Материалдар / Ғылыми жұмыс Киелі 7 саны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс Киелі 7 саны

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жұмыстың мақсаты: Жеті санының сиқырлы сырын аша отырып, ата-бабаларымыздың жеті саны туралы таным-түсінігін айқындау. Халқымыз ертеде 7 санының қасиетін аша отырып, әр түрлі топтастырған. Сол таныстыруды жинап, өзімше түсінуге ден қойдым.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Сәуір 2022
365
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы

«Кентау көпсалалы колледжі» МКҚК







Ғылыми жұмыс

Тақырыбы: Киелі 7 саны




Жұмыс авторы: ЭС-21-1 тобы Кахаров Әділет

Жұмыс жетекшісі: Математика пән мұғалімі

Сапархан Гулжан Бақытжанқызы




Кентау 2022 ж

Жоспар

І. Кіріспе

1.1. Әлем бойынша 7 санының сиқырлы сырлары

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Қазақ халқының 7 киелі қасиетті санына деген көзқарас
2.2. 7 құдіретті санының ұлттық сипаты
ІІІ. Қорытынды








Ғылыми жұмыстың мақсаты:

Жеті санының сиқырлы сырын аша отырып, ата-бабаларымыздың жеті саны туралы таным-түсінігін айқындау. Халқымыз ертеде 7 санының қасиетін аша отырып, әр түрлі топтастырған. Сол таныстыруды жинап, өзімше түсінуге ден қойдым.


Ғылыми жұмыстың міндеттері:


    • Қасиетті санмен таныстыру;

    • Қасиетті сандардың өмірде алатын орнын түсіндіру;

- Әрбір киелі сандар қатарында орынын көрсету.























1.Кіріспе

Ата-бабаларымыз ертеден-ақ кейбір сандарды ерекше қадір тұтқан. Олар 3, 5, 7, 9 сандары. Бұл туралы көптеген аңыз-әңгімелер бар. Соның ішінде мені өте қызықтырған жеті саны болды. Осы алғашқы таңдап алған тақырыбым “Жеті санының сиқырлы сырлары”. Мен бұл жұмысымда жеті саны туралы көптеген деректер таптым десем болады. Әлем бойынша жеті саны туралы өте ерте заманда қалыптасқанын байқадым. Шығыс әдебиетінде, қазақ әдебиетінің өте ерте кездегі ертегілерінен-ақ көруге болады. Мысалы: “Жеті басты айдаһар” т.б.

Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында Қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. 

1 саны батылдар саны, қашанда тыныш жүріп асықпауға тырысады.
2 саны сенімсіздікті білдіреді, қорқақ болғанымен өз ісіне ұқыпты жандарға тән. 
3 саны ашық, көңілді ортаны қалайтындар мен шымырлар саны.
4 саны жұмбақ сан. 
5 саны тәуекелге бел буғыш, еркін жүріп-тұруды қалайтын, шытырман оқиғаны ұнататындар саны. 
6 саны әйелге тән, өте сәтті сан, жан-жағын бағамдай алатын, мінезі салмақтыларға сәйкес. 
7 саны әсершіл, арманшыл адамдарға сәйкес келеді, олармен жолда тіреспеген абзал. 
8 саны басшылыққа ұмтылатындар саны. Бұл санның иелері өзінің бар мүмкіндіктерін көрсетіп, жария еткісі келіп тұратындар.
 9 саны қашан да көмекке ұмтылып тұратын, ешқашан жарты жолда тастамайтын, жақсы жолдас бола алатындарға тән сан. 

Көптеген халықтардың ауыз әдебиетінде айтылатын көне бейне. Айдаһар, жалмауыз кемпір бейнесінде көрінеді. Қазақ халқының 7 санына деген көзқарасы ерекше екенін ауыз әдебиетіндегі кейіпкерлер арқылы, мақал-мәтелдердің туғандығынан білеміз. 7 саны қазақ халқымыз үшін өте қастерлі, қасиетті сан екенін анықтаймыз. Мысалы:
а) Жетіге келгенше,
Жерден таяқ жейсің.
ә) Жеті жұртты көрсең де,
Жеті жұртты көрме.
б) Жеті қазынаға жеткенше асық.
в) Текті болу тегін емес.
г) Жеті атасын білген ұл,
Жеті жұрттың қамын жер.








ІІ. Негізгі бөлім



Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді жеті санымен атайды. Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады. Қазақтардың таным - түсінігінде Жеті ата. Бұл – Қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір Қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады:

  1. Тек ата.

  2. Түп ата.

  3. Баба.

  4. Арғы ата.

  5. Ата.

  6. Әке.

  7. Бала.

Сондай-ақ, адамдар атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек жалғасады: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Мұнан соң туыстың атаулар әрі қарай: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың бабалар рухы алдында іштей жауапкершілік сезімін оятатын күшке ие. Ол – этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы. Сол себепті ата-бабаларымыз: «Жеті атасын білмеген: жетесіз», «Ата – тегін айтқанның айыбы жоқ» деп ұрпақтарына жеті атасын білуді өсиет, аманат етіп айтып кеткен. Қазақтар бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жүрежатты «Жеті пұсты» деп те атайды. 


Жеті қазына. Ол жөнінде пікір таласы көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 
1. Ер жігіт. 
2. Сұлу әйел. 
3. Ілім-білім. 
4. Жүйрік ат. 
5. Құмай тазы. 
6. Қыран бүркіт. 
7. Берен мылтық. 


Жеті қат көк. Ол – аспан әлемі туралы мифологиялық түсінік. Оның үш мағыналық сипаты бар. Біріншісі: Аллаһ Тағала аспанды жеті қабатты етіп жаратқан. «Алланың жеті аспанды қабат-қабат етіп жаратқанын көрмедіңдер ме?» (Құран Кәрім, 72 сүре, 14 аят). Екіншісі: жеті жұлдызға байланысты атау. Олар: Ай, Мер- курий (Ғұтрад), Шолпан (Зуһ-ра), Күн, Марс (Миррих немесе Қызыл жұлдыз), Юпитер (Мүштари), Сатурн (Зұхал). Үшіншісі: ежелгі түркілік мифологиялық түсінік негізіндегі мағына. Ол мұсылмандық ұғыммен сіңісіп, ұмытылып кеткен.


Жеті қат жер. Ежелгі наным-сенім бойынша олар мынандай:

1. Тұңғиық.

2. Жылан.

3. Су.

4. Қос балық.

5. Қара тас.

6. Көк өгіз.

7. Жер.

Жаратылыстың сегізінші қабаты – тағдырдың талайы жазылған «лайық» атты жазу тақтасынан, тоғызыншы қабаты – «күрсі», «мінбер» және «тақ» орнатылған тәңірлер әлемінен тұрады. 


Жетіқарақшы. Ол – аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Оның 1, 8 көрінерлік жұлдыздық шамаға дейін жалтырап көрінетін ең жарық жұлдыздары – Алиот пен Дубке. Жетіқарақшының жарық жеті жұлдыздың сыртқы пішіні шөміш тәрізді. Оның шеткі екі жұлдызы бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады. Жетіқарақшы наурыз, сәуір айларында жақсы көрінеді. Темірқазықты айнала қозғалатын жетіқарақшы арқылы жер тараптары мен түнгі мезгілді айыруға болады.

Аптаның жеті күні. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Кемпірқосақтың жеті түсі. Жарық мынандай жеті түстен тұрады: қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасынан көрініп, кемпірқосақ пайда болады. 

Жеті жарғы. Ол – Тәуке хан (1678-1718) тұсында қабылданған Қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы. Тәуке хан «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолын» одан әрі жетілдіру арқылы осынау заң жүйесін өмірге әкелген. Ол 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. «Жеті жарғы» деп аталуы Тәуке ханның бұрынғы заңдарға енгізген жеті өзгертуіне байланысты» дейтін тұжырым бар. Ол жеті өзгеріс мынандай: 
1. «Халықтың ханы, сұлтаны, пір -әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін». 
2. «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлсе, олардың әрқайсысына екі кісінің құны төленсін». 
3. «Сырттан кірген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан, біреуді теуіп өлтірсе, бүтін құн, үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе, жарты құн, ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе, тек ат-тон айып тартады». 
4. «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп, қол жұмсаса, онда ол баланы ата-ана өлтірсе де ерікті, сұраусыз болады». 
5. «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) қара сиырға не қара есекке теріс мінгізіп, мойынына құрым іліп, ауылды айналдыру керек». 
6. «Құйрық – бауыр жесіп, құда болған соң ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалыңмал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалыңмалы беріледі». 
7. «Ұры айыр түйеге нар, атқа аруана, тайлаққа, атан, тайға ат, қойға тана төлейді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді». Әрине, бұл жеті өзгерістен басқа да «Жеті жарғыда» жер дауы, отбасы, неке заңы, қылмыс пен құн дауы, куәлік ету, ант беру, тонаушылық және тағы да басқа жағдайларға, рәсімдерге байланысты әдет-ғұрып, заң шаралары өз көрінісін тапқан. 


Жеті жұт. Бұлар: 
1. Құрғақшылық. 
2. Жұт (мал қырылу). 
3. Өрт. 
4. Оба (ауру). 
5. Соғыс. 
6. Топан су. 
7. Зілзала (жер сілкіну). 


Жеті жоқ. Ол былай:

1.Жерде өлшеу жоқ. 
2. Аспанда тіреуіш жоқ. 
3. Таста тамыр жоқ. 
4. Тасбақада талақ жоқ. 
5. Аллаһта бауыр жоқ. 
6. Аққуда сүт жоқ. 
7. Жылқыда өт жоқ. 


Жеті жетім. Бұл жөнінде мынандай Төле би айтқан даналық сөздер бар:

Тыңдамаған сөз жетім, 
Киюсіз тозған бөз жетім. 
Иесіз қалған жер жетім. 
Басшысы жоқ ел жетім. 
Аққу, қазсыз көл жетім. 
Жерінен айырылған ер жетім. 
Замандасы қалмаса – 
Бәрінен де сол жетім. 


Жеті ғашық. Халықтың ән – жырында жеті ғашық мынандай екі нұсқада кездеседі: 
а) Ләйлі – Мәжнүн, Жүсіп – Зылиха, Фархад – Шырын, Тахир – Зухра, Арзу – Қамбар, Уәлик – Ғарра, Уәки – Күлшаһ. 
ә) Ләйлі – Мәжнүн, Жүсіп – Зылиха, Фархад – Шырын, Баһрам – Күләнда, Сейпілмәлік – Бәдіғұл, Бозжігіт – Анула (кей нұсқада Қарашаш), Зияда – Хорлы (Хорлы - Ғайын). 
Әлемдегі жеті санымен аталатын кереметтер Вавилондықтардың түсінігінше, әлемде жеті планета бар. Сол себепті олардың ғибадатханалары да жеті деңгейлі. Бірқатар діндерде де жеті саны киелі: еврейлердің балауыз қойғышы, шырағдандары, менорлары жетіден. Ислам дінінде Жеті аспан: күміс, алтын, меруерт, ақ алтын, жақұт, анартас және ғажайып жарық. Жеті шәріп: Мекке шәріп, Мәдина шәріп, Бұхар шәріп, Шам шәріп, Қатым шәріп, Құддыс (Мысыр) шәріп, Кәләм шәріп (Құран). 


Әлемнің жеті кереметі: 
1. Египет пирамидасы. 
2. Вавилонның аспалы бағы. 
3. Ертедегі Артемида храмы. 
4. Олимпиядағы Зевстің мүсіні. 
5. Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы. 
6. Жерорта теңізі аралығындағы Гелиостың (Күн Құдайы) қолдан жасалған мүсіні. 
7. Александрия маягі. 

Жеті ішекті қазақтың музыкалық аспаптары Сылдырмақ. 
Қазақ ерте заманда көшпенді халық болғандықтан, түрлі музыкалық аспаптарды тұрмыста кеңінен қолданған. Ағаш, қыш, темір, мүйіз сияқты күнделікті өмірде пайдаланатын шикізаттан алуан түрлі аспаптарды жасап шығарған. Алғашында ол шаруашылыққа қажет бұйым болса, кейіннен ырғақты ұстап тұратын музыкалық аспапқа айналған. Соның бірі сілкімелі аспап – сылдырмақ. 
Шеберлер немесе музыканттар аспаптың дыбысталуына қарай оның санын қасиетті 7 санына дейін жеткізген. Ал оларға қолданылған шикізатты Қазақстанның әр аймағындағы және әр түрлі жастағы ірі қараның сүйектерінен жинайтын болған. Жетіген - Қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. 


Жетіген — жасалуы да, ойналу әдіс-тәсілі де өте күрделі аспап. Ертеректе ел арасында сақталған көне Жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген аталған. Жетігеннің ноталық жүйесін анықтаған ғалым - зерттеуші Б. Сарыбаев болды. Жетіген аспабына байланысты оны ертеде жеті ұлынан айырылған күйші - өнерпаз жасап, “Жетігеннің жеті күйін” шығарыпты дейтін аңыз бар. Аспаптық-фольклорлық музыкамызда ерекше орын алатын бұл аспап 1970 жылдан бері Т. Сарыбаев, Е. Құсайынов, С. Мерекеев, т. б. музыкашылардың орындауында жаңаша сипатқа ие болды. Жетіген аспабының қазіргі шеберлер жасаған үлгісінің дыбыс ауқымы 2 — 2, 5 октаваға дейін жеткізілді. Қазақ халық музыка аспаптары мұражайында Жетіген аспабының этнографиялық сипаттамалар бойынша жасалған көне үлгісі мен жетілдірілген үлгілері сақталған. 








ІІІ. Қорытынды


Қазақ халқында 7 саны - ерте замандардан киелі сан болып есептеледі. Ол дегеніміз - 7 қазына, ұлттық тағамдардағы 7 түрлі қоспалар, әлемнің 7 кереметі, аптаның 7 күні, кемпірқосақтың 7 түсі, Жетіқарақшы жұлдызы т. б. Ертегілерде 7 батыр, 7 ағайынды, 7 ұл, 7 қыз...т. с. сияқты болып кездеседі. Бастапқыда балалар Қазақ тілінде аптаның жеті күнін еске түсірді. Халқымыздың ежелгі дәстүрінің бірі, бала туғаннан кейін 7 күннен кейін тойлап, адам дүниеден өткеннен кейін 7 күннен кейін жетісін өткізеді. 
Егер адам 7 ұлттың тілін білетін болса – дана адам болып есептеледі. 
Қазақтарда мынадай ырым бар, кімде-кім өз жанында жайсыздық сезінетін болса, өзінің немесе жақындарының өміріне қауіп төніп тұрғанын сезініп, киелі жұма күні - 7 шелпек пісіреді. Бұл 7 шелпекті 7 үйге таратып беру керек. Сондай-ақ шелпекті жеген адам «Қабыл болсын» деп, ал берген адам «Әумин» деп айту керек. Осы тұрғыда қазақтарда «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген мақал бар. Яғни, осылай аруақтарды еске алып отырса адамның өмірде жолы болып отырады, аруақтар қолдап, қоштап жүреді деген мағына береді. Сол себепті де 7 саны сәттілік, ырыс-береке әкелетін киелі сан болып есептеледі. Ақыртас жөніндегі аңыз бойынша, аса зор денелі де күшті құрылысшы кетпенімен жеті жерге тастаған топырағынан жеті төбе пайда болған. Ал, «Алпамыс батыр» эпосында Байбөрі мен Аналық бір бала көтеру үшін дүниенің жарымын аралап, жеті әулиенің зираттарына түнеп жүріп армандарына жеткен... Иә, шынында да біздің әлемде қызықты әрі жұмбақ жайттар өте көп кездеседі. Ал, тарих дәстүріміздегі құпиялар мен ашылымдар қаншама десеңізші! 













Пайдаланған әдебиеттер тізімі



1.“Жас алаш” газеті. 21.ХІ.1998 жыл
2.“Таным, талғам, тағылым” авторы: М.Жанболатұлы, Алматы, 1997 жыл
3.“Сен білесің бе” деген тарихи-этнографиялық кітаптар топтамасы 5-6 кітапша. “Аруна” баспасы. 2003 жыл.
4.“Жеті қазына” Сейіт Кенжеахметұлы. І, ІІ, ІІІ том. Алматы, Ана тілі 2007 жыл





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!