жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғылыми жоба Су тіршілік көзі 4 сынып
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Тақырыбы: Су тіршілік көзі
Секция: Экология, валеология
Жоба авторы: Бақытжан Нұрдаулет
Сарыбаев Ерлан
№11 орта мектеп
4 «Д» сынып оқушылары
Жетекшісі: Шамшетова Баян Онгарбаевна
№11 орта мектебінің мұғалімі
Мазмұны
Аннотация_____________________________________________1
Пікір__________________________________________________4
I. Кіріспе ______________________________________________5
1. Су туралы мәлімет _______________________________ 5
II. Негізгі бөлім. ________________________________________7
2. 1 Судың қасиеті __________________________________ 7
2. 2. Судың пайдасы _________________________________ 9
2. 3. Ауыз судың химиялық құрамы _____________________13
III. Қорытынды.________________________________________ 15
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізбесі ____________________16
Аннотация
Осы жобамда су мен оның түрлері, олардың пайдасы мен өмірде маңыздылығы , алыну жолдары , қасиеттері оның адам денсаулығы үшін маңызы туралы келешек жас ұрпаққа насихаттамақпын.
Аннотация
В
этом проекте я буду пропагандировать
будущие поколения воды и ее видов, их
преимущества и значение в жизни, способы
их использования и их важность для
здоровья человека.
Annotation
In this project, I will be promoting the future generations of water and its types, their benefits and importance in life, the ways they are taken, and their importance for human health.
1.Ғылыми
зерттеу жұмысының мақсаты:
Адам
денсаулығы үшін ауыз су сапасының
маңыздылығын айта отырып, судың
қасиеттерімен химиялық құрамымен,
ағзада әсер ететін факторлардың болуы
не болмауын сипаттау және
маңыздылығы
туралы келешек ұрпаққа насихаттау,
үлгі ету.
Міндеттері:
Су туралы түсінік беру;
Судың қасиеті, маңыздылығы мен құндылығын таныту.
Түрлері туралы мәлімет беру.
Болжам: Судың пайдалы тұстары турасында қарастырылды.
Зерттеу кезеңдері:
1-кезең – Зерттеу тақырыбын табу, әдебиеттермен танысу және материалдар жинақтау;
2-кезең- Талдамаларды жобалау;
3-кезең- Жинақталған материалды сұрыптап, негізгі мақсатты ашуға жұмыстану;
4-кезең- Талдау жасап, жұмысты жүйелеу, рәсімдеу, қорытындылау, жазу.
Зерттеу әдісі: Зерттеуде іздену, жинақтау, саралау, әдеби-ғылыми талдау.
5.Зерттеу нәтижесі: Су туралы жинақталған тарихи және ғылыми сипаттағы деректерді енгізе отырып, оқушыларға насихат жүргізіледі.
6. Күтілетін нәтиже:
– Су және мен оның пайдасы аясында түсінеді;
– Осы бағытта өз тарапынан не істеу керек екеніне мақсат қояды;
– Денсаулыққа пайдасы туралы нақты білімі қалыптасады.
Қорытынды: Судың қаиеті , оның түрлері мен алыну жолдары сонымен қатар су туралы қызықты мәліметтерді жинақтай отырып пайдасы туралы келешек жас ұрпаққа насихаттамақпын.
Жаөзен қаласы Теңге ауылы №11 орта мектептің 4 «Д» сынып оқушылары Бақытжан Нұрдаулет пен Сарыбаев Ерланның «Су-тіршілік көзі» тақырыбындағы ғылыми- зерттеу жұмысына
ПІКІР
Оқушылардың ««Су-тіршілік көзі» атты ғылыми жобасы судың өзіндік құпия сырларын ашуға, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтары мен шипалық қасиеттерін танытуға арналған.
Зерттеу жұмысында оқушылар судың адам ағзасына тигізетін пайдасына нақты мәліметтер келтіре отырып сипаттама жасалған. Оның адам өмірінің денсаулығын жақсартуда көптеген шипалық қасиеттерінің қыр-сырын ашып көрсеткен. Зерттеуші су пайдалы жақтарын, емдік қасиеттерін танытуда көптеген еңбектермен, интернет материалдарымен таныса отырып, оның барлық қырын ашуға тырысқан.
Жалпы алғанда ғылым жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады.
Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.
Сынып жетекшісі: Шамшетова Баян Онгарбаевна
I. Кіріспе
1. Су туралы мәлімет
Судың адам өмірінегі маңыздылығына баға жетпейді. Сусыз тамақ піспейді, сусыз тазалықта болмайды. Су жолымен адам қатынайды , қайық , кеме жүзеді, жүк тасиды, ағаш ағызады. Судың күшімен су электр станцияларын іске қосып, электр қуатын да алады. Су арқылы үйді жылытады. Бірде бір өндіріс орны сусыз жұмыс істей алмайды.
Сусыз тіршілік жоқ, ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар. Ағзалардың 50-90 пайызына дейін судан тұрады.70 кг адам денесінде 50кг су бар. Адам су ішпей бір апта ғана шыдай алады. Су барлық өсімдіктер мен жануарлар ағзасының құрамына кіреді. Теңіз жәндігі медузаның бүкіл салмағының 99 проценті судан тұрады. Ал қарбыздың 98 проценті судан құралады екен.
Сусыз жан- жануарларда өмір сүре алмайды. Сусыз жер бетіне өсімдік өспейді жануарлар тіршілік ете алмайды. Өсімдік топырақтағы қоректік заттарды суда еріген ертінді күйінде ғана сіңіре алады. Табиғаттағы көптеген құбылыстар су арқылы болып жатады.
1 кг қартоп өсіруге 300 литр, 1кг бидай өсіруге 1200 литр су жұмсалады. Екен. Ал қант қызылшасына, мақтаға, әсіресе күрішке, одан да көп су қажет.
Табиғаттағы ең күшті еріткіш –су. Еріткіш дегеніміз ол, кез-келген заттпен оңай араласып кететін затты айтамыз.Суда көптеген заттар белгілі бір мөлшерде ериді.
Сусыз басқа тамақ өнімдерін дайындай алмаймызМысалға, шырынның жеміс-жидектердің,бау-бақша өнімдерінде.Өзімізге қажет деген суды сұйық күйінен басқа, кез- келген тамақ өнімдері арқылы да қабылдаймыз.
Яғни сусыз бірде-бір тірі организмдер өмір сүреалмайды.
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Судың қасиеті
Себебі судың үш күйі бар: су -сұйық, мұз - қатты және бу - газ тәріздес.Су – 0 градуста қатып , 100 градуста қайнайды.Жер бетіндегі ең көп тараған зат – су. Глобусқа немесе жартышарлар картасына қарайықшы онда жершарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған. Ол – су: мұхиттар, теңіздер, өзендер көлдер. Судың біразы жер астына шоғырланған. Мұның бәрі – сұйық күйіндегі су.Мұздықтар мен айсбергтер де қатып қалған су болып табылады.Су атмосферада да аз емес, онда ол бұлт, тұман,бу және жаңбыр мен қар түрінде болады. Сондай-ақ, , бұршақ, шық, қырау, қылау, тұман және тағы басқалары да судың туыстары болып табылады.
Судың дәмі, исі, түсі жоқ мөлдір сұйық зат. Су – адамның зейінін ашады. Ол көлемін сақтайды, пішінін сақтамайды.Химиялық формуласы Н2О. Жиырма екінші наурыз – су қорларын сақтау күні болып белгіленген.
Табиғатта су қызған кезде көлемін ұлғайтады.Егер де ыдысқа суды толтырып құйып, оны қыздырсақ, судың сыртына төгілгенінкөреміз.Су суынған кезде сығылып, көлемі азаяды.Бірақ судың келесіерекшелігі су суынғаннан кейін қататын болса, қайтадан көлемінұлғайтады.Міне сол үшін де іші суға толы, ауызы жабылған шыны ыдыстарқатты аязда өз-өзінен сынып, құбырлар жарылып жатады.
Судың келесі ерекшелігі бір күйден екінші күйге ауысқанда салмағының азайыпкөбейюі.Мұздың салмағы судан жеңіл болғандықтан мұз судың бетінде қалқыпжүреді.Су сұйық күйінде қалаған жағына аға алады, қалаған формасына ене алады. Яғни қандай ыдысқа құйсақ сондай формаға ене алады.
Судың тағы бір кереметтігі ол жер бетінде үнемі тынымсыз айналыста жүретіндігі.
Су – бұл шексіз теңіздер мен мұхиттар, ағысты өзендер және мөлдір көлдер. Дегенмен су тек қана көре алатын, ыстық күндері сүңгіп кететін су айдындарында ғана болмайды. Судың көлемді бөлігі адам көзінен тыс жер астында жасырынған, бұндай су айдындары жер асты сулары деп аталады.
«Сулы
жер – нулы жер» деп ата-бабамыз айтқандай,
су бар жерде тіршілік бар.
2.2 Судың пайдасы
С
у
– тіршілік нәрі. Ғалымдардың
айтуынша, адам организмі 86 пайыз судан
тұрады екен. Егер
организмде судың мөлшері азайса, онда
адам әртүрлі ауруға шалдығады.
Адам организмі бір тәулікте шамамен 1,5-2 литр су жоғалтады. Сондықтан адам күніне сонша су ішіп отыруы қажет.
Таңертең аш қарынға су ішуді әдетке айналдырған дұрыс.
Мидан бастап асқазанға дейін денедегі бүкіл мүшелердің су қажеттілігі бар. Сондықтан мол су ішіп денедегі су жетіспеушілігінің алдын алу керек. Кафеинсіз кофе, шай немесе шекерсіз табиғи сусындар, сумен араласқан жеміс шырындары және басым бөлігі судан тұратын қарбыз сияқты өнімдер де құрамында карбонгидрат немесе тұз мөлшері көп болмаса су орнына өтеді. Кафеинді шай, кофе, кола секілді сусындар денедегі су жетіспеушілігін одан да арттыратындығы үшін қосымша тағы су ішу керек.
Судың денеге пайдалары:
Дене температурасын тұрақтандырады.
Азық, қалдық және оттегі тасымалдайды.
Бүйрек және бауырдағы қалдықтарды (шлак) тазалайды.
Витамин және минералдардың тарауын қамтамасыз етеді.
Денені жарақаттанудан қорғайды.
Клеткалардың және бұлшық еттердің бірігуін қамтамасыз етеді.
Тері клеткаларын ылғалдандырады және сауықтырады.
Ас қорытуда жоғарыдан төмен қарай ретімен астың қорытылуынан сіңірілуіне және де ең соңында қалдықтардың шығуына дейін судың міндеті орасан зор.
Денеде болатын күніне 2-4 литр су шығынының орнын қайта толтырып тұру қажет. Ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83%, бұлшық еттердің 75%, мидың 74%, сүйектердің 22% судан тұрады. Денеде 20% су жетіспеушілігі болуы өте қауіпті және өлімге дейін жетелейді.
Қажетті мөлшерде су ішпеген жағдайда:
Мидың жұмыс істеуі баяулайды.
Қан қоюланады.
Жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады.
Нәжіс сары түсті болады.
Іш қатуына(запор) себеп болады.
Су жетіспеген жағдайда мыналар болады:
Бас ауруы.
Бас айналуы.
Шаршау және әлсіздік.
Ойдың тынықтығы бұзылады.
Тәбетсіздік.
Биік жерлерде, ауа ыстық және нәмді болса, грип немесе температура болған кезде тұтынатын су мөлшері көбірек болуы керек.
Бал қосылған жылы су
Д
енсаулықты
қалпына келтіретін тағы бір қарапайым
әдіс – аш қарынға бал қосылған жылы су
ішу. Бал қосылға су несімен пайдалы және
оны қалай дұрыс ішу керек?
Бал қосылған жылы су – ең әуелі организмде табиғи процесті жандандырып, асқазанның жұмысын белсенді етеді. Кейбір мамандар алдымен аш қарынға су ішіп, сосын барып бал қосылған жылы су ішуге кеңес береді.
Тағы бір айта кетерлігі, суды емдік мақсатта пайдаланатын болсаңыз қайнатылмаған су ішу керек. Мәселен, мамандар бұлақтың немесе құдықтың суы болса және оның таза екеніне көзіңіз жетіп тұрса қайнатпай ішуге болатынын айтады. Немесе фильтр сүзгісінен өткен суды да қайнатпай-ақ бал қосып ішуге болады. Бал қосылған су адам ағзасын сергітіп, күш-қуат береді.
Суды міндетті түрде аш қарынға ішкен дұрыс.
Л
имон
қосылған жылы су
Л
имон
қосылған жылы судың пайдасы – құрамында
аскорбин кислотасының болуында.
Нәтижесінде
мұндай сусын ағзаның иммундық жүйесін
нығайтады. Сонымен қатар лимон қосылған
су қан құрамындағы қантты азайтып,
адамды сергітеді. Организмге қуат
береді.
2.3 Ауыз судың химиялық құрамы
Химиялық көрсеткіштері бойынша ауызсуға қойылатын талап кестесінде көрсетілген.
Ауыз су құрамының сипаттамасы
рН – 6,0-9,0 хлоридтер, мгл 350 дейін
Кермектілігі, ммольл – 7,0 Zn 5-ке дейін
Fe, мгл 0,3-ке дейін Al, мгл 0,5-ке дейін
K, ммольл 7-ге дейін Be, мгл 0,0007-ге дейін
Mn, мгл 0,7-ге дейін Mo, мгл 0,25-ке дейін
Cu2, мгл-1,0-ге дейін As, мгл 0,05-ке дейін
SO4, мгл 500-ге дейін нитраттар, мгл 45-ке дейін
Pb, мгл 0,3-ке дейін Sr, мгл 7-ге дейін
Құрамында әрдайым болатын заттардың 1 л судағы мөлшері 7.4-кестесінде келтірілген шамадан аспаса, су ішуге жарамды деп есептеледі. Судағы әр түрлі органикалық заттардың мөлшерін анықтау қиын болғандықтан, олардың мөлшерін оттегімен тотығуына баға беру арқылы анықтайды.Судағы органикалық заттарды химиялық тотықтыру үшін қажетті оттегінің мөлшерін оттегінің химиялық қажеттілігі (ОХҚ) деп атайды. Суда органикалық ластаушылардың бар-жоғы екінші көрсеткіш – оттегінің биохимиялық қажеттілігімен (ОБҚ) сипатталады. Бұл оттегінің (мг/л) органикалық заттарды
биохимиялық ыдырауға белгілі бір уақыт аралығында (1,2,5,20 тәулік) қажетті мөлшері. Мысалы ОБҚ2 – бұл екі тәулік ішіндегі оттегінің биологиялық қажеттілігі.Судың санитарлық тәртібі ең алдымен ондағы еріген оттегінің мөлшерімен сипатталады. Жылдың кез келген мерзімінде оның мөлшері 1л суда 4 мг болуы керек. Балықтың құнды тұқымдарын сақтап және ұдайы өндіру үшін 1л судағы мөлшері 6мг төмен болмауы керек.
III. Қорытынды.
Ал енді қорыта келгенде табиғат ана бізді аялап, қастерлеп, еш планетада жоқ суды бізге сыйлаған. Ата-бабамыздан қалған табиғи мұралардың ең бастысы су көзі болып табылатынын білген жөн. Су – бұл тіршілік көзі, тіршілік иелері үшін ауа қалай керек болса, су да солсияқты үлкен маңызға ие. Жердің көп бөлігін су алып жатқандықтан жердіғаламшардан қарағанда көк болып тұрады.Бұл жерде ғана тіршілік бар деген сөз.
Егер де сен гүлге апталап су құймайтын болсаң, гүл солып
өліп қалады, егер де күн сайын бақылап су құятын болсаң, гүл құлпырып
өседі.Сол сияқты адам да су ішкен сайын өсіп жетіледі, дамып тіршілік етеді.
Құрметті Қазақстандықтар суды аялап, оны қастерлеп күту керек екенін естен шығармаңыздар. Сусыз тіршілік көзінің жойылатыны айдан анық.
Ал қадірлі достарым,
Су – тіршілік көзіғой.
Осы менің жоспарым,
Бар пейілмен зейін қой.
Суды қастерлеп,қорғап, сақтап жүрейік.
Ұсыныстар:
-
мектеп оқушыларына өз жерінің су
қоймаларынқорғау мақсатында қоқыстарды
тастамауға, суды ластамауға үлестерін
қосу;
- ауыз суды үнемдеу;
- таза
суды ашқарынға ішуді жарнамалау;
-
сумен емделу тәсілдерімен танысу.
Пайдаланған әдебиеттер:
К.Аймағамбетова, Н.Ким Дүниетану 4-сынып Алматыкітап
ҚР энциклопедиясы 2010жыл
Емші Халықтық және ресми медицина үнқағазы 2017жыл
Денсаулық журналы 2014 жыл

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген