Мичурин
атындағы негізгі орта мектеп оқушысы
Жумадилов Айдархан
Жетекшісі:
Кудеринова М.Ж
Әке
- асқар тау, ана қайнар бұлақ, бала
жағасындағы құрақ» дегендей «Әке» деген
сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші!.
Әр отбасында әкенің орны ерекше. Әке -
отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің
тірегі, қамқоршысы . Әке – ұрпақтың
панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі.
Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың,
рудың қамқоршысы, ел ағасы. Өмірге келген
баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін
үлкен мәртебе, зор мақтаныш болмақ.
Сондықтан да әке ақылы мен жүру, ешкімнің
ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы
тек жақсы болашаққа ғана әкеледі. «Әкеге
бағыну – Аллаға бағыну»,-депті Мұхаммед
пайғамбарымыз. Демек, әкені ренжітпей
оның айтқанының үдесінен шығып отыру
- әрбір перзенттің басты парызы екен.
Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым
- қатынасы, өнері мен білімі өзіме үлгі,
өнеге алатын, оған қарап өсетін
нысанам.Отбасының береке, ынтымағы үшін
әкемнің әділ, ұстамды болуы мен үшін
орасан маңызға ие. Отбасымыздың ұйытқысы
, берекесі , мейір - шапағат көзі – менің
әкем. Өмірде әкесін жақсы көрмейтін
бала жоқ шығар, өйткені біз үшін әкенің
орны бөлек қой. Менің өмірдегі қымбат,
ең қымбат адамым ол - менің сүйікті
әкешім. Әкем менің кішкентайдан ақылшым,
қамқоршым.
Әке
ұл-қызын намысшылдыққа, елі, руы, қала
берді өз бауырлары үшін еңбек етіп, өмір
сүруге баулып отырады. Әкенің мейірімі
мен талапқойғыштығының, еңбеккерлігінің
бала тәрбиесіне ықпалы көп. Мен әкемнің
ешқашанда өмірдегі кездесетін қиындықтарға
мойымай қарсы тұра алатын қасиеттерін,
үлкенді сыйлауға деген, өзінен кішілерге
қамқор болуды,айналасындағы қоршаған
ортаға деген сыйлы қарым-қатынасын
көзбен көріп, жүрекпен сезініп өсіп
келем.
Менің
әкемнің аты – Данияр Жұмадилұлы Усанов.
Ол өте ақылды, білімді, дана және
мейірімді. Ол көздеген мақсатына өз
күшімен жеткен адам. Бүгінде өзінің
жеке кәсібі, бақытты отбасы, екі ұлы
бар. Әкем әрқашан ой үстінде жүріп, ойы
жаңа идеяларға толығып отырады. Әкем
кітапты да көп оқитын адам. Ол көбіне
тарихи шығармаларды және өмірден алынған
оқиғаларға негізделген шығармаларды
оқығанды жақсы көреді.Әкем мені қызықты
кинолардыкөруге үйретіп отырады. Біз
екуміз фантастика, әлем тану киноларды
қараймыз. Әкем жан- жақты адам, ол
барлығына үлгереді. Оның сүйікті ісі –
бау-бақ . Өз сүйікті ісіне асқан
шыдамдылықпен, мейіріммен мені де
үйретті. Ол жылқыларды ұнатады. Қазір
мен де жылқыларды сүюге баулып жүр