400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба "Саукеле жасаудың тиімді жолдары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сәукеле – негізінен қызды ұзатқанда киетін бас киім. Сәукелені қыз ұзатылғанда күйеу еліне киіп бару үшін тіктіреді.Сәукеле арнайы басылған ақ киізден немесе арасына қыл салынып сырған матадан жасалып, сырты қымбат матамен (барқыт, атлас, шұға) қапталып, шетін құндыз, кәмшәт терісімен айналдыра тігіледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ғылыми жоба "Саукеле жасаудың тиімді жолдары"

 

Түркістан облысы Түркістан қ.

Көпсалалы Индустриалды Техникалық Көлледжінің

Оқу-өндіріс шебері

Теңбаева Фатима Бахтыбайқызы



Жоспары

  1. Кіріспе.

  2. Негізгі бөлім

    1. Сәукеле жасаудың өзектілігі.

    2. Сәукеле тарихы.

    3. Сәукеле жасудың тимді жолдары.

    4. Эканомикалық есептеу.

ІІІ. Қортынды.

VI. пайдаланған әдибеттер.





















Жалпы мақсаты. Оқушыларға жана такрыпты меңгерту арқылы сәкелені шыіу тарихын тусіндіру. Сәукелені пішу кезінде ою-өрнектерді пайдалану.

Шығармашылық ғылыми жұмысты жазу барысында оқушы қазақ халықының

Ұлттық бас киімін сәукелені тиімді жолмен жасаудың негізге ала отырып жазған. Жазу барысында жалпы толық қамтылған. Онда ұлттық киімнің шығу тарихынан мәлімет бере отырып,әйелдердің бас бас киімдерін негізге алған.

Оқушы айтылған сөзімен бірге тәжирбеде жасалған бұйымды көрсете білді.

При написании творческой научной работы учащийся должен Национальный головной убор был написан на основе создания саукеле эффективным способом. В процессе написания, в целом, был полностью охвачен. В нем,давая сведения из истории происхождения национальной одежды, были взяты за основу женские головные уборы. Вместе со словами ученицы продемонстрировали изделие, изготовленное на опыте.



When writing a creative scientific work, the student must The national headdress was written based on the creation of saukele in an effective way. In the process of writing, in General, was fully covered. In it,giving information from the history of the origin of national clothing, women's headdresses were taken as a basis. With the words of a student demonstrated a product made in experience.

Shape1 Shape2



І. Кіріспе.

Қолөнер халықтың өз қолымен жасайтын ұлттық мәдениет пен өнер туындысы.

Қазіргі заманда жастар арасын ұлттық құндылықтарымызды қодап насихаттау қажет. Ел басы Н.Назарбаевтің "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламалық мақсатында ұлттық кәдеміз айқындалған. Әр халықтың өміршендігі оның дістүрімен, мәдинетімен, діні мен тілімен ерекшеленеді. Айталық, қазақ халқы қыз баланы үйдің періштесіндей аялап, мәпелеп, зор құрметтеп мәпелеп өсірген. Сондықтанда қазақтың киелі сәукелесін өскелеі ұрпақ қастерлесін деп мақсат қойып отырмыз. Қазақ халқы ешқашан жалаң бас жүрмеген. Ер адам, әйел адам өзіне сай бас киім киген. Жалаң бас жүрмеудің экалогиялық, эстетикалық негізі бар. Бас киім өыста аяздан, жазда ыстығынан қорғайды. Денсаулыққа үлкен мән берген ата-аналарымыз бас киімге аң, мал терілерін пайдаланған, тыстық ретінде берік, тығыз, шыдамды матаны қолданылған. Бас киімді екі түрге бөлген. Ер бала және қыз бала, әйелдер сәлде, картоз, кәмшат бөрік, қасаба, кимешек, шылауыш. Баскиімге байланысты қалыптасқан дәстүрлер де бар, мысалы, тымақ айырбастамайды, аяқ тигізбейді. Қазақты шала туған баланы тымаққа салып асырайтын дәстүр бар. Тымақ тастап кешірім сұрау бітімге шақырудың ең үлкен белгісі. Әйледердің бас киім түрлері. Жаңа түскен келінге тамағы, мойны, шашы үлкен аталарына көрінбесін деген салтпен, ізеттілік жолмен кигізген. Күнделікті үй шаруасында кедергі келтірмес үшін кимешектің артқы басын екі бұрысды қосып тұратын шашбауға өткізіп қояды. Қазақ әйелдері жасымен отбасы жағдайына байланысты өзіндік ерекшілігі бар бас киімдер киген. Әйелдердің негізгі бас киімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі. Қай халықты алсақта, өзіне тән тұрмыс тіршілігі, күнкөрісі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі болады. Салт-дәстүр сол халықпен бірге жасасып, оның тарихында өшпес із қалдырады. Бірақ ұмыт болып баражатқан ұлттық салт-дәстүрлеріміз де жоқ емес. Ендеше, салтымыз санамызда мәңгілік жаңғырып тұруы үшін дәстүр сөйлейді.



ІІ. Негізгі бөлім.

2.1 Қазақтардың әйел бас киімдерінің ішіндегі өзіндік ерекшелігі бар, тойда киетін «сәукеле» деп аталатын бас киім. – сонау 19 ғасырға дейін жеткен, қазақ халқының көне бас киімдерінің бірі. Ол туралы И.Георги, Ш.Ш. Уәлиханов, И.И.Ибрагимов және т.б. жазған. И.И.Ибрагимовтың сипаттауы бойынша, «сәукеле – конус тәріздес, күміс және алтын тиындармен, меруерт, маржандармен әшекейленген биік бас киім. Ұзындығы – 1,5 аршын... Тойға арналған бас киімді тұрмысқа шыққаннан кейін алғашқы кезде, бір жылға жуық уақыт киеді, содан соң оны шешіп, тек үлкен тойларда ғана киеді, оның өзі төрт немесе бес жыл аралығында ғана. 19 ғасырда қымбат сәукелелер мың рубль  немесе 100 іріктеп алынған жылқыға тең болған. Олардың үстіңгі жағында металлдан жасалған жұқа селдір, диадема (кейде оны алтыннан жасап, асыл тастар немесе меруерт, маржан және т.б. кестелеп тіккен), самай алқа және иек әшекейі болған. Сәукеленің қаңқасын матамен жапсырып, оған түрлі пішінді металлдан жасалған қаңылтыр белгілерді тіккен, олардың ішіне асыл тастар және жартылай асыл тастар жапсырылған. Қаңылтыр белгілер ірі де, майда да болған. Майдалары ірілердің арасына бекіткен. Сәукеленің үсті жібек немесе барқыт орамалмен жамылған. Сәукелені жасауда ең бір шебер ұсталар, атап айтсақ, киім пішушілер, кесте тігушілер, жібек белбеу мен орамалдарды дайындау бойынша шеберлер қатысқан. Орамалдар мен баулардағы ою-өрнектер қалың иірілген түрлі түсті жіппен, яғни ириспен кестелеп тігілген. Орамалдың ортасы мен шеті «ширатылған кестемен» және тор ғып тігіліп жасалған. Сәукеле үшін алтын, күміс және қола алқалар мен қапталған қаңылтыр белгілерді зергерлер жасаған, олар өз жұмысында балқыту, шекімені, қалыптауды, түрлі жіңішке сымнан тоқылған нәрселерді және т.б. қолданған. Әдетте шебер бір сәукелені жасау үшін бір жыл уақытын кетірген.



Shape3

2.2. «Сәукеле – негізінен қызды ұзатқанда киетін бас киім. Сәукелені қыз ұзатылғанда күйеу еліне киіп бару үшін тіктіреді.Сәукеле арнайы басылған ақ киізден немесе арасына қыл салынып сырған матадан жасалып, сырты қымбат матамен (барқыт, атлас, шұға) қапталып, шетін құндыз, кәмшәт терісімен айналдыра тігіледі.

Сәукеле ұзатылған қыздың қайын жұртына жеткенше киіп баратын бас киімі. Бұл бас киімді қыз бір-ақ рет киетін болған. Жолдың ұзақтығына байланысты үш күн не бір күн деп кесіп айта алмаймыз.Әйтеуір бір-ақ рет киетіні ақиқат. Қыз әкесі бай болса бір сәукеле үшін қырық қысырақтың құнын беріп те жасататын болған екен,сондықтан да бұл бас киімнің әдемілігі мен қымбаттығын қатар елестете беріңіз. Міне, осындай Сәукелені қолға түсіру мақсатында жол торитын  қарақшылар сол замандарда да бар еді. Ал, келінді күтіп отырған ауылдың балалары қозы көш жерден таймен күтіп алып, адамдардың, сәукеленің амандығын көріп (бұл жерде адам амандығы бірінші орында тұр,қарақшылар пышақ тіреп сәукелені ғана алып кетпеген. Шағын ғана күйеу һәм қалыңдық тобының адамдарын шығындап, кейде бәрін қырып кететін кездерде болған деседі) «Сау келеді, сау келеді»-лесіп ауылға қарай шабатын болған деседі. Сәукеле кигізу салтының қазақ салт-дәстүрлерінің ішіндегі орны бөлек. Себебі сәукеле әйел киімдерінің ішінде ең асылы ғана емес, оның жұбайлық өміріндегі елеулі кезінің естен кетпес ыстық белгісі. Бұлаңдап өскен оң жақтағы және ақ босаға арасын аттар арадағы қимас та қызықты кездің ескерткіші. Олай болса келіншекке сәукеле кигізудің өзі бір ерекше салтанат. Шапан келді – сын келді, Қызыл тілім қимылда.

Shape4



2.3. Сәукеле — әйелдің бас киімі, оны ұзатылған қыздар және оның жанына еріп жүретін құрбылар киген. Сәукеленің негізгі бөліктері — тәж, төбе, құлақбау және артқы бойы. Сәукеленің төбесі қиық конус тәрізді болып келеді. Оның төбесінде «Тәж» деп аталатын жартылай дөңгелек айдары болады. Оны асыл тас, алтын, күміс, меруерт, маржанмен өрнектеп, алтын жіппен әшекейлейді. Сәукеленің төбесінің биіктігі екі сүйем, кейде одан да биік болады. Сәукелені өлшеп пішіп алып, ішіне астар, сырт жағына бидай шүберек ұстап жиі етіп сыриды. Одан соң оның сыртын қамқа, дүрия, торғын сияқты асыл матамен тыстайды. Сәукелені әшекейлеу үшін оның тысының сыртынан зер жіптен тоқылған оқаларды белдеулен басады. Оның етегін мақпалмен не қара барқытпен әдіптел көмкереді. Ал маңдай тұсына зер не жібек шашақтың шоңғарын тағады. шашақтың сәукелеге жалғасқан тұсын асыл тастан көз орнатқан алтын, күміс түйреуіштермен бекітеді. Сәукеленің ең сыртынан шашақты, әшекейлі жібекматамен төгілтіп жауып қояды. Ол көйлектің етегі сияқты жерге сүйретіліп жүреді. Сәукелеге ұзын құлақбау тағады. Оны шегі шырайналдыра зер не жібек жіппен шалып көмкеріледі, түбіне сәнді түйреуіш түйреле

Қазіргі кезде де кейбір жерлерде қалыңдықтың басына сәукеле кигізіл, ақ желек жабатындар да кездеседі
Сәукеленің төбесіне, өн бойына алтын, күміс, маржаннан әшекей тағылып, алтын жібек жіппен кестеленеді.

1)Саукеле тігу үшін қажетті құралдар:
қайшы,мата немесе фетр,сызғыш,метр өлшеуіш,ине, жіп,пистолет,ыстық желім,стразы,моншақ
2) Сәукелені жобалау:
Сәукеле
.
3) Сәукелені тігу үшін жобалау мен кітаптардағы нұсқауды басшылыққа ала отырып тігіп, қалаулары бойынша әдемілеп, безендіру.

Жұмыстың алғашқы қадамы ол керек размерін анықтау.Саукеле эскизін салып,безендіруінің жобасын құру.Фетр немесе киіз кескінін алып оған болашақ саукеленін сурет сызу.Сызып алғасын арнайы пішақпен оюларды кесіп алу.ПВА желім жағып бұйымды қатыру.Кепеннен кеін безендіруді бастаймын.Сомен жалпы бір саукеле дайындау үшін төмендегідей қаражат жұмсалады.

2.4.Эканомикалық есептелуі.

1.Қызыл фетр 50см – 750тенге

2.Стразы 10 дана –2000 тенге

3. Бисер 2пачка – 5000

4.Желім – 330 тенге

5. Үкі – 1000 тенге

6. Жіп 2дана – 200тенге

7. Леска 1дана – 500

8. Желім ПВА - 500

ЖАЛПЫ: 10 280 тенге \қосу электроқуат,пистолет\ [4]

Егерде интернеттен іздейтін болсаңыз ОЛХ сайтынан сауклелерді 30000,40000,70000 мың тенге манайында сатып алуға болады. [5]

Shape5





2.5.Қортынды.

ХІХ   ғасырдың алғашқы жартысында Кіші жүздің Байсақал атты байы мен Орта жүздің Сапақ байы құда болыпты. Байсақал құдаларына қыздың сәукелесін жіберіпті: «Басқа ештеңе сұрамаймын, тек осы бір сәукеленің бағасын өздері есептеп берсе болды», - депті. Сонда Кенесарының ағасы Саржа төре сәукеленің бағасы: «Бес жүз байтал екен, сондықтан қызының малы бес жүз жылқы болсын деп», - деп кескен екен

Қорыта айтатын болсам  бұл жұмысты жазу барысында  маған  ұлттық бас киімдердің ішінде саукеле ұнаған болатын. Сол себептен  мен  ғылыми жұмысымды бастаған едім.  Ғылыми жұмысымда  қазақ халқының саукеле жайлы жаздым және қарапайым әдіспен аздаған жұмсауымен жасалатын тиімді жолдарын көрсеттім. Осы ата –бабаларымыздың   өткен  тарихы,  олар жасап кеткен дүниелер күні бүгінге дейін маңызын жоймай,  мұрагер біздің қызығушылығымызды тудырып отыр.  Осы мақсатта бүгінгі жас ұрпаққа  қазақ халқының ұлттық бас киімін танытып, жаңғыртқым келді.  Болашақта тарихымызды,  әдет-ғұрыпымызды ұмытпас  үшін, жаңа үлгідегі киімдерге  осы негізде өзгерістер еңгізгім келеді.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақ халқының ұлттық киімдері./ Құраст. Б.Хинаят., А.Сужикова.-Алматы: Алматыкітап баспасы,2011.-384 бет, суретті. 
2. Қазақтың зергерлік өнері. - Алматы: "Алматыкітап баспасы", 2011. - 384 бет, суретті. 
3.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС,

4.Интернет желісінен

5. Уикипедияға











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
10 қараша
1389
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі