жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғылыми жоба: "Сексеуілдің пайдасы", 3 сынып
«№114 орта мектебі» КММ
Ғылыми жоба
Тақырыбы: «Сексеуілдің пайдасы» Жоба жетекшісі: Накипова Зауре
Жобаны қорғаушы: №114 орта мектептің 2 «А» сынып оқушысы Маралбекқызы Еркеназ
2019-2020 оқу жылы
Мазмұны:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2. Сексеуіл өсімдігіне сипаттама
2.1 Мүшелер құрылысына сипаттама
2.2 Сексеуілдің түрлері
2.3 Сексеуілдің пайдасы
ІІІ.Зерттеу бөлімі
ІV. Қорытынды
V.Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Сексеуіл – қасиетті ағаш. Ертеде ата – бабаларымыз сексеуілдің бірер бұтағын немесе томарын үйдің үстіне шығарып қоятын болған. Үлкендердің сөзіне қарағанда бұл ырым «Жамандықтан сақтайды, найзағай ұрмайды» деген сенімдікті беретін көрінеді.
Алайда шөл даланың көркіне айналған, елді мекендерді құм көшкінінен қорғайтын сексеуілге жанашырлық жасау, адамдар санасынан кемшілік көруде.
Шөл дала көркі болып саналатын Сексеуілге биология тарапынан зерттеу жүргізетін болсақ, мынадай нәтижені көруге болады.
Негізгі бөлім
2. Сексеуіл өсімдігіне сипаттама
Сексеуіл – бұта немесе кішкене ағаш түріндегі алабота тұқымдас өсімдіктердің бір туысы. Биіктігі 12 метрге дейін жетеді. Сексеуілдің «галаксилон» деген грекше аты «тұзды ағаш» деген мағына береді. Бұл атау сексеуілдің тұзға төзімділігіне байланысты шыққан.
Сексеуіл көпжылдық бұта тектес өсімдіктер қатарына жатқызылады.
2.1 Мүшелер құрылысына сипаттама:
1.Тамыры: Тамыр жүйесі өте күшті дамыған. Жанама тамырлары топыраққа 10 – 11 метрге дейін таралған.
2.Сабағы: Сабағы мен бұтағы бунақты, бұлардың діңі қисық, мықты, морт болып келеді. Бұжыр-бұжыр сабақ діңінің сүрегі ауыр, суға батып кетеді.
3.Гүлі: Сексеуілдің гүлі ұсақ, қосжынысты, бірүйлі, қабыршақ тәрізді гүл жапырақтың қолтығында 4-тен орналасады.
Гүлсеріктің күлте жапырақшалары бесеу, аталығыда бесеу болады. Аналығы – біреу.
4.Жапырағы: ұсақ қабыршақ тәрізді.
5.Гүлдеу мерзімі: Сәуір, мамыр айларында гүлдейді.
6.Жемісі: - қанатты жаңғақша.
7.Жемістің пісіп жетілу мерзімі. Қыркүйек, қазан айларында пісіп жетіліп, қараша айларында жерге төгіледі.
8.Көбеюі: Тұқымынан көбейеді.
9.Өсуі: Сексеуіл жас өркендерінен, өсіп жетіледі.
2.2 Сексеуілдің түрлері Қазақстандағы орман қорының жартысына жуығын сексеуілді тоғай алып жатыр. Оның көлемі 5 млн шаршы метр деп есептеледі. Қазақстанда сексеуілдің 3 түрі өседі. Олар мыналар: 1.Ақ сексеуіл 2.Қара сексеуіл 3.Зайсан сексеуіл
Сексеуіл туысы көбіне Маңғышлақ, Ақтау, Қызылорда облыстарының құм далаларында, Жамбыл облысының Шу аудандарында, Алматы облысының Балқаш ауданының жерлерінде, Балқаш, Зайсан көлдерінің айналасында кездеседі.
Енді сексеуілдің Қазақстанда кездесетін түрлеріне тоқталайық.
1.Ақ сексеуіл.
Биіктігі 6 метрге жететін бұта немесе ағаш тектес өсімдік. Діңінің диаметрі 10-20 см-ге жетеді. Қабығы жылтыр. Діңіндегі қыртысының түсі сұрғылт, сары болып келеді. Ұзындығы 2 миллиметрдей ғана қабыршақ немесе ине тәріздес ұсақ жапырақтары сұрғылт жасылдау бұтақшаларға қарама-қарсы орналасады. Қос жынысты, гүлдері қысқарған өркенге шығады.
Кездесетін жері: Ақ сексеуіл Арал теңізінің, Алакөл және Балқаш көлінің Сырдария, Іле өзендерінің жағалауларында, Бетпақдалада, Қызылқұмда және Мойынқұмда, құмды шөлдерде, көшпелі құмдарда өседі. Қара сексеуілге қарағанда ол құм басуға, құрғақшылыққа төзімді, бірақ тұзға аса шыдамды емес, сондықтан ойпат жерлерде аз кездеседі. Қатты және үгітілгіш ағашы отқа жақсы жанады. Шөлді аудандарда егістің айналасына, ауыл шетіне құмнан қорғану үшін өсіруге болады.
2. Қара сексеуіл.
Биіктігі 10-12 метрге жететін бұта немесе ағаш тектес өсімдік. Сұрғылт қоңыр түсті діңінің диаметрі 35 см.
Оның ұшында жоғары қарай тік өскен әжептеуір шырынды жас бұтақтары бар. Жетілмеген жапырақтары сүйел тәрізді. Жер асты суы жақын бекіген тығыз құмы бар. Жазық алқаптағы ойпаттарда жақсы жетіліп, онда көбіне тығыз тоғай құра алады. Әсіресе, республиканың құмды, сорлы және тақыр жерлерінде өседі.
Таралу аймағы: Қара сексеуіл Үстіртте, Арал теңізі, сырдария, Шу, Іле өзендерінің жағасында, Бетпақдала мен Қызылқұмда тараған.
Республиканың солтүстігінде және таулы аудандарда кездеспейді. Топырақтың тұздылығына төзімді. Тұқымдары және түбірінен шыққан сидам шыбықтары арқылы көбейе алады. Өте мықты қатты ағаштары сұрғылт қоңыр түсті. Ағашының көлденеңінен сынуы өте қиын, оның есесіне ұзынынан жақсы қақырап сынады.
Отын үшін пайдаланылады. Бұтақтары ерекше болғандықтан одан әр түрлі бейнелер жасауға болады.
Шөлді аудандардағы ауылдарды құм басудан сақтау үшін өсіруге болады.
3. Зайсан сексеуілі.
Биіктігі 4,5 метрге жететін бұта тектес өсімдік. Кәрі діңінің түсі ашық қоңыр, жас бұтақтары ақ сұр түсті, Редукцияға ұшыраған жапырақтарының пішіні сүйел немесе үш бұрышты төмпешік тәрізді. Олар бұтақта қарама – қарсы орналасады.
Таралу аймағы: Қазақстанда Зайсан көлінің жағасы мен Алматы облысындағы Торайғыр тауының құмды және тасты топырақтарында өседі. Жергілікті жерде отынға пайдаланылады. Сексеуілдің бұл түрі республикада өте аз жерде өседі, сондықтан оның табиғи тоғайын қорғап өсіруді кеңейту қажет.
2.3 Сексеуілдің пайдасы
1.Құмды шөлдің қорғаны болып табылады Олай дейтініміз құмды бекітіп ұстап тұрады
2.Сексеуілдің жас өскіндері түйеге, қойға жақсы азық . Оның себебі жас бұтақ жапырақтың қызметін атқаратын болғандықтан құрамында малға қажетті барлық органикалық заттар болады. Және көп суы бар. Бұл малға бір жағынан азық болса,, екіншіден сусын.
3.Сексеуіл шөлдің тірі қазба байлығы болып табылады. Оның себебі отқа жаққандағы қызуы жағынан нағыз қазба байлық тас көмірден кем түспейді .
4. Сексеуіл шырпысының күлінен сабын дайындаған.
ІV. Қорытынды
Ізденіс жұмысымның нәтижесінде сексеуілдің бағалы қасиеттерін, оның табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын түсініп,табиғатты аялау қажет екенін ұқтым.Оның өмірдегі маңызды қасиеттерін жан-жақты қарадым, сексеуілден сабынның алу жолдарын үйрендім.
V.Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 6 том, Алматы, 2004ж;
2. Қ.Сыбанбеков “Биология ғажаптары”, Алматы,Қайнар, 1993ж;
3. Биқұмар Кәмәләшұлы “Ауа райының” қазақи дәстүрлі болжамдары”, Алматы, Өнер, 2006ж;
Интернет материалдары.
Аннотация
Мақалада әдеби дереккөздерде келтірілген сексеуіл өсімдігінің экологиясы және оны қорғау тақырыбына, алабота тұқымдасына жататын көп жылдық сексеуіл өсімдігінің түрлері мен өсу кезеңдеріне жан – жақты шолу жасалған және құрамында сақар мен сода көп екендігі дәлелденіп, кептірілген сексеуілден жасанды жолмен қара сабын алынатынына негіздеме берілген.
Аннотация
В статье приведен обширный обзор литературных данных, посвященных тематике экологии и защиты саксаула, виды многолетнего саксаула семейства полевых, этапы разви-тия растений, дано обоснование наличия поташи и соды в составе саксаула, определены искусственные пути получения черного мыла из высушенного саксаула.
Annotation
The article gives an extensive review of literature data on the ecology and protection of the saxaul plant, the species of the long-term saxaul of the family of the field, the stages of plant development, the presence of potash and soda in the saxaul composition, and the artificial ways of obtaining black soap from dried saxaul.
Сексеуіл туралы зерделей келіп, мен мынандай ойларды түйіп, төмендегідей ұсыныстар айтқым келеді.
1.Сабынды ауылдық жерде дайындалу іске асырылса.
2.Күнделікті тұрмыста қара сабынды қолданса.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген