15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғылыми жоба Сөнбес жұлдыз.Хамит Маданов
--------------------------------** атындағы жалпы орта мектеп-балабақшасының 9 «» сынып оқушысы «Сөнбес жұлдыз.Хамит Маданов» деген тақырыптағы жұмысы. Жетекшісі: тарих пәні мұғалімі
Хамит Маданов
Зерттеудің мақсаты: Қазақ халқының ұлы ғалымы Хамит Маданов өмірі, өмір сүрген ортасы, ғылымға қосқан үлесі туралы айту. Хамит еңбектерінің құндылығы, ғылымға қосқан үлесі жайлы талдау, қорытынды жасау , сабақ алу.Хамит еңбектеріндегі айтылған өсиетті сөздерді бойымызға сіңіріп , қадір –қасиетін түсіну.
Өзектілігі: Қазақ халқының ұлы ғалымы, жарқын жұлдызы Хамит Маданов өзінің туған еліне өшпес мол әдеби – тарихи мұра қалдырды. Біз соны әріде насихаттап, өз үлесімізді қосу үшін осы тақырыпты таңдадық.
Зерттеудің міндеті:Ұлы ғалым Хамит Мадановтың зерттеу жұмыстарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, бір жүйеге түсіру, топтарға жіктей отырып зерттеу.
Зерттеу жұмысының дереккөздері: зерттеудің материалы ретінде деректер, түсіндірме , оқулықтар мен көркем шығармалар, ғылыми еңбектер алынды.
Болжам: Ұлы ғалым Хамит Маданов еңбектерін анықтағанда мынадай ойға келдік : ұлы ғалымдардың жолын қуып, халқымызға, елімізге еңбек сіңірген ғалым боламыз.
Зерттеу әдіс- тәсілдері: зерттеудің барысында жинақтау, салыстыру, талдау тәрізді зерттеу әдістері пайдаланылды.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: зерттеу барысында алынған нәтижелерді тірек сызбалар жасауда, сыныптан тыс жұмыстарында , әдебиеттік оқу және дүниетану сабақтарында пайдалануға болады.
Зерттеудің жаңалығы: осы жобаны зерттей отырып біз ұлы ғалым Хамит Маданов еңбектерінің құндылығын, таңғажайып сырларын, қадір- қасиетін білдік.
Зерттеу жұмысының құндылығы: ғылыми жоба кіріспеден негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Мазмұны:
I Кіріспе
II Негізгі бөлімі
Хамит Маданов - өмір жолы
Хамит – тарихшы, өлкетанушы, ақын, ғалым.
III Қорытынды бөлім
IV Пайдаланылған әдебиеттер.
Елінде жақсы жігіттің,
Алыста даңқы зор болар.
Шал ақын
Хамит Маданов 1927 жыл 5 ақпан, Жаңақала ауданы, Ұялы ауылы дүниеге келді.
Еңбек жолын 1959 жылы Алматы жоғарғы партия мектебін бітірген. 1947-52 жылдары Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. 1952-55, 1965-69 жылдары партия жұмысында, 1959-65 жылдары Қаратөбе, Чапаев аудандық газеттерінің редакторы, 1971-72 жылдары республикалық теле-радиохабарлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің бас редакторы, 1972-82 жылдары Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институтының аға ғылымдары қызметкері, сектор меңгерушісі. 1982 жылдан ҚазПИ-дің кафедра меңгерушісі. Ғылыми қызметінің негізгі бағыты - Қазақстанның аграрлық саясатының мәселелері. Батыс Қазақстан тарихын зерттеп, кітаптар жазды. Қазақстан ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты (1983).
Қазақстан тарих-тектану қорының президенті ретінде көптеген игі жұмыстар атқарып жүрген Мадановтың құрастыруымен 1995 жылы «Ардагер азаматтар» атты жинақ жарық көрді.Оған қазақтың қасиетті ұлдары туралы жазылған бес очеркі кірді.
Қазақстан тарих-тектану қорының атынан шығып жатқан еңбектердің арасында Хамит Мадановтың қызы, филология ғылымының кандидаты Маргаританың да еңбектері бар. Оның «Қазақстан-Франция» деген еңбегі 1994 жылы мемлекеттік «Дарын» сыйлығына ие болды. «Абай и его последователи во Франции» деген орыс, француз тілдеріндегі еңбегі де жарық көрді. Маргарита Хамитқызы Франциядағы Сорбонна университетінде, Париждегі кітапхана, архив қорларын ақтара отырып «Мухтар Ауезов и Луи Арагон» атты көлемді монографиялық еңбек дайындады.
Маданова Маргарита Хамитқызы
Маданова
Маргарита Хамитқызы 1961 жылы 4 тамызда
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы
Қаратөбе ауылында туған.
Алматы
шет тілдер педагогикалық институтын
(1983), Әдебиет және өнер институтының
аспирантурасын бітірген (1990).
1983
- 1985 жылдары Семей педагогикалық
институтында оқытушы,
1986 - 1990
жылдары тәжірибе жинақтаушы,
1990
жылдан Қаз¥У-дың шет тілдер кафедрасында
оқытушы,
1995 - 1997 жылдары "Қайнар"
университетінде кафедра меңгерущісі
қызметін атқарған. Францияда Париж-4
университетінде Сорбонна тәжірибелік
сынағынан өткен.
2001 - 2003 жылдары
Әдебиет және өнер институтында бөлім
меңгерушісі,
2004 жылдан бас ғылыми
қызметкері, институттың халықаралық
байланыстарына жауапты қызметкері.
1992
- 1997 жылдары "Қазақстан" тарихи-шежіре
қорының вице-президенті,
1997 - 2003
жылдары "Қазақстан" тарихи-шежіре
қорының президенті. Қазақстан Мемлекеттік
"Дарын" сыйлау иегері (1994).
Ғалым,
филологиялық ғылыми докторы (1999),
профессор (2000)
ГалимХамитовичМаданов
1958 жылы 29 мамырдаАпматықаласындатуған.Қазақ.
Әкесі - Маданов Хамит Маданұлы (1927-1997),
тарихшы, Ұлттықақпараттандыруакадемиясыныңакадемигі,
тарихғылымдарыныңдокторы, профессор.
Анасы - МадановаМағрипаНазарқызы (1934
ж. т.), зейнеткер, радиода редактор
болыпжұмысістеген.
Н.В. Гоголь атындағы
Алматы көркемсуретучилищесінің театр
жәнекөркемсуретфакультетін (1977) театр
суретшісімамандығыбойынша;
«Қазақфильм» студиясындағымультипликаторларкурсын
(1977); Бүкілодақтықмемлекеттіккинематографияинститутын
(1985) кино суретшісімамандығыбойынша;
әл-ФарабиатындағыҚазақМемлекеттікУниверситетінің
философия
жәнесаясаттануфакультетімагистратурасыныңмәдениеттанубөлімін
(2004) мәдениеттанумагистрімамандығыбойыншабітірген.
«Қуысэстетикасы. ОрталықАзиядағызаманауисәулет»
альбомынажазылған «Оюжәне серия»
мақаласының авторы (2002). Қазақ,
орысжәнеағылшынтілдерінбіледі.
1973
жылдан - Н.В. Гоголь
атындағыАпматыкөркемсуретучилищесініңстуденті.
1977
жылдан - «Қазақфильм» киностудиясының
мультипликация суретшісі.
1978
жылдан-Бүкілодақтықмемлекеттік
кинематография институтыныңстуденті.
1985
жылдан - Ш. Аймановатындағы «Қазақфильм»
киностудиясыныңкөркемсуреттіфильмдердіңкостюмдерібойыншақоюшысуретшісі.
1989
жылдан -Республикалық орта
көркемсуретмектеп-интернатыныңкескіндемежәнесуретпәнінің,
Апматымемлекеттік театр
жәнекөркемсуретинститутыныңкескіндемежәнесуреткафедрасыныңоқытушысы.
1999 жылдан - «Парламенттіксайлау»
бейнероликтерініңсуретшісі (Алматы).
2001
жылдан - ТВ бағдарламаларжәнебейнероликтердіңсуретшісі.
2002
жылдан - Азиялық даму банкі мен БҰҰ
«ЕліміздегікедейшіліктіазайтуМемлекеттікбағдарламасының»
аясындағы «Өнеркедейшіліккеқарсы»
жобасыныңсуретшісі.
2004
жылдан - С. Бодровтың «Махамбеттіңқылышы»
фильмініңкостюмдерібойыншақоюшысуретшісі.
2006
жылдан - Канн
кинофестивалінде«Бейбарыс»
киножобасынтаныстырурәсімінеарналғансуреттемелердіңәзірлеушісі.
2007
жылдан - Париж қаласы «CitedesArts»
Халықаралықрезиденцияныңсуретші-безендірушісі.
2009
жылдан - «Парламенттіксайлау»
бейнероликтерініңсуретшісі (Алматы).
100
аса халықаралық,
республикалықжәнеаймақтықкөрмелердіңқатысушысы,
оныңқатарында: Республикалық ККД театр
және кино суретшілерініңкөрмесі (Алматы
1986), АҚШелшілігіндегі (Апматы., 1992), Вадуца
қаласыгалереясындағы (Лихтенштейн,
1992), Шато ля Напульдег (Франция, 1993),
«Басқа (Қазақстандық) кеңістіккесаяхатшылар:
ҒалымМадановтыңөнері», Каспий жәнеОрталық
Азия Оксфордттыққоғамының,
ОрталықАзиялықгуманитарлысеминардыңжәнет.б.
көрмелері. Б. Шмановтың
«Жәбіркөрушілерденкінәрат-талапжоқ»
(1985), Л. Аранышеваның «Пантера
операциясыныңкүйреуі» (1985-1986), А. Әшімовтың
«Жусан» (1986-1987), С. Сулейменовтің «Мотоцикл
мінгенадам» (1986), Б. Мансұровтың
«СұлтанБейбарыс» (1987-1990), «Өмірдіңмағынасы»
(1987), «Есік» (1988) кинофильмдердіңқоюшысуретшісі.
ҚР Суретшілеродағыныңмүшесі (1990),
«Ғасырлартоғысындағыкөшпенділердіңмәдениеті»
көрмесініңұйымдастырукомитетініңмүшесі
(1995), ҚРКинематографистеродағыныңбасқармамүшесі
(1999),
«Сорос-Қазақстан»қорыныңқазіргіөнерорталығыныңсараптықкеңесініңмүшесі
(2001), «Ашыққоғам»
институтыныңжанындағыОрталықАзиялықмәдениетжәнеөнержүйесініңмүшесі
(Будапешт, 2002), ҚРСуретшілерфорумының
«Өнердағдарысқақарсы. Мүліктүгендеу»
форумыныңаясындағы «...Бүгін, ертең...»
көрмесініңтәлімгері (2009). КСРО
Суретшілеродағыныңстипендианты
(1989-1991), Г. Клюсатындағыамерикандыққорыжәне
Франция Мәдениетминистрлігініңстипендианты
(1993). «Жігер» өнерфестивалінің лауреаты
(1989), «Өнерәлеміндегіжетістіктер» ЮНЕСКОБүкіләлемдікконкурсының
лауреаты (1995), «Өнерсаласындағыжетістіктеріүшін»
ҚазақстанныңЖастародағысыйлығының
лауреаты (1996).
Діникөзқарасы - «Мәңгі
философия жәнеэтикалық
даму»
Саясиқайраткерретіндегі идеалы
- М. Ганди, С. Апьенде.
Қазақстанныңболашағытуралыболжамы
- «Өркендегентұрақты,
демократиялықмемлекет».
Сүйіпоқитынәдебиеті
- өнертарихыжәнезаманауиөнертеориясытуралыәдебиет,
мәдениеттанушылықзерттеулер,
қазіргікөркемәдебиет. Үйленген. Жұбайы
- ЗаурешТерекбай (1964 жылытуған),
артменеджер. Қызы-МадановаҒайшаҒалымқызы
(1987 жылытуған), сәулетші, фотосуретші.
Хамит Маданов «Қазақстан» тарих-тектану қорын құрып, қор арқылы Қазақстан тарихына байланысты көптеген кітаптар шығарды. Сол еңбектерге қысқаша талдау жасап кетсек:
1994 жылы «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» атты еңбегі жарық көрді.
Х.Маданов А.Мұсабаевамен бірлесіп 1995 жылы « Мұхамед Салық Бабажанов» атты еңбек шығарды. Бұл кітапта қазақтың ХІХ ғасырдағы ұлы зиялыларының бірі – көрнекті тарихшы, этнограф, орыс жағрапия қоғамының тілші-мүшесі, сол қоғамның үлкен күміс медаліммен марапатталған Салық Бабажанов туралы тың деректер берілген.
Мадановтың 1994 жылы «Атамұра» баспасынан шыққан «Кіші жүз шежіресі» атты еңбегі жарияланды. Бұл кітапта қазақ жеріндегі этнографиялық әңгімелер мен тарихи тұлғалар туралы, ертеде Қазақстанның батыс бетін жайлаған ру, тайпалар жайлы мол мағлұмат берілген.
Мадановтың тереңдете жазып келген тақырыптарының бірі – мәдениет тарихы. Хамит Маданов 1995 жылы « Қазақ мәдениетінің қалыптасу кезеңдері» атты көлемді еңбек шығарды.
Хамит Маданов Қазақстан журналистер Одағының мүшесі болды. Журналист ретінде газетте радиода тікелей қызмет атқаруымен бірге Қазақстан баспасөзі бетінде «Жұлдыз», «Ақиқат» журналдарында, «Казахстанкая правда», «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш» газеттерінде ғылыми-танымдық материалдары, очерк, мақалалары жарық көрді. Хамит Маданов артына көптеген ғылыми еңбектерін қалдырды: оның екі жүзден астам ғылыми еңбегі, жиырмаға тарта монографиясы бар. Қазіргі уақытта кейбір жоғары оқу орындарында «Қазақтың арғы-бергі тарихы», «Ұлы дала тарихы» және т.б кітаптары пайдаланылады.
Туған жерден түлеп ұшқан дарын, халыққа танымал кемеңгеріміз Хамит Маданов тек ғылымға көңіл бөлген жоқ. Оның жүрегінен алуан тақырыптарда өлең – жырлар төгіліп, кейінгіге мұра болып жетті. Оның «Көңілді күйі» деп аталатын тұңғыш жинағы 1996 жылы Қазақстан халық жазушысы Ғафу Қайырбековтың алғы сөзімен басталды.
«Көңілдің күйі» (1996) кітабына Ғафу Қайырбековтің пікірі. Профессор – тарихшы Хамит Мадановпен мен бірсыпыра жылдан бері таныспын. Оның әзір беті ашылыңқырамай , арнаулы рұқсатпен ғана жазылатын тарихымыздың кейбір беттері туралы ғылыми мақалаларын 80 -ші жылдардың басында «Жұлдыз» журналына жариялап жүрдік. Мен ол кезде осы журналда істейтінмін. Кейде өзім де оның тілегімен әдеби-тарихи білген-түйгенімді, жасаған баяндама, сөйлеген сөздерімдістудент аудиторияларында қайталап оқып жүретінмін. Оның маған тек өзім «білемділікке» салынбай шәкірттеріне жан-жақты білім беріп тұру, мейлінше, молырақ жетілдіру мақсаты ұнайтын. Осы кітаптағы Ғафу ағамыздың ойы, терең сөздері оның ақындық шабытына шабыт қосты. Сөйтіп автордың «Заман келбеті» атты жыр жинағы жарық көрді. «Шартарап» баспасынан шыққан көлемді, бес бөлімнен тұратын бұл жинақ оқушы қауымнан жоғары бағасын алды. Сонымен қатар «Біз қазақпыз»( тарихи дастан) кітабы жарыққа шықты.
Өлең – өте сирек өнер, қасиетті, киелі өнер. Өлеңнің тәрбиесі, үлгісі, үздіксіз баптауды, мәпелеп, күйттеуді қажет ететін мінезі болады. Өлең шығару, ақындық – бұлардың ең биік шыңы болып есептеледі. Сонымен Хамит ақын екен.
Қорытынды
Қазақтың ұлы ғалымы Х.М.Маданов отандық ғылым мен әдебиет тарихында үлкен орын алады.Оның қысқа да жаркын өмірі мен ғылыми қызметі қазақ халқының көпғасырғы дамуының, рухани ізденіністерінің тамаша қорытындысы, биік жалғасы болды, қоғамдық ой-сана, пікір-тұжырым биіктей өркендеуіне ыкпал етті.Х.Маданов қазақ халқының экономикалық -саяси құрылысын, тарихын, этнографиясын рухани өмірін зерттеген, бұл аймақтың өткені мен сол кездің қалпын жақсы білетін адамдармен, ғалымдарымен, ақындарымен де кездесіп, мағлұматтар жинаған. Заманында дүниежүзілік ғылымға елеулі үлес қосқан Х. Маданов әр салалы, терең мазмұнды еңбектері, өзінің асыл тұлғасы мен жарқын бейнесі тарихтың әр кезеңінде жоғары бағаланды. Ол туралы замандастары жан тебірентерлік жылы лебіздер қалдырды. Х. М. Мадановтың жарқын есімі Ұялы ауылындағы бір көшеге есімі берілді. Хамит Мадановтың еңбектері өте құнды деп есептеймін. Хамит ағамызды жан-жақты қырдан зерттеуге болады. Ол ақын, тарихшы, өлкетанушы ретінде өте көп мәліметтер берді. Қазіргі таңда « Қазақ халқының арғы-бергі тарихы», « Ұлы дала тарихы» атты еңбектері жоғары оқу орнында берілуі бұған кепіл болады.Тарихшы ғалымдар Хамит Маданов пен Чапай Мусиннің бұл еңбегінде көне заманнан бастап біздің дәуірімізге дейінгі Қазақстан атрихы кезең-кезеңімен баяндалады. Бұрын-соңды жарық көрген негізгі тарихи еңбектер, бірқатар тарихшылардың ой-пікірлері кітапқа арқау етіп алынды. « Біз қазақпыз» 1996 жылы тәуелсіздік жанашырларына арнап жазылған ең соңғы еңбегі болды. 1997 жыл 22 қаңтарда ғалым, тарих ғылымдарының докторы , профессор Х.Маданов дүниеден озды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақ мәдениетінің қалыптасу кезеңдері, А., 1995;
Қазақ халқының арғы-бергі тарихы, А., 1995;
Қазақмәдениетініңтарихы, А., 1998;
Кішіжүздіңшежіресі, А., 1994.
Егемен Қазақстан газеті
Батыс Қазақстан энциклопедиясы
« Біз қазақпыз» тарихи дастан,1996 .

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген