400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Ғылыми жоба "Топырақ - тіршілік көзі" 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
шығармашылықпен бөлісу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Білім мен Ғылым министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы







3 сынып оқушысы

Балтабаев Арсен Ринатұлы







ТОПЫРАҚ – ТІРШІЛІК КӨЗІ



Жетекшісі: Ә.Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының бастауыш сынып мұғалімі Г.С.Чингисова



















Петропавл қаласы, 2013 ж



Мазмұны

Кіріспе................................................................................................................4-бет

І бөлім. Топырақтың құрамы

1.1. Топырақтың құрамын анықтау................................................................5-бет

1.2. Тәжірибе жұмысы......................................................................................6-бет

ІІ бөлім. Өсімдіктердің өсуіне топырақтың құрамының әсері

2.1.шағын эксперимент алаңындағы тәжірибе .........................................10-бет Қорытынды......................................................................................................16-бет

Пайдаланған әдебиеттер тізімі....................................................................17-бет

Қосымша ........................................................................................................19-бет





Кіріспе

Ерте заманнан бері ата-бабаларымыздың түсінігінде жер – қазына, су –алтын, мол байлық  деп келген. Сондықтан да, қазақ халқы ұғымында «Табиғат пен туған жер» деген сөздер мағыналы. «Туған жердің топырағы да киелі», «Жері байдың елі бай», «Қара жер қарыз арқалайды», «Тозған жерде тоқшылық болмайды», «Күте білсең жер жомарт» деген ұлағатты сөздері арқылы жердің, топырақтың халықмыздың тіршілігінде маңызды орын алатының көруге болады. Жердің қазақ халқы үшін ғана емес, барлық жер бетіндегі адамзат қоғамы, жануарлар үшін маңызы өте ерекше. Ең алғашқы адамдар жабайы өсімдіктермен көректеніп, мәдени өсімдіктерге айналдыра бастады. Бүгінгі таңда адамзат өмірінде қаншалықты жаңалықтар: машина жасау, компьютерлендіру болып жатса да, топырақ - асырашу ана, күш-қуаттың қайнар көзі, тіршіліктің тірегі болып қала береді. Әдебиеттердегі түсінік бойынша топырақ – жер бетінің майда ұнақталған құнарлы қабаты, тірі және өлі табиғатқа тән бірнеше сипаттары мен қасиеттері бар ерекше құрылым (әдебиет). Адамзаттың бүкіл өмірі топырақпен байланысты. Топырақ – өзі тіршілік туындысы бола тұрып, сол тіршіліктің дамуына қолайлы орта, сондықтан да жер бетіндегі тіршіліктің өмір сүруі топырақтың құнарлығымен тікелей байланысты. Ал бүгінгі таңда топырақтың құнарлығы төмендеп бара жатыр, бүл үлкен экологиялық апаттарға әкелуге мүмкін. Егерде біз қазір тез арада топырақты қорғау жұмыстарын қолға алмасақ, жойылып кету қауіпі бар екендігі анық, осыдан да «Топырақ – тіршілік көзі» атты жұмысының өзектілігі мәлім. Топырақ туралы түсінікті негізге ала отырып мен өзімнің жұмысымда топырақпен бірнеше тәжірибе жасап, тәжірибелерімнің нәтижесіне сүйене отырып топырақ туралы толығырақ мәлімет және жаңа ақпарат жинақтауды мақсат етім. Зерттеудің мақсаты: өсімдіктердің өсуіне топырақ қалай әсер ететінің анықтау. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер алға қойлды:

  • Топырақ туралы ақпаратты жинақтап, зерттеу;

  • Топырақты қорғау мәселелері жөнінде ақпаратты зерделеу;

  • Үй және мектеп жағдайында топырақпен тәжірибе жүргізуге қолайлы жабдықтар жинақтау;

  • Тәжірибе жүргізу барысында қауіпсіздік ережелерін анықтап, сақтау;

  • Әртүлі құрамды топырақта өсімдіктердің өсу барысын бақылау және өсімдіктердің өсу жағдайын қарастыру;

  • Тәжірибе барысындағы алынған мәліметтерді сараптау.

Болжам: белгілі бір жағдайда өсімдіктер топырақта өсіп дами алады, егерде өсімдіктердің өсу жағдайын, топырақ құрамын өзгертсе, онда өсімдіктердің өсуіне топырақ құрамы қалай әсер ететінің анықтауға болады.

Үй және мектеп жағдайында кішкентай ғана, қарапайым зертханада топырақтың құрамын анықтап, топырақтың құрамы өсімдіктердің өсуіне әсер ететініне анықтау арқылы, табиғатта топырақтың алатын орнына, маңыздылығына және топырақтың негізгі тіршілік көздер екендігіне қөз жеткізу.

Зертттеу барысында келесі әдістемелер қолданылды: жинақтау, зерделеу, тәжірибе жасау, бақылау, сараптау.

І бөлім. Топырақтың құрамын анықтау

Топырақ — табиғат компоненттерінің бірі.Топырақтың табиғаттағы маңызы ерекше. Мысалы, өсімдік тірі ағза болғандықтан, оның тіршілік етуіне қоректік заттар керек. Қоректік заттардың кейбірі – шірінді және түрлі тұздар топырақта болады. Біз дүниетану сабақтарында шіріндісі көп топырақ өсімдіктің өсуіне өте қолайлы екендігін білдік. Біз үйдің алдындағы шағын жер алаңында көкіністер егеміз, ол жерге біз қарашірік топырақ әкеліп отырамыз. Қарашірік топырақ өсімдіктердің өсуіне қалай әсер ететінін білу үшін, ең алдымен топырақтың құрамына не кіреді екенін анықтау қажет. Оны анықтау үшін біз үйде және дүниетану сабақтарында тәжірибе жасауға дайындық жұмысын жүргіздік. Мұғаліммен бірге тәжірибе жүргізуге құрал-жабдықтар дайындадық. Аймағымыздың әрбір жерінен әртүрлі топырақ үлгілерін алып дайындадық. Тәжірибені бастамас бұрын жұмыс істеу барысында қауіпсіздік ережесімен таныстық. Барлығы дайын болғанан кейін тәжірибе істеуге кірістік.

1 тәжірибе.

Шыны ыдысын алып, оған су құйдық. Су құйылған шыныға бір уыс құрғақ топырақ тастап жібердік. Су бетінде ұсақ-ұсақ көпіршіктер пайда болды. Бұдан шығаратын қорытынды: топырақ құрамына ауа кіреді екен.

2 тәжірибе.

Тақтайшаның үстіне бір уыс топырақ тастап, оны шыны ыдысымен жауып тастадық. Тақтайшаны жылыту құрылғының қасына жақындатып қойдық. Жауып тұрған шыны ыдысы булана бастады, ал бір сағат уақыт өткеннен кейін шыны ыдысының қабірғасында су тамшылары пайда болды. Қорытынды: топырақ құрамында су бар екен.

3 тәжірибе. Бұл тәжірибені жасау үшін мұғалімнің көмегі керек болды және қауіпсіздік ережелерін тағы да бір рет еске түсіріп шықтық. Абсес пластинасының (жаңбайтын материал) үстіне топырақ тастап, темір тордын үстіне қойдық. Астынан от жандырып, топырақты қыздырдық. Жеңіл түтін және жағымсыз иіс пайда болды.

Қорытынды: Бұл түрлі өсімдіктер мен жәндіктердің шіруінен пайда болған қаршірік немесе шірінді жаңды. Ол топыраққа қара түс береді. Қарашірік топырақтың құнарлығына әсер етеді.

4 тәжірибе:Су құйылған шыны ыдысына қарашірігі ішінара жанып кеткен қыздырылған топырақты салып, араластырдық. Топырақ бөлшектері тұңғананан кейін біз оның әртүрлі қабатын көрдік. Түбінде құммен балшықтын бөліктері көрінді. Үстінде қарашірік.

Қорытынды: топырақ құрамына құм мен балшықта кіреді.

5 тәжірибе: Екі колба алып біреуіне балшық, екіншісіне топырақ салып, Суды балшықтан және топырақтан сүзіп өткіздік. Топырақтан су жақсы өтті, бірақ топырақ бөлшектері қалды. Топыраққа қарағанда балшықтан су баяу өтті, бірақ шыныда таза, мөлдір су ақты. Қорытынды: топырақ суды жақсы өткізеді. Ал балшық табиғи сүзгі болып табылады.

6 тәжірибе. Сүзілген судан тамызғыш арқылы бірнеше тамшыны шыны пластинкаға тамыздық. Біраз уақытқа жылытқыш құралғынын қасына қойып қойдық. Біраз уақыттан кейін су буға айналды, ал шыны пластинкасында ақ қақ пайда болды. Бұл минералдық тұздар. Қорытынды: Топырақ құрамында минералды тұздар да бар, олар суда ериді.

Сонымен, жүргізілген тәжірибені қорытындылай келе, топырақ - ауа, су, минералды тұздар, қарашірік, құм және балшықтан тұратының дәлелдедік. Оның құрамында қатты, сұйық, газ тәріздес және тірі заттардан тұратына көз жеткіздік. Қатты бөлігі –минералды және органикалық заттар. Сұйық бөлігі – минералды және органикалық ертінділерден тұратын су. Газ тәріздес бөлігі – ауа. Тірі бөлігі – бактериялар, саңырауқұлақтар және т.б. тірі ағзалар. Топырақтың құнарлы болуына осы заттарды әсер бар. Өсімдіктер құнарлы топырақтан тамырлары арқылы минералды тұздарды, қоретік затарды алып, суды бойына сіңіреді, ауамен дем алады. Топырақтың түзілуінде негізгі рөлді өсімдіктер атқарады. Жануарла дүниесі де (жауынқұрт, дернәсілдер, жәндіктер, соқыртышқан және т.б.) өзіндік үлесін қосады. Олар топырақты қопсыта отырып, оның төменгі қабаттарына дейін ауаның баруына мүмкіндік жасайды.

ІІ бөлім. Өсімдіктердің өсуіне топырақтың құрамының әсері

Біздің Солтүстік Қазақстан облысы негізінен егін егумен айналысады, бірақ әртүрлі аймақтарда егін шығымы әртүрлі. Бұған не әсер ететінін білгім келді. Әртүрлі құрамды топырақта өсімдіктер қалай өседі? Өсімдіктердің жақсы өсуіне, дамуына негізінен не әсер етеді? Алдымдағы қойған осы сұрақтарға жауап беру үшін келесі тәжірибе жасауға үйде ата-анаммен дайындық жұмысын жүргіздік. Алдымен біздің өңірдін әрбір жерінен және шаруашылық дүкендерінде сатылатын тыңайтықштар қосылған топырақ үлгілерін алдық. Тәжірибе жүргізу үшін негізінен егістікте егілетін дәнді дақылдарды және үй маңындағы өсіретін өсімдіктердің тұқымдарын алдық. Сонымен бізде бидай, сұлұ, бұршақ, фасоль тұқымдарын дайындадық және үй маңында отырғызатын пияздың луковицасы бен үгіршік тұқымдарын алуды жөн көрдік. Тұқымдарды әртүрлі құрамды топыраққа отырғыздық.

Қарашірігі мол топыраққа фасоль, бидай, сұлұ, пияз және үгіршік тұқымдарын отырғызылды. Құмды топыраққа бұршақпен бидай отырғызылды. Пиязды су мен балшықты топырақта отырғызып көрдік, ал үгіршік тұқымдары дүкеннен сатылып алынған қарашігі мол топыраққа және үй маңынан алынған топыраққа отырзылды. Біздің аймақта қыс өтте ұзаққа созылады, әсіресе биылғы жылы көктем кеш келді, ал біздің үйдің ішіндегі шағын тәжірибелік алаңымында әртүрлі өсімдіктер бірінші бұршақтарын жара бастады.

4 күн өткен соң қарашірігі мол, тыңайтқыштарға бай топырақта үгіршіктің бірінші жапырақтары пайда бола бастады, ал үйдің маңындағы алынған топырақта әлі көрінбейді. 1 апта өткен аралықта сұлұ бой көтере бастады қарашірігі мол топырақта қалын, біргелкі, биік болып өсті. Құнарлы жерде де фасоль 4 тұқымымна тек 1-ің ғана бой көтере бастады. Топырақта пияз жақсы шығым көрсетті, суда да өсіп келе жатыр. Пияз ерекше күтімді, жағдайды қажет етпейді, бірақ саз балшықты топырақта пияз мүлдем өспей жатыр. Сұлұнын да тұқымдары сазбалшықты топырақта өтте сирек өсті. Бидай басқа топырақтарға қарағанда құммен аралас топырақта жақсы өсуге бастады. Минералды тұздармен бай топырақта бидайдың шығымы жақсы нәтиже берген жоқ. Бұршақ құмды топырақта жақсы өсіп келе жатыр, ал үй маңынан алынған жай ешқандай тыңайтқыштарсыз топырақта тұқымдары әрбәр жерден ғана шықты.

Шағын тәжірибе алаңына өсімдіктерді отырғызылғанына 11 күн де өтіп кетті.

Үгіршіктің 5 тұқымынан 2-уі шықпай қалды, бірнеше жапырақтар пайда болды. Фасоль бірінші жапырақтары пайда болды, бір-ақ қалған 3-уі шықпады. Бұршақ құмды топырақта жақсы өсіп келе жатыр, ал жай топырақта шығындары шамалы. Ең жақсы өсіп келе жатқан пияз топырақта және суда, ал саз балшықты топырақта өзгеріс жоқ. Сұлұ барлық ыдыстарда жақсы өсіп келе жатыр, сонымен байқағаным әртүрлі құрамды топырақта жақсы өсе береді.

Бір ай аралық өткеннен кейнгі нәтижелер.

Басқа топыраққа қарағанда тыңайтылған топырақта отырғызылған сұлұның биіктігі 20 см жетті, бірақ шеттері сарғайа бастады. Бұршақ құмды топырақта жақсы өсетініне көзім жетті. Суда өсіп жатқан пияздан топырақтағының жапырақтары қалын, мықты, саз балшықтағы пияз жаңа-жаңа өсе бастады. Саз балшықты топырақта сұлұ өсуін тоқтатты, өліп қалды.

Сонымен шағын тәжірибе жұмысқа қорытынды жасасақ, келесі қорытынды шығаруға болады. Өсімдіктердің өсуіне жақсы қопсытылған, минералды заттарға бай, ылғалды топырақ қажет. Ал саз балшықты топырақта өсімдіктердің кейбір түрлері ғана өседі, соңының өзіңде шығымы шамалы. Күтім жасап, тыңайтылған топырақта өсімдіктер де жақсы өседі. Суарып отырған топырақта жақсы нәтиже көрінеді. Табиғи қарашірігі мол топырақта өсімдіктер өтте жақсы өсті.

Қорытындыға.

Топырақ негізгі өндіріс құралы, басқа өндіріс құралдарына қарағанда (машина) топырақты дұрыс пайдалансақ ол қасиетінен айырылудың орнына, керісінше құнарлығы артып, өнім беруді көбейтеді.


Бір уыс топырақ,

Бір шөкім бұлт енші алып,

Кетсем бе екен

Имандылау жер шалып...

Иіскетсем бе ұрпағыма болашақ,

Уа, Тәңірім! Тазасынан берші алып!..





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
15 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
3552
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі