400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба «Зайырлы қоғам.Дін мен дәстүрдің өзара байланысы» тарих пәнінің мұғалімі

Материал туралы қысқаша түсінік
Устаздарга көмегі мол
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы Алматы ауданы

Алматы орта мектебі





Жобаның тақырыбы:


«Зайырлы қоғам.Дін мен дәстүрдің өзара байланысы»




Жұмыстың бағыты:Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат бағдарлары.

Секция: Әлемде талай қызық бар.


Орындаған: 7 «а» сынып оқушысы

Жетекшісі: Алматы








Алматы қаласы

Мазмұны:


  1. Кіріспе.«Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана».


  1. Негізгі бөлім.

«Дін және дәстүр».



  1. Қорытынды.

«Дін мен дәстүр егіз ұғым».


  1. Пайдаланған әдебиеттер.































Жобаның өзектілігі: 


Қазіргі қоғамдағы діннің, дәстүрдің рөлін және қоғамға әсері жайлы зерделеу жұмыстарын жүргізу.



Жобаның мақсаты: 


Қазақ халқының дәстүріндегі ислам дініне тән элементтерді ашып көрсету.



Жобаның міндеттері: 


  • Дін мен дәстүрдің байланысын талқылау;

  • Ұлттық құндылықтарымыздың Исламмен үндестігін саралау;

  • Тарихымыз бен салт-дәстүріміздің ата дінмен сабақтастығына тоқталып, салиқалы ойларымен бөлісу;
































ЭПИГРАФ


Дін – адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса,салт-дәстүр – ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет.

Дәстүр –  ұлтты рухани жандандырып, оның ішкі және сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттар.Демек, дін мен дәстүр – қашанда бір-бірімен сабақтас ұғым.























1.Кіріспе.«Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана».



Дін - дүниедегі әрбір жан иесінің өмір сүру үлгісі, екі дүниеде де бақытты болуға жетелер нәзік жол. Дәстүр - әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы.

Әрбір ұлттың ұстанар діні, өзіндік ғұрыпы, дәстүр сабақтастығы мен бір ұлтты екінші ұлттан өзгешелейтін мінез-құлық ережесі және өмір сүру ерекшелігі болады. Ел болып қалыптасу үшін бірқатар тіректердің болуы қажет, яғни, діні, тілі, жері, тарихы, ұлттық тағамы, ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Біз – өзіндік ділі, тамыры терең құндылықтары, сүйенер, қуат алар бай рухани мұрасы бар халықпыз.

Діні мен дәстүрін бөліп жармай, бір белдеудің көлемінде ұстануды жөн көрген ата-бабаларымыздың діни дәстүрді қалыптастырғаны тарих беттерінде анық бейнеленген. Ата-бабадан аманат болып жеткен сол дәстүрлердің бір парасы сан ғасырлардан бері ұласып келе жатқан ұғым-ұстанымдар болса, ал басым бөлігі асыл діннің әсерінен пайда болған дағдылар.

Расында да белгілі бір қауымның қалыптасуы үшін алдымен ортақ тілі мен діні, тарихы мен салт-дәстүрі, Отаны болуы тиіс.



2.Негізгі бөлім.

«Дін және дәстүр».

Қазақ халқының ұлттық салт-санасы мен әдет-ғұрыптары Ислам дінімен тығыз байланысты. Дін мен ділдің, салт-сана мен шариғи ғұрыптардың өзара астасуы елдің бірлікте, ынтымақта өмір сүруіне негіз қалайды. Сондай-ақ, Ислам діні ұлтымыздың бітім-болмысы мен мәдениетінде дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарында өзіндік із қалдырған. Халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде сақталған діни дәстүрлер: сүндеттеу, неке қию, Құрбан айт пен Ораза айт, жарапазан, садақа, пітір таратып, бата беру, тәуіптік емдеу әдісі, тасаттық жасау діни жоралғылардың өміршеңдігін көрсетеді. Сондай-ақ мазарлар мен кесенелер, мешіттер мен медреселер халқымыздың тарихында ұлт руханиятының асыл қазынасы ретінде қызмет атқарды.



Қазақ даласына ислам дінінің келуімен ғылым, білім, сауда, өнер саласында жаңа бетбұрыстар болып, қала мəдениеті жедел дами бастады. VІ-ХII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалардың салынуы қарқын алды. Ол қалалар сауда мен қолөнердің, мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Еліміздегі алғашқы мешіттер мен медреселер Отырар, Түркістан, Сайрам, Тараз қалаларында салын­ғаны белгілі. Мешіттер әмбебап рухани жəне ғылыми орталықтар­ға айналды. Ислам діні қазақ жеріне бейбіт жолмен келіп, ізгілік пен мейі­рімділікті таратты.

Отырар аймағынан шыққан ғалымдар ғылымның түрлі сала­ларында жемісті еңбек етіп, адам­зат өркениетіне зор үлес қосты. Хандық дәуірде ислам құнды­лық­тары ел бірлігі мен рухани әлемінің тірегі ретінде хандарымыздың ел тұтастығын сақтау мақсатында шы­ғарған заңдарында көрініс тапты. Әсіресе, ислам дінінің рухани құн­дылықтары Орта Азиядан шық­қан ғұламалардың ой-пікірлері мен сан-салалы ғылыми, мәдени, әдеби шығармашылығына зор ықпал етті. Сол уақыттағы ақын-жыраулардың шығармашылығына үңілер болсақ, біз олардың ең алды­мен жай ақын немесе қарапайым ғалым емес, дін білгірлері болған­дығын байқаймыз. 

Біздің ақын-жырауларымыз, ғалымдары­мыз, қайраткерлеріміз дін құндылық­тарын терең зерттеп, ұғынып, оның нәрін қарапайым халыққа ұғы­нықты өлең-жыр түрінде жет­кізіп отырды. Жақында Діни басқарма осы дана бабаларымыздың діни сарын­да жазылған мұраларын жинақ­тап, «Дәстүрлі Ислам жауһар­лары» атты кітап шығарды. Он­дағы ақын-жыраулардың, дін қай­­раткерлері­нің өлең-жыр­лары ұлтымыздың ғасырлар бойы ұс­­танып келе жатқан дүние­таны­­мының, адамгершілік қағидат­тары­ның, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының төл діні­міз­дің мұраттарымен сай келетін­дігін, екеуінің бір арнада тоғы­са­тындығын көрсетеді. Бұл қазақ халқы ислам дінін толыққанды ұстанған ұлт екенін дәлелдей түседі. 



Ислам діні – ұлы дала халқының таза рухани болмысымен үндесіп, адамзатқа нұр шашқан тұлғалар мен ғалымдардың шығуына негіз болды. Қазақ даласына исламның дәнегі егілгеннен бастап, даналар мен дара тұлғалар жақсылық­тың жаршысына айналды. Елдің жадында қалған қай тұлғаны алсақ та дін мен дәстүрін насихаттап өткен. Текті бабаларымыз Аллаға деген сеніміне сызат түсірмеді. Мұ­сыл­­маншылықты бекем ұс­танд­ы. Ғибратты ғұмыр кеше біл­ді. Алланың берген ақылы мен та­лантын исламды насихаттауға сарп еткен. Олардан қалған білім мен тәрбие ауыз әдебиеті, яғни жыр, айтыс, дастандар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырды. Біз төл тарихымызды зерделей отырып, ислам­ның ұлттық болмы­сымыз бен қазақ халқының ел болып қалып­тасуына зор үлес қосқанын көреміз. 

Қазақ халқы қай уақытта да бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қараған. Себебі, бала – ертеңгі ел қорғаны. Ел тұтқасы. Сондықтан да баланың намыс пен ұятты білуіне зор мән берген. «Батыр бір рет өледі, қорқақ мың өледі», «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деп ұлт мүддесі жолында жанын құрбан етерлік азамат болуын тілеген. «Көсіру, жетілдіру» мағынасын білдіретін араб тіліндегі тәрбие сөзінің мағынасы да осы болса керек. Бұл туралы Шығыс халықтарында айтылатын «Бала қандай қымбат болса, бала тәрбиесі одан да қымбат» деген нақыл сөз бар. Оның бастау көзі Исламнан басталады.



Ол туралы Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Мен көркем мінез-құлықтарды толықтыру үшін жіберілдім». Қазақ халқы бала тәрбиесін сөз өнерінің, дәлірек айтсақ, ауыз әдебиетінің құдіретімен жүзеге асырды.

Бала тәрбиесі төрт жүз жылға созылған қазақ хандығын сақтады.

Бұл тұста ата-бабаларымыз:

  • біріншіден, кез келген іс адал-арамға, жақсыжаманға, обал-сауапқа, дұрыс-бұрысқа бағытталып отырған. Бірін – жақсы, екіншісін – күнә дейді. Күнә нәрселер адам баласына зиян келтіреді. Сондықтан да ондай іс-әрекеттер қылмыс, жөнсіз жасалып, кез келген қоғам мүшесі ондай әрекеттерден аулақ жүрген;

  • екіншіден, күнә жасаушылар болмауын қоғамның өзі қадағалап, бола қалған жағдайда оның шығу себебін анықтап, оның жайылып кетпеу жағы қарастырылады;

  • үшіншіден, күнә жасаушы міндетті түрде жазасын тартуы, жасаған күнәсына өкініш білдіруі, екінші рет істемеуге шешім қабылдауы және қылмыс пен күнәнің кешірілуі көзде тұтылады;

  • төртіншіден, мұны жүзеге асырушы билер, ақсақалдар және билік басындағылар жақсы біліп қана қоймай, оларды жаман жолдан қайтарып, имандылыққа жетелеген;

  • бесіншіден, кез келген қылмысты іс, дау-дамай жариялы түрде, халық алдында өткен. Сөйтіп, жазаның әділдігі өзгелер алдында анықталып, оның үстіне өзгелерге сабақ, үлгі (сот шешімдері) болған.

Тал бесіктен жер бесікке дейін қазақ ұлтында дін мен дәстүрдің арасында сабақтастық болғанын бәлеміз.

Мысалы:

Балалық шақ.

Бала тәрбиесі.

Жігіттік шақ.

Отбасы салттары.

Дінге қатысты салттар.

Адамның дүниеден өтуіне қатысты салттар.




Қазақ даласындағы имандылыққа негізделген тәрбие, ең біріншіден, ауыз әдебиеті, одан беріде жыраулар поэзиясы арқылы халыққа жол тартса, екіншіден, мектеп-медреселердегі үгіт-насихат арқылы жүзеге асты. Әсіресе, алдыңғы жол қазақ халқының иманының күшеюіне қатты әсер етті. Себебі, діни дастандар, қисса, жыраулық дәстүрі қазақтың рухани сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, сонымен бірге сырттан келген діни миссионерлерге, рухани экспанцияға да қарсы тосқын бола білді. Себебі қазақ дүниетанымындағы Исламның түп тамыры сонда жатқан болатын. Сонымен қазақ халқының имандылық тәрбиесі кешегі ата-бабаларымыздың әдет-ғұрпы мен салтдәстүрлері негізінде және солар ұстанған діни нанымдары мен шариғат жоралғылары аясында қалыптасты.

А.Сейдімбек мәдениетіміздегі ислам дінінің орны туралы: «Ислам діні тек қана наным-сенім аясымен шектелмей, сол діндегі елдердің өмір салтына, моральдық-этикалық нормаларына, мәдени-рухани үрдістеріне, дәстүріне айналып отыр» дейді. Дәстүр мен дін аясында айтылатын және сарапталатын дүниелер саны көп. Әр салтымызға діни көзқараспен қарар болсақ, өткен дәуірдегі ата-бабаларымыз ұстанған дара әрі хақ жолдың келер ұрпаққа қаймағы бұзылмастан келгенін тілге тиек ете аламыз. Кез-келген дәстүр өз тамырын діннен алады, неге дейсіз ғой, себебі дін ол Хақты қалап, әділдікті талап ететін жалғыз ғана тура жол.


Соның ішінде мейірімділік, ата-ананы құрметтеу, жалған сөзден тыйылу, қызды қырық үйден тыю мен оның тәрбиесін, адамгершіліктің кемелін, сонымен қатар ұят пен ардың, ождан мен тәртіптің қайталанбас тұғырлы төрін көрсетеді. Қазақ халқының бойына сіңген салт-жоралғылар мен халықтық ғұрыптар тізгінін қазіргі уақытта жастарға ұстатар болсақ, келешекте оның сақталып қаларына үлес қосқан болар едік. Себебі, дәстүрді не болмаса көне түсініктерді тек ақсақалды қарттарымыз бен ақжаулықты аналарымыз ғана жадыларына құйып кетер болса, біз келешек ұрпақ, діни дәстүрдің дәмін сезіне алмай кетуіміз ғажап емес.


Ахмет Байтұрсынұлы: «Қазіргі заман – өткен заманның баласы, болашақ заманның атасы», – дейді. Діннен тамыр жайған дәстүрімізге берік, иманымызды өзімізге серік ету арқылы ғана біз өзіміздің тарих сахнасынан орын алған тәуелсіз ел екенімізді дүйім жұртқа дәлелдегеніміз болар еді. Дін мен дәстүріміз бөлек дегендер, бір ел болашағының қамын жегендердің сипатына келмейді. Өйткені олардың түсінігі тар, я болмаса қазақ тарихынан хабарсыз деуге ғана келеді. Дәстүріміздің әлі күнге дейін өз орнын жоғалтпауының бір себебі, ол дінмен ұштасуында.

Дінге қарап бой түзеп, дәстүрімен сусындап, тарихынан өнеге алған әрбір қазақ, Абай атамыз айтқандай «пенде мақсаты –Адам болу» деген сияқты өз мақсатымызға жетер ма едік, кім біледі?! Қазір кезеңде ұлт пен халық рухани қолдауға мұқтаж. Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз әлеуметтік, этностық және діни шиеленістер мен қақтығыстарды еңсерудің жаңа сенімді механизмдерін жасауымыз керек. Дәстүрлі емес секталар мен күмәнді жалған діни ағымдардың іс әрекетін қатаң түрде тыйып отыру қажет. Қоғамда, әсіресе жастар арасында діни экстремизм профилактикасын күшейтуіміз керек», – деп атап өтті.



Сол Жолдау бойынша әрекет жасау үшін дініміз бен дәстүріміз егіз ұғым екенін, бір ағында ағып жатқанын және үйретері мен талабының айқындығын жастар түсінерліктей етіп жеткізу жолдарын қарастыру қажет. Мақсатымыз – ұлттық болмыс, табиғатымызбен сабақтас шариғаттағы мазһабымыз бен танымдық мектебімізді тұғырлап, асыл дүниелерімізді, жауһарларымызды жарыққа шығару, үзілгенімізді жалғап, жоғалтқанымызды түгендеу, сан ғасырлық тарихы бар діни дәстүрлерімізді қалпына келтіру. Сол арқылы қазақтың толыққанды ұлтқа, Алаштың іргелі елге айналуы үшін қолдан келгенше үлес қосу.



3. Қорытынды.

«Дін мен дәстүр егіз ұғым».



Біз төл тарихымызды зерделей отырып, ислам­ның ұлттық болмы­сымыз бен қазақ халқының ел болып қалып­тасуына зор үлес қосқанын көреміз. Бұл тұрғыда біз қазақ қоғамына тыңнан жаңа дүние ұсынып жат­қан жоқпыз. Бар болғаны кезінде баһадүр бабаларымыз салып кет­кен, кейіннен көмескі тарта бас­та­ған соқпақтың сүлдерін тауып, соны қайтадан сара жолға айналдыруға тырысып жатыр­мыз.

Мақсатымыз – ұлттық болмыс, табиғатымызбен сабақтас шариғаттағы мазһабы­мыз бен танымдық мектебімізді тұғыр­лап, асыл дүниелерімізді, жауһар­л­арымызды жарыққа шығару, үзіл­генімізді жалғап, жоғалт­қа­ны­мыз­ды түгендеу, сан ғасырлық тарихы бар діни дәстүрлерімізді қал­пына келтіру. Сол арқылы қазақ­тың то­лық­қанды ұлтқа, Алаш­тың іргелі елге айналуы үшін қол­дан келгенше үлес қосу. 

Елдің тарихын, өткендегі өмірін, істеген кәсібін, дәстүрлі өнерін, тұрмыс салтын білмей тұрып, қазіргінің ұшығына жету мүмкін емес. Қазақ халқы үшін дін мен дәстүр бір- бірінен ажырағысыз қалыпта. Қараханидтер кезінде мемлекеттік дін болған ислам кейінгі ғасырларда қазақ халқының әдетғұрып салт-санасына берік бекіген.Ислам діні, әсіресе Ханафи мәзһабы жергілікті ғұрыпты да өз кезегінде жарамсыз етпей, тұщымды дәлелге санаған. Ұлттың ұлылығын сақтау үшін дәстүрдің озық үлгілерін тұрақтандырып, ол үшін күресу қажет.

Сондықтан қоғам тұрақтылығын сақтаудың бірден бір негізі өскелең ұрпаққа дін мен дәстүрдің сабақтастығын тиісінше түсіндіріп, дәріптей білуде екенін нық айта аламыз.





ҰСЫНЫС:


  1. Бала тәрбиесіндегі үлкен рөл атқаратын ұлттық тәрбие бағытындағы жұмыстарды күшейту.

  2. Ата - бабаларымыздан қалған ұлттық салт – дәстүрлерімізді насихаттайтын балаларға арналған қазақ фильмдері, оқулықтар шығарылса.













































Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. Дін мен дәстүр. (2017). ІІ кітап (тал бесіктен жер бесікке дейін). – Астана. Жәнібеков Ө. (2007).

  2. Дәстүр және уақыт. 2-бас. Толық. – Астана: Алтын кітап.

  3. Затов Қ.А. (2005). Баба дәстүр бастаулары // Саясат. №9.

  4. Исенов Ө. (2012). Қазіргі қазақ қоғамындағы ақсақалдар институты // М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің хабаршысы.

  5. Смағұлова А. (2004). Қазақтың әдет-ғұрып заңдары: оқу құралы. – Ақтөбе: Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің редакциялық баспа бөлімі.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27 маусым
810
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі