Байқоңыр
қаласындағы №277 мектеп-лицейінің 1 «Е»
сынып оқушысы
Жалгасбаев
Эльдардың ғылыми жобасына
ПІКІР
Ғылыми
жобаның тақырыбы:
«Үй
қояндары және олардың пайдасы.»
Мақсаты: Үй
қояндарының дала қоянынан ерекшеліктерін
және айырмашылықтарын анықтау.
Көжектерінің жетілуін бақылау.
Жалгасбаев
Эльдардың ғылыми жоба жұмысына ұсынған
«Үй
қояндары және олардың пайдасы.»атты
зерттеу жұмысы талапқа сай орындалған.Эльдар
өз кезегінде реттілікті сақтай отырып
өзінің зерттеген ғылыми жобасын баяндап
берді.Ғылыми жоба 5-бөліктен тұрады.1.
Үй қояндарын өсіру. 2. Үй қояндарын
азықтандыру. 3. Үй қояндарын күтіп, бағу.
4. Үй қояндарынан алынатын өнімдер.5.
Қорытынды бөлім.
Қоянның
Қазақстанда 3 түрі кездесетініне нақты
тоқталды.
Зерттеу барысында байқағаны үй қояны
өсімтал әрі тез жетіледі және материалдың
сонымен қатар еңбек шығынын көп қажет
етпейтін жануар екенін анықталған. Үй
қояндары - етті тұқым, етті - терілі тұқым
болып бөлінетіні айтылды. Қоянның еті
дәмді, тез қорырылатындықтан жас
балаларға, кәрі адамдарға және асқазан,
бауыр ауруларына өте пайдалы делінген.
Қоянның терісі жеңді, жылы, әдемі болатыны
айтылды.. Оны өнеркәсіпте кеңінен
пайдаланады екен.
Көжектеу алдында және одан кейінгі
жүргізілетін жұмыс түрлерінеде тоқталып
өтті.Қоянның Негізгі азықтары: шөп,
пішен, тамыр түйнек жемістер, ас пен
бақша дақылдарының қалдықтары. Үй қояны
бұршақты астық тұқымдас дақылдар
қоспасын, бақбақты түйе жапырақты,
ақбас, жусанды, аюбалдырғанды, түймешетенді,
иманжапырақты, жоңышқаны, сиыр жоңышқы,
теңгежапырақты, бидайықты, сондай ақ
сәбізді қызылшаны жақсы жейді екен.Сонымен
қатар Үй
қоянынан алынатын өнімдерге, көжектерінің
өсіп, жетілуіне де тоқталып өтті.
Сөз соңында Эльдар өзінің жас достарына
үй хайуанаттарының ішінде үй қояндарын
асыраған ыңғайлы деп ұсыныс жасады.
Қорыта
айтқанда Эльдардың дайындаған ғылыми
жобасы жас ерекшелігіне сай,оқушы
бойында жануарлар өмірін зерттеуге
деген қызығушылықты оятқан,сәтті жұмыс
деп бағалаймын
Байқоңыр
қаласындағы №277 мектеп-лицейі
Бастауыш
сынып мұғалімі:
Борикулова А.А.