жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғылыми жұмыс: Математикалық симметрияның табиғатпен үйлесімділігі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Түлкібас аудан әкімдігі бөлімінің
Ә.Науаи атындағы жалпы орта мектебі
комуналдық мемлекеттік мекемесі
ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«МАТЕМАТИКАЛЫҚ СИММЕТРИЯНЫҢ ТАБИҒАТПЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ»
Бағыты: Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу
Секция: Математика
Орындаған: Саид-Мамедова Гулхаё Хашимқызы, 11 сынып оқушысы
Жетекшісі: Исаева Шахноза Шакасимовна, математика пәнінің мұғалімі
Мазмұны:
I. |
Кіріспе |
3 |
II. |
Негізгі бөлім:Симметрия табиғатта |
5 |
2.1 |
Симметрия анықтамасы |
7 |
2.2 |
Математикадағы симметрия |
9 |
2.3 |
Бейнелеу өнеріндегі симметрия |
11 |
2.4 |
Сәулет өнеріндегі симметрия |
13 |
2.5 |
Биологиядағы симметрия |
15 |
2.6 |
Табиғаттағы симметрия |
17 |
2.7 |
Айналадағы (айналық) симметрия |
19 |
2.8 |
Нұршежіредегі симметрия (тарих) |
21 |
2.9 |
Информатикадағы симметрия |
23 |
2.10 |
Дүниетанудағы симметрия |
25 |
2.11 |
Технологиядағы симметрия |
27 |
III. |
Қорытынды |
31 |
IV. |
Әдебиеттер |
39 |
V. |
Қосымшалар |
45 |
КІРІСПЕ
Табиғатта, техникада және тұрмыста кейбір денелердің өзара ұқсас, үйлесімді орналасуын симметрия деп атайды.
«Симметрия» грек сөзінен алынған «үйлесім» сөзі сияқты бірдей өлшемділікті, белгілі бір реттілікпен орналасқан деген ұғымды білдіреді.
Симметрия ұғымы адам шығармашылығының көпғасырлық тарихымен тығыз байланысты. Симметрия физика мен математикада, химия мен биологияда, техника және архитектурада, поэзия мен музыкада маңызды роль атқарады. Симметрияның ең қарапайым түрі – түзуге қатысты симметрия. Егер түзу бойымен бүктегенде жазықтықтағы екі фигура бір-бірімен беттесетін болса, ондай фигуралар түзуге қатысты симметриялы фигуралар деп аталады. Симметриялы фигуралар өзара тең болады. Егер түзу фигураны симметриялы екі бөлікке бөлсе, онда ондай фигура осьтік симметриялы фигура деп аталады, ал түзу сол фигураның симметрия осі деп аталады.
Симметрия жазықтығында симметриялық жақтауда күш түсіргенде қиғаш симметриялық күш факторлары 0-ге тең болу қасиеті.
Симметрия адамзаттың сан ғасырлар бойы сәндікке жетілдіру үшін ашуға әрекет еткен ұсынысы болып келеді. Симметрияны біз барлық жерде кездестіреміз. Табиғатта, техникада, өнерде, ғылымда.
Білім бақтың жібермейтін қазығы,
білімсіз бақ әлде кімнің азығы.
Мұхтар Әуезов.
Оқушының ғылыми жұмыс қорғаудағы мақсаты:
1.Табиғаттағы, қоршаған ортадағы,биологиядағы,техналогия және дүниетанудағы,сәулет өнеріндегі, математикадағы симметрия тұралы түсінік беру
2.Ең қарапайым симметрия түзуге қатысты симметрия екендігін анықтау.
Оқушының негізгі міндеті:
Мүмкіншіліктерден пайдалана отырып, математикалық симметрияны қоршаған ортамен, табиғатпен үйлесімді екенін түсіндіру.
Оқушының бірінші кезектегі міндеттері:
Симметрия сөзінің ұғымын ашу.
Табиғатпен, қоршаған ортамен симметрияның үйлесімді екенін дәлелдеу.
Түзуге қатысты симметрия – симметрияның ең қарапайым түрі екенін дәлелдеп көрсету.
2.Негізгі бөлім:
Симметрия табиғатта
Тік төртбұрыш, квадрат, шеңбер – осьтік симметриялы фигуралар. Тік төртбұрыштың екі симметрия осі бар, квадраттың төрт симметрия осі бар. Шеңбердің кез келген диаметрі арқылы өтетін түзу оның симметрия осі болады. Сондықтан шеңбердің симметрия осьтері шексіз көп.
А
С Е
К
Оо
J
В Д
F L
Сурет-1.Тік төртбұрыш
Сурет-2. Квадрат Сурет-3. Шеңбер
Бұрыш – осьтік симметриялы фигура. Бұрыштың симметрия осі бойындағы бұрыштың төбесінен басталатын сәулені биссектриса деп атайды. Бұрыштың биссектрисасы оны градустық өлшемтері тең екі бұрышқа бөледі.Симметрияның екінші түрі – нүктеге қатысты симметрия.О нүктесіне қатысты симметриялы нүктелер фигураның өзінде жатса, ол фигура центрлік симметриялы фигура деп аталады. О нүктесі фигураның симметрия центрі деп аталады.
А
В С Сурет-4.Осьтік симметрия
Тік төртбұрыш, шеңбер, кесінді – центрлік симметриялы фигуралар. Тік төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді диагональ деп аталады. Тік төртбұрыштың диагональдарының қиылысу нүктесі – оның симметрия центрі. Шеңбердің симметрия центрі – шеңбердің центрі болатын О нүктесі. Кесіндіні тең екі бөлікке бөлетін О нүктесі – оның симметрия центрі. Мысалдар: Фигура түзуге қатысты симметриялы деп аталады,егер ол түзу сол фигураны екі бірдей бөлікке бөліп,сол түзу боиымен бөліктерді беттестіргенде сәйкес келсе (I – симметрия осьі)
Мысалы: А І түзуіне қатысты В мен А симметриялы.
а) АВ I ; б) АО=ОВ
О
А
В
Сурет-5.Кесінді
Координаталық жазықтықтағы координаталар басы О нүктесіне катысты симметриялы нүктелердің координаталары қарама-қарсы сандар болады.
Сурет-6.Осьтік симметрия
Фигура О нүктесіне қатысты симметриялы деп аталады,егер осы фигураның кез келген X нүктесіне сәйкес Y нүктесі О(симметрия центрі) нүктесіне қатысты Х пен симметриялы болып табылса.Симметрия және фигура центрі бір.
Симметрия осьі мен симметрия жазықтығы бірнеше болуы мүмкін. Шар, домалақ цилиндр, домалақ конус және т.б шексіз симметрия жазықтықтарына ие.
А А1
В С С1 В1 Сурет-7.Осьтік симметрия
Дұрыс алтыбұрыш 6 симметрия осіне,шеңбер шексіз көп симметрия осіне ие болады.
Табиғаттағы симметрия
Мысалы: конустық симметрия барлық ағаштарда анық байқалады . Ағаш тамырымен ылғалды және құнарлы заттарды жерден яғни астынан алады да, қалған өмірге қажетті функциялардың барлығын жоғарыдан алады.
Сурет-8.Осьтік симметрия
С
урет-9.Осьтік
симметрия
А
ғаштың
тұлғасы оның тік симметрия
өсі болып саналады. Симметрияны
жапырақтардан, гүлдерден, бұтақтардан,
өнімдерден ашық көруге болады.
Көбінесе гүлдердің симметриясы
бұрылысты симметрия мен
айналы шағылысу симметриясы
екеуі қатар болады.
Сурет-10.Осьтік симметрия
Сурет-11.Осьтік симметрия
Бейнелеу және көркем өнердегі симметрия
Қазақтың ұлтық ою-өрнектері өзінің әсемдігімен көз тартады. Ою-өрнектедің түрлері өте көп. Олардың әрқайсысы әртүрлі симметриялы. Сонымен қатар қазақ қыздарының әшекей бұйымдары да басқаларға қарағанда симметрия жағынан айқын көрінеді. оған мысал ретінде шашқа тағатын шолпы, білезік, белдік пен белбау сондай-ақ киіз үйдің жабдықтары сандықтың бетіндегі оюлардың барлығы симметриялы.
С
урет-12.
Осьтік симметрия
Архитектурадағы симметрия.
Қожа Ахмет Иассауи кесенесі
Тайқазан
Алтын адам
Домбыра
Ордабасы ескерткіші
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
Қ
ожа
Ахмет Яссауи кесенесі – ортағасырлық
сәулет өнері ескерткіші. Түркістан
қаласында орналасқан. 1396-1399 жылдары
Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет
Яссауи қабірінің басына тұрғызылған.
Кесене оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа
қарай созылып жатыр. Ені 46,5 м, ұзындығы
65 м. Күйдірілген шаршы кірпіштен өрілген.
Кесене жобасының ерекшелігі онда Орталық
Азия сәулет өнерінде бұрын-соңды
ұшыраспаған шатыр жабу тәсілдері
қолданылған. Кесенеде аса үлкен портал
(ені 50 метрге жуық, порталдық арканың
ұзындығы 18,2 метр), бірнеше күмбез, 35
бөлме бар. Ғимараттың биіктігі 37,5 м.
Сыртқы қабырғалардың қалыңдығы
1,8-2 м, қазандық қабырғаларының қалыңдығы
3 м.
Сурет-13. Осьтік симметрия
Тайқазан
Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің есігінен аттаған адамның көзіне алғаш түсетін зат – қазандық бөлмесінің қақ ортасынан орын тапқан қасиетті Тайқазан.Кесенені салдырған Көреген Әмір Темір тапсырысымен бұл қазан 1399 жылы 25
маусымда Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде, сирек кездесетін асыл металдардың қоспасынан құйылған. Салмағы екі тонна, сыйымдылығы үш мың литр. Шаңырақтың қазаны күнде кешке қайнап жатса, бұл сол елде соғыстың жоқтығы, тыныштықтың белгісі саналса, онда буы бұрқырап жілік-жілік еттің пісіп жатқаны сол елдегі тоқшылықтың, молшылықтың белгісі саналған.
Сурет-14. Осьтік симметри
Алтын адам
«
Алтын
адам» Қазақстан аумағына жататын Есік
қорғанынан табылған, біздің дәуірімізге
дейінгі VII-III ғғ. өмір сүрген көшпенділердің
тарихынан, өркениеті мен мәдениетінен
хабар беретін, бүгінде әлемдік мәдени
құндылықтардың қатарына енген бірегей
туынды.
Сурет-15. Осьтік симметрия
Домбыра
Домбыра — қазақ халқының әрбір үйінде болуы міндетті және қажетті аспап болып есептелген. Бұл музыкалық аспаптың пайда болу тарихы ғасырлар қойнауына кетеді. Ғалымдар бұның Хорезмдік аспаптардың бұдан екі мың жыл бұрын өмір сүрген көшпелі сақ тайпаларының музыкалық аспабы екенін дәлелдеген. Бұл ежелгі екі ішекті аспаптардың қазақ
домбырасымен ұқсастығы көп. Домбыраның екі түрі бар — батыстық және шығыстық. Бұл орындалу дәстүрінің екі түрлілігімен ерекшеленеді. Домбыра тек екі ішекті ғана емес, үш ішекті де болып келеді. Өткен кезеңде үш ішекті домбыра Қазақстанның әртүрлі аймақтарында кездескен, қазіргі кезде бүл аспап түрі тек Семей облысында сақталған.
Сурет-16. Осьтік симметрия
Айналық симметрия
Айналық симметрия бұл нысанның судағы, яғни айнадағыдай шағылысқан көрінісі. Бұл табиғаттың заңдылығына негізделген. Атап айтқанда математикада, кристалдарда, химияда, физикада және бейнелеу өнерінде сәулет өнерінде жиі кездесетін еді.
Сурет-17. Осьтік симметрия
Орта ғасырда Готика өнері алғаш Францияда жақсы дамыды. Ең әдемі де, әсем готикалық өнерде математикаллқ симметрия көрініс тауып, өркендеп, мәңгілік сақталды.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, «МАТЕМАТИКАЛЫҚ СИММЕТРИЯНЫҢ ТАБИҒАТПЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ» тақырыбын зерттегенде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерін талдадық.
Сонымен, «Симметрия» грек сөзінен алынған «үйлесім» сөзі сияқты бірдей өлшемділікті, белгілі бір реттілікпен орналасқан деген ұғымды білдіреді.Симметрия ұғымы адам шығармашылығының көпғасырлық тарихымен тығыз байланысты. Симметрия физика мен математикада, химия мен биологияда, техника және архитектурада, поэзия мен музыкада маңызды роль атқарады. Симметрияның ең қарапайым түрі – түзуге қатысты симметрия. Егер түзу бойымен бүктегенде жазықтықтағы екі фигура бір-бірімен беттесетін болса, ондай фигуралар түзуге қатысты симметриялы фигуралар деп аталады. Симметриялы фигуралар өзара тең болады. Егер түзу фигураны симметриялы екі бөлікке бөлсе, онда ондай фигура осьтік симметриялы фигура деп аталады, ал түзу сол фигураның симметрия осі деп аталады.
Демек, тік төртбұрыш, квадрат, шеңбер – осьтік симметриялы фигуралар. Тік төртбұрыштың екі симметрия осі бар, квадраттың төрт симметрия осі бар. Шеңбердің кез келген диаметрі арқылы өтетін түзу оның симметрия осі болады. Сондықтан шеңбердің симметрия осьтері шексіз көп.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Негізгі мектептің 5,6 – сыныптың математика бағдарламалары. Астана, 2009. – 55 б.
2. Волошинов А.В Математика и симметрия.-М.: Просвещение 2005 г.
3. Глейзер Г.Д.Геометрия.-12-тое изд.,-М.: Провещение 2002г.
4. Гончарова С.Г., Кукин Г.П. Конструктор «В мире симметрии» Математика в школе. 2006 г.
5. О. Иванова. Этот симметричный мир. - Первое сентября. – 2006 № 6.
6.Азевич А.И. Двадцать уроков гармонии - Москва, изд-во «Школа-Пресс», 2008 г.
7. Урманцев Ю.А. Симметрия природы и природа симметрии — М.: Мысль, 2004 г.
8. Гильде В. Зеркальный мир. — М.: Мир, 2002г.
9.Беркут А.К., Алдешов С.Е. Компьютерные цвета. Шымкент, 2011. –С.145-146.
10.Рябова Е., Буркит А.К.Симметрия. Шымкент, 2005. – С.7-9.
11.«http://ru.wikipedia.org/w/index.php?title=Симметрия&oldid.
12. Интернеттің рұқсат етілген қолжетімді сайттары мен материалдарынан алынған. Шымкент, 2017.
13 Т.А.Алдамұратова. Математика. Алматы, 2005.
14 Б.Баймұханов, А.К.Казешев, С.А.Соколова, А.Исабаева, Г.Нұрғалиева, А.Тәжіғұлова, Л.Шарабко, Д.Исабеков, Т.Ермакова. Электрондық оқулық. 5-сынып. Алматы, 2009.
15 Б.Баймұханов, А.К.Казешев, С.А.Соколова, А.Исабаева, Г.Нұрғалиева, А.Тәжіғұлова, Л.Шарабко, Д.Исабеков, Т.Ермакова. Электрондық оқулық. 6-сынып. Алматы, 2009.
16 Т.А.Алдамұратова. Математика. 5-сынып. Алматы, 2005.
17 Қ.Ж.Ағанина, М.Ө.Кенжебаева, Б.Ә.Шалғынбаева, Ш.Б.Алтыбаева, Ұ.Н.Палжанова. Негізгі мектептің 6 сынып математика курсына арналған дидактикалық материалдар. Алматы «Атамұра», 2002.
18 Т.А.Алдамұратова, В.И.Тупаева, Г.П.Жетпісбаева. Негізгі мектептің 6 сынып математика курсына арналған дидактикалық материалдар. Алматы «Атамұра», 2003.
19 Т.А.Алдамұратова, А.Қ.Хабылбекова, Н.Ф.Алешина, С.Р.Сатемирова. Негізгі мектептің 6 сынып математика курсына арналған №1 жұмыс дәптері. Алматы «Атамұра», 2006.
20 Т.А.Алдамұратова, А.Қ.Хабылбекова, Н.Ф.Алешина, С.Р.Сатемирова. Негізгі мектептің 6 сынып математика курсына арналған №2 жұмыс дәптері. Алматы «Атамұра», 2006.
21 Г.О.Жетпісбаева. Бастауыш мектеп математика курсында практикалық мазмұнды есептер шығару. Пед. ғыл. канд. дисс. ... Шымкент, 2007. -135 б.
22 М.Ө.Мұсабеков. 5,6-сынып оқушыларының зерттеушілік қабілеттерін дамыту. Пед. ғыл. канд. дисс. ... Шымкент, 2000. -106 б.
23 Г.С.Нұржігітова. Негізгі мектептің 5 сынып математика курсына арналған есептер жинағы. Шымкент, 2009. -64 б.
24 Г.С.Нұржігітова. Негізгі мектептің 6 сынып математика курсына арналған есептер жинағы. Шымкент, 2010. -55 б.
25 Г.С.Нұржігітова. Математикалық логика (5-сынып). Шымкент, 2008. -70 б.
26 Г.С.Нұржігітова. Математикалық логика (6-сынып). Шымкент, 2009. -88 б.
27 И.Л.Соловейчик. Я иду на урок математики. 5 класс. Москва, 2000. 345 с.
28 И.Л.Соловейчик. Я иду на урок математики. 6 класс. Москва, 2001. 315 с.
29 Қ.Ж.Ағанина, М.Бақынова. Негізгі мектептің 6 сынып математика курсына арналған жұмыс дәптері. Алматы «Атамұра», 2002. – 40 б.
30 Қ.Ж.Ағанина, М.Ө.Кенжебаева, Б.Ә.Шалғынбаева, Ш.Б.Алтыбаева, Ұ.Н.Палжанова. Негізгі мектептің 6 сынып математика курсына арналған дидактикалық материалдар. Алматы «Атамұра», 2002. – 40 б.
31 Т.А.Алдамұратова, В.И.Тупаева, Г.П.Жетпісбаева. Негізгі мектептің 6 сынып математика курсына арналған дидактикалық материалдар. Алматы «Атамұра», 2003. – 40 б.
32. Т.А.Алдамұратова, А.Қ.Хабылбекова, Н.Ф.Алешина, С.Р.Сатемирова. Негізгі мектептің 6 сынып математика курсына арналған №1 жұмыс дәптері. Алматы «Атамұра», 2006. – 40 б.
33. Т.А.Алдамұратова, А.Қ.Хабылбекова, Н.Ф.Алешина, С.Р.Сатемирова. Негізгі мектептің 6 сынып математика курсына арналған №2 жұмыс дәптері. Алматы «Атамұра», 2006. – 40 б.
34 Қ.Ж.Ағанина, М.Бақынова. Негізгі мектептің 6 сынып математика курсына арналған жұмыс дәптері. Алматы «Атамұра», 2002. – 40 б.
35 Қ.Ж.Ағанина. 6 сынып математика курсына арналған жұмыс дәптері. Алматы «Атамұра», 2002. – 40 б.
36 М.Бақынова. 6 сынып математика курсына арналған жұмыс дәптері. Алматы «Атамұра», 2002. – 40 б.
37 Т.А.Алдамұратова. Негізгі мектептің 5,6 сынып математика курсына арналған дидактикалық материалдар. Алматы, 2005.
38 Ұ.Н.Палжанова. Негізгі мектептің 6 сынып математика курсына арналған дидактикалық материалдар. Алматы «Атамұра», 2002.
39 Т.А.Алдамұратова. Негізгі мектептің 6 сынып математика курсына арналған жаттығулар. Алматы «Атамұра», 2003.
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ КҮНДЕЛІГІ
Оқушының күнделігі
№ |
Ғылыми жоба жұмысының мазмұны |
мерзімі |
Жауапты |
1 |
Тақырыпты таңдалынды |
01.09.2018 жылы |
Математика пәнінің мұғалімі, Ғылыми жетекшісі,
|
2 |
Жоспары түзілді |
02.09.2018 жылы |
Математика пәнінің мұғалімі, Ғылыми жетекшісі,
|
3 |
Әдебиеттер талданды |
03.09.2018жылы |
Математика пәнінің мұғалімі, Ғылыми жетекшісі,
|
4 |
Кіріспе |
04.09.2018 жылы |
Математика пәнінің мұғалімі, Ғылыми жетекшісі,
|
5 |
Симметрия табиғатта |
01.10.2018 жылы |
Математика пәнінің мұғалімі, Ғылыми жетекшісі,
|
6 |
Симметрия анықтамасы |
01.11.2018 жылы |
Математика пәнінің мұғалімі,
|
7 |
Математикадағы симметрия |
01.12.2018 жылы |
Математика пәнінің мұғалімі,
|
8 |
Бейнелеу өнеріндегі симметрия |
05.01.2019 жылы – 25.01.2019 жылы. |
Математика пәнінің мұғалімі, Ғылыми жетекшісі,
|
9 |
Сәулет өнеріндегі симметрия |
01.02.2019 жылы – 25.02.2019 жылы. |
Математика пәнінің мұғалімі, Ғылыми жетекшісі,
|
10 |
Биологиядағы симметрия |
01.03.2019 жылы – 25.03.2019 жылы. |
Математика пәнінің мұғалімі, Ғылыми жетекшісі,
|
11 |
Табиғаттағы симметрия |
30.04.2019 жылы – . |
Математика пәнінің мұғалімі, Ғылыми жетекшісі,
|
12 |
Физикадағы симметрия |
16.05.2019 жылы – 25.05.2019 жылы. |
Математика пәнінің мұғалімі, Ғылыми жетекшісі,
|
13 |
Нұршежіредегі симметрия (тарих) |
25.06.2019 жылы – 28.06.2019 жылы. |
Математика пәнінің мұғалімі, Ғылыми жетекшісі,
|
14 |
Информатикадағы симметрия |
25.07.2019жылы – 28.07.2019 жылы. |
Математика пәнінің мұғалімі, Ғылыми жетекшісі,
|
15 |
Дүниетанудағы симметрия |
25.08.2019 жылы – 28.08.2019 жылы. |
Математика пәнінің мұғалімі, Ғылыми жетекшісі,
|
16 |
Технологиядағы симметрия |
02.09.2019жылы – 18.10.2019 жылы. |
Математика пәнінің мұғалімі, Ғылыми жетекшісі,
|
17 |
Қорытынды |
25.10.2019жылы –
|
Математика пәнінің мұғалімі, Ғылыми жетекшісі,
|
18 |
Әдебиеттер |
25.10.2019 жылы – 28.11.2019 жылы. |
Математика пәнінің мұғалімі, Ғылыми жетекшісі
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген