400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба:"Намыс сөзінің шығу тегі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жобада намыс сөзінің шығу тегі зерттелген
Материалдың қысқаша нұсқасы




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы

Айыртау ауданы«Дауқара орта мектебі» КММ







Ғылыми жоба



Тақырыбы: «Намыс сөзінің шығу тегі»





Бағыт: «Тіл білімі»

Секциясы: Қазақ тілі (қазақша)









Орындаған: Жылқайдарқызы Бірғаным

Сыныбы: 6

Жетекшісі: Охапов Аслан Дүйсенбайұлы қазақ әдебиеті пәні мұғалімі





2020 жыл



Мазмұны

I.Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Намыс сөзіне түсініктеме беру.

2.1 Намыс сөзінің зерттелуі.

2.2 Намыс сөзінің қазақ, орыс тілдеріндегі баламасы

2.3 Намыс сөзінің синонимдерінің орыс тіліндегі аудармасы.

2.4 Ар ұғымы

III. Қорытынды.

IV. Пікір

V. Қолданылған әдебиеттер тізімі..............................................................































Аннотация

Жылқайдарқызы Бірғанымның «Намыс сөзінің шығу тегі» атты тақырыбында орындалған ғылыми жобасы 3 бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімінде жалпы намыс сөзіне түсініктеме бере отырып, қазақ қоғамында алатын орны жайлы айтылады. Намыс сөзіне ерекше мән берілетіні жайлы жазылған. Негізгі бөлімінде намыс сөзін зерттей отырып, жан-жақты талдау жүргізілілетіні жайлы жазылған. Орыс тіліндегі аудармаларына көңіл бөледі. Намыс сөзінің қазақ мақал-мәтелдеріндегі алатын орны, қазақи тәрбие берудегі орасан зор ықпал ететіні жайлы айтылған.

Сондай-ақ, намыс сөзінің орыс тілінде тек қана синонимдерінің аударылатыны, дәлме-дәл аудармасы жоқ екендігі ерекше көңіл аудартады. Қаншалықты мағына жағынан ұқсастық болса да, нақ осы намыс сөзінің аудармасы жоқ.

Зерттеу жұмысының мақсаты: ата-бабамыздың әрқашанда бойындағы бетке ұстар қасиетінің бірі-намыс. Жаугершілік заман болсын, күнделікті тұрмысында да осы бір қасиетті жоғары бағалаған. Намыс әр қазақтың бойынан табылып, ерекше бір алға жетелейтін күш іспетті. Намыс сөзі қазақ халқының əлем тануында ерекше орын алып, халқымыздың территориялық, рухани құндылықтарын сақтап қалу үшін атқарған рөлі зор болды. Ол жалпы адами құндылықтармен қатар өз халқына деген мақтаныш сезімін, өз жеріне өз еліне қызмет ету мақсатын əр перзенттің алдына міндет етіп қоя білетін сөз болып табылады. Намыс сөзінің шығу тегі, қолданылуы, басқа тілдердегі аудармасы зерттеу жұмысымның мақсаты болып келеді. Осы намыс сөзі тек қана қазақ тілінде қолданылып, орыс тілінде намыс сөзінің қазақ тіліндегі синонимдерінің ғана аударылуы менің осы тақырыпты таңдауыма себеп болды.

Зерттеу жұмысымның міндеттері: Намыс сөзінің тек қана қазаққа тән екендігін айқындау және ешбір тілге дәлме-дәл аудармасы жоқ екендігін дәлелдеу.

Зерттеу жаңашылдығы:

1. Намыс сөзінің ерте заманнан зерттелуі;

2. орыс тіліндегі аудармасын анықтау.

Зерттеу обьектісі: Намыс сөзінің зерттелуі мен аудармасы

Зерттеу бөлімі: Бірінші бөлімі намыс сөзінің зерттелуі, басқа сөздермен үндесіп келуі;

екінші бөлімі намыс сөзінің орыс тіліндегі аудармасын анықтау.

Зерттеу әдісі: материалдар қолдану,бақылау жүргізу.

Зерттеу нәтижесі: намыс сөзінің ертедегі философия тілінде өз анықтамасын тауып, қазіргі кезеңде намыс сөзінің дәлме-дәл орыс тілінде аудармасы жоқ екендігіне көз жеткізу.


Аннотация

Исследовательский проект Жылкайдаркызы Бирганым на тему «Происхождение слово «намыс»» состоит из 3-х разделов. Во вступительной части разъясняется общее понятие слово «намыс» и его место в казахском обществе. В основной части проведен комплексный анализ слово «намыс». Слово «намыс» в казахских пословицах и поговорках имеет огромное влияние на казахское воспитание.

Поэтому, как бы мы не подбирали синоним к этому слову на русский язык точного перевода нет.

Цель исследования: «намыс» - одно из самых выдающихся качеств наших предков. Это качество высоко ценится в повседневной жизни, даже во время войны. намыс есть в каждом казахе и является особой движущей силой. С слово «намыс» занимает особое место в мировом признании казахского народа и сыграло важную роль в сохранении территориальных и духовных ценностей нашего народа. Это слово наряду с общечеловеческими ценностями, может заставить каждого ребенка гордиться своим народом и целью служить своей стране. Целью моего исследования является происхождение, использование и перевод только синонимов этого слова с казахского языка на русский заставил меня выбрать эту тему.

Задачи моего исследования: определить, что слово «намыс» уникально для казахского языка, и доказать, что не существует точного перевода.

Новизна исследования: 1. Древнее изучение слова «намыс»

2. определение русского перевода

Объект исследования: исследование и перевод слова «намыс»

Исследовательская часть: первая часть – изучение слова «намыс» в гармонии с другими словами;

Вторая часть – это определение русского перевода слова «намыс»

Метод использования: использование материалов, контроль

Результат использования: найти определение слову «намыс» в языке античной философии, убедиться, что в настоящее время слово честь не имеет точного перевода на русский язык.

























Кіріспе

Кез келген адамның адами болмысы мен мінез-құлқын анықтайтын басты психологиялық қасиет – ар-на­мыс болып табылады. Ол жеке адам­ның бойындағы адалдық, әділет­тілік, шыншылдық, ар, абырой, тек­тілік, көргенділік сияқты сапалық қасиеттерді бағалайтын кешенді мораль­дық-этикалық және әлеуметтік-психологиялық түсінік. Намыс сан-қыр­лы қызмет атқарады: ол бейне бір адамның ішіндегі көрінбейтін тәртіп сақшысы іспетті, адамгершілікке жат іс-әрекеттер жасаудан сақтап қана қоймай, пасық ниеттерден де арылу үшін аса қажет. Айта берді, оны адамның  ары мен абыройын, жынысын, дінін, отбасы мен отанын, ұлттық ерекшеліктерін сақтау мен өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің мүддесін қорғау үшін жанын қиюға дайын ететін ыстық сезім дейміз.

Жобада намыс сөзінің лингвистикалық репрезентациясының вербальды құралдарын зерттеу және оның ұлттық­ мәдени ерекшеліктерін анықтау қарастырылған. Заманауи лингвистика­лық бағыттар негізінде орындалып, намыс сөзінің лингвистикалық репрезентациясының тіл­дік әдістері талданған. Намыс сөзі қазақ халқының ұлттық санасында негізгі лингвистикалық түсініктердің бірі болып табылады. Ол қазақ халқының тілінде ең маңызды орын алады. Бұл жобада намыс сөзі ар, құрмет, ұят, шыншылдық, адамгершілік сияқты, әдеп тұжырымдарымен өзара байланысы көрсетілген.

Намыс сөзін таңдап алу біз үшін кездейсоқтық емес, бұл сөз адамның күнделікті өмірінде, оның басқа адамдармен, қоғам мүшелерімен араласуында намыс күнделікті адам өмірінің бұлтарылмайтын аспектісі болып табылады. Намыс сөзі жалпы түсінікте қайырымдылық, тəрбиелілік, мейірімділік, тəккəппарлық, ұят сөздерімен тығыз байланыста қолданылады. Намыс философия тілінде бағалы бағытта адамның жеке тұлғалық бейнесін суреттейтін, Аристотель, Цицерон, сол сияқты Б. Паскаль, Т. Гоббс, И. Кант, А.Г. Баумгартен, Шиллер т.б. философтардың пікірімен сəйкес келеді. Шиллердің бағалауы бойынша мəртебелі, игі адам бейнесін: «Біз намыс деп айтып жүргеніміз адамның ішкі жан дүниесіндегі ұнамдылық қасиеттердің басқа қасиеттер үстінен үстемдік құруы» деп жазады (Үйлесімділік жəне намыс туралы 1793). Қазіргі уақытта намыс деп адамның жеке тұлға ретіндегі басты қасиеттерін ұғынамыз. Адамның ар-намысы түсінігі жеке тұлға бойындағы бағалы құндылық. Жеке тұлға бойындағы ар-намыс – бұл адамның өзін-өзі қоғамда тұлға ретінде бекітуі. Әртүрлі жағдайға байланысты адам өз ар-намысы туралы ұмытып кетуі немесе басқалай адамдардың əсер етуінен өзінің тұлғалық «менін» көрсете алмау жағдайында болмас, əрбір адам кез-келген жағдайға қарамастан жеке намысқа ие. Намыс жайлы мəселе кез-келген уақытта да өзекті мəселе ретінде ұнамдылық, əлеуметтік, экономикалық, азаматтық құқық пен саясатта да қала береді.



































Негізгі бөлім

1. Намыс сөзіне түсініктеме беру.

Адам намысы тарих қойнауында əр халықтың, əр мəдениеттің əрқайсысында өзгерістерге ұшырап отырды. Намыс сөзі қазақ халқының əлем тануында ерекше орын алып, халқымыздың территориялық, рухани құндылықтарын сақтап қалу үшін атқарған рөлі зор болды. Ол жалпы адами құндылықтармен қатар өз халқына деген мақтаныш сезімін, өз жеріне өз еліне қызмет ету мақсатын əр перзенттің алдына міндет етіп қоя білетін сөз болып табылады. Еліміздің тəуелсіздік алуына орай, жеке мемлекет болып қалыптасқаннан кейін, өз тарихымыз бен ана тілімізді, рухани құндылықтарымызды қайта жаңғырту талабы туындады. Намыс ұғымына байланысты концепт қазақ халқында ғасырлар бойы қалыптасқан ұғым. Бұған дəлел ретіндегі мысалды Абайдың қара сөздерінен көре аламыз. Өзінің ар, намыс, қателіктер мен жақсы істері жайлы философиялық ойларында ғұлама Абай егер жеке тұлға бойында намыс қасиеті бар адам да, тұтастай халық та намысқа ие. Намысты адам деп толықтай халық құрметіне ие, елге танымал, ел сенімін артқан адамдарды айтқан.

Қазақ тіліндегі намыс сөзін зерттеу үшін сөздік дефинициядан тірек лексеманы, синонимдерге сынама, таралу аймағы, сол сияқты тірек лексемаға лексикалық қорытынды жүргізу жатады. Қазақ тіліндегі тірек лексема ретінде мына сөздер берілді-намыс, намыскер. Сонымен қатар туынды жəне сөзжасамдық тəсіл арқылы жасалынған сезімді білдіретін бірліктермен-намыс, намыскерлік, намысқойлық, намысқорлық, намыссыздық, намыстылық, намысшылдық; сапаны білдіретін-намыскер, намысқой, намысқор, намыссыз, намысты, намысшыл; іс-əрекетті білдіретін-намыстану, намыстандыр. Синонимдері – ар, ұят.

Қазақ тіліндегі намыс сөзінің репрезенттеуші лексемасының мағынасын саралаймыз. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде Б.Қ. Қалиевтің редакциялауы бойынша намыс сөзіне мынадай анықтама берілген:

Намыс з.е. – Жоғары адамгершілік қасиет, ар-абырой. «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді» (қазақ мақалы).

Намыскер с.е. – Намысқой, намысшыл.Тарансыз қасқыр қуып, көңіл жарыта алмайтынын ойлағанда, намыскер аңшы шарасыздан булығып қатты аласұрды (С. Елубаев, Ойсыл қара). Жас жігіт кереметтей намыскер болып өсті (Қ. Жұмалиев, Көкейтесті).

Р.Г. Сыздықова мен К.Ш. Хусаиннің редакциясымен шыққан қазақша-орысша сөздікте намыс сөзі келесідей мағына береді:

Намыс з.е. – 1) ар, жақсы атақ, репутация; намыс сезімі, намысқорлық; жалған намысқорлық; -көру өзін-өзі төмен санау; біреудің намысына тию; Қыздың намысына тию; ер-азаматтың намысына тию: намысқа тырысу; ер жігіттің намысы-елінің намысы; ер жігіт елінің ұлы, намысының құлы; 2) ұят, масқара, cұмды құятты қолдан беру; ұятқа бату, масқара болу; оның ұяты келсе керек; ұятты қолдан бермеуге тырыс.

Намыскер с.е. – өр кеуделі, өз намысының қорғаны; намысқор; Оспан өте намыскер болып өсті.

2.1 Намыс сөзінің зерттелуі.

П.В. Косовичтің қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздігінде намыс сөзі, мынадай анықтамаға ие: 1) ар 2) ұят; намыскер-өр кеуделі, ашушаң.

Жоғарыда келтірілген мысалдар негізінде біз келесідей қорытындыға келеміз. Аударма сөздіктерде намыс сөздеріне мынадай анықтама берілген: 1) Адамгершілік қасиет-яғни адамның адами қасиеттерін, ішкі жан-дүниесін, əр адамға тəн мінез-құлықты білдіреді. Ардың құрылымы. Адамды өзінің жағымсыз қылықтары үшін ұялдыратын қасиет. 2) Елдің намысы-барлық сезімнің жиынтық бейнесі, елжандылықтың негізі.

3) Ердің, жігіттің намысы-өз бойына ерлік, намыскерлік қасиеттерді жинай отырып халқына лайық ұл болуға ұмтылу. Ерлік жасауға ұмтылу; «ерлік бір адамға тəн, бірақ ерлік тұтастай бір халық үшін жасалып, бір халыққа тəн болады».

Бұл ұғымдар өзара байланысты болғанымен, бір-біріне ұқсамайды. Бұл жекелей ұғымдардан, əртүрлі денотативті мағына берген кезде көрінеді. Әртүрлі лексемалар мен лексика-семантикалық нұсқалар жалпы концептің əр қилы белгілерін көрсетеді. Тілдік-жүйелі спецификасы концептің əртүрлі белгілері мен факторлары нəтижесінде бір бағытта жүруіне мүмкіндік жасайды. Намыскер сын есімі де сол сияқты сипатқа ие болады.

Намысқа жай ғана ие болып қою аз, оны қорғай білу, бұл атақты алып жүре білу, əділетсіздікпен күресе білу қажет. Бұл жерде намыс сөзі орыс тіліндегі «благородство» сөзімен сəйкес келеді. Намыс ұғымын орынды қолданбау оның коннотациялық ұғымнан керісінше жағымсыз мағынада да қолданылуына əкеліп соғады. Бұл жағдайда намыс сөзі өзінің тікелей мағынасынан көрі менмен, өзімшіл деген мағыналардағы түсінікті береді. Өз бойында намыс өз деңгейінде сақтай білу-өзін-өзі сыйлай отырып, өз бойындағы жақсы қасиеттерді намыс сөзіне сай қолдана білу.

Сонымен əр семема қазақ тіліндегі концептуалды белгілері бойынша зерттелген концептің мазмұнын береді. Сол семемалардың негізінде намыс концептінің бейнесін ашып көрсетеміз.

Ар, ұят синонимдердің мағынасын салыстырып көретін болсақ П.В. Косовичтің қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздігінде мынадай мағына береді: ар – 1) совесть, честь

2) стыд – ұят, ұят болу. Синонимдерді салыстыру барысында намыс сөзінің семасы: ар көру, ары қашқан; арлы болу. Жақсы арына-құл, жаман-малына құл. Синонимдердің өзара үйлесімділігін байқап көрсек. Ер азамат туралы намыс көру, ар көру тіркестерін алсақ, сол сияқты жалған намыс деп қолданылады, бірақ жалған ар айтылмайды.

Намыс сөзі орыс тілінде былайша аударылады.

ар. честь; чувство достоинства

атты қамшы айдайды, ерді намыс айдайды - коня подгоняет кнут, джигита - честь

ер жігіт елінің ұлы, намысының құлы - джигит - сын своего народа и раб своей чести

ер намысы - ел намысы - честь героя - честь народа

ер намысы - доброе имя молодца; репутация мужчины

жалған намыс - ложное самолюбие

жігітке жар қымбат, ал намыспен ар одан да қымбат - джигит дорожит любовью, а еще больше честью

қыздың намысына тию - задеть самолюбие девушки

намыс көру - считать зазорным; считать унизительным

намысқа тию - задеть честь; задеть чувство достоинства

намысқа тырысу - стоять за честь

намысты қолдан бермеуге тырысу - не ударить лицом в грязь (букв. постараться не отпускать честь из рук)

намысты қолдан беру - опозориться; осрамиться

намысты қорғау - защищать честь

оның намысына келсе керек - это, по-видимому, его задело

Орыс тілінде «намыс» сөзінің баламасы жоқ екен. «Честь – абырой», «гор­дость – мақтаныш», «стыд – ұят», «совесть – ар» сөздерінің бәрі «намыс» ұғы­мының жиынтық мән-мағынасын жет­кізе алмайды. Патриот, патриоттық та толық мағынадағы балама бола алмайды. 

Сондықтан ұлт ұстазы Ахмет Бай­тұр­сынұлының «Қазақша оқымай, қазақ өзіне керек ғылым үйренбейді» деген тәмсілі руханият мәйегі ана тілінде екенін нұсқағандай... Мәдениеттің өзі осы бір риясыз жақсы көруде, ел мен жеріңе деген ерекше сезімде жатыр.

2.2 Намыс сөзінің қазақ, орыс тілдеріндегі баламасы

Намыс сөзінің интерпретациялық зерттеу материалдары ретінде «Қазақтың мақал-мəтелдері» атты қазақ мақалдарының жинағы таңдалып алынды. Зерттеу барысында байқағанымыздай бұл сөз қазақ тілінде нысан ретінде «намыс» лексемасы сирек кездесетінін байқадық. Жалпы жинақ бойынан барлығы намыс сөзі бес қана мақал құрамында кездесті: Ер намысының құлы; Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді; Ер намысы-ел намысы; Ер жігіт елінің ұлы, намысының құлы; Жігітке жар қымбат, ал ар намыспен одан да қымбат.

Намыс сөзінен басқа негізгі ядросы ретінде ар (честь) лексемасы репрезенттелген, аталған жинақта бұл сөз он екі мақалда кездеседі. Жігіттің құны жүз жылқы, ары мың жылқы; Жақсы арына құл, жаман малына құл; Сұраншақ-арсыздық, жарамсақ-құнсыздық; Адалдық ардың ісі. Намыс сөзі сонымен қатар ұят сөзімен мағыналас. Әдептілік, ар-ұят-адамдықтың белгісі, тұрпайы мінез, тағы жат надандықтың белгісі.Ұят кімде болса, иман сонда болады. Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде.

Мақалдарды саралай отырып анықтағанымыздай қазақ ұғымындағы намыс колданылады, концепті мынадай мағыналар береді: 1) намыс – байлықтан артық саналады. Намысты адам əр кез басты құндылық (жақсы арына құл, жаман малына құл); 2) ұят, ары бар намысты адам (Әдептілік, ар-ұят-адамдықтың белгісі, тұрпайы мінез, тағы жат надандықтың белгісі); 3) намысты адам өзінің отан алдындағы борышын біледі. (Ер намысы-ел намысы; Ер елімен жақсы, жер күнімен жақсы; Ер өлсе де, аты өлмейді); 4) адамның намысы оның жасаған ісінен көрінеді (Мақал-сөздің атасы, уəде-ердің опасы; Адалдық ардың ісі);

халық өз намысына лайық баласын ешқашан ұмытпайды. (Ер өлсе де, аты өлмейді; Жақсыны халық мақтар, жаманды халық даттар).

Қазақ мақалдары көрсетіп отырғандай намыс концепті əртүрлі қырынан кең түрде көрсетіледі. Намыс лексемасы зерттеу обьектісі ретінде мақалдар құрамында сирек кездеседі, бұған қарағанда аталған сөз тілдік ортаға кешірек келіп, кейіннен мақалдар құрамында жиірек кездесетін болған деген тұжырымға келеміз.

Жасалған сынама қорытындысының нəтижесінде байқағанымыздай бұл адам бойындағы адамгершілік қасиеттерінің ішіндегі ең бағалысы-намыс болып есептеледі. Намысты адам əр кез өз намысына сай өмір сүреді, оның өмір сүру мəнерінде, əдет қылығында мұның бəрі сəйкес келеді. Намысты адам – бұл жеке адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі ретінде адами баға болып қоғаммен қабылданады. Орыс жəне ағылшын концептосферасында намыс-əлеуметтік мінездеме, яғни намыс ұғымы ата текті қуалау (графтар əулетінің намысы), қазақ концептосферасында намыс лексемасы тікелей денотативті белгісіне қарай емес, коннотативтік семема-халықтық (қоғамдық) танылуымен белгілі. Қазақ тіліндегі намыс семемтемасы концептінде ағылшын жəне орыс тілінде кездесетін құқықтық белгі жоқ. Қазақ тіл мəдениетінде халықтан алған баға ең жоғары баға болып есептелсе, орыс немесе ағылшын тілдерінде намыс сөзі, ұғымы адамның жеке басына, жан дүниесіне байланысты қаралады. Ал қазақ халқы үшін намыс концепті отан жəне халық деген ұғымдармен қабылданады. Қазақ тілінде намыс лексемасын – елсүйгіштіктің негізгі ұғымы ретінде қабылдауға болады. 

2.3 Намыс сөзінің синонимдерінің орыс тіліндегі аудармасы.

В.И. Дальдің түсіндірме сөздігінде намыс ұғымына мәні терең, мазмұны кең ұғым ретінде түрлі анықтамалардың берілуі де сондықтан. Бұл ұғымға  адамның абыройын, адалдығын, кеңпейілдігін, таза пиғылын білдіретін сезім деген негізгі анықтама беріле келе, оның сан алуан мағынасы мен өзгешеліктері де бар екендігі ескертіледі. Сөздікте «намыс» сезімінің өзі кейде шарт­ты, кейде алдамшы, «сасық намыс» түрінде көрініс беретіні де айтылады. С.И. Ожеговтың сөздігінде болса ар-намысқа төрт түрлі мағынада түсінік бері­леді: Бірінші, адамның бойындағы сыйлау мен мақтауға тұрарлық моральдық сапалары, тиісті ұстанымдары; екінші, жақсы, ешбір былғанбаған, аяққа тапталмаған репутация, абыройлы есім; үшінші, пәктік, тазалық, бұзылмағандық, адалдық; төртінші, құрмет, сыйлау. Яғни, намыс тек қана адами сезім ғана емес, ерекше моральдық категория, бұған қоса, заңмен қорғалатын әлеуметтік мәні зор, материалды емес адами құндылыққа да жатады. Жеке тұлғаның, ұлттың, діннің абыройы мен намысы заңның қорғауында. Ол бір жағынан әр адамның қоғамдағы алатын өзіндік орнын біліп, өзін-өзі бағалауын айқындаса, екінші жағынан қоғам тарапынан оның мойындалуына ықпал етеді. Намыс адамға сый-құрмет пен атақ-даңққа қол жеткізу үшін де аса қажет сапа. Айтқан сөзінде тұрып, уәдеге берік болу – тек намысшыл адамның ғана қолынан келеді.

Өз заманында әл-Фараби бабамыз «Ар-ождан алдындағы адалдық — өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты» десе, Абай атамыз «Пайда ойлама — ар ойла» деп қадап айтқан, М. Дулатов «Ар-намыс, махаббат болмаған жерде адамшылық жоқ».

М. Әуезов: «Жалған намыс — қасиет емес, ар сақтаған – қасиет, ар жазасы – бар жазадан ауыр жаза», Ш. Мұртаза «Рухы мен намысы сөнген ел – өлген ел» деген қанатты сөздерін тегін айтпаған.

2.4 Ар ұғымы

Шәкәрім өз шығармаларында «ар білімі» деген терминді қолданған. Ол «ар» сөзін «совесть» деп тәржімалаған. Ар дегеніміз не? Ол тек адамға ғана қатысты түсінік. Михаил Лермонтов: «Адам ісіне құдаймен бірге төреші бір нәрсе бар, ол – ар», – деп айтқан.

Философ Ғарифолла Есімнің айтуынша: «Арлы адам – алдымен, құдайына қараған, құдай мақұлдамайтын іске бармайтын адам. Ар – әр адамның өз ісінің төрешісі».  «Құдай құратын «сотқа» дейін адам өзінің арының алдында жауап бермек», – дейді.

Бізде «ар» сөзіне ғылыми тұрғыдан қандай анықтама беріледі? «Шәкәрім» энциклопедиясында А.Тоқсамбаева: «Ар – адамгершілік сана, этика-философиялық категория. Адамгершілік (адамшылық, адамдық) қазақ халқында адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтық мағынасын білдіретін ұғым-өлшем болса, Ар – оның шығу тегі, бұлақ бастауы. Арды адам бойындағы жақсы қисиеттердің өлшемі, адамгершілік санасы деуге негіз бар», – дейді.

Ар – адамдық сананың негізі дегенді «ар түзер адамның адамдық санасын» деген өлең жолдарымен Шәкәрім де айтқан. Шәкәрімше айтқанда, ар өзіне жақын, әлі ара жігі ашылып зерттелмеген ұят, ұждан ұғымдарымен бірлікте.

Шәкәрім өлеңдерінде, аудармаларында ар тазалығы, имандылық, адамгершілік мәселелерін жиі көтереді. Оның шығармаларында өзінің ішкі табиғатына, көзқарасына сәйкес келетін және сол идеясын жеткізуге лайық детальдар мен сюжеттік элементтер тапқанда ғана сол туындыны жазуға бой ұрады.

Ар қайда? Рахым қайда? Әдеп қайда?
Быт-шыт боп неге жүрміз әрбір сайда?
Көз жұмып, «көппен көрген ұлы той» деп,
Береді бұл надандық кімге пайда?
- дейді қазаққа Шәкәрім.

«Ақылды сол - нысап пен ар сақтайды,
Арсыз сол - арамдықпен жан сақтайды.
Адал сол - таза еңбекпен күнін көріп,
Жаны үшін адамшылық ар сатпайды».

және:

«Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан,
Анық төмен болмай ма хайуаннан.
Ынсап, рахым, ар, ұят табылмаса,
Өлген артық дүниені былғағаннан»,
 – деген шумақтар да Шәкәрімнің ар ғылымына дәлел боларлық өлең жолдары.

Шәкәрім ар түзейтін ғылым жағында. Ол «ар білімін» жақтайды. Соның аты озғанын қалайды. Оның «Таза ақыл», «ақ жүрек» дегені жай бір қысыр кеңес емес, адамгершілік философиясынан тарайды. Ізгілік, әділеттілік бар істе басты болуға керек. «Мылтық билеп тұрғанда, әділет жоқ» деген құнарлы пікірге  келеді. «Жиырмасыншы ғасырдың адамынан, Анық таза бір елді көрмей өттім» дейтіні де сондықтан. 

Міне, Шәкәрімнің мұрасын бір шолып шыққанда «ар» сөзіне қатысты қаншама өлең жолдары табылды.

Ар ұғымының мәнін қарама-қарсы арсыздық ұғымын қолдану арқылы ашуға болады. Ар – адам бойындағы алғашында бар нәрсе. Оны жетілдіріп өсіре түсу де, құртып, жоғалтып алу да адамның тағдырына қатысты болады. Адам бойындағы жақсы қасиеттер арға көлеңке түсірмеуге ұмтылады.

Сонымен, ар дегеніміз не? Қазіргі заманғы адамгершілік туралы түсінікті этика деп атайды. Немесе, мораль. Осы екеуі адамгершілік деген ұғымға сәйкес келеді. Бірақ Абайда да, Шәкәрімде де адамгершілік деген сөз жоқ, Абай оны адамшылық дейді, Шәкәрім – адамшылық, ар дейді. Адамшылыққа қатысты білімді Шәкәрім «ар ілімі» дейді. «Ар ілімі» деген тіркес, түсінік – Шәкәрімнің жаңалығы. Ғарифолла Есім айтады: «Ар білімі» ұғымының ауқымы кең. Ар білімі адамның адамшылығының кемелденген кезінде қалыптаса ма деймін. Менің түсінігімше, ар ниет арқылы көрініс береді. Әдетте, адамдарды ақ ниетті, қара ниетті деп бөліп жатамыз. Қара ниетті адамда ар бола ма? Керісінше, арсыздық солардан шығады. Ақ ниетті адамдардың әр ісінде ізгілік жатады. Арлы адамдар – солар. Адамға бас иіп, құрмет білдіру де соларға тән. Ар білімі болса – арлылықты да, арсыздықты да зерттеуі керек», – дейді.

Сонымен, ар ілімі деген – ар туралы біздің біліміміз. Яғни білуге тиісті, білуге міндетті нәрселер.

Ғарифолла Есім ар жүйесі дегенді өз сөзімен былайша түсіндіреді: «Ар жүйесі дегенде адамшылық кеңістігі айтылады. Ар таза күйінде кездеспейді, оның көріну формалары: ұят, намыс, ұждан, ғашықтық, достық, кісілік, жомарттық, ізгілік, парасаттылық, даналық, талаптылық, т.б. Ар дегеніміз көңіл мен рухтың сапалық өлшемі немесе анықтаушысы деуге болады». Біз автордың бұл ойымен толық келісеміз. Орынды-ақ.

Бұл тұжырымдарды біз мақұлдаймыз және болашақта терең зерттеу, өмірге енгізу қажеттігін түсінеміз. Сөйте тұра, адамгершілік пен арды зерттейтін  түсінікті «ар ілімі» деп атауды ұсындық.  Себебі не? Себебі, біз ар ұғымы білім шеңберінен шығып, ғылым, таным, дін түсініктерімен астасып кететін ұғым деп танимыз. Сондықтан оны «ар ілімі» деп атауды лайық санаймыз.

Біздің түсінігімізше ардың оянуы үшін білімді болу аз, адам алдымен көргенді, тәрбиелі болуы керек. Таным-түсінігі мол адам арсыздыққа бармайды.  Ардың ояулығы – арға нұқсан келетін істі болдырмайды. Ол үшін білім аз, көргенділік, көрегендік керек.

«Үш анықтың» негізінде келіп ар ілімі қалыптасады. Ар ілімі - ол рухани тазару жолы.

«Үш анықта» ар ұғымы ұждан деген ұғыммен түсіндіріледі: «Адамдағы ынсап, әділет, мейірім - үшеуін қосып айтқанда, мұсылманша ұждан деген ұғым туады», – дейді. Сөйтеді де: «адамшылық арым соны істеуді ұнатады» деген «ұжданың солай қылғанды ұнатады» дегендік болып шығады» дейді. Демек ұждан мен ар тең түсінік. Шәкәрім ұждан, яғни ар туралы пікірін: «ұждан – жан тілегі» деп қорытындылайды. Осы философиялық трактатта Шәкәрім: «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді... Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс - ұждан. Ұждан дегеніміз ынсап, әділет, мейірім», – дейді.

Шәкәрім: «таза дене, толық мінез ой істерін керек қылады, соның қатты бір керегі - ұждан. Оны адам осы өмірі үшін ғана керек қылмайды, соңғы өмір үшін де керек қылады. Атым қалсын, мені жақсы көрсін, пәленше сондай таза деген үшін емес. ...Ұжданның жан тілегі екеніне нанған адам өмірде істеген қиянатына қатты өкініп, күйіп, істеген жақсылығына қуанып өлсе керек. Олай нанбай, ұжданды құр ғана көрініс үшін адамдыққа лайық деп ұғатын кісіге жақсылық пен қиянаттың көп айырмасы болмаса керек. Оған бүгінгі өмірдің айла-әдісін тапса болғаны. ...Ұждан - өмірге бірдей керек таяныш. Бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң-жол тазарта алмайды», – дейді.

Шәкәрімнің ар ілімінің мақсаты – ішкі тазалыққа жету арқылы хақты тануға жол ашу. Сондықтан Шәкәрімнің ілімі барлық адамзатты бақытқа жеткізуге бағытталған дейміз. Ол қазақ философиясының ойын ерекше белеске көтерген ойшыл.

Шәкәрім: «Құбылған әлем жарысы, Ақылды жанның табысы», – дейді. «Ақылды жанның мүлкі – әлем», – дейді тағы да. Соңғы бір жол сөз ерекше тоқталуға тұрарлық. Мұнда Шәкәрім: ақылды жан ғана әлемді мүлік ретінде тани алады, ондай жан дүниеге жақын тұратын басқа пенделер секілді әлемнің құбылмалы жарысында жұтылып кетпейді, – деп тұр. Әлемді мүлік ретінде санау үшін де қаншама ақыл-парасат керек.

Арлы адам дегенде халық арасында кімдерді айтады? Бойында ұят, қайрат, жігер, жауапкершілік, кісілік, намыс, талап, ерлік секілді асыл қасиеттері бар адамды айтады.

Шәкәрім қазақ қоғамын қалай құрудың тұжырымдамасын жасап кеткен адам. Оны алдымен адамның жан дүниесі таза, ары биік болумен байланыстырған.

Шәкәрім өз өмірі арқылы даналыққа жеткен тұлға екенін дәлелдеген дегдар жан. Даналық деп арлылыққа, ақыл мен сабырға, ізгілікке негізделген қарекетті айтамыз. Даналықтың арналары - ізгі ой, ізгі мінез-құлық және ізгі іс. Осы үшеуі де Шәкәрім бойынан табылған, оның тұлғасын биіктетіп тұрады.

Шәкәрім философиясы «Өзіңді таны, соның нәтижесінде адамды таны» деуге келеді. Шәкәрім зерттеулері бойынша адам болмысы үш бөліктен тұрады: тән, рух және жан. Тән табиғаттың негізгі элементтері топырақ, су, ауа, от және эфирден тұрады, ол - материалдық болмыс. Рухқа - сезім, ой-өріс, ақыл-ес, түйсік және әркімнің өзіндік «мені» жатады. Жан болса адам өмірін басқарушы, қуат көзі, тіршілік болмысы. Жан таным-білімге және рухани ләззатқа құштар. Жанның толығуы тек рухани жолмен ғана жүзеге асады. Рухани жетілген адамның бүкіл болмысы кемелді келеді. Жан тәнді тек рух арқылы билейді. Адамның материалдық болмысын жан мен рух болмысы жеңіп тұрса, нағыз жетілген адам содан шығады.

Ақиқат. «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді. ...Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс ұждан. Ұждан дегеніміз - ынсап, әділет, мейірім». Расында, ақиқатты тану оңай емес. Шәкәрім ақиқатты тану жолындағы ең негізгі категорияларды - ақыл мен ұжданды бөліп алып талдайды. Өтірік ақиқаттан алыстатса, шындық ақиқатқа жақындатады. Ақылы мен ұжданы үйлесім тапқан адам өтірік айтпайды, ондай адам адасса, білместіктен адасады. «Хақиқат жерде қалмайды, Жалғанға сатпас шыныңды» дегенде философ ақын ақиқатты ұстанған адам шындық жолын ештеңеге айырбастамайды дейді.

Шәкәрім өлеңдерінде жиі кездесетін сөздерінің бір парасын алып қарағанның өзінде ар ілімі деген бір ұғымның қауызына сияр жүздеген сөзді табуға болады: жан, тән, көңіл, рух, ар, ұят, ұждан, ақыл, ой, сана, сезім, түйсік, парыз, борыш, намыс, жігер, қайрат, ынсап, қанағат, парасат, ындын, нәпсі, қайырым, рахым, мейірім, залым, әділ, зұлым, адал, алал, халал, абырой, сабыр, талап, арам, харам, өтірік, шын, дос, қас, тату, араз, жақын, дұшпан, іс-әрекет, еңбек.

Ана тіл мен ұлттық салт-дәстүрді құр­меттеу – ұлттық намыстың бастауы. Бауыр­жан Момышұлы кезінде: «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңба­ған адам. Өз елінің бағасын білген пенде ғана басқа елді қадірлей алады. Өйт­кені, халықтардың туыстығы алдымен адамдардың өз халқына сүйіс­пен­шілігі арқылы ғана келеді. Мен өзге ұлт­тарды құрметтеуші, өз ұл­тын сүюші адаммын» деген. Өкінішке орай, қазір кейбір қазақ бауырларымыз өзінің ана тілі – қазақ тілін білмейтініне ешбір намыстанбайды. Президентіміз Н. Назар­баевтың «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген үндеуіне пысқырып та қарамайды. Керісінше, «Қазақша не­ге сөйлемейсіз?» деп сұрай қалсаңыз, «тілі бөлек» болғанымен, түрі мен есімі қазақы, өзіңмен қандас адам бір түрлі намыстанып, дүрсе қоя береді. «Менде шаруаң болмасыннан» бастап, «тілдік дискриминация жасаушы», «арандатушы», «ұлтшыл», «нацпат» сияқты небір пәле-жалаға ұшыратып, басыңызды дауға қалдырады. Сонда, мұны намыстың қандай түріне жатқызамыз? Қазақ тілін қазақтың өзі керек қылмай жатса, басқалар қайтсін?
Қазақтың ақиық ақыны Қадыр Мырза Әлидің:

Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте, – деген жыр шу­мағы түсінген жанды терең ойға салары сөз­сіз.



































Қорытынды

Ұлттық намыс, рух пен жігер, сын­шыл­­дық пен шыншылдық жоқ жерде патриотизм даңғаза ұранға айналмақ. Орыстар «отансүйгіштіктің» мұндай түрін «квасной», «ура патриотизм» дейді. Мемлекеттік нышандарға құрмет те ұлттық намысқа бай­ланысты. Исламда «Отанды сүю – иманнан» – деген қанатты сөз бар. Қазақтар да ер жігіттің үш намысы бар дейді: бірінші – иманы, екіншісі – Отбасы, үшіншісі – Отаны. Ел азаматтарының мемлекеттік нышандарды қастерлеуіне қарап олардың мемлекет азаматы ретіндегі сезімдерінің деңгейін, отандарының болашағына сенетінін, қандай намысқой патриот екендерін байқауға болады. Мысалы, Қытайдан елге оралған қандастарымыз, ақын Алмас Ахметбекұлының сөзіне жазылған Ермұрат Зейіпханның «Көк ту­дың желбірегені» атты ұлттық намысты жанитын патриоттық әні мем­лекеттік нышанның құдіретті күшін көрсеткендей. Алайда, Иман азайды ма, әлде басқа ма, қалай екені белгісіз, оқта-текте Қазақ елінің нышандарын кейбір отандастарымыздың аяқ асты етіп, түрлі келеңсіздіктерге жол бергендеріне куә болып жүрміз. Қан қырғын соғыстың өзін­де тудың жығылмауы үшін талай сарбаз жанын берсе, біздің кейбір сабаздар бейбіт күнде көк байрақты тулақ етіп, масқаралап жүр. Бұдан жекелеген азаматтарымыз ұлттық намыс деген қасиеттен жұрдай екенін көреміз. Жаһандану жағадан алған қазіргі алмағайып заманда ұлттық рухы әлсіз, намысы жасық ұлттың болашағы жоқ. Ұлттық намыс болмай мемлекеттік тіл де дамымайды, өзіміздің ұлттық мүддемізді де қорғай алмаймыз.

Ұлттың намысы ұрпақтан ұрпаққа бері­луі үшін оны бала жастан тәрбиелеп, болат қылышты тат бастырмаған сияқты, үнемі жанып, қайрап отыру қажет. Ал, ол үшін тәрбиеші ата-ананың ұлттық намысы берік болуы шарт. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген мақал тегін айтылмаған.Бауыржан Момышұлының «Балаларға бесік жырын айтатын келін­дерімнің азайып бара жатқанынан қор­қам, екінші, немерелеріне ертегі айтып беретін әжелердің азайып бара жат­қа­ны­нан қорқам. Өйткені, бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспегеннің көкірегі көр бола ма деп қорқам» дегені еріксіз ойға оралады. Ананың сүтімен, бала жастан берілген ұлт­тық тәрбиені көрген ұрпақ өзінің ұлтын да, ана тілін де, әйел затын да сыйлайтын болады. Ал, ананы құрметтеу, болашақ ана-қыздарды сыйлау ұлттық намыстың бір бел­гісі.

Shape1



































Пікір

Жылқайдарқызы Бірғаным бұрын да бірнеше мәрте ғылыми жұмыстар алып, нәтижелі еңбек еткен еді. Тіл мәдениетін тәп-тәуір меңгерген ол поэзияға ықылас танытып жүр. Осы ғылыми жобаның тақырыбын алғанда менімен ақылдасып, зерттеп көрсек қайтеді деген ой тастады. Алған тақырыбының өзектілігін зерделеп қарасам, шынында да зерттеуге болады екен. Басында «Намыс» сөзінің шығу тегін зерттейтін болған. Осы орайда айта кететін бір жайт, Бірғаным «намыс» сөзінің қазақ қоғамында, халқында ерекше орын алатыны жайында, және ерекше бір жаңалығы осы сөздің орыс тіліне аударылмайтынын дәлелдеді. Бұл жерде тыңғылықты еңбек етті деген сенімдемін. Болашақта тілші мамандығын таңдап, жақсы бір мамандық иегері болатынына кәміл сенемін.



Пікір жазған жетекші мұғалімі Охапов Аслан Дуйсенбайұлы



































пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қалиева Б.Қ. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы, 1983–317 б.

  2. Казахско-русский словарь / Под ред. Р.Г. Сыздыковой, К.Ш. Хусаин. – Алматы: Дайк–Пресс, 2002. – C. 620.

  3. Косович П.В. Қазақша-орысша сөздік. – Костанай: Толмач – Евразия, 2009. – C. 169.

  4. Гарифолла Есим. Наука совести. – Алматы: Раритет, 2008. – C. 11.

  5. Қазақтың мақал-мəтелдері. Құрат. Смайлова А.Т. – Алматы: Көшпенділер, 2005. – 400 б.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
22 қараша
1196
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі