Ғылыми жұмыс «Жүзім өсімдігінің ерекшелігі » 9 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жұмыс «Жүзім өсімдігінің ерекшелігі » 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пәнінің өсімдіктану саласы бойынша және тағам құрамының пайдасы тақырыптарына пайдалануға болады. Жұмыс жүзім өсімдігін күтіп-баптау жолдары мен өсімдіктің адам ағзасына тигізер пайдасын танып білуге арналған.Жүзім өсімдігін зерттей отырып емдік ерекшеліктерін тиімді пайдалану және оның адам ағзасына пайдалы қасиеттерін,ерекшеліктерін насихаттау жолдарына назар аударылған.Көптеген аурудың алдын-алуға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі


Атырау облысы,Индер ауданы.


М.Сиранов атындағы орта мектеп




Қалданова Гүлден

9-сынып



«Жүзім өсімдігінің ерекшелігі »



Ғылыми бағыты:«Таза табиғи орта – Қазақстан-2030 стратегиясын іске

асырудың негізі»




Секциясы: «Биология»








Жетекшісі: I санатты биология пәнінің

мұғалімі: Сәрсенғалиева Г.М.











Атырау-2014


М.Сиранов атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы

«Жүзім өсімдігінің ерекшеліктері» тақырыбында

ғылыми жобалар байқауына қатысушы

Қалданова Гүлденнің жұмысына жетекшісінің





Пікірі


Жұмыс жүзім өсімдігін күтіп-баптау жолдары мен өсімдіктің адам ағзасына тигізер пайдасын танып білуге арналған.

Орындаушының мақсаты:

Жүзім өсімдігін зерттей отырып емдік ерекшеліктерін тиімді пайдалану және оның адам ағзасына пайдалы қасиеттерін,ерекшеліктерін насихаттау жолдарына назар аударған.

Жұмыс орындаушы:

Жүзім өсімдігін пайдалану арқылы көптеген аурулардың алдын алуға болатындығын,6-сынып бағдарламасына қосымша жүзім тұқымдасының ерекшелігін оқып-білуге мәліметтер бере білген.






Пікір жазған: І санатты биология пәні мұғалімі

Сарсенгалиева.Г.М.

















Аңдау хат

Зерттеу мақсаты: Жүзім өсімдігінің өсіру ерекшелігіне, түрлеріне сипаттама беру.

Гипотеза:Жүзім өсімдігін пайдалану арқылы көптеген аурулардың алдын-

алуға болатындығы зерттелген.

Зерттеу кезеңдері: Тақырыпты зерттеудің барысында орындаушы тиісті

әдебиеттермен танысып, оған қажетті материалдар жинақтаған.

Зерттеу әдістемесі: Жүзімді үй жағдайында өсіру, пайдалану арқылы әр түрлі аурулардың алдын-алу жолдары қарастырылған.

Зерттеу жұмысының міндеттері :

-жүзім өсімдігінің тарихымен танысу;

-жүзім өсімдігінің құндылығын дәріптеу;

-жүзім өсімдігінің адам денсаулығына пайдасын көрсету.

Зерттеу жаңалығы: Үй жағдайында жүзім өсімдігінің пайдасының экономикалық жағдайы математикалық жолмен есептелген.

Зерттеу нәтижесі: Теориялық жолмен алынған білім сарамандық жолмен зерттеліп, жүзім өсімдігін пайдалануда оның құрамы мен әр түрлі аурулардың алдын-алу жолдары қарастырылған.Өзіндік ой- пікір жасау,зерттеу дағдысы шәкірт ойына қалыптаса бастаған.


























Abstact

Aim research: Plant of Vine description gives to the feature, to the kinds increase.

Plant of hypothesis:Vine patients, that increased through the use,to take investigated be.

Pores research: In motion research a performer touched of theme

becoming acquainted by literatures, necessary him materials summarized.

Methodology research: In the state of house to grow Vine, through the use different sick examined lines.

Duties of work research:

  • to meet by history plant of vine;

  • value plant of vine to talk;

  • to the health of man plant of vine to specify benefit.

News research: In the state of house economic the state benefit plant of vine was mathematical line counted.

investigates result : Theory travelling is taken knowledge travelling investigated, vine plant uses me composition me different sick line is examined.Squeeze out to do opinion, skill research student skill research formed began




























Мазмұны:

Ι.Кіріспе бөлім:..........................................................................................1-2 бет

Жүзімнің шығу тарихы.


ΙΙ.Негізгі бөлім:..........................................................................................2-10 бет

2.1. Жүзім өсімдігінің сорттары...........................................................2-3 бет

2.2.Үй жайында жүзімді өсіру және баптау........................................3-4 бет

2.3.Жидек дақылдарының зиянкестері мен аурулары,күресу шаралары.4-5б

2.4.Жүзімнің құрамындағы дәрумендер және оның емдік қасиеттері...5-7 б


ΙΙΙ.Қорытынды............................................................................................7-9 бет


IV.Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................10-бет


































Жоспары:

Ι.Кіріспе бөлім:

1. Жүзімнің шығу тарихы.

2. Жүзім өсімдігінің сорттары.

ΙΙ.Негізгі бөлім:

1. Үй жайында жүзімді өсіру және баптау.

2. Жүзімнің емдік қасиеттері.

3. Жүзімнің құрамындағы дәрумендер.

ΙΙΙ.Қорытынды.






Ғылыми жұмыстың мақсаты:

Жүзім өсімдігін зерттей отырып, оның пайда болуын, түрлері жайлы білу және оның адам ағзасына пайдалы қасиеттерін,ерекшеліктерін насихаттау.






Ғылыми жұмыстың міндеттері :



  • Жүзім өсімдігінің тарихымен танысу;

  • Жүзім өсімдігінің құндылығын дәріптеу;

  • Жүзім өсімдігінің адам денсаулығына пайдасын көрсету;















Кіріспе бөлім


Жүзім (Vіtіs) – жүзім тұқымдасына жататын өсімдік. Жүзімнің 70-ке жуық түрі бар. Жүзім өсіру біздің заманымызға дейінгі 5 мың жылдықта басталған. Көп өсірілетін аймағы негізінен – Кіші Азия. Жүзімнің шамамен он мыңдай түрі кездеседі. Қазақстанда дақылдық Жүзім (V. vіnіfera) өсіріледі. Зерттеушілер жүзім тұқымын тауып, 60 миллион жыл бұрын, яғни жер бетіне адамдар болмаған кезде жабайы жүзім болғандығын дәлелдеген. Қазіргі кезде 4000-нан аса мәдени түрі тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Жүзім өзінің жақсы қалыптасқан тамыр жүйесімен ерекшеленеді.

Өзге жеміс дақылдарына қарағанда күн сәулесін көп қажет етеді,әрі тез өседі.Жүзімнің тамыр жүйесі терең жайылады,сондықтан өзге дақылға жарамсыз жерге де өсіруге болады.Қанттылығы (20% - 22%) өзге жеміс дақылдарынан басым және ерте жеміс салады да (2-3 жылы),50-60 жыл бойы үздіксіз жеміс береді. Діңі – шырмауық тәрізді оралып өсетін өсімдік. Көп жылдық Жүзім сабақтары жуан, ал бір жылдықтары ұзын (3 – 5 м), жіңішке келеді. Жапырағы кезектесіп орналасқан, бүтін жиекті не тілімделген. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді. Айқас (жәндіктермен не желмен) немесе өздігінен тозаңданады. Жемісі – жидек. Жидегінің шырын құрамында: су (65 – 80%), фруктоза, глюкоза (15 – 35%), органикалық қышқылдар (4 – 11%), пектин (0,3 – 1,2%), минералдық заттар (0,3 – 0,6%) және С, В1, В2, РР витаминдері, провитамин А (каротин) бар. Дәнінен тағамдық және техникалық май алынады. Өңделген жүзімнен шарап, коньяк, шампан, сығынды қалдықтарынан этил спирті, сірке суы, шарап қышқылдары, т.б. заттар алынады. Піскен жүзім жемісі адамның ас сіңіруін жақсартып, зат алмасуын тездетеді. Жүзім дақылының жылдық тіршілігі екі кезеңнен (тынығу және вегетация) тұрады. Тынығу кезеңінде жапырақтары түсіп, қоректік заттар сабағына, тамырларына жиналады. Вегетация кезеңі Жүзім бүршік жара бастағаннан жемісі толық пісіп, жапырақтары түскенге дейін созылады. Жүзім тұқымынан және вегетативтік тәсіл арқылы көбейеді. Тұқымынан көбейту жаңа сорт шығару үшін қолданылады. Негізгі вегетативтік көбейту түрлері – сүректелген не жасыл бұтағын қалемшелеу, сабағын сұламалау, ұластыру, т.б. Екпе шыбықтарынан отырғызылған Жүзім 2- 3-жылы өнім салады. Жүзімдіктер 40 – 50 жылға дейін пайдаланылады

Сабақтарынан өсіп шығатын мұртшалары арқылы жүзім шырмалып өседі. Жапырақтары ірі, 3-5 салалы болады. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Жемісі шырынды, ішінде 1-4-ке дейін сүйекшелері болады. Кейбір мәдени түрлерінде сүйекшелер болмайды. Сұрыпына қарай жемісінің пішіні домалақ, ұзынша-сопақтау болады. Жемісінің түсі жасыл, сары, қызғылт-сары, күлгін т.б. болады. Жемістері шоғырланып өседі. Бір шоқта 100 данаға дейін жүзім болады. Дұрыс күтім жасалса, жүзім 50 жылға дейін жеміс береді. Жүзімді тұқымы, қалемшесі және ұластыру арқылы көбейтеді. Жүзімнің гүл шоғырлары өсіп келе жатқанда азотпен, жеміс өсе бастағанда фосфор және калий тыңайтқышымен қоректендіреді. Жүзім сабағын аспаларға өнімнің салмағын көтере алатындай берік жіппен байлау қажет. Өсу кезеңі ішінде жүзім сабағы жуандайтын болғандықтан, байлаған жіп сабақты қиып кетпуі үшін, кеңірек етіп байлау керек. Синтетика жіпті және сымды пайдалануға болмайды. Көктемде қырқу-кесу жұмыстары жүргізілмесе, онда күзде міндетті түрде жасау қажет, өйткені бұтақтары жиі болып кеткен жағдайда, жеміс беру сапасы нашарлайды. Жас жүзім адамның ас сіңірілуін жақсартып,зат алмасуын тездетеді.Жүзім шырыны әр түрлі ауруды (жүрек-тамыр ауруларын)емдеуге пайдаланылады.Дәнінен техникалық және тағамдық май алынады.Жел эрозиясына қарсы күресте және жеңіл құмдақ топырақты бекіту үшін де жүзім пайдаланылады.

Жүзім дақылының биологиялық қасиеті:

1.Күн сәулесін өте құнды пайдалануы.Соның арқасында жүзім жапыраққа көп қант мөлшері,адам организіміне қажетті құнды органикалық қосылыстар пайда болады.

2.Жүзімнің әртүрлі құнарсыз,құнды,тасты жерде,қоректік заттар мүлде жоқ жерде өсуі.Ол жүзімнің тамыр жүйесін тез,жақсы дамуын және өте терең жерлерден қоректік қажетті заттарды жеткізіп тұру қабілеттілігі.

3.Жүзім құрғақшылыққа төзімділігі жақсы дамыған тамыр жүйесінің арқасында қажетті жағдайда 15м тереңдікке дейін тамыры өсіп,жапыраққа,жидегіне қажет суды жеткізіп отырады.


2.1. Жүзім өсімдігінің сорттары.

Жүзімнің 6 мыңға жуық сорты белгілі,оның 50 жуығы (Жемчуг,Саба,ерте пісетін Алматы сорты,ақ және қызыл Чиляки,Мадлен Анжевин,Шалса, Королева виноградников,венгер мускаты,Дружба,Победа,

Гәзәлқара,Алигота,Қызғылт мускат,Рислинг,Құлжа жүзімі т.б.)Қазақстанда өсіріледі.

«Қолданылу ретіне қарай жүзім сорттары асханалық, шарап жасайтын, кептірілетін үш түрге бөлінеді. Ең жақсы әрі кең таралған (кейбіреуі шарап өндірісінде қолданылады) асханалық жүзім сорттары: Изабелла – жемісі қара көк түсті, дәмі қышқылтым–тәтті; Гамбург мускаты – жемісі қара, дәмді, хош иісті, ұзақ уақыт сақталады; Нимранг – алқызыл сары жеміс, бұл да ұзақ уақыт сақталады; ақ Хусайне – ашық жасыл ұзынша жеміс (халық арасында «қыз саусағы» деген атпен белгілі); Шасла мускатная – жұқа қабықты, жасыл-сары түсті, тіл үйірер дәмді әрі хош иісті жеміс; Тербаш – дәмі жағынан басқа сорттардан нашарлау, түсі жасыл жеміс, бірақ ұзақ уақыт, қыс бойы сақтауға болады».

Жүзімнің түрлері мен сорттары туралы ғылым – ампелография деп аталады. Жүзім өсірумен жүзім шаруашылықтары айналысады.Жүзімнің 5 мыңнан аса сорты белгілі, оның 2,5 мыңы ТМД елдерінде, 50-ден астамы Қазақстанда өсіріледі. Дәнінен тағамдық және техникалық май алынады. Өңделген жүзімнен шарап, коньяк, шампан, сығынды қалдықтарынан этил спирті, сірке суы, шарап қышқылдары, т.б. заттар алынады. Адам денсаулығына пайдалы дәру-мендер оның дәнегінде де бар. Сол себепті, жүзімді шайнап жейді. Жүзім түрге бай.

Адамдар дәнексіз жүзімді – кішміш деп атайды. Ал қара кішміш – ең жоғары сатыдағы жүзім сорты. Баян шіре – бұл жүзім сортынан шампан, коньяк, асхана шарабын жасайды. Асыл-қара – кеш пісетін жүзім сорты.


2.2.Үй жайында жүзімді өсіру және баптау.

Менің атам ертеден үй жанындағы бақшаға бірнеше жеміс ағаштарын еккен. Олар: шие,өрік, алхоры, алмұрт, алма және жүзім. Атам 2010 жылы жүзім ағашының ерте пісетін 2 түрінің алты қалемшесін Атырау қаласынан базардан алып келіп, 6 жерді дөңгелек қылып қаздым. Қазған жерге 1 шелек қара шіріндіні төктім. Үстіне 1 шелек жылы су құйдым. Сосын әр жерге біреуден жүзім талын отырғыздым. Егіп болған соң тағы 1 шелек жылы су құйдым. Бастапқы 2-3 жыл жүзім талы тек көктеп , жапырақтанып тұрды. Жаз аяқталып күз кезінде жүзім талдарын қыста үсіп кетпес үшін қалың бос шөппен бетін жауып тастадым. Жүзімнің түбін ашу мерзімін дұрыс білгеннің маңызы зор. Егер жүзім түбі ерте ашылса, үсіп кетуі ықтимал, ал кеш ашылса, шіріп кетуі мүмкін. Дұрысы, жүзім түптерін ашуға сөл жүре бастаған кезде кірісіп, бүршік бөрте бастағанға дейін аяқтау қажет.Жыл сайын көктемде шөптерін алып тыңайтқыштар сеуіп,түбін қопсытып су құйып отырдым.Егілген тал жыл сайын тамыры үлкейіп жуанданып одан бірнеше бұтақтар шықты.Атам екеуміз жүзім ағашының екі жанына ағаш қағып,оған көлденеңінен ұзын ағаш байладық.

Жүзім ағашы көктеген мезгілде әр буыннан жапырақтайды.Бір ағашының түбінен 7-8 тарам шығады.Соның әрбір талын бір-бірлеп қағылған ағашқа керіп байладым.Өйткені, жүзім ағашы жерде жатып өсе алмайды.Сондықтан қағылған ағаштар арқылы өсуіне жағдай жасалу керек.Көктемде артық талдарын кесіп,оны суға салып қойдым.10-15күннен кейін ол көктей бастайды .Сол кезде оны тағы жаңа жерлерге ектім.Егілген жеміс ағаштарымыз үш жылдан кейін өз өнімін бере бастады.Ең алғаш өнімі әр түбінен 4-5 кг-дай берді.Екінші жылдан бастап өнімін көбейтті.Ол қыркүйек айында толық пісіп жетіледі.Оны жинап апам шырындар,компоттар және басқа жемістермен қосып әртүрлі тосаптар жасайды.

Жүзім ағашының егілген жылы

Рет саны

Жүзімнің

аты

Егілген уақыты

Көбейту

тәсілі

1

Изабелла

2010

қалемшелеу

2

Ақ Хусайне

2010

қалемшелеу



Жүзімнен алынған өнімдерді пайдалану түрлері

Жүзімнің

атауы

Егілген

жылы

Өнім жиналған жылы

Өнім мөлшері


Пайдалану


Изабелла

Ж/е

Ақ Хусайне


2010

2013

20 кг

Кампот

Тосап

Шырын


Егуден бұрын алдын ала көшеттерді қарап тексеріп шығады. Зақымдалған суыққа шалдыққан жүзімнің көшеттерін табан тамырлары 50 см тереңдікте жататындай етіп көмеді.Жаңа жүзімдіктерді күтуге қойылатын басты талаптар: суару, топырақты құнарландыру.Жүзімді алаңына және топырақ жағдайларына қарай 8-10 рет суарылады.Жас жүзім бұталарын қарашіріндіден бірінші онкүндігінде бұтақтарын кеспей келесі жылы ерте көктемде жас жүзім бұталарын ашады.Жүзім танаптарын күтіп баптау ерекшеліктері Жас жүзімдіктердегі бағбанның негізгі міндеті – жүзімдердің жақсы өсіру,күтіп баптау,арамшөптерден тазарту және топырақты борпылдақ күйінде сақтау.Топыраққа су және жел эрозияларынан сақтауға арналған шараларды пайдалану.Түрлі аурулар мен зиянкестерге төзімділігі жоғары ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын себу.

2.3.Жидек дақылдарының зиянкестері мен аурулары,күресу шаралары

Жапырақ биті барлық жерде таралған.Бит жәндіктер мен бұталарда көбейеді.Олар жапырақтың астыңғы жағына және сабақ бұтақшасының жоғарғы ұшына топталып ұялайды.Зақымдану салдарынан жапырақтар ширатылып,сабақ бұтақшалар қисықтанып өсімдік өсу жағынан мүлдем артта қалады.

Жидектің бүршіктері көтерілгенге дейін 50% ДНОК-тың 1% ерітіндісін бүркеді.(1 л суға- 10 г)Бүршік жарған кезде және одан әрі өсімдікте бит көрінген сайын мына препаратпен бүркіп дәрілеу керек.0,2% анабазин сульфат ерітіндісі оған 2 есе сабын қосындысы (1 л суға 2 г препарат,4 г сабын) салып бүркеміз.Сонда жүзім биті жойылады.

Жүзімді сақтау

Сақтауға негізінен табиғи жағдайда өскен жүзімдерді таңдаған жөн. Жүзімнің ең жақсысы ұстағанда қатқылдауы, реңі ашықтары. Жасыл түстегі жүзім алынса, сәл сарғыштауын, қара жүзім алынса, қою түстісін таңдаған жөн. Жүзімді мүмкіндігінше сыртқы тозаңымен сақтай білген дұрыс. Сабағының құрғап қалғандығы – жүзімнің үзілгеніне біраз уақыт болғанын көрсетеді. Тез үзіле қоймауы жүзімнің сапасын білдіреді. Бір тал жүзімнің шіри бастауы тұтастай бір шоқ жүзімнің шіруіне алып келеді. Жүзімді сатып алғаннан кейін көп уақыт ұстамаған жөн. Жүзім міндетті түрде суық жерде сақталуы тиіс. Бөлменің жылылығы жүзімді тез солдырады. Жүзім тоңазытқышта бір-екі күн бойы бұзылмастан сақталып тұра береді. Тоңазытқыштан алынған жүзімді бір сағаттан кейін жесе, дәмі анағұрлым тәтті болады. Жүзім тез ферментацияға ұшырайтындықтан оны дереу тамақтан кейін жеген дұрыс емес. Басқа да жеміс шырындары секілді жүзім шырыны да сығылғаннан кейінгі жарты сағат ішінде ішілгені жөн. Адам денсаулығына пайдалы дәрумендер жүзімнің дәнегінде де болатындықтан, оның да шайналып желінгені дұрыс. Қай жағынан алсақ та, шипалық қасиеті мол жүзімнің бізге Жаратушыдан нәсіп етілгеніне шүкір еткеніміз жөн. «Био Нан» ЖШС жүзім көшеттерін отырғызуымен айналысады. Аталмыш шаруашылық бір ғана Алматы облысының өзінде 20 мың гектар жерге жүз мыңға жуық көшеттерін отырғызып баптауда. Онда негізінен арнайы Франциядан әкелінген Мерлот, Каберне Совиньон, Каберне франк және Брокколь сынды жүзім сорттары өсірілуде. Мамандардың айтуынша, бұла-рдың отандық сорттардан айырмашылығы – 150 жыл өмір сүреді және өнімді әлдеқайда көп береді. 1980 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 10,7 мың гектар жерде жүзім алқабы болған болса, 1990 жылы 6,62 мың гектарға, 2000 жылы 5,7 мың гектарға, 2004 жылы 3,9 мың гектарға дейін кеміп кеткен. Ал, 1980 жылы облыс бойынша 125,2 мың тонна жүзім өндірілсе, 2004 жылы 31,3 мың тонна ғана жүзім өндірілген.

2.4.Жүзімнің құрамындағы дәрумендер және оның емдік қасиеттері.

Жүзім құрамында қант, органикалық қышқылдар, ферменттер, илік, азотты және пектинді заттар, С, В1, В2, В6, В12, Р, РР дәрумендері, өзектер, сонымен қатар минералдар мен микроэлементтер бар. Жүзім ағзаны холестериннен тазартады. Медицинада гемоглобинді көтеру үшін, қан аздыққа, бүйрек, жүрек, жүйке ауруларына қарсы, бронхит кезінде жөтел мен қақырық шығару үшін қолданады. Жүзім шырыны несеп және өт айдау үшін қолданылады. Қазіргі кезде ғалымдар жүзім сүйегінің қатерлі ісіктерге қарсы ем болатынын дәлелдеуде. Жүзімнен шырын, компот, тосап, мармелад жасайды. Жүзім шарап өндіруде кеңінен қолданады. Ал шарап жасаудан кейінгі қалдықтардан сірке қышқылы, этил спирті, эфир майы шығарылады. Сонымен қатар жүзімді кептіріп, мейіз жасайды.

Жүзім құрамындағы дәрумендер миға өте пайдалы. Түстен кейін қос уыс жүзім немесе жүзімнің бір кесе таза сығынды шырынын ішу денеге де, ми жасушаларына да өте пайдалы. Калория тұрғысынан 1 келі жүзім, 1,150 грамм сүт, 390 грамм ет, 300 грамм нан және 1,200 грамм картопқа тең деп саналады. Бұған қоса, емдік қасиеті бар амин қышқылы, А және В дәрумені (В1, В2), калий, магний, кальций, силиций, йод, цинк, күкірт және маргенец секілді микроэлементтері де жүзімнің құрамында кездеседі. Жүзім адамның иммунитетін күшейтеді, жүйкені тыныштандырып, терінің түлеуін арттыра түседі. Ол – сондай-ақ аллергия мен буындарда тұз жиналуының алдын алуда таптырмайтын жеміс. Жүзімнің құрамындағы табиғи фруктоза денедегі жұмсалатын қуаттың аз уақытта қайта қалпына келуін қамтамасыз етеді. Шырынындағы биофлавонойдтары арқылы С дәрyменінің белсенділігін арттырады. Жүзім қасиетінің Құранда айтылуы да тегін болмаса керек. Неге десеңіз, қандағы оттегін жүргізетін гемоглабин синтезіне қажетті темір мен бүйректердің жұмыс істеуі және жүрек соғысының реттелуінде жұмсалатын калий онда өте көп кездеседі.

Дәрумендер мен минералдарға қоса, жүзімде жүйке жасушалары үшін қажетті 15 түрлі амин қышқылдары бар. Тіпті, барлық тіршілік иелерінде 20 шақты амин қышқылдары кездесетіндігін ескерсек, жүзі-мнің тамақ мәзірінде алар орнын ұғына түскендейміз. Қоректің ыдырауы нәтижесінде пайда болған немесе темекі, ішімдік, ауаның ластығы секілді зиянды қалдықтар капиляр тамырлардың қа-бырғаларын зақымдайды. Мұндай зақымдануға қарсы жүзімде кездесетін кейбір күшті антиоксидандар (еркін радикалдардың әсерін жоятын заттар) төменгі тығыздықтағы зиянды липопротейндердің (LDL) капилляр тамырларда түзілуіне бөгет келтіретін қасиетке ие. Осы тақырыпқа қатысты бір зерттеуде ірілеу қара жүзімнен жасалған жеміс шырыны берілген кісілерде LDL холестеролдың тотығуға ұшырамағандығы анықталған. Зерттеушілер егер көп уақыт ішілсе, жүзім шырынының LDL-ге деген әсерінің анағұрлым көбірек болатындығын аңғарған. Жүзім құрамындағы магний адам денесіне де, мидың да тынығуына да ерекше әсер етеді. Ол бауыр аурулары, анемия делінетін қан азаюды емдеуде көп қолданылумен қатар, құрамындағы жеміс қышқылдары (тартарик, малик, суксиник, фумарик, пирувик, гликолик қышқылдары) бүйрек пен ішек жүйесінің жұмысын реттеуде, қанның тазаруы мен майдың еруіне де көмектеседі. Дененің вирустарға қарсы тұруын да күшейтеді. Жоғары калориялы болуымен қатар құрамында өте аз мөлшерде май мен протеин болғандықтан жүзім өте тамаша қорекке жатады. Құрғақ жүзімде су аз болатындықтан оның калориясы өте жоғары, әрі темір мен кальцийге өте бай. Жүзім қатерлі ісіктен (рак) қорғау ерекшелігіне ие. Клетка іші молекулаларда ісік пайда болуына апаратын еркін радикалдар шабуылдап, тойтару – жүзімге берілген таңғажайып қасиет. Яғни, ол қатерлі ісік ауруының алдын алады. Екінші жағынан, жүзімнің құрамындағы ең маңызды зат-тардың бірі ресвератролдің де ракқа қарсы әсер ету күші бар екендігі 1985 жылы Жапонияда жүргізілген зерттеу еңбектерінде де анықталған болатын. Бұл зат өсімдіктер тарапынан өндірілетін фитоалексин тобына жатады.

Буынға суық тигенде қара жүзімді жиі жеген дұрыс. Жүзім қатерлі ісіктен қорғау да қасиетке ие. Онымен қан азаю сырқатын да емдеп, қара жүзім шырынын қан бөгелуін болдырмау үшін қолданады. Жүрек шаншып ауырғанда да сары мейізді ет тартқыштан өткізіп, балға араластырып, күніне 3 рет шай қасықпен жейді.



Ресвератрол

Ресвератрол – жануарлар тарапынан өсімдіктер желінген кезде ауру тудыратын факторлардан немесе өте күшті ультрокүлгін сәулелерден өсім-дікті қорғау үшін синтезделетін зат. Ресвератроль жер жаңғақ, тұт секілді жетпіс шақты өсімдік түрлерінде, сондай-ақ негізінен ең көп мөлшерде жүзімде кездесетіндігі анықталған. Ресвератроль көбінесе қызыл-қара жүзімдердің қабықтарында болады. Сол себепті жүзім жегенде, оның қабығын қоса жеген дұрыс. АҚШ-та жүргізілген бір зерттеуде ісігі бар тышқандарға төрт айдан аса апта сайын екі рет 1-5-10 немесе 25 микрограмм ресвератроль берген зерттеушілер ресвератроль берілмеген тышқандарға қарағанда берілгендерде ісіктің өте тез қайтқандығын байқаған. Жүргізілген тағы бір зерттеуде американдық ғалымдар қара жүзім шырынының жүрек ауруларына қарсы анти-кансерогендік ықпалы барлы-ғын растаған. Қара жүзім шырынының қан бөгелуіне де қарсы ықпалы барлығы анықталған. Джорджтоун университеті ғалымдарының бірі др. Жан Е. Фридман екі апта бойы жиырма адамға күніге екі кеседен күлгін жүзім шырынын берген. Нәтижесінде қандағы Е дәрумені 13 пайызға, қан плазмасының жалпы антикансероген мөлшері 50 пайызға артқан. Бұған қоса, тексеруге алынғандарда қандағы бөгелменің яғни варикоз ауруының анағұрлым реттелгендігі анықталған.



Қорытынды бөлім

Жүзім – дәмді,әрі қоректік тағам,мұның шипалық және емдік маңызы зор.Жүзім өсіру біздің заманымызға дейінгі 5 мың жылдықта басталған. Көп өсірілетін аймағы негізінен – Кіші Азия. Жүзімнің шамамен он мыңдай түрі кездеседі. Піскен жүзімнің 100 грамында 154 грамм карбондық гидрат, 1 грамм протеин, 1 грамм май, 21 грамм фосфор, 0,6 мг темір, аз-аздан болса да басқа да элементтер, түрлі дәрумендер, су кездеседі. 100 грамында 60 калория бар.

Жүзім құрамындағы дәрумендер миға өте пайдалы. Түстен кейін қос уыс жүзім немесе жүзімнің бір кесе таза сығынды шырынын ішу денеге де, ми жасушаларына да өте пайдалы. Калория тұрғысынан 1 келі жүзім, 1,150 грамм сүт, 390 грамм ет, 300 грамм нан және 1,200 грамм картопқа тең деп саналады. Бұған қоса, емдік қасиеті бар амин қышқылы, А және В дәрумені (В1, В2), калий, магний, кальций, силиций, йод, цинк, күкірт және маргенец секілді микроэлементтері де жүзімнің құрамында кездеседі. Жүзім адамның иммунитетін күшейтеді, жүйкені тыныштандырып, терінің түлеуін арттыра түседі. Ол – сондай-ақ аллергия мен буындарда тұз жиналуының алдын алуда таптырмайтын жеміс. Жүзімнің құрамындағы табиғи фруктоза денедегі жұмсалатын қуаттың аз уақытта қайта қалпына келуін қамтамасыз етеді. Шырынындағы биофлавонойдтары арқылы С дәруменінің белсенділігін арттырады. Жүзім қасиетінің Құранда айтылуы да тегін болмаса керек. Неге десеңіз, қандағы оттегін жүргізетін гемоглабин синтезіне қажетті темір мен бүйректердің жұмыс істеуі және жүрек соғысының реттелуінде жұмсалатын калий онда өте көп кездеседі.

Емдік рецептер

1. Жүзімнің жас тамырын (30 гр.) 2 литр суға салып қайнатып, шашты жуса, қайызғақты кетіреді, құйқа терісін тазартады, шаш жақсы өседі.

2. Көктемде жүзімнің сабағын кесіп, шырынын бетке жақса, ондағы қара дақтар кетеді. Сепкілді де жояды.

3. Жүзім шырынын мол етіп жинап, күніне 3 рет бір шай қасықтан ішсе, бауырды жазады, оның күйіп сыздағанын басады. Ұзынша келген ақ жүзім бауыр, көк бауырды жазады, қан қысымын төмендетеді.

4. Түстен кейін жүзім жеу, шырынын ішу ми жасушаларын жақсартады.

5. Қара жүзім шырынында жүрек ауруларына қарсы анти-канцерогендік ықпалы мол.

Shape3 Shape1 Shape2

Shape5 Shape4


Shape6 Shape7





Жанұяға тигізер пайдасы

Жанұядағы мүшелер саны

Тәуліктік әр адамның

пайдалануы

Ақшаға шыққан

мөлшері

Нәтижесі

6 адам


1кг = 700 тг

Біз базардан

жүзімді сатып алмаймыз,үйдің

экономикасына

үлес қосамыз,

дайын дәрумен

пайдаланамыз.

Атам

250 г

175

Әжем

350 г

245

Әкем

0,5 кг

350

Апам

450 г

315

Сіңлім

400 г

280

Мен

0,5 кг

350



Сақтықта қорлық жоқ!

  • Дұрыс жуылмаған жүзімде пестицид, ашытқы саңырауқұлақтары, шаң-тозаң қалдықтары қалып қоюы әбден мүмкін;

  • Қара жүзім бас сақинасы ауруын жүдетіп жіберуі мүмкін;

  • Алқызыл жүзімнің құрамындағы таниндар сақина ауруын тудыруы мүмкін.

Сондықтан жүзімді мөлшерден тыс жеуден аулақ болыңыз. Ең бастысы жер алдында жақсылап жууды ұмытпаңыз.


ҰСЫНЫСТАР

  • Жүзім өсімдігін күнделікті тұрмыста көп өсіріп, оларға күтіммен қарауын өз достарыма ұсынамын.

  • Жүзім өсімдігінің емдік қасиетіне байланысты халық еміне арналған қоспа жасау әдістері мен қолдану ерекшеліктері жөнінде кітапшалар шығарылып көпшілік оқырмандарға ұсынылса.

  • Жүзім өсімдігінің емдік қасиетін ескере отырып сауықтыру орындарында көптеп өсіру жүзеге асырылса.

  • Халық еміне байланысты қоспа жасау әдістері күнделікті тұрмыста қолданысқа енгізілуіне ұсыныс жасалынса.



Пайдаланған әдебиеттер:

1.Қ.Сыбанбеков «Өсімдіктер сыр шертеді». Алматы «Қайнар»-1982жыл.

94-96 беттер.

2.Т.Таубаев «Жасыл әлем ғажаптары»Алматы.1964ж.40-44 беттер.

3.Қорғанбаев С.Ғ.«Дихан серігі».

4.Әрінов.Қ.К.,Апушев А.К.«Өсімдік шаруашылығы өнімдері»

5.Крюгаев Б.Д.«Практикум по растеноводству».

6.Бадина Г.В.«Основы аграномий».

7.М.Қ.Қаратаев.«Қазақ совет энциклопедиясы».Алматы қаласы,1974ж.

4-том.524-бет
























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.11.2018
1008
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі