Материалдар / Ғылыми жұмыс:" Жусан және оның қасиеттері"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс:" Жусан және оның қасиеттері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жусанның адам өміріне пайдасы мен зияны
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Маусым 2018
1019
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

DrawObject1









ОҚО

Шардара ауданы

«Жаушықұм» мектеп-лицейі

DrawObject2







Тақырыбы:

«Жусан және оның қасиеттері»




Бағыты: Биология

Орындаған: Тойшыбай Диана

Сыныбы: 4 «А»

Жетекшісі: Тургумбаева Айгерим










Мазмұны


І. Кіріспе.


А) Жусанның кереметтері мен түрлері..................................3


ІІ. Негізгі бөлім..........................................................................4


А) Талшық жусанның қасиеттері.............................................4


Ә) Тықыр жусанның қасиеттері...............................................5


Б) Дәрмене жусанның қасиеттері............................................6


В) Ермен жусанның қасиеттері................................................7


Г) Тамыр жусанның қасиеттері................................................8


Д) Іле жусанның қасиеттері......................................................9


Е) Бөрте жусанның қасиеттері………………………………..10


Ж) Ақбас жусанның қасиеттері……………………………….11


ІІІ. Қорытынды..........................................................................10


ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................11













К і р і с п е.


Біздің еліміздің бай өсімдіктер әлемі ертеден-ақ адам баласына қызмет етіп келеді. Қазақстан тұрғындары тірі табиғатпен дәстүрлі байланыста, олар ертеден-ақ өздерінің айналасындағы өсімдіктерді және олардың күнделікті тұрмыстағы пайдасы туралы жақсы білген. Солардың бірі – жусан.

Жусан жер бетіндегі өсімдіктердің ең ащысы. Оның пайдалы жақтары жетерлік. Латындар бұл шөпті артемизия деп атайды. Шөптесін өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан Артемид құдайдың құрметіне осылай деп атаған.

Ертеректе Олимпиада ойындарында жеңіп шыққандарға сыйлық ретінде жусаннан жасалған сусын ішкізетін болған.

Римдіктер жусан тұнбасын асқазан ауруларын емдеуге пайдаланған. Ал қытайлықтар аяқ киімдеріне жусанның жапырағын салып жүрсе, тамаққа деген тәбетті арттырады деген. Жусан теңіз саяхатшыларын түрлі теңіз ауруларынан сақтайды.

Бір нәрсеге қапаланғанда жусанды иіскесеңіз көңіліңіз орнығады. Ұйқысыздыққа ұшырағанда жастығыңыздың астына жусан қойсаңыз көзіңіз тез ілінеді.

Жусан тұнбасын дайындау үшін бір шай қасық үгітілген жусан жапырағын бір стакан қайнаған суға салады. Оны жарты сағаттан соң ішуге болады. Тамақтанбас алдында жарты сағат бұрын, бір ас қасықтан күніне үш мезгіл ішеді. Осылайша екі апта пайдаланған соң тоқтату қажет.

Жусан бөлмедегі ауаны тазартып, жүйкені тыныштандырады.

Тіпті моншаға түсерде жусан жапырақтарын пайдалануға да болады.

Ауыз шаюға керекті тұнбаны бір ас қасық жусанды бір стакан қайнаған суға бұқтырып дайындайды. Жусан күрделігүлділер тұқымдасының бір тусысы. Бір жылдық, екі жылдық немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер немесе шала бұта.

Жусанның талшық, тықыр, дермене, ермен, тамыр, іле сияқты түрлеріне жеке тоқталып, олардың қасиеттеріне жеке тоқталып салыстыра зерттейік.







Негізгі бөлім.


Жусанның сабақтары тік немесе көлбеу, көбінесе түптеніп өседі. Жапырақтарының пішіні әр түрлі кезекті орналасқан. Түптеніп өскен жеке сабақтарының ұшында сыпырғы тәрізді гүл шоғы бар. Сабақтары ұзынды-қысқалы, бір жылдық немесе көп жылдық болады. Көп жылдық сабақтары тұқым бермейді. Гүлі сарғылт. Жеке гүлдер диаметрі 1,5-1 мм-дей ұсақ зембілше және оның жүйесінде тұқым беретін болады. Гүл шығаратын бұтақшалары шілді-тамыз айларында пайда болып, қыркүйектің басында себет гүлі жарылып, майда тұқымдары шашылады. Тұқымнан өте баяу өседі. Бірінші жылы биіктігі 10-12 см бір ғана сабақ шығады. Бірінші және екінші жылы ғана гүлдейді, осы кезде 3-5 гүл (шоғырын) шығаратын сабақтар шығарады.

Гүлінде 3-4, 94% сантонин болады. Қазақстандағы Ғылым академиясы алғаш рет 1949 жылы мәдени түрде өсіре бастады. Бұл жусаннан жақсы дәрі-дәрмек жасалады.





















Талшық жусан.



Көпшілік жусандарда түрлі глюкозиттер, ал кейбіреулерінің алколоидтар болады. Сондықтанда жусанның кейбір түрлері улы болып есептеледі. Соның бірі – талшық жусан. Мұның тамыры жуан. Тамырдын бірнеше сабақ шығады. Биіктігі – 30-45 см. Тамыз, қыркүйекте гүлдейді.

Қазақстан Каспий маңында және басқа шөлейтті, сазды сары топырақты жерлерде арам шөп ретінді кездеседі. Улағыш заты эфир майы болып табылады. Ол кепкен жусанда 0,6-0,9 % эфир майы алынған. Бірінші улағыш зат – лактон – таурицын. Мұндай жусанды жеген малдар бірден қозып, соңынан есенсіреген қалыпқа түседі. Таурицынның денесі қайта-қайта жиыра беретін қасиеті бар. Уланған малдың аузынан сілекей ағады, құсуы, іш бұзылуы ықтимал. Бұл жағдайда көбінесе малды 1 жерден екінші жерге айдап, орын ауыстырғанда кездеседі.


Тықыр жусан.









Ғасырымыздың қауіпті індетіне айналған қатерлі ісік аурулары жыл өткен сайын көбейіп барады. Еліміздің ғалімдары осы аурудың азабын азайтып, емдеп жазатын дәрі-дәрмек ойлап тапты.

Бұл дәрі сіз бен біз күнде көріп жүрген кәдімгі жусаннан жасалады. Осы өсімдіктің емдік қасиеттерін ұзақ жылдар бойы зерттеген ғалымдар оның рак жасушаларына қарсы күресетін қасиеті барын анықтады. Сол себепті де дәріні «Арглабин» деп атап отыр. Ал, «Арглабинді» латыншадан аударғанда «Тықыр жусан» деген мағына береді. Әлемде 500-ден аса түрі болса, оның 81-і біздің елімізде өседі екен. Ол әсіресе еліміздің орталық өңірінде Қарқаралының Кент тауларынды көптеп кездеседі. Оның күз айларында гүлі төгілген соң теріп алады. Ғалымдардың басын біріктіріп, осы іске жұмылдырған жаңа препараттың авторы – Серғазы Әдекенов.

Арглабин ісік туғызатын вирусты жойып жаңадан басталып келе жатқан ісік ауруларының алдын алады. Бауыр ісігіне байланысты ерекше әсері бар.

Бүгінге дейін «Фитохимия» өндіріс орталығында арглабиннің 175 мыңнан аса құтысы шығарылады. Ол әлемнің

11 елінде АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Қытай, Германия, Италия, Швеция сынды экономикасы қарыштап дамыған елдерге сатылған. Бүгінге дейін бұл жаңа препараттан мыңдаған адам дертіне дауа тауып, ауруынан айықты.

«Арглабин» дәрісін шығаратын Қарағанды формоцевтикалық зауытының жұмысы қарқынды жүріп келеді. Қазіргі таңда аталмыш зауытта жылына 100 мыңға жуық миофильденген арглабин өндіріліп, оның дүниежүзінің бойынша қажеттілігі 1 миллиард дана ампуладан асты.


Дәрмене жусан.
















Биіктігі 50-70 см-ге дейін жетеін көп жағы ағаштанып кеткен, жапырағы ұсақ оның жиектері қауырсын тәрізді салаға жақын жердегі жапырақтары сағақшы, жылдық шала бұта. Тамыры ағаштан қатты, жусан кіндік тамыр. Сабағы көп, түп бозғылт- жасыл түсті, қалың түк басқан.

Себет гүлдері ұсақ, жасыл – сары түсті, қос жынысты болады. Әр бір себетте 3-5 мм гүлдер орналасқан, барлық себет гүлдері сыпыртқы тәрізді, гүл шоғырын құрайды. Жеке гүлінің ұзындығы 2-3 мм, тостағаншасы болмайды, 5 күлтелері болады, олар түтік тәрізді немесе қоңырау пішіндес, жабысқақ түктері бар, аталығы 5 тозаң қатпары өзара бірігіп кеткен, аналығы біреу, ауызы екіге айырылған түкті болады. Жемісі бозғылт, үсті сайлы тұқымша, август айының аяғымен сентябрьдің басында гүлдеп, октябрьдің аяғында жеміс береді. Гүлденуі 7-8 күнге ғана созылады. Дәрмене жусан тек қана Қазақстанның Оңтүстігінде өсетін өсімдік.

Ертеде дәрменені Қазақстаннан Жерорта, Қара және Каспий теңіздер маңына, Орта Азияға, Солтүстік Америкаға апарып егіп байқаған. Бірақ ол жерлерде өскен дәрмененің құрамында сантонин болмағандықтан егуді тоқтатқан.

Бұл күндері дәрмене Оңтүстік облысының Түркістан, Жамбыл облысының Алғабас, Бөген, Қызылқұм аймақтарында, Сырдария өзенінің оң жақ жағалауында өседі. Бірақ бұл өсімдіктердің қоры өте азайып барады, өйткені тың жерді аудару, дәрі алуда оны көптеп пайдаланады, осы себептер оның азаюына әсер етуде. Дәрмене тұқымынан көбейеді. Жапырағы мен ашылмаған гүл шанағында 2-6,5 % дейін сантонин болады. Осы қасиетін білгеннен соң, Октябрь ревалюциясына дейін-ақ Оңтүстік облысының сантонин өндіретін зауыт құрылып, жыл сайын 15-18 тонна сантонин шетелге шығарылып отырған.

Осы күнгі сантонин алумен Шымкенттегі химиялық дәрі жасау зауыты айналысады. Біртіндеп табиғи қорын сақтап қалу үшін оның тұқымын көбірек сеуіп отыру қажет. Дәрменеде сантониннен басқа эфир майы да болады. Сантонин улы болып есептелгендіктен оны тек дәрігердің ұйғаруымен ғана пайдалану қажет. Дәрмененің гүлін дәріханалардан «Цитворная семья» деген атпен сатып алуға болады.













Ермен.


Б иіктігі 1 метрге жететін, көп жылдық жапырақтары қауырсын өсімдік. Сабағы қырлы, жоғарғы жағы бұтақша, түкті. Сабақтарының төменгі жағындағы тәрізді, қос тармақты.

Ермен – далалы жерлерде және үй маңында арам шөп ретінде өседі. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының тау етегі аймағында көптеп кездеседі. Ерменнің жапырағын гүлдер алдында, яғни май айының алдында гүл бүрлерін жинауға болады. Оны ашық жерде, не үй шатырында кептіреді. Ерменнен глюкозид және 0,5 % эфир майы болады. Шөптің ерекше иісі бар. Ерменді қолмен ысқыласа иісі күшейеді. Дәмі ащы. Суға салғанмен шөптің ащы дәмі кетпейді. Тамақтанардан 0,5 сағат бұрын ерменнен жасалған дәрі ішсе, тәбеті ашылады. Оны бір айдан артық ішуге пайдаланған дәріні ұзақ уақыт пайдаланса, дене уланып, нерв жүйесі қозып, ерекше құбылыс пайда болады.


Тамыр жусан.

Қазақстанда кездесетін 81 түрдің ішіндегі жиі кездесетін түрі. Барлық шөлді аймақтың өсімдіктер бірлестігінің басым түрі болып табылады. Бұл биіктігі 30 см – дей болатын бұташық, шашақ тамырлы, көптеген жеміс бермейтін өркендерімен мықты топ құрайды.

Гүлдейтін өркендердің сабақтары жіңішке, ұш жағы бұтақтанған, үлкен босаң сыпыртқы. Себеттері ұсақ (биіктігі 3-5 мм), гүлдер саны 3-5 қос жынысты, түкті, ұш жағында 5 тісті және 5 аталығы бар, гүлдері – сары. Күзде гүлдейтін түрі (тамыз-қазан), күзде кеш жеміс береді. Жемістері ұсақ, дәнегі қанатсыз. Тек тұқыммен көбейеді. Жас жеке түрлері табиғатта тек 10 жылдан соң алғаш рет гүлдейді. Тамыр жусан Қазақстанның көптеген шөлді аудандарында негізгі мал азығы болып табылады. Оның құрамында белоктар, көмірсулар, майлар жеткілікті. Күзде, қыста және ерте көктемде малдар сүйсініп жейді. 1 гектар жерден 3-5 центнер құрғақ өнім жиналады.




Іле жусан.


Биіктігі 50-80 см-ге дейін жететін, шөлде өсетін, шала бұта, тамыры жуан, кіндік тамырлы, өсімдік сабақтары жиі бұтақталған, сыртқы түкті, соның әсерінен сырттай қарағанда бозғылт-жасыл түсті болып келеді. Жапырақтары ұзын сағақты, ұзындығы 3,5-6 см, ені 1-1,5 см, тақтамаларының жиектері терең ойықталған.

Себет гүлдері сыпыртқы гүл шоғырын құрайды, әр бір гүлдің ұзындығы 3 мм. Гүлі қос жынысты, әр себетте 3-5 гүлден аналық гүлдері болады. Еуропада, Солтүстік Америкада, Азияда және Солтүстік Америкада жусанның 500-дей, СССР – де 170-тен астам, оның ішінде Қазақстанда 81 түрі бар. Жусан Республиканың дала, шөл, шөлейт аймақтарда өседі. Көптеген түрлерінің шаруашылықта, парфмерияда, меицинада маңызы бар. Мысалы: кібірсіген топырақтың бетін жел үрлеп кетуден сақтайды, шағын құмның жылжуын тоқтатады, қар ұстайды.

Жусан өсімдігін Жапония мен Құрама штаттардағы сияқты шетел ғалымдары қолдан өсіруге тырысты. Бірақ оларынан ештеңе шыға қойған жоқ. Себебі олардың құрамында сантонин заты табылмаған.

Төмендегі кестеге сүйене отырып зерделесек жусан түрлерінің ішіндегі ең пайдалысы дәрмене жусаны. Шипалық шикі зат ретінде екі мерзімде жинап алады. Дәрмене жусанның гүлі ашылмаған гүлшанағынан 2,5 % - ке дейін сантонин заты табылған. Оның құрамы кейде 4-7 %-ке жетеді. Шөпті шикізатында 1,75-5,4 % - ке дейін сантонин заты бар. Жемісі мен тамырында ол зат болмайды. Гүлінде цинеол, терпен және сесквиартемизол заттарынан құралатын 2 пайыздай эфир майы бар. Сантонин ішек құртына қарсы емдік үшін қолданылады.









Қаражусан мен Бөрте жусан.


Қазақстанда жусанның 20 – дай түрі өседі. Олардың ішінде азықтық және дәрілік қасиеттері жағынан қара жусан, бөрте жусан және құм жусаны – шағырдың маңызы зор. Қара жусан мен бөрте жусан биктігі 30 – 45 см, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Оның сабақтары тік өседі, жоғары жағында бұтақшалары көп болады. Жапырақтары күңгірт жасыл түсті, кезектесіп орналасқан, гүлдері майда, сары түсті. Өсімдік шілде– тамыз айларында гүлдейді.

Қара жусан мен бөрте жусан қазақстанның оңтүстік, батыс, орталық облыстарының далалы аймақтарында жиі өседі. Кейбір аудандарда ондаған, жүздеген гектар жерді алып жатады. Қара жусан сор және сортаң жерлерде көп кездеседі. Дәрілік шикізат ретінде жусан сабағының жоғары жағы орылып алынып, көлеңке жерде кептіріледі

Қара жусан мен бөрте жусанның құрамында 7 – 8% нәруіз, 4 - 5% май, 26 - 28% клечатка бар. Сондай – ақ жусан шөбінің құрамында абсинтин, анабсантин деп аталатын гликозидтер, флавноидтар, эфир майлары, аскорбин қышқылы, фитонцидтер, каротин және басқа да заттар бар.

Жусан қойға таптырмайтын азық болып саналады. Оны жаздың алғашқы айлары мен күз, қыс айларында қой, жылқы, ешкі өте сүйсініп жейді. Сөйтіп тез семіреді. Мал дәрігерлігі практикасында жусан шөбі малдың тәбетін ашу, асқазан – ішек жұмыстарын жақсарту үшін қолданылады. Сондай – ақ ол ішектегі гельминттік құрттарды да түсіре алады. Дәрілік мақсатпен жусан шөбі жаңа гүлдеген кезде, ал азықтық мақсатмен күзде әбден жемісі піскен кезде орылады. Жусан шөбінің тұнбасы 1:10 қатынаста жасалып бұзауға, құлынға – 150 – 200 мл, қозыға – 25 – 50 мл мөлшерінде күніне 3 рет ішкізіледі. Ал ірі қараға – 300 – 350 мл, саулыққа – 75 – 150 мл мөлшерінде ішкізіледі. Күнделікті малға берілетін жемге майдаланған жусан шөбін қосып, малдың ас қорытуы жақсарып, тез қоңданады.




Ақбас жусан.













Кәдімгі мыңжапырақ , ақбас жусан (лат. Achillea millefolium) – астралылар тұқымдасы, мыңжапырақ туысына жататын, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Биіктігі 70 см болатын сабағы біреу немесе бірнеше, қатты. Тамыр сабағы көлбеу өседі, оның жоғарғы жағынан бір топ тамыр жапырақтары мен сабағы өсіп шығады. Жапырағы көп ланцет тәрізді, 2-3 қауырсынды салаланған. Әр саласы бірнеше жүздеген сегменттерге бөлінеді, сол себептен „мыңжапырақ“ есімі берілген. Күрделі қылқанды, ұсақ себетті. Сыртқы гүлдері 5 дара жынысты, күлгін, қызыл түсті. Ішкі гүлдері қосжынысты, түтік тәрізді, 5 аналық, 5 тікшелі.Тозаңқабы — сары. Жемісі ұсақ тұқымша, жәндіктермен тозаңданады. Тұқым төгілу арқылы таралады. Шілдеден күзге дейін гүлдейді. Қазақстандағы 12 түрдің арасында кең таралған түрі, орманды дала мен далаларда және құрғақ шабындықтарда өседі. Құрамында ахиллеин алкалоиді, эфир майлары, камфора, туйон және құмырсқа, сірке, валериан, аконит, аскорбин қышқылдары, С,К дәрумендері, фитоцидтер, спориттер бар.Кәдімгі мыңжапырақтың қан тоқтататын, қабынуға, аллергияға қарсы әсер ететін, жарақаттардың жазылуын тездететін, қан тамырларын кеңейтетін, ауырған жерлерді тыныштандыратын қасиеттері бар. Осыған байланысты өсімдікті жатырдан, өкпеден, ішектен, мұрыннан, геморрой түйіндерінен қан кеткенде және асқазанға жара түскенде пайдаланады. Сонымен қатар дене сыртындағы жараларға да тұнбасын жағады және жапырақтарын таңып қояды. Халық медицинасында өт қалтасына тас байланғанда және бауыр ауруларын, бронхтың қабынуын, геморройды емдеу үшін қолданады.




Жусан

Түрлері


Биіктігі

Гүлдейді

Құрамы

Емдік қасиеті

1

Талшық жусан


30-45 см

Тамызда, қыркүйек

Улағыш зат лактон, таурицин

Улы,

емдік қасиеті жоқ


2

Дәрмене жусан


50-70 см гүлінің ұзындығы 2-3 мм

Тамыз, қыркүйек

Сантонин, парфмерияда пайдаланатын эфир майы алынады


Ішек құрттарына қарсы емге қолданылады

3

Ермен жусан


1-2 м

Сәуір, мамыр

Глюкозид, 0,5% эфир майы

Тәбет ашуға

4

Тамыр жусан


30 см

Тамыз-қазан

Белоктар, көмірсулар, майлар


Мал азығы, мал шаруашылығына пайдалы

5

Іле жусан


50-80 см

Тамыз

Парфмерияда пайдаланылатын эфир майы алынады


Мал шаруашылығына пайдалы

6

Қара жусан мен Бөрте жусан

30 – 45 см

Шілде – тамыз

7 – 8% нәруіз,

4 - 5% май,

26 - 28% клечатка

Мал шаруашылығында асқазан – ішек жұмыстарын жақсарту, ішектегі құрттарды жоюға көмектеседі.

7

Ақбас жусан

70 см

Шілде күз айлары

ахиллеин алкалоиді, эфир майлары, камфора, туйон және құмырсқа, сірке, валериан, аконит, аскорбин қышқылдары, С,К дәрумендері, фитоцидтер, спориттер

өсімдікті жатырдан, өкпеден, ішектен, мұрыннан, геморрой түйіндерінен қан кеткенде және асқазанға жара түскенде пайдаланады.






Қорытынды.

Біздің еліміздің ерекше өсімдіктер байлығы қамқорлық пен асқан үнемділікті талап етеді. Адам әрекетінің күшейе түсуіне байланысты көптеген өсімдіктер сиреп бара жатыр, олардың саны азайып, популяциясы қысқарып, өздігінен қалпына келуі бұзылуда. Әсіресе бұл пайдалы өсімдіктерге қатысты. Бұл мәселенің маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан Үкіметі – еліміздің қайталанбас биологиялық алуан түрлілігін сақтап қалу үшін қажетті шараларды қолданады. Қазақстанда 9 қорық бар. Олардың территориясында 2800 астам жоғарғы сатыдағы өсімдіктер түрі қорғауға алынған, яғни бүкіл Қазақстан флорасының жартысына жуығы.

Жусан өсімдігі емдік қасиеттері мен бірге ауыл шаруашылығына пайдасы мол құнды өсімдік. Республикамыздың ұлттық мақтанышы дәрмене жусанының табиғи қорының азаймауына үлес қосу міндетіміз. Оларды мал жайылымынан бөліп тастап, егістікке айналдыруды тоқтату алға қойған мақсатымыз. Жусанның табиғи қорын қолдан тұқымын себу арқылы көбейту қажет.

















Пайдалылған әдебиеттер.


  1. Г.С. Калинова, А.Н. Мягкова, Методика обучения биологии.

М: «Просвещение», 1989 ж.


  1. Ю.П.Лаптев. Рассказы о полезныхрастениях.

М: «Просвещение», 1982 ж.


  1. Қазақстан мектебі. №11, 12. 1992 ж.


  1. Биология. Атамұра 2002 ж.



  1. Биология, География, Химия №11, 12. 1999 ж.


  1. Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы. 1-том.


  1. Жетісу энциклопедия. Алматы Арыс баспасы 2004-712 бет.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!