Материалдар / Ғылыми жоба:Құмырсқаның тіршілігі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми жоба:Құмырсқаның тіршілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба:Құмырсқаның тіршілігі 4А сынып •Құмырсқалардың тіршілігі туралы деректер жинады. •Кіріспе бөлімінде құмырсқалардың ерекшеліктері мен қасиетіне тоқталған. •Негізгі бөлімде құмырсқалардың түрлері,физикалық қуаты анықталған. •Құмырсқаның көбейюі,олардың илеуі жер астында салынып,үстінгі жағы0,5м биіктікке көтеріледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2021
1087
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы облысы Жамбыл ауданы Еңбекшіарал орталау мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Толеубекова Гульназ

Тақырыбы:”Құмырсқалардың тіршілігі”

Дайындаған: 2«А» сынып оқушысы Мурзакатова Нұрдана.

Мақсаты: Құмырсқаның адам өмірімен байланысын анықтай келе тіршілігімен танысу.

3. Міндеттер:

Құмырсқаның түрлерімен танысу;

Құмырсқаның еңбекке деген құлшынысына көз жеткізу;

Құмырсқаның қоршаған ортаға әкелетін пайдасын анықтау;

4. Зерттеудің болжамы:

Сұрау, байқау, ақпарат жинау, талдау;

5. Өзектілігі:Құмырсқа түрінің көптігіне қарамастан олардың өмір сүру принциптерінің ұқсастығы:

Сіздер білесіздерме? Жер бетіндегі ең ежелгі жәндік (жасы жағынан) құмырсқа болып табылады. Осындай бір қызықты ақпарат тас ғасырының арқасында анықталып, көпшілікті таңғалдырды. Сонымен ежелгі құмырсқалардың жасы жүз миллион жылдың кемерінен бір-ақ асып шықты.

Ғалымдардың пікіріне сүйенсек, олардың қаншама ғасырдың ширегінде өзгермей келуі – физикалық және қоғамдық жаңданудың әсерінен екен. Демек, құмырсқалар кез келген дүниені қорек көзіне айналдыру мен өндірісті жүргізіп кетудің жолдарын жетік меңгерген бірден-бір тіршілік иесі болып саналғаны. Олардың шындығында физикалық қуаты орасан болғаны соншалықты, өздерінен жүз есе үлкен затты еш қиналмай тасымалдай береді.

Құмырсқа– жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі.

Сонымен қатар құмырсқалар илеулерде ғана емес, ағаш діңдерінде де, гүл сабақтарында да тіршілік етеді. Ал енді көшпелі тропиктік құмырсқаларда ешқандай тұрақты баспана болмайды. Олар орман арқылы, бұлақтарды бойлай бірінің соңынан бірі жосиды, ұрғашы – “ханым” құмырсқаны ортаға алып жүреді, личинкалар мен одан шыққан жас құмырсқаларды тасиды. Мұндай құмырсқалар жолында кездескен тірі нәрсенің бәрін жайпап кетеді.Құмырсқаның денесі басынан, көкірегінен және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген. Көпшілік түрлерінің құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған, улы бездерінен бөлінетін сұйықтық – құмырсқа қышқылы деп аталады. Құмырсқалар, көбіне топтанып (10 – 100 мыңға дейін), арнайы илеу жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде аталық, аналық, “жұмысшы” және “жауынгер” құмырсқалар болады. Жыныстық тұрғыдан жетілмеген топтары – жұмысшы құмырсқалар деп аталады. Олар илеудегі дернәсілдерді, аналық құмырсқаларды қоректендіреді, ауаның алмасуын, ылғалдың бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Аталық құмырсқалар шағылысып болғаннан кейін өледі. Аналық құмырсқалар ұрықтанғаннан кейін қанаттарын жойып, тек ұрпақ жалғастырады, олар кейде 20 жылға дейін өмір сүреді. Аналық құмырсқаның дене тұрқы ірі.Әрбір илеудегі құмырсқа топтарының бір-бірімен қарым-қатынасы, негізінен, өздерінен бөлетін ерекше химиялық заттар – феромондар арқылы реттеледі. Олардың иіс, дәм сезуі өте жақсы жетілген. Құмырсқалар илеуін қураған өсімдік сабақтары мен жапырақтарының қалдықтарынан жасайды. Тропиктік аймақтарда илеу жасамай жеке дара тіршілік ететін құмырсқалардың түрлері де бар. Негізгі қорегі басқа жәндіктер, және өсімдіктердің жапырақтары мен тұқымдары, шырындары болып табылады. Бір илеудегі құмырсқалар тәулігіне 10 мыңнан 30 мыңға дейін жәндіктерді жояды.Құмырсқа арыстаны – торқанаттылар отрядының әдемі жәндігі. Ол далалы және шөлді аймақтарда жиі кездеседі. Ересек түрлерінің сыртқы пішіні инелікке ұқсайды, бірақ ұзын шоқпар тәрізді мұртшаларымен оңай ерекшеленеді. Бұл жәндіктің бұлай аталуы жыртқыш дернәсілінің тіршілігіне байланысты. Құмырсқаның бұл түрі шұңқыр қазып, құрғақ жерде тіршілік етеді.

Термиттер – жәндіктердің жеке отрядына жатады. Қоғамда тіршілік етуіне байланысты және түрлі құбылыстар салуға қабілетті болғандықтан “ақ құмырсқалар” деп атайды. Жанұя тобы: аналық, аталық, жұмысшы және солдаттық құмырсқалардан тұрады. Жұмысшы құмырсқалар ғана өз бетінше қоректенеді. Олар өсімдіктен шыққан құрғақ органикалық қалдықтар мен, көбіне шөп жейтін жануарлардың қиымен қоректенеді. Қалған топтарды жұмысшы құмырсқалар сілекей безінің өнімдерімен қоректендіреді. Сонымен қатар олар жылу сүйгіш, көлеңкелі жерлерді де ұнатады. Илеулерінің негізгі бөлімі жер астында салынып, үстіңгі жағы 0,5м биіктікке мұнара тәрізді көтеріледі. Бір қызығы жер бетіндегі күмбездің ішіндегі микроклимат өзгермейді, яғни біздің тілімізбен айтар болсақ желдеткіш орнатып қойғандай. Тіпті жазғы құрғақшылық кезінде айналадағы өсімдіктер құрғап қалса да термит күмбезіндегі ауа ылғалдылығы 96,2 проценттен өзгермейді, сырттағы температура бұл кезде 30 градус ыстық шамасында болады.Термит үйіндісінің жер асты сарайының төрінде қарны қампиып кеткен аса ірі термиттердің жататын орны бар. Олар ханша термиттер. Оның айналасында қызмет ететін көптеген нөкерлер қарбаласып жүреді. Нөкерлердің арасында термиттерден басқа сырттан келген қонақ жәндіктер, яғни ұсақ қоңыздар, қанатсыз шыбындар, масалар, өрмекшілер, сияқты жәндіктер де бар.Термиттер “Қонақтарына”қонақ асын ұсына отырып, олардың денесінен өзінің дамуына қажетті заттар алады.

Ал балды құмырсқа қайың жапырағына жабысып тұратын өсімдік битінің, яғни жұлдызқұрттардың шырынын жинайды. Құмырсқалар оған жақындап келіп мұртшаларымен биттің бүйірін сауған сияқты қимыл жасап қыдықтай бастайды. осы кезде бит денесінде жинаған тәтті сөлді бөліп шығарады, ал құмырсқа оны жемсауытына жинай береді. Құмырсқаның битті саууының мәні, ол жапырақ сөлін сорады. Бит ішінде қорытылып үлгермеген сөл құрамына кіретін ферменттің әсерінен сөл тәтті шырынға айналады. Тәулік ішінде бит өз салмағынан бірнеше есе артық тәтті шырын жасап шығарады. Ал жақын маңда құмырсқа болмаған жағдайда тәтті сөл тамшы болып жауады. Жапырақ бетіне тамса ол лак жаққан сияқты жалтырап кетеді.

Құмырсқалар өздерінің “сауын сиырлары” үшін ағаштың үстіне ұзын үңгірге ұқсас етіп топырақтан “қора” жасап береді де, аузына күзет қояды. “Қораны” құмырсқалар өсімдік тамырларына да жасап, оның бір жағын жер асты жолдар арқылы өзінің илеуімен байланыстырып қояды. Жұлдызқұрт өсе келе қораның тар тесігінен сыртқа шыға алмай қалады. Бұл кезде оны құмырсқа жас жапырақ әкеліп беріп қоректендіреді.Бұл жерде “құмырсқа не үшін сонша әуре боп жүр?”- деген сұрақ туады. Себебі, құмырсқа жұлдызқұрттың өсуі кезінде оны үздіксіз сауып, одан сөл, шырын алып отырады.

Құмырсқа дене тұрқы өздерінен екі-үш есе үлкен жәндікті қулыққа құрылған айла-тәсілімен оп-оңай қолға түсіреді. Олар үлкен-үлкен өсімдік жапырағының талшықтарын қиып алып, олардан іші қуыс кішкене үйшік жасайды. Үйшікті құрастырып болған соң ішіне көп жауынгер жасырынып жатып алады. Бірнеше ұсақ құмырсқа басын ғана қылтитып, жемтігін шақырады. Әлгі жердегі өсімдіктің шырынына жиналған ара, шегіртке немесе қоңыз ол үйшікті өсімдіктің жапырағы немесе сабағы деп ойлайды. Олжасын күтіп отырған құмырсқалар ұйымдасқан түрде қорегіне күтпеген жерден тарпа бас салады. Мұндай шапшаң шабуыл күтпеген қоңыз, шегіртке, дәуіт не болғанын түсінбей, тапырақтап қалады. Сол сәтті күтіп жатқан жауынгерлер жан-жақтан лап береді. Біреуі тобықтан, біреуі бақайдан, енді біреуі кеудеден келіп қайшы тісті шақырлатып салғанда, дөңкиіп тұрған қоңыз, шегірткең шатқалақтап қалады. Көзі қарауытып, есеңгіреп қалған бейшара жәндік денесін ұйытып, дызылдатып бара жатқан құмырсқа уына шыдай алмай, ақыры «гүрс» етіп құлайды. Көзді ашып-жұмғанша «бақытсыз» жәндікті жіліктеп, турап тез арада түгін қалдырмай тасып әкетеді.Құмырсқалар шашылып қалған шөп-шалам мен дәнді дақылдың бәрін ұқыппен жинап, ұясындағы құрғақ қоймаға әкеліп сақтайды. Қоймадағы қызметшілер даладан жиылған әр алуан дәнек, шопақты тазалап, сұрыптайды. Жиналған астықты жемес бұрын қауызынан аршып, тазартып, ұн қылып ұнтақтайды.Құмырсқалар империясында ең статусы төмені – бала бағушылары. Олар таңның атысы, күннің батысы аналық патшайымнан тоқтаусыз туылып жатқан шақалақ тұқымдарды мәпелеп, аялап, жылы орынға жайғастырумен әуре. Күтушілер оның ауызына тамақ тосып, тапқан таянғанын Ұлы ананың таңдайына тамызудан жалықпайды.

Қазақ халқы құмырсқа қылықтарымен ауа райының өзгерісін алдын ала болжап, білген деседі. Күзде құмырсқалар илеу үйіндісін өте биіктетсе, сол жылы қыс қатайып, қар көп жауып, суытатын болады. Ал егер олар ұясына жәй жиналып жатса, онда қыс жайдары, жақсы болатынының белгісі болмақ.

Сонымен қатар құмырсқа адам денсаулығында да маңызды роль атқарады. Мысалы,

Аяққа жара шыққанда да кептірілген қара құмырсқаны талқандап жараның аузына таңуға болады.

Адамның зәрі жүрмей қалған кезде құмырсқаның илеін қайнатып ішсе үлкен көмегі тиеді.

аузына таңуға болады.

Сонымен қатар оның илеуі де ем болады екен.Балалардың қолқа безінің ісінуінде немесе басқа да ісіктерді асқындырмау үшін мына емді есте ұстаңыз. Таңертең ерте, күн шықпас бұрын құмырсқаның илеуінен алып, суға шымырлатып қайнатып алып, су әбден суыған соң илеуді шүберекке орап, ісінген орынға таңса ісікті қайтарады.

Медицина ғылымында құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады екен.

Менің ойымша, әр қайсымыз құмырсқаларды зерттеуіміз қажет. Олар төрт тұжырымдамадан тұратын, таңғажайып пәлсапаға ие.

Бірінші, Құмырсқалар ешқашан берілмейді.Егер құмырсқалар бір жаққа беттесе, сіздер тоқтатуға тырыссаңыз да, олар міндетті түрде басқа жолын табады. Белгіленген жерге жету үшін кез-келген амалды қолданады.

Екіншіден, құмырсқалар қысты жаз бойы ойлайды. Жаз өмір бақиға созылмайды. Сондықтан да құмырсқалар қысқа арналған азығын жазда жинайды.

Үшіншіден, құмырсқалар жаз туралы қыс бойы ойлайды. Бұл да өте маңызды. Қыс бойы олар өздеріне: «Қыс өмір бақи болмайды, біз жақын арада мына жерден шығамыз» деп өздерін сабырға шақырады. Егер тағы да суытса, олар тығылады, жылынса, сыртқа шығады. Олар әр кез өзгерістерді жақсыға балап өмір сүреді.

Төртіншіден, қысқа дайындалу үшін қанша құмырсқалар қаншалықты жұмыс істей алса, соншасы жұмыс істейді.

Сонымен қорытындылай келе, құмырсқалар бізді мынадай қасиеттерге үйрете алады:

1.Өз жолын таба біледі;

2. Ертенгі күнін ойлайды;

3. Жақсылықтың боларын сезеді;

4. Қолынан келгенше тырысады;

Біз құмырсқалардың еңбекқорлығын,ұйымшылдығын қолдану арқылы, өз өмірімізге өзгерістер әкеле аламыз. Басты, дұрыс бағытты таңдау үшін өзіңе сенімді, қадамыңды нық басуың керек .

Құмырсқаның мекені

Әр жәндікті жақыннан кеп білмесең Жан дүниесін түсінбессің көрмесең Табиғатқа таңдана мен қараймын Құмырсқаны құртқа теңей алмаймын

Өз отбасын жанындай ол сүйеді Күні бойы еңбек ете біледі Құмырсқаның жер бетінде мекені Илеуіде бізге көмек етеді











Пайдаланылған әдебиеттер:

Балалар Энциклопедиясы 2 том, Алматы, 2009ж;

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 6 том, Алматы, 2004ж;

Қ.Сыбанбеков “Биология ғажаптары”, Алматы, Қайнар, 1993ж;

Биқұмар Кәмәләшұлы “Ауа райының” қазақи дәстүрлі болжамдары”,



























































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!