жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғылыми жұмыс. Тақырыбы: Қызыл кітапқа енген Қазақстан жануарлары
А.Косарев атындағы №9 орта мектебі
Орындаған: Алайдаров Мұхит Махсатұлы
2 «в» сыныбы
Тақырыбы: Қызыл кітапқа енген Қазақстан жануарлары
Тексерген: Жұмағалиева Қаншайым Кенжешқызы
Степногорск қаласы 2009 жыл
Мазмұны
Абстракт.........................................................................................2-бет
Кіріспе.............................................................................................3-4-беттер
Зерттеу бөлімі:
Қазақстанның жануарлар мұрасы...............................................5-17-беттер
тарау Сүтқоректілер.............................................................5- 10 беттер
тарау Құстар..........................................................................11-14 беттер
тарау Балықтар......................................................................15-17 беттер
Қорытынды
Қызыл кітап және Қазақстан қорықтары..................................18-бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................19-бет
Зерттеу күнделігі..............................................................................20-бет
Жұмыста Қазақстандағы сирек кездесетін жануарлар әлемі - омыртқалы жануарлар қаралады.
Жануарлар дүниесінен алған білімдерді жинақтай келе Қазақстандағы Қызыл кітапқа енген жануарларға зерттеу жүргіземін деген шешімге келдім. Сондағы мақсатым – Қазақстан жануарларын сын көзбен бағамдау, сирек кездесетін жануарлар жөніндегі деректерді жинақтап, қорыту. Ол үшін мен зерттеу әдістерін және оқыту әдістерін пайдаландым.
Жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырып таңдаудағы шешімім айтылады, сондай - ақ жұмыстың мақсаты мен міндеті қойылады. Зерттеу бөлімі үш тараудан тұрады және ғылыми жұмыстың тақырыбына талдау мен шолудан тұрады. Зерттеу мәліметтеріне сүйене отырып, омыртқалылардың мекеніне, Қазақстандағы жануарлар қорығына тоқталдым.
Жұмыста зерттеу тақырыбы бойынша пайдаланған әдебиеттердің тізімі берілген, ал қорытындыда түйін және жұмыстың нәтижесін қолдану бойынша ұсыныстар айтылған.
Қыркүйек айынан бастап жұмысты зерттеу күнделігінде көрсетілген кезеңдерге сай жүргіздім.
«Саған тартар сыйымыз тек көркемдік пен сұлулық емес, мөлдір таза ауамыз майда, лепті самалымыз, тіл үйірер жеміс-жидегіміз, қанатты құстарымыз, тұяқты аңдарымыз, алуан-алуан басқада жануарларымыз. Табиғатты ардақтап, сүйіңдер, зерттеңдер, қорғандар». [1]
Жануарлар дүниесі де биосфераның құрамдас бір бөлігі. Жануарлардың табиғатта және адам өмірінде маңызды зор. Олар табиғаттағы заттармен энергия айналымында негізгі рөл атқарады. Қазіргі кезде жер бетінде жануарлардың 2 млн-ға жуық түрі бар.
Мен ғылыми жұмыстың тақырыбын «Қызыл кітапқа енген Қазақстан жануарлары» деп алдым. Тақырыпты таңдамас бұрын Қазақстандағы сирек кездесетін жануарларды даралап, олармен түгелдей танысып алдым. Қазақстан жануарларын зерттегендерінің еңбектерін қарап шықтым. Зерттеушілер «Сирек кездесетін жануарлардың толық жойылып кетпеуін сақтап қалуымыз керек» деп жазады. Зерттеулерді оқи келе көңілге түйгенім Қазақстандағы сирек кездесетін жануарлар туралы сөз аз қозғалған. Зерттеуші ғалым болмасамда өзімше Қызыл кітапқа енген Қазақстан жануарларына зерттеу жүргізем деген шешімге келдім. Сондағы мақсатым – Қазақстан жануарларын сын көзбен бағамдау, сирек кездесетін жануарлар жөніндегі деректерді жинақтап, қорыту.
Міндетім: - Қызыл кітапқа енген Қазақстан жануарларының сирек кездесетіне сәйкес, оның шындыққа сай реалистік тұрғыда көрініс тапқандығын дәлелдеу.
Жануарлардың дүниесін таныту.
Жануарларды зиянды және пайдалы деп тек салыстырмалы түрде ғана жеке топтарға бөледі. Бұл ғылыми тұрғыдан алғанда дұрыс емес. Өйткені табиғатта мүлде зиянды немесе мүлде пайдалы жануарлар жоқ. Табиғаттағы тіршілік тізбегінде олардың әрқайсысының өз орны бар.
Қазіргі кезде жануарлар түрлерінің азаюына, негізінен, антропогендік факторлар әсер етеді. Ондай факторларға шектен тыс аулау, тіршілік ететін орта жағдайларының өзгеруі, ретсіз жерсіндіру, судың, топырақтың ластануы және т.б. жатады . _____________________________________________________________
[1] Ол кім, бұл не? Кітабы
Қазақстан Республикасының аумағында құрғақта, суда, ауа мен жер қыртысында еркін жағдайда тұрақты және уақытша мекендейтін жануарлар яғни сүтқоректілер, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер т.б. түрлері тіркеген. Сирек кездесетін саны азайып келе жатқан әрі құрып кету қатері төніп отырған жануарлар туралы мәліметтерді, оларды зерттеу, қорғау өсімін молайту және ұтымды пайдалану жөніндегі қажетті шаралардың жиынтығын қарастырамын.
Қазақстан Қызыл кітабының үшінші басылымына тіркелген сирек кездесетін омыртқалы жануарларды территориялық жағынан қорғау қалай қамтамасыз етіледі? Шындығына келгенде, балықтар мен қосмекенділердің 19 түрі мен түршелерінің бірде-бірі қорғалатын территориялардағы өзен көл айдындарында кездеспейді. Сирек кездесетін бауырымен жорғалаушылардың 10 түрінің 3-уі ғана қорықтар территориясында таралған.
Арқар
Тауда шекара күзетіп жүрген содат сарт еткен бір дыбысты естіді. Әлгі дыбыс жартасты жаңғырта екінші, үшінші рет қайталанды. «Бұл не нәрсе болды екен, ә?» - деп бұғып келіп қараса дәу екі құлжа сүзісіп жатыр екен. Шекарашыларды көрген олар үркіп қаша жөнелді.
«Құлжа» деп отырғанымыз – арқардың еркегі. Ал арқарымыздың өзі не? Арқар –қой тұқымдасына жататын аша тұяқты жануар. Өзінің денесі сымбатты биіктігі 125 см-ге, салмағы 200кг-ға дейін жетеді. Жаздыда арқасы мен бүйірі буырыл қоңыр, бауыр жағы ақшыл түсті келеді. Еркегінде де, ұрғашысында да мүйіз болады. Құлжасының әрі жуан, әрі қуатты болып, оралып бітеді де ұшы екі жағына қарап тұрады. Ұрғашысының мүйізі жіңішке қысқарақ және артқа қарай иіле біткен қайқы болады.
Арқар негізінен Орта және Орталық Азияның тауларын мекендейді. Жыл маусымына қарай таудың әр түрлі биіктігіне ауысып отырады. Жаз айларында таңертен және кешкісін жайылады. Қыста күндіз жайылып, түнде тығылып жатады.
Арқар көбінесе үйір-үйірімен жүреді. Тек жазда көбею кезінде бөліне бастайды, көбіне егіз туады. Қоздаған ұрғашылары тамызға дейін бөлек болада да, кейін олар да қосылың үлкен үйірге айналады. Оның басты жауы қасқыр мен барыс.
Арқар дәмді ет, сапалы тері беретін кәсіптік аң болатын алайда счаны жылдан-жылға азайып барады. Сондықтан қазір оны аулауға тыиым салынған.
Қазақ ССР Ғылым академиясының бір топ ғалымдары арқарды меринос қойымен будандастыру арқылы қазақтың асыл тұқымды арқар- меринос қойын шығарды.
Қорықшаларда арқарларды қорғауды күшейтіп, далалық құрып, оларды Ұлытауға қайтадан жерсіндіру керек.
Барыс
Кәдімгі үй мысығының толып жатқан туыстары бар. Солардың бірі- барыс. Ол – өте сақ және епті жыртқыш. Денесінің ұзындығы 130 см, құйрығының ұзындығы шамасында, ал түсі көкшіл сұр, қара теңбілді шұбар болды. Жүні әрі салалы.
Барыс оңтүстік сібір, Орталық Азия тауларын; Қазақстанның шығыс , оңтүстік- шығыс және оңтүстігіндегі тауларды мекендейді. Олар көбінесе басын мәңгі қар басқан биік таулардың қой тасты, тік жартасты беткейлері мен құлама қияларында жүреді. Қар қалың түскенде ғана төмендеп, орман белдеуіне дейін келеді.
Барыс ымырт жабыла қорек іздеуге шығады, ашыққан кезде аңды күндізде аулай береді. Ол негізінен тауешкі, арқар, елік, жабайы шошқа сияқты аңдармен қоректенеді. Сонымен қатар олар кекілік сияқты құстарды, суыр мен ұсақ кемірушілерді де аулайды. Аңды жасырынып барып немесе жолын тосып жатып, мысықша бас салады. Ол аса ашыққан, жараланған не күшіктерін қорғаған жағдайда адамға да шабуы мүмкін.
Барыс қия жартастардағы үңгірлерде күшіктейді. Оны бірнеше жыл мекен етеді. Мамыр-маусым айларында 2-4 күшік туып, біраз уақыт емізеді де, көзін ашып жүре бастаған соң, әртүрлі жануардың етімен тамақтандыра бастайды. Өсе келе олар да үлкендеріне ілесіп, қорек аулауға шығады.
Біздің елімізде барысты хайуанаттар паркі үшін ғана аулайды.
Бұғы
Бұғылар-жануарлардың үлкен тобы. Оған солтүстік бұғылары да, Европа ормандарын мекендейтін елік те, қиыр шығыс бұғысы да, сібір маралы да, солтүстік Америка бұғысы да, бұлан мен лан да жатады.
Бәрінен ғажабы – солтүстік бұғысы. Ол қатал табиғат жағдайларына тамаша бейімделген. Мысалы, қыс кезінде қарға
батпай жүру деген қиын-ақ, ал солтүстік бұғылары батпай жүре алады. Өйткені олардың жалпақ аша тұяғы қарда, батпақта, сазда еркін қозғалуына мүмкіндік береді.
Солтүстік бұғыларының жүні де ерекше. қылшық жүндерінің жуан өзекшелері ауаға толы болады. Ал ауа дене жылуын жақсы сақтайды. Сондықтан ондай жүндер күшті боран кезінде де бұғыны аяздан қорғайды. Солтүстік бұғыларының жүні суда сал қызметін атқарады. Олар жақсы жүзеді, өйткені жүндерінің іші кеуек. Басқа бқғылардың барлығының тек қана еркегінде, ал солтүстік бұғыларының еркегінде де, ұрғашысында да мүйіз болады.
Солтүстік бұғылары әрқашан топтанып, кейде бірнеше мың бас үлкен тобын құрап өріс ауыстырады. Ос кезде олар жол бойы қарлы боранға жиі тап болады. Мұндай жағдайда барлығы тығыз топтанып, иіріліп тұрады. Бұл – жылырақ болу үшін істейтін әрекеттері.
Солтүстік тұрғындары бұғының жылы жүнін, мықты терісін, дәмді етін бұрыннан бағалай білген. Әйткенмен солтүстік бұғыларын аулау оңай емес. Өйткені олар өте сезімтал, сақ және жүйрік келеді.
Солтүстік халыұтары ежелден үй бұғыларын өсіреді. Олар барлық үй жануарларының, яғни қойдың да, сиырдың да, жылқының да орнында жүреді. Бұғы мен ит Солтүстік соңғы кезде дейін басты қатынас көлігі болып келді. Жеңіл шанаға жегілген қос бұғы 100 кг жүк тартып, сағатына 10 км жылдамдықпен жүгіре алады.
Солтүстік үй бұғылары жыл бойы далада жайылады, қораны да, қолдың жем – шөбін де керек етпейді. Мүк пен қынаны жейді. Қыста қуатты, жалпақ тұяғымен қар теуіп жайылады.
Борсық
Бұл өзі – өте сақ аң. Жемін түнде аулайды. Сондықтан жазда тіпті қалың орманда, тік беткейлі адырларда борсықтың інін кезіктіргенмен, оның өзін көру деген онша оңай емес. Ол інінен шығарда жан-жағын абайлап қарап алады, тың тыңдайды, иіскейді де, егер күдікті бірдеңе сезілсе қайта тығылады. Борсықтың іні терең және бір-бірімен жалғасып жатқан көп тармақты болып келеді. Оның үстіне әр жылы жаңадан ауыз шығарып отырады. Борсық қысты да інде өткізеді, ол шөп тасып алады, інінің аузын ішкі жағынан бекітеді де, ұйықтайды.
Рас, борсықтың ұйқысы онша қатты емес, оның дене температурасы да төмендейді. Кейде, әсіресе жылымық кезінде, ол оянып кетеді және әдетінше күндіз інінен шығады. Міне, осы кезде оны анықтап қарап алуға болады. Бұл –әжептәуір ірі, тұрқы 90 см-ге дейін жететін (ал құрығымен қоса алғанда метрден де артық), бозғылт сұр қылшықты аң. Тұмсығынан желкесіне қарай тартылған сарғылтым ақ жолақтары бар, ал көздері мен құлақтары арқылы ұара жолақтар өтеді. Жұмсақ қарда оның тырнағы, мықты, мығым аяғының ізі анық көрінеді. Бұл аяқтармен ол інін және өсімдік түптерін қазады, жауынан қорғанады. Борсық өзі момақан хайуан, өздігінен ештеңе шашпайды.
Қарда біраз жүрген соң, тағыда ұйықтауға жөнеледі. Көктемде інінен шығып, дереу іске кіріседі. Біріншіден, жақсылап тойынып алу керек –қыс бойы арықтап қалған; екіншіден, ұясындағы төсенішті ауыстыруы немесе жаңадан ін қазуы керек. Одан кейін борсық күшіктейді, әдетте күшігі үштен беске дейін болады. Енесі олар туралы көп әрекет жасайды. Ол әр күні көзін ашпаған күшіктер күн көзіне алып шығады. Ал төбес борсық ұяны ұқыптап жинастырады, жаз бойы бірнеше рет төсеніш ауыстырады.
Күзге жақын борсық үйірі семіре бастайды, яғни қысқа дайындалады.
Көзге олақ, ебдейсіз көрінгенімен борсықтар кемірушілерді, бақалар мен кесірткелерді шебер аулап, құрттарды қазып жейді. Олар әсіресе май қоңыздарының личинкаларын көптеп құрту арқылы пайда келтіреді.
Суық түскенше борсықтың семіретіні соншалық – оның салмағының үштен бір бөлігі майдан құралады. Енді ұйқыға кірісуіне әбден болады.
Борсықтың күшіктері ата-енесімен бірге қыстап шығады. Ал енді көктемде өз бетімен тіршілік ете бастайды.
Аю
Ақ аю мен қоңыр аюдың түр-түсі бір-біріне онша ұқсамаса да олардың туыстығы бірден аңғарлады. Полярдың ақ қар, көк мұзында тіршілік ететін ақ аюдың түсі әрқашан да ақ. Ал қоңыр аюлар ақсары да,
қоңыр да, тіпті қара да бола береді.
Ақ аю - Жер бетіндегі ең ірі жыртқыш аң. Ол Арктикадан басқа ешбір жерде кездеспейді. Бүкіл өмірін мұз үстңнде өткізеді, су-олардың табиғи тіршілік ортасы. Ақ аю сағатына 4-5 км жылдамдықпен ұзақ уақыт жүзе алады, суға итбалықтан кем сүңгімейді және су астында екі минуттай жүзіп жүре алады. Ол итбалықтармен, балықпен және құстармен қоректенеді. Күшіктейтін мезгілі жеткен кезде ақ аюдың кірекейі қардың үңгіріне кіреді. Салмағы 700 кг (рекегі 1000 кг-ға дейін) шығатын бұл зор хайуанның қонжықтары егеуқұйрықтан сәл ғана үлкендеу болып келеді. Қашан қонжықтары жетілгенше енесі апаннан аттап шықпайды.
Қоңыр аюлар Европаны, Азияны және солтүстік Американы мекендейді. Біздің елімізде оңтүстік аудандардан өзге барлық орманды зоналарда кездеседі деуге болады. Олар жазықта да, тауда да, қайда қираған ағашы, батпақ, көлшік сулары бар меңіреу орман болса, сонда тіршілік етеді. Қоңыр аюлар –аса әккі аугер, алайда олар бәрін де жейді, көбінесе жеміс-жидек, шөп тамырларымен қоректенеді, құрт-құмырсқа, личинкаларды қазып жейді, бақа балықтарды ұстайды. Аю аса бал құмар, ол балға аузы бір тиген соң араның шаққанына да қарамайды.
Күзде қоңыр аю көктемге дейін тыныш ұйықтап шығатын сенімді баспананың қамына кіріседі. Ол- өте ірі аң, қыста оның қоректенуі де, қалың қарда жүруі де қиын. Егер күзде семіріп, жеткілікті май жинап алмаса, аю апанда жатпайды: қыс бойы долданып, аш құрсақ жүріп күн кешеді. Мұндай «қаңғыбастар» өте қауіпті. Аюдың ұйқысы сергек болады, ұйқы кезінде дене температурасы төмендейді. Олар көктемге дейін баяу өседі: апаннан шыққанда кандин иттің үлкендегіндей ғана болады. Есесіне кейін бұлардың тұрқы екі жарым метрге, салмағы 750 кг-ға жететін алыптар өсіп шығады. Қоңыр аюлар 50 жылдай өмір сүреді.
Қоңыр аюдың ізін кейде байқамай таңқаласың. Ол аяғын талтайдай басқан жүрісіне қарай маймақ деп те атайсың. Соған қарамай ол кей кезде атты да қуып жете алады.
Қоңыр аю үйретуге тез көрінгіш келеді. Цыгандар баяғыдан бері аю алып жүріп қалалар мен селолерды аралаған, қызықты ойындар көрсеткен.
Cілеусін
Сілеусін- былайша ұқсастығы онша болмағанымен кәдімгі үй мысығының бір туысы. Мәселе сілеусіннің анағұрлым үлкен - тұрқының бір жарым метрге, жетеғабыл, ал мысықтың дене бітімі ұзынша, жатаған, аяқтары қысқа болып келетіндігінде ғана емес. Сонымен қатар сілеусіннің мысыққа қарағанда бітімі шомбал, сирақты келетіні тағы бар. Сілеусіннің құлағында қылшықты шашағы, ал екі ұртында сәнді сақалы болады. Мысық атаулының барлығының дерлік құйрықтары ұзын, ал сілеусіннің құйрығы шорт кесіп тастағандай қып-қысқа, шолақ. Мысықтың саусақтары сала-сала ал сілеусіннің саусақтары жарғақ арқылы тұтасқан болып келеді. Мысықтың қимыл-қозғалысы биязы, жұмысқы, ал сілеусіннің қимылы ірі, аяқ алысы ит сияқты. Мысықтың иттен қорқып маңайындағы ағаш не дуалға жеткенше тұра қашатыны болмаса, ол ұзаққа жүгіре алмайды, сілеусін болса, тіпті омбы қардың өзімен де жақсы жүгіреді, өйтекені табанындағы жарғағы оны қарға батырмайды.
Сөйтсе де сілеусін мысық тұқымдас аң болып аталады. Ол ағашқа тамаша өрмелейді, қараңғыда жақсы көреді. Үй мысығы сияқты дыбысты жақсы естиді, тек иіс сезуі нашарлау. Ол дыбысын білдірмей, бұқпантайлап келіп, жемін сағаттар бойы торудан жалықпайды. Сілеусін құр, шіл және бұғының бұзауын аулайды, қоян, тышқан тағы басқа кемірушілерді де қыстап жейді. Үй жануарларына тиіспейді десе де болады. Сілеусіннің кіп-кішкентай күшігі мысықтың баласынан аумайды. Ол туғанына екі-үш апта болысымен-ақ енесін еме жүріп шегіртке және кішігірім құстарды аулай алады. Екі айлығында ағаш тамырының астындағы, бұта түбіндегі немесе ағаш кеуегіндегі олақ жасалған жатағын тастай да, енесімен бірге кезбе күн көріске шығады.
Дала
қыраны
Саны «қалпына келген» түр. Қазір саны тұрақтанған сияқты. Қазақстанда далалық және шөлейтті аймақтар зоналарын мекендейді. Барлық жыртқыш құстардың пайдасын халыққа түсіндіріп, оларды қорғау жайында үгіт-насихатты кең түрде жүргізу қажет. Бірқатар аудандарда электр тарату жүйелерінің тіректерін қорғаныш материалдарымен жабдықтауды қолға алу , Бетпақ дала қорығын ашу және Батыс Қазақстанда қорғалатын территорияларды ұйымдастыру қажет.
Кезқұйрықты
субүркіт
Қазақстандағы өте сирек кездесетін жыртқыш құстардың бірі. Соңғы жылдары мамандар оның бірде-бір ұясын тапқан жоқ. Көшпенді ересек құстар әр жерлерде кездеседі. Сирек болу себептері –басқа жыртқыш құстарға әсер ететін факторлар. Сақталып қалған ұяларын тауып, оларды өте қатаң қорғауға алып, құстар мен олардың ұяларын қоғау жөнінде үгіт-насихатты күшейту керек.
Үлкен
қүралай
Сирек кездесетін және зерттелмеген бйік тау құсы. Осы уақытқа дейін оның ұясы Қазақстанда табылған жоқ, ал құстардың өздерін негізінен оларды торда бағу және сату үшін ұстаушылар қыс айларында ғана кездестіре ді. Алматы маңындағы тасты үстіртте қыстайтын құралайларды қорғауды ұйымдастыру және бұл сирек кездесетін құстарды сатуға тыйым салу керек.
Көкқұс
Бұл үлкен сайрауық Тянь-Шаньның таулы шатқалдарында Шымкенттен Алматыға дейін тараған. Оған қауіп төндіретіндер- әдемі әнші құс ретінде оны торда ұстаушылар. Түрдің шығысқа қарай тарауы себепті оның саны соңғы жылдары өсе бастады. Құс ұстаушылар арасында, әсіресе Алматы қаласының маңында үгіт-насихат жұмыстар күшейту керек.
Құмай
Биік тауларды мекендейтін сирек кездесетін, аз зерттелген түр. Ұялайтын бір ғана тобы Іле Алатауынан белгілі. Саны аз, оған басқа жыртқыш құстар да әсер ететін жағдайлар себебін тигізеді. Сонымен қатар, жабайы тұяқтылардың санының қысқаруына байланысты қорегінің азаюы да әсер етеді. Ұяларын өте қатал қорғау және қыста үстеме қоректендіру жұмыстарын жүргізу керек.
Жұртшы
Қазақстанда тек Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауының бөктерлерінде, сол сияқты Үстірт пен Маңғыстауда тараған. Саны барлық жерде төмен. Оған қасақылық, қасқырға құрған қақпанға түсіп және оған салынған улы заттарды жеп өлім- жітімге ұшырауы санын сиретіп отырады. Қаратау мен Іле өзенінің өзенінің аңғарында қорықтар құрып, уланған заттарды қолдануды азайту шараларын ұйымдастыруды қолға алу қажет.
Үкі
Бұл кең тараған әрі өте үлкен жапалақ бір қатар жерлерде сирек кездесетін болды. Себебі анықталмаған. Жас балалар мен қыздардың бас киімдерін әшекейлеу үшін үкі балапандарын ұядан алып, қолда өсіру де санының кемуіне әсер етуі мүмкін. Үкіні қорғау қажеттігін жан-жақты насихаттау, сонымен қатар қауырсыны мен үкісін пайдалану мақсатында хайуанаттар бағы мен питомниктерде қолдан өсіруді ретке келтіру керек.
Жорға
дуадақ
Дуадақ далалы аймаққа қалай тән болса жек немесе жорға дуадақта шөлді аймаққа сондай тән. Қазақстанда бұл түрдің- арабтардың сұңқар салып, саятшылық жасайтын негізгі нысананың жер жүзіндегі қорының көп мөлшері шоғырланған. Бұл құсқа төнетін негізгі қауіп- ұялайтын жерлерінде ұшып келіп-қайту кезендерінде және қыстайтын қоныстарында да қырып-жою. Бетпақ дала мен Қызылқұмда қорықтар ашып, өзіне тән ерекшелігі бар бұл түрді сақтау туралы халықаралық келісімдерді қатал орындау керек.
Орақтұмсық
Сирек кездесетін балшықшы. Қазақстанда тек Солтүстік және Орталық Тянь-Шаньның бйік тауларында ғана мекендейді. Бұл жерлерде оның саны 200-ден аспайды. Тіршілік ету мекені тау өзендері мен көлдерінің жағалауларындағы малта тасты қайраңдар.
Қызғылт
бірқазан
Қазақстанда Арал теңізі мен Сырдария өзенінің төменгі сағасында қазір кездеспейтін болды. Десе де Каспий теңізінің солтүстік жағалауынан бастап Зайсан көліне дейінгі аралықтағы кейбір өзен-көлдерде әлі де кездеседі. Санының төмнедеуінің себептері-өзендердің су режимдерін реттеуге байланысты тіршілік ортасының өзгеруі, ұялайтын жерлеріндегі қамыс-құрақтарды өртеу, қасақылық және олар ұя салған мекендерле құстарды мазалау.
Ақ
ләйлек
Кейде оны ақ дегелек деп те атайды. Қазақстандағы ақ ләйлектің түркістандық түршесі жойылып кету қаупінде. Оның бірнеше ондаған жұбы тек Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік аудандарында және Жамбыл облысымен шетелетін аймақтарында ғана сақталып қалған. Санының кемуінің негізгі себептері- өзендердегі су деңгейінің төмендеуі мен ластануына байланысты тіршілік жағдайының өзгеруі, ұяларын жиі бұзуы. Ұялайтын жерлерін қорғауды ұйымдастыру, үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізу, сонымен қатар ұялайтын жерлерінде жасанды көлдер жасау арқылы азық-қорының қоймасын жақсарту.
Қарабай
Соңғы он жылдың ішінде қалбағай тәрізді бұл құстың да таралу аймағы тез тарылып, саны төмендеп кетті. Қазір тек Еділдің атырауында қарабайдың 200-дей ғана ұясы белгілі. Бұл түрге ұялайтын су қоймаларының гидрологиялық жағдайын жақсарту және қорықтар ұйымдастыру керек.
Күтім
Өте сирек тараған түр. Бірен- сарандары Каспии теңізінің солтүстік-шығыс бөлігі мен Жайық өзенінің атырауында кездеседі. Санының аз болуының басты себебі- гидрологиялық режимнің бұзылуына байланысты өніп- өсу жағдайының нашарлауы және есепсіз аулау. Республикада оны қолдан өсіруді жүзеге асыру қажет.
Арал
қаязы немесе теңге балығы
Сырдария өзенінің су ағысын реттегенге дейін бұл балық Арал теңізінен Нарынның сағасына дейін кездескен. Шу өзенінің төменгі ағысында да өніп-өскен. Қазіргі кезде Сырдария мен оның кейбір салаларын, көлдер мен жасанды су қоймалары мекендейді. Шу өзенінде кездеспейді, ал 1930-1931 жылдары жерсіндірілген Балқаш-Іле бассейіненде өніп-өсе бастады. Оның қорын көбейту үшін қолдан өсіру шараларын жүзеге асыру керек.
Ақ балық
Қазақстанда Солтүстік Каспий мен оған құйылатын өзендердің атырауларында кездеседі. Бірақ 1960 жылдан бері Жайық өзенінде ұсталғаны жайында деректер жоқ. 30-жылдардан 1959 жылға дейін бұл балықтың жылдық аулау үлесі 1460 тоннадан 400 кг-ға дейін азайды. Соңғы 20 жылда Еділдің атырауына 70 млн-нан аса қолдан өсірілген шабақтар жіберілді. Қолдан өсіру алқымын кеңейтіп, табиғи өніп-өсу жағдайын жақсарту керек.
Сырдария
тасбекіресі
Жойылып кету қарсаңында (республикамызда жойылып кетуіде ықтимал) тұрған Сырдария өзенінде бірден-бір түр. Қазақстанда соңғы 25 жылдан бері бар- жоғы белгісіз, деседе оны 1969 жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара су қоймасында аулағанды. Қолдан өсіріп, бұл балықтың тіршілігіне қолайлы жерлерді тауып, сонда жіберу қажет.
Шу
сүйрікқанаты
(мүмкін жойылып та кеткен шығар). Бұрын аздаған балық тек Шу өзенінде кездескен, ал 1960 жылдан бері бұл түрше жайында анық деректер жоқ. 1990-1993 жылдары арнайы жүргізілген зерттеу жұмыстары да нәтиже бермеді. Кейбір жасанды су қоймалары мен шу бассейнінің көлдерінде сақталып қалуыда мүмкін. Жойылып кету себептері анықталмаған. Іздеу жұмыстарын жалғастыру және жойылып кетуіне себепші болған фактілерді анықтау керек.
Ақбалық-нельма(Бұқтырма-Зайсан популяциясы)
Қазақстанда Ертіс өзенінің бассейінде, Бұқтырма жасанды су қоймасы және Қара Ертісте тараған. Соңғы 40 жылда аулау үлесі он еседей кеміді. Негізгі себебі- аулауды тыйымсыз ұйымдастыру барысында балықтың өніп-өсу қабілетінің кемуі. Қазақстаннан тыс су қоймаларында
көбейетін нельмаларды аулауды реттеу, қолдан өсіруді және қасақылықпен күресуді жолға қою қажет.
Арал
албырты
Республикамызда бұл балықтың жойылып кетуі де мүмкін. Арал теңізі мен Амудария өзенін мекендеген (Сырдарияда кездеспеген). 30-жылдары теңізде, ал 1961 жылға дейін Амударияның жоғарғы ағысында бірен-сараны ұсталған еді. Негізгі шектейтің факторлары- Амудария өзені бойында су құрылыстарының салынуы, Арал теңізі деңгейінің төмендеуі және суының тұздануы. Қолдан өсіруді ұйымдастыру қажет.
Шортан
тәрізді ақмарқа
Бұл балықтың Республикамызда жойылып кетуі де мүмкін. Қазақстанда соңғы рет 1953 жылы ұсталған. Сырдария өзені мен оның салаларында өніп-өскен. Шортан тәрізді ақмарқаның жойылып кетуінің себебі-су құрылыстарын салу, суды ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін көптеп алу және оның ластануы. Бұл балықты сақтау үшін жер суару кезінде балық қорғау жұмыстарын жетілдіру және бұл түрді өсіру әдістерін ұйымдастыру қажет.
Арал бекіресі, пілмайы (арал популяциясы)
Арал популяциясының жойылып кету қаупі бар. Ал басқа су қоймаларына (мысалы, іле өзеніне) жіберілген балықтар қауіпсіз жағдайда. Жасанды су қоймаларында қолдан өсіруді ұйымдастыру және балық қорғау құрылыстарын жетілдіру қажет. Сырдария мен Арал теңізінде оны қайтадан қалпына келтіру үшін бұл су қоймаларында су беру жүйелерін реттеп, ондағы судың тазалығын сақтау керек.
Қазақстанда таралған омыртқалы жануарлардың жалпы және Қызыл кітапқа тіркелген түр саны
Омыртқалылардың жеке топтары |
Жалпы түр саны |
Қызыл кітапқа тіркелген түрлер сан |
|
1.Балықтар |
180-дей |
16 |
|
2. Құстар |
503 |
56 |
|
3.Сүтқоректілер |
178 |
40 |
|
Қорыта айтқанда, республикамыздың барлық территориясының 0,3%-ға жуық аумағын алып жатқан Қазақстан қорықтары кейбір бірен-саран жағдайларда болмаса, жануарлардың (сол сияқты өсімдіктердің) сирек кездесетін түрлеріне байланысты мәселелерді шеше алмайды. Аталған түрлердің көпшілігі, ең алдымен территориялық жағынан қорғауға мұқтаж. Ол үшін қорықша, табиғи ескерткіштер (бұл статус Қазақстанда бірен-саран ғана кездесетін ақ ләйлек сияқты жануарларға сәйкес келеді), ұлттық саябақтар және басқа түрдегі қорғалатын территориялар құру керек. Қазақстанның негізгі табиғаты көрнекті аудандарында, ең алдымен далалық және шөлді аймақтарда қорықтар ұйымдастырудың үлкен рөл атқаратыны сөзсіз.
Жануарлардың тағдыры көп жағдайда, тиімді дайындалған жоспарлар мен бағдарламалардың өмірде қалай жүзеге асуына тәуелді болады.
Еліміздегі су айдындарының ластануы салдарынан балықтардың басқа да суда тіршілік ететін жануарлардың қалыпты тіршілігіне зор нұқсан келуде.
Жануарлар дүниесін қорғау шаралары әрі кешенді, әрі ғылыми негізде жүргізілуі қажет. Бұл салада көпшілік тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын кеңінен жүргізуге де көңіл бөлінгені жөн.
Халықаралық қабылданған ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін алу қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.А.Ф. Кофшарь., Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен, Алматы, 2004 ж.
2. «Балдырған» журналы
3. «Ұлан» газеті
4. Р.Сәтімбеков., Биология, Алматы «Мектеп » 2007 ж.
ЗЕРТТЕУ КҮНДЕЛІГІ
№ |
Шаралар |
Орындалу мерзімі |
Жүзеге асқаны туралы белгі |
1. |
Тақырып таңдау. |
Желтоқсан, 2008 ж |
+ |
2. |
Таңдап алған тақырып бойынша зерттеушілердің еңбектерін қарау. Кітапханаға бару. |
Қаңтар,2009 ж |
+ |
3. |
Материалдарды жинақтау, мақсат- міндеттерді айқындау. |
ақпан |
+ |
4. |
Сирек кездесетін жануарларды жинақтау. |
Наурыз |
+ |
5. |
Жоба нұсқасын жазып, жетекшінің сараптамасына ұсыну. |
сәуір |
+ |
6. |
Жетекшінің ескертпелері бойынша толықтыру жұмыстарын жүргізу. |
тамыз |
+ |
7. |
Жұмысты компьютерде теріп, толығымен дайын ету. |
Қыркүйек |
+ |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген