400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Ғылыми жоба "Туған ауылымның тарихы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ғылыми ізденіс жұмысы, көп жылдан астам жазылмай келген ауылымыздың, жеріміздің тарихын, елден шыққан тарихи тұлғалардың өмірін, олардың ел арасына тараған мұраларын жинақтауға арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Алматы облысы, Іле ауданы

№1 орта мектеп









Жоба тақырыбы: "Туған ауылымның тарихы "







Орындаған: Жұмағали Ерсайын , Жаңажол Ерасыл

10 сынып оқушылары










Жетекшісі: Тынбаева Баглан Кенесовна

бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі









2020 жыл


Кіріспе

Тәуелсіз Қазақстанның соңғы жылында қазақ халқының жәдігерлері қайта қалпына келтіріліп жатыр. Бүгін біз, жастар мен жасөспірімдердің отансүйгіштік пен азаматтық тәрбиесін қалыптастыру үшін әртүрлі кезеңде мемлекеттің дамуына едәуір үлес қосқан, ұмыт қалдыруға болмайтын, Қазақстан тарихының беттерін парақтап соның ішінде Қоянқұс ауылының тарихына шолу жасамақпыз. Әрбір адамның, ауылдың тағдыры - елдің тағдыры және елдің тарихы. Елдің саяси- экономикалық даму кезеңдері өмірге лайық өз тұлғаларын туғызады. Ондай тұлғалар тарихтың әр кезеңінде де болған. Сол себепті осы тұлғалар өскелең ұрпақтың жадында жаңғыруы керек. Біздің жобамыз Қоянқұс ауылының тарихы және ауылымыздың тұлғалары туралы болмақ.

Қазақтың қай ауылына барсаң да , өткен ғасырлардың куәсіндей әр жерде қадау-қадау болып тұрған саялы бәйтеректерді кездестіресің. Біздің ауылымыздың да сондай тамыры терең болып, жапырағы жайқалған бәйтеректер бар. Барлығы да бұтақтарын кең жайып, жанға сая самалымен бауырында өскен балапандарын қорғаштап, адасқандарға жол көрсетіп, жөн сілтеп отырады. Біздің ауылымыздың тұрғындарының үрім- бұтақтары да талай сындардан өтіп, азаматтық пен адамгершіліктің, достық пен бауырмалдықтың, ынтымақтастық пен бірліктің ұлы мектебінен дәріс алып еңсесі биік болып өсіп келе жатыр. Ел өмірінің тікелей жалғастырушы, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы осы жас ұрпақтар, болашақ.

Ар-намысты қорғауға, Отанға тіреу болуға, адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеу, ол елжандылық рухты көтеру. Дәл осындай халықшылдық сезім жастардың жүрегінен терең орын алып, оларды адал іс- әрекеттерге тәрбиелейді. Осы мақсатта туған жеріміздің, өзіміздің ауылымыздың, жеріміздің қадір- қасиетін ұғындыру, туған ауылымның тұлғаларына деген құрметтерін арттыру. Зерттеу нәтижесінде туған жерімнің тарихы жайлы біраз мағлұматтар жинақтау. Қоянқұс ауылының ата тарихы әріден басталып келетін қасиетті мекен. Қоянқұс ауылында небір тарихи тұлғалар мен талантты ұл- қыз өрбіткен мекеніміздің тарихы молшылық. Қазіргі кезде өлке тарихы ауыл ақсақалдарының әңгімесі мен бірен- саранды жазбаларда ғана кездеседі. Ал осы ел мекені жайлы сыр шертетін кітаптар жоқ десек те болады. Өзіміз мекендеп отырған жеріміз жайлы тарихи деректерді жастардың көбі біле бермейді. Осы кезден бастап келер ұрпақтың санасына "Туған жер" деген ұғымды тереңірек сіңірсе , келешекте олардың арасынан ұлтжанты, елжанды тұлғалар қалыптасуына үлесіміз қосылады деген ниеттеміз.

Бұл ғылыми ізденіс жұмысы, көп жылдан астам жазылмай келген ауылымыздың, жеріміздің тарихын, елден шыққан тарихи тұлғалардың өмірін, олардың ел арасына тараған мұраларын жинақтауға арналған.

    Дүние жүзіне мәлім ұлы бабамыз Әбу – Насыр Әл Фараби «тарихты білмей ,өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» - деген екен. Негізгі тарих дегеніміз халықтың зердесі. Зердесі жоқ, өзінің кім екенін, қайдан шыққанын білмейтін адамның Шыңғыс Айтматов ағамыздың романындағы мәңгүрттен еш айырмашылығы болмайды.

Сондықтан осы еңбегімізді болашақ жастарымызға, туған елінің тарихы ешкімнен де олқы емес екендігін түсінсін деген сөз.

  Бұл зерттеу жұмысында оқушыларға өз өлкемізді таныстырсам, сырын білсек деген құштарлығын арттырсақ деген оймен орындап отырмыз. Осындай мақсатпен жұмыс істесек мектеп мұражайы оқушылардың жақсы жұмыстарының арқасында көптеген экспонаттармен, жаңа тың деректермен толықтырылар еді.

І. Ауылым- алтын бесігім.

1.1. Ауылымның тарихы.

Қоянқұс ауылы Еуаразиялық континенттің орталығында,Тянь-Шань тауының солтүстігінде Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Қоянқұс ауылы -Алматы оңтүстігінде орналасқан Іле ауданы Байсерке округі әкімшілігі аумағының бөлігі.

18 ғасырдаң бастап тұрақты ауыл. Ауыл Алматы қаласының 5 км қашықтықта. Первомай, Жаңадәуір, Ынтымақ ауылдарымен шектесіп жатыр.

Ауылдың негізін қалаушылары Жапек руының өкілдері болып табылады. Бұл руының түпкі ата-бабасы Бәйдибек - баба тұқымынынан таралған, яғни Ұлы Жүз – Шапырашты – Қарасай – Түрікпен - Жапек-Бармак; Малайсары. Қазіргі уақытта Бармак, Малайсары руының ұрпактары басты бетке ұстар азаматтары: Артыкбаев, Атамбаев, Көлбаев, Абсеметов. жанұялары Қоянқұстың тұрақты азаматтары.

Мыңбасы Жапек батырдың туған баласы Батыр Бармак 1723 жылғы атақты Анырақай шайқасына қатысып, ерен ерлік көрсетті .

1770-1780 жылдар арасындағы Абылай ханның қосшыларының бірі Бармақ батырдын ұлы Канайдың Жоңғарларға қарсы соғысы өте ауыр болды. Жоңғарлармен арадағы осынау кескілескен соғыс барысында көп адам қырғынға ұшырады, екі мемлекет те әбден қалжырады, экономика титықтап, жер қаңырап бос қалды. Тек қисапсыз құрбантықтарға шыдап баққан қазақ халқы туған жері мен адамдарын жойылып кетуден сақтап қала алды.

ХІХ ғасырда Ұлы Жүзге қарасты аймақ Ресей құрамына қосылды, осы аумақта тұратын қазақтарға көшіп-кону тыйым салынғандықтан, Канай батырдың ұрпақтары : Болекбай, Атамбай , Шағайбек және басқаларының Қоянқұс деген жер тұрғылықты жерге айналды. Бұл ауылды Бармак батырдың ауылы деп атай бастады.

1850-1860 ж.ж. қазақ еліне орыс мұжықтарының қоныстануы басталды. Сондай қоныстанушының бірі Фанеров Николай болды. Қоянқұс ауылының соңында кұс фермасы орналасқан жерден 30 гектар жер алып, бау-бақша егіп, инкубатор, қоян мен әр түрлі кұстар өсіріп, егін екті. Шаруашылығы өте жақсы дамыды. Өз ісін жақсы білетін, адал қожайын болды. Осы іскерлігінің арқасында байыды, ал Жапек батырдың ұрпақтары оған жалданып, жұмыс істеуге мәжбүр болды.

1916 жылы қазақтар бірнеше демографиялық апатты бастан кешті, көтерілісшілерге қарсы жазалау операциялары жүргізілді.

1917 жылғы қазан революциясы, 1918-1920 жылдары азаматтық соғысы нәтижесінде ашаршылық , кирату , күйреу Қоянқұс ауылына да өз әсерін тигізді. Жұт пен ашаршылық барысында қарапайым халық жаппай қырғынға ұшырады.

1921 жылдан бастап патша билігі заманында алынған жерлер қайтарыла бастады. Қазақ халқы өз дәстүрлерін жанартып, мал көбейте бастады, ал Фанеров Николайдың тасы осы уақытта өрге домалап тұрды. Ашаршылык уакытта оған басқа жерлерден де адамдар келіп жалданып жұмыс істеді . Ол кісі ашаршылык кезінде жиі дастархан жайып ары-бері өткен кісілерге тамақ беріп тұрды. Соңдықтан ел бір біріне айтатын сөздер: «Барындар Қоянқұсқа , ол жерде тамак тегін берледі» Содаң таратылып кетті – Қоянқұс - тегін дастархан, жақсы жер. Жапектер отырықшылыққа ауысып бір жерде тұратын болды.

1921 жылдан бастап Совет үкіметінің жарлығына сай Ресей патшасының тартып алған жерлері қазақ халқына беріле бастады. Әрине осы жағдайға байланысты қазақ халықының өз салт-дәстүрі мен мәдениеті жаңа даму жолына түсті. Халық мекендеген жерлерде мал өсіріліп, егістік егіле басталды. Көп жерлерде жер жыртып егін егі үшін артельдер ұйымдастырыла басталды, себебі қарапайым халыққа отбасын асырау керек болды.

Жәпек атамыздың ұрпақтары бірігіп "Қызыл аспан" артелін ұйымдастырды. Қандай қиындық болса да ауылдың қарапайым адамдары Медеу қойнауынан бастап өз қолдарымен арықтар қазып, егістікті суғаруға су айдап келді. Есентай өзенінің бойында диірмен, дәнді- дақылдар қамбасы салынды. (Ол диірменнің орныныда қазір Айнакуловтар отбасының үйі тұр).

Ауыл тұрғындарының өмірге деген құлшынысы артып, болашаққа деген сенімі арта түсті.

Совет үкіметінің арқасында колхозшылардың тұрмысы жақсара бастады. әр отбасы өзінің жеке қосалқы шаруашылығын дамыта бастады.

Жергілікті Жәпек атамыздың ұрпақтары кезінде атақта аңшылар болған екен. Соның арқасында ашаршылықтан отбасыларын сақтап қалған екен. Сонымен қатар осы ауылда қоян мен құс асырап, құс пен қоянның санын өте көбейтіп жіберіпті. Басқа жақтан ауылға келген адамдар қоян мен құстың көптігіне таң қалып, айтқандары: "Мәә, қоян мен құсын-ай!" Осы айтыла беретін сөздерден кейін ауыл Қоянқұс деп аталып кеткен екен.

Біздің Қоянқұс Аауылымыз Іле ауданының "Қазақстанның 40 жылдық" колхозының бір бөлімшесі болып табылатын. Жоғарыда аталған колхоз төрт түлік мал өсірумен, қант қызылшасын, жүгері және дәнді дақылдар өсірумен айналысып, республика көлемінде дүркіреген колхоз болған

1929 жылы Қояңқұста артель құрылды. Артельдің жетекшісі Артыкбаев Мекембай сайланды. Оның бауырлары Толыбай ,Көлбай, Әпсемет белсенді көмекшілері болды. Солармен қатар Дұзгінбаев Алтай, Ботыбаев Турар, Атайбеков Сыздық ;Салыкбаев Қусаин ортақ жұмысқа жұмыла кірісіп, белсене ат салысты. Ферма жұмысшылары Демидов, Майборода, бидай сұлу тары егіп, ірі қара малды өсіруде жалғастырды.

1933 жылдан бастап артельді колхозға ауыстырды ,ал Қоянкұс атын қалдырды. Ол уақыттарда, жол казіргі Винсовхоздан тура ,казіргі Береговой көшесін кесип , Абай көшесін қиып казіргі су қоймасынаң жанынан, Капшагай трассасынан өтіп, Пятилетканы басып ,1 Алматы Темир жол вокзалына орналаскан жерге шыккан. Ауылдық кеңес құрылды, төрағасы болып Жүндібаев Мажен сайланды. Москвадан колхозды ұйымдастыруға 25 мын адам жұсмысшылар келді, сол арқылы бизге орыстар Мисюриндер, Осиповтар, Удодовтар отбасылары көшіп-келді. Колхоз ерікті турде құрылды. Аты « Қызыл аспан» койылды. Бирақ халық арасында бәрі Қоянқұс теп айта берген. Колхоз байыды. Бұл жерге жан жақтан халық келе бастады. 1935 жылы Алматы қаласынан ұйғырлар Ходжамкуловтар, Ходжалаковтар отбасы келіп орналасты. Олар бақша өнімдерін өсіруімен айналасты. Қазақстанның батысында сол жылдары үлкен көтерілістер болып ,оған қатысышулары қатаң жазаланып , еріксіз турде Актобе облысына қоныс аударылды . Қоныс аударушылар арасынан көбісі кашып, жаяу Алматыға қарай жетті. Темір жолдың вокзалыңда ел оларға жақын ауылдарға барындар депті. Жапектің Қоянқұс деген жер бар, олар тамақ береді деген. Сол арқылы, Кіші Жүздін өкілдері ауылымызға келген, олар: Алибаевтар, Айнакуловтар, Акыл жанұялары еді. Әйгілі 1932 жылдың ашаршылығынан жергілікті халық көп қырылып, босаған жертөле үйлер көп еді. Ақсақалдардын айтуы бойынша, келгендерді тұрғылықты халық қонақжайылығымен қарсы алды. Ашаршылыктан кейін көп жеркөпелер бос калган , сол уйлерге кіріп өмір сүрді.

Ұлы Отан соғысын алдында Алматы қаласынан Тасыбековтар жанұясы көшіп келді. Көзі ашык, оқыган Тасыбеков Мауленді халық бірден колхоз төрагасы етіп сайлады . Сол уақыттан бастап колхоз бұдан да байыды.

1935 жылы машина еркін кіре алатын бидай сақтау қамбасы тұргызылды. Бидайдың өнімі көп жиналып, колхоз қарық болды .Бұл қойма казаіргі Абай көшесінде Айнакуловтардын отбасының үйі орналаскан жерде тұргызылған. Сол жылы Ресейден келген Амброськиндардың отбасы шошка фермасын кұрды,ол казіргі Береговая кошесідне Жексембаевтардын отбасы тұрған жерде. Колхозда өзінің сүт фермасы болды, диірмені болды. Артыкбаевтер, Оспанов, Дузгенбаев, Кульбаев, Тлеукеев, Макшеевтар, Айкумбаев, Касенов, Ботыбаев, Тасыбеков, Шынгуспаев, Айнакулов, Алибаев, Мисюрин, Осипов, Ходжамкулов, Ходжоалаков,........... колхоздын ең белсенді мүшелері болды.

1941 жылыҰлы Отан соғысы басталды. Көптеген ауыл тұргындары соғысқа аттанды, солардын арасында Артыкбаев Талиппай ,Момбаев А, Шынгыспаев А, Айнакулов майданнан кайтпады , ал саяси жетекші Тасыбеков бір аяғыннын , Алибаев Жумагали - аға көзінен айрылды.

1942 жылы Қоянқұс ауылыннан майданға 90 асыл тұқымды жылқы жиберілді, жоғарғы колбасшылықтан кұрмет баға алды. Майданға жіберілетін жылқы асырау табыны ұйымдастырылды. Табыншы Айкумбаев Темірбек, Кульбаев Толембай арнаулы броньмен майданнан қалдырылды. Ол уқытта олар 13 жасқа жаңадан толды, бирақ жұмыс істегенде, үлкен адамдардан артық істеді. Қазақстанда ауыл шаруашылығының дамуы соғыс жылдарында көп рет зорлау-міндеттеу әдістерімен жүргізілді. Міндетті еңбеккүн мөлшелері енгізілді. Ұжымшар мүшелерінің қолындағы малды міндетті түрде шартқа отырғызудың салдарынан малсыз үйлер көбейді.

1944 жылдың желтоқсанында Қояңқұс ауылына жер аударылып курд, түрік, шешен халыктары келді. Олар кәзіргі Исмаилов, Жумаевтер, Шарип-оглы сияқты отбасылар. Бәрі колхозға кіріп жұмыс істеді. Колхоз үлкейіп, өрісі кенейді.

1953 жылдан бастап колхоздарды біріктіру науканы басталды. Первомай және Қояңқұс біріктірілді. «Қазақстанның 40- жылдығы» деп атын берді. Сол колхоздың Первомайский болімшесі деп саналды.

1954 жылы қызылша өсіре бастады. 1956 жылдан бастап агроном Орлов 20 гектар жерге бау-бакша екті. Бұл бақша сондай керемет болды, барлық облыс көрмелерде бірінші орын алды. Соған қарамастан , ауыл шарушылық өндірісндегі әміршіл-әкімшіл жүйе бұрынғы күйінде қалды. Тұтас алғанда, ауыл шарушылық өнімдерін өндіру көлемі жылдан-жылға кеми түсті. Ұжымшарлар қоғамдық қорды - тұкым, жем, техника ұрлау тоқтамады. Шаруалардың экономикалық мүдделерін шектеу, оларды еңбек нәтіжілерінен бөліп тастау одан әрі жалғасты. Соның салдарынын ауылдық мекендерден қалаларға көшу кең етек жайды. Солу үшін Қояңқұстан да шаруалар кете бастады.

1982 жылында КСРО басшысы Ю.Андроповтың ішімдікпен күресі бастады, сол кезде біздің бау-бақшаны шауып,түбіне дейін кұртып жіберді. Колхоз құрыды, жұмыс жоқ. Ауыл ыдырады: су, свет, автобус және мектеп жоқ. Ел үйлерін тастап, қалаға, басқа ауылдарға қашты.

1985 жылдан М.С.Горбачевтің қайта құру саясаты басталды. Сол саясаттан бастап Қазақстан өзінің егемендік Декларация жарияланды 25 қазан айында 1990 жыл.

1.2. Қазіргі таңдағы Қоянқұс ауылы

Қазақ халқы екі жарым ғасырға созылған үздіксіз күрес жолынаң өтіп, өз елінің тәуелсіздігіне 1991 жылғы 10 желтоқсанда жетті. Н.Ә.Назарбаев-Қазақстанның Тұнғыш Президент деп сайланды.

1991 жылы- Қояңқұс ауылы Первомай деген округке қосылды. Әкім А.К.Клеин жұмысты қолға алды. Ауылымыз көркейе бастады. Су жургізілді. Электр жүйесі жөнделді. Автобус маршруттары жақсы жүре бастады.

2005жылы ауылымызда мектеп салынды, егемендіктің ен керемет дәлелі осы. Ауыл үлкейіп. Алыс ауылдардан көшіп келушілер көбейді.

2008 жылы газ құбырлары тартылып, қала телефоны қосылып, жолдарға асфальтт салынды.

2008 жылы 5 желтоқсанда Қоянқұс ауылының мешіті салынып, бас имам болып Мұстафа Мамедов сайланды. Бас Муфтидың қатысуымен мешіттің салтанатты ашылуы өтті.

Мешіттің құрлысын жүргізген Қоянқұс ауылының кәсіпкер азаматтары, Ахметов Мүсілім және бауыры екеуі осы мешітті өз қаржыларына салғызған. Мешіт салу – сауабы үзілмейтін сауапты іс. Мешіт екі қабаттан тұрады. Мешіттің жалпы құрылыс аумағы 50 шаршы метрді құрайды. Жалпы сыйымдылығы – Жұма намазда – 300 адам, Айт намазында – 1000 адам жиналады. Бірінші қабатында имам бөлмесі және азан бөлмесі орналасқан. Мешіттің екінші қабатында әйелдерге арналған намазхана залы бар. Күмбездің ұзындығы – 19 м. Мешіттің қасында медресе бар. Балалар және әйел адамдар білім алады.

Мешіт - нағыз қайырымдылық орны. Бас имамның жетекшілігімен Қоянқұс ауылындағы 40-й жағдайы төмен отбасыға апта сайын міндетті түрде азық-түлік, киім-кешек таратылып, қаржылай көмек беріліп отырады.

2008 жылы «Алматы вентиляторлық заводы» ЖШС ашылды.

Бас директоры – Буксиков Нургали Канатович. Желдету жабдығы және климаттық технологиямен өндіру бойынша Қазақстандағы жетекші және жалғыз кәсіпорын ЖШС «Алматы вентиляторлық заводы» 2008 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары – ғылыми-өндірістік, зерттеу: климаттық технологияларды және желдету жабдығын әзірлеу, өндіру және сату.

Таза ауа – таза адамның өмір сүру салты, нормасы. Әрқайсымыз таза ауамен тыныс алуды қалаймыз: қайда жүрсек те – үйде, жұмыс орнында және демалыста. АЛ «АВЗ» ЖШС бізге жайлы да қауіпсіз жағдай жасауға көмектеседі. Өнімдер ассортименті өнеркәсіпті желдетудің барлық спектрін қамтиды. «АВЗ» ЖШС дайындаған желдету жабдықтары ғимараттардың, құрылыстардың, технологиялық жабдықтардың күрделі және ағымдағы жөндеуі кезінде, жаңа объектілерді жобалау кезінде құрылыс каталогтарын да және анықтамалық материалдар да, жобалау ұйымдары мен кәсіпорындарының техникалық қызметтеріне бағдарланған.

«АВЗ» ЖШС өз қызметінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жабдықтың сенімділігі, қоршаған ортаны қорғау, әлемдегі ең жақсы энергия үнемдейтін технологияларды қолдану басымдықтарының бірі болып табылады.

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде қатысушы елдерге жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы жетістіктері мен перспективаларын, сондай-ақ қоршаған ортаның тазалығын, операциялық шығындардың төмендігі және қоршаған ортаға зиян тигізбеу сияқты артықшылықтарын көрсетті.

Қазіргі уақытта «АВЗ» ЖШС Қазақстандағы азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс қажеттіліктерінің 70 %-ын қамтамасыз етеді. «АВЗ» жабдықтары стандартты және эксклюзивті жобалар, химия, мұнай және газ, энергетика, машина жасау, тамақ, фармацевтика, жеңіл, ағаш өңдеу және басқа да салалар бойынша салынған жалпы білім беретін мектептер мен тұрғын үйлерге жабдықталған.

«АВЗ» Ресей, Германия, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан сияқты бірқатар компаниялармен жемісті ынтымақтасып отыр. Шағын инженерия саласында «Импортты алмастыру» бағдарламасы аясында өнімдердің ауқымын кеңейтеді.

2012 жылдың қаңтар айынан бстап «АВЗ» ЖШС Қазақстан Республикасының Индустрияландыру Картасына енгізілді.

2014 жылы Қоянқұс ауылының дәрігерлік амбулаториясы

құрылған. Амбулатория мамандары күніне 40 адамға дейін қабылдай алады. Бас дәрігер – Сикимбаева Толеухан Абдулмажиновна, 30 жыл жұмыс тәжірибесі бар. Сонымен қатар 2 дәрігер, 8 мейірбике қызмет жасайды.

2015 жылы мектеп ауласына Ұлы Отан соғысының 70 –жылдығына байланысты Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне ескерткіш орнатылды.

Ауыл жылдан-жылға көркейіп, жаңа құрылыстар көбейіп,басқа жақтан көшіп келушілер саны артуда. Бұл экономикалық өсудің ,тұрақтылықтың және ұлтаралық келсімнің нәтіжесі. Бүгінде Қояңқұс ауылында 19-ден астам этнос өкілдері тату тұрады. Тағдырдың жазуымен, мұнда жаңа Отанын тапқан олар терезесі тен, керегесі кең қазақ халқының құшағында гүлденген қоғам құру, лайқты ұрпақ өсіруді мұрат етіп, Қояңқұс жерінің даңқты тарихын жалғастыруда.

Ауыл аумағында бірнеше дүкен бар. Өндіріс өнеркәсібі де дамуда, 2005 жыдан бастап ШЖС * Базальт –Д* жұмыс істейді.

Казіргі танда 2 мектеп ауыл балаларына білім беруде . Екінші 600 орындық мектеп 2016 -2017 оқу жылының қырқүйек айында пайдалануға берілді. Алматы қаласына барып жүрген оқушылар алыс жол жүрмей ауыл мектептерінде білім алып жүр.

ІІ. Менің өлкемнің беделді тұлғалары.

2.1. Қазақстан Республикасының тұңғыш қаржы министрі Дербісов Еркешбай Жайлаубайұлы.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында мектебімізде көптеген іс-шаралар атқарылды. Іле ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Менің өлкемнің беделді тұлғалары» тақырыбындағы іс-шараны ауылымыздың тұрғыны , жерлесіміз Дербісов Еркешбай Жайлаубайұлына арнаймыз. Мақсаты: оқушыларға Дербісов Еркешбай Жайлаубайұлының елімізге сіңірген еңбегін насихаттау, жерлесімізді дәріптеп, мақтаныш сезімдерін ояту, үлгі тұту. Ауылымыздың мақтанышы, біртуар азамат елімізге ерен еңбегі сіңген Қоянқұс ауылының тумасы Қазақстан Республикасының тұңғыш қаржы министрі 1992-1994 жылдары ҚР Қаржы министрлігін басқарды. 1941 жылы 1 қыркүйекте Алма-Ата облысы Іле ауданы Қоян-Құс ауылында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын анасына көмектесе отырып, малға қарап, шаруашылық егістіктерінде бастады. Бастапқыда ауылда, кейін Алма-Атада, қаза болған майдангердің ұлы ретінде, интернатта жатып оқыды. Мектептен соң, Алма-Ата сүт комбинатына слесарь оқушысы болып жұмысқа тұрды, сосын Геологиялық ғылымдар институты экспедициясына коллекторлық бұрғылау жұмысшысы болып орналасты. 1961 жылы геологтар кеңесі бойынша Қазақ мемлекеттік университетіне (кейінірек – Халық шаруашылығы институты) экономика факультетіне оқуға түседі. Оқу орнын үздік бітіріп, Республика Қаржы министрлігінің орталық аппаратына жолданады, онда ол 26 жылдан астам уақыт еңбек етіп, мемлекеттік кірістер басқармасының бастығы, министр орынбасары, ҚР Қаржы министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарады. Бұдан кейін ол Баға бойынша мемлекеттік комитетті, салық қызметін басқарады. 1992 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болып тағайындалады. Қазақстан Тәуелсіздігінің тұғыры көтеріліп, еліміз жер жаһанға егемен ел ретінде таныла бастаған жылдарда да Ерекең көп қызмет етті. Республикамыздың қаржы саласына жаңаша , нарық талаптарына сай қалыптасуына маңдай терін төге еңбектер жасады. Еңбегіне мейлінше адал , жұмысына тиянақты, ұлттық валютамыз –теңгені еңгізу кезіндегі белсенді де, жауапты жұмыстар атқарды.

Елдіктің алтын арқауы –еңбекте, адамгершілік пен отаншылдықта деп ұғатын мұндай азаматтардың өмір жолдары Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың: «Біздің балалар қазіргі Қазақстанның ұлан байтақ аумағын, төлтума мәдениетін және өмірді қабылдау мен түсінудің айырықша рухын қорғап, бізге мұраға тапсырды. Еркіндікті сүю мен далалық қаһармандықтың осынау рухы тарихтың күрт бетбұрыстарында ысырап етілмеді, оны үлестеріне көз көрмеген сынақтар тиген ұрпақтар сақтай алды» деген даналық пайымдарына себеп болды деп есептеймін. Бұл артық айтқаным емес, ағамыздың бар өмір тағлымдары осыны айғақтап тұр. Өкінішке орай бар болғаны , мына жарық жалғанда 59 жыл ғана ғұмыр кешті.

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының бірінші қаржы министрі, кеден комитетінің төрағасы генерал лейтенант Еркешбай Жайлаубайұлы Дербісов ауылымыздың мақтанышы.

Ауылдасымыздың ерен еңбегін ұмытпай , дәріптеп болашаққа ұрпаққа жеткізу қазіргі ұрпақ сіздердің қолдарыңызда.

2.2. ҰОС ардагері, 1-ші топтағы мүгедек Алибаев Жұмағали Алпысбайұлы

Жұмағали Алпысбайұлы, 1923 жылы Ақтөбе облысында Шалқар деген жерде дүниеге келген. Отбасында жеті бала болған еді. 1932 жылы анасын, екі інісін, екі әпкесін аштық жалмады. 1933 жылы екі әпкесінен де қол үзіп, Қоянқұс ауылына әкесімен бірге туыстарды паналап келіп, тұрақтап қалады. 1935 жылы әкесінен де айрылып, тұл жетім атанады.

Бала кезінде колхоздың бұзауын бақса, ер жете келе сол колхоздың сиырын, кейін жылқысын, қойын бағады. Ынтымақтағы мектептен бастауыш білім алады.

1942 жылғы маусым айының екісінде Отанын қорғауға сұм майданға Талғар военкоматынан аттанады. Тотск бекетінде соғыстың әдіс-тәсіліне үйреніп, жаттығып, 615-атқыштар полкінде батальон минометшісі болды. Воронеж, Брянск, Смоленск қалаларын жау қолынан азат етуге қатысқан. Бірақ тағдырға араша бар ма, кезекті бір шабуыл кезінде, 1942 жылы қараша айының 15 күні жарылған мина жарықшақтары басына, маңдайына, оң қолына тиіп, ауыр жарақаттанып, контузия алады. Екі көзі, маңдайдағы қос жанарынан айырылып, су қараңғы соқыр болып қалды. Орынбор қаласындағы РСФСР Нарком здрав, ЭВАКО №1658 госпиталіне жатқызылады. Денесінің 14 жерінде минаның жарықшақтары осы күнге дейін қалып қойған. Алты ай госпитальда жатып, 1943 жылғы сәуірдің 01 күні №405 ұйғарылымымен госпитальдан шығып, сол госпитальдың санитары жетектеп, Қоянқұстағы қалған жалғыз жанашыры – жеңгесі Жамилямен қайта қауышады.

Сол кісінің ықпалымен 1945 жылғы наурыз айының 14 күні Қайшамен отбасын құрады. Сол көтерген шаңырақ астында 1 ұл, 6 қыз дүниеге келді. Екі қызы бақилық болып кеткен. Жаратқанның өмір берген баларынан 25 немере, 31 шөбере сүйіп, өмір бұл кісіге бақыт сыйлады.

Құдай қосқан қосағы пошташы қызметін атқара жүріп, газет-жорналдарға іздеу салып, келмеске кеткендей болған аяулы екі әпкелерімен, бірінші – Қоңыр әпкесімен 25 жылдан кейін, екінші – Моншақ әпкесімен 35 жылдан кейін қайта табыстырды. Әпкесінің екеуі де бұл дүниеден өтіп кетті. 1988 жылы қосағы Қайша да келместің қайығына мініп кетті...

Қазіргі кезде Ұлы Отан Соғысы Ардагері, 1-ші топтағы мүгедек Алибаев Жұмағали Қоянқұс ауылында Абай көшесіндегі 19-шы үйде ұлы Алибаев Алибектің қолында тұрып жатыр.

Өкімет берген наградалары


  1. Орден «Отечественной Войны 1 степени №1148С1

  2. Медаль «Тридцать лет победы в Великой Отечественной

войне 1941-1945гг.»

  1. Медаль «Сорок лет победы в Великой Отечественной

войне 1941-1945гг.»

  1. В честь 55-ой годовщины Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 годов вручен Знак «Ветеран войны 1941-1945гг.»

  2. Медаль «70 лет Вооруженных сил СССР»

  3. Медаль Маршала Советского Союза Жукова Г.К.

  4. Медаль «50 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.»

  5. Медаль «60 лет Вооруженных сил СССР»

  6. Медаль «1941-1945жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл»

  7. Медаль «1941-1945жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл»

  8. Медаль «70 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.»

  9. Удостоверение №92 «Почетный Гражданин Илийского района»

2.3.Еңбек ардагері, көп балалы ана, кәсіпкер Айнақұлова Гүлрайхан Ыдырысқызы

Айнақұлова Гүлрайхан Ыдырысқызы, 1935 жылы 3 маусымда Қоянқұс ауылында, «Балаған да» (қамыс үйде) дүниеге келген. Әкесі – Ыдырыс Қожамқұлов бригадир болып, Қоянқұс ауылын құруға етене араласқан. Ашаршылық заманда, нақтырақ айтқанда 1930-33 жылдары анасы- санитарка болып жұмыс істеген екен.

Гұлрайхан апа 1953 жылдан бастап колхоз жұмысына белсене араласып, алғашқы жұмысын «есепші» болып бастаған. Осы жылы 17 жасында Айнқұлов Зәкір атаға тұрмысқа шыққан. Жас кезінде қиыншылықты көп көрген. 1955 жылдан бастап осы Қоянқұс ауылындағы балабақша да 15 жыл қызмет атқарған. Балалары өсіп, қолғанат болуға жараған кезде, балабақшадағы жұмысын тастап, қызылша теруге шыққан. «Орлова» атты бақшалық бригаданың (садоводская бригада) құрамында болған. Әр отбасыға 5 гектардан жер бөлініп берілген, осы жоспарды бала-шағасымен жабылып жүріп тапсырманы орындап отырған.

Он екі құрсақ көтерген. 5 ұл, 6 қыз өсіріп-тәрбиелеген ардақты ана. Балаларының бәрі оқыған, өмірде өз жолдарын тапқан. Қыздары – музыкант, консерватория да, музыка мектептерін де мұғалімдік қызмет атқарса, ұлдары – кәсіпкер. 2010 жылы аналарының құрметіне арнап, Қоянқұс ауылынан үлкен «Гүлрайхан» атты дүкен ашқан. Бұл дүкен тек өз пайдасына ғана жұмыс жасамайды, ауылдағы жағдайы төмен отбасыларға үнемі көмектесіп отырады.

Бұл күндері де Гүлрайхан апа елге сыйлы, құрметті ауыл тұрғыны. «Сырлы аяқтың – сыры кетсе де, сыны кетпейді» деген дәл осы кісіге арналған сияқты, әлі күнге қолынан орамал, қасығы түспейді екен. Балалары күнделікті келіп, анасының қолынан жасалған түскі асты ішпесе, көңілдері көншімейді екен. Немере, шөбере, шөпшектерінің ортасында. «-Бір қауым ел болдық, мың да бір тәуба»,- деп бақытты ғұмыр сүріп жатыр. Апа әңгімесінің соңын жастарға бата берумен аяқтады. -«Жастар, өсіп-өнсін, бақытты болсын, шайтан азғыруынан сақтасын, жол азабынан сақтасын. Аллаһу-Акбар. Әумин» - деп бет сипап тарқастық.

Гүлрайхан апамыздың қарапайым өмір жолына өзімізге үлкен сабақ алуға болады.

2.4. Укибай Айдос Ыдырысұлы.

Айдос Ыдырысұлы Үкібай 27.07.1975 Алматы облысында дүниеге келген. 1997 жылы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірді. 2015 жылы Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін

Қызмет жолын «Хабар» Агенттігінде тілші болып бастаған (1998 ж. аяқтады.

1998-2011 жылдары "Хабар" АҚ ақпараттық жобалар департаментінің жетекшісі, Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. 2011-2016 жылдары «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы болып сайланды. 2016-2019 жыл аралығында Қазақстан Президентінің Баспасөз-хатшысы болып жұмыс атқарды. Ал 2019 жылдан бастап Елбасының Баспасөз-хатшысы болып тағайындалды.

Өкімет берген наградалары:

*ТМД Парламентаралық Ассамблеясының «За заслуги в развитии печати и информации» (баспасөз бен ақпарат саласына қосқан үлесі үшін) Құрмет белгісімен марапатталған;

*«Нұр Отан» партиясының БАҚ өкілдері арасындағы республикалық «Нұр Сұңқар» байқауының «Қазақстандық журналистикаға қосқан үлесі үшін» аталымында үздік танылды;

*«Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.

 Журналист. Медиа-менеджер. Мемлекет қайраткері. Елбасы кітапханасының «Media Meiman»  жобасына  осындай сан түрлі кәсіби қырлардың иесі, қайраткер азамат Айдос Үкібай қонақ болды. Кәсіби қызметте сөз өнерін қару етсе де былайғы өмірде сөзден гөрі іске тындырымпаз. Үндемей жүріп үйдей шаруаның басын қайыратын Үкібайдың болмысына бойлағанда осыны аңғаруға болады.

Shape1 Қорытынды

Міне, менің аулым – нұр мекенім,

Әлдилеп, бесгімді тербеткенің

Сезбеппін – ау сезімнің менде екенін,

Білмеппін – ау, бақыттың сенде екенін.


Ауданның, ауылымның тарихи шежіресі егеменді ел болғалы еңсемізді ерекше көтерді, ана тіліміз, сат- дәстүріміз қайта жаңғырды, атамекен атаулары бұрынғы атауларына қайта ие болып өшкеніміз де, өлгеніміз де қайта тірілуде. Бұл ғылыми ізденіс жұмысы, көп жылдан астам жазылмай келген ауылымыздың, жеріміздің тарихын, елден шыққан тұлғалардың өмірін, олардың ел арасына тараған мұраларын жинақтауға арналған.

    Дүние жүзіне мәлім ұлы бабамыз Әбу – Насыр Әл Фараби «тарихты білмей ,өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» - деген екен. Негізгі тарих дегеніміз халықтың зердесі. Зердесі жоқ, өзінің кім екенін, қайдан шыққанын білмейтін адамның Шыңғыс Айтматов ағамыздың романындағы мәңгүрттен еш айырмашылығы болмайды.

Сондықтан осы еңбегімізді болашақ жастарымызға, туған елінің тарихы ешкімнен де олқы емес екендігін түсінсін деген сөз.

  Бұл зерттеу жұмысында оқушыларға өз өлкемізді таныстырсам, сырын білсек деген құштарлығын арттырсақ деген оймен орындап отырмыз. Осындай мақсатпен жұмыс істесек мектеп мұражайы оқушылардың жақсы жұмыстарының арқасында көптеген экспонаттармен, жаңа тың деректермен толықтырылар еді.

Ел жаңарда, жер жасарды, дәуір өзгерді. Еліміз айлап, жылдап емес күндеп көркеюде.Өрісі кең ел қатарына теңелеміз деген қарышты қадам, дүркіреген дәулет, бақ қонған көрші елдерге таңқаларлық мекенге айналуда.

Оған біз тәуба деудеміз. 2030 жылға жеткізсін. Оны ұзағынан сүйіндірсін, біздің ауылымыздың тарихы нағыз шежіре. Соның ішінде мақтауға да, дәріптеуге де тұрарлық ауылымыздың жылдан - жылға экономикасы өсіп, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсаруда.

«Бұл тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы бергі тарихи жолын ой елегіне өткізіп, кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертен кім боламыз демек. Бұл әрбір азамат туған елімнің , туған халқымның тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсінсін деген сөз. Бұл әрбір азамат тарихы қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз» Н.Ә.Назарбаев.






Қолданылған әдебиеттер


  1. С.Ж. Мадияров «Аулым - алтын бесігім» Қайнар баспасы 1990ж.

  2. Г.С.Кульбаева «История моего села» научная работа.

  3. Htths//online.zakon. document.

  4. https//www.neweurasia.info.

  5. Родословная «Шапырашты» издательство «Онер»с.657

6 . Ч.Валиханов,Избранное ,с.128

  1. Өз жұмысымызда ауылдың

  1. Кульбаева Г.С.

  2. Абимолдаев К.

  3. Аульбаева Кулиза

  4. Абсеметов Сабыр

  5. Айкумбаев Темирбек

  6. Байгазыулы А

  7. Алибаев Жумагали

  8. Абимолдаев Кенес

  9. Исмаилов Али , тұрғындарынан

жинаған мәліметтерді қолдандым.





Қосымша материалдар

Рисунок 5

Сурет №1 . Қоянқұс ауылының картасы

Picture 10

Сурет №2. Қоянқұс ауылының мешітіPicture 4

Сурет№ 3 Қоянқұс ауылының амбулаториясы

Picture 3

Сурет№4 Алматы вентилятор зауыты.

Рисунок 8

Сурет№5. №1 орта мектептің ашылуы

Рисунок 12 Рисунок 6





10


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
3 қаңтар
1890
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі