Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жұмыс "Python тілінде санның цифрларымен жұмыс істеу" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Python тілінде санның цифрларымен жұмыс істеу үшін оқушыларға көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Сарыағаш ауданы №72 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Жоба тақырыбы:

«Python тілінде санның цифрларымен жұмыс істеу»




Бағыты: Сандардың цифрларын зерттеуді компьютерлік

модельдеу

Секция: Математика және информатика

Болжам:
Егер оқушылар өз бетінше программа құрып бірнеше есептер шығарса, ізденсе, логикалық ойлауы дамиды.


Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде мектеп бағдарламасына және олимпиадалық жарыстарда Python бағдарламасы енгізіліп отыр.


Оқушының аты жөні: Сырлыбай Баян Серікқызы

7 «А» сынып оқушысы


Шығармашылық жетекшісі: Бәкірбаева Зарипа Сейдалықызы

72 жалпы орта білім беретін мектебінің

информатика пәні мұғалімі




Сарыағаш ауданы -2021



Мазмұны


  1. Кіріспе ....................................................................................................................5


  1. Негізгі бөлім........................................................................................................6-12


  1. Қорытынды............................................................................................................13


  1. Пайдаланған әдебиеттер......................................................................................14



































Сарыағаш ауданы Қызылжар ауылы № 72 жалпы орта

білім беретін мектебінің

7 «А» сынып оқушысы Сырлыбай Баян

«Python тілінде санның цифрларымен жұмыс істеу»

атты ғылыми зерттеу жобасына




Пікір




Ғылыми зерттеу жұмысында Сандардың цифрларын зерттей отырып және әртүрлі әдебиеттерден тапсырмалар жинақтап, Python программалау тілінде программалар құрылған.
Ғылыми жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиет тізімі тұрады.

Бірінші бөлім кіріспе бөлімінде Python программалау тілінің тарихы қысқаша көрсетілді.

Екінші бөлім негізгі бөлімде ғылыми ізденістерге, өмір бойы білім алуға құштарлығын арттыру, мектепте алған білімдерін одан әрі дамыту, әлеуметтік бейімделуде әр түрлі өмірлік жағдайларда қолдана білуге негізделген. Сандардың цифрлары туралы әртүрлі тапсырмаларды іздеп, жинақтап, бағдарламалар құрылған.
Қорытында жасалған зертеулердің негізінде мәселені шешу үшін қажетті ұсыныстар келтірілген.











72 жалпы орта білім беретін мектебі директорының оқу-ісі меңгерушісі

информатика пәні мұғалімі

Сарсенбаева Сандуғаш






Андатпа


Менің информатика пәніндегі программа құру ғылымына қызығушылығымның туындауы ұстазымның жемісті еңбегі деп білемін. Осы өз қызығушылығымнан туындаған «Python тілінде санның цифрларымен жұмыс істеу» тақырыбын зерделеу, оның қыр-сырларын ашып, сандардың цифрларымен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар құру арқылы көз жеткізу менің алдыма қойған мақсатым болатын.































І. Кіріспе бөлім


Программа құру биік өнер ғажайып...

Сандар шіркін берілсе егер біздерге
Ойымызды жинақтайық, жазайық.
Логикамен жаулап алған ойларды,
Беу, программа тылсымың бар ғажайып.

Тұратұғын бізге жұмбақ сандардан,
Құзыретіңе ғалымдар да таңғалған.
Программаның шеберлігі шексіз - ау
Зерттеп бәрін алдымызға ұсынған!

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі жобамның басын Елбасымыздың мына сөзімен бастағым келеді: «...жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу игеру және жетілдіру - бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңіз». Яғни қазіргі уақытта Python бағдарламасы мектеп оқушыларының олимпиадаларында кеңінен қолдануда. Сондықтан Python бағдарламасында бағдарламалар құруды зерттеуді жөн көрдім.


Бүгінгі менің сіздерге ұсынып отырған ғылыми жобамның тақырыбы: «Python тілінде санның цифрларымен жұмыс істеу» деп аталады.


Жобамның мақсаты:

- Санның цифрларын бөліп алу алгоритмдерін зерттеу;

- Тапсырмаға сәйкес бағдарлама құра білу;

- Логикалық ой қорыту;

- Ойланып шешім қабылдай білу, білімді шығармашылықпен қолдану;

- бағдарлама құрудағы дағды мен шеберлік-іскерліктерін өз бетінше іздене отырып қалыптастыру;

- Қойған мақсатына жетуге ұмтылу;

- Жүйелі және ретті жұмыс жасауға дағдылану;


Жобамның міндеті: Python тілінде санның цифрларымен жұмыс істеу алгоритмін зерттеу. Бағдарламалар құру барысында қолдана білуге дағдылану..

Бұл тақырыптың таңдалу себебі: көптеген есептерді шешу барысында санның цифрларын бөліп алып жұмыс істеу қажеттігі туындайды. Әсіресе олимпиада тапсырмаларында осы деңгейдегі есептер жиі кездеседі. Сондықтан осы тақырып таңдалып алынды.

Бұл жоба бойынша Питон бағдарламалау тілінде санның цифрларымен жұмыс істейтін тапсырмаларды әр түрлі оқулықтардан жинақтап, оларды шешу үшін программалар құрып көрсеткім келді.

Шығу тарихы

Python - жоғары дәрежелі кодтың оқылуын және әзірлеушінің өнімділігін арттыруға мақсатталған жалпы мақсаттағы бағдарламалау тілі. Python тілі аз синтаксисті талап етеді. Бірақ сол уақытта стандартты кітапханасы үлкен көлемді пайдалы функцияларды қамтиды.

Python — жоғары дәрежедегі бағдарламаллау тілі. Python тілі қазіргі кезде ең көп таралған бағдарламаллау тілі болып саналады. Бұл тілде жасалған ең атақты бағдарлама ол бәріміз білетін Instagram əлеуметтік желісі.

Алғашында Python тілі Ameoba операциялық жүйесімен әрекет етуге қабілетті ABC бағдарламаллау тілінің ұрпағы ретінде алынған. Кеиінірек Python дамып,ең басты және маңызды бағдарламаллау тіліне айналды.Ең алғаш жаңарту Python 2.0 жаңа нұсқасы жарық көрді. Біл жаңа нұсқада көптеген функциялар мен жаңа алгоритмдер түрін көрсетті. Жаңартудан кейін Python тілінің қолданушылары арта түседі. Алайда бұл тілдің жаңарту бұнымен біткен жоқ. 2008 жылдың 3 желтоқсанында Python 3.0 жарық көреді.Оның да бірнеше версиялары шыққан.

1991 жылы Нидерландылық программист Гвидо ван Россум ойлап тапты. Бұл программалау тілі веб сайттар жасауда да қолданылады.


ІІ. Негізгі бөлім


Санның цифрларымен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар және программалары


1.Санның жүздігін, ондығын және бірлігін анықтау. Санның цифрларын бөліп алу үшін төмендегідей алгоритм бойынша жұмыс жасау ұсынылады:

Кейбір есептерді шешуде сіздерге бастауыш сыныптардан бері таныс санды разрядқа жіктеу әдісін пайдаланған жөн.

Мысалы: N =274 санын алсақ...

1-әдіс:

274 // 100 =2

274 % 100= 74

74//10=7

74%10=4


1-ші әдістің бағдарламасы:

n=int(input())

A=n // 100

B=n % 100

C=B//10

D=B%10

print(A, '- жүздік ', B, ' - ондық ' , D, ' - бірлік ')


2-әдіс

274 // 100 =2

(274 %100)//10=7

(274%100)%10=4

2-ші әдістің бағдарламасы:

n=int(input())

A=n // 100

B=(n % 100)//10

C=(n%100)%10

print(A, '- жүздік ', B, ' - ондық ' , C, ' бірлік ')

2. Санның цифрларының қосындысын анықтау.

Төрт таңбалы N саны берілген және цифрларының қосындысын есептеу керек. Мысалы: N=3452 болсын...

N=int(input())

A=N//1000

B=N%1000

C=B//100

D=B%100

E=D//10

F=D%10

print(A+C+E+F)


3. Санның цифрларының көбейтіндісін анықтау дәл жоғарыдағы тәсілмен анықталады.

Төрт таңбалы N саны берілген және цифрларының көбейтіндісін есептеу керек. Мысалы: N=1234 болсын...

N=int(input())

A=N//1000

B=N%1000

C=B//100

D=B%100

E=D//10

F=D%10

print(A*C*Е*F)


жауабы: 24

4. Санның цифрларының квадраттарының көбейтіндісін анықтау.

Төрт таңбалы N саны берілген және цифрларының көбейтіндісін есептеу керек.

Мысалы: N=1221 болсын...


N=int(input())

A=N//1000

B=N%1000

C=B//100

D=B%100

E=D//10

F=D%10

print(A**2+C**2+Е**2+F**2)


жауабы: 10


5. Төрт таңбалы N саны берілген. Санның бастапқы екі цифрының қосындысын, соңғы екі цифрының көбейтіндісін анықтау.

Мысалы: N=3452 болсын...


N=int(input())

A=N//1000

B=N%1000

C=B//100

D=B%100

E=D//10

F=D%10

print(A+C)

print(E*F)


жауабы: 7

10


6. Төрт таңбалы N саны берілген. Санның цифрларын кері ауыстыру.

Мысалы: N=1234 берілсе, онда жауабы 4321 шығуы керек.

N=int(input())

A=N//1000

B=N%1000

C=B//100

D=B%100

E=D//10

F=D%10

print(F*1000+E*100+C*10+A) #

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.05.2021
2920
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12