Ғылыми жұмыс

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғылыми жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы












ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ТАЗА, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ

САБЫН ДАЙЫНДАУ






Бағыты: Химия

Пәні: Химия

Орындаған:

Сыныбы:

Жетекшісі:










2024 жыл






Мазмұны


Кіріспе

I.Негізгі бөлім

1.1. Сабынның пайдасы

1.2. Сабынның түрлері

1.3.Бала терісіне арналған сабынның құрамы

II.Зерттеу бөлімі

2.1 Қолдан жасалған сабын несімен пайдалы

2.2 Сабын жасау үшін не қажет?

2.3 Қолдан жасалған табиғи сабын

ІІІ. Қорытынды 

Ұсыныс





























Тақырып өзектілігі:

Қазіргі уақытта әлемде сабын өндірісі кең тараған. Себебі халықтың сабынға деген сұранысы күннен-күнге көбеймесе, азайған емес.Сабынның да саналуан түрлері көп. Бірақ сол көптеп шығарылып жатқан сабындар ішінде, тері ерекшеліктері мен қатар қолжетімділігін ескеретін, химиялық қоспаларсыз экологиялық таза өнім шығаруды көздегендер кемде-кем.Күнделікті өмірде пайдаланып жүрген сабын туралы білетініміз көп пе? Бір қарағанда, тұрмыста жиі қолданатын, аса мән берілмейтін құрал деуге болады. Бірақ адам өмірінде алатын рөлі үлкен. Себебі дене тазалығын сақтаудың негізгі гигиеналық құралы – сабын. Адам орташа есеппен алғанда күніне 3-4, жылына 1460 рет қолын жуады екен. Сондықтан кез келген адам бұл маңызды тазалық құралы жайында көбірек білгеніміз дұрыс деп ойлаймын.

Жобаның өзектілігі тұтынушылардың тері ерекшеліктерін, жеркілікті климат пен экологиялық жағдайларын ескере отырып дайындалатын сабын жасау технологиясын ұсыну.


Тақырыпты таңдау себебі:

Жақын арада мен дүкендерде тек қана зауытта жасалған сабындардан басқа, түрлі түсті, пішінді сабындар бар екенін байқадым. Сонда анамнан білгенім, соңғы жылдарда «сәнді» хобби – сабынды үйде жасау кең таралғанын. Мені қызықтырғаны, егер сабынды кез келген дүкеннен сатып алуға болса, оны не үшін үйде жасайды? Сабынның пайдасы бар ма? Адам денсаулығы үшін сабынды қолдану пайдалы ма?


Менің жұмысымның мақсаты:

Сабынның адам ағазасына пайдасы туралы іздену, сабынды жасаудың тиімді әрі қолжетімді технологиясын анықтау

  • Дәл осы себептен мен білгім келді:

  • Сабын жасау үшін нелер қажет;

  • Үйде сабын жасауға бола ма?

Менде мынадай болжам пайда болды: егер сабынның құрамын білетін болсам, оны үйде жасауға болады.


Зерттеу нысаны: сабын

Зерттеудің әдіс-тәсілдері:

  • Өздігінен ойлану;

  • Үлкендерден сұрау;

  • Кітаптардан, энциклопедиялардан қарау;

  • Компьютерден ақпарат алу;

  • Сабын құрамы және оның түрлері туралы мағлұмат жинақтау;

  • Алынған теориялық және практикалық білімдерді жүйелеу;

  • Іздену, тәжірибе өткізу;

Зерттеудің практикалық құндылығы: Тәжірибе жұмысын жүргізу.

І КІРІСПЕ

     Біз тақырып таңдарда көп ойландық.

Ғылыми жұмысқа тақырып өзекті болу керек деген жетекшіміз. Менің үйімде кішкентай інім, сіңілім бар. Анам оған әртүрлі сабындар пайдаланды.Бірақ көбі бала терісіне жақпай, аллергиялық бөртпелер тудырды. Бұл әрине баланың мазасын алады. Содан мен осы сабындар туралы іздене бастадым.Сыныптасым екеуміз дүкен сөрелеріндегі сабындар құрамы, шыққан жері туралы оқып, біліп, жинап жүрдік.Сабындардың көбі Ресей елінен, Европа елдерінен шығады екен.Біздің елімізден шығатын сабын түрлері өте аз, әрі кез келген жерлерде сатылмайды. Таралымы аз. Бұрынғы ата-бабаларымыз да әртүрлі сабын жасап, қолданған. Олар ешқандай зияны жоқ, әрі қолжетімді заттардан жасалған. Осы мақсатта бізде экологиялық теріге арналған сабын жасап көруді ұйғардық. Әсіресе жас балалардың терісі өте нәзік, қорғаныс қабаты әлі қалыптаспаған болғандықтан кез келген сабынды пайдалануға болмайды. Ол әртүрлі бөртпелер тудырып, жас балалардың терісіне зақым келуі мүмкін.

Сабын — жоғары май қышқылдарының тұздары.

Жалпы  химиялық формуласы: RCOONa. 

I.Негізгі бөлім

1.1 Сабынның пайдасы

Қазіргі таңда біз кір сабынды киім жуғанда көмекші құрал ретінде ғана пайдаланатын болдық. Бірақ оның адам денсаулығына тигізер пайдасы да мол.Мәселен:Адамның инемен тескілеп, жанымызды ауыртамыз. Осындайда кір сабынды жылы суға езіп, дәкеге қалыңдау етіп жағып, тікен кірген жерге таңып қойсаңыз, бір сағаттың ішінде тікен өзінен-өзі сыртқа шығады. Егер шашыңыз қалың әрі ұзын болғанын қаласаңыз, онда мамандар шашыңызды кір сабынмен жууға кеңес береді. Сусабынды пайдаланып болғаннан соң, артынша басты кір сабынмен жуу керек. Содан соң суға бір-екі тамшы сірке суын қосып шашты қайта жусаңыз, шаштың түбін қатайтуға көмектеседі. Оған қоса, таз ауруына шалдыққанда дәрігерлер  кір сабынмен жуынуға кеңес береді.Бетті аптасына екі рет кір сабынмен жуу керек. Ол беттің тері қабатына терең сіңіп, бетті майланудан сақтайды. Кір сабынмен жуынғаннан кейін, артынан балаларға арналған крем жағуды ұмытпаңыз. Моншаға түсуді ұнататындарға кеңес. Буға түсерде сыпырғыны кір сабын салынған суға батырып қолданса, теріңіз тазарып қана қоймай,  денеңіз сергіп қалады. Сулы беторамалды кір сабынға үйкеп, ащы иісін 5-10 минуттан күніне үш рет иіскеп тұрған адам тұмауынан айығады. Кір сабынның зарарсыздандыру қасиеті мұрын бітуіне де қарсы тұрады. Мақта тампонды сабын ерітіндісіне батырып, мұрынды тазалау қажет. Алғашында аздап ашытады, 1-2 рет қайталағаннан кейін мұрын бітуі тоқтап, біразға дейін мазаламайды. Кір сабынның құрамы өзгеріссіз сақталып келе жатқанына 200 жылдан асты. Оған ешқандай зиянды химиялық қоспа қосылмайды.Сол себепті оны шаруашылықта ғана емес, косметикада да, профилактикада да, тіпті емдеу мақсатында да қолдануға болады.

 1.2 Сабынның түрлері

       «Балаларға арналған» деген сөзді естісек, сабынды дәстүрлі түрде қауіпсіз, таза деп қабылдаймыз. Дұрысы –  бейтарап деу, себебі, бұл сабындардың стандартты өндірілуі аллергия тудыруға қабілетті компоненттерді қосуда тартыншақтайды. Сіздердің ашық, қанық түсті балалар сабынын көрмейтіндіктеріңізді осылай түсіндіреміз. Сондай-ақ, бұл сабындарға жұмсартқыш, емдегіш (ланолин, түймедақ, календула, жебіршөп т.б.) компоненттер қосылады. Бұлардың мөлшері жеткіліксіз болғанымен, сезімтал теріге немесе аллергиясы бар адамдарға абайлап қолдануға болады.

1.3.Бала терісіне арналған сабынның құрамы

Сабынды жасау үшін көбіне үш компонент қолданады: май,өсімдік майы немесе жануар майы. Және күйдіргіш натр немесе күйдіргіш калийде болады,және тағы керегі ол су. Май барлығына да пайдалы болып келеді. құрамына бояғыштар, иістендіргіштер, пішін ұстап тұрушылар, консерванттар, біріктіргіштер сынды синтетикалық компоненттер қосылады.

II.Зерттеу бөлімі

2.1 Қолдан жасалған сабын несімен пайдалы?
Бұл экологиялық таза өнім. Оның негізі – табиғи балаларға арналған сабын, глицерин, эфир майы, шөптер.

  • Тазартудан бөлек (негізінен сол үшін қолданылады) ол косметикалық тұрғыдан да әсер етеді. Ал бұл үшін өте маңызды.

  • Қолдан жасалған сабынның сыртқы пішіні де тартымды. Бұл дүкендегі ұсқынсыз, химиялық хош иісті сабын кесегі емес, оның әр шығарылымы өздігінен қызықты әрі ерекше.

  • Сабынды қолдан жасау барысында қолжетімді әрі пайдалы өнімдермен жасау.

  • Қолдан жасалған сабын жас балаларға да, жасы үлкендерге де ерекше сыйлық бола алады.

  • Қолдан сабын жасау бизнесін ұйымдастыру үшін көп қаражат қажет емес. Ғимаратты жалға алудың және арнайы құрал жабдықтарды сатып алудың қажеті жоқ.


2.2 Сабын жасау үшін не қажет?

- Үккіш.

- Ыдыс.

- Екі кастрөл (үлкен және кішкентай)

Дүкенде сатылатын арнайы сабынды негіз (орнына бояу мен қоспасыз балалар сабыны немесе кір сабын жарайды) Сабынды массаны езуге таза су немесе шөп қайнатпасы. Негізгі май (бадам майы, өрік, шабдалы, кокос және зәйтүн майы т.б.) Глицерин және Е дәрумені. Бұларды кез келген дәріханадан табылады және шынымен сапалы әрі пайдалы табиғи сабын дайындағыңыз келсе, бұларды міндетті түрде қосамыз. Себебі, Е дәрумені теріге өте жақсы әсер етеді – оны қоректендіріп, серпімділігі мен тегістігін жақсартады, құрғақтықтан қорғайды. Ал глицерин теріні жақсы жібітіп, ылғалдандырады. Эфир майлары. Бұл міндетті компонент емес, оның ұнаған түрін өз қалауымызға қарай таңдаймыз.Сабынға арналған қалыптар. Міндетті түрде арнайы қалып сатып алудың қажеті жоқ – кез келген пластмасса, шыны не саздан жасалған ыдыс та жарай береді. Сонымен қатар, сабынға арналған әр түрлі табиғи қоспалар қажет болады. Бұл өзіме ұнаған өсімдік пен шөп болуы мүмкін. Оларды жасайтын сабынды косметикалық сипатына қарай таңдадым. Мысалы, егер сабынға үгілген сұлы ұны қосылса, ол майлы теріге арналған керемет құрал болып шығады. Ал цитрустылардың қабығын қоссаңыз – целлюлитке қарсы тұруға көмектеседі. Үйде жасалған сабын құрамына какао немесе кофе салса, ол скраб сабынға айналады.

    1. Қолдан жасалған табиғи сабын

Үй жағдайында сабын қайнату – өте жағымды және шығармашылық процесс. Себебі, сіз оған өзіңіз қалаған қоспаларды қосып, кез келген рецепт бойынша дайындай аласыз. Сізге тіпті өзіңіздің жеке рецептіңізді ойлап тауып, дайын өнімге кез келген түс пен түрлі пішін жасауыңызға болады. Қысқасы, өз қиялыңыз жеткенше жасай бересіз. Ал сабын қайнату процесі әркімге де ләззат сыйлайтыны сөзсіз.

Қоспасы:

-кір сабын – 150гр

-сүт – 250гр

-май (бадам майы, өрік, шабдалы, кокос және зәйтүн майы тб)

50гр

-су -100гр

Дайындау тәсілі:


Shape1



Shape2





Газге су қойып, ол қайнағасын үстіне тостағаншаны қоямыз.Тостағаншаға үккіштен өткізілген кір сабынды салдым, яғни су моншасында дайындадым. Оны қасықпен былғап тұрып үстіне сүтті аз-аздан құйып араластырып тұрдым. Сүтті бірден құюға болмайды себебі сабынымыз былшырап кетеді. Содан кейін майымызды құйдым. Кез-келген май жарайды. Тез-тез араластырдым, массасы біртекті болуы үшін мұқият араластырдым. Содан кейін оны алдын ала дайындалған қалыптарға құйдым. Силикон, печенье жасауға арналған қалыпты пайдаландым. Егер иіс шығарғымыз келсе,өзімізге ұнаған иіс судан аздап қосуға болады. Сабын дайын.



Қолданылуы: Жас ерекшелік талғамайды кез келген жасқа пайдалануға болады.

Пайдасы: Теріні құрғатпайды, аллергиялық ауру тудырмайды, құрамында химиялық қоспалар жоқ.



Қорытынды

Қолдан сабын дайындау соншалықты қиын емес, сондай – ақ өте қызықты жұмыс. Мен үйде жасалған сабынды дүкеннен сатып алынған сабынмен салыстырып көріп, қайсысы ең жақсы екенін білу үшін төмендегідей бірнеше тәжірибе өткіздік.

– №1 тәжірибе. Үйде жасалған сабынның бірнеше түрімен күнделікті сабынның сыртқы түрлерін салыстырып көрдім.

Қорытынды: үйде қолдан жасалған сабынның сыртқы түрі күнделікті сабыннан әлдеқайда тартымды және алуан – түрлі.

– №2 тәжірибе. Сабындардың иістерін салыстыру. Қорытынды: сабынның екі түрі де жағымды иісті.

– №3 тәжірибе. Қолды жуғаннан кейін сезімді салыстыру. Қорытынды: сезімдер бірдей, қолдың терісі жұмсақ,

– №4 тәжіребе. Көбіктенуін салыстырамын. Қорытынды: қолдан жасалған сабынның көбігі аз, бұл оның құрамындағы адам денсаулығы үшін зиян келтіретін ЖБЗ-дың аз мөлшерде болғанын көрсетеді.

– №5 тәжірибе. Сабынның суда жібу деңгейлерін салыстырамын. Қорытынды: қолдан жасалған сабын суда болған кезде күнделікті сабыннан анғұрлым аз жібиді.

Жасалған тәжірибелер негізінде, үйде қолдан даярланған сабын иісімен, сезіммен салыстырғанда дес бермейді, ал жібуі мен қауіпсіздігі жағынан жеңеді.Сабынды үйде даярлауға болады деген болжамым дәлелденді. Сабынды қолдан жасау өте қызықты және қиын емес екеніне көзім жетті.

Мен өз қолмен жасалған сабын туыстар мен достар үшін ең бағалы сыйлық болатынына сенімдімін.Сабын жасау тақырыбы мені одан әрі қызықтырды. Сондықтан болашақта үйде сабын жасаудың басқа да жасау түрлері мен үлгілерін үйреннуге жоспарлап отырмын. Мысалы, дәрілік шөптерді қосу, өз рецептерімді жасауға ойластыру.


Қолдан сабын даярлау – бұл тамаша сез сезім !






Пайдаланған әдебиеттер:


1.
“Дала мен қала” газеті №4 2012 жыл
2. “Жұлдыз” журналы №3 1998 жыл
3. “Ақпарат материалдары”









Пікір


«Үй таза, экологиялық сабын дайындау» тақырыбындағы зерттеу жұмысында адам денсаулығына зиянсыз, таза экологиялық сабынды жасау туралы деректер жинақтап, жазып, суретке, бейнебаянға түсіріп, өз бақылауларын келтірген. Оқушы сабын жасау туралы мағлұматтарды кітаптардан, интернеттен жинақтады. Барлық ақпараттарды бір жүйеге келтіріп, зерттеу жұмысын дайындады.

Оқушының дайындаған ғылыми жобасы үш бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде бала терісіне арналған сабынның құрамы туралы баяндалған.

Екінші бөлімінде қолдан жасалған сабын несімен пайдалы жөнінде, сабын жасау үшін не қажет екенін тәжірибе жүзінде көрсете алған. Дария өз қолымен сабын жасап, іс жүзінде сабын алудың барлық процестерін жүргізген, нәтижесін көрді.

Үшінші бөлімде оқушы қара сабынның пайдасы және оның қоршаған ортаға зиянсыз екендігін баяндаған.

Қолдан сабын дайындау соншалықты қиын емес екенін дәлелдеп, сондай – ақ өте қызықты жұмыс болғанын үйде жасалған сабынды дүкеннен сатып алынған сабынмен салыстырып көріп, қайсысы ең жақсы екенін білу үшін бірнеше тәжірибелер жасаған. Оқушы өзіндік ізденіс жұмыстарын жүргізіп, ақпараттар жинаған.

Бұл ғылыми жоба білімділік пен тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеп, оқушыларды ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуде үлкен маңызы бар.

«Үй жағдайында таза, экологиялық сабын дайындау» тақырыбын одан әрі жүргізетініне, оның қолдау табатынына сенім білдіремін.



Мектеп директоры



Жетекшісі:















Аннотация


Құрамы таза сабынның адамға пайдасы туралы айтылып, сипаттама берілген. Оқушы өз жұмысында таза, экологиялық сабынды үй жағдайында тәжірибелер жасаған. Өзі жасаған тәжірибесін, әдістерін келтірген.

Сабын туралы мәлімет келтіріп, оның емдік қасиеті мен пайдасын біліп, жасалу жолын бақылағанын баяндайды.






































































Annotation

The benefits of pure soap for humans are discussed and described. In his work, the student made experiments with clean, ecological soap at home. He cited his experience and methods.

He gives information about soap, learns its healing properties and benefits, and tells how he observed the way it was made.



















































Эссе


Зауытта дайындалатын сабын гигиеналық мақсаттарға қызмет етеді, бірақ әрқашан теріге пайдалы емес.Содан кейін олар қолдан жасалған сабын қолданды. Бір апта қолданғаннан кейін терінің құрғақтығы жоғалып, терісі жұмсақ және жібектей болатыны анықталды.Қолдан жасалған сабын теріге нәзік және жұмсақ әсер етеді. Бұл проблемалы терісі бар адамдар үшін пайдалы қоспаларды қолдана отырып, үйде дайындалған сабынды қолданған дұрыс дегенді білдіреді.Үй сабындарын арнайы терінің түріне жасауға болады. Отбасы мүшелеріне қолайлы сабын таңдау және олардың терісіне зиян келтірмеу үшін мен сабынды құрайтын элементтердің теріге қалай әсер ететінін білдім.

Адам - табиғаттың перзенті, бір бөлшегі. Табиғат - адамның асыраушысы, яғни тамағы, киімі, үй - панасы, дәрі - дәрмегі. Әрбір тұтынған затымыз таза табиғи болса - деніміз сау болады. Қазіргі дәріхана сөресінде толып тұрған дәрі - дәрмек орнына не қолданған? Кез келген дүкенде сатып ала алатын сабын болса, оны үйде жасаудың қажеттілігі қанша? Міне, осы сұрақтарға жауап іздедім. Тапқан жауабымды сіздерге жеткізсем деп едім.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі