400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жұмыс "Шашыратқы- емдік өсімдік".

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам баласының тіршілігі өсімдіктер дүниесімен тығыз байланысты тірі ағзалар тұтынатын және қоректенетін азықтың негізгі осы өсімдіктерден тұрады. Демек өсімдік адам үшін азықтың қайнар көзі барлығы өсімдіктен алынады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығармашылық ізденіс- мұғалімнің қалыптасуындағы негізгі әрекет.

Қазақстандағы білім беру ісін реформалаудың стратегиялық міндеттерінің бірі шығармашылық тұрғыда ойлай білетін дара тұлғаға терең білім беру.

Бүгінгі күн ұрпақтың жан-жақты білім алуын, белсенді шығармашыл болуын талап етеді. Осыған байланысты оқыту мазмұнын, түрін, әдісін таңдай білу қажеттігі туады. Шығармашылық дегеніміз –оқушылардың даралық бейімділіктері мен қабілеттерінің көрінісі. Баланың қабілеті мен талантын дамытуды неғұрлым ертерек бастаса соғұрлым оның қабілеті ертерек ашылады.Ең жоғарғы нәтижеге жеткен бала білімді, іскер шығармашыл және дарынды субьект ретінде танылады, яғни шығармашыл тұлға қалыптасады.

Ұзақ жылдардағы еңбек нәтижесінен жинақталған тәжірибеден туындаған шығармашылық бағытта жүргізген жұмысына мынадай мақсат қойдым.

  • Оқушы бойындағы құмарлықты ояту.

  • Жаңашыл ойлауға, ой түйіндеуге жағдай жасау

  • Шығармашылықпен жұмыс жасай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру

яғни шығармашылықпен айналысу бұл білім беру саласындағы басты міндет.

Шығармашылық ізденіс- мұғалімнің қалыптасуындағы негізгі әрекет. Жаңа қоғам мұғалім үшін өзінің шығармашылық жұмысына ұқыптылықпен қарау –нәтижелі жұмысының жағдайын жасау болып табылады. Әрбір мұғалім шығармашылық жұмыспен айналысуға міндетті.

Соның нәтижесінде оқушым Жұлдыз Байжұма «Шашыратқы –емдік өсімдік» тақырыбында ғылыми жұмысы мектепшілік өткен ғылыми жоба жұмысының байқауында бірінші орын алып, «Жас ғалым» журналына жарияланды.

Сол жарияланған материалда оқушыммен зерттеп жүрген тақырыбымызды таныстыруды жөн көрдім.Өзіміздің ауылымызда өсетін шашыратқы өсімдігін емдік қасиетін оны пайдалану жолдарын оқушымның зерттеу себебі: оның анасының інісін шашыратқының тұнбасына шомылдырғанын көрген. Не себепті осы өсімдкті пайдаланғанын сұраған. Оның қасиетін білген соң, осыған орай, шашыратқы өсімдігінің қандай да бір ерекшелігі бар деген ой келді. Сондықтан терең білуге қызығушылығы артты.















Шашыратқы- емдік өсімдік.

Жұмыстың мақсаты:

а) Шашыратқы өсімдігінің қасиетін паш ету

ә) Өмірде қолдану арқылы шашыратқының қасиетін түсіндіру

б) Оны қорғау,дұрыс қолдана білуге үйрену.



«XXI ғасыр жаңа технология ғасыры» деген сөзді біз күнделікті баспа бетінен оқып теледидардан көріп радиодан естіп жүрміз. Ғылым мен білімнің дамуы табиғаттағы небір құбылыстардың шығу тегін, себеп-салдарын түсіндіріп бере алады. Ғылымның дамуы нәтижесінде жылдан-жылға адамдардың әлеуметтікжағдайы да жақсарып, тұрмысы жеңілдеуде. Бірақ ғылым қаншалықты дамып, алға кеткені мен жер бетінде әлі ашылмаған құпиялар жеткілікті. Адамзат жер бетінде пайда болғаннан бастап өзі қоршаған ортаны зерттеп тіршілігіне жарата білген. Оның бүгінгі де, ертеңі де табиғатқа тікелей байланысты болған.Сондықтан табиғатты зерттеп, қыр-сырларына тереңірек үңілуге тырыстық.

Қоршаған ортаны зерттей отырып,әсіресе шөптерді, топырақты, суды өзінің тұрмыс-тіршілігіне жарата білген. Әр түрлі ауру табиғаттан ем іздеген. Осылайша ерте заманда өмірдің талабына медицина ғылымы пайда болған.

Адам баласының тіршілігі өсімдіктер дүниесімен тығыз байланысты тірі ағзалар тұтынатын және қоректенетін азықтың негізгі осы өсімдіктерден тұрады. Демек өсімдік адам үшін азықтың қайнар көзі барлығы өсімдіктен алынады.

Әйгілі ғалым және дәрігер Ибн Сина 700-ге жуық өсімдіктердің емдік қасиеті бар екенін анықтаған. Дәрілік өсімдіктерді халық «Өмір шөбі» деп атайды, сонымен бірге әр аурудың шөбі бар деген.

«Табиғат –ана»,деген бір ауыз сөз тіркесін қосып айтқанда халықтың табиғатқа деген жүрек жылуын, аялы алақанын бірдей аңғаруға болады. Адамның рухани байлығының қайнар көзі де, табиғат сұлулығы да тікелей сабақтасып, тамырласып, жатады.Медицина ғылымынан хабары жоқ кезде де халық өздеріне белгілі өсімдіктердің тамырлары мен жапырақтары және буын –бұтақтарын, дәрі-дәрмек орнына пайдаланып келген.



II Негізгі бөлім

II.I. Шашыратқы өсімдігінің құрылысы


Біздің Қазақстан Республикасында 6000- дай емдік өсімдіктер кездестіреміз. Осы шөптердің бірін мен ең қарапайым ауылымызда өсетін шашыратқы өсімдігін алмақпын. Шашыратқы көп жылдық шөп тектес өсімдік, біліктігі 50-100 см сабағы тік өскен. Көк өзекті көп бұтақты болады. Шашыратқы (цикорий) шөп тектес көпжылдық өсімдік , салаттық көкөніс және тамыр жемістілер ретінде өсіріледі. Сағақсыз жапырағы кезектесіп орналасқан. Төменгі жағында өсетін жапырағы таспа тәрізді, сабақ түбінен сабақ басына дейін жапырағы кішірейіп, ортасы өзгеріп отырады. Көк түсті гүл сабағы қолтықтай өседі.

Шашыратқы – биіктігі 1,5 метрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыры – жуан, ұзындығы 1 метрден асады. Сабақтары тік өссе оны сиректеу түк басқан. Тамыр жапырақтары сопақша келген, шеттерінің ойықтары бар. Ол өсімдіктің түп жағында топталып тұрады. Сабағы жапырақтары отырмалы әрі жіңішке, шеттері бүтін болады.

Гүлдері көгілдір түсті, жапырақтарының қуысында 2-3 –тен орналасқан. Маусым- қыркүйек айларында гүлдейді. Жолдардың жиегінде, шалғынды беткейлерде, егістік жерлерде, ауыл арасында өсе береді.



II.2.Шашыратқы өсімдігінің емдік қасиеті



Шашыратқы тамырын кептіріп қуырып және ұнтақтап үгітілген күйінде кофе сусынын әзірлеуге пайдаланылады, бұл сусын тұнбасының тіл үйіретін дәмі және қоңырқай түсі болады.

Дәрі жасау үшін шашыратқының тамырын күзде қазып алады . оның құрамында ақуыз, май, ащы заттар, инсулин, холин, илік заттар, аскарбин қышқылы, қант, В дәрумені бар.

Шашыратқының тамырынан жасалған дәрілердің микробтарды жоятын, тамаққа тәбетті арттырып, өт айдайтын, ауырған жерлер тыныштандыратын қасиеттері бар.

Мұны ас қорыту бездерінің жұмысын реттеу үшін де пайдаланады. Сонымен қатар тамақ үлкейгенде, жүйке жүйесі

өт қалтасы қабынғанда және тас пайда болғанда да шашыратқының шипалы қасиеті мол деп есептелінеді.

Дене сыртында пайда болған іріңді бөртпелерді өсімдіктің тұнбасымен емдейді. Қант диабетін емдеу үшінде осы өсімдіктен жасалған дәрілер ішеді. Ұзақ уақыттанбері жазылмай жүрген жараларды, есекжемді шашыратқыныңсулы тұнбасымен жуады.



II.3. Шашыратқы өсімдігінен тұнба жасау тәсілі.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Ұнтақталған өсімдік тамырының 20грамынқайнап тұрған 1 стакан суға салып 30 минут тұндырады да, 1 қасықтан күніне 5-6 рет ішеді.Спиртті тұнба: ұнтақталған өсімдік тамырының 20 грамын 100 мл спирт салып 8-10 күн тұндырады да, 20-25 тамшыдан күніне 5 рет ішеді.

Өсетін орындары: Егістіктерде, жол жағаларында , шөптесін жерлерде сай салаларда кездеседі.Бүкіл Қазақстанға таралған.

Жинау, өңдеу әдістері: жер үстінгі бөлігін алып дәрілік шөп ретінде кептіріп сақтап қолданады. Емдік шөп ретінде өте қажет.

Емдік қасиеттері: кермек дәмді, суықтау райлы усыз. Бауырды тазалап, өт сұйықтығын молайтады, демікпені басады. Жас балалардың ыстығын түсіруге, тұмаудың алдын алуға қолданады.

1. Сары типтегі бауыр қабынудан шашыратқыдан 9 гр суға қайнатып ішеді сонымен бірге бұл режимді 1 ай 3ай аралығында қолдану керек, сонымен қатар шашыратқыны алып, суға қайнатып денені жуады.

2.Созылмалы кеңірдек қабынуға: жөтелге, демікпеге, шашыратқымен піскен мандарин қабығын қайнатып ішеді әр қайсысынан 60 гр мөлшерде ішу керек. Пайдалану мөлшері 3-9 г

Басты құрамы: құрамында шашыратқы глюкозиді және алколоиді бар

3.Оны кофеге де қосады (1 стакан суға 2 шай қасық кофе ½ шай қасық шашыратқы ұнтағы)

4. Жапырақты салаттық шашыратқы ақшылтым салат өсімдігі жатады, сәл ақшылтымдау, сүйкімді дәмі бар жапырағын көк салат жасауға пайдаланады.

Ал енді күнделікті өзіміз қолданып жүрген қарапайымжас

баланың ыстығын түсіру үшін қолданылатынбұл емнің түрі:

1.Шашыратқыны күн ұясына батып бара жатқанда орып алады.



2.Шөпті шұңғыл ыдысқа салып, су құяды, отқа қойып бір бұрқ еткізіп қайнатып буға 10 минут қояды.Судан шөпті сүзіп алып суытады, шөпті аяқ асты етуге болмайды.

3.Дайын болған су қызғылт болады, ол баланың ыстығын түсіру үшін пайдаланады. Таң сәріде күн шықпай тұрып баланы шомылдырып алу қажет.

4.Бұл емді үш күн қайталау керек.



Picture 1

1.Әдіс . Шашыратқыны, ұсақтау бөлшектеу.



Picture 1

2.Әдіс. Қайнату, сүзіп алу.

Picture 2

3.Әдіс. Тұнбаны құйып алу.



III. Қорытынды



Адам өмірінде дәрілік өсімдіктердің маңызы өте зор. Еліміз өсетін 20 мыңнан астам өсімдік түрлерінің 2500-інің шипалық маңызы зор. Бұның 600 жуық түрі дәрі пайдаланады. Алайда медицинаға 200 жуық дәрілік өсімдіктер түрі белгілі. Мысалы, адыраспан ит шоғын, дермене, бақ-бақ, рауғаш, т.б дәрілік өсімдіктер құрамының алколоидтер,гликозиттер эфирмайы, түрлі дәрумендер болады.

Тіршілік көзі - табиғат өсімдікке бай. Қазақстанның қызыл кітабына тіркелген өсімдіктерді ғана емес, өзге де жабайы өсімдіктерді аялап , қорғай білу- біздің парызымыз.

Ауылыңда қария болса, жазып қойған хатпен тең. Өйткені қай аурумен ауырсақта ең бірінші ата- әжелеріміз өздерінің емдеу жәжірибелерін ұсынады.

Сонымен шашыратқы туралы көптеген мәліметтерді қарадық.

Қорыта айтқанда өсімдіктер әлемі ертеден адам баласына қызмет етіп келеді. Соңғы жылдары көптеген өсімдіктер ысырапсыз пайдаланылып ойланбай ойсырата жинаудың салдарынан жойылып бара жатыр. Осыған байланысты тек дәрілік өсімдіктердің адам денсаулығына емдік қасиетінің бар екендігін анықтап зерттеулер жүргізсе дейміз. Шашыратқыны пайдалануды басқа да шөптердің қоспаларындағы пайдалы қасиеттерді халық игілігіне жаратылып, келешекте тырнақтай болса да пайдам тиіп жатса нұр үстіне нұр болар еді.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
2470
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі