жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғылыми жоба Wi-Fi-дың пайдасы мен зияны
МАЗМҰНЫ
Аннотация..................................................................................................3
Абстракт қазақ тілінде ............................................................................4
Абстракт на русском языке......................................................................5
Abstract in English language......................................................................6
І. Кіріспе …................................................................................................8
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Wi - Fi деген не? Wi – Fi-дың адамзатқа пайдасы .........................9
2. 2 Wi - Fi – дың адамдарға зиянды әсері ...........................................12
2. 3 Өз компьютерлеріңізде Wi - Fi - ды қосу......................................14
2. 4 Адамдарға Wi-Fi -дың зиянды әсерін азайтуға мүмкіндік беретін ережелер ....................................................................................................15
ІІІ. Қорытынды ........................................................................................16
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
А Н Н О Т А Ц И Я
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – әрбір тұлғаға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оның әлеуметінің ақпараттық сауатты болуы мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу.Ал ғасыр ағымының өзі біз адамзатты еріксіз интернет желісімен байланыстырады.
Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрлықтарды біріктіріп отыр.
Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi.Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды.Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды.Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі.
Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз.Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.Ал осы интернетті кез-келген өзімізге ыңғайлы жерде пайдалану үшін WI-FI желісінің орны бір бөлек. Қазірде кеңінен қолданыста жүрген бұл сымсыз желінің адамзатқа пайдалы тұстары мен зиянды жақтарын бірі білсе, бірі білмейді. Сондықтан бұл тақырыпқа тереңірек үңілуге бел будық.
Абстракт
Қазақ тілінде
Зерттеудің мақсаты:
WI-FI-ды мектептерде оқуға қажетті құрал ретінде қолдануда пайдасы мен зияндылығын зерттеп білу.
Міндеттері:
WI-FI-ды мектептерде қолданудағы
пайдалы тұстарын көрсету және зияндылығынан
сақтану жолдарын айқындау. Болжам: егер
Wi - Fi желісінің адамзатқа пайдасымен
қатар зиянды жағы толығымен ашып
көрсетілсе, Wi - Fi туралы таным-түсініктеріміз
арта түсер еді, оның пайдасы мен зиянын
жетік меңгеріп, өз қажетімізге тиімді
жарата алар едік. Сондай-ақ оның зиянды
жағынан сақтану жолдарын меңгеріп,
болашағымыздың сау да саламатты өмір
сүруіне бар жағдай жасар едік.
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде барлық салаларда электрондық жүйе енгізіліп жатыр. Барлығымызға белгілі Ертөстік ертегісіндегі Ертөстік жыл санап емес, ай сайын, күн сайын өскен сияқты қазіргі кездегі ақпараттық технологияда жылдам дамып жатыр. Бүгінгі таңда интернетпен тығыз байланыста болудағы Wi – Fi қызметін тиімді пайдалану және оның пайдасымен қатар зияндылығы біздің тақырыбымыздың өзектілігі болып табылады.
Зерттеу барысында:
1. Wi – Fi желісінің сан алуан қыр-сыры ашылды;
2.Оның адамзат өміріндегі алатын орны айқындалып, маңыздылығы ашылды;
3. Wi – Fi желісінің адам ағзасына пайдасы мен зияны айқындалды;
4. Оның зиянды жақтарын танысып, одан сақтану жолдарын танып-білдік.
Жұмыстың орындалу әдістері. Wi – Fi желісі туралы баспасөз, энциклопедия, интернет материалдарымен жүйелі түрде танысу, оларды жүйелеп, жинақтау,ғылыми ізденіс, зерттеу, деректер жинау.
Абстракт
На русском языке
Цель исследования: изучить преимущества использования Wi-FI в качестве учебного инструмента в школах
Задачи: определение преимуществ использования Wi-FI в школах и избежание вреда.Прогноз: Если сеть Wi-FI выгода человечество,а также о вредной стороне полностью раскрыт Wi-FI и увеличат знание и понимание его плюсов и минусов,которые создали свой собственные потребности, а также узнать, как избежать вредных последствий его будущего здорового.Мы могли бы создать условия для выживания.
Тема: Фактическое использование Wi-FI и его вредных взаимодействий с интернетом
В ходе исследования:
1. Wi – Fi сети различные нюансы открыт;
2.Определены его роль в жизни человека, важность открыт;
3. Сети Wi – Fi на организм человека польза и вред определены;
4. Ознакомившись с его стороны вреда, дорог специального послания мы узнали.
Методы выполнения работы. Wi – Fi-сеть, энциклопедия, интернет систематическое знакомство с материалами, их систематизации, обобщения,научного поиска, исследования, сбор данных.
Abstract
in English language
The aim of the study: to study the advantages of using Wi-FI as an educational tool in schools
Objectives: to determine the benefits of using Wi-Fi in schools and to avoid harm.
Forecast: If the Wi-Fi network benefits humanity as well as the harmful side fully disclosed Wi-Fi and increase knowledge and understanding of its pros and cons that have created their own needs,and learn how to avoid the harmful effects of its future healthy.We could create conditions for survival.
Topic: the Actual use of Wi-Fi and its harmful interactions with the Internet
During research:
1. Wi – Fi network, the various nuances open;
2.Defined its role in human life, the importance of open;
3. Wi – Fi networks on the human body benefit and harm identified;
4. After reading his part of the damage roads of the special messages we've learned.
Methods of work. Wi-Fi network, encyclopedia, Internet systematic acquaintance with materials, their systematization, generalization,scientific search, research, data collection.
Кіріспе
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең.
Жаппай ақпараттану кезеңінде ғаламтормен сымсыз байланысқа мүмкіндік беретін Wi – Fi желісінің адам өміріндегі пайдалы жақтары мен қауіпті жақтарын қарастыратын боламыз.
Зерттеу
тақырыбының өзектілігі: Жаппай
ақпараттандыру ғасырында оқу орындарын
ғаламторда сымсыз байланыспен қамтудың
қажеттілігі қаншалықты және оның пайдасы
мен зияны жайлы болмақ.
Ақпараттық
технология – экономиканың және бүкіл
қоғам мен мемлекеттің «ілгерілеуінің»
белгісі. Біздің өркениетті дамуымыздың
барлық маңызды өмірлік салалары бүгінде
ақпараттық технологиялармен және
жасалымдармен тікелей байланысты десек,
асыра айтқанымыз емес.
«Білім берудегі
ақпараттық - коммуникативтік технологиялар»
ұғымы «оқытудың жаңа инновациялық
технологиялары», «қазіргі ақпараттық
оқыту технологиялары», «компьютерлік
оқыту технологиялары» және т. б.
тіркестермен тығыз байланысты.
Инновациялық технология электрондық
есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге,
оқу барысында компьютерді пайдалануға,
модельдеуге, электрондық оқулықтарды,
интерактивті тақтаны қолдануға,
ғаламторда жұмыс істеуге, компьютерлік
оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Ақпараттық әдістемелік материалдар
коммуникативтік байланыс құралдарын
пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді
көздейді. Заманауи ақпараттық қоғамның
қалыптасуы мен дамуына жаһандық
телефония, ғаламтор желісіне қол
жеткізудің спутниктік жүйелері, тікелей
сандық теле және радиохабар тарату,
шұғыл корпоративтік және кең жолақты
байланыс, навигация жәрдемдесіп отырғаны
жасырын емес. Заман ағымына қарай
ақпараттық технологияларды қолдану
айтарлықтай нәтижелер беруде.
Зерттеудің
жұмысының мақсаты: бұл жоба оқу
орындарындағы білім алушылар Wi - Fi –
дың пайдасы мен зияндылығын анықтау.
«Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы
білім берудің ұлттық моделінің
қалыптасуымен және Қазақстанның білім
беру жүйесін әлемдік білім беру
кеңістігіне кіріктірумен сипатталады.
Сонымен қатар бүкiләлемдiк желiнi
пайдалануа Wi - Fi желісі ақпарат жеткізуде
көп пайда кiргiзіп, кең таралуда. Осы
технологияның арқасында ғаламторға
жылдам кіріп қолдануға болады. Wi - Fi –
дың ерекшелігі бір - бірімен сымсыз
байланыса отырып, оқу орындарында
мобильді құрылғылары және планшет,
ноутбук бар, білім алушылардың барлығы
қолданады.
Бүгінгі таңда әлемнің атақты ғалымдарының өзі жас ғалымдардың ашқан жаңалығына назар аударып, экспериментті тағы да қайталап көретіндігін айтты.
Зерттеудің
міндеті: 1. Оқу орындарында Wi - Fi - дың
тиімділігін анықтау;
2.Wi - Fi - дың адам денсаулығына
әсері; 3. Адамға Wi - Fi - дың зиянды әсерін
азайтуға мүмкіндік беретін ережелермен
таныстыру. Айта кетейік, осыдан бірнеше
жыл бұрын Нидерланды елінде де осыған
ұқсас зерттеу жүргізілген болатын. Ол
кезде Wi - Fi желісі бар жердегі ағаштарға
эксперимент жасалды. Нәтижесінде, осынау
тал жапырақтары әдеттегіден түсін
өзгертіп, діңгегі ауруға шалдыққан.Осы
тақырыпқа байланысты көптеген баяндамалар
қарастырылған, ғалымдардың тұжырымдауынша
Wi - Fi жилігінің зияндылығын ғана емес,
онымен қоса GSM стандартты желісінде
дәлелдеді.
Бірақ оқу орындарына Wi -
Fi керек пе? Оны қолдану қауіпсіз ба?
Қауіпті аймақта кімдер болады? Оның
зиянды сәулелерінен қалай қорғануға
болады?
Біздің күнделікті өмірімізге
байланысты ақпараттарды алудағы маңызды
құрал ол - Ғаламтор. Адамзаттың
интелектуалдық өмірі үшін ол аз мағына
бермейді. Ғаламтордың ақпараттық қуатты
мүмкіншілігін біз әлі тереңірек ұғына
қойған жоқпыз. Осы мәселені жан - жақты
зерттеу үшін, сауалнама, сұрақ - жауап,
теориялық сараптама, математикалық
және статистикалық әдістерін қолдандым.
Берілген жоба теориялық зерттеуге қатысты және тәжірибелік мағынасы жағынан бұл оқу орнындағы Wi - Fi - ды пайдаланудың нақты деректерін көрсетеді. Бұл жобаны дайындау кезінде ғаламтор - ресурстары пайдаланылды. Егер біз барлық мүмкіндіктерімізді толық пайдалана алатын болсақ, онда біз болашақта компьютерлік технологиямен толыққанды білім алар едік.
Негізі бөлім
2. 1. Wi - Fi деген не? Wi – Fi-дың адамзатқа пайдасы
ХХІ ғасыр-информацияың дамыған заманы. Компьютерлік технология өмірімізге кең таралып, қанат жайған заман. Осындай қоғамда техникалық құрылымдардың жетілуі, компьютерлік, ақпараттық жүйенің енгізілуі жаңа білім беру бағдарламасын қалыптастырды. Қарапайым тілмен айтқанда қажетті ақпаратымызды еш қиындықсыз табуға мүмкіндік беретін нотбуктердің арасында және интернет желісіне сымсыз қосылу бәріміздің басымыздағы жағдай.Ал осы сымсыз байланыс Wi-Fi желісін оқу процесінде пайдалану тиімді ме? Оның пайдасы не? Адамзатқа зиянды әсері қандай? Wi-Fi дегеніміздің өзі не? деген сұраққа жауап іздейтін болсақ –ол жай сымсыз байланыс. Бір жағынан жүйеге қосылу жылдамдығы 256-512 кБит/с-тан жоғары болуы оқушылар мен мұғалімдерге тиімді. Wi-Fi желісі оқу орындарында активті оқытуға мүмкіндік береді.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Визуалдық
ақпараттар, ақпараттық технологиялар,
компьютерлік, техникалық жабдықтардың
дамуы, біріншіден, жаңа қадамдар,
теориялық және педагогикалық тәжірибе
жетістіктерінде заманауи білім берудегі
болып жатқан өзгерістер. Ал, екіншіден
оқу ақпараттарында, жұмыс істеудің жаңа
мәдениетті қалыптастырудың қажеттілігінің
артқандығына келісуге мүмкіндік береді.
Мұндай мүмкіндіктердің түрлері көп,
солардың ішіндегі ең танымалы - Wi - Fi
технологиясы. 1991
жылы Wi - Fi - ды В. Хейздер Нидерландыда
ойлап тапты. Бұл сауда - саттық салаларын
қамту үшін әзірледі. Wi - Fi өзінің жылдам
таралуының арқасында әуежайларға,
кеңселерге, мемлекеттік орындарға, кафе
- барларға және қонақ үйлерге тез енді.
Бұл құрылғы төмен жиіліктегі 2, 4 Гц - ке
толқынды шығарады.
Wi - Fi ағылшынның
Wireless Fidelity - сымсыз дәлдiк сандық деректерді
беру форматы болып табылады. Өзге тілде
айтқанда - бұл қарапайым және сымдар,
розеткалар, қалалық телефондар және
осыған ұқсас ескірген құрылғыларды
қолданбай, ноутбукпен (Wi - Fi байланысымен
жабдықталған басқа құрылғылар)
бүкіләлемдік ғаламтор желісіне қол
жетімді әдіспен байланыс орнату болып
табылады.
Алдымен, желі дегеніміз – арнайы
коммуникациялық құрылғы мен программалық
қамтама арқылы бір-бірімен ақпараттық
әрекеттесу мүмкіндігі бар түйіндердің
(копьютерлердің, терминалдардың, баспа
құрылғылары) жиынтығы. Желінің өлшемі
өте кең, ол көршілес стөлдерде орналасқан
екі компьютерден, дүниежүзінің шеткері
жерлерінде орналасқан миллиондаған
компьтерлерді байланыстырады. Өлшеміне
байланысты желі бірнеше түрге бөлінеді.
Соның бірі – жергілікті желі немесе
LAN (Local Area Network).
Жергілікті желі деп бір-бірімен шамалы ғана қашықтықта орналасқан және деректер тасымалданатын физикалық орта арқылы біртұтас желіге біріктірілген абонеттік жүйелер (есептеу машиналары, принтерлер, т.б.) жиынтығын айтады. Барлық тұрмыстық техникалар электромагниттік өріс түзеді. Ол барлық жерде: үйде, көшеде, транспортта көзге көрінбейді. Біз соңғы 20 жылдағы техникалық даму үрдісінің нәтижесінде біз түгелдей электромагниттік өрісте өмір сүреміз. Мамандардың пікірінше сымсыз байланыс жүйесі қоршаған ортаға, адам денсаулығына соның ішінде жүйке жүйесіне тікелей әсер етеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оқу орындарында интернетке қосылу үшін сымсыз интернеттің қажеттілігі жоқ деп есептейді. Ақпараттарды бір компьютерден екінші компьютерге ауыстыру үшін дискеттер қолданылады. Бірақ бұл онша қолайлы емес. Егер ақпараттың көлемі өте үлкен болса, онда бұл әдісті пайдалану тіпті мүмкін емес. Ең қолайлысы – бірге жұмыс істейтіндей етіп, бірнеше компьютерді сымсыз байланыс технологиясы көмегі арқылы жалғастыру. Қазіргі замаға сай желілік технология даму үстінде, мобилді талаптарға сай қарапайым баптауда және қолдануы ыңғайлы технология Wi-Fi сымсыз байланыс желісі болып отыр.
Wi-Fi (ағылшын тілінде wireless fidelity – сымсыз дәлдік ) – 1997 жылы құрылған стандарттың базасында сымсыз желiлерi үшiн Wi-Fi Allianceнiң саудалық маркасы IEEE 802.11.Ереже бойынша, Wi-Fi технологиясы сымсыз компьютерлік желі арқылы,оған қоса жылдамдығы жоғары ғаламтор байланысын ұйымдастырады.
Wi-Fi технологиясының өнеркәсiбiндегi қолданушылары үшiн жабдықтаушылардың шектелген санымен ұсынылады. Siemens Automation Drives осылай Wi-Fiнi ұсынады - IEEE 802.11g-шi стандартымен сәйкес SIMATICтiң өз контроллерлерi үшiн шешiмі еркiн ISM - 2, 4 ГГЦ 11 Мбит/с максимал тапсыру жылдамдық қамтамасыз ететiн диапазон.Бұл сымсыз байланыс желі соғыс - өнеркәсіп комплексі мен ғылыми зерттеу орталықтарын және оқу процестерін ұйымдастыру үшін жасалған, бұл желіге сол кездегі өте күшті бірнеше ЭЕМ-дер біріктірілген.
Қазігі уақытта үлкен компьютерлік сымсыз байланыс желілердің саны жүздеген мыңға дейін есептеліп отыр. Беріліп отырған жұмыстың мақсаты, информатика деңгейін көтерумен қатар, қазіргі заман талабына сай жаңа байланыс ұсыныстарын пайдалана отырып, яғни, жоғары жылдамдықтағы ғаламтор байланысын, Wi-Fi технология қорында компьютерлік желіні пайдаланумен, «IT-жөндеу» жеке кәсіпкерлігінде сымсыз кеңжолақты байланыс желісін құру.
Бүгінгі күнде жергілікті сымсыз жүйелер, желілі жүйелерге бәсеке емес, керісінше толықтырма болып пайдалануда. Бірақта жергілікті сымсыз жүйелерге көзқарас әр уақытта осындай болған жоқ, токсаныншы жылдардың ортасында барлық жергілікті сымды жүйелер сымсыз жүйелерге алмасады деген, пікір әйгілі болды.
Жергілікті сымсыз желілердің артықшылығы айқын, яғни олар оңай және арзан қолданылып сонымен қатар модификацияланады, сондықтан көлемі үлкен сымды инфро жүйе кей кезде қажетсіз. Тағы бір артықшылығы пайдаланушыларға мобильдікті қамтамасыз етеді. Бірақ сымсыз жүйелердің артықшылығымен қатар кемшіліктері де толы, оның себебі тұрақсыздық. Көп жағдайларда сымсыз жүйелерде, сымды жүйелерді пайдалану қиын немесе пайдалануы мүлдем жарамсыз кезде іске асырылады.
Сымсыз жергілікті жүйелердің негізгі пайдалану облыстары төменде келтіріледі. Көп пәтерлі үйлерде тұратын пайдаланушыларда сымды жүйе болмағандықтан байланыс операторлары резиденттік қол жеткізуді сымсыз желі арқылы іске асырады. Аэропорт, теміржол т.б. көшпелі деп саналатын қол жеткізу.
Тарихи маңызды ғимараттарды қазіргі кезеңдегі сымды жүйелерді пайдалана алмағандықтан, жергілікті желілерді уақытша ұйымдастыру, мысалы, конференция жасағанда, әр түрлі көрмелерде және т.б.
Жергілікті желілерді кеңейткенде, цехтар, лабораториялар қаланың шетінде орналасқандықтан, оларға сымды желіні тарту өту қиын және қымбат болады. Егер пайдаланушы желі қызметін орын ауыстырып пайдаланса, яғни бөлмеден бөлмеге немесе бір ғимараттан екінші ғимаратқа онда жергілікті сымсыз жүйесін еш нәрсе алмастыра алмайды.
Сымсыз байланыс желісінің үш түрі (сурет. 1.1):
WWAN (Wireless Wide Area Network),
WLAN (Wireless Local Area Network) ,
WPAN (Wireless Personal Area Network) .
1-сурет
Персоналды, жергілікті және ауқымды сымсыз байланыс желісінің радиустары.
2-сурет
Сымсыз байланыс желісі
2.2 . Wi - Fi – дың адамдарға зиянды әсері
Интернетке сымсыз қосылу — заманауи өмірдің ажырамас бөлігі. Үйде, жұмыста, сауда орталықтары мен білім ордаларында — барлық жерде Wi-Fi бар. Кейбір ғалымдар Wi-Fi — ды айтпай келетін дерт дейді. Бізді күнделікті қоршап тұрған Wi-Fi -дан тарайтын сәулелену жайлы қысқаша мәлімет алып көрейік.
Wi-Fi -дың зияны.
Қазір адамдар қызмет орнында да, үйде де компьютермен жұмыс істей береді. Оның өмірімізге, кеңінен енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес, компьютермен ойнап, өзінің өміртанымын ғаламтордағы желі ішінде қалыптастырады.
Қазіргі күнкөріс қамы мен заман ағымының күрделілігі, көптеген ата-аналар тәулік бойы балаларының тыныс-тіршілігіне бақылау жасай алмай, олар шектен тыс бейне монитордың алдында отырғандықтан денсаулығына зор зиянды әсер алады. Үйде – теледидар, ноутбук, кейде гаджеттерден кітап оқудан да тайсалмаймыз. Шаршаңқы көздер, сөнген жанар мен көз айналасындағы қара түнек қазіргі уақытта 80 жасар кемпірлерде ғана болмайды. Бар-жоғы 20 жыл бұрын біз таңғажайып электрондарсыз өмір сүрдік. Ал қазіргі уақытта оларсыз өмірді елестету тіптен қиын. Және де компьютерлер мен айфондардың ғасырында көз көру қабілетім мықты деп көп адам мақтана алмас. Тіпті кішкентай балалардың өздерінде көз көру қабілеті нашарлап кеткен. Әлбетте бұл проблемада электронды ғажайыптардың әкелген зардабы мол, сонымен қатар аурудың алдын алуға ешқандай жұмыс жасалмауында.
Кез келген экрандағы сурет – бұл миллион сәулелер арқылы бейнеленеді. Көзіңізге күш түспейді деп ойласаңыз да, қателесесіз. Өйткені көз сурет немесе жазуды көру үшін барлық жарқыраған сәулелерді сүзгіден өткізіп, бірнеше рет әрбір сәулені қабылдауы керек. Бұл ұзақ ақ қар немесе судың жылтылдағанына қарап отырумен тең. Кішкентай ұялы телефоннан кітап оқитындар да бар. Оқу үшін айфонның экраны да кіші болады. Сонымен қатар экран тоқтаусыз дірілдеп тұрады – бұл да көзге салмақ болып түседі.
Ұялы телефондардан бөлінетін сәулеленудің зияны жайлы көптеген мәселе қозғалғанымен, оның денеге әсері әлі күнге дейін толық зерттелмеген. Өйткені біз мұндай гаджеттер мен сымсыз желілерді қолданып жатқанымызға аз уақыт болды. Бұл технологиялар адам ағзасына қаншалықты зор әсер ететінін түсіну үшін көбірек уақыт керек. Электромагниттік толқындар мен олардың адам миына әсері жайлы ғылыми зерттеулер бар. Шынында, өсімдіктердің өсуін тежейтін және адам миының қабілетін төмендететін жасушалық деңгейде өзгерістер жүреді.
3-сурет.
Көзге
көрінбейтін зиянды толқындар.
Wi-Fi құрылғылармен жұмыс істейтін адамдар Wi-Fi толқындарының ағзаға тигізетін теріс әсерін төмендету үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нақты нұсқаулықтарды ұстанады.
2.3 Өз компьютерлеріңізде Wi - Fi - ды қосу.
Wi - Fi - шағын қашықтықтарға арналған және жылдамдығы жоғары технология. Wi - Fi желісі қосылу нүктелерінен құралады. Әрбір анықталған орында «кіру нүктесі» (Access Point) орнатып нүктенің төңірегінде, 50 - 100 метрдей радиуста хот - спот немесе Wi - Fi аумағы деп аталатын аумақтар құрылады. Ғаламторға кіру үшін осы нүктелердің радиусына кірсеңіз болды, ғаламтор баптаулары автоматты түрде жасалған. Бірақ та, Wi - Fi нүктелері құпиясөзбен қорғалған болса, интернетке шығу үшін Сіз ол құпиясөзді білуіңіз керек.Wi - Fi белгісін сымсыз желілер қойылған орындарында табуға болады. Бұл барлық дамыған мемлекеттерде қабылданған бүкіләлемдік стандарт.
Қазіргі уақытта көптеген ноутбуктар қалта компьютерлері, смартфондар, коммуникаторлар және басқа да шығарылып жатқан портативті құрылғылар Wi - Fi мен қамтылған. Атап айтатын болсақ барлық үйде, оқу орындары мен дәмханаларда, қонақ үйлер мен саябақтарда, вокзалдар мен әуежайларда Wi - Fi аумақтары жұмыс істейді.
Заманымыздың ағымына ілескен әрбір азаматқа мобильді девайс және ғаламтор арқылы әңгімелесетін досы болса, жетіп жатыр.Егер сіздің электронды досыңызда осындай тиімді функция болса, әлдеқайда ыңғайлы. Егер ноутбукта Intel® CentrinoTM логотипі болса немесе құрылғының техникалық жазбаларында IEEE 802. 11, стандартын көтере алады делінген болса, онда бұл компьютерде тұрақты Wi - Fi бар және қосымша құрылғылар қажет емес деген сөз.
Қазіргі мынау дамыған заманда өмірімізді интернетсіз елестету мүмкін еместігін тағыда бір айта отырып, өз компьютерімізге төмендегі командалардың көмегімен Wi-Fi нүктесін оңай іске қосуға болады.
4-сурет
Осыдан кейін сымсыз құрылғыңыз жаңа желіге қосыла алады.
2. 4 Адамдарға Wi-Fi -дың зиянды әсерін азайтуға мүмкіндік беретін ережелер
-Wi-Fi -ды ешкім қолданбай тұрған кезде немесе түнде роутерді әрдайым өшіріп жүрген жөн;
-Ескі телефонды, сымдық телефонға ауыстырыңыз, сымсыздан бөлінетін сәулелену де миға теріс әсер етеді;
-Wi-Fi роутер ас үйде, балалар бөлмесінде немесе жатын бөлмеде болса, оны басқа жаққа қойыңыз. Бұл құрылғы адам аз болатын бөлмеде тұруы тиіс;
-Сымсыз желінің өзіңіздің және балаларыңыздың денсаулығына жанама әсерін барынша азайтыңыз: көбірек таза ауада болыңыз, салауатты өмір салтын ұстаныңыз: жаңалықтар таспасын оқып отырғанша қағаз кітаптарды оқыңыз.
-Әрдайым электромагниттік толқын аймағында жүретін адамның ағзасы қалай өзгеретінін байқау үшін бізге шамамен 30 жыл уақыт керек. Бас ауруы, алаңғасарлық, ұйқысыздық, әрдайым шаршап жүру сынды жағымсыз күйге осы технологиялардың әсері себеп болуы мүмкін.
Қорытынды
Компьютерлiк технлогияларды пайдалану адамның бiлiм алуына принциптi жаңа мүмкiндiктер жасайды.
Интернет жер шарының барлық түкпiрлерiнде әлемдiк мәдениет ғажайыптарымен миллиондаған адамдардың танысуын қамтамасыз етедi. Сәулет, мүсiн және живопись шығармаларының сан бояулы бейнелерiн жалпы тақырыптық жағынан бiрiктiрiп қана қоймай , бұл бейнелердi көп аспектiлi мәтiндiк ақпаратпен , музыкалық шығармалармен көркемдеу оқып-үйренушiге күштi сезiмдiк әсер етiп, оның көркемдiк талғамын жақсартып, мәдениет, өнер, адамзат дамуының тарихы салаларында бiр мезгiлде бiлiм алуына мүмкiндiк ашады.
Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды дамытудың қазiргi дәрежесi оқытушы мен шәкiрт бiр-бiрiнен қанша қашықтықта тұрса да, олардың жанды пiкiр алмасуын қамтамасыз ететiн қашықтықтан бiлiм берудiң ауқымды жүйесiн жасау мүмкiндiктерi туралы айтуға негiз бередi. Қашықтан бiлiм беру жүйесiнiң қалыптасуы және одан әрi өркендеуi электронды кiтапханалар мен үлестiрiлген типтегi университеттердiң құрылуына алып барды. Ал, олар өз кезегiнде бүкiл әлемдiк қоғамдастық, соның iшiнде түрлi себептерге байланысты бiлiм алуға еркiн қол жеткiзе алмайтын қоғам мүшелерi үшiн бiртұтас бiлiм кеңестiгiн қалыптастырудың шынайы негiзiн қалайды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.Олифер В.Г., Олифер Н.А. Компьютерлік желілер. Тораптары, технологииясы, протоколы. Оқулық. – Санкт-Петербург, Питер, 2001.
2.Щербо В.К. Есептеу желісі. – М.: Кудиц – Образ, 2000 2. «802.11 станд.артының сымсыз байланыстағы жергілікті желінің негізі 802.11 стандартының ЛВС сымсыз байланысының өндірілуі мен қолдануы, зерттеу барысында практикалық басқаруы» / Педжман Рошан, Джонатан Лиэри. – М.: Cisco Press Ағылшын тілінен аудармасы Баспа үйі «Вильямс»,2004
3.«Сымсыз байланыстың жаңа технологиясы» / Шахнович И. –
М. Техносфера, 2004
4.«Радиобайланыстың желісі мен жүйесі» / Григорьев В.А., Лагутенко О.И., Распаев Ю.А. – М.: Эко-Трендз, 2005

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген