жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғылыми жобаның тақырыбы: «Шудың адам ағзасына әсері»
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі»
Ғылыми жобаның тақырыбы:
«Шудың
адам ағзасына әсері»
Бағыты: Физика
Орындаған:
ДО-18 тобының студенті Тажибай Гулнур
Қуралбекқызы
Жетекшісі:
физика пәнінің оқытушысы Игібаева
Т.Ө.
Ақтау қаласы
2019 жыл
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі»
ІІ курс студенті Тажибай Гулнур Қуралбекқызы
«Шудың адам ағзасына әсері»
тақырыбындағы ғылыми жобасына
Пікір
ДО-18 тобының студенті Тажибай Гулнур Қуралбекқызы « Шудың адам ағзасына әсері» - тақырыбы төңірегінде зерттеу жұмыстарын жүргізген. Шудың неғұрлым қатты болуы баланың ақыл ойының дамуына әсер ететіндігі анықталған. Ұзақ уақыт бойы интенсивті шудың ортасында болу артериальдық қысымның өзгеруі мен жүрек жұмысының нашарлауына алып келеді. Мидың қыртысында бұзылулар пайда болып, есту, есте сақтау қабілетін төмендетеді. Сондықтан бұл тақырыптың өзектілігі осымен айқындалады.
Ғылыми зерттеу жобасының мақсаты міндеттері дұрыс көрсетілген. Шудың жүрек соғысына, артериальдық қысымға және білімгерлердің көңіл бөлуіне әсерін анықтау. Себебі, бұл білімгердің үлгерімінің басты компоненті болып табылады.
1. Шудың қайнар көздерін анықтау ;
2.Адам ағзасындағы шудың әсерін зерттеу ;
3.Адам ағзасындағы транспорттық шудың әсерін зерттеу ;
4.Халық денсаулығына қалалық көшедегі шудың ықпал жасауына талдау жүргізу.
5.Шумен күрес негізгі іс-шараларын ұйымдастыру.
«Шудың адам ағзасына әсері» - тақырыбында жазған ғылыми зерттеу жобасы жоғары деңгейде, талапқа сәйкес жазылған және конференцияда қорғауға жіберуге толық болады.
Ғылыми жетекшісі: физика пәнінің оқытушысы: Игібаева Т.Ө.
Аннотация.
Шу – үлкен санды қарапайым типті әртүрлі биіктер мен күштерден тұратын дыбыс емес, қалыпты емес дыбыстардың жиынтығы. Шу - өркениетті заманымыздың өзіне тән өндірісінің шығыны, күн өткен сайын біздің өмірімізге кеңірек басып кіреді.Азырақ шудың неғұрлым қатты болуы баланың ақыл ойының дамуына әсер ететіндігі анықталған. Ұзақ уақыт бойы интенсивті шудың ортасында болу артериальдық қысымның өзгеруі мен жүрек жұмысының нашарлауына алып келеді. Мидың қыртысында бұзылулар пайда болып, есту, есте сақтау қабілетін төмендетеді. Сондықтан, бұл тақырыптың өзектілігі осы болып табылады.
Аннотация.
Шум это не звук, состоящий из больших чисел обыкновенных высот и сил, а совокупность неизменчивых звуков. Шум – затрата производства нашей цивилизованной эры который с каждым днем входит в нашу жизнь. Стало известно что, чем сильнее шум, тем сильнее он действует развитие ребенка. Находиться долгое время в интенсивном шуме приводит к изменению артериального давления и к ухудшению работы сердца. В коре мозга появляются нарушения, происходит ухудшение слуха и нарушается память. По этой причине, данная тема является актуальной в наше время.
Annotation.
Noise is not a sound consisting of large numbers of ordinary heights and forces, but a collection of unchanging sounds. Noise is the cost of production of our civilized era which constantly enters our life. It is established that, the stronger the noise, the more it influences on the development of the child. Staying for a long time in an intense noise leads to the change of arterial pressure and deterioration of the work of human heart. There are disturbances in the cerebral cortex, the hearing system deteriorates, and the memory is impaired. Consequently, the given theme is considered as actual in our time.
Зерттеу
мақсаты: Шудың
жүрек соғысына, артериальдық қысымға
және білімгерлердің көңіл бөлуіне
әсерін анықтау. Себебі, бұл білімгердің
үлгерімінің басты компоненті болып
табылады.
Зерттеу міндеттері:
1.Шудың қайнар көздерін анықтау ;
2.Адам ағзасындағы шудың әсерін зерттеу ;
3.Адам ағзасындағы транспорттық шудың әсерін зерттеу ;
4.Халық денсаулығына қалалық көшедегі шудың ықпал жасауына талдау жүргізу.
5.Шумен
күрес негізгі іс-шараларын ұйымдастыру.
Зерттеу әдістемесі: Жұмысты баяндау, интернет желісі материалдарын пайдалану, зерттеу жұмысында салыстырмалы тарихи, салыстырмалы типологиялық және жүйелі сипаттама тәсілдері қолданылды.Жинақтау, саралау әдістерін басшылыққа ала отырып,тақырып бойынша әдебиеттерді талдау, сауалнама жүргізу, тәжірибе жасау
Дерек көздері: Шу туралы зерттеу еңбектер.
Зерттеудегі ұстанымым: Тақырыпты зерттеп мән-мазмұнына терең үңілу. Зерттеудегі жетістіктермен көпшілікпен бөлісу.
Зерттеу өзектілігі: Ауаның, топырақтың судың ластануы адам ағзасына кері әсер ететіні барлығына белгілі. Алайда, бұл аталғандардың зияны шуға қарағанда азырақ Шудың неғұрлым қатты болуы баланың ақыл ойының дамуына әсер ететіндігі анықталған. Ұзақ уақыт бойы интенсивті шудың ортасында болу артериальдық қысымның өзгеруі мен жүрек жұмысының нашарлауына алып келеді. Мидың қыртысында бұзылулар пайда болып, есту, есте сақтау қабілетін төмендетеді. Сондықтан, бұл тақырыптың өзектілігі осы болып табылады.
Мазмұны
Кіріспе...........................................................................................................
1. Негізгі бөлім.................................................................................
1.1. Шу- экологиялық фактор .........................................................................
1.2. Табиғатта шу пайда болу әдістеріне байланысты танылады .............
1.3. Шудың адам денсаулығына зияны .........................................................
2. Зерттеу бөлімі...............................................................................................
2.1.Тұрақты шудың әсерінен қысымның өзгеруі ..........................................
2.2.Ағзаға шудың арнайы емес әсері...............................................................
Қорытынды...............................................................................................
Пайдаланылған
әдебиеттер
....................................................................
Көшеде тоқтап, құлақ салсаңыз МАЗ және ЗИЛ сияқты автокөліктердің дарылдаған дауысын және серіппелі темір есіктердің жабылған дауысын, ауладағы бала-шаға айқайын естисіз. Магнитофондар және теледидарлар, зауыттардағы цех станоктарының және машиналардың гүрсілі құлақ тұндырады. Осының барлығы күнделікті көрініс.
Уақыт ағымына, ғылым жетістігіне байланысты жаңа дыбыс құралдары жасалып, олардың күші өсті. Ғылым және техника табыстарымен, қарқынымен урбанизациямен бірге шудың деңгейі де тоқтаусыз өсті.Шу – үлкен санды қарапайым типті әртүрлі биіктер мен күштерден тұратын дыбыс емес, қалыпты емес дыбыстардың жиынтығы.
Шу - өркениетті заманымыздың өзіне тән өндірісінің шығыны, күн өткен сайын біздің өмірімізге кеңірек басып кіреді.
Зерттеу мақсатым адам ағзасына шудың әсерінің қасиетін анықтау. Осы зерттеу мақсатына сәйкес келесі міндеттерді ұсынамын:
1) Шудың қайнар көздерін анықтау ;
2) Адам ағзасындағы шудың әсерін зерттеу ;
3) Адам ағзасындағы транспорттық шудың әсерін зерттеу ;
4) Халық денсаулығына қалалық көшедегі шудың ықпал жасауына талдау жүргізу.
5) Шумен күрес негізгі іс-шараларын ұйымдастыру.
Ежелгі Қытайда шудың көмегімен жазалау ең ауыр жаза болып табылған.
Әсіресе,
балалар қатты зардап шегеді. Табиғат
көптеген дыбыстардан тұрады. Адамдардың
даусы, құстардың сайраған әні,желдің
гуілі,сағаттың соғуы, көліктердің дыбысы
және т.б. Болып жатқан оқиғаларды анықтап
білудің негізгі хабаршысы дыбыс.
Дыбыс дегеніміз не? Неге біз оны
естиміз және ол қайдан шығады? Оның көзі
денелердің немесе оның бір бөлігінің
тербелу,үйкелу,сығылу және т.б жағдайлар
арқылы пайда болады. Тербелу арқылы
қоңырау соғылады. Адамның
қоршаған ортаға әсері ғылыми - техникалық
алға басудың салдары. Ғасыр басынан
дүниежүзілік өндірістік өнеркәсіптер
16 есе өсті, ол ғасыр аяғына қарай 1,5-3
есеге дейін өседі, бұл бұған дейінгі
адамзат тарихындағы пайдаланылған
шикізат шамасынан асады.
Шу мәселесі қазіргі заманда төтенше де маңызды мағынаға ие болды. Ұзақ уақыт шу өркениеттің шарасыз жауыздығымен, техниканың қарқынды дамуының, автоматтандырудың, механикаландырудың, көлік өсу шегінің, техникалық алға басудың қосымша өнімі деп есептелді. Шу - уақытша күрделі құрылымды және ағзаға ерекше әсер ететін қасиеттерімен акустикалық үйлесімсіз дыбыс. Адам ағзасына олардың әсері ең алдымен жаңа жоғары өнімді құралдарды қолдану кезіндегі әртүрлі станоктар мен агрегаттардың жоғары жылдамдықта жұмыс істеулерімен байланысты.
Насостар, компрессорлар, трубиналар, пневматикалық құралдар, станоктар және тағыда басқа қозғалыстағы құралдар шудың көзі болып табылады. Сонымен қатар, соңғы жылдардағы қаладағы транспорттардың көбеюіне байланысты, қолайсыз факторлар ретінде шудың әлеуметтік маңызы да зор.
Шудың әсерінен адам ағзасында ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр жүйесінің өзгерістері дамиды. Олардың айқындылығы шудың параметрлеріне, шу жағдайындағы жұмыс ету стажына, жұмыс уақытындағы шудың ұзақтығына және ағзаның сезімталдығына байланысты.
Шумен байланысты еңбек процесі кезінде, адам денесі мәжбүрлі қалыпта болатынын, белгілі бір бұлшық еттер тобының кернелікте болуын, нервтік-эмоционалдық кернеулікті және осыған қоса дірілдің, шаңның, улы заттардың, қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың әсерін ұмытпау керек. Бұның барлығы аурудың клиникасын қиындататын факторларға жатады.
1. Негізгі бөлім.
1.1. Шу — экологиялық фактор.
Шу деп адам ағзасына қолайсыз әсер ететін оның жұмысына және демалуына кедергі жасайтын кез-келген жағымсыз дыбысты немесе осындай дыбыстың жиынтығы.
Физикалық мәні бойынша шу толқын тәрізді таралатын серпімді ортаның (газ, сұйық және қатты), заңды түрде ретсіз кездейсоқ сипаттағы механикалық тербелістің қозғалысы. Оның көзі, уақытша күшпен тұрақты жағдайынан шығарылған, кез-келген тербелістегі дене. Дыбыс толқынын сипаттайтын негізгі физикалық параметрлері тербеліс амплитудасы, таралу жылдамдығы және дыбыс жиілігі.
Тербеліс көзіне тікелей жанасып жатқан ауа арқылы берілуі кезінде ауа бөлшектері тербеліс үрдісіне қатысады да ауа қысымының ырғақты жоғарылауына және төмендеуіне әкеп соғады. Атмосфералық қысымға қосымша пайда болатын бұл қысым дыбыс қысымы деп аталады.
Серпімді ортаның тербеліс қозғалысы белгілі бір жиіліктегі дыбыс толқындарын тудырады және герцпен (Гц) белгіленеді. Гц 1 секунд ішіндегі дыбыстың бір тербелісіне тең. Жиілігі 16-20000 Гц-қа дейінгі аралықта болатын дыбыстарды ғана адам ести алады. Жиілігі 16 Гц-тан төмен дыбыстар инфрадыбыс , ал 20000 Гц-тан жоғары дыбыс ультрадыбыс деп аталады. Адамның есту мүшесі бұл дыбыстарды қабылдамайды. Шудың диапазоны 16-400 Гц аралығында болғанда – төменгі жиілікті, ал 400-1000 Гц аралығында – орташа жиілікті, 1000 Гц – тан жоғары – жоғары жиілікті деп аталады. Кез-келген шудың шығу көзінің дыбыстық энергиясы жиілік спектрін құрайтын жиілік бойынша белгіленеді. Тәжірибе жүзінде шуды өлшеу үшін және акустикалық есептеу жүргізу үшін барлық спектрді нақтылы ені бар орташа геометриялық жиіліктерге бөледі. 1:2 тең шекті жиіліктердің қатынасы октава деп аталады. Шудың барлық диапазоны 9 октаваға бөлінеді: 63, 125, 250, 1000, 2000, 4000, 8000 Гц.
Уақыт параметрлері бойынша:
Ауаны ластаудың ерекше бір түрі — шу. Ол зор әлеуметтік мәні бар факторға айналып отыр. 30 децибелге дейінгі әлсіз шу (жапырақтың сыбдыры, баяу естілетін музыка) адамға жайлы естілді, ал 20—120 децибелдін гүрсіл (жүк машинасының, реактивтік самолеттің, пневматикалық балғаның, дискотекадағы музыканың дыбысы) нерв жүйесін тітіркендіріп, адамның денсаулығына да айтарлықтай зиян етеді. 60-70 децибелден басталатын даңғаза шу адамның есту қабілетін әлсіретеді, мұндай жағдай балаларда 45 децибелден кейін-ақ басталады.80 децибелдік шу адамның ойлау қабілетін нашарлатады, артерия қысымының тербеліс өрісін арттырады, айналадағы өрістерді қабылдау қабілетін әлсіретеді. Шудың ұзақ уақыт әсер етуі вегетативтік нерв жүйесін шайқалтып, қан айналымын бұзады, гипертонияға әкеп соқтырады. 90 децибелдік шу адамды мүлде саңырау етеді. Жалпы алғанда, шу адамның дене және рухани денсаулығына қатер төндіреді.
Адамның айналасындағы шу көздері толып жатыр және олар алуан түрлі. Олардың ең бастылары — транспорт құралдары, өнеркәсіп және тұрмыс кәсіпорындарының техникалық жабдықтары, желдету, газ турбина және компрессор қондырғылары, самолет двигательдері мен іштей жанатын двигательдерді сынау станциялары, әр түрлі аэро-газ динамикалық қондырғылар.
Осы үш класқа жататын шудың бірінде де сөздің түсінікті болуы көрсетілген. Шекті деңгей мен спектрдің қосымша міндетті шарты болып есептелінеді, атап айтқанда бір қалыпты шыққан дауыс сөйлеушіден 1,5 м қашықтықта жақсы естілуі тиіс.
Шудың деңгейі объективті шу өлшеуішпен — ал жиілік спектрлері — тілкемді сүзгілері немесе анализаторлары бар шу өлшеуіштерімен өлшенеді.
Шудың зияндылық дәрежесі негізінен алғанда оның күшімен, жиілік құрамы мен — спектрімен, әсер ету ұзақтығымен және реттілігімен анықталады.
Жоғары жиілікті, яғни құрамында жоғары жиіліктегі дыбыстар басым болатын шу төменгі жиілікті шумен салыстырғанда едәуір зиянды. Сондықтан да шу күшінің шекті деңгейі оның жиілік құрамына қарай белгіленеді.
1.2. Табиғатта шу пайда болу әдістеріне байланысты танылады
1) Қатты денелердің дірілдеуінен пайда болатын механикалық шу . Дірілдеуден пайда болған шу лайықты шарттары бар жағдайларда дыбыс болып сәулелеле шашырайды, сондықтан көп жағдайда шудың өзі естілмейді. Механикалық шу машиналармен және механизмдердің жұмыс істеуінен пайда болады.
2)Аэро немесе гидродинамикалық шу - газ қозғалысынан, бу немесе сұйықтықтың қысымының әсерінің нәтижесінде пайда болады.
3)Термиялық шу - газдардың тығыздыққа байланысты жанған кезінде пайда болады.
4)Кавитациялық шу - акустикалық кавитация кезінде дыбыс импульсының нәтижесінде туатын тамшылар мен қуыстардың және сұйықтықтың жарылунан пайда болады.
Транспорттық – қазіргі уақытта қала жағдайындағы ең көп тараған түрі. Мұның шығу көздері – автомобильдер, трамвайлар, троллейбустар және темір жол мен әуе транспорттары. Олар жалпы шудың 80 пайызын құрайды. Автотранспорт қалалық шудың шығу көзі болып саналады және ол үш факторға байланысты: қозғалыс қарқындылығы, қозғалыс жылдамдығы және транспорт ағынының құрамы. Қозғалу жылдамдығы жоғары болған сайын шу деңгейлерініңишамалары да жоғары болады. Қазіргі ірі қалаларда машиналар қозғалысының қарқындылығы сағатына 5-10 мың бірлікке дейін және одан да жоғары болуы мүмкін. Қалалық транспорттардың барлық түрлерінің ішінде трамвай ең шулы болып саналады. Оның қозғалысынан туатын шудың деңгейі автомобильден шығатын шуға қарағанда 10 дБА-ға жоғары.
Кварталдық қалалық шу төменгі жиіліктен өте жоғары жиіліктікке дейінгі диапазонда болады. Кәсіпорын мекемелерінің тұрғын аудандарға жақын орналасуы акустикалық талаптың бұзылуына әкеп соқтыратын елеулі фактор болып табылады. Нысандардағы шудың шығу көздері өте әр түрлі болып келеді. Спектрлік белгілері бойынша бұлар көбінесе кең жолақты шу болып келеді, ал уақыт бойынша – тұрақты болады. Сыртқы шудың ең жоғары деңгейі 500-1000 Гц диапазонда байқалады және олардың шамалары өте үлкен деңгейде болулары мүмкін.
Пәтерлік шуды екіге бөледі: тұрмыстық(адамдардың тіршілігіне байланысты) және механикалық (инженерлік және санитарлы-техникалық) қондырғылар арқылы пайда болады. Қазіргі кездегі ғимараттардағы, әсіресе бірінші қабатында сауда және коммуналды-тұрмыстық нысандар орналасқан кезде, шу шығаратын қондырғылардың 30 түрі болады: қоқыс өткізгіштер, вентиляция, кондиционерлер және басқалар.
Тұрмыстық ауа шуларына қатты сөйлеу, балалардың жылауы, музыкалық аспаптарда ойнау, өлең айту радио қабылдағыштардың, магнитофондардың, теледидардың, шаң сорғыштардың, кір жуатын машиналардың және т.б. жұмысы жатады. Ауалық шудан басқа пәтерлерде құрылымдық шу да болады, олар ғимараттың құрылымдары арқылы беріледі. Ол жүрген кезде, билеген кезде, балалардың жүгірген, жиһаздарды қозғаған кезде, сондай-ақ механикалық қондырғылар жұмыс істеген кезде пайда болады. Құрылымдық шудың ауалық шудан айырмашылығы – ол ғимараттардың құрылымдары арқылы өте алыс орналасқан бөлмелерге де жетеді.
Шу тұрғын үйлерде сырттан кіретін шудан және ішкі шудан, санитарлық - техникалық, инженерлік-технологиялық құралдарда, тұрмыс құралдарында,музыкалық аспаптарда ойнағанда, адамдардың жылжуынан және жиһазды жылжытудан, әңгімелескенде, балалардың айқайларынан құралады.
Қаладағы шу "симфониясы" көптеген факторлардан түзіледі: темір жолдардың гүрсілінен және ұшақтардың гуілінен , құрылыс техникасының гүрілінен, зауыт цехтарының шуынан және тіпті тұрмыстық құралдарының шуынан - бір сөзбен айтқанда адамды қоршайтын барлық заттан тарайды.
Шудың ең қуатты аккордтары автокөлік қозғалысының дыбысы, оған жалпы фонда шудың 80% береді.
Қала тұрғындарын, әсіресе ірі қалаларда қалалық көліктердің шуы қатты алаңдатады: трамвайлар, автомобильдер, автобустар, мотоциклдер, мотороллерлер. Көп мөлшердегі шу, әсіресе, дизельді және жүк таситын машиналардан шығады.
Қалалық көлік саны толассыз өседі және өсуде . Таза техникалық проблемалардың шешімі туралы тек қана айтып кана қоймай, қазіргі заманға сай гүрсілі аз автомобильдерді таңдау қажетті деп санауымыз керек.
Соңғы он жылдықта шудың зиянды ықпалы жұмыс істеушілерге, дәл осылай халықтың басқа топтарына әсері өсті. Бұның себебі, техникалық алға басуындағы өндіріс процестерінің механикалануы, көліктің қуаттылығының артуында.
Тербелмелі қозғалыс көздерінің дыбыстық энергиясы қоршаған ортаға үзіліссіз түсуі мүмкін, мысалы,тоқыма станок жұмысы кезінде немесе оқтын-оқтын импульстер түрінде, пневматикалық аспапты қолданған жағдайда орын алады. Осыған байланысты шудың тұрақты және импульстік түрлерін ажыратады. Ағза үшін импульстік шу қауіпті.
Шудың адам ағзасына тигізетін әсері өзге өндірістік факторлармен үйлеседі: қанағатсыз микроклимат, улы заттар, ультродыбыстар, әсіресе, вибрациямен үйлесіп отырып шудың зиянды әсері: есту қабілетінің нашарлауына,жүйке жүйесіне, жүрек тамыр жүйесіне және т.б. жүйелерге кері әсер етеді.Бұл еңбек өнімділігінің төмендеуіне, өндірістік ақауларға алып келеді.
Шу – үлкен қалардың халқына кері әсер ететін негізгі факторлардың бірі.Шудың тұрақты әсері ашушаңдылықты жоғарылатады, шығармашылық әрекетті, еңбек өнімділігін және халықтың тынығу тиімділігін төмендетеді.Бүгінгі күнгі зерттеулер бойынша шудың жоғарғы қысымы көптеген аурулардың – жүрек тамыр, асқазан жүйке жүйесі ауруларын қоздырушы болып табылады.
1.3.Шудың адам денсаулығына зияны
Урбанизацияның дамуымен бірге шу адамның ажырамас бөлігі, қоршаған ортаны негізгі ластаушы факторлардың біріне айналды. Химиялық ластаушылардан кейін екінші орынды шу иеленіп адам денсаулығына кері әсер ететін ластаушы болып табылады. Шекті мәндері 80 дБ асқан кезден бастап физикалық және психиологиялық әсер етеді. Транспорттық немесе өндірістік шулардың әсері уақытынан тез шаршағыштық, тітіркендіргіштік, алаңдатушылық сезімдерін ортаға шығарады. Шу − химиялық улану сияқты баяу өлтіргіш.
Адам әрқашан дыбыстар мен шу әлемінде өмір сүрген. Дыбыс адам және барлық тірі организмдер үшін экологиялық факторлардың бірі болып табылады. Табиғатта қатты дыбыстар шумен салыстырғанда әлсіз және қысқа, сирек кездеседі. Табиғи шу (жапырақтардың сыбдыры, жылғаның сарқырап ағуы, құстардың ән салуы) жағымды, стресс түсіру үшін және тыныштандыру үшін әсерлі. Алайда табиғи шу уақыт өткен сайын сирек болып, жасанды шу әсері адам өмірінің тұрақты бөлігіне айналып бара жатыр.
Бактериолог Роберт Кох айтып кеткендей: «Адам баласы бір кездері тырысқақ және оба ауруларымен қалай күрессе, болашақта шумен де тура солай арпалысқа түседі» . Алғашқыда шу тек есту мүшелеріне зақым келтіреді деген ой қалыптасса, уақыт өте келе оның орталық жүйке жүйесіне кері әсерін анықталды. Орталық жүйке жүйесі барлық адамның бойындағы физиологиялық қызметтерді атқарады. И.П.Павлов: «Мысалы, сіз қалада траспорттық шулардың, айқайдың, әр түрлі ысқырықтардың ортасында тұрасыз десек, бірақ егер сізді тыныш табиғат арасындағы үйге көшірсек, сіз қаладағы тірліктерінізді атқара аласыз, кітап оқу, жазу, ойлану, бірақ табиғат аясында өзіңізді жеңілірек сезінесіз» . Сонымен қатар, шудың әсерінен бас сүйек қан қысымының, дем алу ритмнің және асқазанның секреторлық қызметінің нашарлауынан гастрит, язва сияқты аурулардың пайда болуы анықталды.
Г.С. Трамбицкий мен А.В.Гервер ұзақ шулар жүйке жасушаларында патологиялық өзгерістерге алып келеді деген, ал оның әсерінен адам көңіл күйінің құбылмалы болуына, интелектуалдық дамуының тежеліуіне, психикалық қозғалыстардың, жауап қайтару яғни рефлекстердің төмендеуіне алып келетінін атап көрсеткен. Зерттеу нәтижесінде олар мидың биоэлектрлық ритміне дыбыстар мен шулардың әсері барын тауып, -ритм мен β-ритмдер өзгеріске ұшыраған. Тоқтаусыз қатты дыбыстардың әсерінен көру жүйесінің зақымдалуы және жарық сезудің төмендеуі, саңырау болуы әбден мүмкін.
Есту анализаторы перифериялық бөлігінен немесе құлақтан тұрады, оның мақсаты дыбыс энергиясының трансформациялау. Ветцмен мен Кейбз 1936 жылы қатты дыбыстың әсерінен 1500 гц бастап дабыл жарғағының кері қозғалыс жасауын және ешқандай энергияның сезбеуін байқады. 2000 гц асқан кезден бастап дабыл жарғағы қатты пластинка сияқты өзінің осьінде айналатынын, ал 2400 гц бастап сегменттерімен қозғала бастауын байқады . Ұзақ уақыттық дыбыстардың әсерінен есту мүшелері уақытынан ерте қартая бастайды. Қарқынды шудан негізінен нерв рецептрларының елеулі өзгерістерге ұшырайды, кортий мүшесінің зақымдалуы мен жүйке талшықтарының спиральды пластинкаға айналады.
Ресей және шетел зерттеушілерінің болжамы бойынша шу жұмыс істеу қабілетінің физикалық жағынан 30%, ал лабораторияда жұмыс істейтін адамдарда 60% төмендеуін атап көрсеткен.
Шудың әсерінен адам ағзасында ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр жүйесінің өзгерістері дамиды. Олардың айқындылығы шудың параметрлеріне, шу жағдайындағы жұмыс ету стажына, жұмыс уақытындағы шудың ұзақтығына және ағзаның сезімталдығына байланысты.
Шумен байланысты еңбек процесі кезінде, адам денесі мәжбүрлі қалыпта болатынын, белгілі бір бұлшық еттер тобының кернелікте болуын, нервтік-эмоционалдық кернеулікті және осыған қоса дірілдің, шаңның, улы заттардың, қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың әсерін ұмытпау керек. Бұның барлығы аурудың клиникасын қиындататын факторларға жатады.
Өндірістік орталардағы қолайсыз факторларға шу жатады. Адам ағзасына олардың әсері ең алдымен жаңа жоғары өнімді құралдарды қолдану кезіндегі әртүрлі станоктар мен агрегаттардың жоғары жылдамдықта жұмыс істеулерімен байланысты. Насостар, компрессорлар, трубиналар, пневматикалық құралдар, станоктар және тағыда басқа қозғалыстағы құралдар шудың көзі болып табылады. Сонымен қатар, соңғы жылдардағы қаладағы транспорттардың көбеюіне байланысты, қолайсыз факторлар ретінде шудың әлеуметтік маңызы да зор.Шудың әсерінен адам ағзасында ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр жүйесінің өзгерістері дамиды. Олардың айқындылығы шудың параметрлеріне, шу жағдайындағы жұмыс ету стажына, жұмыс уақытындағы шудың ұзақтығына және ағзаның сезімталдығына байланысты.Шумен байланысты еңбек процесі кезінде, адам денесі мәжбүрлі қалыпта болатынын, белгілі бір бұлшық еттер тобының кернелікте болуын, нервтік-эмоционалдық кернеулікті және осыған қоса дірілдің, шаңның, улы заттардың, қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың әсерін ұмытпау керек. Бұның барлығы аурудың клиникасын қиындататын факторларға жатады.
Патогенезі. Шудың адам ағзасына әсерінің механизмі күрделі және толығымен зерттелмеген. Шу туралы пікірлер айтылған жағдайларда, ең алдымен есту мүшесіне аса көңіл аударылады. Сонымен қатар шу есту мүшелерінен бөлек терідегі сезімтал рецепторлар арқылы да қабылдануы мүмкін. Ол есту қабілетінен айырылған адамдарда, сипап сезу арқылы дыбыс сигналдарын анықтау мүмкіндіктерінің бар екендігімен бағаланған.Тері жабындыларындағы дірілді сезетін рецепторлардың дыбыс толқындарын қабылдау қабілеті ағзаның дамуының ерте кезеңдерінде есту ағзасының қызметтерімен жүзеге асуымен түсіндіріледі. Кейінірек эволюциялық даму процесі кезінде, тері жабындыларынан есту ағзасы қалыптасады, ол акустикалық дыбыстарға әсер ете бастайды. Адам құлағының акустикалық тербелістерді қабылдау диапазонының жиілігі кең – 16 – 20 000 Гц. 1000-3000 Гц дыбыс жиілігін қабылдауға есту анализаторлары өте сезімтал.
Ішкі құлақтың есту анализаторларының шеткі бөлімдерінің шудың әсерінен жарақаттануына байланысты, бірқатар зерттеушілердің тексерулері бойынша, ету ағзасындағы өзгерістердің пайда болуымен түсіндіріледі. Осымен ішкі спирал және спиралды ағзадағы (кортиев) зақымдалған клеткалардың алғашқы орналасқан жерлері түсіндіріледі. Кейбір авторлардың айтуы бойынша ұзақ шудың әсері ішкі құлақтағы тұрақты қан айналымның бұзылыстарына әкеледі, ол лабиринттегі сұйықтықтардың өзгерістерінің себептері болып табылады және спиралды ағзаның сезімтел элементтерінің дегенеративті процестерін тудырады.
Есту ағзасының зақымдануының патогенезінде ОНЖ маңызын еске алу керек. Қарқынды түрдегі ұзақ шудың әсерінен ұлудың нервтік аппаратында дамыған патологиялық өзгерістер қыртысты есту орталықтарына шамадан көп күш түсумен негізделген.
Естудің
төмендеуі кейбір биохимиялық процестерге
негізделген. Жануарлардың спиралды
ағзасын гистохимиялық тексерулер
кезінде, гликогенннің құрамындағы
нуклеин қышқылдарын, сілтілі және
қышқылды фосфатазаны, янтарлы дегидрогеназа
және холинэстеразалық өзгерістер
анықталған.Адекватты емес өзгерістердің
пайда болуы мен шудың әсерлеріне
жауаптары есту анализаторларының
анатомиялық физиологиялық байламдарындағы
нерв жүйесінің әртүрлі бөліктерінде
орналасуға байланысты. Есту анализаторларының
рецепторлық аппараты арқылы әсер ететін,
акустикалық тітіркендіргіштер, тек
қана қыртысты бөлімде ғана емес сонымен
қатар басқа ағзалардың да қызметтеріндегі
рефлекторлы ығысуларды шақырады.
Тірі ағзаларға тікелей және айрықша
әсеріне байланысты қоршаған ортаның
шумен ластануы таза экологиялық
факторлардың категориясына жатады
Тұрақты шуда қалада өскен ағаштар жиі
ауырып ,тіршілігін тоқтатады. Шудың
ұзақ уақыт бойы тұруы өсімдіктерге ғана
әсер етіп қоймай,кейбір. Адамдар өмір
бой дыбыстар әлемінде өмір сүріп келеді.
жануарлардың да жойылуына алып келеді.
Адам дыбыс әлеміне сөйлеу пен әуенді
әкелді. Дыбысты өзінің көмекшісі ретінде
пайдаланды. Теңіздің толқуы,жаңбырдың
жаууы,жапырақтың тусуі сияқты дыбыстардың
адам ағзасына жағымды әсер ететіні
белгілі,адамды тыныштындырады. Ал
транспорттағы немесе кәсіп орындағы
шу адамды шаршатады,басады,ойын жүйеге
келтіруге бөгет жасайды. Зерттеулер
бойынша, шу адамның жұмысқа деген
қабілеттілігін 50% төмендетеді.
Әлемдегі
әртүрлі дыбыстарға толы, сағаттың
тықылдаған дыбысы, мотордың гуіллі,жапырақтың
және тағы басқа дыбыстарды айтуға
болады. Табиғаттың жаратқан дыбыстарының
барлығы адамның денсаулығына кедергісі
жоқ сияқты, дегенмен дыбыстар табиғатта
әртүрлі мақсатта қолданылады. Мысалы:
хайуанаттарға сигнал ретінде, адамдар
қал-жағдайына қараай қолданады. ХХІ
ғасырда адам баласының ыңғайына шешіліп
отырған көптеген жетістіктерді атап
айтуға болады. Дегенмен, біз көптеген
мәселелерді пайдамызға шеше білгенімізбен,
олардың екінші жағы, зиянын қарастырмаймыз.
Өйткені,қазіргі таңда медицинаның
дамыған кезінде де әуен арқылы адамдарды
емдеуге болатынын көріп жүрміз. Мысалы:
психологиялық жағынан қарағанда
классикалық әуендер адамның миын
тыныштандырады. Сондықтан дыбыстарды
зиянды демей, оның пайдалы жақтарында
айтуға тура келеді. Бізді қоршаған
ортада, табиғаттың ешбір зиянды жақтарын
көре алмайтынымыз дұрыс, бірақ адам
баласы өзіне зиянды нәрселерді өз
қолымен жасайды емес пе? Олардың бірі
бізді қоршап отырған дыбыстың түрлері.
Шу – амплитудасы және жиілігі әртүрлі
болған тербелісті айтамыз. Шу дегеніміз-
адам организміне механикалық тербелістің
әсер етуі, тербелістің жиілігіне,
интенсивтілігіне және берілу ортасына
байланысты болады. Шудың адам организміне
күнділікті әсер етуі кәсіби ауруларға
әкеледі. Сонымен бірге, жүйке, жүрек,
қан тамыры жүйесіне, қан тамыры қысымына,
көздің көруіне әсер етеді. Шудың адам
организміне ұзақ уақыт әсер етуі, бірнеше
қолайсыз жағдайлардың пайда болуына
әкеледі: көру, есту мүшелерінің жұмысы
төмендеп қанқысымы көтеріледі.
2.Зерттеу бөлімі
2.1.Тұрақты
шудың әсерінен қысымның өзгеруі
Өз
жұмысымның барысында мен біздің колледж
білімгерлерінен сауалнама өткіздім.
Білімгерлерге қойылған сауалнамадағы сұрақтар:
1. Дәліздегі шу сізге қалай әсер етеді?
А.әсер етпейді
В.үзіліс кезінде онсызда шу болады
Г.маған қатты әсер етеді
Д.мән бермеймін
2.Терезе сыртындағы шудың әсері қандай?
А.алаңдаймын
В.көңілім бөлінеді
Г.жүйкемді әлсіретеді
Д.мән бермеймін
3.Шудың басқа түрлерінің сіз үшін әсері бар ма?
А.бәрібір
В.үрей тудырады
Г.бәріне мән беремін
Д.мән бермеймін
4. Сабақта шу кедергі жасайдыма?
А. ия, қатты
В. Жоқ, сыныпта шулы емеспіз
Г. білмеймін, назар аудармадым
2- кесте. 104 топ сауалнама нәтижесі
№ |
Сауалнамадағы сұрақтар |
Нәтижесі |
1 |
Дәліздегі ішіндегі шу сізге қалай әсер етеді?
|
65% |
2 |
Терезе сыртындағы шудың әсері қандай?
|
50% |
3 |
Шудың басқа түрлерінің сіз үшін әсері бар ма?
|
42% |
4 |
Сабақта шу кедергі жасайдыма? |
78% |
Келесі
тәжірибемді өз тобымдағы оқитын
білімгерлерге жүргіздім: Айжұлдыз,
Сұлужан атты достарыма ақын М.Мақатаевтың
« Біздің көктем » атты өлең шумағын
жаттауға берілді. Өлеңді
жаттау үшін 2 минут уақыт берілді, шулы
ортаны жасауға топтағы білімгерлер
көмектесті. Нәтижесінде, Айжұлдыз 1
шумақ өлеңнің 3 жолын ғана толығымен
айтты. Сұлужан 4 жол тақпақтың 2 жолын
жаттады 2 жолын есіне түсіре алмады. Ал,
Айтолқын 1 жолын жаттап,бірақ 3 жолын
ұмытып қалды.
Тәжірибені тыныш ортада қайталап жасадық. Енді «Біздің көктем» өлеңінің тағы бір шумағын қосып жаттауға берілді. Бұл тәжірибені орындауға 1- минут уақыт берілді. Сол кезде, Айжұлдыз 8 жолды толық жатқа айтып берді. Ал Сұлужан 6 жолды жаттап , 2 жолын ғана ұмытып қалды. Айтолқын осы 8 жол шумақтың 4 жолын жатқа айта алды.
Бұл
тәжірибе барысында байқағаным, шулы
ортада тақпақ берілген білімгерлер
тақпақты жаттау барысында біраз қиналды.
Себебі: олардың тақпақ жаттауға зейіні
тұрақсыз болды.Білімгерлердің шамадан
тыс шулауы кері әсерін тигізіп, жадына
сақтауға мүмкіндік болмағандықтан,тақпақ
толық естерінде қалмады.
Ал тыныш
ортада жүргізген кезде, тақпақ оңай,
әрі қиындықсыз зейіндері тұрақталып,тез
жаттауға мүмкіндік туды.
3.2. Ағзаға шудың арнайы емес әсері.
Күшті шу деңгейлері орталық жүйке жүйесіне жарақаттық әсер етуі мүмкін және естен тану жағдайларын, эпилепсиялық ұстамаларды, психикалық бұзылыстарды шақыруы мүмкін.Осындай жағдайдағы жұмысшыларда дисциркуляторлы энцефалопатия синдромы бақыланды, ол церебралды микроорганикалық симптоматикалармен сипатталып, басқа этиологиялы энцефалопатиялардан ерекшеленбеді. Соңғы он жылдықта тәжірибеде шудың осы ақаулары кездеспейді.Жұмысшыларды тексеру кезінде орталық жүйке жүйесіндегі шудың арнайы емес өзгерістері шамалы айқындықтағы неврастения синдромы түрінде және сирек вегетативтік-тамырлық дисфункция (нейроциркуляторлы дистония) түрінде анықталынады. Қарқынды шу жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін адамдарда тұйық сипаттағы маңдай және самай аймақтарындағы бастың аурулары; көбінесе жұмыстың соңында немесе одан кейін ауыспалы сипатқа көшеді. Сонымен қатар тітіркендіргіштік, жылауықтық, ұйқысының бұзылулары(жиі үзікті ұйқы, ұйқысыздық, сирек ұйқысының келуі), жоғары шаршағыштық, жүрек айсағындағы ауырсыну, басының айналуы(денесін басқа жағдайға ауыстырған кезде көзінің қарауытуы), есте сақтау қабілетінің төмендеуі, тершеңдік. Ер адамдарға қарағанда әйелдер шуға бейім болып келеді.
Терең зерттеулер нәтижесі бойынша үлкен стажы бар жұмысшыларда вегетативті жүйке жүйесі жағынан өзгерістер болады. Симпатикалық жүйке жүйесі жағынан көрінетін өзгерістерге пиломаторлы рефлекстің төмендеуі (Дрогичина Э.А., 1957ж), адреналинді тері ішіне енгізген кезде тері реакциясының әлсіреуі (Милков Л.Е., 1963ж), несептегі тәуліктік катехоламиндердің құрамы төмендейді (Макотченко Л.Е және т.б., 1978).
Шудың әсерінен вестибулярлы, көру және тері анализаторларының қызметтері өзгереді, қолды созған кезде саусақтардың треморы байқалады, айқын жағдайларда көзді жұмып Ромберг позасында тұрған кезде тұрақсыздық байқалынады.
Аяқ қолдардың дисталды бөліктерінде ауырсыну сезімдері анықталуы мүмкін. Қабылдау вибрациясының арнайы рецепторлары болып саналатын вибрациялық сезімталдықтың төмендеуі.ЭЭГ мәліметтер ретикулярлы формацияның әлсіреуін және басқада қыртысты құрылымдардағы қыртыс асты түзілістердің өзгерістерін көрсетеді. Баяу регулярлы белсенділік, қалыпты ЭЭГ өзгерістер, альфа-белсенділіктің төмендеуі дені сау адмдарда да және шулы жағдайларда ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарда да кездеседі (Дрогичина Э.А және т.б., 1965ж; Волкова А.М., 1970ж; Хаймович М.Е., Соколова Е.И., 1978ж және т.б).Жүрек тамыр жүйесіндегі өзгерістер жүрек аймағындағы ауырсынулармен, жүрегінің қағуларымен, тұрақсыз пульс және артериялды қысыммен, жүректе функционалды шулардың пайда болуымен, тамырлардың бұлшық ет түріндегі күшті жабысқақтық қабілетінің жоғарлауы перифериялық қарсылықтың жоғарлауларымен көрінеді (Шаталов Н.Н., 1971ж). Көз түбінің артерияларының шамалы тарылулары анықталынады. М.Е. Хаймович және С.В. Кныш (1979) зерттеулері бойынша қарқынды шудың әсерлерінен пайда болған қанның систолалық және минуттық көлемдерінің ұлғаюлары түріндегі орталық гемодинамика көрсеткіштерінің ығысулары анықталған. Гиперкинетикалық жүрек синдромдарына тән ығысулар анықталынады. Осы авторлардың мәліметтері бойынша қарқынды шудың әсерлерінен пайда болған, жүрек тамыр жүйесіндегі бұзылыстар экивалентті шу жағдайында жұмыс істейтін жұмысшыларға қарағанда жиі кездеседі.Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған тұрғындардың арасында кеңінен таралған, арнайы емес сипаттары бар, естудің профессионалды төмендеулерінің белгілері болмаған кездеріндегі шудың әсерінен жүрек тамыр жүйесіндегі және жүйке қызметтерінің бұзылуларының байланыстары қиындайды.
Емі. Шудың себебінен пайда болған кохлеарлы неврит кезінде консервативті емдеу әдісі қолданылады; ол лабиринттің рецепторларының қызметін жақсартуға бағытталған. Емдеу әдістері медикаментозды, физиотерапиялық, дауысты белсендіретін болуы мүмкін, рефлексотерапияда қолданылады.Кохлеарлы невриті бар науқастарға ототоксикалық әсерлері бар дәрілерді қолдануға болмайды, әсіресе аминогликозид қатарының антибиотиктерін.шудың әсерінен пайда болған кереңдіктің медикаментозды емі кезінде, И.Б.Солдатов және А.Я.Миркин бойынша (1979), төрт енгізгі бағытта әсер беретін дәрілік заттардың комплексін тағайындаған дұрыс: 1). Жүрек жүйесіне әсер ететін, церебралды және ішкі құлақ артериясындағы қан айналымды жақсартатын; 2). Жасушалық және тіндік метаболизмге әсер ететін; 3). Ішкі құлақтың рецепторлы аппаратын тонуста ұстайтын және жүйке импулстарының өтімділігін жақсартатын; 4). Бас миының үлкен жартысындағы қыртыстағы негізгі жүйке қатынастарының реттелуі. Ұлудың қан айналымын папверин, платифиллин, эуфиллин жақсартады.
Егде жастағы адамдарға профессионалды неврит кезінде стугерон, девинкан немесе винкапанды тағайындаған дұрыс. Емдеу курсы 3-4 апта А және Е витаминдерімен бірге жүргізіледі. Алмасу процестерін жақсарту үшін витамин препараттарын қолданамыз. Осы мақсатта В1, В6, В15 витаминдерін қолданады. Кокарбаксилаза, АТФ, А витаминін қолдану көрсетілген. Биостимуляторлардан кеңінен алоэ экстрактысы қолданылады, ФиБС- 30 күн бойы тері астына, гумизоль 2 мл бұлшық етке және апилак 0,01г ішке 20 күн бойы. Нерв импулстерінің өтімдігін жақсарту үшін және лабиринт рецепторларына тонусты әсер мақсатында аз мөлшерде дибазол (10-14 күн бойы бұлшық етке 0,5 % 1мл), антихолинэстеразды препараттар (галантамин, прозерин, оксазил). Аталған заттардың ішінде ең нәтижелісі галантамин (20 күн бойы тері астына 0,5 мл 1 %), ол гематолабиринтті және гематоэнцефалды барьер арқылы өтіп, есту анализаторларының шеткі бөліктеріне ғана емес сонымен қатар орталық бөліктеріне де әсер етеді. Профессионалды кохлеарлы неврит емінде нейродинамикалық бұзылыстардың қалыптасуына көңіл аударылады. Осы мақсатта бром, валериан, кофеин және транквилизаторлық препараттар көрсетілген (элениум, седуксен, мепробамат, тазепам және т.б).
Шудың әсерінен пайда болған кереңдікті емдеу кезінде М-холинолитикалық (атропин, платифиллин, красавка препараттары) және Н-холинолитикалық (ганглиоблокаторлар) әсері бар холинолитикалық заттарды қолданулар кезінде нәтижесі оң болады. М-холинолитикалық белсенділігі бар беллоид және беллатаминал заттарына үлкен көңіл аударылады, олар ағзаның орталық және шеткілік адренергиялық және холинергиялық жүйелерінің қозғыштықтарын төмендетеді, құлақтағы шуды азайтып, сол арқылы естуді жақсартады.
Арнайы емес шудың әсерінен пайда болған патологияларды емдеу кезінде, неврастения және вегетотамырлық дисфункциялық сипаттағы нейродинамикалық және вегетативтік-тамырлық бұзылыстар қалыптастыруға бағытталған. Осы мақсатта жалпыбекітетін, седативті, вегетотропты препараттар, транквилизаторлар, инелік ем, электросон, гидротерапияны қолданады.
0,5% галантамин ертіндісімен, 0,05% прозерин ертіндісімен, 0,5-1% никотин қышқылының ертінділерімен эндоуралды электрофорез оң нәтиже береді.
Профессионалды кереңдікпен соған қосымша жүретін ауруларды ерте емдеу ұсынылады. Емнің нәтижесін бекіту үшін комплексті емнің курсын қайталау керек.
Алдын алу. Қарқынды өндірістік шулардың әсерінен пайда болған маңызды алдын алу шараларына, шуға қарсы қолданылатын индивидуалды қорғаныс заттары жатады, оны қолданылатын жағдайлар: 1) параметрлер рұқсат етілген деңгейден жоғарлаған кезде; 2) техникалық заттар және шуды төмендететін әдістерді қолдану мүмкін емес жағдайларда немесе олар қауіпсіз деңгейге дейін шуды төмендете алмайды; 3) қарқынды шу жағдайларына жұмысшылардың үздіксіз келуі кезінде.
Жеке қорғаныс заттарына шуға қарсы қолданылатын құлаққа тағатындар және шлемдер жатады. Шуға қарсы қолданылатын заттарға қойылатын бірқатар талаптар бар, олар шудың әсерін төмендетіп, қолдануға ыңғайлы болу керек. «Шудан жеке қорғаныс заттары. Гигиеналық талаптар» ГОСТ 1576270 олардың нәтижелігін бағалау, шуға қарсы заттар немесе әдістерді таңдау, талаптар жазылған.
Жеке қорғаныс заттарын қолдану кезінде белгілі бір деңгейде ыңғайсыздық болуы мүмкін, сондықтан жұмысшылар үйрену үшін белгілі бір уаұыт қажет. Ішкі және ортаңғы құлақ, бет терісімен бастың қабынбалы аурулары кезінде шудане қорғанатын қорғаныс заттарын қолдануға жол берілмейді. Тәжірибеде көрсетілгендей тәжірибеде шудың қолайсыз әсерлеріне қарсы күрес жүргізу және гигиеналық талаптар бойынша жеке қорғаныс заттарын қолдануды енгізу, бірқатар жағдайларда профессионалды кохлеарлы невриттің дамуын азайтады.
Қорытынды
Менің зерттеу нәтижелерім көрсеткендей,
шу шын мәнінде адам денсаулығына жағымсыз
әсер етеді, оның жадын нашарлатады және
соның салдары ретінде үлгерімін
төмендетеді. Сондықтан шумен күресу
керек. Шуды маңызды шешу үшін көгалдандыру
орын алады. Шуға өсімдіктер өз үлестерін
қоса алады, үй ішінде акустикалық комфорт
жасайды. Бірақ біз өзіміз колледждегі
қалған білімгерлерге кедергі келтірмес
үшін тыныштықты сақтауға тиіспіз. Осы
зерттеу жұмысымда «Адам ағзасына шудың
әсері»туралы сауалнама жүргіздім.
Сонымен қатар колледж студенттеріне
жадынама таратылды.
Дыбыстың
зиянды жақтары да бар. Қатты дыбыстар
жұмыс жасауға, ойлауға, демалуға кеселін
тигізеді. Бұрын дыбысқа (шуға) көп көңіл
бөлмей оның мәдениет пен техниканың
айырылмас жол серігі, онан құтылудың
жолы жоқ деп есептелетін. Қазір болса,
машиналар мен жабдықтардың саны өсіп,
мөлшері үлкеюіне байланысты қоршаған
ортада дыбыс көп тарап және жағымсыз
факторлардың біріне айналды. Қалалар
мен өндіріс орталықтарында шу жылдан-жылға
көбейіп, елдің мазасын ала бастады. 1948
жылы қала тұрғындарының 23 %-і дыбыстың
өсуіне наразылық білдірсе, 1961 жылы
олардың саны 50 %-ке жетті. Соңғы 20 жылда
үлкен қаладағы дыбыс қуаты 10-15 есе
көбейді. Шумен күресудегі ең негізгі
шаралары бұл – үш негізгі бағытта жүзеге
асырылатын техникалық шаралар: -шудың
пайда болу себебін немесе оның көзінің
шуын азайту шаралары; Шудың беру
жолдарының шуын азайту; -цехтағы
жұмысшыларды қорғау.
Есту мүшесіне
адамға күнделікті әсер ететін қатты шу
зор зиян келтіреді. Соның салдарынан
адамның құлағы нашар естіп, мазасызданып
ұйқысыздыққа ұшырауы мүмкін. Бұл
түрлі ауруларға себеп болады. Тұрғын
үйлерде, мектептерде, ауруханаларда,
халық тұратын және тынығатын орындар
да едәуір шу байқалады. Бұл халықтың
нерв жүйесін қоздырып, тынығуға кедергі
жасайды.Организмнің ерекшелігіне және
шудың дағдылы көріністеріне қарай шу
адамға түрліше әсер етеді. 40 децибелден
төменгі шу психикаға әсер етеді деп
есептеледі. Шудың тітіркендіруші әсері
оның шамасына, спектрлік және уақытша
сипаттамаларына байланысты.
Қазақстан үкіметінің территориясында қабылданған регламент бойынша аурухана мен санаторийларда 35 децибел тұрғын үй кварталдары оқу аудиториялары үшін — 40, стадиондар мен вокзалдар үшін — 60 децибел. Сонымен бірге транспорт құралдары үшін сыртқы шудың шекті нормасы белгіленген — 82—85 децибел.Жиілігінің құрамына қарай барлық шуды төменгі жиіліктері орташа жиілікті, жоғары жиілікті деп 3 класқа беледі. 1. Төменгі жиілікті шу (дыбыс өткізбейтін кедергілерден — қабырғалардан, тосқауылдардан өтетін баяу жүрісті, соққысыз агрегаттардың шуы) — спектрдегі ең көп деңгей 300 Гц жиіліктен төмен.
Шекті деңгейі — 90-100 децибел. 2. Орташа жиілікті шу (көптеген машиналардың, станоктар және соққысыз агрегаттардың шуы) — спектрдегі ең көп деңгейі 85—90 децибел. 3. Жоғары жиілікті шу — соққысызды агрегаттар, жоғары жылдамдығы ауыр ауа мен газдар ағымы шығаратьш сыңғырлаған, ызыңдаған, ысылдаған шу — спектрдегі ең жоғары деңгейі 800 Гц жиіліктен кеп орналасқан. Шекті дсңгей мен спектрдің қосымша міндетті -шарты болып есептелінеді, атап айтқанда бір қалыпты шыққан дауыс сөйлеушіден 1,5 м қашықтықта жақсы естілуі тиіс.Шудың деңгейі объективті шу өлшеуішпен — ал жиілік -спектрлері — тілкемді сүзгілері немесе анализаторлары бар шу өлшеуіштері мен өлшенеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Арустамова
.Э.А. БЕЗОПАСНОСТЬ ЖИЗНЕДЕЯТЕЛЬНОСТИ
.Учебник Под редакцией МОСКВА, 2002 -54
бет
2.Гончарова
О.В., Гончарова Л.А. Влияние вибрации и
шума на организм человека: Конкурс
научно-технических проектов «Звездная
эстафета» – Вологда, 2012. – 12 бет
3.Носова
Л.В.Шу және адам денсаулығы/ журнал
«Мектептегі биология» №2, 1999.-11
бет
4.Ковригин
К.Н., Михеев А.П. Влияние уровня шума на
-33 бет
производительность труда.-
М.: Гигиена и санитария, 2001. - 125
бет
5.Кузнецов
В.Н. Экология пәніне арналған қосымша
және анықтамалық материалдар.М:
6. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Ә. Бейсенова, А. Самақова, Т. Есболов, Ж. Шілдебаев.
7.Экология негіздері.Ғ. Сағымбаев.
8.Экология.Г. С. Оспанова, Г. Т. Бозматаева.
9.Денсаулық журналы.
10.Экология. Ә. С. Бейсенова, Ж. Б. Шілдебаев, Г. З. Сауытбаева
11.Асқарова Ұ. Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау, Атматы – 2004
12.Бродский А. К. Жалпы экологияның қысқаша курсы, Алматы, 1998
13.Баешов А. Экология және таза су проблемалары, Алматы, 2003
14.Бейсенова Ә. С. Экология, Алматы – 2001
15.Бейсенова Ә. Экология – ел тағдыры//Егемен қазақстан, 2005, 13 шілде
Ұсыныс
Менің осы жобадағы ұсынысым:
Әлемдік деңгейге дейін көтеріліп кеткен шуға қарсы күрес. Яғни күресу дегеніміз, адамзат баласының өз денсаулығына мән беру. Шуды маңызды шешу үшін көгалдандыру орын алады. Шуға өсімдіктер өз үлестерін қоса алады, үй ішінде акустикалық комфорт жасайды.
Бірақ біз өзіміз колледждегі білімгерлерге кедергі келтірмес үшін тыныштықты сақтауға тиіспіз. Тұрмыстық техниканың тек қана ең тыныш үлгісін таңдасақ.
Елімізде құрылыс кезінде осы шуды оқшаулау шараларын қатаң тексеретін заң ойластырып каралса. Ғимараттарды ағаштармен қоршау арқылы даланың шуынан қорғалса.
Шуды азайтудың негізгі құралы бұл – шуды көп шығаратын технологиялық құбылыстарды аз шулы немесе мүлде шу шығармайтын құбылыстарға ауыстыру.
Шудың аккустикалық есебін жүргізу және шудың адам организіміне әсер етуінен қорғану шараларын жасау.
Қазіргі таңда шудың әсерін алдын алуға тренингтер мен жадынамалар таралуына ұсыныс жасаймын. Осы ұсынысты ұсына отырып, сол іс-шараны өз колледжімде басталуын сұраймын.
Жадынама
Сіз тұратын үйде тыныш болу үшін не істеу керек:
1. Сыртқы қабырғалар дыбыс өткізбеуі керек.
2. Екі еселі шыны шуды айтарлықтай азайтады.
3. Үй мен жол арасындағы ағаш отырғызу
4. Жіңішке есіктерді қатты заттармен ауыстырыңыз.
5. Жақсылап тығыздауышпен қалың кілем төсеңіз.
6. Тұрмыстық техниканың ең тыныш үлгісін таңдаңыз.
7. Егер тұрмыстық техника көп шу шығарса, маман шақырыңыз.
8. Үйде жұмсақ аяқ киімді пайдаланыңыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген