жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғылыми жұмыс. Сайрамда бар сансыз бап
Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН пән бірлестігі
ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Сайрамда бар сансыз бап»
Дайындаған:
МДО-182/б 3-курс студенті СЕРДАЛЫ Н.
Жетекшісі: Ұ.О.Абзелова
Ақсукент 2020 ж
Мазмұны
Кіріспе
______________________________________________________3
Негізгі
бөлім
1.1.
Ежелгі
Сайрам қаласы атауының шығуы туралы
аңызы
_____________4
1.2.
Арыстан
бабамыздың Қожа Ахметке ұстаздық етуі
туралы аңыз______15
1.3.
Қожа
Ахмет Йасауи
_____________________________________17
Қорытынды
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
Андатпа
Оңтүстік Қазақстан – қазақтың қаймағы шайқалмаған даласы.Бұл өңір шуақты күнімен,халқының жомарттығымен,меймандостығымен,салт-дәстүрге беріктігімен,ең бастысы- еңбексүйгішігімен ерекшеленеді.Сіздерге әр келген сайын оңтүстік қазақстандықтардың өз өлкесін гүлдендірумен,тұрмыс- тіршіліктерін жақсарта түсумен қатар өздерінің негізі түп-тамырын ұмытпай,әдемі жалғастырып жатқанын көремін.
Аннотация
«Южный Казахстан - это неподготовленные степи казахов, этот регион характеризуется яркими солнечными днями, щедростью людей, гостеприимством, традициями и традициями, и, самое главное, тяжелой работой. Каждый раз, когда вы приезжаете в южные казахстанцы с их процветанием, Я вижу, что он продолжает расти и не забывать о его корнях ».
Annotacïya
"South Kazakhstan is an unshaked steppes of the Kazakhs. This region is characterized by bright sunny days, generosity of the people, hospitality, tradition and tradition, and most importantly, hard work. Every time you come to the South Kazakhstanis with their prosperity, I see that it keeps growing and not forgetting its roots. "
Кіріспе.
Мен өз еңбегімді дана да, данышпан елбасымыздың сөзімен бастауды қош көрдім:
”Оңтүстік Қазақстан – қазақтың қаймағы шайқалмаған даласы.Бұл өңір шуақты күнімен,халқының жомарттығымен,меймандостығымен,салт-дәстүрге беріктігімен,ең бастысы- еңбексүйгішігімен ерекшеленеді.Сіздерге әр келген сайын оңтүстік қазақстандықтардың өз өлкесін гүлдендірумен,тұрмыс- тіршіліктерін жақсарта түсумен қатар өздерінің негізі түп-тамырын ұмытпай,әдемі жалғастырып жатқанын көремін”.
Қазақ әдетте қоғам өмірі үшін маңызды құбылысты мақал-мәтелмен немесе қанатты сөздермен дәріптейді. Сол құбылыс, дұрысы адам өміріндегі маңызды болмыстардың бірі – әулиелерге құрмет білдіріп, сол ұлы тұлғалардың, Алланың сүйген құлдарының әруағына арнап құран бағыштау.Оңтүстік Қазақстанда мінәжат,зиярат жасау орындары және сәулет ескерткіштері өте көп:Сайрам ауданындағы Ыбырайым ата,Қарашаш ана кесенелері,Отырар ауданындағы Арыстанбаб әулие кесенесі,Түркістан қаласындағы Әзірет Сұлтан мұражай-қорығы,Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің тарихи- сәулет кешені т.б.
Ұлы Жібек жолының облыс арқылы өтетін бөліктері бойында көнеден сыр шертетін қалалар мен кенттердің , қорғандардың,түрлі мәдени ескерткіштердің , ғажайып сәулет өнерінің баға жетпес үлгілері,тұтастай және жартылай сақталған қалдықтары,аз ғана бөліктері, жұрнақ-жұқаналары,жойылуға шақ тұрған қирандылары көп. Қазақтың «Мединеде – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет, Маңғыстауда – Пір Бекет» деген сөзінде үлкен тарих пен таным жатыр. «Сайрамда бар сансыз баб, Түркістанда – түмен баб, бабтардың бабы – Арыстан баб» деп оңтүстіктің халқы да босқа айтпайды.
Сайрамдағы Қожа Ахмет Ясауидің әкесі әрі бірінші ұстазы – Ибраһим атаның кесенесі XVІІ-XVІІІ ғасырларда салынған. Бұл кесене бүгінде мемлекеттің қорғауында.
1.1.Ежелгі Сайрам қаласы атауының шығуы туралы аңызы .
Ескі Исфиджаб , қазіргі Сайрам көптеген Шығыс және Батыс саяхатшыларының қолжазбаларында кездеседі. Исфиджаб қаласы Ұлы жібек жолының ең маңызды бөліктерінің бірінде орналасқан. Тарихи деректерде Сайрам қаласының оңға жуық Сайрим, Исфиджаб, Нучингень,Сайлан ,Бейшуйху,Аль маданият аль Байзо, Сайрам секілді атауларын кездестіруге болады. Сайрам жөнінде ең алғашқы рет 629жылы жазылған қытай саяхатшысы Сюань-Цзянның қолжазбаларында кездеседі ,мұнда: Сайрам - Ақ өзен бойындағы қала деп көрсетілген.Кейін Махмұд Қашқарий еңбегінде:” Сайрам – бұл Ақ қала .Ол қаланы Исфиджаб және де Сайрам деп те атайды”- деп жазған. Исфиджаб атауы соғды тілінен аударғанда “Ақсу” деген мағынаны білдіретіндігін орыс ғалымы В.К.Шуховцов ұсынған. Дегенмен де Сайрам атауының шығу төркіні жайлы жорамалдар өте көп .
“Сайрамда бар сансыз баб”- деп тектен тек айтылмаса керек . Бұл жерде орта ғасырлық сәулет ескерткіштері көптеп салынған. Көптігі соншалық, жергілікті тұрғындардың өзі олардың санынан жаңылатын көрінеді . Бір көнекөздер соншама көп кесененің санын шамалап 80-ге жуық десе, енді бірі 100-ден асады деп болжайды .
Негізінен Сайрам атауы Махмұт Қашқаридің “ Диуани лұғат ат түрік” атты еңбегінде кездеседі . Онда: “ Сайрам- Исфиджаб деп аталатын ақ қаланың аты” делінген. Демек Сайрам – Исфиджабтың кейінгі аты. Ал ақ қала деуінің мәні мұнда сол замандарда кілең тақуа діндар ізгі ниетті әулие – әмбиелер бабтар мен шейхтар өмір сүргендігінде болуы бек мүмкін.
П.Иванов, М.Массон, Н.Бернштам сияқты ғалымдардың жүргізген зерттеулеріне сүйенсек, Сайрам Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан ірі сауда, қолөнер және діни орталық болған. Еліміздің оңтүстік өңірінде бірінші рет Сайрам өңірі ислам дінін қабылдаған.+
«Сайрамда бар сансыз баб» деп тектен тек айтылмаса керек. Бұл жерде орта ғасырлық сәулет ескерткіштері көптеп салынған. Көптігі соншалық, жергілікті тұрғындардың өзі олардың санынан жаңылатын көрінеді. Бір көнекөздер соншама көп кесененің санын шамалап 80-ге жуық десе, енді бірі 100-ден асады деп болжайды. Солардың бірі де бірегейі – Ибраһим ата кесенесі.+
Ибраһим ата кесенесі
Екінші Мекке саналатын Түркістандағы түмен баб пен Отырардағы отыз бабқа зиярат ететіндер әуелі Сайрамда өмір сүрген Ибраһим ата мен оның жары Қарашаш ананың мазарын айналып өтпеуі тиіс. Біздің сапарымыз да атақты Қожа Ахмет Яссауидің әкесі Ибраһим атаның кесенесінен басталды. Кесене Сайрамның орталығынан екі шақырым жерде биік төбеде орналасқан.+
Кесене шырақшысы Қадырхан Артходжаевпен әуелі бабамыздың басына құран бағыштадық. Алты жылдан бері осы жерде шырақшы болып істейтін Қадырхан Убайдуллаұлының айтуынша, Ысқақ бабтың 13-ші ұрпағы саналатын Ибраһим ата – атақты сопы Қожа Ахмет Яссауидің әкесі, діни көсемі әрі осы өңірлерге танымал уағызшы болған. XI ғасырда Сайрам ислам дінін таратудың негізгі ошағы болса, мұнда көптеген діндарлар мен ғалымдар тұрған. Халық арасында Ибраһим атаның әулиелігі мен уағызшылық қабілеті жайлы аңыздармен қатар диханшылығы туралы да әфсаналар тараған. Ерте көктемде егін салар уақытта дихандар атаны жерінің басына апарып, дән салып беруін өтінетін болған. Себебі оның қолы тиген топырақ өнімді жеміс беретін болыпты. Ол мұқтаж адамдарға қол ұшын беріп, өмірін тақуалықпен өткізген. Алғашында кесене XVIІ – XVIIІ ғасырларда салынған, бірақ ол құлап қалғаннан кейін XIX ғасырда қайта салынды. 50-жылдары қатты жер сілкінісі кезінде кесене күмбезі құлағаннан кейін басқа қалыпта қайта жасалды. Соңғы рет бұл кесенеге жөндеу жұмыстары төрт жыл бұрын жүргізілді, – дейді шырақшы.+
Кесене бір камералы, шаршы түріндегі құрылыс. Алаңы 7,2 х 7,2 м, ал ұзындығы – 8,25 м. Ғимарат бір орын-жайы бар екі деңгейлі болып келеді. Оңтүстік жағында кіреберіс, батыс жағында ағаш жақтаулы терезе орналасқан. Ішкі қабырғалары әрленген, еден кірпішпен қапталып үстінен цемент араластырылған балшықпен сыланған.+
Ибраһим атаның кесенесіне зиярат ету үшін ат басын бұратындар аз емес. Аудан, қала басшыларын былай қойғанда, облысымыздың экс-әкімдері Бейбіт Атамқұлов екі күнде осы жерге су шығартып, Асқар Мырзахметов екі ай сайын бас сұғып тұрғанын шырақшының өз аузынан естідік. Қадырхан ақсақал кезінде Б.Атамқұлов едел-жедел су шығартып бергенімен, күніне таңертеңгілік уақытта бір-ақ сағат берілетінін айтады. «Сол бір сағатта барлық бөшкелерді толтырып қоямын. Кейде зияратшылар көбейіп кеткенде су таппай қиналып қаламыз. Егер демеушілер табылып жатса, осы су мәселесін түбегейлі шешіп берсе дұрыс болар еді», – дейді ол.+
Махмутхан-шейх баба кесенесі
Ибраһим ата кесенесінен сәл беріде Махмутхан-шейх бабаның мазары орын тепкен. Құрылысы Х-ХІ ғасырларға жатады. Кесене шырақшысы Ұлықбек Анарқұл келушілердің дені зияратын бірінші Ибраһим атадан бастайтынын, ал негізі оның әкесі Махмутхан баба басына келіп тәу ету керектігін айтады. «Бұл бабаның аты көп айтыла бермеуінің сыры оның насихаты аздығында. Өткенде Түркиядан бір профессор келіпті. Ол Қожа Ахмет Яссауи туралы кітап жазып жатыр екен. «Мен Яссауидің жерленген жерін білемін, бірақ кіндік қаны тамған жерді білмейтін едім», – деп көзіне жас алды. Аяқ астынан көшенің адамдарынан естіп, осында келген беті екен. Швейцария, Италия сияқты алыс шетелден, әсіресе Түркия, көрші Ресей, Өзбекстаннан туристер көп келеді», – дейді шырақшы.+
Оның айтуынша, Махмутхан-шейх баба – Ибраһимнің әкесі, Қожа Ахмет Яссауидің бабасы. Түлкібастағы Ибітхан атаның баласы. «Түрік халқының басына барып жатамын» дегендіктен Түркібас делінген, алайда ол жерді жергілікті халық Түлкібас деп атап кеткен. Ислам діні үшін соғыста шейіт болған. Махмутхан баба осы жерде кішігірім медресе салдырып, балаларды дін сабақтарына оқытқан. Дін ілімдерін таратушы ретінде аты шыққан баба басына мешіт имамдары, молдалар, дін жолына біржола бет бұрғандар жиі барады. Діндар боламын, намазға жығыламын деп ниет еткендер де зиярат жасайды. Жалпы, күллі игілерге бата беруші әулие баба.+
Кесене құрылысының бұрынғы ғасырларда неше рет өзгергенін ешкім дөп басып айта алмайды. Жер қимылдағанда немесе басқа да ірі табиғи апаттардан қалай аман жеткені де бізге беймәлім. Жергілікті халық бұл кісінің әулие екенін біліп, құлап қалған уақытында қайтадан тұрғызып отырған. 2007 жылы көптеген белді қызметтер атқарған Майра Сағымбекова+
деген апамыз осы кесенені өз қаржысына тұрғызып, зияратшыларға кішігірім қонақүй, қазан-ошақ берді. Жеке меншіктен сатып алып мемлекетке өткізді. Кесененің шатыры жоқ, яғни бабамыз ашық аспан астында жатыр. «Өлі адамның басына да күн, жаңбыр тиюі керек» деген мақсатта солай салынған, – дейді Ұлықбек Дулатұлы.+
Ұлықбек шырақшы бізді Махмутхан-шейх баба мазаратының жоғарғы жағындағы Қожа Ахмет Яссауидің кіндік қаны тамған жерге апарды. Көне аңыз бойынша, Пайғамбарымыз (с.ғ.у.) Қожа Ахмет туылмас бұрын дүниеге діндар, әулие адамның келетінін айтқан. «Сол пендеге осы аманатты жеткізу керек, Алладан хабар келді. Кім жеткізеді?», – дегенде, бабтардың бабы Арыстанбаб: «Алла маған өмір берсе жеткізер едім», – деген. Сөйтіп ол Исфиджабқа келген.+
Біз кетерде шырақшыдан «Бұл кесенеге не жетіспейді?» деп сұрадық. Егер демеушілер табылып жатса, Әзірет сұлтанның кіндік қаны тамған мына жерді тегістеп, күмбез тәрізді ғимарат салынса, жақсы болар еді, келушілер отырып құран бағыштар еді, – деді ол. +
Қарашаш ана кесенесі
Қарашаш ана кесенесі Сайрамның орталығында орын тепкен. Кесене шырақшысы Әуесхан Қадыров бес жылдан бері осында келушілерді қарсы алып, құран оқып, кесене тарихын баяндап келеді екен. Бізге де Қарашаш ана өмірінен аз-кем сыр шертті.+
Яссауидің анасы Қарашаш ананың шын есімі – Айша бибі. Ол Сайрамдағы текті адам, танымал Мұса шейхтың қызы болған. ХI ғасырда бұл өңірде ғылым, мәдениет және өнер қарқынды дамыды. Қарашаш өз уақытының ең білімді, сауатты әйелдерінің бірі болды. Ислам әлемінде қасиетті Құран кәрімді араб тілінен түркі тіліне алғаш болып аударған әйелдердің бірі. Бойы аласа болғанымен, қап-қара толқынды шашы болғаны үшін халық оны Қарашаш атап кетіпті. Байлығына қарамастан оны мақтан тұтпайтын және менменшіл болған емес. Ол барлық науқастар мен мұқтаж адамдарға қол ұшын беруге тырысты. Алла тағала берген ізгі қасиеттерінің бірі – перзент сүйе алмай жүрген әйелдерді уқалау жолымен емдеп, бала көтеруіне себепші болған деседі. Аңыз бойынша Қарашаш сырқатты емдегенімен бірге түс жори алатын. Осының арқасында ол өңірдегі тұрғындар арасында кең танымалдыққа ие болды. Қарашаш бала тәрбиесіне көп көңіл бөлді, адамдар санасында ол аналықтың биік символына айналды, – деді шырақшы.+
Оның айтуынша, бұл кісінің әкесі Мұса шейх Ибраһим атаның ұстазы болған. Ибраһим ұстазының қызына үйленіп, одан үш перзент сүйген дейді. Біріншісі Гаухар деген қызы туралы ешқандай мәлімет жоқ. Екінші баласы Садыр қожа деген атамыз Қытайдың территориясында дін жолында шейіт болған дейді. Үшінші баласы Ахмет Яссауи бабамызды Алла тағала ерекше қасиетті бала қылып жаратқан екен. Ол екі жасында Құранды оқи алған, жеті жасында медресені бітіріп, әулиелік дәрежесіне жеткен дейді. Осының бәрін байыптаған әкесі Ибраһим оны бір түйеге отырғызып: «Осы түйе қай жерге барып шөксе, сол жерді мекен ет!» деп шығарып салады. Сонда түйе барып Яссыға (қазіргі Түркістан) шөккен дейді.+
Ал Ахмет Яссауи бабамыз Сайрамнан шығып кеткеннен бір айдан кейін Ибраһим атамыз, одан бір жарым апта өткенде шешесі Қарашаш ана дүние салады. Осы орайда «Ерлі-зайыпты екеуі бір уақытта дүние салған болса, неге екеуі екі бөлек жерленген?» деген сұрақтың туындайтыны заңды. «Біздің мұсылманшылықта әкесі қай жерге жерленсе, баласы да сол жерге жерленсін» деген қағида бар. Ибраһим ата өзінің әкесі Махмутхан атаның қасына, Қарашаш ана өзінің әкесі жатқан төңірекке әкеліп жерленген», – дейді Әуесхан Қадыров.+
Қарашаш ананың қазіргі кесенесі – түпнұсқа. ХІV ғасырда Әмір Темірдің бұйрығымен тек кірпіш және балшықпен көтерілген. Ешқандай іргетасы жоқ. Бірде-бір шеге, темір қолданылмаған. Осы ғимарат жеті ғасырдан бері анамыздың басына пана болып келеді. Арасында кішігірім жөндеулер жүргізіліп тұрған.+
Қожа Ахмет Ясауидің ата-анасы – Ибраһим ата мен Қарашаш ананың кесенесінде Киелі Құранның «Бақара» сүресінің 255-аяты тасқа қашап жазылған. Бұл аятта «Алланың құзырында Өзінің рұқсатынсыз шапағат жасайтын кім болмақ. Алла олардың алдыңғысын да (дүниедегі), кейінгісін де (қияметте не боларын) біледі. Ал олар Алланың білдіргенінен басқа ештеңені де сезбейді» деген сөздер жазылған. Кесенелер алдында арнайы тасқа қашалып жазылған аяттың мағынасы – «қажетіңді адамнан, әруақтан емес, Алладан сұра» дегенді меңзеп тұрғандай.+
Кесене басында құдық бар екен. Зияратшылар киелі орынның құдығының суынан қалағанынша ниет етіп алып кетіп жатыр. Шырақшы: «Судан ешқандай қиындық жоқ. Тек қыс кезінде шырақшы отыратын бөлмедегі пештің жылуы қиын. Газ кіргізуге әрекет жасап едік, «құжаты жоқ» деп кіргізбей қойды», – дейді.+
Қарашаш ана кесенесіне жапсарлас інілері Бабай ата мен Тағай атаның мазарлары ашық аспан астына қойылыпты. Бұл мазарларды көре отырып, жоғарыда айтылған «әкесі қайда жерленсе, баласы да сонда жерленсін» деген шариғи қағиданың растығына тағы да бір көзіміз жетті.+
Қожасалық кесенесі
Қожасалық кесенесінің кіреберіс маңдайшасында: «Мен ел қыдырып жүретін құдыретпін. Ал жерде іздейтін адамдарды мен тек осында қабылдаймын. Қыдыр ата» деген жазу жазылыпты. Қожасалық – Қыдыр атаның әкесі. Кесене шырақшысы Хабиба Исраилованың айтуынша, бұл кесене Сайрамда 18 ғасырда салынған ең бір әдемі құрылыстардың бірінен саналады. Сыртқы, ішкі өлшемдері шаршыға жуықтайды: 6,44х6,30 м, биіктігі 7,15 м, күйдірілген кірпіштен қаланған. Ғимарат осы уақытқа дейін үш рет жөндеу жұмыстарын көріпті. Қазіргі үлгісін 2010 жылы экс-Сенат депутаты Өмірбек Байгелді салдырған екен. Одан бері небәрі жеті жыл өткенімен, кесененің сыртқы қабырғасына қар-жаңбырдан зақым келген. Сыртқы пішіні қайта күрделі жөндеуді қажет етеді.+
Қыдыр атаның анасы Бибіғияс ананы да жұрт қадір тұтқан. Оның да мазары осы Сайрамда орын тепкен.+
Мәриям ана кесенесі
«Тарихта Мәриям Бинтиқызы деген адамның аты белгілі. Басқа ешқандай дерек жоқ. Мына кесене басқа Мәриямның құрметіне тұрғызылған. Көнекөз шалдардан естуім бойынша, Мәриям ана ХІІ ғасырда өмір сүрген. Көшеде зікір салып, адамдарды емдеген. Адамның дініне, ұлтына, сенім-нанымдарына қарай бөлмейтін, бәріне бірдей көзқарастағы әулие ана деп бағаланады. Өте мейірімді, мейлінше жомарт, кеңпейіл, ашық жүректі болған әулие ана басына барлық ұлттың үлкен-кішісі тілегім қабыл болсын деп зиярат етеді», – дейді кесене шырақшысы Ырысәлі Махкәмбаев. Осы жерде 20 жылдан бері қарауылдық әрі шырақшылық ететін Ырысәлі қария бұл кесене мен мешітті 1996 жылы өз қаржысына тұрғызыпты. Құрылысты бастағанда соқыр тиынсыз бастаған ол «Құдайдың құдыретінде шек жоқ» дейді. Себебі жеке жер қожалығына еккен пиязы сол жылы жылдағыдан әлдеқайда мол өнім беріп, берекелі болыпты. Содан түскен қаржыға осы кесенені екі жылдың ішінде салып бітірген. Ғимарат құрылысының іргетасын қалап бастаған кезде шырақшының түсіне Мәриям ананың өзі кіріп, ақ батасын беріпті.+
Бір өкініштісі, кесене темірсандығына түскен аз-маз қаржыны ұры-қарылар бұзып алып кетеді екен.+
Мірәлі баба
Мірәлі баба кесенесі (ХІ-ХІІ ғ.ғ.) порталды-күмбезді, күйдірілген кірпіштен қаланған ғимарат, биіктігі – 3 метр. Портал кірпіштері өрнектеп қалау әдісімен белдеу түрінде әшекейленген.+
Абдулхамит Махамбетисақов кесенеге 22 жылдан бері шырақшы болып келеді екен. Бұл жерде әкесі мен баласының мүрдесі қатар қойылған. Әкесінің есімі Шах-мәлік. Баласы – Мірәлі. Бұлар Х ғасырда өмір сүрген. Сайрамда ел арасында ислам дінін уағыздаған, – дейді шырақшы.+
Абдул-Әзіз баб кесенесі немесе Бәлегарден бейіті
Сайрамда сәулет өнерінің тағы бір таңғаларлық ескерткіші Әбдул-Әзіз-баб кесенесі орналасқан. Тарихи деректерге сәйкес, 766 жылы Ысқақ баб басқарған арабтардың жасағы өз еркімен қазақ даласына келеді. Осы жасақтың қолбасшысы исламды таратуда нағыз ерлік көрсеткен Әбдул-Әзіз баб болған. Оның білімдігі, қайраттылығы мен Ислам ісіне берілгендігі халық арасында аңыз болып тараған. Бір аяқта тұрып 39 күн ғибадат қылған. Сол үшін Алла тағала оған бәле-жаладан қорғайтын қасиет беріпті. Осылайша бәлені болдырмайтын және жаладан ақтай алатын әулие жұртшылық арасында Бәлегарден деген лақапқа ие болған. Ол тарихта осы атымен қалған.+
Кесене құрылысы ХIV ғасырға жатады. Шырақшысы Шынәлі Әбдуғаниев: «Өкінішке қарай, жылдар өте келе кесене оны безендірген оюлардың көпшілігін жоғалтқан, ал құрылыстың өзі жаңбыр, өрт пен соғыс әрекеттері салдарынан айтарлықтай зақымданған. Басында салынған мазар уақыттың сынағына төзбей, құлап опырылған, XIX ғасырда қайта қалпына келтірілген, ал кейбір жері қайтадан салынған», – дейді.+
Оның айтуынша, осы ескерткіштің құрылысы барысында сол уақыттағы сәулет өнерінің озық әдістері пайдаланылған. Әсем оюлардың, қыш тақташалы қалаудың, ағаш өрнегінің және т.б.үлгілері сақталған. Олар халық қолданбалы өнерінің тамаша үлгілері болып табылады.+
Түйін. Сайрамның әр тасы тарихтан шежіре шертеді. Жолсапар барысында біз бұл мекеннің расында сансыз бапқа толы сазды мекен екендігіне қайран қалдық. Бейнелеп айтар болсақ, екі аттасаң, кесене мен ескерткіш құрылысы менмұндалап тұрады. Олардың арасы бір-біріне жақын орналасқандықтан, көне қаланы көлік жалдамай, жаяу араладық. Сондағысы жоғарыда тоқталып өткен ұзын саны сегіз кесенені ғана аралап үлгеріппіз.
Сайрамдағы кесенелердің басты ерекшелігі, мұнда жергілікті тұрғындардың мазарлары да қатар орын тепкен. Мысалы Ибраһим атаның кесенесінің жоғарғы жағы тұтас мазарат. Басқа кесенелерде де солай. Бейне бір «қабір қала» дерсіз. Ал жергілікті сайрамдықтардың өздерін «өлілер мекенінде» жүргендей сезінбейтіні олардың қыж-қыж қайнаған қызу тіршілігінен байқалады. Орта ғасырларда Ұлы Жібек жолының бойындағы ірі сауда және қолөнер орталығы болғаны тарихи қаланың бүгінгі келбетінен де аңғарылатындай. Ала шапанды ағайынның ауласында жыл мезгілі күз болса да, әр алуан әдемі гүлдер гүлдеп, ағаштары жайқалып тұрса, қала орталығында жұмысына берілген адамдар нөпірін көресіз.
Бұл сапардан негізгі көкейге түйгенімізді қысқаша сипаттар болсақ, Қожа Ахмет Яссауидің кіндік қаны тамған жерді өз көзімізбен көріп қайттық. Және ол жерге күмбез тәрізді ғимараттың қажет екенін билік басындағы аға-әпкелерімізге жеткізуді мақсат тұттық. Сондай-ақ басқа да кесенелердің басына су, жылу сияқты зияратшылар үшін негізгі қажеттіліктердің орнын толтыру қажет.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағдарламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек», – деген болатын. Ендеше Оңтүстіктегі ішкі туризмнің негізгі нысаны – Сайрамдағы тарихи ескерткіштердің жағдайы жоғарыдағыдай. Бір айта кетерлігі, онда әлі де туризм тетіктерін жетілдіре түсу қажет. Кесенелерге баратын жолдарды дұрыстап, арнайы көліктер жүргізіп, тарихымен таныстыратын экскурсоводтар керек. Өкінішке қарай, әзірге Сайрамда мұның бірі де жолға қойылмаған.
1.2.Арыстан бабамыздың Қожа Ахметке ұстаздық етуі туралы аңыз:
Пайғамбарымыз өз серіктерімен құрма жеп отырғанда легеннен бір құрма түсіп кете береді. Оны алып қайта салып қойса, домалап қайта түседі.Сонда Жебірейіл ғалейхисалам хабар берген екен: “ Бұл құрма Сізден 400жыл кейін өмірге келетін үмбетіңіздің үлесі болар” . Сонда пайғамбарымыз жиылғандарға айтқан екен:” Бізден кейін дүниеге келетін Ахмет деген балаға осы құрманы кім табыс етер екен”- деп. Қазірет бұл сөзді үш рет қайталағанда барып,Арыстанбап тұрып: “Егер тәңірім қаласа ,бұйырыңыз бұл тапсырманы мен орындайын”- дейді. Айтқанындай-ақ,400жылдан кейін Сайрамда дүниеге келген Қожа Ахметке Арыстан бабамыз баяғы құрманы сақтап жүріп, өз қолымен тапсырады . Бұл оқиға 9 - ғасыр орталарына тура келеді. Сахаба баба Ахметке ұстаздық жасап, оны ұлы ғалым етіп тәрбиелеп шығарған. Сондықтанда Қожа Ахметтің кесенесіне зиярат етуге барушылар алдымен Арыстан бабқа түнеп,ол кісінің ризашылығын алған соң Түркістанға аттанады екен.
Арыстанбабтың
дүние салуы Қожа
Ахмет Иасауи
хикметінде былайша суреттеледі:
«Бабам
айтты: Ей балам, қасымда тұр өлейін,
Жаназамды
оқып көм, жан тәсілім қалайын.
Медет
берсе Мұстафа, ғарыш биігіне шығайын.
Арыслан
бабам сөздерін есітіңіз - тәбәрік.
Жылап
айттым: ей бала, жас көдекпін
білмеймін.
Көріңізді қазармын, көтеріп
сала алмаспын.
Хақ Мұстафа сүндетін,
балапанмын, білмеймін.
Бабам айтты:
Ей балам, періштелер жиылады.
Жебірейіл
имам болып, өзгелер оған ұйиды.
Макаил
мен Исрафил көтеріп көрге қояды». Отырар
өңірінде біз естіген аңыз байынша
Арыстанбаб дүние салған соң, оның денесін
ақ бураға артып, еркіне жіберіп, соңынан
ілесіп отырған. Ақ бура жүре-жүре осы
жерге шөккен екен. Сол шөккен жерге
Арыстанбаб қойылыпты. «Алпамыс жырының»
бір үлгісінде Байбөрі мен Аналық
«Самарқанда сансыз баб», Бұқарадағы
«Баһауәдин Нақишбент» молаларына зират
қылады, және
"Түнейді үш күн
Байбөрі
Әзіретті сұлтанға.
Түркістанда
түмен бап,
Сайрамда бар сансыз
бап,
Отырарда отыз бап,
Бабалардың
бабын сұрасаң,
Ең үлкені Арыстан
бап.
Әулие қоймай қыдырып,
Бабалардың
бәрін қылды сап» Әзірет
Сұлтан
қорық-музейінің сақтаулы тұрған Баян
ауылдан бір зияратшылдың қолжазбасында
мынадай қызық мағұлмат бар: Арыстанбаб
дүние салған соң, оның моласының басына
екі құс – бірі лашын, бірі қарға ұшып
келеді. Бұл әңгіме бізді ежелгі түркі
шаманизміне жетелейді. Көне түркілер
бұл аталған құстарды киелі деп санаған.
Мысалы, ескі жылнамаларда жазылған аңыз
бойынша көне түркілердің Ашина тайпасына
жау шауып, жаппай қырып кетеді. Сонда
жалғыз қалған бала ғана аман қалады.
Баланы қасқыр емізіп, аспан әлемінің
елшісі – қарға ет әкеліп асыраған. Осы
баладан түркілердің ұрпағы деседі.
Қазақтардың қарғаны киелі құс санағаны
жөнінде дерек ер аз емес. Қарға сөзімен
байланысты мынадай мақал-мәтелдер бар:
«Біздің де қолымызға қарға тышар»,
«Қарға тамырлы қазақ», «Қарғам-ау» деген
сөз қарағым, қалқам деген мағынада
қолданылады. «Қарғам, қарғашым, қарғатайым"
деп қарттар немере-шөберелерін еркелеткен.
Қанша балаң бар деп жауап қайтарған.
1.3.Қожа Ахмет Йасауи
Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзияның көрнекті өкілі,дуалы ауыз данышпан ,кемеңгер ақын Ахмет Йасауи 1093 немесе 1094 жылы Исфиджаб яғни Сайрам қаласында туған. Оның ата-анасы Ибрахим Ата мен Қарашаш Ана да осында өмір сүрген. Олардың зиратына орнатылған күмбездер де осы Сайрамда. Араб , парсы авторларының жазбаларына қарағанда Ахметтің әкесі өз заманының сауатты ,көзі ашық адамы болған. Он алты жасында-ақ болашақ ақын шығыс поэзиясын ,әдебиетін , фәлсафасын жетік меңгереді . Он жеті жасынан бастап өзіде өлең жаза бастаған. Өз жырларын шығыс авторларынан бірінші болып , сол кездегі шайырлар секілді араб , парсы тілдерінде емес , өзінің ана тілі түркі тілінде жазған.Йасауи шығармашылығының құндылығы да осында.Жалпы дәстүрлі түркілік сопылық рух пен Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы “Диуани Хикмет” , “Мират – ул Қулуб” , “Пақырнама” сияқты мұраларынан көрінеді.Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен шығармасы “Диуани Хикмет” . Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады.Содан кейін ол Ыстамбұл , Қазан,Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады.Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын. “Диуани Хикметте” Аллаға жақындай түсу үшін әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан өтуі керек екендігін айтады:
Біріншісі – “Шариғат”. Шариғат ислам діні қағидалары мен шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз орындауды әрі құдайға құлшылық жасауды талап етеді.
Екіншісі – “Тариқат”. Тариқат дін ғұламаларына шәкірт болып, жалған дүниенің түрлі ләззаттарынан бас тарту, Аллаға деген сүйіспеншілікті арттыра түсу болып табылады.Бұл басқыш сопылықтың негізгі идеясын , мұрат – мақсатын аңғартып тұр.
Үшіншісі – “Мағрифат”. Мағрифат негізінен дін жолын танып - білу сатысы деуге болады.Бұл басқыштың негізгі талабы – күллі дүниедегі болмыс – тіршіліктің негізі бір Алла екенін танып - білу , тусіну.
Төртіншісі –“ Хақиқат”. Аллаға жақындап, оны танып – білудің ең жоғарғы басқышы.
Сопылық түсінік бойынша , “шариғатсыз” “тариқат”, “тариқатсыз” “мағрифат”, “мағрифатсыз” “хақиқат” болуы мүмкін емес.Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады.
Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын , көрген қайғысын айтады,бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың , бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды,бұл фәнидің жалғандығын білдіреді. “Диуани Хикметтен” түркі халықтарына,соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне,әдебиетіне,тарихына,этнографиясына,экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.
Қожа Ахмет 1157жылдар шамасында алпыс үш жасқа толғаннан кейін: “пайғамбар жасына жеттім , бұдан әрі өмір сүруім күпірлік”- деген оймен осы күнгі өзінің мүрдесінің үстіне тұрғызылған ғимараттан оңтүстік батысқа қарай жүз метрдей жерде Аллаға құлшылық ететін бір кісілік жер асты жертөле мешітін салдырады. Aлпыс үш жасқа толғаннан кейін Қожа Ахмет бар дүниені тәрк етіп,өз мешітіне түскен.Халық аңызына қарағанда Сайрамнан басталатын жер асты жолының бір шеті Түркістандағы Қожа Ахметтің осы мешітінен шығады делінген.
Қожа Ахмет дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі.
Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ғимарат Ахмет Ясауидің бейітінің басына орнатылған.
Халық аңыздарында Түркістандағы әулиенің аруағын атақты қолбасшы , бүкіл Шығысты тітіренткен Ақсақ Темірдің айрықша сыйлап өткені айтылады.Оның әмірімен Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан екі жүз жыл кейін қирап бітуге таянған кішкене ғана мазардың орнына,дүние жүзілік сәулет өнерінің белгілі ескерткіші орнатылды .
Темірдің өмірін Зафарнама , “Жеңіс кітабы” авторы Шараф -ад Дин Әлі Мазди растайды.Ескерткіштің салынуын оның Ахмет Ясауидің қабырына зиядат етіп қайтқан 1397 жылдың аяғындағы оқиғалармен байланыстырады.
“Жеңістер кітабында” Темір,сол жылы Яссыда болған кезінде,мұнда өзіне қарайтын елдердің тегінде Ахмет Ясауидің атына лайық зәулім ғимарат салу жайлы жарлық берген еді делінеді.Ол ислам дінінің даңқын асыруда, оның кең таралуына,аса үлкен өлкені басқаруды жеңілдетуге тиіс болған.
14 ғасырдың аяғында бұл күмбез біткен соң Әмір Темір көреген Әзірет Сұлтанның қорын ұйымдастырып,өзі арнайы қол қойып бекіткен.Дегенмен , Қазандықтың ішкі есіктерінің біріндегі халькаға жазылған 1394-1395 жылдар Темірдің өзі белгілеп берген . Бұл- ғимараттың басқа бөліктерінің кіндігі.Темір үйдің ішкі сәні мен салтанаты қалай болуы керектігін де айтқан.Қолхаты жазылған . Қолхатта: Әмір Темір көрегендікпен жаңа біткен ғимарат туралы ешқашан да , қандай болған жағдайда да сатуға , жекеменшік секілді ұрпақтан – ұрпаққа уақытша немесе түбегейлі біреуге беруге болмайтынын қатты ескерткен.
Ғимараттың кіре беріс есігінің ішкі маңдайшасында қазірге дейін сақталған жазудан мынадай сөздерді оқуға болады: “Бұл әулие мекен алла тағаланың рахымы жауған падиша Әмір – Темір көрегеннің жарлығы бойынша орнатылды... Алла тағала оның әмірінің ғасырлар жасауына нәсіп етсін”.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді.Оны бүкіл қазақ жұрты , түркі әлемі ерекше қасиет тұтады.Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы.
Ясауи ескерткіші – Орта Азия мен Қазақстандағы біздің заманымызға дейін сақталған ең зәулім күмбезді , қыштан соғылған ғимарат . Оның көлденеңі -46,5м , ұзындығы -62,5м . Сыртқы көрінісі симметриялы жинақы келген бұл құрылысқа үлкенді- кішілі 35 залдар мен бөлмелер сыйып тұр. Олардың барлығы бір-бірімен қос қабатты 8 дәлізбен және әр түрлі өтпелі баспалдақтармен жалғасып жатады.
Ғимараттың орасан зор порталды және бір неше күмбезі бар.Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Жамағатхана күмбезінің ұшар басына дейін есептегендегі биіктігі – 37,5м. Сыртқы қабырғаларының қалындығы -1,8-2м, қазандық қабырғаларының қалындығы – 3 метр. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері - ассиметриялы болып келетін бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады:
1.Қазандық
2. Үлкен Ақсарай
3.Кіші Ақсарай
4. Құдықхана
5.Кітапхана
6.Асхана
7. Көрхана
8.Мешіт
1.Қазандық. Келген адам орталық залға бас порталдың сәнді есігі арқылы кіреді.Бұл жерде Қазандық орналасқан.Қазандық Қазақстан мен Орта Азиядағы кірпіштен өрген күмбездердің ішіндегі ең үлкені , диаметрі 18,3 метрлік күмбезбен көмкерілген.
2. Үлкен Ақсарай.Солтүстік батыс блокта Үлкен Ақсарай орналасқан. Кесенедегі сегіз дәліздің алтауы өтпелі де,екеуі тұйық.
3.Кіші Ақсарай. Оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жақтарының орта тұсында өзінің архитектуралық тұрқы жағынан біртектес, қабатты зал - Кіші Ақсарай орналасқан.
4.Құдықхана. Солтүстік – шығыс блокта құдықхана орналасқан.
5. Кітапхана.Оңтүстік -батыс , солтүстік – шығыс жақтарының орталығында кітапхана бар.Кітапхана мен Ақсарай бөлмелері көлденең аркаларымен жабылған.Төбені осылайша жабу түрлі пошымдағы күмбездерге , тұрқы шаңырақ тәрізді иықтар мен жаппаларға негіз болып тұр.
6.Асхана. Оңтүстік – шығыс блокта Халимкана бар. Халимканада дүйсенбі мен жұма күндері кедей- кепшік пен дәруіштерге тегін үлестірілетін тағам – халим әзірленетін болған.
7.Көрхана. Қазандық орналасқан бөлмеден өткен соң оюмен өрнектелген ағаш есік арқылы Қожа Ахмет Ясауи мүрдесі жатқан бөлмеге кіруге болады.Көрхананың қос қабат күмбезін кейде Мұхаммед Ханафия порталы депте атайды .
8.Мешіт.Қожа Ахмет Ясауи кесенесі тек зират болумен шектелмей , мешіт – медреселік қызметтерді де атқарған.Түрлі мақсаттағы бөлмелердің басын осылайша біріктіру өз заманының тамаша үлгісі болып табылады.
Негізгі бөлмелер – қазандықта , көрхана мен мешітте қос қабатты аркалар жоқ, олардың әрқайсысының қабырғаларынан төрт – төрттен ойықшалар жасалған.Күмбездердің ішкі беті алуан тұрпаттағы сталакиттермен көмкерілген.Бұлар арша ағашынан жасалған білезіктермен бекітілген.
Кесененің көмкерілуі үш бөлікке жіктеледі:
1.Жоғары бөлігінде – эпиграфтық фриз бейнеленген.
2.Орта бөлігіне – үлкен көлемдегі өрнектелген жазулар түсірілген.
3.Төменгі жағына – биіктігі – 1,85 м тас кенере жүргізілген.Ірге бөлігі қашалған тас тақталармен дәнекерленген.
Кесененің үш қабырғасының үстінгі жағымен өтетін эпиграфтық фризде Құраннан алынған сөздер жазылған. Эпиграфтық фриздің жазулары терракоталық фонда құйма кірпіштермен өрнектелген.Фриздің биіктігі – 2,37 м. Жазулар көгілдір қышпен өрнектеліп, қара көк түсті кірпіштермен көлеңке түсірілген.Ғимараттың солтүстік бетіндегі екі бұрыштың екеуінде цилиндр түрінде діңгектер бар. Бұл діңгектерге де куфа қарпымен жазылған жазулар мен ою-өрнектер түсірілген.Жазулардың арасынан “Алла” , “Мұхаммед”, “О,жарылқаушы” , “Билік Аллада” , “Алла менің әміршім” деген секілді сөздерді оқуға болады.
Ахмет Ясауи ғимаратының құрылымындағы тағы бір ерекшелік: Қазандықты қоршаған блоктар-залдар мен бөлмелер күмбезді мызғытпай ұстап тұратын тіреу іспетті . Қабырғаның қалындығы белгіленгенде де үйдің берік тұруы көзделген.
Ғимараттың павильондарға бөлінуі олардың әрқайсысының салмағы өзіне түсіру ниетінен туған. Үйдің қаңқасы түрліше қиюластырылған доға немесе күмбез тәрізді элементтерден, құрылады , бұл әдіс кейін Орта Азия мен Қазақстан архитектурасында одан әрі дамытылды
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келе, тарихи-мәдени ескерткіштердің Қазақстан тарихында алатын орны ерекше. Сол ескерткіштер арқылы өткенімізді зерттеп, тарихқа терең үңіле аламыз.
Осы тарихи-мәдени ескерткіштерді ғылыми негізде терең әрі дәйекті зерттеу, зерделеу сол арқылы өсіп келе жатқан ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу, сол өткен тұлғалардан үлгі - өнеге беру қазіргі қазақ мемлекетінің алдында тұрған бірден бір маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.
Алайда, олардың кейбіреулері мемлекеттік орындардың қорғауына алынбаған, тіпті біршамасы тоналған күйінде тұр. Бұл біздің өткен тарихымызды жоғалтуға алып келуі мүмкін. Сондықтан мемлекеттік мәдени мұра бағдарламасы аясында кезек күттірмейтін бірнеше мәселелер бар. Олар ескерткіштердің толық тізімін жасау, қорғау аймақтарын анықтау, белгілеу, мемлекеттік қорғауға алыну. Жойылу қаупі төнген археологиялық ескерткіштерді ғылыми тұрғыда зерреу жұмыстарын қолға алып, осы тұрғыда насихат жұмыстары кеңірек жүргізілуі керек.
Елбасымыздың 2005 жылғы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауына сәйкестарихи-мәдени ескерткіштерді туризмнің ірі орталығына айналдыру керектігі, ондағы мәдени құндылықтарымызды қорғауға алынуы керектігі айтылған.
Осы тарихи ескерткіштерді көркейте отырып, көне ескерткіштері туристік жерлерге айналдырып, барынша отандық және шетелдік туристерге жағдай жасап, ескерткіштерді ел экономикасының көтерілуіне себебін тигізуіне мүмкіндік туғызуымыз керек. Бұл қазақ елін, жерін, тарихын бүкіл әлемге паш ете отырып, экономиканың көтерілуіне де өз үлесін қосады және Қазақстанның шетелдермен байланысын нығайта түседі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі. Арыстар тұғыры. (Екінші кітап)./ М.Қ.Қозыбаев.- Алматы: Ғылым, 1998.- 280 б.
2. Бөкейхан Әлихан. Таңдамалы / Ә.Бөкейхан.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995.- 472 б.
3.Бөкейхан Әлихан.Шығармалар / Ә.Бөкейхан.-Алматы: Қазақстан, 1994.-384 б.
4. Кеңес Нүрпеісов Еңбегі ерен ұлттық интеллегенция. // Жұлдыз № 12, 2007 . 148-156 б.
5. Сүлейменов Р.Б. Ұлт интеллигенциясының қалыптасуының кейбір қырлары / Р.Б.Сүлейменов // Қазақстан коммунисі – 1982.- №9.- 86-91 б.
6.Рашит Каренов.Алты Алаштың алып азаматы.// Жұлдыз.2007. № 9,115-141 б.
7. Байтұрсынов А. Ақжол / А.Байтұрсынов.- Алматы: Жалын, 1991.- 464 б.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген