Материалдар / Ғылыми жұмыс "Су тіршілік көзі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс "Су тіршілік көзі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік көмек ретінде пайдалануға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
869
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы

Білім және Ғылым министрлігі

Атырау облысы

Индер ауданы



«Көктем» қазақ орта мектебі

8 «а» сынып оқушысы

Есқабыл Лаура

«Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы»







Бағыты: Физика

Секциясы: Физика







Жетекшісі: Э.Шангалиева-физика пәнінің мұғалімі











Атырау-2015 ж

«Көктем» қазақ орта мектебінің

8 «а»-сынып оқушысы

Есқабыл Лаура «Судың

табиғаттағы және адам

өміріндегі маңызы»

тақырыбындағы

ғылыми жоба жұмысына



Пікір

Физика секциясына ұсынылып отырған Есқабыл Лаураның «Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы» тақырыбындағы ғылыми жобасында оқушының алдына қойған мақсаттары орындалған. Оқушы судың қасиеттерін және судың адам өміріндегі маңызын, суды тазалау әдістеріне нақты тоқталып өтті. Тіршіліктің қайнар көзі су екендігіне, әлем құндылығы суды ластамау, ысырап етпеу, қажетті деңгейде көңіл аудару — бүгінгі күннің маңызды мәселесіне зерттеу жүргізді. Алдағы уақытта бұл жоба жалғасын тауып, тақырыпқа сай салыстырмалы түрде талдау жүргізіледі деп сенемін.







Мектеп директоры: О. Дилмукашева

Жетекшісі: Э. Шангалиева



















Аңдау хат

Зерттеудің мақсаты: Табиғаттың жалпы заңдылықтарын суды мысалға ала отырып химия, физика, биология тұрғысынан, тірі организм үшін маңызын, физиологиялық үрдістерге қатысуын таныстыру, суды ластаудан сақтауға тәрбиелеу және демонстрациялық тәжірибелер көрсету арқылы химия, физика пәндеріне қызығушылықтарын арттыру

Зерттеу болжамы:

1.Ізденушілік пен зерттеу дағдысын, білігін игеру.
2.Судың химиялық, физикалық қасиеттерінің маңызын, мәнін ашу.
3.Тірі организмдегі судың атқаратын рөлін көрсету. Суды қорғау қажеттілігі тұрғысынан жан-жақты зерттеу.

Зерттеу кезеңдері:

  1. Жұмыстың мақсаты, тақырыбы, міндеті айқындалып, зерттеу жұмыстары жүйелі жүргізілді.

  2. Ғылыми жұмыс жинақталып, қорытынды жұмыс жүргізілді.

  3. Мектепшілік ғылыми-теориялық конференцияда баяндама жасалды.

Жұмыстың зерттеу әдістері: Зерттеудің негізгі әдіс-тәсілдері баяндау, салыстыру, қажетті мәліметтерді саралау, ұғымдарды жинақтау, пікірлерді қорыту, ғылыми тұрғыда талдау.


Зерттеу өзектілігі: Суды қорғау, судың ластану мәселесі, суды тазартудың әдістеріне ғылыми тұрғыда талдау жасалынды.



Зерттеу жаңалығы: Оқушы ластанған суды тазартатын құрылғылылардың көптеп пайда болуы, суды жанармай ретінде қолдану, суды тиімді пайдалану туралы ұсыныс жасады.



Қорытынды: Су - барлық істің бастауы, демекші әрбір жас таза суды пайдалана білуі шарт. Таза судың адам өміріне тигізетін пайдасы өте зор. Таза суды пайдалану, суға түсудің бала өміріне тигізетін әсері мол екендігі туралы мәселеге тоқталып өтті. Әрқашан судың қадірін біліп, денсаулығымыз мықты болу үшін таза суларды пайдалану қажеттігін сөз етуден жалықпаған жөн. Оқушы өз ұсыныстарын нақты көрсетті, алдына мақсат қойды.



Annotation

Researches aim : Example water nature general conformity to law takes sits chemistry, physics, biology approach, living organism for importance, physiological tendency participates acquaints, water soils keeps brings up and demonstration experience specifies through chemistry, interest physics object increases.

Prognosis research:

1.Skill, knowledge by research of competition and to master.

2.To Open chemical, physical qualities of water importance, importance.

3.Living organism, carries out that water, to specify role. Water in detail to investigate approach of necessity defence.

Pores research:

1 Aim of work, theme, duty were found out, works research conducted system.

2. Scientific work added up, final work conducted.

done lecture.

3 Schools scientific - on theoretical conference.

Work methods research: To investigate basic method - methods give a report, to compare, to take away necessary information, concepts to summarize, opinions to work out the total, on scientific approach to discu.

Research actuality: to protect water, waters to the clearing methods to be contaminated expressed about a question and about treatment of water of mouth, on scientific approach to discuss done water.

News research: Water, that was made oneself dirty by a student, automats, that clear, increasing to be on a share, on time of fuel to apply water, advantageous the use suggestion did water.



Мазмұны

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Судың қасиеттері

2.2 Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

2.3 Судың ластану мәселесі

2.4 Суды тазартудың әдістері

2.5 Судың біз білмейтін мүмкіншіліктері

ІІІ. Қорытынды

V. Ұсыныс

V. Пайдаланған әдебиеттер

































І. Кіріспе

«… Бұл нәрсе жарық дүниедегі ең керемет емші. Оның емдік қасиеті дәрігердің кеңесін қажет етпейді. Ол барлық жерде кездеседі. Ол заттың адамзат өміріне ешқандай зияндылығы жоқ. Бұл дәрі адам денсаулығының емшісі, кез келген уақытта адамды қиындықтан алып шығары сөзсіз. Бұл ... …»

Ф. Батмангхелидж, медицина докторы

Су. Екі ғана əріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр.Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған су туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз.Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Су адамның психикалық энергиясын бойына сіңіре алады және оны ұзақ уақыт бойында «есіне» сақтап, тіпті басқаларға жеткізе алады. Судың бойына жинақталған таза энергия небір ауруларға ем болады», — деп жазады. Ғалымдардың айтуынша, расында да судың қасиеті өте мол. Мәселен, су дене температурасын тұрақтандырады, азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды, адам зейінін ашады, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны жөнге келтіреді, көзге жанар береді, ағзада қан жасалуын реттейді, иммунитетті күшейтеді. Қанды сұйылтып, қан айналымы кезінде қоюлануының алдын алады,


бүйрек және бауырдағы қалдықтарды (шлак) тазалап, дәруменнің және минералдардың таралуын қамтамасыз етеді, азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады, ішектердің жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етеді, кәрілікте есінен алжасудың алдын алуға көмектеседі. Су – мидың функциялары үшін күш және электрлік энергия көзі. Сонымен қатар ішіп жүрген суымыз денені жарақаттанудан қорғайтын, жасушалардың және бұлшық еттердің бірігуін қамтамасыз ететін, тері жасушаларын ылғалдандырып, сауықтыратын қасиеттерге де иеИә, тіршіліктің қайнар көзі судың да сұрауы бар. Олай болса, әлем құндылығы суды ластамау, ысырап етпеу, қажетті деңгейде көңіл аудару — бүгінгі күннің маңызды мәселесінің бірі.









ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Судың қасиеттері

Су бүкіл жер бетінде, табиғат аясында кездесетін барлық процестерде және адамзаттық тұрмыс-тіршілігінде үлкен рөл атқарады.

Су – зат алмасу мен ағзалар дамуына қатысатын негізгі орта. Адамзат өмірі мен мәдениеттің дамуы көне замандардан бері сумен тығыз байланысты. Ол қазір өнеркәсіпте, энергетикада, ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығында, медицинада және т.б. толып жатқан салаларда кеңінен механика және басқа да ғылыми салаларының зерттеу объектісі.

Табиғатта тоқтаусыз жүріп жататын су айналымы – құрлықтарды сумен қамтамасыз етудің кепілі. Су тау жыныстарын механикалық бұзу және еріту арқылы жер бетінің сыртқы көрінісін қалыптастырады.

Жер қыртысындағы судын мөлшері өте мол. Құрлықтың негізігі бөлігін басып жатқан топырақ қабатындағы судын көлемі осы топырақ қабатының 70 %-ін немесе одан да көп мөлшері құрауы мүмкін. Топырақтағы су топырақ құрамының қалыптасуына, құнарлығына және басқа да қасиеттеріне үлкен әсерін тигізеді.

С

Судың қасиеттері

удың маңызы әсіресе жер бетіндегі органикалық өмірдің дамуымен сақталуы үшін өте зор.





Shape2 Shape1

Физикалық қасиеті

Shape3

Химиялық қасиеті

Биологиялық қасиеті











а) Химиялық қасиеті

Сутек пен оттектің химиялық қосылысы.

Массалық құрамы: Н —11,19%, О — 88,81%.

Молекулалық массасы 18,0153. Су планетамыздағы ең көп тараған заттардың бірі; ол үш түрде — бу, су және мұз күйінде ұшырасады; күшті еріткіш.

Судың сапалық құрамы сутек пен оттектен тұратыны, ал сандық құрамы екі сутек атомы мен бір оттек атомынан тұрады.

ә) Физикалық қасиеті

Таза су - түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық. Судың қабаты 5 м асқанда көгілдір түсті болып көрінеді. Қалыпты қысымда 100°С-та қайнайды да, 0°С-да мұзға (р=0,92 г/см3) айналады, сондықтан мұз су бетінде қалқып жүреді. Сонда оның көлемі 9%-ға артады. Судың беткі қабатының мұзбен қапталып жатуы ондағы тіршілік иелерінің қыс мезгілінде де өмір сүруіне жағдай жасайды.

Температурасы 4°С болғанда, тығыздығы 1г/см3 (судың ерекшелігі). Судың жылу сыйымдылығы өте жоғары, оны мына мысалмен түсіндірейік. Жаздың аптап ыстық күндерінде су жылуды сіңіріп, өзеннің маңайын салқындатып тұрады, сондықтан адамдар оның жағалауына дем алуға көптеп барады.

Осылайша жиналған жылуды су қыс мезгілінде біртіндеп ауаға береді, сондықтан қатты аязды күндерде өзеннің беті тұманданып тұратынын сендер сан дүркін кердіңдер. Су жер бетінен тараған жылудың 60%-ын ұстап қалып, оны суынудан сақтап тұрады. Табиғи су әдетте таза болмайды, онда еритін және ерімейтін заттардың қоспалары болады. Теңіз суында еріген тұздар көптеп кездессе, (3,5%) ағын және жер асты суларында кальций мен магний тұздары болады, ал жауын мен еріген қар суларында көбінесе шаң мен еріген күйдегі газдар (О2, N2, СО2, SО2, т. б) кездеседі. Су - сутек оксиді, Н2О – қалыпты жағдайда сутек пен оттек 1:8 көлемдік қатынаста болатын тұрақты қарапайым химиялық қосылыс. Табиғатта ең көп таралған, бүкіл гидросфера судан тұрады, Судың тіршілік үшін маңызы өте зор. Аристотель өз еңбектерінде (біздің заманымыздан IV ғасыр) суды төрт құбылыстың (от, ауа, топырақ, су) біріне жатқызса, ғалымдар XVIII ғасырдың аяғына дейін суды жеке элемент ретінде қарастырды.

Суды алғаш ағылшын ғалымы Г.Кавендиш (1731 – 1810) зерттеді (1781 – 1782), ал француз ғалымы А.Лавуазье (1743 – 1794) сутек жанғанда Су түзілетінін дәлелдеп (1783), Ж.Млньемен бірге сандық құрамын анықтады (1785).

Судың құрамында массасы бойынша 11,19% сутек, 88,81% оттек болады; молекуласы 2 атом сутек пен 1 атом оттектен тұрады, молек. м. 18,0160, иіссіз, дәмсіз, түссіз (терең жері көгілдір) сұйықтық. Құрамында 2Н (дейтрий) бар Су - ауыр су (D2O) деп аталады. Ауыр Судың физиқалық қасиеттері өзгешелеу болады. Су 0°С-та қатып, 100°С-та қайнайды.

20 °С-тағы тығыздығы 0,99823 г/см3,

0 °С-тағы тығыздығы 0,9168 г/см3 (мұзда).

Судың физикалық қасиеттерінде, балқу жылуында, меншікті жылу сыйымдылығында, тұтқырлығында, жылу өткізгіштігінде ерекшеліктер бар. Мысалы:, мұз жеңіл болғандықтан суда қалқып өзендер мен көлдердің түбіндегі тіршілік сақталады. Су қалыпты температурада көптеген заттармен әрекеттеседі. Сілтілік және сілтілік-жер металдармен әрекеттескенде гидроксид пен сутек түзеді (2Na+2H2O=2NaOH+H2↑). Су әр түрлі жағдайда бейметалдармен (фтор, хлор, бром, фосфор, көміртек) әрекеттесіп, қышқылдар (HCl, HClO, HPO3, HF, HBr) және оксид (СО) түзеді.

б) Биологиялық қасиеті

Су-тірі организмнің қажетті заты, өйткені денедегі биохимиялық үрдістер тек суы бар ортада орындалады. Тіпті тіршіліктің өзі суда пайда болған. Жер бетіндегі ең қарапайым
организмнің құрамында су болады.Мысалы, барлық өсімдіктердің 75-95%-ын, жануарлардың 60-98%-ын су құрайды. Адамның бүкіл салмағының 3/2 бөлігі судан тұрады. Адам организмінде су негізінен қанның, сілекейдің қарын сөлінің, жасушаның құрамына енеді. Организмге қажетті органикалық, минералдық заттар тек суда еріген түрінде ғана енеді. Денеге сіңген қоректік заттар сілекей, қарындағы сөл сияқты заттардан ыдырап, қан мен лимфа жүйесінің көмегімен бүкіл денеге тарайды.Нәтижесінде денеде жаңа заттар құралады. Ол тотығу үрдісінде түзілген қажетсіз заттар, мысалы: мочевина судың артық мөлшері, тұздары, көміртектің қос тотығы суда еріген күйінде бүйрек, тері, өкпе сияқты мүшелердің көмегімен сыртқа шығады. Бірақ оның орны қайта толтырылып отырады. Су алмасудың бұзылуы шөлдеуді туғызады. Адам өз бойындағы су салмағының 6-8% жоғалтса, есінен тана бастайды. 10% жоғалтса сандырақтап сөйлейді және жұтыну рефлекісін жоғалтады. 12% жоғалтса, жүрек тоқтап адам өледі. Демек, су-өмір. Адамның суды қажет етуі жасқа байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, тәулігіне 11-13 жастағылар үшін 1,8-1,9л, 14-17 жастағылар үшін 1,9-12,0 л, ересек адамдар үшін 2,0-2,1 л су қажет. Судың осы мөлшерінің 800-1000 мл дейін тамақтық заттардың құрғақ бөлігі, ал қалғандары сұйық бөлігі арқылы енеді.
Жалпы, ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Денеде 20 пайыз су жетіспеушілігінің болуы өте қауіпті және ол өлімге дейін жетелейтін көрінеді.Енді өзіміз тұтынып жүрген түрлі тағамдар құрамында кездесетін суға тоқталайын. Асқан еттің құрамында 40 пайызға, қуырған жұмыртқада 70 пайызға жуық, көкөніс салатында 80 пайыз су бар. Қою тамақпен және нанмен бірге адам ағзасына 0,7-1,0 литр су барады. Демек, күніне 4-5 стақан ғана «еркін» су ішсе, адам ағзасына жетіп жатыр. Бірақ ішкенде де кез келген суды іше бермей, тазалығына, құрамына мән беру қажет. Себебі табиғи, таза су ғана адамға ем болады, қуат береді. Мұндай суды үй жағдайында дайындап алу да қиын емес. Кәдімгі крандағы суды мұздатқышта қатырса, ол әдемі кристалдарға ие болады, яғни құрамы табиғи қалпына келеді. Әр қайталаған сайын суды шайқап отырса, судың энергиясы арта түседі.

2.2 Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Су – жақсы энергия ақпараттық сақтаушыларының бiрi. Ол адам бойындағы энергияны өзіне сіңріп алатындығы ғылыммен дәлелденді.
Адам организм 86% судан тұрады. Су мөлшерi әр түрлi мүшеде, әр түрлі көлемде болады:
бауыр – 69%-ке дейiн бұлшық еттер – 70%-ке дейiн ми – 75%-ке дейiн бүйректер – 82%-ке дейiн қан – 85%-ке дейiн. Жаңа туған нәрестенің ағзасында 80%, үш айлық кезінде 90%, ересектерде 70% су болады. Адам организмдағы судын пайдалылығы:

1.Энергия айналымын өзгертуге көмектеседі,

2.организмға нәрлi затты сiңiруге көмектеседi,

3.тыныс үшiн оттектi дымдайды

4.дене ыстығын реттейдi

5.зат алмасуда қатысады

6.тiршiлiк маңызды органдарды қорғайды

7.организмнан әр түрлi қалдықтарын шығарады

Салмақ (кг)

Төмен

Бірқалыптылық

Жоғары

50

1,55 л

2,00 л

2,30 л

60

1,85 л

2,30 л

2,65 л

70

2,20 л

2,55 л

3,00 л

80

2,50 л

2,95 л

3,30 л

90

2,80 л

3,30 л

3,60 л

100

3,10 л

3,60 л

3,90 л





2.3 Судың ластану мәселесі

Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады. Су айдындарының ластануын былайша топтайды:

биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар;

химиялық ластану: су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер;

физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар.

Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Су бассейнінің ластануының негізгі себептері - тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу.

Бұған жол беретіндері:

тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;

өнеркәсіп орындары;

ауыл шаруашылығын химияландыру:

халық шаруашылығының басқа да салалары.

Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді.

2.4 Суды тазартудың әдістері

Суды тазарту жолдары оның қандай заттармен және қаншалықты ластануына қарай жүргізіледі. Ерімейтін қоспалардан тұндыру немесе сүзу арқылы тазартуға болатыны сендерге белгілі. Еріген қоспалардан суды айдау арқылы тазартады.
Ауыз суын табиғи суларды тазарту арқылы алады, ол үлкен қалаларды сумен қамтудың ең басты мәселесі. Ол үшін табиғи суды алдымен тұндырып, содан кейін сүзгіден өткізіп алып, зиянды бактериялардан тазарту үшін хлорлау және озондау өдістері колданылады. Осы үрдістердің барлығы сумен жабдықтау стансаларында арнайы қондырғыларда жүргізіледі. Соңғы кездері суды тазарту үшін ион алмастырғыш шайырлар да кеңінен қолданыла бастады.





2.5 Судың біз білмейтін мүмкіншіліктері

Shape4

ІІІ. Қорытынды

Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі таңда су экологиясы үлкен басты проблемаға айналып отыр. Неге су экологиясы үлкен мәселеге айналды? Кім бұл мәселені тудырды?

Проблеманы болдырмауда қандай-қандай әдіс-тәсілдер ба? Осындай сұрақтар мені толғандырды.

Иә, үлкеніміз бар, кішіміз бар тіршілігімізде тірек, өмірдің өзегі мен нәрі болған суға қадырын танитындай көзқарастар қалыптастырсақ жағдай қазіргідей болмас еді. Су - барлық істің бастауы, демекші әрбір жас таза суды пайдалана білуі шарт. Таза судың адам өміріне тигізетін пайдасы өте зор. Таза суды пайдалану, суға түсудің бала өміріне тигізетін әсері мол және суға шомылу арқылы жүйкеге пайдасы көп екендігі белгілі. Әрқашан судың қадірін біліп, денсаулығымыз мықты болу үшін таза суларды пайдалану қажеттігін сөз етуден жалықпауымыз керек.

Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса, тіршілік тәмам бауырым. Судың біздер біле тұра маңызын
Көп болған соң ұмытамыз қадірін.

Халқымызда ежелден ел ауызында айтылып келе жатқан "Судың да сұрауы бар”, "Бұлақ көрсең – көзін аш”, "Сулы жер – нулы жер” деген нақылдар тегін бе екен. Мәселелерді тудырған негізгі – адам. Иә, осыған жартылай келісемін, жартылай келіспеймін. Неге адам проблеманы болдырмауда "Мен өзімнен бастауым керек” деген категорияны басым етіп ұстамайды. Кішкене бүлдіршіндер және әр адам өз-өзіне жауапты болуы тиіс. Егер әр тәрбиеші, педагог және ата-ана су адам өміріне қажеттігін түсіндіріп, айтып, тәрбиелеп отырса, қазіргі таңда проблема болмаушы еді.

ІV. Менің ұсынысым

Болашақта:

  1. Ластанған суды тазартатын құрылғылардың көптеп пайда болуы

  2. Суды тиімді пайдалану







































V. Пайдаланған әдебиеттер

  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика 2007.-29 1 б

  1. Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра,

  1. Экология (оқулық) - Алматы, 2008

  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.Ӏ

5. Қазақ энциклопедиясы

6. Химия: Жалпы білім беретін мектептің сыныбына арналған оқулық.

Усманова М.Б., Сақариянова Қ.Н. –Алматы: Атамұра, 2009. - 216 бет.

7. Интернет материалдары

https://ru.wikipedia.org

http://www.wateroflive.ru/







11


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!