жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғылыми жұмыс Абай әндерінің шығу тарихы
№ 68 жалпы орта білім беретін мектебі
Ғылыми жоба
Тақырыбы: Абай әндерінің шығу тарихы
Бағыты: «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары»
Секциясы: Әдебиет
Орындаған: Тұрғанбек Диана Әлімжанқызы
Сыныбы: 4 «В» сынып
Ғылыми жобаның жетекшісі: Достаева Канзат Амангельдиевна
Шымкент
2020ж.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға ұлы сазгер Абайдың өмірі, оның қазақ музыка өнерінде алатын орны және Абайдың музыкалық мұрасы туралы терең таныту.
Тәрбиелілігі: Өз халқының музыкасына құрметпен қарау, ұлы ақынның әндерін үйрене отырып, сергек, қияли, рухани тәрбиелеу, сұлулық пен көркемдікке талпындыру.
Дамытушылығы: Музыкалық сөз қорларын байыту, музыканы тыңдай және түсіне білуін және ән айту қабілеттерін жетілдіру.
Жұмыстың міндеттері: Ойшылдың ойын жас ұрпаққа насихаттау.
Мазмұны
Кіріспе
1. Абай – қазақ ақыл-ойының діңгегі
Негізгі бөлім
2. Абай әндерінің сипаты
2.1. Үш ұлы бастау 2.2. Абай және орыс музыкасы
2.3. Абай әндерінің тақырыбы
2.4. Абай әндерінің тәрбиелік мәні
Қорытынды
Абай әндерінің шығу тарихы
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты іздесең,
Жаттап тоқы көңілге.
С.Торайғыров
Кіріспе
Ғасырлар бойы дамыған қазақ ән өнері ХІХ ғасырдың екінші жартысында көркемдік пен кемелдіктің шыңына өрлирнгеді. Абай өмір сүрген осы кезеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері ауыздан – ауызға, заманнан – заманға ауызша ауыса отырып жетті. Абай әндері, өлеңдері, қара сөздерінің мағыналары терең,түсініп оқыған адамның жүрегінің түбіне терең бойлайды. Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі, халықтың жүрегінде сақталуға, сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында.
Биыл ұлы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толады. Қаншама жылдар өтсе де Абай тақырыбы ескірмейді, керісінше ол жұлдыздай жарқырай түседі. Оның тамаша тағылымдары үлкеннің де, кішінің де ойында жүрсе жақсы болар еді. Абай шығармалары – адамға керекті ақылдың, кеңестің қайнар көзі. Абай туралы деректерді жинап, жариялаушылардың бірі болған Ілияс Жансүгіров атамыз 1923 жылы «Тілші» газетінде «Абай кітабы» деген мақаласында «Абайдың алды-артындағы ақындардан артықшылығы: өлең, жырларын неше түрлі күй сымбалдарына салғандығы. Кейінгі жазушылардың Абайдың күйін көп қолданып жүрсе де, Абайдан артық күй тапқан жоқ. Аспақ түгіл кейбір тәтті күйіне өлең өлшем де жаза алған жоқ. Абай қазақ әдебиетіне тіл жағына үлгі болса, күй жағынан да үлгі» - дейді. Соңында тамаша өлеңдер мен қара сөздер қалдырған Абай тек қана ақын емес, композитор және өз өлеңдерін орындаушы.
Композитор Абай дарынына қанат бітірген, ән нәрімен сусындатқан орта қандай еді? Оның композиторлық өнерінің бұлақ бастауы қайда? Әндерінің сипаты мен тақырыбы қандай?
ІІ. Абай әндерінің сипаты туралы
Абайдың ән мұрасы, композиторлық шығармашылығы қазақ музыкасына енген баға жетпес тың жаңалық болып табылады. Академик А.Жұбанов «Замана бұлбұлдары» еңбегінде Абай әндерінің әуені, өлшем ырғақ, құрылым – пішіні жағынан өзіне дейінгі бірде – бір халық композиторының шығармашылығына ұқсамай, айрықша дара тұрғандығын ашып керсетеді.
Абайдың композиторлық шығармашылығының қалыптасуы және«Үш ұлы бастау»
1.Қазақ халқының жазба әдебиеті. 2. Шығыс елдердегі классик поэзиясы. 3. Батыс Еуропа мәдениеті.
Осы үш бастау Абайдың музыкалық шығармашылығының қалыптасуына тікелей әсер етті. Абай өз заманында өнердің дамуына аса ден қойып отырған халық шығармашылығына жай еліктеп қана қоймай, зердесіне тоқып өскен. Абай ауылында әрқашан ән-күй үзілмеген. Абай өз бетімен ізденуге құмар болған. Шығыс классиктері Низами, Сағди, Омар Хайямның еңбектерін оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, И. А. Крылов , М.Лермонтов,Ф.М. Достоевскийлерді мұраларын оқып таныс болған. Батыс Еуропа әдебиетінен Иоганн Гете, Джордж Байрон сияқты ақындарды оқыған. Есейген шағында солардың ішіндегі өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударады.
Абай және орыс музыкасы
Абай орыс әндерін, музыкасын алғаш естуі әлеуметтік жағдайға байланысты болды. Орыс тілін жетік меңгерген Абай А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, И.А.Крылов шығармаларын қазақшаға аударып, аударма әндерге ән шығаруы қазақтың музыка өнеріне қосқан үлесі. «Евгений Онегин» поэмасын аударып шығарған әндері қазақ даласына кең тарады.
Абай әндерінің тақырыбы
Абайдың вокальдық шығармаларының тақырыбы сан қилы. Зерттеушілер Абай әндерін сатиралық, философиялық тақырыптарға топтаса келе сезімдік, психологиялық толғаныстар басым махаббат лирикасын ерекше атайды. Лирикалық әндерге «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Татьянаның хаты»т.б. жатады. Абай әндері өсиетке, ұлағатқа, ақыл – парасатқа өте бай.
Абай әндерінің тәрбиелік мәнін ашу.
Абай әндері көзі тірі кезінде нотаға түспеген. Ең алғаш нотаға түскен жылдары 1919-1923ж. аралығы. Абайдың әндерін Альвин Бимбоэс (ұлты -неміс), Александр Затаевич (ұлты –поляк) сынды композиторлар нотаға түсірген. Ал 1926 «Музыкалық этнография» деген жинаққа Абай әндері енгізілген. 1939ж. М.Әуезовтің ұйытқы болуымен Абайдың 16 әні нотаға түсіпті. Қазіргі уақытта 27 әнінің 36 нұсқасы нотаға түсірілген. Абай өлеңдеріне ән жазған Қазақстан композиторлары: С.Мұхаметжанов, Ғ.Жұбанова, Н.Тілендиев, Қ.Мусин, М.Қойшыбаев, Е.Рахмадиев, Ғ.Құрманғалиев, Ә.Еспаев, Е.Есетов, Т.Базарбаев, С.Кәрімбаев, К.Күмісбеков, М.Маңғытаев, Н.Меңдіғалиев, Ж.Дәстенов, Т.Мұхамеджанов, С.Әшімбеков, О.Сейітқазы, А.Бейсенбеков, К.Назарбек және т.б.
Әндері «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Өзгеге көңілім тоярсың» т.б. және де Абай орыс ақындары Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларын қазақшаға аударып, оған музыка жазды.
Желсіз түнде жарық ай
Табиғат, махаббат сырына арналған әні «Желсіз түнде жарық ай». Бұл әнді 1888 жылы Абай Ақшоқыға қарап тұрып айтқан екен. Ақшоқы Абай жырының бесігі. Бұл өлең 1909 жылы кітапқа басылған.Онда жарық айдың сәулесі суға түсіп, дірілдеп тұрған жанды бейнесі, терең сайды қуалап, тасқындап ағып жатқан өзен, қалың ағаштың сыбырласқан жасыл жапырақтары, жер жүзін құлпыртып тұрған көкорай шалғын – табиғаттың сан алуан суреті көз алдыңа келеді, көңіліңе қона кетеді.
«Бойы бұлғаң» әнінде байлығы мен дәулетіне мастанған байды өткір сықақпен шенейді.
Бойы бұлғаң Сөзі жылмаң Кімді көрсем, мен сонан Бетті бастым Қатты састым Тұра қаштым, жалма – жан.
Ақын топас екі жүзді адамдардың әрекет – қылықтарына ашу- ызасын білдіреді. Ақын өткір сыншы, сатирик ретінде көрінеді. Адам бойында кездесетін жағымсыз мінез әдеттерден (екіжүзділік, жағымпаздық) қасиеттерден аулақ болуға, жақсы, жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелейді.
«Өзгеге көңілім тоярсың».
Өзгеге,
көңілім, тоярсың,
Өлеңді қайтіп
қоярсың?
Оны айтқанда толғанып,
Іштегі
дертті жоярсың.
Сайра да зарла, қызыл
тіл,
Қара көңілім оянсын.
Жыласын,
көзден жас ақсын,
Омырауым боялсын.
Қара
басқан, қаңғыған,
Хас надан нені ұға
алсын?
Көкірегінде оты бар,
Құлағын
ойлы ер салсын.
Тыңдамаса еш адам,
Өз
жүрегім толғансын.
Әр сөзіне
қарасын,
Іштегі дертім қозғалсын.
Әуелесін,
қалқысын,
От-жалын боп шалқысын.
Жылай-жырлай
өлгенде,
Арттағыға сөз қалсын.
Яғни,
адам өміріндегі әннің мән- маңызы
туралы тұжырым жасайды. Ән-дертке
дауа. Ән құдіретін тек көкірегі ояу,
түсінігі мол, саналы адам ғана ұғына
алады. Ән халық шешендігін, тілді
құрметтеуге, адамгершілік және эстетикалық
қасиеттерді ұғына білуге тәрбиелейді.
«Сегіз аяқ» өлең мәні әуені жымдасқан жаңа ұйқас үлгісімен құрылған ән.
Өткірдің жүзі
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас
Білгенге маржан
Білмеске арзан
Надандар бәһра ала алмас
Қиналма бекер тіл мен жақ.
Көңілсіз құлақ ойға олақ. Бұл шумақтарда қызыл тілдің құдіреттілін айтса,
Басында ми жоқ,
Өзіңде ой жоқ.
Күлкішіл кердең наданның
Көп айтса көнді
Жұрт айтса болды
Әдеті надан адамның.
Адам бойындағы жігерсіздік, жасықтық сияқты жағымсыз қасиеттердің мінеп шенейді. Ән көркем сөз бен тілді құрметтеуге, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға, адамгершілікке, тәрбиелейді. Қызыл тілдің құдіреттілігін мақтап, еңбек етуге шақырады.
«Қараңғы түнде тау қалғып»
Абай
«Қараңғы түнде тау қалғып» әнінің сөзін
орыс ақын-жазушысы М.Лермонтовтың
«Горные вершины» өлеңінің аудармасын
жасау арқылы шығарды. Аударма
болғанмен ұлттық нақышқа толы. Әуенде
орыс романсының элементтері бар. Әннің
ерекшелігі: мәтін мен әуен ажырамастай
тұтас.Осы
әннің сөзінде айтылған табиғатқа
шабыттанған Абай тек аударып өлең
ретінде шығармай, әдемі әуен шығарды.
Осындай табиғаттың әдемі көрінісі мен
екі ақынның шығармашылығынан «Қараңғы
түнде тау қалғып» әні туды. Әрқайсысы
4 тармақты 2 шумақтан тұрады, барлығы 8
жол. Өлең
- Абай аудармаларының шоқтығы биік озық
үлгісі. Лермонтов
бұл шағын өлеңді 1840
ж. неміс
тілінен
тікелей тәржімалаған.
1780
жылдың күзінде Кикельхан шыңына жаяу
сапар шегіп, И. В. Гете шың түбіндегі
аңшы үйінің қабырғасына қарындашпен
небәрі сегіз жол өлең жазады. Бұл кейін
бүкіл дүние жүзіне танымал болған,
сан-алуан тілдерге аударылған әйгілі
«Жолаушының
түнгі жыры»
еді. Алғаш рет 1909
ж. Санкт-Петербургте
жарық көрген «Қазақ ақыны ИбраҺим
Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта
жарияланды.
Бұл – ұлылардың рухани жалғастығы және ұлыларды байланыстырып тұрған құдіретті күштің бар екенін сездіретін шығарма. И.В.Гете ақындығымен қатар, философ, жаралыстанушы және саятшылықпен де айналысқан. Сондай саятшылыққа баратын жері – шығыс Германиядағы Кикельхан тауының бөктері мен оның айналасындағы қалың Тюрингия орман алқабы.
Ол өз өмірінде бұл өңірге 28 рет келген, бірталай өлеңдерінің шығуына себепкер болған қасиетті орын болып есептелінеді. Орман ішіндегі И.В.Гетенің кішігірім екі қабатты аңшы үйі күні бүгінге дейін сақталып, қазір мұражай ретінде қызмет етуде (Үй 1776 жылы салынған. Жан-жақтан келетін көп туристердің назарын осы өңірдің табиғаты тартады, қызықтырады.
Жазушы Қалмұқан Исабайдың жеке архивінен 1981 жылғы қаңтардың 1-ші жұлдызында «Қазақ әдебиеті» газетінде Алматыдағы Энергетика институтының доценті Ж.Тобаяқовтың «Абай әні – Европада» атты мақаласы жарияланады. Мақалада автордың 1980 жылдың күзінде Германияда өткен симпозиумға Қазақстан делегациясының құрамында болып, қатысып, Кикельхан тауының басындағы Гетенің екі қабатты үйінде, қазіргі мұражайында болып, онда неміс ғалымдарының қазақ делегациясына көрсеткен сый-құрметтерін өте бір әсерлі етіп баяндайды. «Бес күнге созылған симпозиумнан соң, неміс халқының талант иелері өмір сүрген аудандарды араладық. Солардың ішінде ұлы Гетеге арналған музейлер ерекше әсер етті. Біз орман арасындағы екі этажды үйге жақындағанда, кенеттен Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» әні қазақ тілінде шырқалып қоя берді. Шындығында, бұл біз үшін күтпеген жай еді. Сондықтан болар, мен осынау музейге жақындаған сайын өз үйіме келе жатқандай сезіндім. Сөйтіп, еңсем көтеріліп, музей табалдырығын іштей мақтанышпен аттадым. … Музейдің енді бір көрнекті жерінде «Абай мүйісі» бар екен. Онда Абайдың қолдан салынған шағын көлемді портреті мен домбыра ілулі тұр. Домбыраның бетінен: «Гетенің Азиядағы тұңғыш аудармашысы ақын және композитор Абай «Түңгі кезбе әніне» арнаған әуенін осындай ұлт аспабымен шығарған» деген жазуды орыс және не0міс тілдерінде оқыдық. Оның бір жағындағы аппақ мәрмәрға «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңі қазақ тілінде қашалып жазылыпты. Музей қызметкері осы тақта алдында бөгеліп, оның пайда болу тарихымен таныстыра бастады»... Мен музейден ұзай бергенде іштей «Европаның осы бір түкпірінде қазақ рухы да ұя салған-ау» деген ойда болдым. …» деп жазған.
Жазушы Қалмұқан Исабай
Осы мақаладан-ақ байқап отырмыз, Қалмұқан ағамыздың бастауымен(1979 ж. 22 шілде) осы мұрағаттың сақталып келе жатқанын, жылына осы мұражайда шамамен 60-70 мың адам Абай әнін тыңдап, оның неміс ұғымына да жат емес екендігін айқындайды. Тақтайшадағы бұл мәңгі өшпес өлеңдер – екі елдің арасындағы, мемлекет пен мемлекет арасындағы өз-ара мәдени байланыстың жалғастығы екенін айту керек. Әр ғасырда өмір сүрген ұлылардың рухани дүниелерінің, озық ойларының жалғастығы десек болады. Сонымен қатар жазушының бастамасымен 2000 жылы Берлиннің бір көшесіне Абай аты берілді.
Қорытынды. Абай әндері бұл күндері қазақтың музыка мәдениетінің алтын қорына енді. Жүрекке жақын, көкірекке жылы ұялаған Абайдың әсем әндері үй-іші ортасында, үлкен мерекелер мен концерттерде жиі орындалып жүр. Мұның өзі Абай творчествосына деген халқымыздың өлшеусіз махабатының дәлелі.
.Абайдың әндері өлмейтін өміршең әндер. Ол өмірді жырлаған. Өмір дегеніміз айнала қоршаған табиғат, жанымыздағы адамдар, көңіл-күйіміз, сезіміміз, қарым- қатынасымыз. Яғни, Абай әндері өзімізді қоршаған ортадағы әсемдікті, ізгі қасиеттерді бойға сіңіре білумен қатар өмір сүруге тәрбиелейді.
Қолданылған әдебиеттер:
1. А.Құнанбаев. Қазақтың мемлекеттік «Көркем әдебиет» баспасы, 1957ж.
2. Абай педагогикасы «Келешек - 2030» Көкшетау, 2003
3. Абай қара сөздері «Көшпенділер» баспасы Алматы, 2007
4. Қазақ әдебиет экциклопедиялық анықтамалық «Аруна» баспасы, 2007
5. «Шапағат нұр» журналы 2006

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген