жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғылыми жұмыс. Асқабақтың пайдасы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Кершетас ауылы Қ.Жандарбеков атындағы жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесі.
Ғылыми жұмыс
Тақырыбы: «Асқабақтың пайдасы»
Бағыты: «Салауатты табиғи орта», «Қазақстан-2050»
Секция: Дүниетану
Орындаған: 4 «Ә» сынып оқушысы Жақыпбек Айгерім Ғаниқызы
Жетекшісі: Копжасарова Индира Камбарбековна бастауыш сынып мұғалімі.
2018-2019 оқу жылы
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Кершетас ауылындағы
Қ.Жандарбеков атындағы жалпы орта мектебінің 4 «Ә» сынып оқушысы Жақыпбек Айгерім Ғаниқызының «Асқабақтың пайдасы» атты ғылыми жұмысына
Пікір
Оқушының «Асқабақтың пайдасы» атты ғылыми жобасы асқабақтың өзіндік құпия сырларын ашуға, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтары мен шипалық қасиеттерін танытуға арналған.
Зерттеу жұмысында оқұшы оның өзіндік ерекшеліктеріне сипаттама бере отырып, оның жер бетіне таралуы туралы кеңінен талдау жүргізеді, асқабақтың адам ағзасына тигізетін пайдасына нақты мәліметтер келтіре отырып сипаттама жасалған. Оның адам өмірінің денсаулығын жақсартуда көптеген шипалық қасиеттерінің қыр-сырын ашып көрсеткен. Асқабақтың кеңінен таралған түрлеріне анықтама бере отырып әрқайсысын жүйелеп, талдаған.
Зерттеуші асқабақтың пайдалы жақтарын, емдік қасиеттерін танытуда көптеген еңбектермен, интернет материалдарымен таныса отырып, одан жасалатын тағамдардың сырын ашуға тырысқан.
Жалпы алғанда ғылыми жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.
М. Әуезов ат.ОҚМУ
п.г.к., аға оқытушы:
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Кершетас ауылы
Қ.Жандарбеков атындағы жалпы орта мектебінің 4 «Ә» сынып оқушысы Жақыпбек Айгерім Ғаниқызының «Асқабақтың пайдасы» атты ғылыми жұмысына
Аннотация
Осы ғылыми жұмыста мектеп оқушыларына қызық болған асқабақ жайында көптеген қызықты мәліметтер жинақталған. Асқабақтың адам денсаулығына пайдасы туралы жан-жақты қарастырған. Тағам, дәрумен, ем ретінде қолдануы туралы деректер жиналған.
Ғылыми жетекші осы мектептің
бастауыш сынып мұғалімі: Копжасарова И.К
Туркестанская область, Тюлькубасский район, село Кершетас, средняя школа имени К.Жандарбекова, небольшой исследовательский проект на тему «Польза тыквы» от ученицы 4 «Ә» класса Жакыпбек Айгерим
Аннотация
В этой научной работе рассмотрено тыква, которая заинтересовала учащихся начальной школы. И учащиеся предоставляют много интересной информации о тыкве. Тыква предоставляет комплексные преимущества для здоровья человека. Как продукт питания, как витамин, и как применяемое средство в лечении многих заболевании.
Руководитель-учитель
начального класса: Копжасарова И.К
Turkestan region, Tulkubas district, Kershetas village, secondery school nomed after K.Zhandarbekov, scientific work on the theme «The benefits of pumpkin» a pupil of 4 «Ә» form Zhakypbek Aigerim
Annotation
In this scientific work reviewed by a pumpkin, which is interested in primary school pupils. And pupils provide a lot of interesting information about the pumpkin. Pumpkin provides comprehensive benefits to human health. As a food product, such as vitamin, and as an applied agent in the treatment of many diseases.
Head of scientific work
Primary school teacher: I.K.Kopzhasarova
Қ.Жандарбеков атындағы жалпы орта мектебінің 4 «Ә» сынып оқушысының ғылыми зерттеу жұмысы жайлы
КҮНДЕЛІГІ
(2018 жыл)
|
№ |
Атқаратын жұмыс тізімі |
Мерзімі |
Жетекші қолы |
Нәтижесі |
|
1 |
Ғылыми жұмыстың тақырыбын айқындау мақсатында ғылыми жетекшімен кеңесу, пікірлесу. |
Қаңтар-ақпан 2018 ж |
|
«Асқабақтың пайдасы» зерттеудің тақырыбы болып бекітілді. |
|
2 |
Ғылыми жетекшімен үнемі кеңесе отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу. |
Наурыз –сәуір 2018 ж |
|
Жұмыстың мақсатымен, міндетімен таныстым. Орындау барысы тұралы мағлұмат беріп, пайдаланатын әдебиеттерді көрсетіп берді. |
|
3 |
Зерттеу тақырыбы негізінде интернет, баспа материалдарымен танысып, олардың ішінен қажеттілерін іріктеу. |
Мамыр-тамыз 2018 ж |
|
Берілген материалдармен танысып, өзіме қажетті мағлұматты алдым. |
|
4 |
Ғылыми жетекшіден кеңес алу. |
Қыркүйек-қазан 2018 ж |
|
Қажетті материалдарды жинақтап, саралап-жүйеледім |
Тақырыбы: Асқабақтың пайдасы.
Біздің жобамыздың басты мақсаты- асқабақтың пайдасын зерттеу, адамдардың оны қандай жағдайларда пайдаланатынымен кеңірек танысу.
Жобаның міндеттері:
1. Асқабақтұқымдастар сипаттамасы
2. Асқабақтың емдік қасиеттері
3. Асқабақ дәнінің пайдасы
Зерттеу нысаны- адам
Зерттеу заты- асқабақ
Зерттеудің өзектілігі- біз асқабақты күнделікті өмірде жиі қолданылғанымен,оның көптеген пайдасын,өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз.
Зерттеудің болжамы-егер біз асқабақ жайлы көбірек оқып білсек, онда асқабақтың көптеген сырларын ашар едік.
Зерттеу әдістері
- ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;
- бақылау;
-зерттелген нәтижеге талдау жүргізу.
Пікір
Оқушы Жақыпбек Айгерім «Асқабақтың пайдасы» атты шығармашылық зерттеу жұмысына пікір білдіре отырып, жұмыстың сапалы жасалғанын айтуға болады. Зерттеу жұмысының берері көп екеніне көзім жетті. Шығармашылық зерттеу жұмысында асқабақтың халықтық ем мен медицинадағы қолданысы, оның пайдасы, химиялық, биологиялық құрамы айтылып, жұмыс кызықты мәліметтермен толықтырылған. Зерттеуші Айгерім өз жұмысын қорыта келе, асқабақтың пайдасын дәлелдеуде пайдалы шырын жасап көрген.
Пікір беруші: Бастауыш сынып мұғалімі
Копжасарова Индира Камбарбековна
Мазмұны
Кіріспе................................................................................................................
1. Теориялық бөлім.........................................................................................
1.1. Асқабақтың шығу тарихы..........................................................................
1.2. Асқабақтың сипаттамасы..........................................................................
1.3. Асқабақтың пайдасы..................................................................................
1.4. Асқабақтың құрамы....................................................................................
1.5. 1.5. Асқабақ дәнінің пайдасы.........................................................................
1.6. Асқабақты қалай сақтау керек?...................................................................
2. Практикалық бөлім1.7. Асқабақтан жасалатын тағамдар................................................................
ІІІ.Қорытынды.................................................................................................
Пайдаланған әдебиет тізімі...............................................................................
І.КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Болса да табиғаттың бір есебі,
Әлсіздер күштіменен теңеседі.
Мәңгілік мызғымайтын тас қой десең,
Тасты да, жарып шығып гүл өседі.
Ақын ағамыз жырлағандай, адам да табиғаттың бір бөлігі. Адамға қажет дәрі – дәрмек, киім – кешек, тамақ түрі табиғаттан алынады. Қазіргі таңда жер бетінде өсімдіктердің 500 мыңға жуық түрі бар екен. Өсімдік, ол – тіршілік, ол - өмір, ол –жердегі барлық тірі ағзаларға өмір беріп тұрады. Бүгінгі тақырыбымызға арқау болып отырған асқабақ жидегі адам денсаулығына пайдалылығы жағынан өзге жеміс-жидектер мен көкөністерге қарағанда дәрумендерге аса бай.
Асқабақ бірнеше мың жылдар бойы өсіріліп келе жатқан өсімдік болып табылады. Америкадан таралған және шамамен 20 шақты сорты бар деп есептелінеді. 100 г асқабақта 19 ккал бар. Құрамында жасанды талшық, ақуыздар, каротин, кальций, темір, магний, фосфор және А, В1, В2, РР және С дәрумендері болады.
Құрамындағы жасанды талшықтың, судың және жасұнықтың көп мөлшерінің арқасында, асқабақты арықтауға себепші болатын ем - дәмдерді жиі қолданылады. Ағзадағы ас қорыту үдерістерін тездетеді, уыттардан тазартады, зат алмасудың артық өнімдерін жояды және су тепе - теңдігін реттейді. Минералды тұздарға және дәрумендерге бай. Жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге көмектеседі. Несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт айдағыш қасиеті бар және дәндері паразиттерді жояды.
Бақша өсімдіктерінің негізгі ерекшеліктері – шөптекті бір жылдық өмсімдіктер. Қазақстанда асқабақ тұқымдастарға жататын көпжылдық өсімдіктің бір түрі Қаратау маңында кездеседі. Ол құтырған қияр деп аталады. Өркендері шырмалып немесе төселіп өседі, яғни олар – жатаған сабақты өсімдіктер. Бұлардың сабағында мұртшалары бар. Асқабақ тұқымдастар тропиктік, субтропиктік елдерде таралған.
Асқабақ тұқымдастар бақшада өсірілетін мәдени өсімдіктер болып саналады. Бұлар - жемісі ең ірі өсімдіктерге жатады. Жемісінің салмағы 100 килограмға жететін түрлері де бар.
Асқабақ - ірі жемісті тағамдық, дәрілік, малазықтық және сәндік, біржылдық шөптекті өсімдік. Оның ұзындығы 5 метрге дейін жететін жатаған сабағы болады. Бес қырлы сабағына тікенектер өскен. Жай жапырақтарына қарама-қарсы орналасқан мұртшасы бар. Мұртша түрін өзгерткен өркен, жатаған сабағы нәзік болғандықтан, жан-жағындағы басқа өсімдікке оралуға тірек үшін қажет. Жапырағы - ірі, тақтасының жиегі 5 салалы тілімделген жай жапырақ. Гүлі – дара жынысты, бірүйлі, жапырақ қолтығында жеке-жеке өседі. Аталық гүлдер - ұзын гүлсағақтарда, аналық гүл қысқа гүлсағақтарда болады.
Ғылыми жобаның мақсаты: Асқабақ дақылын зерттей отырып оның емдік және пайдалы қасиеттерін білу, өсіру, қорғау жолдарын қарастыру.
Міндеттері:
1. Асқабақтың шығу тегімен және түрлерімен таныстыру.
2. Емдік мақсаттағы және басқа да пайдалы қасиеттерінің маңыздылығын білу.
3. Асқабақтан жасалатын тағамдардың жасалу жолдарын көрсету.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Асқабақтың шығу тарихы
Асқабақ – ежелден егілетін өсімдік. Асқабақтың жабайы түрі табиғатта кездеспейді. Ол біздің заманымыздан 3000 жыл бұрын Мексикада мәдени дақыл ретінде өсіріле бастаған. Асқабақтың Қазақстанда 9 түрі таралған. Қазір кәдімгі асқабақ еліміздің барлық аумағында өсіріледі. Біздің елде асқабақтың үш түрі: қатты қабықты, ірі жемісті және мускат өсіріледі.
Қатты қабықты асқабақ Орталық Америкалық таулы аудандарынан шыққан. Асқабақтың басқа түрлеріне қарағанда, оны солтүстік аудандар өсіреді. Ол ылғалды топырақты көбірек қажет етеді, қатты қабықты асқабақтың сабағы өткір, қырлы, салалы, жеміс сабағы тікенді, түкті келеді. Асқабақ егісінде гүлдерді қосымша тозаңдатады, ал солтүстік аудандарда суық түсерден бір ай бұрын өркендерді тұқыртады.
Асқабақтардың Алтайская, Мозолеевская, Бирючекутская, Миндальная, Столовая зимняя, Кашкарская, Палавкаду сияқты сорттары бар.
Асқабақты тағам ретінде пайдалану сонау ерте замандардан басталған.
Өйткені, археологиялық қазба жұмыстары асқабақтың осыдан үш мың жыл бұрын пайдаға асырылғандығын анықтады. Оның дәндері перулік үндістердің табыттарынан табылған.
Ежелгі Грек және Рим тұрғындары кепкен асқабақтарды сұйықтықтар құятын ыдыс ретінде қолданған. Орыстардың 1926 жылы жасаған экспедициясының нәтижесінде жабайы асқабақтар Африканың солтүстігіндегі мекендерден табылған екен. Ғалымдардың болжамы бойынша, асқабақтың отаны – Африка. Ол күллі әлемге сол жерден таралған.
1. 2. Асқабақтұқымдастар сипаттамасы
Асқабақ – көп күн талғамайтын, ексе бау - бақшаның бәрінде өсе беретін бір жылдық өсімдік. Сабағы жерге жатып, желі тартып өседі. Жапырағы ірі, гүлі сары, жемісі әр түрлі, кейде ересек адамның құлашы жетпейтіндей үлкен болып өседі. Асқабақ тұқымдастардың ұзын сабақты, жай жапырақтары болады. Гүлдері жапырақ қолтығында, шашақты гүлшоғыр түрінде немесе жеке өседі. Көпшілігі даражынысты, кейде қосжыныстылары да кездеседі. Асқабақ тұқымдастардың гүлінде жіңішке 5 тостағанша жапырақшалары, 5 тұтасқан күлтесі бар. Аталығы 5 - еу, оның 4 - еуі тұтасып, екі - екіден біріккен. Бір аталығы бос тұрады. Кейде 5 аталық тұтасып, гүл ортасында ғана түзеді. Аталық тозаңдағы имек. Аналық жатыны үш ұялы. Жемесі - қабақ. «Қабақ» деген - өсімдіктердің сырты қатты, шырынды жеміссерігі болатын жидектес жемісі.
Құрамында жасанды талшық, ақуыздар, каротин, кальций, темір, магний, фосфор және A, B1, B2, PP және C дәрумендері, ағзадағы зат алмасу процесін жеделдететін Т және қанның ұюына ықпал ететін К дәрумендері, калий, кальций және темір бар. Құрамында дәрумендердің көптігінен болар, ол мың бір ауруға ем боларлық көкөніс деп есептеледі
-
3. Асқабақтың пайдасы.
Ал, ғылымға құлақ түрсеңіз, асқабақты зұлым күштерге қарсы қолдана алмағаныңызбен, ерте қартаюға, түрлі ауруларға қарсы пайдалануыңызға әбден болады. Нақтыласақ:
Біріншіден, асқабақтың құрамында темір бар. Яғни, оны қаны аздықтың алдын алу мақсатында пайдалана аласыз. Темірмен қатар, асқабақта басқа көкөністерде кездесе бермейтін К және Т витаминдерінің болуы да қан құрамына оң ықпалын тигізеді. Т витамині тромбоциттердің түзілуі үшін қажет зат болса, К витамині де қан құрамындағы түзілістерге әсер етеді.
Екіншіден, асқабақ ағзадағы зат алмасу процестеріне оң ықпалын тигізеді. Мысалы, жоғарыда аталған Т витамині зат алмасу процесін жеделдетеді, сол арқылы семіздіктің алдын алуға жәрдемдеседі.
Асқабақ құрамындағы пектиндер — холестериннің «жауы». Сондықтан дәрігерлер оны атеросклероздың алдын алу мақсатында да пайдалануға кеңес береді.
Үшіншіден, асқабақ — каротинге бай көкөністердің бірі. Ал каротиннің көздің көру қабілеті үшін аса қажет зат екені белгілі. Сондай-ақ, ғалымдардың айтуынша, каротиннің онкологиялық аурулардың алдын алуға септігі тиетін қасиеті де бар.
Төртіншіден, ежелгі Үндістанда асқабақ жастық шақты ұзартатын көкөніс саналған екен. Бүгінгі ғылым мұны асақабақ құрамындағы Е витаминімен байланыстырады: бұл витамин күшті антиоксидант боп табылады.
1.4. Асқабақтың құрамы.
Асқабақ құрамында Е витаминінен өзге, С және В тобы витаминдері бар.
Микроэлементтерге келсек, асқабақ жұмсағында жоғарыда аталған темірден өзге, магний, калий, кальций, фосфор және фтор бары анықталған.
Жалпы, асқабақтың 100 грамында: 5,1 мг Е витамині; 400 мг каротин; 450 мг кальций; 43 мг С витамині; 0,07 мг В1 витамині және 0,09 мг В2 витамині бар.
Асқабақтың шипалық қасиеттеріне тоқталсақ, жүрек әлсіздігінен жүдеген-дерге ем ретінде қолданылатын асқабақтың ішіндегі жұмсақ жерін, яғни «етін» дәрігерлер отқа немесе суға күйген науқастарға жарасын таңуға кеңес береді.
Асқабақ көру қабілеті нашарлағандарға, қаназдықтан жапа шегетіндерге көмек бере алады. Құрамындағы жасанды талшықтың, судың және жасұнықтың көп мөлшерінің арқасында артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін де таптырмайтын ем.
1. Ішек құртынан құтылғыңыз келсе......
200 грамм кепкен, өткен жылғы тазаланған, ұсақталған асқабақтың дәні, 100 грамм какао, аздаған қант, бірнеше тамшы су құйып араластырып, жұқа 20 шелпек жасап, қант себеді. Бірінші күні ештеңе ішіп - жемеу керек. Ертеңіне таңертең 1, 5 - 2 үлкен қасық касторка майын ішіп, шелпек жеңіз, әр минутта біреуден бітіргенше, құрттар тез шығады. 200 грамм асқабақ дәнін итбүлдіргеннің шырынымен араластырып, қою ботқа жасайды. Кешке жатарда тұздалған балық жеп, таңертең ботқаның жартысын жейсіз, тағы 1 сағаттан соң қалғанын жеп, 2 сағат жату керек. Сағат таңертең 8 - де 1 үлкен қасық касторка майын ішкен жөн.
Сондай - ақ жусанның жапырағы мен асқабақтың дәнін бірдей мөлшерде алып, бөтелкеге арақ құйып, 1 апта жылы жерде не күннің көзіне тастайды. Аш қарынға күніне 2 рет 50 грамнан ішеді, құрттар шығады.
2. Жүрек ауру.
Жүрек - тамыр аурулары мен бүйректің әр түрлі аурулары үшін пайдалы. Асқабақтың калориялығы төмен, сондықтан одан жасалған тамақтар семіздіктен зардап шегушілер мен толысуға икем адамдар үшін пайдалы. Асқабақты асқазан мүшелері ауырған кезде емдік тағам ретінде пайдаланады, өйткені, онда клетчатка мен органикалық қышқылдар аз, ал мұның өзі ішектің шектен тыс ауруына жол бермейді, ішек пен қарынның шырышты қабығын түршіктірмейді.
3. Бөртпеге, безеуге, экземаға, қабыну процестеріне, күйік пен үсікке қарсы.
Жас асқабақтың үгілген жұмсағы денедегі бөртпеге, безеуге, экземаға, қабыну процестеріне, күйік пен үсікті басады. Дәндерінің қайнатпасын гельминтоздарды емдегенде қолданады. Асқабақ ағзаны шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады. Несеп жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге көмектеседі. Несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт айдағыш қасиеті бар және де паразиттерді жояды
4. Ұйқысыздыққа қарсы сусын
Ұйқысыздық мазалаған жағдайда да асқабақтың көмегіне жүгіне аласыз. Ол үшін асқабақ қайнатылған суға бал қосып, араластырыңыз. Жатар алдында стаканның үштен біріндей ғана мөлшерде ішу керек.
Асқабақ қуықта тас жиналмауы үшін де пайдалы саналған. Бұл оның құрамында су мен калийдің мол болуымен түсіндіріледі.
Жиі іш қатқан жағдайда, асқабақты шикі күйінде пайдаланады: 250-300 гр асқабақты үккіштен өткізіп, үшке бөліп, күніне үш рет, тамақтан бұрын жеу керек.
5. Теріге кіре өскен тырнақ
Бас бармақтың қисық өскен тырнағы теріге кіре өсуі аяғыңызды ауыртып,мазаңызды алуы мүмкін. Асқабақтың ішінен бір бөлігін тіліп алып,тырнақ үстіне қойып,полиэтилинмен қаптап орап тастау керек. Сол оралған аяқпен 2 күн жүреді.Үшінші күні тері жұмсарып,тері ішіне кіріп кеткен тырнақ оңай алынады.
1.5. Асқабақ дәнінің пайдасы
Кукурбитиннің пайдасы
Әсіресе, асқабақ дәні емдік мақсатта кеңінен қолданылады. Ғасырлар бойы оны ішек құрттарына (глист) қарсы дәрі-дәрмек орнына пайдаланған.
1.Ішек құртымен күресе алады.
Асқабақ дәнінің 300 грамын ұнтақтап, үстінен бал қосып, әбден араластырады. Мұны бір сағат бойы аз-аздап қана аш қарынға жеу керек. Ал 4-5 сағаттан кейін майсана (кастор) майын ішіңіз.
Асқабақ дәнінің ішек құрттарына қарсы қасиетін ғылым да мойындайды. Мұның сыры оның құрамындағы кукурбитин аталатын затпен байланыстырылады.
2.Асқабақ дәнінің құрамында мырыш көп.
Ал бұл элемент жетіспеген жағдайда, ағзаның тартар зардабы аз емес: шаш түседі; бетке безеу қаптайды; сондай-ақ мырыш тапшылығы ойлау қабілетіне, көзге, ас қорыту мүшелерінің жұмысына кері әсерін тигізеді. Сондықтан мамандар ағзада мырыш тапшылығының алдын алу мақсатында да асқабақ дәнін жиі пайдалануға кеңес береді.
3. Асқабақ дәні 28 пайыз белоктан тұрады. Бұл оның құнарлылығын арттырады. Асқабақ дәнінен даярланған «Тыквеол» дәрісі медицинада бауыр ауруларын емдеуге, сондай-ақ биологиялық белсенді қоспа ретінде де қолданылады. Ал асқабақ дәнінен әзірленген май туберкулез, ішек дерттеріне қарсы пайдаланылады.
Ескерту!
Асқазан-ішек жолдары қатты бұзылған, ішек жолдары зақымданған,асқазан шырынының қышқылдығы жоғары адамдарға асқабақ дәнімен әуестенбеуге кеңес беріледі.
Сөйтсе де, асқабақты емдік мақсатта пайдалану үшін, міндетті түрде дәрігермен кеңесу керектігін ескертеміз. Мысалы, асқазан жарасы бар, т.б. созылмалы дерттерге шалдыққан жандар асқабақты өте аз мөлшерде ғана пайдалана алады.
1.6. Асқабақты қалай сақтау керек?
Басқа көкөністерге қарағанда, асқабақтың бір артықшылығы — ұзақ сақталатыны. Асқабақ бөлме ішінде де бірнеше ай бұзылмай сақталады. Сөйтсе де, құрамын-дағы пайдалы заттар өз қасиетін жоймас үшін, асқабақты қоңыр салқын (+15 пен +2 градус аралығында), қараңғы,құрғақ жерде сақтаған жөн. Асқабақты сақтағанда, күн сәулесі тікелей түспейтін жер таңдап алыңыз. Сондай-ақ асқабақтар бір-біріне тақалмай, аралары ашық тұруы тиіс.
1.7. Асқабақтан жасалатын тағамдар
Пайдасына көз жеткіздік. Үйде асқабақты көбіне мантықазанға салып, буға немесе суға қайнатып жеуді бәріміз де білеміз. Ал оны фарыштап, арнайы пешке салып пісіріп жеуді білесіз бе? Білмесеңіз үйретейік. Бұл ас әрі пайдалы әрі дәмді, тіпті қонаққа ұсынар ерекше мәзіріңіз боларына сенімдіміз.
Асқабақтың сыртын жуып, ортасын ойып, ішіндегі пістелерін тазалаймыз.
Алдын ала жуып, тазаланған күріш, ұсақталған ет, пияз, тұз, түрлі дәмдеуіштер қосылып дайындалған фаршты саламыз. Ескерте кетейік, фаршты өз қалауыңыз бойынша дайындауға да болады. Мысалы, мейіз қосып, ұсақталған картоп, сәбіз, тіпті қызанақты турап араластырсаңыз да болады. Бұл тәбетті ашар ас болуына мүмкіндік бермек.
Ескерту: Асқабақтың ортасына салынатын ет, пияз, түрлі дәмдеуіштерді алдын ала аз ғана майға бір қуырып алуға да болады.
Ішіне фарш салынып болған соң, ортасын ойып қойған абзал. Ойыққа мөлшерлеп су құйыңыз. Ол күріштің пісуі үшін қажет. Болмаса күрішті алдын ала суға бір қайнатып алып ет, картоптармен араластыруға да болады. Бұл асыңыздың тез пісіп, шикі болып қалмауына кепілдік бермек.
Дайын болған асқабақты газ плитаның астыңғы пешіне, болмаса түрлі электрлі пештерге салып пісіруге болады.
Ескерту: пештегі асқабақтың сыртқы қабығы қызарып, күйіп бара жатқандай болуынан қорықпаңыз. Солай болуға тиісті. 25-30 минуттан соң шанышқымен немесе асханалық істікпен шұқып тексеріп көруге болады.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келе, әрбір өсімдікті егіп, көп өнім алуға, тағамдық жағына емес, сонымен қатар шипалық, емдік, дәрілік қасиеттетерін пайдалана отырып адамдарға ұсынамын.
«Бабын тапсақ, байлық жерде» деп халық бекер айтпаған. Жалпы, халық медицинасына пайдаланып келген шипалы шөптермен емдеу мәселесі бүгінгі таңда өзіндік назар аударуды талап етер мәселе болып саналады.
Асқабақ – ірі жемісті тағамдық, дәрілік, малазықтық және сәндік, біржылдық шөптекті өсімдік. Оның ұзындығы 5 метрге дейін жететін жатаған сабағы болады. Бес қырлы сабағына тікенектер өскен. Жай жапырақтарына қарама-қарсы орналасқан мұртшасы бар. Мұртша түрін өзгерткен өрнек, жатаған сабағы нәзікболғандықтан, жан-жағындағы басқа өсімдікке оралуға тірек үшін қажет. Жапырағы – ірі, тақтасының жиегі 5 салалы тілімденген жай жапырақ. Гүлі дара жынысты, бірүйлі, жапырақ қолтығында жеке-жеке өседі.
Асқабақ жыл санауға дейін 3 000 жыл бұрын Мексикада мәдени дақыл ретінде өсіріле бастаған. Қазір кәдімгі асқабақ еліміздің барлық аумағында өсіріледі. Кәдімгі асқабақтың сан алуан іріктемелері «қауақ, бәлішқауақ» бар. Асқабақ тұқымдастар азықтық, дәрілік және техникалық мақсатта өсіріледі.
Мен осы асқабақтан «Шипагер» шырынын дайындадым. Асқабақ шырынына дәнінде қосамын. Асқабақ шырынына сәбіз бен дәміне қарай балда қосамын. Бұл шырынды қыста дайындап үнемі пайдаланып отырамыз. Бұл асқорыту жүйесін тазалап, көздің жақсы көруін жақсартады.Іш қатқан кезде пайдалы.
Ұсыныс
1.Асқабақтың құрамында адам ағзасына қажетті дәрумендер көп болғандықтан асқабақтың түрлері жерімізде көптеп өсірілсе
2. Асқабақтың емдік қасиеттері баспа беттерінде, теледидарда кеңінен насихатталса
Пайдаланған әдебиет тізімі:
1.Қ.Қайымов. Қызықты зоология.- Алматы: «Мектеп», 1974
2.Қ.Қайымов. Биология Алматы. Атамұра 2003 ж
3. Пайдалы кеңестер. 2/2011 24-бет
4. Бала тәрбиесі. 10.2013 48-бет
5. Пайдалы кеңестер. 10/2013 21-бет
6. Пайдалы кеңестер. 09/2009 24-бет
3

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген