Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жұмыс - "Конституциялық құқық"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы
№17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі
Зерттеу жұмысы
Тақырыбы:
«Конституциялық құқық»
Жұмыстың авторы:
Лесбек Айнагүл.
9-сынып оқушысы.
Жетекшісі: Мұбарақ Нұрбек Әбілханұлы.
Құқықтану пәнінің мұғалімі.
2018-2019 жыл.
|
МАЗМҰНЫ: |
|
АННОТАЦИЯ ....................................................................................... |
3 |
|
КІРІСПЕ ................................................................................................ |
4 |
|
1 Қ.Р Конституциясын қалыптастырудың ғылыми - теориялық негіздері |
|
|
|
1.1 Конституциялық құқық ҚР құқық жүйесінің жетекші саларының бірі .......................................................................... |
6 |
|
1.2 Қ.Р.Конституциялық құрылымның негіздері .................. |
10 |
2 ҚР-да адам және азаматтың құқықтық мәртебесі және мемлекеттік органдардың Конституциялық жүйесі |
|
|
|
2.1Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары................. |
14 |
|
2.2 ҚР Президентінің Конституциялық мәртебесі.................. |
17 |
ҚОРЫТЫНДЫ ..................................................................................... |
20 |
|
ҰСЫНЫС .............................................................................................. |
23 |
|
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР .................................................................. |
24 |
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗМІ ..................................... |
25 |
АННОТАЦИЯ
Бұл жұмыста ҚазақстанРеспубликасындағы Конституцияның ролі мен мағынасының азаматтық қоғамдағы таралу институттары көрсетілген. Қазақстан Республикасының негізге алатын Конституциялық құрылысы, елдегі билікті күшпен шектеп кетпеуіне азаматтық қоғам институттары алдында кепілдік беретін іргетасы болып саналынады, ал кең мағынада конституция – бұл конституциялық құрылыстың құндылықтары, институттары мен нормалары: адам ең жоғарғы құндылық, оның құқықтары мен бостандықтарының үстемдігі, халық егемендігі – ресми бекітілетін ең жоғарғы құқықтық форма болып табылады.
АННОТАЦИЯ
В статье рассматривается роль и значение Конституции РК на процесс формирования институтов гражданского общества. А также описан комплексный анализ конституционных правовых основ в формировании институтов гражданского общества в Республике Казахстан и вывод о том, что для стабильного развития институтов гражданского общество нужна твердая и неуязвимая нормативно-правовая база.
ANNOTATION
The article discusses the role and importance of the Constitution of the Republic of Kazakhstan on the formation of institutions of civil society. And also describes complex analysis of the constitutional legal basis in the formation institutions of civil society in the Republic of Kazakhstan and conclusion about is that for the stable development of the institutions of civil society need strong and invulnerable regulatory framework.
Кіріспе
Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы» деп басталатын Конституциядағы осы сөздерде мемлекеттілігін жаңартып, жаңа әділетті қоғам орнатуды мұрат тұтқан сан ұрпақтың тарихи сабақтастығы тоғысып жатыр. Конституция әрбір зайырлы елдің даму бағыттарын белгілейтін басты құжат.Бүгінгі күндері біздің Конституциямыз бен заңдарымыз адам игілігіне жұмыс істеумен қатар, оның шығармашылық, жасампаздық қуатына серпін беріп, кәсіпкерлік бастамашылығын ынталандырады деп айтуымызға толық негіз бар. Конституция бойынша Қазақстан халқы егемендіктің иесі, республикадағы мемлекеттік биліктің нағыз қайнар көзі болып табылады.
Республикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады. Сондықтан, саяси ымыраға келу мақсатында қазақ халқы өз қамын күйіттеумен қатар, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны әрі нығайтуды ойлауы керек. Ата Заңның негізгі нысаны – мемлекет және адам олардың өзара қарым-қатынасы. Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жазылған Конституцияның 1 бабында. Құқықтық мемлекетті құру, қоғамдық өмірді демократияландыру, жалпыұлттық келісім мен ынтымақ Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтың лайықты толық мүшесі болып енуінің басты шарты болып табылады.
Республиканың президенті Н.Ә. Назарбаевтың тікелей басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы қысқа мерзім ішінде әзірленді. Ол халық талқылауынан өтіп, референдум арқылы өз күшіне енді. Жоғарыда сөз етілгендей, Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Ата заң қабылданған күн - мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Конституциясы Күні деп жарияланды. Ата Заңды қабылдау әдісінің орасан зор маңызы бар, өйткені оның мазмұнын сайлаушылар көпшіліктің қатысуымен мақұлдады.
Конституцияны мазмұны бойынша мынаны ескерген жөн:
1) Билік конституциясы |
1) билік пен басқару функцияларын орнатады және үйлестіреді |
2)Идеологиялық конституциялар |
2) үгіт мақсатында қолданылады |
3) Адам конституциясы |
3) ең бастысы адам, оның құқықтары мен еркіндіктері |
Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жақты сараптамадан өтуі елбасының атымен тікелей байланысты.
Конституция Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретіндегі қолайлы жағдай жасайды. Заңда белгіленген барлық тұжырым, қағидалар өмірдің барлық салаларын өркениетті заң жүзінде басқаруға жағдай жасап отыр. Еліміздің бұл Негізгі заңы бірінші рет Қазақстан Республикасын президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жария етті. Бұл мемлекеттің құзырына өз аумағының тұтастығын, сырттан қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз ету толығымен жатқызылады.
Курстық жұмыстың көкейкестілігі: Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеуде Қ.Р.конституциялық құқығы ғылымының негізгі түсінігі мен категорияларын; Қ.Р. конституциялық құрылыстың негізгі принциптері мен элементтерін; мемлекеттік орган қызметін ұйымдастырудағы конституциялық принцип, оның құрылымы, құқықтық мәртебесін білуді қажет етеді.
Зерттеудің мақсаты: Пәндерді оқытуда Қ.Р.Конституциясын жан-жақты заңды құрметтеуге баулу.
Зерттеудің міндеттері: Конституциялық құқықтық түсініктер мен категорияларды еркін меңгеру; Конституциялық құқықтық мәселелері бойынша өз көзқарасын толық және дұрыс жеткізуді; Конституциямен конституциялық құқықтық актілерді қолдану және талқылауды; Заңи маңызды оқиғалар мен жағдайларды сауатты бағалауды; Қазақстан Республикасында әрекет ететін конституциялық заңдылыққа сәйкес әр түрлі құқықтық әрекеттерді саналы түрде жүзеге асыруы.
Зерттеудің пәні: Білімгерлерде конституиялық құқықтық аса маңызды ғылыми-теориялық көзқарасты қалыптастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Конституциялық құқық пәнін оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар құрайды. Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.
Зерттеу әдістері: Конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды, олардың құқықтық реттеудегі мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес.
1 Қ.Р Конституциясын қалыптастырудың ғылыми – теориялық негіздері
1.1 Конституциялық құқық – ҚР құқық жүйесінің жетекші
саларының бірі
Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.
Конституциялық құқық пәнін түсіндірудің теориялық, сондай-ақ тәжірибелік мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды, олардың құқықтық реттеудегі мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Конституциялық қүқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласын да анықтау мүмкін емес. ¤йткені, нақты құқықтық әрекеттерді таңдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу.
Конституциялық құқықнормаларымен реттелетін қатынас мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық құқықнормалары аталған салалардың барлық көріністері бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметгік, діни байланыстардың негізін қалайды. [1]
Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдістері деп аталады, белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялык-құқықтық қатынастарды реттеу үшін төмендегідей:
1. Міндеттеу әдісі;
2. Тыйым салу әдісі;
3. Рұқсат ету әдісі;
4. Тану әдістерді қолданылады.
Міндеттеу әдісі мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғаларға да катысты, олардың барлық қызмет саласында қолданылады.
Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардың өкілетгігін белгілеу кезінде де қолданылады.
Құқықтық реттеудің тағы бір әдісі - тану әдісін де қолданады. Кеңестік кезеңнен кейінгі конституциялық құқықжөніндегі әдебиеттерде мұндай әдістің қолданылу мүмкіндігі байқалмайды. Оның үстіне бұл әдіс обьективті фактордан – адамдардың табиғи құқығын заң тұрғысынан танудан туындайды.Конституцияның құқықтық нормалары сала ретінде конституциялық құқықтың тура және тікелей қайнар көзі болып табылады. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары қалайша құқықның қайнар көзі ретінд сипатталады:ҚР Конституциясында бүкіл конституциялық зандардың негізі болып табылатын құқықтық нормалар орнықтырылады. Басқаша айтқанда, Конституцияның құқықтық нормалары конституциялық-құқықтық қатынастарды реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілерді қалыптастыру мен дамытудың негізі болып табылады.
ҚР Конституциясының құқықтық нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларды қамтиды. Әрине, Конституцияның құқықтық нормалары аталған салалардағы қоғамдық қатынастарды егжей-тегжейлі және жан-жақты реттемейді. Ол тек қоғамдық катынастардың мәнді, басты бағыттарын ғана реттейді. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары құқықтың басқа салаларының құқықтық нормаларынан осынысымен ерекшеленеді.
Конституциялық құқықтың басқа бастауларымен салыстырғанда ҚР Конституциясының жоғары заңдық күші бар және ҚР барлық аумағында қолданылады. ҚР-да қабылданған зандар және басқа нормативтік актілер Конституциядан бастау алуы және оған кайшы келмеуі тиіс. Егер олар Конституцияға қайшы келсе, онда олар заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды. ҚР-ның Конституциясында оның қағидаларының жоғары заңдық күшін қамтамасыз етудің кепілдігі белгіленген.
ҚР Конституциясының тек конституциялық құқықтық ғана емес, сондай-ақ құқықтың басқа да салаларның бастауы ретіндегі мәні мынада, онда халықтың мемлекеттің еркі, олардың құқықтық демократиялық мемлекет құру, дүниежүзілік кауымдастыққа оның тең құқылы мүшесі ретінде қосылу жөніндегі табандылығы тікелей көрініс тапқан.Конституция құқықтың басқа бастауларынан, тұтастай қоғамның негізгі заңы екендігімен ерекшеленеді. Басқа нормативтік құқықтық актілер қоғам өмірінің жекелеген тараптарын қамтиды. Ал, ҚР-сы Конституциясының идеялары, құқықтық нормалары бүкіл қоғам өмірінің мейлінше мәнді бағыттарын реттейді.
Сондай-ақ, Конституция констуциялық құқықтың басқа бастауларынан өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудын, ерекше тәртібін белгілеуімен де ерекшеленеді. Мұндай тәртіп Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігінен туындайтын мәнімен сипатталады. ҚР-сы Конституциясының тағы бір өзіндік қыры - онда оның басқа қайнарларының нысандары: конституциялық, жәй зандары, Презеденттің нормативтік жарлықтары мен қаулылары, ҚР-сы Үкіметінің қаулылары, сондай-ақ заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау, күшін жою тәртібі көрсетіледі.
ҚР-сы конституциялық құқығының мемлекеттік мәні бар құқықтық нормаларды белгілейтін қайнар көзінің қатарына конституциялық зандар жатады. ҚР конституциялық зандарының өзіндік ерекшелігі — олар Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізбейді, тек Конституцияның құқықтық нормаларын нақтылайды. ҚР-ның конституциялық зандарын қабылдаудағы іс жүргізу Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаудағы іс жүргізуінде ерекшеленеді.
ҚР-ның Конституциясы — демократиялык, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі. Конституция қоғамдық өмірдің барлық құқықтық күшті бойына жинақтаған. Конституция мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, оның болашақ қабағытталған ұйымдастырылуы мен қызметі қағидаларын белгілейді. Онда адамдар мен азаматтардың, мемлекеттің қайнар көзі және әлеуметгік негізі ретінде бүкіл халықтың конституциялық мәртебесі бекітіледі. Конституция тек конституциялық құқықтың ғана емес, сондай-ақ ұлттық құқықтың барлық салаларының да қайнар көзі болып табылады. Сондықтан оған басқа нормативтік құқықтық актілерде кездеспейтін сипаттар тән. [2]
Конституцияны Қазақстан халқы қабылдады. Сондықтан Конституцияда халықтың, оның мәнін сипаттайтын еркі білдірілген. Социализм кезінде де Конституция халықтың еркін білдіреді деп есептелді. Осыған орай халық еңбекшілерден -жұмысшы табынан, шаруалар мен еңбек интеллигенциясынан тұратындығы атап көрсетілді. Халықты бұлайша сипаттау кез келген әлеуметтік құбылысқа, марксшіл-лениншіл ілімге тән таптық көзқараска негізделді.ҚР-ның Конституциясы 1993 жылы халықтың таптық сипаттамасынан тұңғыш рет бас тартты. Онда енді жұмысшы табы туралы, шаруа және еңбек интеллигенциясы туралы сөз болған жоқ.
Жалпы "еңбекші" термині 1993 жылғы Конституцияда да, 1995 жылғы Конституцияда да қолданыл-майды. Дегенмен, Конституцияның екеуінде де халық туралы айтылады. ҚР бүкіл әлеуметтік қабатын жинақтаған тұтас әлеуметгік-саяси құбылыс ретінде ұғынылады. Осыған орай, "халық" ұғымы ҚР Конституциясына сәйкес, біріншіден, ол байлык, жағдайына қарай әлеуметтік қабаттарға, таптарға бөлінбеушілікті білдіреді, сөз жок, бүл маңызды конституциялық фактор болып табылады. Конституцияда мемлекет әлеуметтік, яғни, бүкіл халықтың өкілі ретінде танылады. Бұл мемлекеттің тұрғындардың қандай да болсын бір тобына екінші бір тобын кемсіту арқылы басымдық бермейтіндігін білдіреді.
Мемлекет тиісінше, олардың әлеуметтік жағдайларына қарай тұрғындардың барлық қабаттарына қамқорлық көрсетуі тиіс. ҚР-ның Конституциясы бүкіл халықты әлеуметтік топтарға бөлмей, олардың құқықтарын шектемей конституциялық-құқықтық қатынастар субьектісі ретінде таниды. Екіншіден, халық ұғымына көпұлтты қоғам жағдайында қазақ ұлты, басқа да барлык, ұлтгық топтар жатады. Бұл, мемлекеттегі бүкіл халықтың әлеуметтік базалық негізін құрайтын казақ ұлтына ерекше: құкықтық, саяси, әлеуметгік, экономикалық және мәдени жеңілдіктер берілмейтіндігін білдіреді. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде тану жеңілдіктер қатарына жатпайды, тек мемлекетгің барлық жерде және қайда да бол-сын үлттык нысаны бойынша ұлттық болып табылатын сипаты-на жатады. Орыс тілін ресми қодцаныс тілі ретінде тану да бұл салада жеңіддік берілмейтіндігін көрсетеді.
Қазақстан халқы Конституцияны қабылдайтын бірден-бір субьект деп танудан оның құрылтайшылық сипаты туындайды. Қазақстан халқы елдегі мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі және егемендікті қолдаушы болып табылады. Сондықтан ол құрылтайшылық биліктің иесі. Нақ Конституция арқылы Қазақстан халқы мемлекетгі құрды, оның басқару және кұрылым нысандарын, әлеуметтік-экономикалық құрылыс негіздерін, адам мен азаматтың мәртебесін белгілейді. Тек халық, ал халық атынан тек Парламент қана мемлекетгің құрылым негіздеріне өзгерту енгізе алады. Сонымен бірге Конституцияда мемлекеттіліктің мейлінше мәнді кезеңдері тұрақтылық, біртұтастық қағидалаРы нығайтылған. Ол - мемлекеттік құрылымның біртұтас нысаны, басқарудың Президенттік нысаны және аумақтық тұтастық. [3]
Конституцияның маңызды ерекшелігі бір жағынан, мемлекеттің, екінші жағынан, қоғамның негізгі заңы ретінде қолданылуы болып табылады. Бұл халықтың мемлекеттік биліктің қайнар көзі және қоғамның әлеуметтік базасы ретіндегі мәртебесімен байланысты. Ол оның егемендігін барлық элементтерімен: аумағымен, жоғарғы билігімен, азаматтығымен, дербес заңдарымен және басқаларымен орнықтырады. Конституция мемлекеттің, мемлекеттік органдардың қоғаммен, қоғамдық институттармен өзара қатынасының негізін қалайды. Конституция қоғамдық: экономикалық, ұйымдық, әлеуметтік, діни, жекелік құрылыстың негіздерін анықтайды. Сондықтан мемлекет қана емес, оның институттары да Конституцияның құқықтық қағидаларын, идеяларын жинақтайды. Конституция қоғамдық қатынастардың базалық, түпкі неãіздерін реттей отырып, қоғам өмірінің барлық салаларын қамтымайды. Конституцияның нормасын бұзу көпұлтты Қазақстан халқының занды еркіне қол сұғу болып табылады. ¤ркениетті, демократиялық қоғам да Конституцияға, оның қолданьшуына, тиімділігіне айрықша мән беріледі. Конституцияның мәселесі екі кезеңнен: 1) оның жобасын әзірлеу, 2) қолдану кезеңінен тұрады.
Бірінші кезеңде Конституцияның қағидалары және нормаларымен бірге оның қабылданғаннан кейінгі қолданылу механизмі тере-, мұқият ойластырылады. Бірінші кезекте тұжырымдауға әзірленеді және Конституция нормаларының мазмұны айқындалады. Сондықтан Конституцияның жобасы Конституцияның тұжырымдамаларын жасауға жол ашады. Мемлекеттік құрылыс тұжырымдамасы, адам құқығы тұжырымдамасы, меншік құқығы тұжырымдамасы және басқалары осындай түжырымдамалар болып табылады.
Конституцияның түжырымдамаларын маман заңгерлердің, экономистердің және басқалардың шағын тобы әзірлемеуі тиіс Олардың, мүдделерін анықтап, Конституцияда оны ескеру үшн оны әзірлеуге әр түрлі партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың, таптардың, ұлттардың, әлеуметтік топтардың және басқа ларының өкілдерін тарту керек. ¤йткені қоғамдық қатынастар дың аталған субьектілерінің мүдделері обьективті факторлармен елеулі түрде белгіленген.
Мемлекеттілік және тұтастай алғанда қоғам мүддесі қағидалаРына қайшы келетін идеялар да тұжырымдамалық сипатта ерекшеленуі мүмкін. Мұндай тұжырымдамалық идеялар конституциялық нормаларда орнықтырылмауы тиіс. Мұның мысалы ретінде кезінде ұлтаралық келісімге, Қазақстан мемлекетінің түпкі негізіне нұқсан келтіретінін саналы түрде сезінген немесе сезінбегендердің табандылықпен ұсынған қос азаматтық туралы қағидасын атауға болады.
1.2 Қ.Р.Конституциялық құрылымның негіздері
Қазақстан Республикасы Президенттік баскару нысанындағы демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет
Демократиялық мемлекет дегеніміз өз халқының таңдауы мен мүддесін білдіретін, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қатамасыз ететін мемлекет болып саналады. Мемлекетті тек демократиялық мемлекет деп жариялай салу жеткіліксіз, ол үшін мемлекеттің демократия зандары бойынша жұмыс істеуі мен өмір сүруін қамтамасыз ету қажет. Естеріңде болса, бұрынғы КСРО да өзін демократиялық мемлекет деп жариялағаны белгілі, бірақ онда іс жүзінде адам құқығы мен бостандығы жиі бұзылып, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар тарапынан заң қағидалары сақталмайтын еді.
Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекет талаптарына жауап бере ала ма? Бұл тұста Қазақстанның әлемдегі ең жас мемлекеттердің