400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жұмыс ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДЫ ЗЕРТТЕГЕН ҒАЛЫМДАР, ЗЕРТТЕУШІЛЕР, САЯХАТШЫЛАР

Материал туралы қысқаша түсінік
тарих, география пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӘОЖ


НҰРЛАНОВ Т.Н.

Ғылыми жетекші: Дәүлетқанова Б.Т.

«Степное негізгі мектебі-балабақша кешені» КММ


ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДЫ ЗЕРТТЕГЕН ҒАЛЫМДАР, ЗЕРТТЕУШІЛЕР, САЯХАТШЫЛАР


Шығыс Қазақстан Қазақстан Республикасындағы қызықты облыстардың бірі, ол өзінің таусылмас табиғи байлығымен қатар тарихи - мәдени ескерткіштерімен де танымал. Ерте кезеден бастап Ертіс үлкен сауда жолы болған, ол арқылы Орталық Азия мен Сібірге сауда керуендері жүрген. Қазақстанға деген нақты экономикалық қызығушылық XVIII ғасырдың бірінші жартысында Петр I кезінде басталған. Ол қазақ даласын «Азияға апаратын кілт пен қақпа», - деп көрсеткен [1, 17 бет].

Қазақстанның барша аймақтары сияқты оның Шығыс, Алтай өлкесінің өткен тарихын, жергілікті халық тұрмысы, мәдениетін, шаруашылығын, табиғат ерекшелігін мақсатты түрде зерттеу аталған өңірлердің Ресей империясы құрамына енуімен кең көлемді тұрғыда жүргізіле бастады. Орыс патшалығы құрамына бір ғасырдан артық уақыт көлемінде қосылған қазақ жерін зерттеумен XVIII ғасырдың басынан - ақ көптеген Ресей зерттеу орындары айналысты. Ғылым Академиясы, Географиялық қоғам, Тау ісі бірлестігі, Жол қатынастары министірлігі, Мемлекеттік мүлік министірлігі, Қазан университеті жанындағы археология, тарих және этнография қоғамы, т.б. ұйымдар айналысты.

Жалпы Қазақстанның барша аймақтары сияқты оның Шығыс өңірін Ресей тарапынан зерттеу негізі екі бағытта жүргізілді:

1. Өлкені әскери, өнеркәсіптік игеру мақсатындағы мемлекет тарапынан зерттеу.

2. Ғылыми мақсатта жаңадан қосылған өлкенің халық санын, шаруашылықты жүргізу әдістерін, мәдениеті мен тұрмысын зерттеу.

Қорытындысында бұл зерттеулерді жариялып, ғылыми ортаға таныстыру мақсат етіп қойылды.

Жоғарыда аталған ғылыми орталықтар мен өлкетану қоғамдарында прогрессивті бағыттың өкілдері бірден айқындалатын. Біріншілері – патша үкіметінің орталық саясатын жүргізушілер: генералдар губернаторлар, діни қызметкерлердің бір бөлігі мен шенеуніктер мен оларға қарсы – прогрессивтік бағыттағы интелегенция өкілдері: мұғалімдер, дәрігерлер, аграномдар, жаратылыстанушылар, саяси жер аударушылар [2, 58 бет].

Жалпы қазақ даласы, оның әр өлкесінің табиғи байлығы, жергілікті халық туралы мәліметтер жинау ерте кезден басталатындығы белгілі. Олардың қатарына қазақ жері туралы алғашқы мәліметтер «Большой чертеж» жинағында кездеседі.

1768 - 1774 жылғы Ғылыми академиясы экспедициясының мүшесі, неміс ғалымы П.С.Паллас қазақ халқы туралы және оның жерінің табиғи байлығы туралы баға жетпес мәліметтер қалдырғын [3, 146 бет].

Паллас Петр Симон – белгілі саяхатшы және натуралист, 1741 жылы 22 қыркүйекте Берлинде, дәрігерлер отбасында дүниеге келген. Осы тұрғыдан алып қарайтын болсақ XVIII ғасырдың соңғы ширегінде Қазақстанды, соның ішінде Шығыс аймағын, Алтай өңірін толығымен зерттеген П.С.Паллас болды [4, 3 бет].

«Осы жылдары Петр I негізінен Петербург Ғылым академиясы Сібірге, Алтайға, соның ішінде Қазақстанға танысу мақсатындағы экспедициялар дайындауды бастады».

«... Осындай экспедицияның алғашқы басқарушысы 1727 жылы Германиядан шақырылған Иоганн Гмелин болды. 1731 жылы оны академикке сайлап, 1733 жылы оның басшылығымен Петербургтан Москва арқылы Қазан мен Сібір өлкесіне зерттеушілер тобы аттандырылды. Экспедиция 10 жылға созылып, Семей, Өскемен арқылы өтті».

1767 жылы Германиядан Жаратылыстанушылар Петр Паллас пен Иоганн Георги келді. Олардың біріншісіне бірден академик атағын беріп, келесі жылы Орталық Ресей, төменгі Повольжье, Каспий жағалауы, Орта және Оңтүстік Орал, Алтай. Байкал, Забайкальеге жасалатын ғылыми экспедицияға басшылық жасау тапсырылады.

П.С.Паллас бұл аталған аймақта бірнеше рет болып, сол уақыттағы қазақ жеріне, халықтың өткеніне, шаруашылығына, мәдениеті мен тұрмысына талдау жасады. Қазақ халқына шындық тұрғысында баға береді. Қазақ жерін, оның шығы өлкесін ресейлік қоныстандыруыға, әскери - өнеркәсіптік игеру, тау - кен зауыттарының негізделу тарихынан бағалы мысалдар келтіріп, сипаттама жасайды. Жергілікті халық өмірінен мәліметтер береді. Орыс империясы құрамына қосылуына орай қазақ даласына сауда қатынастарының енуін баяндады.

Петр Симон Паллас – жаратылыстанушы және жихангер, 1767 жылы Петербург академиясының мүшесі болып сайданады. Ресейге қоныс аударады. 1768 - 1771 жылдары академиялық экспедицияны басқарады. Ресейдің оңтүстік - шығыс аймағын, Орал мен Сібірді зерттеді [5, 6 бет].

Паллас қазақтармен 1769 жылы Оренбургке барған сапарында танысады, сол жерде қазақ ауылдарына бірнеше сапар жасайды. Оренбургтан зерттеуші Сібір шекараларына дейін және қазақтармен тығыз байланысты жатқан: Троицк, Петропавл, Омск, Семей қалалар мен қамалдарда болып қайтады. Одан ерте ол Гурьев пен Орал қалаларында болған. [4, 69 бет]

Жалпы Паллас өзінің қазақ даласы арқылы Батыс Сібір өлкесіне жасаған бірнеше сапарларының негізінде көптеген кітаптар жазады. Атап айтқанда олар:

«Путишествие по разным провинциям Российского государства» (Санкт-Петербург при императорской Академии Наук, 1773.Ч.1);

«Физическое путишествие по разным провинциям Российской империи, бывшее в 1770 году» (1772. – Ч.2);

«Петра Симона Паллса путишествие по разным провинциям Российского государства» (СПБ., 1773. – Ч.1);

«Путишествие бывшее в 1768-1779гг». 1 кинга);

2 книга – Часть-3. 1778 года, Половина – 2.,

3 книга Физическое путишествие по разным провинциям «Российской империи бывшее в 1770 году» (1772. – Ч.2).

П.С.Паллас сонымен бірге Алтай өңіріндегі ең ертедегі кен игерушілер тарихына да назар аударып, зерттеу қорытындысын «Рассуждение о старинных рудных копях в Сибири и их подобии с венгерскими различиствующими от копей римских» (Академ.Известия.СПБ., 1878) атты еңбегінде жариялады [6, 12 – 48 беттер].

Паллас өзінің осы еңбегінде Өскемен, Бұхтарма қамалдарының салыну тарихы туралы да алғаш рет хабардар етеді. Яғни, Паллас еңбегінің бағалылығы сонда – ол алғашқылардың бірі болып қазіргі Шығыс Қазақстан, Алтай өлкесіндегі қоныс аударушылардың негізін қалап, атаулары осы күнге дейін сақталған елді мекендердің қалыптасу тарихын жазған. Осы өңірдегі жергілікті халықтан басқа орыстар, поляктар, т.б. соңғы кезде ғана бұл жерге келіп қоныстанушылар, ал оның байырғы тұрғындары қазақтар екендігін жазып қалдырған [7, 25 бет].

Аталған зерттеушілер арасында 50 жыл бойы Оңтүстік Сібір шекарасы мен Қазақ даласында қызмет еткен, капитан Иван Григорьевич Андреев Ресейдегі революцияға дейін Қазақстан тарихын зерттеуде маңызды орын алады. Иван Григорьевич Андреев орыс этнографы, тарихшысы. Ұзақ жылдар бойы Ямышев, Омбы, Бұқтырма, Өскемен, Семей бекіністерінде әскери қызметте болды.

И.Г.Андреев инженер - топограф ретінде 1776-1793 жылдары Ертіс өзені маңындағы Семей, Өскемен, Ямышев, Бұқтырма бекіністерін қайта салуға көмектескен [1, 58 бет].

Сібір губернаторының тапсырмасымен қазақтардың шаруашылығы, әдет - ғұрпы, шығу тегі жөнінде нақты деректер жинады. Андреевтың жеке өмірі мен қызметі жайлы 1793 жылы жарық көрген «Домовая летопись» деп аталатын автобиографиялық шығармасында мәліметтер келтіріледі. Иван Григорьевич Андреев 1744 жылы 31 қаңтарда сібір шаруасының отбасында дүниеге келген. Андреев офицер қызметінде әскери инженер – топограф ретінде көптеген шіркеулер мен көпірлер, қамалдар салғызған. Өзінің әскери қызметі кезінде Андреев қазақ ауылдарында болып, қазақтар мен қарым – қатынас жасайды. 1792 жылы қазақ сұлтаны Абулфеистің жеке өтініші бойынша Шығыс Қазақстан ауылдарындағы наймандардың геналогиялық дамуы, әр түрлі көшпелі тайпалар мен Орта жүздің аристократиялық әулеттері туралы «құпия экспедиция » жүргізеді. [8, 10 бет].

ХIХ ғасырдың басында орыс, батыс зерттеуштері тарапынан Ресей империясы құрамына негізінен косылып болған қазақ жерін әскери, шаруашылық және ғылыми тұрғыда зерттеу одан ары жалғастырылды.

Әсіресе, өнеркәсіптік даму жолына түскен Ресей экономикасы үшін маңызы зор қазба байлықтары, соның ішінде түсті, бағалы металлдар молынан табыла бастаған қазақ жерін, Шығысы және Алтай тауларының табиғи байлығын зерттеуге айырықша назар аударылды. Патша үкіметінің, онын жергілікті әкімшілігінің алдында аталған өлкеден бағалы кендер қорын анықтау, осы жерлерге жаңа кен өндіру орындарын, зауыттар, фабрикалар салу міндеті қойылды.

XIX ғасырдың бірінші жартысындағы жергілікті халық тарихын, оның шаруашылығы, мәдениет, тұрмысы мен салтын зерттеп, әлемдік өркениетке танытуға ерекше үлес қосқан А.И. Левшин болды.

Аса бай емес кіші поместьелі көне дворян тұқымды жанұядан шыққан (1797-1879) талантты, мақсаткер, еңбексүйгіш жас жігіттің ғылымға бет бұрған 16 жасынан бастап аз ғана уақыттың ішінде халықаралық ғылыми ортаға белгілі болды.

XIX ғасырдың ортасында Ресей мен Европадағы Қазақстан және қазақтар туралы географиялық, тарихи және этнографиялық ірі жетістіктер А.И.Левшиннің есімімен тығыз байланысты. А.И.Левшиннің еңбегі біздің елмен қатар Европа елдеріне де кеңінен танымал [9, 5 бет ].

А.И.Левшиннің еңбегі үш бөлімнен тұрады. Кітаптың бірінші бөлімінде Қазақстанның географиялық жағдайы мен табиғаты суреттелсе, екінші бөлімінде – ғылымда бірінші рет – қазақ халқының тарихы туралы, және үшінші бөлімінде – оның тұрмысы мен мәдениеті туралы айтылады. Левшиннің 1832 жылы Петербургте жеке баспада шығарлыған «Описанние киргиз - казачьих, или киргиз - кайсацких орд и степей» бұл монографиясы өзінің сипаты бойынша қазақ халқы туралы энциклопедиялық материалдар жинағы болып есептеледі.

Жұмыстың құндылығы сонда, құжаттардың басым көпшілігін автор Орынбор шекарасында (1820 - 1822 жж.) дипломатиялық қызмет істеген уақытындағы қазақтармен тікелей байланысы кезінде жинақтаған [9, 6 - 7 беттер].

1840 жылы «Описание киргиз - казачьих или киргиз - кайсацких, орд и степей» француз тіліне аударылып, Париж қаласында шығарылды. Французша басылыммен бір мерзімде ғылыми баспада оның жекелеген бөлімдері итальян тіліне де аударылды [9, 7 бет].

1996 жылы аталған кітап біздің елімізде алғаш рет орысша қайтадан басылып шықты.

Еліміз тәуелсіздігін баянды етуге ұмтылған, ғаламдану белең алған заманда қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдет - ғұрыптары мен салт - дәстүрлерін зерттеу арқылы ұлттық болмысты, менталитетті жете танып білудің көкейкестілігі артып отыр.

Қазақстан, әсіресе Шығыс Қазақстанның тарихы мен географиясын, этнографиясын және мәдениетін зерттеуде Ресей ғалымдарының сіңірген еңбегі зор болды. Ресей зиялы қауымының Қазақстан аумағына саяси себептермен жер аударылып келген өкілдері көптеген ғылыми еңбектер жазып қалдырды. Еуразия даласының көптеген бөлігін алып жатқан қазақ халқының мәдениетінің біртұтастығы, бірегейлігі, этнографиясы көптеген зерттеушілердің назарына ілікті.

XVIII ғасырдың басымен – ХХ ғасырдың басында отарлаушы Патша өкіметіне әкімшілік аумақтық жағынан басқару үшін жергілікті халықтың тарихын, тұрмыс - салты, әдет - ғұрпы мен мінез - құлқын жете, кешенді танып білу қажеттілігі туындады. Осы саясатты жүзеге асыру үшін қазақ даласына аттанған саяхатшылар мен зерттеушілердің, ел арасынан әр түрлі жолдармен мәліметтер жинаған патша шенеуніктерінің жазба деректерін қарастыра отырып, осы тақырыпқа қажетті жан - жақты мағлұматтар береді.

Әсіресе, Шығыс Қазақстанды зерттеуде отандық және орыс зерттеушілерінің ғылыми жұмыстарының біршамасы арналған. Олардың ішінен П.С.Паллас, И.Андреев, Г.И.Спасский, А.И.Левшин, П.А.Чихачевтың зерттеулері, және Н.Я.Коншин, Б.Г.Герасимов, Э. Масанов, А.Алексеенко, және т.б. ғалым - зерттеушілерді атауға болады. Аталған еңбектерде XVIII ғасырдың басымен – ХХ ғасырда революцияға дейін қазақ халқының тарихы, географиясы мен этнографиясы, тұрмыс – тіршілігі жайлы мәселелері қарастырылған.

Осы тұрғыдан алып қарағанда өлке тарихын тың мәліметтер, құнды мұрағат құжаттары арқылы зерттеп, оның өзіндік ерекшелігін айқындау, осы арқылы шындыққа негізделген біртұтас ел тарихын жасаудың маңызы үлкен.

Өлкетану – Қазақстан қоғамына үлкен қоғамдық – саяси, мәдени – ағартушылық ықпал жасап отырған бұқаралық қозғалыс деп айтуға болады. Өз өлкесінің тарихын жан – жақты зерттеу, өз өлкесінің тарихында мемлекет тарихы мен тағдырының ортақ элементтерін көру, өлкетанушылар бойында патриоттық көзқарасты, туған жерге деген ыстық сезімді тәрбиелейді, зерттеушіні жан – жақты дамыған тұлға ретінде көрсетеді. Қазіргі заманда азаматтардың бойында туып – өскен өлкесінің тарихын, қайдан шыққандығын білуге деген қызығушылық өсуде. Осы орайда олардың қызығушылығын қанағаттандыруда мұрағат құжаттары ерекше орын алады.

Қазақстандық патриотизмнің бастау бұлағы – әрбір азаматтың отбасы мен туған жерін сүйе білу сезімі. Осы сезім ұлғайып барып үлкен арнаға ұласады. Ал, әлгі бастау бұлақ саналатын сезімді оятып, тәрбиелеудің сан тараулы жолы бар. Соның бірі – туған өлкенің тарихын, ел дәстүрін, халық тағылымын зерттей отырып, оның мақтануға тұрарлық тұсын айырықша дәріптеу арқылы елсүйгіштік, жерсүйгіштік қасиетті қалыптастыру.

Шығыс Қазақстанның өткені ғана бай және жан - жақты емес, оның қазіргі өмірі мен ертеңгі болашағы да жарқын әрі сенімді. Осы сенімділіктің шын мәнінде берік негізі бар. Оны шығыс қазақстандықтардың бұған дейінгі ұрпақтары берік етіп жасап кеткен.

«Өскен ел тарихын таспен жазады, өшкен ел тарихын жаспен жазады» деген мақал бар. Туған жері мен елі туралы білімін жетілдіріп, сол арқылы Отанын сүйген азаматтық рухты қалыптастыра білсек, біздің еңбегіміздің жемісі сол болмақ.

Қазіргі үкімет тарапынан Қазақстан тарихна және оның негізін қалайтын өлке тарихына көп назар аударылып, жаңа мүмкіншіліктер беріліп жатқан кезде, осы бағытта жұмыс істейтін ғалымдар өз елінің тарихын жақсы сезініп, паш еткісі келетін географтар мен өлкетанушылардың жаңа жас буыны көбейеді деген ойдамын.



ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Андреев И. Г. Описание Средней орды киргиз – кайсаков / И.Г.Андреев. Алматы, 1998. – с.280.

  2. Паллас П. С. Путешествия по разным провинциям Российского государства / В Санкт-Петербурге при императорской Академии наук 1973 г. - 1973. - Ч. 1. - 347 б.

  3. Қарасаев Ғ. Қазақстан және Алтай өңірі XVIII - XX ғасырлар аралығында / Ғ.Қарсаев. Өскемен, 2004ж.-318 б

  4. История Казахстана. - Алматы, 2000. -Т. 3. –с. 558.

  5. Щербих Г. А. Очерки народного искусства восточного казахстана XIX – начала XX века / Г. А. Щербих. Усть-Каменогорск, - 2008, -с. 289.

  6. Алексеенко Н. В. Изучение истории населения Казахстана в ХVІІІ-ХХ вв / Н. В. Алексеенко. Усть-Каменогорск, 2003. –с. 157.

  7. Игибаев С. К. Исторя Казахстана в источниках и материалах / С. К. Игибаев. Астана, 2013.- с. 320.

  8. Библиография по истории Восточного Казахстана: Дореволюционный период, Усть-Каменогорск, 1977.-Вып. 1. - с. 12, 48.

  9. Қазақтар, Алматы, 2003. – Т. 5. – 174 б





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 желтоқсан
1149
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі