400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғылыми жоба:Ахатин ұлуының пайдасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ахатин ұлуы (лат. Achatina fulica) тропиктік климатты мемлекетте кең тараған. Сол себепті-бұл ұлулар көбінесе АҚШ және Африка да кең таралған. Қолда өсетін үй жануары.Оның 100 ден аса түрі бар. Бұл жануар көбінесе-үй жануары ретінде асыранылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі











Тақырыбы: Ұлудың пайдасы

















Жоба авторы: Арқалық Дина

Жетекшісі:Әлкен Назерке



Мазмұны

I. Кіріспе

1. Ұлудың классификациясы

II. Негізгі бөлім.

2. 1 Ұлудың түрлері

2. 2.Ұлудың пайдасы туралы қызықты мәліметтер

2. 3 Ұлу терапиясы

III. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізбесі





























Аннотация

Осы жобамда ұлу жорғалаушылар тобына жататын жәндік екендігі және оның түрлері, өмірде адам денсаулығы үшін ұлудың тиізер пайдасы мен оның көмегімен жүргізілетін терапия емі туралы келешек жас ұрпаққа насихаттамақпын.



Аннотация








Annotation

.





















1.Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты: Ұлудың классификасиясын жіктей отырып, оның пайдасы мен түрлері және денсаулыққа тигізер оң әсері туралы келешек ұрпаққа насихаттау, үлгі ету.

Міндеттері:

  • Ұлу туралы түсінік беру;

  • Оның көмегімен жүргізілетін терапияның маңыздылығы мен құндылығын таныту.

  • Түрлері туралы мәлімет беру.

Болжам: Ұлудың пайдалы тұстары турасында і қарастырылды.

Зерттеу кезеңдері:

1-кезең – Зерттеу тақырыбын табу, әдебиеттермен танысу және материалдар жинақтау;

2-кезең- Талдамаларды жобалау;

3-кезең- Жинақталған материалды сұрыптап, негізгі мақсатты ашуға жұмыстану;

4-кезең- Талдау жасап, жұмысты жүйелеу, рәсімдеу, қорытындылау, жазу.

Зерттеу әдісі: Зерттеуде іздену, жинақтау, саралау, әдеби-ғылыми талдау.



5.Зерттеу нәтижесі: Ұлу туралы жинақталған тарихи және ғылыми сипаттағы деректерді енгізе отырып, оқушыларға насихат жүргізіледі.

6. Күтілетін нәтиже:

–   Ұлудың құрылысы мен оның пайдасы аясында түсінеді;

–  Осы бағытта өз тарапынан не істеу керек екеніне мақсат қояды;

–  Денсаулыққа пайдасы туралы нақты білімі қалыптасады.


Қорытынды: Ұлу өте пайдалы жәндік. Оның әрбір жасаған қозғалысы мен жүргізген зерттеу жұмыстары оқушы үшін өте маңызды. Себебі өзі кішкене болса да, адамның денсаулығы үшін орасан зор көмегі бар бұл жәндіктің қасиеттері туралы келешек жас ұрпаққа насихаттамақпын.

















І Кіріспе бөлім







Ұлулар (Gastropoda) — жұмсақ тәнді жәндіктердің — моллюскалардың бір класы.

Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі айырмашылығы - денесі бунақтарға бөлінбейді. Сондықтан ішкі мүшелердің денеде орналасуы қайталанбай, атқаратын қызметі бірдей, біртұтас күйде болады. Айқын жіктелмесе де, олардың бас бөлігін тұлғалан ажыратуға мүмкіндік бар. Ұлулардың ішкі мүшелері бастан кейінгі тұлға қапшығында орналасады. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат - шапанша (мантия) түзіледі. Тұлға мен шапанша аралығында шапанша қуысы болады, ал шапаншаның үстіңгі бетінен бақалшақ қалыптасады.

Зәршығару жүйесі мен жыныс тесіктері және артқы ішектің аузы шапанша қуысына ашылады.

DrawObject1










АDrawObject2 яқ - ұлулардың негізгі қозғалу мүшесі. Ұлулар денесі жұмсақ, үш қабатты, екіжақты симметриялы көпжасушалы омыртқасыз жәндіктер. Олардың денесі бастан, тұлғадан, аяқтан, бақалшақтан және бақалшақ қалдығынан тұрады. Ұлулар типіне бұрын «былқылдақденелілер» деген атау пайдаланылған. Ұлулар типінде 130 мыңнан астам түр бар деп есептеледі.







Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі ерекшелігі – денесі бунақтарға бөлінбейді. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат – шапанша (мантия) түзіледі. Тұлға мен шапанша аралығында шапанша қуысы болады, ал шапаншаның үстіңгі бетінен бақалшақ қалыптасады.
Асқорыту жүйесі едәуір күрделі. Дененің алдыңғы бөлігіндегі ауыз тісшелері – үккі тілге және жұтқыншаққа жалғасады. «Бауыр» деп аталатын асқорыту безінің аузы қарынға ашылады. Көпжасушалы жәндіктерден бұрын кездеспеген асқорытуға қатысатын без бауырды ұлулардан бірінші рет байқаймыз.
Тағы бір ерекшелік – ұлуларда қантарату жүйесі ашық. Көптеген ұлулардың қаны түссіз. Қанның түсі көгілдір (басаяқтылар) ұлулар да бар. Жүректе бір немесе екі құлақша, бір қарынша болады.
Құрлықта тіршілік ететін ұлулар өкпемен тыныс алады. Суда тіршілік ететіндерінің тыныс алуы шапанша астында орналасқан желбезектер арқылы жүзеге асады.
Тұщы суда мекендейтін ұлулардың екі көзі - қармалауыштардың түбін ала (тоспа ұлу), ал құрлықта мекендейтіндерінікі (жүзім ұлуы, жалаңаш шырыш) қармалауыштардың ұшында орналасады.
Ұлулардың зәршығару жүйесі бір немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен құралады. Қан құрамындағы улы заттар бүйректен өтіп, сүзінді сыртқа бөлініп шығады. . Табиғатта қосжынысты да, дара жынысты да ұлулар тіршілік етеді. Қосжынысты ұлулар өзін-өзі ұрықтандыра алмайды. Сондықтан ұрықтандыруға өзге дарағы қатысады. Жұмыртқадан тікелей жәндіктер дамиды. Қосжақтаулы ұлулар және басаяқтылар - дара жынысты жәндіктер. Бұлардың даму жолдары түрліше өтеді.

DrawObject3

















ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Ұлудың түрлері

Бұлар - теңізде және құрлықта тіршілік ететін жәндіктер. Оларды көлдерден, тоғандардан, суқоймалардан да кездестіруге болады. Туйіртек, жұмырлақ көлдерде және тоғандарда өмір сүреді. Шалшық ұлуы, тоспаұлу және қошқармүйіздер баяу ағатын суқоймаларда кездеседі. Жузім ұлуын - жүзімдіктен, ал жалаңаш шырышты бау-бақшалар мен өзге заттар астынан кездестіре аламыз. Бұлардың көпшілігінің денесін бақалшақ қаптайды. Бақалшақтарының пішіні әр түрлі болады. Кейбіреулерінде, мысалы, жалаңаш шырыш денесінде бақалшақ қалдығы ғана сақталған. Денесі жұмсақ. Бақалшақты ұлулардың денесін жобалан бас, тұлға және аяққа жіктеуге болады. Аяғы дененің астыңғы бөлігі - бауырын толық қамтитындықтан, бұлар бауыраяқты ұлулар класына жатқызылады. Бауыраяқтылардың 80 мыңға жуық түрлері белгілі. Бау-бақшаға, жүзімдіктерге, баққа жалаңаш шырыш, жүзім ұлуы айтарлықтай зиян келтіреді.
Тоспаұлулар - паразиттік жолмен өмір сүретін таспақұрттардың аралық несі. ұлудың жер астынан алынған қалдықтары (Маңғыстау ұлутасы) құрылыста пайдаланылады.
Қосжақтаулы ұлулар класы
Бұлар - Жер шарына кең таралған көпжасушалы жәндіктер. Олар мұхитта, теңізде, тұщы суқоймаларында, өзендерде тіршілік етеді. Құрлықта кездеспейді. Жануартекті жеммен қоректенеді, паразиттік жолмен өмір сүретіндері де бар. Қосжақтаулы ұлулар класының өкілі айқұлақ. Олардың бақалшағы ашып-жабылатын екі жақтаудан тұрады. Сондықтан бұл жәндіктер қосжақтаулы ұлулар деп аталған. Бұлардың бас бөлігі жойылып кеткен. Денесі тек тұлға және аяқтан ғана құралады. Мысалы, айқұлақтың аузы аяғының қасында орналасқан. Айқұлақта бас болмағандықтан, оның тілі де, жұтқыншағы да жоқ. Сондықтан қорек тікелей өңешке түседі. Одан қарынға өтіп, ішекке барады. Қосжақтаулы ұлулар - дара жынысты жәндіктер. Олардың ғаламшарымызда 20 мыңға жуық түрлері мекендейді. Бұлар суды денесі арқылы өткізіп, оны бактериялардан, планктон және қалқып жүрген өлі қосындылардан сүзіп тазартады.
«Планктон» - грек сөзі, «кезбе» деген мағына береді. Ол - теңіздің қалың қабатында кезіп жүріп тіршілік ететін ұсақ тірі ағзалар жиынтығы. Теңізде тіршілік ететін кейбір қосжақтаулы ұлулар (мидия, устрица, гребешок) тағам ретінде пайдаланылады. Теңіз қосжақтаулыларының бақалшағынан түйме жасалады. Көптеген ұлулардың бақалшағынан ұн тартылып, ірі қараға жем ретінде беріледі.Мидия-калифорниялық мидиялар-"бисал тізбегі" деп аталатын талшықтары арқылы жартастарға жабысып тірішілік етеді.Гамбут хитондары-"қақпақша" аталатын сегіз тілемшеден тұратын ұлулар. Мүйізді ұлудың артқа қарай бағытталған мүйіз тәріздес өсінділері бар қарақошқыл қабыршағы болады. Қосжақтаулы ұлулардың ағаштан жасалған құрылыстар мен кеме түбін тесетін түрлері бар. Олар өте қауіпті зиянкестер болып табылады. Денесінің алдыңғы бөлігіндегі қосжақтаулы кішкене бақалшағымен сүректі бұрғылан теседі. Сөйтіп өзіне жол салады да, ағашты пайдалануға жарамсыз етеді.

Каракатица
Басаяқты ұлулар класы
Олар - ең жоғары құрылымды жәндіктер. Бұларда бақалшақ жойылып кеткен. Суы тұзды және оңтүстіктегі теңіздерде, мұхиттарда ғана өмір сүрелі. Басаяқты ұлулар - өте ірі жәндіктер. Мысалы, тереңсу кальмарының ұзындығы - 18 м, мұның 10 метрі қармалауыш. Қармалауыштың жуандығы 20 м. Басаяқтылардың денесі бастан және түлғадан құралады. Ауыз төңірегінде өте күшті 8 - 10 қармалауыштар болады. Қармалауыштардың ішкі жағында бірнеше қатар сақиналанған сорғыштар бар. Сегізаяқтар қармалауыштардың жәрдемімен су түбінде жүріп, қорегін ауданды. Сөйтіп бұлардың басындағы қармалауыштар аяқ қызметін де атқарады. Каракатина және кальмар өте баяу жүру үшін қармалауышы мен басын алдыға қаратыл жүзеді. Өте шапшаң қозғалу қажет болған жағдайда денесінің артқы бөлігімен реактивті қозғалады. Аяғы (қармалауыштары) басында болғандықтан, бұл жәндіктер басаяқты ұлулар класына жатқызылады. Басаяқтылардың қазіргі кезде 800-ге жуық түрлері бар.
Басаяқты ұлулардың бір өкілі - кальмар. Шеміршекті бассүйегінде ми орналасады. Бұл - оның басы. Бастың екі жағында үлкен көздері бар. Оның құрылымы адам көзінің құрылысына ұқсас. Бір қызығы: көздің біреуі бір затты, екіншісі екінші затты жеке-жеке көре алады. Кальмарлар су тереңінде сағатына 50 шақырымдық жылдамдықпен жүзіп, қорегін аулайды.

Каракатица да - басаяқты ұлу. Ол су түбін ала тіршілік етеді. Құмда жасырынып жатқан асшаянды аулайды. Жемін аулау үшін құмға бас бөлігіндегі ойыстан су атқылатады. Құм жан-жаққа ұшып, асшаян көрініп қалады. Енді оны ұстап жеу каракатинаға қиындық келтірмейді.

Қарсы алыңыздар, алдарыңызда  - Costasiella kuroshimae.  Бұл сүйкімді теңіз шырышты ұлуы. Көздері моншақтай, ал құлақтары болса рецептор, балдырлармен қоректенеді. Бір қарағанда мультфильмдегі сүйкімді қойға ұқсайды. Бұл ұлу әлемдегі фотосинтезді жүзеге асыра алатын жалғыз тірі мақлұқ. Шырышты ұлу 5 мм-ге дейін өседі. Жапония, Индонезия және Филиппин суларында мекен етеді.  Балдырлармен қоректенген кезінде шырышты ұлу хлоропластарды сорып, оны өзінің ішкі органдарына енгізеді. Бұл процестің арқасында шырышты ұлулар  күн батареялары сияқты.  










2. 2 Ұлу туралы қызықты мәліметтер

Ұлулардың жүйке жүйесі 20 000 нейроннан тұрады. Салыстырмалы түрде алсақ, адам миында бірнеше жүз миллиард нейрон бар. 

Ұлулардың мүйішелері - сыртқа қарай аударылынған мұрын. Адам мұрынындағы иіс сезу рецепторларының бәрі ұлуларда мүйізшеде орналасқан.

Ұлулар көре алмайды деп болжанады. Олар тек жарық пен қараңғыны ажырата алады.

Ұлулардың 25 000-ға жуық тісі бар. Олар бір қатарда емес, "үккіш" түрінде орналасқан. 

Алып ахатина ұлуының зындығы 20 см-ге дейін жетеді. Денесінің үлкендігіне қарамастан, бұл ұлу жүзім ұлуынан да баяу қимылдайды.

Жүзім ұлуының ең жоғары жылдамдығы минутына 7 см болады.

Ұлудың көптеген түрі - қосжыныстылар.

Оңтүстік және оңтүстік-батыс Еуропада ұлуларды тағамдық мақсатта қолданады. Ұлу етіндегі ақуыз тауық етіндегіден көбірек. 

Табылған ұлулардың ішіндегі ең үлкен Syrinx aruanus түріне жатады. Оның салмағы 16 кг-ды құраған. Ал "үйінің" ұзындығы 70 см ғана. Бұл су ұлуы. Белгілі болғандай, суда салмақ азаяды.






2.3. Ұлу терапиясы

Бүгінде бетіңізге мкүтім жасаудың түрлі тәсілі бар. Соның бірі - ұлу терапиясы. Ұлу терапиясы - табиғи жолмен жасалатын бет күтімінің бірі. Бет күтіміне қажетті дәрумендерді ұлудың шырышынан алуға болады. Атап айтсақ терісінің жастығын сақтайтын коллаген, эластин және А, С, Е, В6, В 12 дәрумендері сол шырыштан бөлініп шығады. Косметологиялық өнім де ұлу шырышынан алынады. Негізі ұлу терапиясы құрлық ұлуының массажы негізінде жасалады. Мұндай массажға африкалық ахатинаны жиі қолданады.

Ұлу терапиясы беттегі әр түрлі пигменттіқ дақты жойып, бетті жақсы тартады, әжімнің кетуіне көмектеседі. Ұлуды тек бетке ғана емес, мойын мен қолға да қоюға болады. Себебі мойын мен қолға әжім тез түседі. Бұл ем - дом шара бір рет қолданғаннан кейін, өзінің нәтижесін береді. Бет ағарып, жылтырайды. Дегенмен бір рет жақсы болды екен деп қоя салуға болмайды. Ұлу тістемейді, беттегі өлі клетканы жеп, теріге ешқандай зақым келтірмейді. Тек қана массаж нүктелері арқылы жүріп шырыштарын қалдырып отырады. Кейін бұл бет теріге сіңіп, өзінің әсерін бере бастайды. Ең бастысы беттегі жараны жазады. Ұлу мойында жиналған тұзды алуға да көмектеседі. Кішкентай нәрестенің кіндігі шығып жатса, соғанда ұлу жүргізуге болады. . Ежелгі Мысыр мен Вавилонда ұлу «Мәңгілік символы» саналған. Мысыр елінің ханшайымы Клеопатраның өзі осы Ахатин ұлуын пайдаланған. Ал Гиппократ ұлудың шырышы мен ашыған сүтті араластырып, күйіктерді емдеп жазған. Ахатин ұлуы мойын остеохондрозын жоюға жиі пайдаланылады. Тіпті оның шырышы мен массажы дене целлюлитін азайтуға да көмегін тигізеді. Көздің айналасындағы ісіетерді де алады.

































III. Қорытынды.

Ұлу былқылдақ денелілерге жататын тіршілік иесі екеніне қозіміз толық жетті. Әрине адам денсаулығы үшін ұлудың маңыздылығы жоғары екенін де танып білгеніміз анық. Мен осы жобаны жазу барымсында ұлудың әрбір деректеріне қызығушылық танытқаным рас. Себебі өзі кішкене ғана тіршілік иесі бола тұрсада адамзат үшін көптеген зра орасан пайдасының барлығына көз жеткіздім. Ұлу терапиясы арқылы адам бойында кездесетін маңызды сырқаттардың бірі остеохондроазға ерекше ем екендігін, бетті нәрлердіруде, түрлі косметикаларды пайдаланғаннан көрі осы ұлу терепиясын жасатып, таиғи оніммен бетті тазалаудың адам ойында еш күдік тудырмайтыныныа көз жеткіздім. Сонымен қатар суда тіршілік ететін осы бір ұлудың өзінен бірнеше есе артық пайда тигізе алатыны кімді болса да таңырқатпай қоймасы анық. Болашақта осы ұлуды өзім өсіріп, емдік терапия жұмысын жүргізуді басты мақсатым етіп қоймақпын.



















Ұсыныстар:

  • Ауданымызда ұлумен терапия орталығы ашылса;

  • Ұлумен емдеу жұмыстары туралы медицина қызметкерлері сынып сағаттарын өткізсе;

  • Ұлудың пайдасы туралы насихатталып, оны өсіретін орталықтар көбейтілсе;

  • Ұлудың пайдасы туралы насихатталса;







Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Интернет желісі

  2. Ахатина \ Кеңестік энциклопедиясы

  3. Гиляров М.С Биологиялық энциклопедиялық сөздік

  4. Бұл кім? Бұл не? Балалар энциклопедиясы Алматы, 1997 ж

  5. Жас биолог сөздігі

  6. Оқулықтар

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
1 мамыр
2562
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі