметтік дәрежесі орташа адам өзінің әміршісіне қолын кеудесіне қыспай, бірақ, басын иіп келген. Хан немесе күшті әмірші, өзінің қарауындағылардың сәлеміне жауап ретінде оның иығына қолын қойып, сыйластығы болса қолын қысып амандасатын болған. Егер ханды жолай кезіктірсе, онда жолда тоқтап тұрып, оның өтіп кетуін күтуі керек, әрі басын иіп, қолын кеудесіне қойып дауыстап сәлем беруі шарт. Қараша халық өкілі сұлтандарға сәлемдескенде тізесін бүгіп көбіне «Алдияр тақсыр!» деп сәлем берген. Билігі жоқ төрелер мен сұлтандардың сыртынан болса да ізеттілік көрсету өз дәрежесінде болмағанымен, әмірі күштілер алдында ізеттілік шаралары қатаң сақталды. Дәрежесі тең, бірақ, жақын таныс емес адамдар бір-бірінің бір қолын алып қана амандасқан; ал таныстар (ер адамдар) бір-біріне екі қолдарын береді және сонан соң, екі жаққа алма кезек иық тірестіріп құшақтасады немесе керісінше бір-бірін кеуделеріне қысып құшақтайды. Мұндай қимылдар кездесу кезінде жасалады. Әйелдер де кездескенде жалпы қабылданған әдетті сақтаулары тиіс. Әлеуметтік жағдайлары тең әйелдер кезіккенде қол алыспайды, еш уақытта сүйіспейді, тек бірі екіншісіне жәй ғана иіледі. Егер аға сұлтанның әйелдерімен қарапайым әйелдер кезігіп қалса, қарапайым әйелдер жанарларын төмен түсіріп, ізет көрсетіп иіледі. Бірақ, ханша немесе белгілі сұлтан әйелін кездестіргенде қараша өкілі жанарын төмен түсіріп, иіліп, бетін сипап сәлемдесуі керек. Жас әйел жасы үлкен туыстарының алдында бір тізесін бүгіп, иіліп сәлем салады. Бұл дәстүр қазіргі күнде Қазақстанның оңтүстік қңірінде сақталған. Жас келін балаы болғанға дейін иәләп сәлем береді екен. Қазақтар бір-бірімен жолыққанда бір-бірімен мал-жан аман ба? - деп сұрасқан. Мал аман ба? - деп сұрауы олардың тұрмыс-тіршілігі күнкөріс өзегі, шаруашылық қатынастарының негізгі құралы саналған төрт түлікпен тікелей қатысты болуына байланысты малды және отбасы туралы жөн сұрасу қалыптасқан нормаға айналған. Осылай сәлемдескенінен кейін ризашылықпен кішіден: «Мал-жаның аман ба?», - деп сәлем береді. Оған қалыптасқан дағдылы жауап: «Құдайға шүкір, өзіңіздің мал-жаныңыз аман ба?» — деп жауап береді. Қазақ «Жақсы сөз, жарым ырыс», деп ырымдап, әрқашанда «жақсы» деген. Ерлер арасында мұндай амандасу сөздер әйелдерге қатысты қолданылмайды, оларға тек «Сәлеметсіз бе?», — деп амандасады. Далада бір топ қазақтар екіншісімен ат үстінде кездесіп қалса, «Ассалаумағалейкүм» деп, оң қолын созып амандасып, сол қолын амандасушының оң иығына қояды. «Уағалейкүмсалам» деп аманын қабыл алып, қол алысады. Қазақтар қонаққа барғанда, киіз үйдің жанына жақындағанда аттан түседі, ал үй иесі қолғанат ересек балалары қарсы алып, аман-саулық сұрайды. Осы кезде әйел адамдар үй-ішін реттеп, кілем-сырмақтарын төр көрпешелерін төсейді. Келген мейманның өзі киіз үйге енгенде «Ассалаумағалейкүм» деп жалпыға сәлем беріп кіреді. Тіпті, баспанада адамдар жоқ болса да немесе әйелдер отырған жағдайда да «Ассалаумағалейкүм» деп шаңыраққа сәлем беру әдеті қалыптасқан. Сырдарияның төменгі бойы қазақтарында амандасудың да өзіндік дәстүрге бағынған рәсімі бар. Арал, Қазалы өңірінде ер бала, қыз бала да өзінен үлкендерге дауыстап сәлем бердік дейді. Келіннің беті ашылып, босаға аттаған күннен бастап, келін күйеуінің ағайындарына көрген кезде екі қолын алдына бір-біріне айқастырып қойып «Сәлем бердік», - деп дауыстап, өзі иіледі. Күйеуінің ағайындары жол-жөнекей кездескен күнде де осылай сәлем салады. Үлкендер келіннің сәлеміне «Көп жаса! Бақытты бол!» -деп жауап қайтарады. Бұл дәстүр келіндердің күйеуінің ағайындарына деген ізеттілігін білдіреді. Жаман ырым болып саналғандықтан, ауылға алыстан атпен шауып келуге болмайды. Ауылға қонақ келгенде міндетті түрде аяңдап келіп, үй сыртына жақындағанда «сөйлес» деп дауыстайды. Үш қайталаудан кейін жауап болмауы қонақты қабыл алмағандығын білдіреді. Үй иесі немесе үй иесінің әйеліне қонақ «құдайы қонақ» деп жауап береді. Бұдан кейін үй иесінің шақыруымен үйге кіреді және келген қонақ әйел болса үйдің сол жағына, еркек болса оң жағына отырады. Егер, үй иесі өз қонағынан жасы үлкен болса, онда бірінші болып: «Амансыз ба?» деп сәлемдеседі, қонақ сұрағына жауап беріп, үй иесінен «Мал-жаныңыз аман ба?» деп сұрайды. Содан соң қонақ үйде отырғандардың барлығын аралап шығады. Ал әйел адамдарға жұмсағырақ: «Есенсіз бе?» - дейді, бұл «Деніңіз сау ма?» - дегенді білдіреді. Ал қыздарға айтқанда; «Қарағым», «шырағым» - деген сөздерді қосады. Ұзақ уақыт көріспеген жандар немесе ұзақ сапардан келген адамның амандығымен қоса, жөншілігін сұрап, егжей-тегжейлі сұрасады. Алыстан келген адамға «алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы адам барып сәлем береді» деген ереже бар. Дегенмен, жасы мен жолы үлкен адамдарға сапардан келген адам өзі әдейілеп барып, сәлем беруі тиіс. Мұндай ізеттіліктің бірі сол әулеттің ертеден келе жатқан қара шаңырағына соғу міндет.

Сәлемдесуден кейін хал-ахуал сұрасу да әдепке, көргенділік, естілікке жатады. Мұнда да әр халықта әр басқа қалыптасқан жора салттар бар. Мысалы, орыстар «Денсаулығың қалай?» дейтін болса, ертедегі мысырлықтар «Қалай, сіз терлейсіз бе?» дейтін болған. Гректер «Қуаныңыз» сөзін айтса, қытайлықтар «Бүгін тамақтандыңыз ба? Қарныңыз тоқ па?» деп сұрайды екен. Кіндік Азия халықтарында сол жақ кеудесін оң қолымен басып, кеудесін иіп сәлемдесу қалыптасқан да, одан кейін қал-жағдай сұрасатын болған. Ал, монғолдардың алдымен айтатыны «Қалай көшіп жатырсың? Қалай қыстап отырсың? Малыңыз қалай?». Қазақ халқы «Бала-шаға, үй іші аман ба? Денсаулығыңыз жақсы ма? Мал-жаныңыз аман-сау ма?» деп саулық сұрасады. Ол қала халқына да, дала жұртына да, үлкенге де, жасқа да тән ізеттілік белгісі. Қазіргі күнде амандық сұрасудың жаңа түрге ауысу формалары да кездеседі. Жастар арасындағы амандық түрлері де әр түрлі. Мұның бәрі әр елдің тұрмыс-тіршілік ерекшеліктеріне, өмір сүру жағдайлары мен салт-ғұрыптарына байланысты сәлемдесу әдептерінің де өзгешеліктері болатынын көрсетеді. Сонымен қатар, сәлемдесу әдеп-салты да уақыт өте келе азды-көпті өзгеріске ұшырап отырған, ол – заңды құбылыс. Қол берісіп көріскенде бір-бірінің қолын қатты қысып, ауырту әдетке жатпайды. Жастардың үлкендерге қалшитып тұрып қолын ұсынуы да жараспайды, шапалақты шарт еткізу де әдептілік емес. Сондай-ақ немкетті, саусақтарын былқ еткізіп, ұстата салу, біреумен амандасып жатқанда көз-көңілің басқа жақта тұруы әдепсіздікпен пара-пар. Мұндай қылық кісінің көңілін жығады.

Қорытынды

 Жалпы алғанда, сәлем, сәлемдесу, жағдай сұрасу осы сөздердің өзінде бір жылылық, ілтипаттылық сезіліп тұрады. Тәртібі дұрыс, әдепті кісі танысын, танымасын алдынан шыққан жасы үлкен кісіге алдымен, жылы шыраймен амандасудың өзі, ол адамның инабаттылығын білдіреді емес пе? Әркім кіммен, қай жерде, қандай жағдайда жолығып тұрғанынан жаңылмай, салт-дәстүрімізден айнымай, барынша сыпайы, әдепті сәлемдесіп үйренгені абзал. Сәлем беру -өткінші міндет емес, өмірлік міндет. Адамзат қоғамының қай кезеңі болмасын, қандай да бір мемлекет болмасын, оның негізгі түп қазығы сол елдегі әрбір отбасыға тірелетіні даусыз. Олай болса, қазақ елі үшін де әрбір отбасының маңызы ерекше. Оған ата-бабамыздың бір-бірімен «Отбасың аман ба?» деп саулық сұрасып, «Отбасы амандағын берсін» деп амандық тілеп жатуының өзі жарқын дәлел. Негізінен, әдептілік, кішіпейілділік, әркім өзінің орнын біліп, шектен шықпаушылық сәлемдесудің сәнін ғана келтіріп қана қоймай, мәнін де арттырады.

Соңғы жылдары батыстың, әсіресе еліміз бен жерімізді кеулеп кеткен жат жұрттықтардың әсерінен көптің арасында, басқалардың көзінше үлкен-кіші, қыз-қырқынын, келін-кепшік демей бетінен, аузынан сүйіп амандасу етек алды. Мұның өзі – біздің халықтарымыздың әдептілік заңдарына жат, кереғар, ұнамсыз қылық деп есептеймін. Менің осы ойыммен осы жоба жұмысыммен танысқан әрбір адам келіседі деп ойлаймын, біздің байырғы және тектілік салты бойынша, ондай сүйісулер әдепсіздік, ұятсыздық саналады. Ата-ана ұл-қызын бауырына басып, маңдайынан, бетінен сүйіп көріседі, ата-ене күйеу баласының, келіннің маңдайына ернін тигізеді. Жеңгесі қайын сіңлісін, апалы-сіңлілер бір-бірін бетінен сүйіп, құшақтасып көріседі. Ата-дәстүрі – ата салты. Ол ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан құнды мұра. Ендеше одан жаңылуға да, жалығуға да қақымыз жоқ.







 


Дерек көздері:

Асылов Ү., Нұсқабайұлы Ж. «Әдеп: инабаттылық дәрістері» Алматы,1991 ж

Хадис. Мұхаммед пайғамбардың өсиеттері








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
8 қыркүйек
1167
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі