400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба:Майя күнтізбесі- нақты күнтізбе

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушыларға толықтай түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік

мекемесінің «Ораз Жандосов атындағы орта мектебі

мектепке дейінгі шағын орталығымен және Қостөбе

бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі»



Оқушының аты-жөні: Айтжан Аяла

Сыныбы: 8

Ғылыми жетекшісі: Исаева Жаңылсын Акимбековна

Секциясы: Космонавтика

Тақырыбы: Майя күнтізбесі- нақты күнтізбе

Мақсаты: Тригонометриялық заңдылықтар теориясы негізінде аспан шырақтарының жүрілген жолын шоқ жұлдыздардың тууы мен батуын зерттеуде күнтізбелер жасаудың нақты сәйкестіктерін дәлелдеу.

Міндеті: 1.Өркениетті Майялықтардың астрономия ғылымын жете білуге ұмтылуы.

2.1,2,3-дәлелдемелер арқылы күнтізбелердің сәйкестіктерін ажырату.

3. Майя күнтізбесі түрлі білімді тоғыстырған күнтізбе.

3.Алған білімді ғылымда,есеп шешуде,күнтізбе жасауда пайдалану.

Нәтижеге жету жолдары: Зерттеу оқиғаны табу, оны заңдылықтармен дәлелдеу-теория, сызбалар түрінде жүргізілді. Нақты сәйкестіктер мысалмен түсіндіріліп, баяндалды.

Баяндаманың қысқаша мазмұны: Ғарыш пен Жердің өлшемдес берік байланысын математикалық заңдылықтармен дәлелдеуде шырақтар жолының геометриялық фигуралармен сәйкестіктерін анықтауда, статистикада, күнделікті өмірде пайдалануға және де білім саласын арттыруда қолданылады.

Қолданылған әдебиеттер:

1.И.Г.Кириллов. Книга для чтение по физике 6-7кл. Пособие для учасщихся. М.Просв.1978

2.Ақжан Әл-Машани «Космос және космология» Алматы1999ж.4-11,13-94 беттер.

3.Физика-техника интернет материалдары,2009-2018жж.

4. «Физика в школе»№4 1996ж.№2 2000.8-13,17-65беттер.

5.Ладони http:// www .Love .nakurorte. ru/ KULEMA66/?-difry post id-412

Аннотация

Зерттеудің көкейтестілігі: Білім беру және жоспар саясаты туралы заңдардың қолданылуы жастардың білім алуы оны жетілдіру мәселелеріне жаңа тұрғыдан қарауды талап етіп отыр. Бұл мәселені шешуде әрбір оқушының алдына үлкен мақсат қойып, қоғамның даму кезеңдеріндегі тәжірибелерді зерттеп, пайдалану қажет. Сол себепті астрономия ғылымының бір бөлігі ретінде жарық сәулесінің таралуы-шоқ жұлдыздардың тууы, батуы арқылы күнтізбелердің сәйкестіктерін, нақтылығын ажырату.

Зерттеудің мақсаты: Тригонометриялық заңдылықтар теориясы негізінде аспан шырақтарының жүрілген жолын, шоқ жұлдыздардың тууы мен батуын зерттеуде күнтізбелер жобасын жасаудың нақты сәйкестіктерін дәлелдеу.



Зерттеу объектісі: Күнтізбе-ұзақ уақыт аралығын есептеудің санақ жүйесі. Кейбір жұлдыздардың шығу, бату мерзімдерін анықтау арқылы жыл мезгілдерінің келу уақытын нақты есептеуде- «уақыт заңы мен уақыт эталонына» негізделген Майя күнтізбесімен дәлелдеу.



Зерттеу міндеттері:

1. Өркениетті Майялықтардың астрономия ғылымын жете білуге ұмтылуы.

2. 1,2,3-дәлелдемелер арқылы күнтізбелердің сәйкестіктерін ажырату.

3. Майя күнтізбесі түрлі білімді тоғыстырған күнтізбе

4. Алған білімді ғылымда, есеп шешуде, күнтізбе жасауда пайдалану.

Зерттеу әдістемесі: Зерттеу оқиғаны табу, оны Уақыт заңын өте шебер қолдана отырып және Жер мен Көктің берік байланысын 7 нота, 7 химиялық элемент және 7 планетаның өзара тепе теңдігін дәлелдеуде Жердің галактикалық уақыт кеңістігіндегі орны арқылы күнтізбе жобасын жасауға болады.



Болжамы: Майя күнтізбесін түрлі білімді тоғыстырған нақты күнтізбе ретінде статистикада, күнделікті өмірде пайдалануға және де білім саласын арттыруда қолданылады.

1





Аннотация


Актуальность исследования. Применение законов об образовании и плановой политики требует нового подхода к образованию для молодежи. При решении этого вопроса каждый студент должен ставить перед собой великую цель, изучать и применять опыт этапов развития общества. Поэтому, как часть науки астрономии, распределение световых лучей - это разделение календарей, точность календарей при восходе солнца, закате.


Цель исследования: доказать точное соответствие конструкции календарей при исследовании траектории небесных сияний на основе теории тригонометрических закономерностей рождения и умирания звезд.


Объект исследования: Календарь - перепись длинных временных интервалов. Свидетельство календаря майя, основанное на «законе времени и стандарте времени», позволяет точно рассчитать время прихода определенных сезонов путем определения вспышки заката.


Задачи исследования:

          1. Стремление цивилизованных майя достичь астрономии.

          2. Разделение календарей с помощью доказательств 1,2,3.

          3. Майя календарь это календарь с разными знаниями

          4. Использование знаний в науке, решение проблем, календари.


Метод исследования состоит в том, чтобы найти исследование этого явления, овладеть законом времени и доказать связь между Землей и Милосердием, а также доказать равновесие 7 нот, 7 химических элементов и 7 планет в галактическом пространстве времени Земли.


Прогнозы: календарь майя используется в качестве специального календаря для объединения различных знаний, в статистике, в повседневной жизни и в области образования.










2




Abstract


Urgency of the study: Implementation of laws and obtaining the right to plan policy requires newer lookings for the younger generation. Every student must complete the stage of development, learn and practice the stages of development of the society. As you go astronomy in science, divide the light beams - this is a partition of the calendar, the exact date of the calendar at sunrise, the wetness.


The Purpose of the study: Indicate the exact design of the calendar on the trajectory of the trajectory of unbounded graphics on the basis of the theory of trigonometric traces of the birth and exit of the star.


The Object of the study: Calendar - Overlapping time intervals. The calendar of Maya, based on the "time of the law and the time of the times", allows to accurately tell the time of the month determined by the division of the definition of the expanse.


Problems of the study:

          1. Stimulation of civilized Mayans in astronomy.

          2. Distribution of calendar with help notes 1,2,3.

          3. Maya calendar is a calendar with a variety of connoisseurs

          4. Use of knowledge in the science, problem solving, calendars.


The methods of the study: of research is composed of volumes of research to find out, explain the time and make contact between Zemley and Miloserdium, as well as proof of the equilibrium 7 notes, 7 chemical elements and 7 planets in the galactic space of the time Zemly.


The Forecast: The Maya calendar is used in the specialization calendar for different types of disciplines, in statistics, in the past life and in the formation of the oblivion.














3



Мазмұны:

1. Кіріспе: Майа күнтізбесі-уақыт өлшемі-------------------------------- 3-4 бет

2. Негізгі бөлім:

3. Күнтізбені қолданудың үш мақсаты -------------------------------------- 5-6 бет

4. Ежелгі майялардың күнтізбесі мен түрік халықтарының күн санауының ұқсастықтары ------------------------------------------------------------------------7-8 бет

5. Үркер топ жұлдыздарының циклдарының галактикалық өлшемге

сәйкестігі---------------------------------------------------------------------------- 9-10 бет



ІІІ. Қорытынды бөлім:

6. Галактикалық мәңгі күнтізбеге көшу ----------------------------------------11-14 бет



















4



Жоспары:



І. Кіріспе:

Майа күнтізбесі-уақыт өлшемі.

ІІ. Негізгі бөлім:

а) Күнтізбені қолданудың үш мақсаты.

б) Ежелгі майялардың күнтізбесі мен түрік халықтарының күн санауының ұқсастықтары.

в) Үркер топ жұлдыздарының циклдарының галактикалық өлшемге сәйкестігі.

ІІІ. Қорытынды бөлім:

Галактикалық мәңгі күнтізбеге көшу



















5

Кіріспе

Майя күнтізбесі-уақыт өлшемі

Майя мемлекеті x-xv ғасырларда өмір сүрген. Ежелгі майялар Мексика аумағын мекендеп, Америка құрлығындағы ежелгі өркениеттің бірінің негізін қалады. Майя өркениетінің пайда болуы ольмек мәдениетімен тығыз байланысты. Біздің заманымыздың бас кезінде майялардың алғашқы қалалары Тикаль, Вашактун , Волантун т.б пайда болды.VIII ғасырдың соңында майяларда жүзден аса қала болды. Майялардың әрбір қала мемлекеті кішігірім құл иеленуші патшалық болды. «Майя тайпасы», «Майя халқы», «Майя өркениеті» деп аталатын тіркестер адамзат баласы үшін таңсық емес. Себебі күні бүгінге дейін бұл тіркестер ғалымдарды қызықтырып келеді. Бірақ ғалымдар зерттеу жасағанымен, қарапайым адамдар білмейтін түрлі қызық бар. Ендеше сіз бен бізге беймәлім Майя өркениетіне сапар шегейік. Майя жұртының өздеріне тән технологиялары болған Майялықтарда екі бірдей қазіргі күнге тән технология кездеседі: дөңгелек және металдан жасалған аспаптар. Археологтардың қазба жұмысы кезінде тапқан жәдігерлеріне қарасаңыз, майялықтардың цементті қалай құю керектігін білгенін көруге болады. Одан бөлек олар өте күрделі оталарды жасай біледі. Мәселен жаңарту атқылау кезінде қалған қалдық тастар арқылы адам денесіне ота жасаған. Ал ғалымдарды таңдандырып отырғаны, со кездегі құралдардың қазіргі кездегі үлгісінің болуы. Суда жүзуді де білген. Жай жүзу емес, теңізге шығып, географиялық негізді қалау үшін Азиядан Америка құрлығына барған деген деректер бар.

Майялықтарда ғарыш кемесі болған жоқ, бірақ байланыс болған. Бұл қалай? Иә, өркенетті Майяның ғарышқа баратын кемесі болмаған. Бұл кейінгі қаншама мыңжылдықтан кейінгі жаңа технологияның жемісі ғой. Бірақ ең қызығы олардың ғарышпен байланысы болған. Яғни зерттеу орталықтары мен сарайлары салынған. Себебі өркениетті жұрт астрономия ғылымын жетік меңгеруге ұмтылған.

Ал бұл сөзімізге куә болатын зерттеу орталығы, Юкатан аралында орналасқан ғимаратқа тән. «Эль- Караколь»деп аталатын ғимаратты ғалымдар «ғарышқа

6

байланысқа түкен обсерватория» деп атайды. Ғимараттың биіктігі 15 метр Ғимарат Венера орбитасынанегізделіп құрастырылған. Олар үшін Венераның рөлі ерекше. Күнтізбелері мен адамды құрбандыққа шалатын мерекелерінің бәрін осы ғарыштық түсінік арқылы қалыптастырып отырған.

Майялықтар уақыттың не бастау не аяқталу нүктесі еместігін адамзаттан бұрын білген Майя өркениеті жұрты үш бірдей пайдаланған адамзаттық күнтізбе, Хааб күнтізбесі, Цолкин күнтізбесі. Хааб күнтізбесі 18 ай 20 күнмен есептелген. Онда 360 күн жылына айналып отырған.

Ал Цолкин күнтізбесі бойынша 20 ай 13күн болса, онда жылына 260 күн бар деп түсіндірілген. Олардың күнтізбесі бойынша уақыт еш жерден басталмаған, еш жерден аяқталмаған. Мәңгі бір айналымда айналып, қайталанып отырған. Майя жұрты әлі де бар Зерттеушілердің көбі бұл тайпаны жерден жойылып кеткен деп есептейді. Ал шындығында олар арамызда бар.

Солтүстік Америкада олардың өмір сүру ортасы бар. Тіпті сандары да белгілі болған. Алты миллион майялықтар жер бетінде әлі де болсын өмір сүреді. Бірақ бұл тайпаны заманға ерген жаңа майялықтар деп атауға болады. Ең қызығы, олар ата-бабалары жайында қандай естелік айтар екен...

Адамды таң қалдыратыны ежелгі Майя күнтізбесінде де Үркер деп аталыпты. Үркер Торпақ шоқжұлдызындағы алып және жарық күйдегі галактикалық шашыранды үйіржұлдыз шоғыры. Әдетте Үркердің жай көзбен ең жарық жұлдызын көруге болады. Үркердің ең жарық жұлдызы –Альциона. Үркердің басқа жарық жұлдыздары сияқты Альциона да B спектірлік класындағы ыстық жұлдыздар қатарына жатады. Майя күнтізбесі әр қилы мақсаттар үшін пайдаланған. Майя күнтізбесі түрлі білімді тоғыстырған күнтізбе. Ол, шамамен бұдан алты мың жыл бұрынғы күнтізбе.






7


Күнтізбені қолданудың үш мақсаты

1) Алым салықты төлеудің уақытын белгілеу.

2) Қарыз немесе несиенің өсімін төлеуде.

3) Діни мереке күндерді білу үшін.

Күн мен айдың , кейбір жұлдыздардың қозғалыстарын бақылау адамдарға уақыт санауға, яғни әр түрлі күнтізбе жасауға арқау болды. Майя күнтізбесіндегі иероглифтер нақты математикалық заңдылықтар жиынтығы. Бұл ғаламшардағы тарихи бетбұрыстар мен Ұлы өзгерістер.

Пирамидалар жүйесі мен тасқа ойылып жазылған иероглифтерге толы мәліметтер Майялардың уақыт пен математикаға байланысты қазіргі қолданылып жүрген үштік өлшеммен келешек төрттік өлшемге адамзаттың қай заманда ауысатынын алдын ала болжап қойған.Уақыт заңын өте шебер қолдана отырып және Жер мен Көктің берік байланысын 7 нота , 7 химиялық элемент және 7 планетаның өзара тепе теңдігін дәлелдеуде Жердің галактикалық уақыт кеңістігіндегі орны арқылы күнтізбе жобасын жасауға болады. Астрономиялық тұрғыдағы үйлесімділік, тепе теңдік, тұрақтылық, заңдылық негізінде жасалған күнтізбенің жобасы болашақта дүниежүзілік қолданыс табарына сенімім мол. Ана тіліміздегі 9 ай , 9 күн көтеріп тапты деген тұрақты тіркес Цолкин күнтізбесінің нақты көрінісі. Қытай, Рим күнтізбелерінің Цолкин күнтізбесінің негізіне сәйкес жасалған. Цолкин күнтізбесі сегіз қырлы, бір сырлы күнтізбе. Ғалымдардың топшылауына бұл Ана мен Ана құрсағындағы өсіп жетілетін эмбрион нәрестенің күнтізбесі. Жүкті әйелдің босанғанға дейінгі мерзімі тұп тура күнге 260 теңеседі теңеседі. Григорий күнтізбесіндегі ұзынды қысқалы 12 айға қатысы жоқ. Өйткені Григорий күнтізбесі 30 күннен тұратын «9 ай мен 9күн =279 күн», яғни күнтізбе жасанды. Үркер тобының көкжиектен көтерілуіне дейін 260 күндік циклын дәл есептеуге болады.

Уақыт заңын ашқан атақты ғалым Хосе Аргуэльстың 13 айлық күнтізбелерден артықшылығы Майя ғалымдарының уақытқа қатысты қағидаларын басшылыққа алуында .

8

  • Майялардың уақытты кеңістікпен шатастырмайтынын анық байқайды.

  • Майялар кеңістіктің шегі бар, ал уақыттың шегі жоқ екенін анық білген. Уақыт тек сананың, яғни төрттік өлшемнің елшісі.

  • Ғалым кез келген сәуле немесе электромагниттік толқынның немесе тербелістің өз жиілігі бар екенін айқын түсінген.

  • Ғалым уақыт тербелісі жиілігінің 13-20 екеніне көзі жеткен. Бұл жиілік Күн мен Галактикалық орталықтан бастау алып, Жерге жететін, жетіп қана қоймай, Жер биосферасына үнемі әсерін тигізетінін түсінген.

  • Адамзат пен жануарлардың аяқ қолында байқалатын 20 саусақ пен мойынынан екі тобыққа дейінгі 13 буын-уақыт қлшемі 13-20- ның нақты көрінісі. Майялықтар бұл заңдылықтарды өте шебер меңгерген және өзінің де, өзгенің де көзін жеткізген.Майяның арғы аталары шамамен б.з.б 3-4 мың жылдықта Мексика шығанағының солтүстік жағалауынан Чьяпас пен Гватемаланың таулы аудандарына қарай қрныс аударған. Б.з.б 2 мыңжылдықтың соңында Веракрус пен Табаскада Майя тілдес ольмектер Орталық Америкада алғашқы мәдениетінің негізін қалады.Қазіргі заманда Майя дәстүрлі мәдениеті ауылдық жерлерде сақталып қалған. Майяның негізгі дәстүрлі кәсібі- егіншілік. Майялар кофе, тұз, әктас өндіру, балыұ аулау, өнеркәсіптерде жұмыс істейді. Көпшілігі католиктер. Майяларда дәстүрлі омарташылық, үй құстарын өсіру, аңшылық, терімшілік, балық аулау дамыған. Сонымен бірге сиыр, шошқа, жылқы, ешкі, қой өсірумен айналысады. Жүгері, асбұршақ, батат, бұрыш, көкөніс иен темекі өсірді. Қыш құмыра жасау, кестелеу, тоқу, ағаш жону, тоқымашылық, саз аспаптарын, қайықтар мен саз кірпіштер жасау сияқты қолөнер түрлері сақталған. Тұрғын үйлері сырықтардан, құрақтардан, сабаннан құрастырылып, екі немесе төрт жақты, сабанмен немесе пальма жапырақтарымен жабылған биік шатырлы болып келеді. Шағын ауылдардағы үйлер, негізінен саз кірпіштерден салынады. Сопақ пішінді көне тұрғын үйлер де кездеседі. Әр үйде су құйятын үлкен қыш ыдыс, тас дән үгіткіш, аласа орындықтар, сәкі, ішкі аулада тамақ ішетін орын мен астық сақтайтын қойма болады. Қалың мал өтеу жүйесі қалыптасқан.


9

Ежелгі майялардың күнтізбесі мен түрік халықтарының күн

санауының ұқсастықтары.

Қауымның негізін әкімшілік, діни және сауда орталығы пуэлоның айналасына қоныстанған шағын елді мекендер халқы құрайды. Бұрынғы нанымдары мен әдет ғұрыптары христиан дінімен ұштасып кеткен. Діни әдет ғұрыптар көне майя күнтізбесі бойынша атқарылады. Дәстүрлі ауыз әдебиеті үлгілері, көне әндер, ертегілер мен аңыздар, билер сақталған.

Арғы тегі кіндік алтайда жатқан ежелгі майялардың күнтізбесі мен түрік халықтарының күн санауының арасында да нақты ұқсастықтардың бар екені осы жерден байқалады. Бүгінгі мексика жерін біздің заманымыздың v-x ғғ аралығында мекен еткен майялардың биік өркениеті, әсіресе, олардың математикасы мен күнтізбелер жүйесі әлемді әлі күнге дейін таңғалдырып келеді. Оларды 40 жыл бойы зерттеген көрнекті америкалық ғалым, математик, тарихшы, өнертанушы әрі суретші хосе аргуэльс майя ғылымы мен білімінің негізінде жазған өзінің «майя факторы » атты құнды монографиясымен қатар басқа да елеулі ғылыми еңбектерін жариялап, xx ғасырдың соңында уақыт заңын ашты және оны бүкіл әлемгн паш етті. Ғалымның пікірінше, майялар уақыт заңы мен оның қыр сырын шегіне жеткізе білген. Олар оны өте шебер қолдана білудің арқасында жердің галактикалық уақыт кеңістігіндегі орнын дәл анықтаған. Археологтар зерттеулері дәлелдеп отырғандай,майялар жоғарыда аталған замандарда өздері мекендеген үлкен аймақта бір-біріне алшақ орналасқан ондаған ірі қалалар салғаны белгілі болып отыр. Олардың басты нысандарын пирамидалар жүйесі мен иероглифтерге толы стеллалар мен тастан тұрғызылған өте сәнді ғимараттар құраған. Алайда майя өркениетіне тән, бірақ бүгінгі ғалымдарға түсініксіз әрі осы уақытқа дейін нақты шешімі табылмай келе жатқан «майялар неліктен өздері салған сәулетті қалалары мен әлі салынып бітпеген ірі құрылыстарын күрт тоқтатып, із түссіз кеткен » деген жұмбақ бар. Ғалымдар майялардың әр қилы мақсаттар үшін пайдаланған 17 түрлі күнтізбе үшін болғанын ашып отыр. Алайда солардың ішінде ең жиі қолданылатын үш әмбебап күнтізбесі ерекше назар аударады. Олардың біріншісі- қазіргі біз қолданып жүрген

10

365 күндік Григорий күнтізбесіне ұқсастау келетін Хааб ден аталатын азаматтық

күнтізбе. Бұл күнтізбе бойынша бір жыл әрқайсысы 20 күндік 18 айдан және аты жоқ 5 күннен яғни бас- аяғы 365 күннен тұрады. Әдетте соңғы бес күнді халықтар жаманшылыққа жорығын. Екінші күнтізбе Цилькон деп аталатын 260 күндік жүйе. Мұның қыр-сыры да жұмбағы да өте мол. Үшінші күнтізбе « Ұзын есеп» деп аталатын миллиондаған жылдардың аумағын қамтитын жүйе. Ұзан есеп біздің заманымыздан 3113 жыл бұрын басталып, 2012 жылдың соңына дейін мерзімді қамтиды.Майя өркениетін зерттеуілердің қай-қайсысы болмасын майя абыздарының болашақты болжай алатын сәуегейлік қасиеті болғанын мойындайды. Бұл тұжырымның негізсіз емес екеніне жоғарыда құпия сырлар нақты дәлел. Өйткені байырғы майялар галактиканың ішкі сырын өте жетік білген. Сол білімнің арқасында олар сол замандарда-ақ 2012 жылғы желтоқсан айының 21 жұлдызында біз тіршілік етіп отырған ғаламшарда тарихи бетбұрыстар мен ұлы өзгерістер болатынын алдын ала болжап қойған.Алайда әлгі құбылыстардың бүге-шігесі біздерге толық жетпей қалған. Ғалымдардың кейбірі әлгі бетбұрыстарды «ақырзаман» болар деп топшыласа, енді біреулері майялардың сәуегейлігін жер шарына енетін жаңа заман немесе адамзаттың рухани жаңару эрасының басы болуы мүмкін деп болжайды . Майялардың Цолкин күнтізбесінің бірден көзге ілінбейтін тағыи бір сыры бар. Бұл Хосе Аргуэльстың 13 пен 28-ге негізделген галактикалық мәңгі күнтізбесіндегі басты цифрлардың бірі -28. ОЛ Цолкиннен бірден байқалмайды. Сондықтан да неге олай деген сұрақ туындайды. Бұл сұрақтың жауабы да Цолкиннің, яғни 260 күндік күнтізбенің ішінде тұр. Өйткені Цолькин сегіз қырлы, бір сырлы күнтізбе.Ғалымдардың топшылауынша, бұл Ана мен Ана құрсағындағы өсіп жетілетін эмбрион-нәрестенің де күнтізбесі. Себебі жүкті әйелдің айлығы тоқтаған сәттен бастап, босанғанға дейінгі мерзім тұп- тура 260 күнге теңеседі екен. Бұл тұжырымның нақты дәлелі бар. Халық аузындағы тоғыз ай, тоғыз күннің басқасы Цолкин күнтізбесіне толық сыйып тұр.Сосын халық айтқан тоғыз ай, тоғыз күннің Григорий күнтізбесіндегі ұзынды қысқалы 12 айға ешқандай қатысы жоқ. Өйткені Григорий күнтізбесі жасанды. Ондағы орта есеппен 30 күннен тұратын тоғыз ай мен тоғыз күн 279 күнге теңеледі. Ендеше, арғы тегі Алтайда жатқан ежегі

11

майялардың күнтізбесі мен түрік халықтарының күн санауының арасында да нақты ұқсастықтардың бар екені осы жерден байқалады. Өйткені «13 те отау иесі» дейтін қыз балаға қатысты айтылатын тұрақты тіркес пен «13 мүшел» деген біздің төл мәдениетімізде қалыптасқан аксиома пікіріміздің дұрыстығының нақты дәлелі. Галактикалық тұрақты өлшем жиілігінің 13:20 екендігіне басқа аспан денелерінің циклдары да дәлел. Мысалы, Үркер топ жұлдыздары жылдың белгілі бір мерзімінде көкжиектен қылаң берген сәттен бастап, өз орбитасымен күн санап баяу жылжи отырып, аспан күмбезінің төбесіне көтеріледі. Бұл құбылысты кезінде майялардың да қте жіті бақылағаны байқалады. Бақылап қана қоймай, бас аяғы төрт бес жүз жұлдыздан тұратын Үркер тобының келесі рет көкжиектен қайта көтерілетін кезеңіне дейін 260 күн өтетінін ғана емес, оның ұзын есепке жататын 26000 жылдық циклын діл есептеп шығарған.























12

Үркер топ жұлдыздарының циклдарының галактикалық өлшемге сәйкестігі

Үркер топ жұлдыздарының циклдары да галактикалық тұрақты өлшемге тікелей бағынышты екені айқын байқалады. Тіпті әйел затына тән ай сайын бір рет, жылыны он үшірет қайталанатын физиологиялық процестің қазақ тілінде айлық деп аталуыда жайдан жай емес. Халық бұл құбылыстың тікелей Аймен байланысты екенін анық білген. Бұл күнде ғылым дәлелдеп отырғандай, Ана құрсағында баланың бітетін мерзімін, сосын оның ұл не қыз болуы немесе бүкіл әлемдегі аналар толғағының басым қөпшілігі ай толған мезгілге сәйкес келетіні-адамзаттың бүкіл галактикамен, космоспен, тіпті биосфераның ритмімен де тікелей байланысты екенінің нақты дәлелі. Хосе Аргуэльес ашқан Уақыт Заңының өмірдегі көрінісі алуан түрлі. Мәселен, ғарыштан келетін Күн сәулесінің қуаты суды буға айналдырады, бу бұлтқа айналады. Ал бұлт жаңбырға айналып қайта жауса, «безендірген жер жүзін Тәңір шебер» деп ұлы Абай айтпақшы,жерді көк майсаға, орманға немесе мың түрлі гүлге орайды. Демек, бүкіл биосфера, оның ішінде адамзат та, фауна да, флора да Уақыт Заңының тікелей жемісі әрі олардың бәрі де қайталанбас өнер туындылары. Тіпті ең дарынды деген суретшілердің қолынан шыққан небір әсем туындылардың өзі де он сегіз мың ғаламның иесі жасаған ғажап дүниелердің көшірмесі ғана десек, шындықтан алыс кете қоймаймыз. Ендеше, осы құбылыстар мен табиғи заңдылықтардың бәрін де өз ғылымы мен біліміне, өркениетіне арқау еткен байырғы майялардың сәуегейлігін мойындамау мүмкін емес.Көне Мысыр күнтізбесінде жыл 365 тәуліктен түзілген. Жыл басы Сириус жұлдызының алғаш рет таңмен (таң алдында) бірге тууына, ол кезде бұл жазғы күн тоқырауына және Ніл өзенінің тасуына сәйкес келген. Жыл 12 айдан, әр ай 30 күннен, жыл соңында қосымша 5 тәулігі бар. Осындай күнтізбе көне парсылар мен сақ тайпаларында да болған. Ғылымда оны Соғды күнтізбесі деп атайды, ол көне діндер митраизммен және зороастризммен тығыз байланыста пайда болған. Қазақтарда осы қосымша бес күн «бес қонақ» немесе «бес балақ сан» деп аталған.Шығыстың ұлы ақыны әрі ғалым-математигі, астрономы Омар Хайямның (1040-1123жж.) ХI ғасырда жасаған күнтізбесі өзінің дәлдігі бойынша осыған дейін жасалған күнтізбелердің ішіндегі ең

13

озықтарының бірі болып саналады. Оның күнтізбесінде 33 жылдық мерзімінің 11-і

кәбиса жыл. Жылдың орташа ұзақтығы 365,24242 тәулік, бұл тропиктік жылдан небәрі 22 с-қа ұзақ. Ежелгі Рим күнтізбесінде ол былайша шешілген: бірінші және үшінші жыл 355 күн, екінші жыл (355+22)=377 күн, ал төртінші жыл 355+23=378 күн. Төрт жылдағы күн саны – 1465. Орташа жылдың ұзақтығы 1465:4=366,25 күн, яғни табиғи (тропиктік) жылдан 1,01 тәул.ұзақ.

Мысалы Өліаралық ай ұзақтығын 29,53059 тәул. деп санап, мұсылман күнтізбесінің дәлдігіен есептейік. Неше жылда қателік бір тәулікке жетеді? Шешуін тапсақ, 11 кәбиса жылдарымен қоса 30 жылдық мерзімдегі жалпы күн саны

354*19+355*11=10631 әул. Берілген өліаралық айдың ұзақтығы бойынша 29,53059*12*30=10631,012 тәул. Демек, мұсылман күнтізбесі бойынша 30 жылдық цикл қателігі 0,012 тәул. Бір тәуліктік қателік 30:0,012=2500 жылда жиналады.

Кейбір жұлдыздардың шығу, бату мерзімдерін анықтау арқылы жыл мезгілдерінің келу уақыты есептелді. Қазақ халқында олар Үркер, Үшарқар-Таразы және Сүмбіле (Үркер туды, сорпа - ас болды; Сүмбіле туар қылтиып, ат семірер құнтиып). Осындай бақылау нәтижесінде құрылған күнтізбелер адамдарға шаруашылық жұмысын уақытымен ұйымдастыруға мүмкіндік туғызды.

Айдың жұлдыздық мерзіміне негізделген жұлдыз күнтізбесі іс жүзінде қолданылуы өте сирек. Ол тоғыс күнтізбесі деп аталатын қазақ халық күнтізбесінде қолданылады. Тоғыс есебі бойынша тоғыс айының басталуы Ай мен Үркердің тоғысуына яғни Айдың Үркер маңынан өту кезіне сәйкес. Тоғыс айлары осы кезде Ай қандай жаста (өліарадан кейін неше тәулік өткеніне) болуына байланысты аталады. Жұлдыздың вй мен өліаралық айырмасы 2 тәулікке жуық. Сондықтан әр келесі тоғысу Айдың жасы бойынша соңғысынан 2 тәулікке кем. Мысалы. 5-тоғыс, 3-тоғыс және 1-тоғыс көктемде, ал қыста 11, 9 және 7-тоғыстар болып өтеді. Тоғыс жылының басы бір тоғыс айынан, яғни жаңа туған Айдың Үркермен тоғысуынан басталады. Бұл кез көкек айының соңы мен мамыр айының басы аралығына келеді. Тоғыс айының ұзақтығы 28 тәул. Бір жылда 13 тоғыс айы бар, демек тоғыс жылының ұзақтығы 364 тәулікке тең.



14

Қорытынды

Галактикалық мәңгі күнтізбеге көшу

  • Уақыт заңы мен уақыт эталонына негізделген Майя күнтізбесіндегі Күн Ай күнтүзбесі мәнгі. Григориан күнтізбесінен бастау алған Уақыт Ақша заң емес, кеселді аксиома.

  • Астанада өткен дін өкілдерінің форумы сияқты басқосуларда күнтізбенің нақты дәлдігін жан жақты талқылап, адамзатты планеталық немесе галактикалық биік санаға көтеруге негіз болатын «Жер планетасы жалғыз» деген ұғымдармен үйлесім табуға жетелейтін Галактикалық мәңгі күнтізбеге жаппай көшуге бар мүмкіндікті жұмылдырсақ нұр үстіне нұр болар еді.

  • Қорыта келгенде, бұлт жаңбырға айналып, қайта жауса жер жүзін тәңір жебер деп ұлы Абай айтпақшы, құбылыстар мен күнтізбелердің дәлдігін өз ғылымы мен біліміне, өркениетіне арқау еткен байырғы майялардың математикасы мен күнтізбелер жүйесі болашақта өз орнын табары сөзсіз.

Бүгінгі Мексиканы жыл санауымыздың V-X ғ.ғ аралығында мекен еткен Ймайялардың биік өркениеті, әсіресе, олардың математикасы мен күнтізбелер жүйесі әлемді әлі күнге дейін таңғалдырып келеді. Оларды қырық жыл бойы зерттеген көрнекті американдық ғалым, математик, тарихшы, өнертанушы әрі суретші Хосе Аргуэлльс майя ғалымы мен білімінің негізінде жазған өзінің «Майя факторы» атты құнды монографиясымен қатар басқа да елеулі ғылыми еңбектерін жариялап, жиырмасыншы ғасырдың соңына таман Уақыт Заның ашты және оны бүкіл әлемге паш етті. Ғалымның пікірінше, майялар уаңыт заңы мен оның қыр сырын шегіне жеткізе меңгерген аса білгір халық болған. Олар уақыт заңын өте шебер қолдана білудің арқасында Жердің галактикалық уақыт кеңістігінде орнын дәл анықтаған. Майялар уақыт пен математикаға байланысты қазір қолданылып жүрген үштік өлшемнен келешек төрттік өлшемге адамзаттың қай заманда ауысатынын да алтын ала болжап қойған.Археологтардың зерттеулері дәлелдеп отырғандай, майялар жоғарыда аталған замандарда өздері

15

мекендеген Үлкен аймақта бір бірінен алшақ орналасқан ондаған ірі қалалар

алғаны белгілі болып отыр. Әлігі қалалардың басты нысандарын пирамидалар жүйесі мен тасқа ойылып жазылған иероглифтерге толы стеллалар мен тастан тұрғызылған өте сәнді ғимараттар құраған. Алайда майя өркениетіне тән, бірақ бүгінгі ғалымдарға түсініксіз әрі осы уақытқа дейін нақты шешімі табылмай келе жатқан мұның себептері мен салдарын әлем ғалымдары әлі күнге дейін іздеу мен келеді. Солайы солай болғанымен,біздің заманымыздың 830-жылдары іздерін күрт суытқан байырғы майялардың аман қалған мәдени мұраларын жан-жақты зерттей келе, ғалымдар олардың математикаға өте жүйрік болғанын бір ауыздан мойындады. Оның үстіне майялар қазіргі заманда қолданып жүрген ондық жүйеге негізделген математиканы емес, жиырмаға негізделген математика жүйесін шебер менгерген.Бұл озық жүйені майялар өздері тұрғызған зәулім пирамидалар мен сәулетті қалаларды салу үшін ғана емес, сонымен қатар күні бүгінге дейін бүкіл әлемнің тандайын қаққызып отырған күнтізбелеріне де кенінен пайдаланған. Біздің заманымызға дейін тек үзік-үзігі ғана жеткен майялар қалыптастырған ұлы өркениет ошақтарының толығымен сақтап қалуы да мүмкін еді. Бірақ,өкінішке орай, испандық конкистодорлар оларды қолынан келгенінше жойып баққан. Мына бір мысал-соның айқын дәлелі. 1562-жылы түн мезгілікде майялардың Мани дейтін қалпасында Диего де Ланда есімді испандық епископ өз жарлығымен байырғы майялардың баға жетпес өнер туындыларын, кітаптары мен қолжазбаларын түгел жиғызып алып, түгін қалдырмай өртетіп жіберген.Бүгінгі күні газет журнал беттері мен интернет желісінде 2012 жылы ақырзаман болатынын жазып әртүрлі деректерді келтіріп дәлелдеп жатыр.Оған бұқара халықтың бірі «құр сандырақ» деп қол сілтеп жүрсе, енді бірі естігенде екі үш күн ұйықтай алмағандықтарын қорқынышпен айтып үрейленуде. Артындағы бала шағасын, өмірдің ендігі қызықтарын қимайтын көрінеді. Оның үстіне шоққа май тамызғандай кешегі «2012» атты фильмде адамдарға біраз қорқыныш ұялатпай қойған жоқ.Иә, қорқынышы айбарлы, жерлер қақ айырылып, таулар жүнше тұтылатын Ақырзаман қорқынышы кімді болмасын келмей тұрып ақ үлкен үрейлі уайымға салары сөзсіз. Аллаһ ол қорқынышты тіпті бесіктегі

16

баланың шашы ағарып кетер қиямет күннің бетін ары қылсын.Бірақ күні келгенде болары ақиқат.Әлемдік әртүрлі ақпарат көздері 2012жылы ақырзаман болатынын мынадай деректермен дәлелдеуде:Майя тайпасынын құрған күнтізбесі 2012 жылмен аяқталғаны төрт планетаның бір сызыққа тізілуімен күн системасынын галактика орталығынан өтуінкелтірсе, 2012 жылдың желтоқсанайында Жер мен Нибиру ғаламшары соқтығысып, соның кесірінен адамзат баласы Жер бетінен жойылып кететіні тағы айтылған. Айқын газетінің ресми сайтында 05.11.09ж. Ғалымдардың пікірін былай деп жеткізеді: «Саналы тіршілік иесі өмір сүріп жатқан жерге көктен бес мың бес жүздей әртүрлі көлемдегі аспан денелері жақындап келеді,соның ішінде ең қауіптісі-959 нысан» дегенді айтуда. Аспан денелері ішіндегі ең қауіптісі – Апофиз астероиді. Мамандардың есептеуінше, 2029 жылдың сәуір айында ол жерге жақындап келетін көрінеді. Ара қашықтық ра қашықтық 36 мың 700 не болмаса 38 мың 600 шақырым болмақ. Ал 2036 жылы осы астереоид жерге 2 мың шақырымға дейін жақындамақ. Егер де ғайыптан осы үлкендігі 10 шақырымға тең, салмағы 46миллион тонна болатын Апофиз жермен қақтығысып қалатын болса, өркениеттің ақыры болуы мүмкін деседі ғалымдар» -деп жазады С.Әмірбекұлы Айқын газетіндегі «Ақырзаман ЕСІГІҢДІ ТҰР ҚАҒЫП...» атты мақалсында. Мақала соңында «Қандай апаттар тосып тұр?» деп төмендегі деректерді келтіреді.

  • 2011 жылы жер 2005 YU55 астериодімен соқтығысып қалуы мүмкін.

  • 2011 жыл – мая тайпасының күн тізбесінің соңы.

  • 2012 –көптеген күтілген ақырзаман осы жылы орнауыт мүмкін. Бұдан адамзаттың аман қалу мүмкіндігі бар жоғы 0,5 пайыз көрінеді.

  • 2014 жылы ғарыштан келген аса қауіпті шағ тозаң жолындасығын сыпырып әкетпек. Астрофизиктер осындай болжам жасауда.

  • 2018 жылы Нострадамустың болжауы бойынша, ядролық соғыс болуы әбден мүмкін, 2019 жылы жер 2002 NT7 нөмірлі астероидпен қақтығысып қалуы ықтимал.

Мұндай болжамдар арыны қойып, беріден айтқанда 2000 жылы ақырзаман болады

17

деген сыбызғы бүгінгідей халық арасына кең тараған. Бірақ олай болмай шығып, 2002 жылы болады екен деген сөздері де бос сөз болып бүгінгі таңда ол ғалым немесе көріпкелсымақтардың абыройлары айрандай төгілген еді. Сол сияқты 2012жылы ақырзаман орнайды деген сөздің де төркіні түсінікті емес пе?Он сегіз мың ғаламды жаратқан Аллаh Тағала барлығын есеппен жаратқан. Талдан үзіліп түскен жапырақта Аллаhтың әмірімен түседі. Сондықтан ақырзаман жерден гөрі көк аспан көбірек қауіптірек деп галлактикамен ақырзаманды ұштастыру ақылға келіңкіремейді. Жоғарыдағы мәліметтерден 2012 жылы ақырзаман болады деген тұжырымға, кей ғалымдардың есептеуі бойынша ақырзаманды 2036 жылдан арыға жобалап тұр. Жалпы мұның барлығы болжам ғана. Ал, ақырзаманның қашан болатындығын әлемді жаратып, тағдырын жазып қойған Аллаh Тағала ғана біледі. Ежелгі майялар Мексика аумағын мекендеп ,Америка құрлығындағы ежелгі өркениеттің бірініңнегізін қалады .Майя өркениетінің пайда болуы ольмек мәдениетімен тығыз байланысты .Біздің заманымыздың бас кезінде майялардың алғашқы қалалары Тикаль,Вашактун ,Волантун т.б пайда болды. 8 ғасырдың соңында майяларда жүзден аса қала болды. Майя күнтізбесі әр қилы мақсаттар үшін пайдаланған.Майя күнтізбесі түрлі білімді тоғыстырған күнтізбе.Ол шамамен бұдан алты мың жыл бұрынғы күнтізбе.

Күн мен айдың, кейбір жұлдыздардың қозғалыстарын бақылау адамдарға уақыт санауға, яғни әр түрлі күнтізбе жасауға арқау болды.Майя күнтізбесіндегі иероглифтер нақты математикалық заңдылықтар жиынтығы. Бұл ғаламшардағы тарихи бетбұрыстар мен Ұлы өзгерістер.

Пирамидалар жүйесі мен тасқа ойылып жазылған иероглифтерге толы мәліметтер Майялардың уақыт пен математикаға байланысты қазіргі қолданылып жүрген үштік өлшеммен келешек төрттік өлшемге адамзаттың қай заманда ауысатынын алдын ала болжап қойған.Уақыт заңын өте шебер қолдана отырып және Жер мен Көктің берік байланысын жеті нота ,жеті химиялық элемент және жеті планетаның өзара тепе теңдігін дәлелдеуде Жердің галактикалық уақыт кеңістігіндегі орны арқылы күнтізбе жобасын жасауға болады. Әлемдік әртүрлі ақпарат көздері 2012жылы

18

ақырзаман болатынын мынадай деректермен дәлелдеуде: Майя тайпасынын құрған күнтізбесі 2012 жылмен аяқталғаны төрт планетаның бір сызыққа тізілуімен күн системасынын галактика орталығынан өтуінкелтірсе,2012 жылдың желтоқсанайында Жер мен Нибиру ғаламшары соқтығысып, соның кесірінен адамзат баласы Жер бетінен жойылып кететіні тағы айтылған. Айқын газетінің ресми сайтында 05.11 .09ж. Ғалымдардың пікірін былай деп жеткізеді: «Саналы тіршілік иесі өмір сүріп жатқан жерге көктен бес мың бес жүздей әртүрлі көлемдегі аспан денелері жақындап келеді,соның ішінде ең қауіптісі-959 нысан» дегенді айтуда. Аспан денелері ішіндегі ең қауіптісі – Апофиз астероиді. Себебі бітік өскен тропикалық ормандар маялардың кейбір өркениет ошақтарын конкистадорлардың көзінен тасалап, амал сақтап қалған. Жоғарыда суреттелген айуандықтан соң 250 жыл өткен кезде лорд Кинтсборо және Джон Ллойд Стефенс секілдңі ұлы саяхатшылардың жазбалары жарық көре бастады. Осының арқасында маялардың өркениетінде деген қызығушылық қайта жанданып, тек содан кейін бастады. Стефенс ит тұмсығы өтпейтін джунглиді кезіп, олардың шырмауында қалған мая қалаларының мүк басқан сілемдерін тауып, байырғы мая өркениетінің қаншалықты биік деңгейде болғаның, тіпті кезде шақырту шегіне жетіп, алтын ғасырды басынан өткізген бірақ сөйте тұра, жасампаз мйялардың тарих сахнасынан түсініксіз жағдайда ғайып болып кеткенінің куәсі болады. Стефенс жазбаларын оқыған археологтар енді тропикалық ормандардың қалың құрсауында ерге де қалған адам таңғаларлық сәнді де сәулетті сарайларға, пирамидалар мен ғибадатқаналарға толы байырғы майя қалаларын біртіндеп арши бастайды.

Майялардың жазу жүйесі иероглифтерге де мән беріп, зерттеуді қолға алады. Бірақолардың сыры әлі күнге дейін ашылған жоқ. Алсонда, майялар күнтізбесінің 2012 жылдың 21 желтоқсанымен аяқталуы қалай.Бүгңнде ықтималзаманақырға байланысты ғалымдар пікірі екі жарылып отыр. Біреулер ядролық соғыс қатері мен жер климатының жаппай өзгеруіне байланысты заманақырдың ықтималына сенсе, екінші біреулері жоққа шығарады. Жоққа шығарушылар майялар күнтізбесінің 2012жылмен аяқталуын қазіргі күнтізбелік дәуірдің бітуімен түсіндіреді. Екінші бір

19

гәп бар. Осы тақылеттес болжамдарға қарап түйін жасауда негіз жоқ сияқты. МАялардың тас кітаптарында ықтимал болжамдар Нстрадамустың түсіне де енбеген, дейді ғалымдардың бір тобы. Майялықтар уақыттың не бастау не аяқталу нүктесі еместігін адамзаттан бұрын білген Майя өркениеті жұрты үш бірдей пайдаланған адамзаттық күнтізбе, Хааб күнтізбесі, Цолкин күнтізбесі. Хааб күнтізбесі 18 ай 20 күнмен есептелген. Онда 360 күн жылына айналып отырған.

































20

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
392
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі