жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғылыми жоба "Тұғырлы тұлға ұрпағы"
Алматы облысы,Іле ауданы
№1 орта мектеп
Жоба тақырыбы: «Тұғырлы тұлға ұрпағы»
Жетекшісі: Кусманова Айгуль Сагатжановна
Технология пәні мұғалімі
Орындаған: Фатыкова Камила Рафаиловна
7 сынып оқушылары
2020 жыл
Кіріспе
...Мәдениет ұлттың бет бейнесі ,жаны, ақыл ойы, парасаты .Біз «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыруды жалғастыра беру, сөйтіп,өткенді пайымдау арқылы қазіргі заман мәдениетін жан-жақты дамытуымыз қажет...
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев
Қазақ халқы ұрпағының өнегелі ,өнерлі, еңбексүйгіш,абзал азамат болып өсуін армандаған, бала тәрбиесіне байланысты жарасымды салт дәстүрлері де баршылық. [Ырым халықтың сенімімен ақ ниетінен ,шын көңілінен туған ұлттық ерекшеліктің бір саласы. Өмірде, тұрмыста, салтта жасалатын ырымдар саны көп және қолайлы сәтінде халық ұмытпай қолданған, әлі де қолданып келеді.][9.25.2]Ырымның ең басты ерекшелігі алдан кездесер кесір бәлекеттен сақтандыру болып келеді.
Жұмыстың мақсаты: Күміс көмей, жез таңдай әнші халық ақыны Кенен Әзірбаевтың сүйікті қызы, ән мұрагері Төрткен Кененқызы . ҚР «Мәдениет қайраткері»,ҚР «Халық ағарту ісінің үздігі»,Алматы облысы ,Іле ауданының «Құрметті азаматы». Төрткен Кененқызы ақыл ойдың парасаты мол, болмысы қазақы тәрбиеленген. Нағыз текті атаның ұрпағы Төрткен әжемен бір ауданда тұрғанымызды мақтаныш етеміз. Өнегелі өмірін, болашақ ұрпаққа деген тәлім тәрбиесін зерттеп , кеңінен тарату.
Аталған өзекті мәселені шешу үшін төмендегі міндеттерді шешу қажет: Ірі тұлғалар Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Борис Ерзакович т.б ұлтымыздың біртуар азаматтары зиялы қауымның көзін көріп, әңгімесін өз құлағымен естіп өсті. Төрткен әженің бай өмірбаянына үңілсек, елдің алдына шығып, көгілдір экраннан көрініп бойына асылдың жинаған қасиеттерін,кейінгі ұрпаққа беріп келе жатқан , қолы қалт еткенде домбырамен қатар қаламға жүгінетін , тәжрибесін тәлім тәрбиесін өнер сүйер жастарға ұсынудан жалықпайды. Болмысынан жаны жайсаң ,мінезі байсалды . Төрткен Кененқызы шынымен де нағыз ұстаз. Еңбек етпесе отыра алмайтын, ән шырқамаса көңілі орнына түспейтін, бойындағы барын жастарға үйретпесе жаны тыныш таппайтын, ұлт мәселесіне араласуды азаматтық парызы – деп санайды.
I Негізгі бөлім
1.1.Өмірдерек
Кенен әулетіне 1936 жыл ерекше қуаныш сыйлаған жыл болды. Сол жыл ақын Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігіне қатысу бақытына ие болса, жанұясында аңсап күткен арманы Төрткен дүниеге келді. Шыр етіп жерге түскеннен кіндігін ер балаға балтамен кестіріп, балтадай мықты болуын тілейді. Онан соң қазақы ырыммен 70-90-нан асқан үш қарт ананың және бір қарияның астынан өткізіп атын «Төрткемпірбіршал» деп қояды.Кейіннен ақын Төрткемпірдің төртін қалдырып өзінің кенін қосып сүйікті қызының атын «Төрткен» деп атаған.Анасы Насиха - көп бала тәрбиелеп өсірген ардақты ана.
Төрткен Кененқызы 1943-1953 жылдар аралығында алғаш Отар станциясында жеті жылдық мектепте ,одан соң Алматы қаласындағы №-12 қазақ мектебінде оқып, орта білім алған.Ол кезде бұл мектепте тек қана қазақ қыздары оқитын.
1954-1960 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақтың Мемлекеттік педагогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті бойынша бітіріп шығады. Еңбек жолын өзі тұрмысқа шығып барған Талдықорған облысы Гвардия ауданындағы Жоламан станциясының №274 орта мектебінде аға пионер вожатыйлықтан бастайды.
1961-1962жылдар аралығында жолдасы Байылданов Тасығанның жұмысына байланысты Текелі қаласына көшіп келіп,осы қаланың № 4 мектебінде бастауыш сыныптарға қазақ тілінен сабақ береді.
1962-1964 жылдары жолдасының Мәскеуге оқуға кетуіне орай Киров колхозына Жамбыл облысы ,Қордай ауданы ата- анасының қолына балаларымен көшіп келіп,осы колхоздың орта мектебінде қазақ балаларына орыс тілден сабақ береді.
1965-1974 жылдарда қазіргі Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасында аға библиограф болып қызмет атқарған
1974 жылы жолдасының қызыметінің ауысуына байланысты Іле ауданының сол кездегі орталығы Қапшағайға көшіп келіп,сонда алғаш профтехучилищеде тәрбиеші болып 3-4 айдай еңбек еткен.Осы жылдың аяғында Іле ауданының орталығы өзгеріп, Энергетик қазіргі Өтеген батыр кенті елді мекеніне көшіп келеді.Осы жерде Төрткен Кененқызы зейнеткерлікке шыққанша Іле аудандық халық ағарту бөлімінде еңбек еткен. Алғаш қазақ тілімен әдебиетінің методисі , инспекторы болып , онан соң аудандық әдістеме бөлімін басқарған.
1979-1987 жылдарда Іле аудандық мұғалімдер кәсіподағының басшылығына сайланды.Зейнетке кетер алдында аудандық кадр бөліміне ауысып,сонда біраз қызымет атқарды.
1.2 Тұғырлы тұлға ұрпағы
Отыз жылдан астам уақыт халық ағарту саласында істеген еңбегі елеусіз қалған жоқ. 1981жылы «СССР халық ағарту ісінің озат қызыметкері»,1985жылы «Қазақстан Респупликасының халық ағарту ісінің озат қызыметкері» деген белгілермен 1995жылы ҚР Білім министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған Еңбек ардагері. Дарынды отбасында өскен Төрткен апа өнерді мейілінше сүйеді,өнерліні қатты құрметтейді.Мектеп жасына дейін әкесімен бірге ауыл еңбекшілерін аралап,малшылардың қырықтықшылардың, шөпшілердің ,егін басындағылардың алдында ән айтып,тақпақ оқып өскен өсті. Мектепке барған соң да көркемөнер үйірмелерінің белсенді мүшесі болған. Халық ағарту саласында еңбек ете жүріп,көркемөнерден еш уақытта қол үзбейді. Қайда жүрсе де ,нендей қызымет атқарса да,еңбекшілер әсіресе оқушылармен оқытушылардың арасынан өнерге жақындарын ұйымдастырып,ансамбль құрып,ел арасында концерттермен шығып , жастардан алғыс,үлкендерден бата алған кездері аз болмаған.Бұл саладада еңбегі үнемі ескеріліп,марапатталып отырған.Аудан,обылыс, республика тіпті Одақ көлеміндегі алған грамоталары , дипломдары , алғыстарының өзі бір төбе. Солардың ішіндегі ең негізгілері «Қазақстан жастарының тұңғыш фестивалінің дипломанты» 1957 жыл, «Бүкіл Одақтық көркемөнерпаздар творчествосының лауреаты» 1985жыл , «Тұлпар сыйлығының лауреаты» 1995жыл атақтары баршылық . Зейнетке шыққаннан кейін де Төрткен Кененқызы еңбектен де, қоғамдық жұмыстардан да қол үзбей келеді . Егемендік алған жылдар ішінде бұл кісі араласпаған ауданымызда бірде бір іс шара болған жоқ деседе болғандай . Аудан орталығы «Энергетический» дің «Өтеген батыр кенті» аталуына ,осы орталықта ашылған «Мұқағали Мақатаев атындағы қазақ орта мектебінің» және «Қуат» қазақ балабақшасының ашылуларына ,ауданымыздағы Наурыз сияқты көптеген мерекелердің өз дәрежесінде өтуіне ,тағы басқа толып жатқан істерге ат салысып жүргені. Сондықтан да болар аудан еңбекшілері оны 1999 жылы Іле аудандық Маслихатының депутаты етіп сайлады . Ал 2001 жылы тәуелсіздігіміздің 10 жылдығына орай «Іле ауданының құрметті азаматы» атағы берілді. «Ардагерлер» ансамблінің алғаш ұйымдастырушысы . Бұл ансамбль қазір «Халық ансамбль» атағын жеңіп алды . Төрткен Кененқызын ел жұрты «Асылдың сынығы , әке өнерінің мұрагері» деп де бағалап, аса құрметтейді . Біз Төрткен апайды өзінің ата-ана алдындағы перезенттік парызын мейілінше адал атқарып жүрген , Кенен атаның маңдайына біткен жұлдызы да , құндызы да деп есептейміз .Өзінің қызыметімен қоса , от басы,ошақ қасы,бала шаға ,жанұя тірлігімен қоса , әке шығармашылығын дамытып ,келе жатқан Төрткен Кененқызын тірлігі көпке үлгі болуға тиіс. Хат танығаннан арабша жазылған әке шығармаларын орыс әріпімен жазып отырған. Бүкіл әндерін автордың өз аузынан үйреніп , бірте бірте әндерін сахна радио, теледидар арқылы орындап халыққа жеткізген, шығармаларының баспасөз беттерінде жариялануына үнемі ат салысқан .
1976 жылы әкесінен үйренген 90 әнді нотаға түсіртіп , «Бозторғай» деген атпен жеке жинақ етіп шығартқан .
1984 жылы ақын еңбектерінің екі томдық таңдамаларының шығуында редакция алқасына еніп көп еңбек еткен .
1998 жылы «Жалын» баспасынан «Кенен» деген атпен естелік эссе жазып жеке кітап етіп шығартқан . 2005 жылы әкесінің туғанына 120 жыл толу мерекесіне орай «Кенен ата» деген атпен алғашқы «Кенен»деген еңбегін толықтырып қайта шығарды . Сондай ақ , әкесі жайында жазылған естеліктер мен ертеректе саясатқа сыймаған көптеген еңбектерін құрастырып , «Екі Кенен тумайды» және «Аңыздар сыры» атты кітабы жарық көрді . Әрі осы жылы әкесінің өз үнімен орындаған әндері «Алатау аясында» деген атпен және өзінің орындауындағы әкесінің әндерін «Ой , жайлау», «Мен сүйемін халқымды» деген аттармен үнтаспаларын шығарды. Өзі тұрған ауданның Боралдай елді мекеніндегі № 15 мектебінің, сол мектеп тұрған көшенің Кенен Әзірбаев есімімен аталуына, мектепте ақын шығармаларына арналған мұражайдың ашылуына да аянбай ат салысқан , ұсыныс жасап ,басы қасында болды. Төрткен Кененқызы Алматы қаласындағы Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада цирк колледжінің «Жетісу ән дәстүрі» бөлімінде Кенен Әірбаев әндерінен сабақ береді .
2000 жылдан бастап Мәдениет министрімен Жамбыл обылысының әкімі екі жылда бір рет Кенен Әзірбаевтың музыкалық шығармаларына арналған «Шырқа дауысым» атты Республикалық конкурс өткізіп тұру керек деген шешімге келді . Содан бері Тараз қаласында жыл сайын байқаулар өткізіліп келеді . Бұл байқаудың өтуіне ұсыныс жасап жүрген де Төрткен апай. Ең маңыздысы осы байқаулардың бәрінде Төрткен апайдың өзі қатысып, шәкірттері Кенен әндерін орындауда ерекше көзге түсіп абыроймен оралуда .
Төрткен Кененқызы 2004 жылы Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісімен марапатталды . Осы жылдың қазан айында өткен ҚР ның Білім және ғылым қызметкерлерінің съезінде Алматы обылысынан делегат болып қайтты. 2005 жылдың қыркүйек айында «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталды .
1.3. Балалық шағы.
Әкем де, шешем де балажанды еді .Балаға зарығып жеткендіктен бе , әйтеуір дауыс көтеріп ұрысып, ұрып көрген жоқ,еркін де ерке өстік.Әр баласын ардақтап баға беріп , құрметтеп қошеметтеп тәрбиеледі.Бір менің өзіме арнап төрт өлең шығарыпты.Дүниеге келгенім, оқығаным , тұрмыс құрғаным ,бәрі бәрі жыр болыпты. Біздерге арнаған әкемнің бесік жырлары қаншама. Өсе келе асық ойнайтын болдық.Ол кезде қой көп сойылды, әрқайысымыздың дорба дорба асығымыз болатын. Әжем оларды неше түрлі бояумен бояп беретін. Қатар-қатар асықтарды тізіп қойып кезекпен атамыз. Атам бәріміздің асығымызды сыпырып алады.Ұтылып айырылып қалған асықтарымызды қайтарып алу үшін атам сияқты дәл тигізудің амалын таппай әлекпіз. Асықтан «Хан»- деген ойынды ойнаймыз.Топ тобымен асықтарды үйіргенде кімнің асықтарының үстінде алшы тұрған асықтар көп болса , сол хан болады. Ләнгі ойнағанымыз қандай қызық еді. Алдымен ләнгіні қалай жасайтынын үйретті. Кәдімгі бес тиынның ортасын тесіп ,оған ешкінің бір топ қылын өткізеді де,сол жерге қорғасын құяды.Екі аяқпен кезек-кезек теуіп ойнаймыз.Кім көпке дейін ләнгіні жерге түсірмей көп сан алса,сол жеңеді. Жеңілгеннің басынан қуып жүріп мәтек аламыз.Әдемі , жылтыр,бірыңғай қой тастарды жиып әкеліп , «Қақпатас» деген ойын ойнаймыз.Бірін жоғары жоғары лақтырып ,ол келгенше екіншісін жерден іліп үлгеруіміз керек.Бұл ойындар бізді жылдамдыққа ,ептілікке үйрететін. Сол сияқты «Соқыр теке», «Тығылмақ», «Ақсүйек» , «Ақ терек , көк терек» тағы басқа көптеген ойындардың бәрінде атам өзінің егделігіне қарамастан бізбен ойнай беретін . Бала кезінде өзінің қамысты сырнай , қалақты домбыра қылып ойынағандарын , сондағы нелер бір қызықты істерін бізге ерінбей жалықпай айтып беретін.
Менің бала кезімде тұсау кесу тойы көп болатын. Жас бала еңбектейді, тік тұрғысы келеді ,алайда тұра алмай құлай береді,жүргісі келіп ,талпына бастайды.Сол кезде үлкендер «қаз қаз» деп шуылдап дем береді,қолынан алып «тәй тәйлеп» жетектейді. Баланың ата аналары мал сойып ,ағайын туғандарын, жора-жолдастарын абысын-ажындарын,көрші-қоландарын шақырып, баланың тұсау кесер тойын жасайды. Үлкендер баланың аяғына түрлі түсті есілген жіп немесе қойдың көтен ішегін байлап,кеседі , жүйріктеу бір адам баланы жерден көтеріп алып , тұра жүгіреді. Бұл адамдар ырымен алады. Бұл баланың тезірек жүріп кету үшін жол ашу ырымы деп есептелінеді.
Біздің бала кезімізде кино, театрларымыз да, клубымыз да ата анамыздың қасы, дастархан басы еді. Әкеміз көбіне ел аралап кетеді. Ал үйде болғаны біз үшін мереке сияқты. Үлкен дөңгелек үстел үстінде жаңа ғана пісірілген қызыл бауырсақтар , таба нанадар ,шелпектер жайылып жатады . Құрт ,май, ірімшік, кілегей , қатық бәрі де анамыздың қолынан шыққан тағамдар бірнеше жерден қойылады. Үстелдің айналасына қалыңдап көрпешелер төселінеді, жастықтар тасталынады. Айнала тап -таза, төрде атам отырады. Атамнан соң, әжем, аға, әпке, тағы басқа үлкендер отырады. Солардан соң ғана балалар орналасады. Божылдаған самаурынның қасында апам отырады. Самаурынға сексеуілдің шоғын салып, дауысы шығып тұрмаса ,әкем шай ішкен ғұрлы болмаушы еді. «Шәйнектің астына да қаңылтырмен шоқ тартып жиі-жиі демдеп отырсам ,құйған шайбастан аяқ бірыңғай болады», дейтін апам. Шай құюдың да неше түрлі болатынындығын «күрең шай», «құлқасқа шай» , «қызыл шай» деген аттары бар екендігін әке-шешемізден еститінбіз. Асқа ең алдымен үлкендер қол салуы керек , сонан соң ғана балалар кіріседі .Әрі наннан үлкен еш нәрсе жоқ, ең алдымен наннан жеу керек деп отыратын әжем . Атам қашан әңгіме айтып отырады екен деп күтіп отырамыз . Атам тамақтанып , шайға қанып алған соң, домбырасын қолына алып әңгімеге кірісетін еді. Осындай дастархан басында әкемнің аузынан «Манастың» кейбір тарауларын , «Көреғұлы сұлтанды» , «Қыз Жібек» , «Қозы Көрпеш Баян сұлуды» , «Ләйлі Мәжнүн» , «Ертөстік» , «Қобланды» , «Алпамыс» тағы басқа ертегі әңгіме , қиссаларды жатқа айтқандарын естіп өстім .
1 .4. Т.Кененқызына арналған арнау жиынтығы.
Домбырамды сыйлаймын,
Аяулы қызым Төрткенге.
Ән жырымды орындап ,
Әке жолын күткенге.
Ерінбей айтып береді,
Келген менен кеткенге.
Құмар боп өстің жасыңнан,
Көпке қызымет еткенге.
Болса бөлек тұрағың,
Жанымды ұққан құрағым.
Ризамын мен саған ,
Өзгеше туған шырағым.
Мақам сазын өзгертпе,
Еліктеп еріп басқаға.
Аманат саған ән мұрам,
Домбырамды тастама.
Кенен. 1974 жыл.
Бақ берсін барған жерде Төрткенім ай,
Өзіңді аңсап жүріп өпкенім ай.
Кәрі әжең,ауру атаң, ақсақ апаң
Япырмай қиын тиді кеткенің ай.
Аттандың той жасатып екі жерге,
Қоштасып, бата алып қалың елден.
Кемшілік бұл жақтан да көрмеп едің,
Аққудай барып қонған шалқар көлге.
Тәтелеп сіңіллерің ініңменен
Ән салсаң айнымаушыед үнің менен.
Өзіңді ұл балаға балаушы едім,
Аттанбақ болдың үйден шыныменен.
Аман жүр қайда жүрсең қанаттарым,
Қоңқылдап сені іздеп алақтадым.
Кеп жатыр сен жоқтада сәлем беріп,
Көп екен достарың мен жолдастарың.
Аты бар әжептәуір, әкең Кенен,
Абырой өзіңе де әкем деген.
Халқыңа қалаулы бол,елге елеулі,
Тілегім менің қалқам, Төрткен, сенен.
Сәлем де құдағи мен құдаларға,
Сағынған сәлем айтпай тұра алар ма.
Екі үш жыл тәрбиелеп үйретіңдер,
Ауылыңа барды біздің ерке бала.
Біз емес бұрынғыдай малға сатқан,
Жібермей сүйгеніне зар жылатқан.
Тасыған екеуіңе тілектеспіз,
Қалада оқып жүріп,өзің тапқан.
Бір туған Бақтиярдан Абақ Тарақ,
Алатау Жетісуда жатыр тарап.
Жақсы ел деп Жалайырды ел мақтайды,
Сауыққой меймандос деп қырғыз қазақ.
Балалар бақытты бол .
Төрткенім бақытты бол.
К.Әзірбаев. 1957 жыл.
[Жыр шашу
Төрткен апай жасынан,
Шықпай әке қасынан.
Сусындатқан сезімін.
Әнін тыңдап жасынан.
Домбырамен сырласып,
Қос ішекті сөйлеткен.
Кенен ата өлең жыр,
Жаттатқызып үйреткен.
Төрт кемпір мен бір шалдан,
Туылғанда бата алған.
Жақсы жар ,келін ана боп,
Ару әже атанған.
Көрік болып ауылға,
Көмек беріп бауырға.
Ұстаздық етіп жүреді,
Өнерпаз жас қауымға.
Кең даламдай кең тыныс,
Сарынын саздың жеткізіп.
Нақышын бұзбай келеді,
Қағысын түзу шерткізіп.
Мінезге бай ақжарқын,
Бағалай білер сөз нарқын.
Тілі, ділі,дәстүрі,
Салтымен сүйіп өз халқын.
Төрткен апай елімнің,
Мақтанатын бір қызы.
Жеті ондық жасында,
Жарқырап тұр жұлдызы.
«Үкілім ай» журналы,
Жырға толы жүрегі.
Төрткен апай тойына,
Арнайды бата тілегін.] [6.1.2. ]
«Үкілім ай» халықаралық журналы
ақын Қалжанова .Ж.Ш
Төрткен Кененқызына
Тіршілік қылаң берді ақ таң да атып,
Шыр етіп бір қыз туды ақпандатып.
Шілдесін күзетуге Жәкең барып,
Сүр жеген ,сорпа ұрттап, ақтан қатып.
Түбінен искегенде құлағының,
Жәкеңнің алды сәби нұр ағынын.
Өнердің шәрбәтынан мен де таттым,
Төрткендей Кенекемнің құрағының.
Төрт кемпір ырым жасап бір шалменен,
Өткізіп маймақ бұттан «Тұрса» деген.
Бар әнін әкесінің жастай жаттап,
Бұл Төрткен киімінде ұлша киген.
«Төрткемпірбіршал» атты көркем сол қыз,
Майкөт боп, інгәлады Көркеміміз.
Соңынан алтын асық қыздар туып,
Жайылды Бақытжанмен өркеніміз.
Атанған егіз аққу Жетісуда,
Жамбылмен қоса жүрген үлкен дуда.
Жыр жорға Үмбетәлі әнші Кенен,
Думан ед келін түсіп,келсе құда.
Төрткенмен жалғастырдық жол тармақты,
Дәм таттым шешемізден бал бармақты.
Төрткенім әмеңгерім шалымнан соң,
Есіне алмасыншы қартаймақты.
Жарқылдап жиын тойда ақ алмастай,
Айдында қатар жүрдік жұп жазбастан.
Жамбылдың жетпістерде тері алынған,
Аққудай қанат қақсын жүз жас астам.
Тойыңда толықсисың Қыз Жібектей,
Жүзіңді әжімдетпе жүз жыл өтпей.
Алдыңда қол қусырып басын иген,
Надежда, бауырыңмен Тұрлыбектей.
Шырқа қыз ылди өрде қасыңдамын,
Бір арман жаныңда жоқ Тасығаның.
Бауырың бала шағаң той бергенде,
Тоба де,шүкіршілік ет осыған мың.
ақын Н.Лушникова
II Зерттеу бөлімі
2.1. Өнегелі сыр- сұхбат
Төрткен Кененқызымен , Өтеген батыр кентіндегі Ардагерлер үйінде түскі сағат 13 .00 жетекшіміз Тынбаева Бағлан Кеңесовнамен келдік, толқып тұрмыз, қалай әңгімемізді бастаймыз, алдын ала дайындаған сұрақтарымызды іштей қайталап қобалжып тұрмыз. Жеп жеңіл әдемі жүріспен кеңсеге қарай келе жатқанын көрдік , алдынан кесіп өте алмай, артынан жүгіріп келдік.(Алдын ала хабарласып кездескіміз келетінін айтып қойғанбыз)
Аяжан : Төрткен апа сәлеметсіз бе?
Т.Кененқызы: Амансыңдар ма балалар? Деп (ақжарқын күлкісімен бетімізден сүйіп, құшақтағанда ,осындай данықты адамның қарапайымдылығына біз таңқалдық)
Жайнар : Сіздің дүниеге келгеніңіздің өзі бір керемет аңыз сияқты, өзіңізден естісек деп армандап едік.
Т.Кененқызы: «Төрткемпірбіршал»- деп ат қойған оқиғаның өзі бір қауым әңгіме. Шыр етіп жерге түскеннен кіндігімді ер балаға балтаме кестіріп,балтадай мықты болуымды тілепті.Онан соң 70,80, 90 –нан асқан төрт кемпірдің бір шалдың астынан өткізіп алыпты да атымды Төрткемпірбіршал қойып құлағыма үш рет айқайлапты. Содан мені біреуден бір қап тезекке сатып алып, тұмаққа салып байлап, қойыпты. Шіркін қазақтың ертеден келе жатқан әдемі ырымдары, қайтсек перезентіміз аман есен қатарға қосылар екен деген түзу тілектен туған нәрсе. Мектепке барғанда тіпті күлкілі көріністер көбейді . Сондықтан Төрткемпірдің төртін қалдырып , өз әкем Кененнің «Кен» деген буынын қосып,Төрткен деп қойған.
Аяжан : Кенен атаның сүйікті қызысыз . Кенен ата туралы әңгімелер айтып берсеңіз .
Т. Кененқызы: Әкемнің ықыласы маған ерекше ауады , бесіктегі күнімнен бастап мені домбыраның сазыды үнімен тербетіп,қоңыр дауысымен әлдилейтін. Тіршіліктегі бар жақсылық атаулыны , менің бойыма дер кезінде сіңдірді . Маған арнап «Айтостаған», «Торғай, торғай, торғайсың» атты бесік жырын шығарды . Бала кезімнен шешемнен гөрі әкеме жақын болдым. Оның шуақты мейрімімен ыстық ықыласына бөлене жүріп, өзінің жүріс тұрысымен де ,сөйлеген сөзімен де ұқсағым келді . Әкем өнерге деген талпынысымды байқаған болса керек . «Қызым алтын пышақ қында жатпас күй білмесеңде домбыраңды тарта бер. Егер бойыңда шынымен бірдеңе болса , әйтеурі сыртқа шығады.» деуші еді әкем. Әкем бетімнен ешқашан қаққан емес ,музыкалық білімі болған жоқ , қазіргі алфавитті білмеді. Молдадан төте жазуды үйренген , әріп тани бастағаннан бері әкемнің өлеңдерін қағазға түсіре бастадым. Мен әкемнің бірінші хатшысымын деп те айта аламын . Бізде қонақта Мұхтар Әуезов , Сәбит Мұқанов , Ғабит Мүсірепов , Әбділдә Тәжібаев ,Борис Ерзакович басқа да зиялы қауым өкілдері жиі болатын , әкеммен әңгімелесіп , өлеңдерін тыңдап қайтатын .Атамнан мақтау есту біз үшін орден алумен бірдей , ал сөгіс есту ұяттың ұяты еді .
Жайнар : Әкеңіздің қандай өнегелі сөздері үнемі жадыңызда жүреді?
Т. Кененқызы Әкеміздің есте қалатын өнегелі сөздері өте көп , самаурынға шай қайнатылып , кешкісін дастархан басында жиналамыз ,сол кезде өсиет сөздер ,жыр дастандар айтылатын еді. « Сендер жүрген жерлеріңдегі жер аттарын ,онда қандай оқиға болып өткендігін ,сол өңірде өмір сүрген , артына өшпес із қалдырған, адамдардың аты жөндерің ұғып алуға тырысуларың керек . Мұндай жерлерден өткенде міндетті түрде тоқтап , аруақтарына бас иіп, тағзым етуді ұмытпаңдар . Мұны халқыңа көрсеткен ізет деп түсінген жөн » деуші еді әкем .
Аяжан : «Атам күйші , актер де еді» деп айттыңыз осы туралы тереңірек айтып берсеңіз .
Т.Кененқызы :«Құлақ күй» , «Қызыл әскерге» , «Сарбарпы» , «Алып қара құс», «Жаудан қашқан өгіз» , «Ботаң қалды қарқарау» деп аталатын күйдің қайсысын алсаң да , өзіндік тарихы бар , сазға бай әуендік жағынан құнды туындылар . Актер деп айту себебім атам Үмбетәлі атаның жырлағанда , жорғалап кететінін, Жамбыл атамыздың ашуланғанда сақал мұртын тарап кететінін , әндерін айтып іс- әрекеттерін келтіретін.
Жайнар : Баспасөз беттеріндегі «Асылдың сынығы» , «Перезенттік парыз», «Отец оставил мне домбыру» т.б көптеген мақалаларыңыз бар . Ата-ананың еңбегін ақтау жайында айтсаңыз.
Т.Кененқызы:Кейбіреулер мол дүние жинап , қыруар қаржы тауып, ата анамыздың борышын ақтап жатырмыз деп ,біреулер биік атақ , абыройын мансабын тілге тиек етеді . Атамның шығармаларын жарыққа шығаруға атсалыссам , үлесімді қоссам , әкемнің аманатын орындағаным . Атам жайында қанша айтсам да, таусылмайтын сияқты. Уақыт өткен сайын,сағынышым арта түседі .Жүріс тұрысы, келісті келбеті ,сергектігі, айтқан әңгімелері ,үні , домбыраның сазы , бәрі бүгінгідей есімде .Оны сағынамын , іздеймін . Сол сағыныштан ,ізденістен туған «Кенен» атты кемел кітап , «Жалын» баспасынан жарық көріп , қалың елге тарады.
Аяжан : «Тұғырлы тұлға ұрпағы » атты ғылыми жұмысымызды жазуымызға себеп болған сіздің өнегелі өміріңіз, өзіңбен бір ауданданда тұру, біз үшін үлкен мақтаныш ,сізбен әңгімелесіп , өнеге үлгіңізді қазіргі жастарға таратуды парызымыз деп ойлаймыз.
Кенен атаның өнерін жалғастыруда аянбай еңбек етіп жүрсіз , сол туралы айтсаңыз.
Т.Кененқызы: Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада цирк колледжі басшылығының өтінішімен ,осы оқу орынының халық әндер бөлімінде, Кенен Әзірбаев әндерінен сегіз жыл сабақ бердім. «Екі Кенен тумайды» , «Кенен ата естеліктерінен» кітап шығардым «Қосылған қоңыр қазға ән мен үнім», «Әм қалсын» Қазақстанның белгілі әншілерінің орындауындағы «Кенен Әзірбаев әндері» Кенен атамның орындауындағы альбом дискілерді шығардым. «Бұлбұл еді дүлділ еді Кенекем» еңбектерінен бес томдық жинақтарын шығардық . Екі жылда бір рет Тараз қаласында «Шырқа дауысым» атты Кенен Әзірбаев әндерінен үздік орындаушы байқауын өткізіп тұрамыз .
Жайнар: Алматы қаласында Таулы қырат етегінде Кенен атаның ескерткіші орнатылды. Т.Кененқызы :Осы игілікті шараның басы қасында жүрген Алматы қаласының әкімдігіне рахмет . Елбасымыз Жәкеңді қалай жақсы көрсе , Кенен атамызды да солай қуат тұтатын Ұлылары көп елдің жыры да таймайды.
Аяжан : Сіздің өміріңіз, өнеріңіз Отанымызға ,Халқымызға ,болашақ ұрпаққа, ауданымыздағы жастарымызға үлгі өнеге болатын игілікті істер атқарып жүрсіз, қайрат жігеріңіз таусылмай ,Жамбыл атаның жасынан асыңыз деп тілейміз . Жастарға не айтар едіңіз.?
Т. Кененқызы: Атамнан мақтау есту біз үшін орден таққанмен бірдей , сөгіс есту ұяттың ұяты еді . Үлкенді тыңдамау ,кішіні ренжіту өлімнен де жаман сияқты еді. Қазір ше ? Неге әкеден бала именбейді ,бала өзінше ,әке өзінше тірлік етеді. Неге әкесі баласын ертіп жүріп баулымайды , шешесінің қас қабағына қарайтын қыздар неге сирек кездеседі ?
Аяжан : Әңгімеңізге көп рахмет .Сау болыңыз.
Т.Кененқызы: Еңбектерің жанып, еліміздің елеулі азаматтары болыңдар. Аман болыңдар айналайында
Зейнеткер Артаев Әкімжан атамен сұхбат: Жағы демалыста жоспарлағандай ,Төрткен апамен замандас қариялардан сұхбат әңгімелесуді армандап едім,сол арманым орындалғандай. Әкімжан атамен танысып ,бір –екі сұрақтарыма жауап беруді өтіндім.
Жайнар: Сәлеметсіз бе? Әкімжан ата қал-жағдайыңыз қалай?
Әкімжан ата: Аман-есенсіздер ме?Маған келіуіңе не себеп болды ?
Аяжан : Сізбен сұхбаттасуды жөн көрдік.
Әкімжан ата : Ал енді құлағым сенде айта ғой.
Жайнар : Біз сыныптасым екеуімыз «Тұғырлы тұлға ұрпағы » тақырыбында Төрткен апаның өнегелі өмірін болашақ ұрпаққа- тәлім тәрбиесін тарату мақсатында ғылыми зерттеу практикалық конференцияға дайындалып жатырмыз.
Әкімжан ата : Бастаған игі істерің расыменде жақсы екен. Мен Төрткенді бала кезімнен білемін. Бала кезімізде Кенен атаның әндерін сүйіп тыңдайтынбыз, сол кезде, Төрткен де атасымен бірге ән айтып, өнерін тамашалайтынбыз.
Аяжан : Әңгімеңізге рахмет! Аман-есен болыңыз.
Әкімжан ата : Айналайындар талаптарыңа нұр жаусын! Сау болыңыздар!
Кенен Әзірбаев мұражайының қызметкері Айжан Көркемжанқызымен сұхбат: Төрткен апаның інісінің қызы Қордай ауданындағы Кенен Әзірбаев ауылындағы Кенен Әзірбаев мұражайына саяхатқа бардық. Кенен атаның кітапханасын ,сол кездегі киген киімдері тұрмыс тіршілігінде қолданған заттарды өз көзімізбен көрдік.
Жайнар : Айжан апай сәлеметсіз бе?
Айжан апай : Cәлеметсіңдер ме балалар?
Аяжан : Айжан апай Кенен атаның мұражайын аралап, таныссақ деп едік.
Айжан апай : Қош келдіңдер! Мен сіздерге аралап , көрсетейін. Кенен атаның тұрмыс тіршілігінде қолданылған заттар ,мына сөреде тұрған кітапхана зиялы қауымның шығармалары. Мына ілулі тұрған Кенен атаның киген шапандары.
Аяжан : Мына тұрған домбыра Кенен атаның домбырасы ма?
Айжан апай: Ия атамыздың домбырасы ,тағы бір домбырасы Астанадағы мұражайда тұр.
Жайнар : Әсерлі әңгімеңізге рахмет, мен сізді ешқашан ұмытпаймын!
Айжан апай: Аман бол ! Бақытты бол! Келіп тұрыңдар!
Іле ауданының тұрғыны, зейнеткер Тлеубаева Кадиша апаймен сұхбат:
Кенен ата әндерін сүйіп тыңдайтын Қоянқұс ауылының тұрғыны Тлеубаева Кадиша апамен жүздесіп әңгімелесудің сәті түсті.
Жайнар : Сәлеметсіз бе? Кадиша апа мен сіздің Кенен атаның әндерін сүйіп тыңдайды деп естідім .
Кадиша апа : Ия мен Кенен атаның әндерін бала кезімде ауылдағы ата әжелерімізден естідім . Сол кездегі «Базарым ай Назарым ай» әні оның шығу тарихы шалғай ауылдағы (Мен өзім қазіргі Қабанбай ауылының тумасымын ) маған бір аңыз сияқты болатын. Өлеңдегі жыр жолдары маған қатты әсер ететін.
Аяжан :Біз қазір ұнаған әншіміздің өлеңдерін ғаламтордан көшіріп алып, кез келген уақытта тыңдай береміз,сіз неге ата әжелерден естідім дейсіз?
Кадиша апа: Біздің жас кезімізде теледидардан, радиодан концерт бір ғана уақыт беріледі , теледидар әркімнің үйінде жоқ , қай уақытта болады екен деп сағынып күтетінбіз. Қазіргідей әр бөлмеде бір теледидар , ғаламтор болған жоқ, сондада біздің балалық шағымыз , мағаналы ән мен жырға , тәрбиеге толы болды .
Жайнар : Ауданымыздың тұрғыны Т.Кененқызы туралы не білесіз?
Кадиша апа: Кенен атаның сүйікты қызы ,ән мұрагері. Парасатты ,білімді, мәдениетті , жастарға берер тәлім тәрбиесі бар, Халқымыздың сүйікті қызы деп білемін.
Жамбыл облысы Қордай ауданының тумасы Жамбылұлы Әмірхан ағаймен сұхбат: Т.Кененқызының жерлесі Жамбылұлы Әмірханмен сұхбаттасудың реті келді.
Жайнар : Төрткен Кененқызының жерлесі екенсіз ,ол кісі жайында не айтар едіңіз?
Жамбылұлы Әмірхан Төрткен апай ,Кенен ата деген ұғым менің санамда егіз ұғым , екеуін бір бірінен бөлек айту мүмкін емес . Бала кезімізден Кенен атаның әндері құлағымызға сіңіп өсті , ол кісінің әнінсіз біздің ауылда жиын той өтпейді. Төрткен апай туралы айтатын болсам, Кенен атаның мұрасын болашақ ұрпаққа қаз қалпында жеткізуші.Еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек етіп жүрген еңбекқор азаматша деп айтар едім. Өз басым Төрткен апайдың жерлесі екенімді мақтан етемін.
Аяжан : Сіздің орындауыңызда Кенен атаның бір әнін тыңдасақ .
Жамбылұлы Әмірхан :Әрине Кенен атаның бір әнін орындап бермесем , маған сын болар «Ой жайлау» әні орындалды.
Жайнар :Әңгімеңізге рахмет,сау болыңыз .
Жамбылұлы Әмірхан: Өзіңе де рахмет , мақсатыңа жетуіңе тілектеспін!
Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасы бөлім меңгерушісі Сейтенова Қуаныш Қаматайқызымен сұхбат: Өтеген батыр кентіндегі Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасы бөлім меңгерушісі Сейтенова Қуаныш Қаматайқызымен сұхбат жүргіздік.
Аяжан : Сәлеметсіз бе? Қуаныш Қаматайқызы.
Қуаныш Қаматайқызы: Сәлеметсіздерме ? Балалар қайдан келдіңдер?
Жайнар: Біз Қоянқұс ауылы №1мектептен келдік. Біз Торткен апа жайында дерек жинап жүрміз .Төрткен апа жайында айтып берсеңіз.
Қуаныш Қаматайқызы: Өте тамаша ! Біздің ұжымымыз Төрткен апамен тығыз байланыста . Мереке күндерінде өткізілетін кештерде ,біздің құрметті қонағымыз. Үнемі Төрткен апаны шақырып, өмірлік тәжірибесін жастарға үлгі етіп ,көрсетіп отырамыз.Кеше болған өздерің де білетін шығарсыңдар «Еңбек» куніне арналған мерекелік кешке шақырып , өз еңбек жолындағы жетістіктерімен бөлісті .Жастар қызығушылықпен тыңдады
Аяжан : Мына жерде бізге таныс кітаптар тұр екен бізге таныстырып берсеңіз.
Қуаныш Қаматайқызы: Ия бұл жерде Төрткен апаның шығармашылық бұрышы Төрткен Кененқызының шығарған кітаптары, мақалалары . Кененқызы.Т. «Отец оставил мне домбыру» , Кененқызы.Т. «Кенен» естелік-эссе . Кененқызы.Т. «Екі Кенен тумайды» т.б.шығармалары.
Аяжан : Әңгімеңізге рахмет!
Жайнар: Сау болыңыз!
Қуаныш Қаматайқызы:Сау болыңдар балалар келіп тұрыңдар.
2.2 Тірексызба «Төрткен»
Асқар Серікұлы Жұмаділдаев – ғалым , физика – математика ғылымының докторы академик математикалық формула жасады.Төрткен Кененқызының есімін берді. «Бұл жерде төрттен бірі - қазақтың жаны, төрттен бірі - тілі, төрттен бірі - әзілі, төртен бірі-мәдениеті » -деді . Бізде өз бетімізше төмендегідей тірексызба жасадық Төрткен Кененқызы 1.ұлттық тәлім- тәрбиенің кені,
2.адамгершіліктің кені,
3.рухани байлықтың кені,
4.тектіліктің кені.
Төрткен
апамызға арнау
Ақылды, парасатты көпшіліктен
Төрткен апайға арнаймын өлеңді мен.
Шын есімі қойылыпты ырымменен,
Төрткенге Төрткемпірбіршал деген.
Неліктен есімін өзгертіпті?- деп сұрасам,
Айтты апай жауабын ойланбастан
Шын атым ыңғайсыз болды маған,
Қызық есім қойды тауып әкем маған.
Бала кезден жақын болды әкесіне,
Домбыраны үйренді ол кісіден.
Төрткен апай өнерді сүйіп өскен
Өнегелі өмірдің иесі екен.
Мәдени қайраткері атағын алған
Іле ауданның Құрметті азаматы
Күміс көмей, жез таңдай әнші апаммен
Мақтан етем бір ауданда тұрғанымды.
Қорытынды
«Тұғырлы тұлға ұрпағы» тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмысымызды бастауымызға Т.Кененқызының өмірі бізді қатты қызықтырды . Шыр етіп дүниеге келген кезінің өзі бір аңыз . Ән мен жырмен өрілген балалық шағы , ойнаған ұлттық ойындары , бізге ұлттық ойындарды үйрену үшін оқу құралы сияқты. Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов , Борис Ерзакович сынды зиялы тұлғалардың әнгімесін өз құлағымен естіп, бойына сіңіре білді.Аты аңызға айналған батыр - Бауыржан Момышұлы Төрткен Кененқызының орындауындағы Кенен атаның әндерін сүйсініп тыңдады. Біз өзіміз білмейтін деректерді, тапқан сайын, қызығушылығымыз арта түсті Төрткен Кененқызының жасап жүрген игі істерін өз бетімізше аша түсіп, барынша тақырыпты ашуға тырыстық Физика-математика ғылым докторы академик аты әлемге әйгілі Асқар Жұмаділдаев екі математикалық формула жасады. Біреуіне Төрткен Кененқызының есімін берді. «Бұл жерде қазақтың жаны ,тілі ,әзілі бар және абстракциялық түсінік» -деді . Біз «Төрткен» Ұлттық тәлім тәрбие кені . Адамгершіліктің кені. Рухани байлықтың кені.Тектіліктің кені деп айтар едік. Төрткен Кененқызын еліміздің баспасөз беттерінде мақалалары шығып тұрады , ұлттық арналардағы «Телқоңыр», «Замана бұлбұлдары», «Айтуға оңай» «Таңшолпан» т.б. көптеген бағдарламалардың белсенді кейіпкері. Қоянқұс ауылының тұрғындарынан сауалнама алдық.Тараз,Қостанай қалаларының тұрғындарынан сұрақ –жауап ұйымдастырып, салыстыру диаграммасын жасадық. Сұхбат алдық.Біздің кейіпкерімізді көпшілігі білетіні бізді қатты қуантты. Тірексызба жасадық. Өтеген батыр кентіндегі «Ардагерлер үйінінде» Төрткен апамен кездесіп , тәлім- тәрбиеге толы әңгімесін тыңдадық. Төрткен Кененқызы – айналасындағыларға жарық сәуленің шырақшысы бола білген жан. Ақыл, білім, білік, парасат, көркем мінез иесі де ,осы аяулы жан. Ол ардақты да абзал, кемел тұлға. Жоғарыдағыдай үлкен жауапкершілік жүкті абыроймен атқару да арлы іс. Халқымызға сыйлы, адалдық пен адамгершілікті биік тұғырға қойған Төрткен Кененқызы туралы ізгілік ниетпен болашақ жастардың өкілі болғандықтан осы ғылыми зерттеу жүргізу парызымыз санап отырмыз «Әйел – бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» демей ме?! Демек, шағын отбасының ғана емес, тұтас бір мемлекеттің дамуы үшін де өз еңбегімен сүбелі үлесін қосып жүрген Төрткен Кененқызы аяулы ана , сүйікті әже , бүгінгі қазақ қоғамының қалыпты дамуында да қалыс қалған емес . [ Қазақта «дарақ бір жерден көгереді» деген нақыл сөз бар. Былай қарағанда қарапайым ғана естілетін осы сөздің астарына үңілсеңіз терең мағына жатқанын аңғарасыз.] [15.4.] Қайсыбіріміз бұл даналықты өзімізге ыңғайлап, хал-қадірімізше пайдаланып жатамыз. Соның бірі ғұмырын болашақ ұрпақ тәрбиесіне арнап , әке аманатын арқалап , келер ұрпаққа ұлттық мұра етіп қалдыру мақсатында ,аянбай еңбек етіп жүрген жан. Төрткен Кененқызының өнегелі өмір жолы, өнерімізге қосқан сүбелі үлесі атап айтуға тұрарлық ,дара тұлға туралы талай ғылыми зерттеу жұмыстар жасалатыны анық.
Быз осы ғылыми жұмысымызды Рухани жаңғыруға арнаймыз. Егеменді Еліміздің өркендеуіне , оның ішінде өзіміздің ауданға Төрткен Кененқызының қосқан үлесі зор.
Пайдаланған әдебиет
1. Арыстанбеков. А ,Ахмедсафин. У.М т.б. «ҚССР энциклопедиялық анықтама» Алматы. 1980жыл.
2. Әзірбаев. К. «Мен елімді сүйемін» І том Алматы .Өнер 2005 жыл.
3. Әзірбаев .К. «Аңыздар сыры» Астана .Елорда 2005жыл.
4. Кененқызы.Т. «Жеке мұрағаты»
5. Кененқызы.Т. «Отец оставил мне домбыру» Огни Алатау.ақпан ,2005 жыл.
6. Кененқызы.Т. «Кенен» естелік-эссе Алматы. Жалын . 1998 жыл.
7. Кененқызы.Т. «Екі Кенен тумайды» Алматы. Шартарап.Алматы.2000 жыл.
8. Қалжанова.Ж.Ш. «Үкілім –ай» халықаралық журналы №2 ,ақпан, 2006жыл.
9. Кенжеахметұлы.С. «Қазақтың салт дәстүрлері мен әдет ғұрыптары» Алматы. Атамұра 2013 жыл.
10.Серьянов.Ж.(Бас редактор) «Мәдениет пен тіл-халық қазынасы»
Өтеген батыр кенті 2009 жыл.
11. Тасмағамбетов.И.Н. «Қазақ мәдениеті» энциклопедиялық анықтамалық.
Алматы .Аруна.2005 жыл.
12. Омарханқызы. Г. «Үкілім –ай» халықаралық журналы №2 , ақпан, 2006жыл.
13. Оразбекова .К. «Иман және инабат»Алматы. Ана тілі.1993 жыл.
14. Шәкірұлы .Е. «Дәстүр» ұлттық –танымдық басылым №1 ,қаңтар 2011жыл.
15. Ғаламтор. kk. Wikipedia. Orq.
16. Жұрынова Б. Т. « Өнегелі өмір өрнектері» Алматы "Дулат" баспасы 2016 жыл.
Қосымша материалдар
Салыстыру диаграммасы
Сурет 3. Жайнар мен Аяжан Іле ауданы әкімінің кітапханасында
Сурет 4. Зейнеткер Тлеубаева Кадиша апаймен сұхбат

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген