400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Ғылыми жұмыс: TURBO PASCAL 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Компьютерге түсінікті командалар тізбегі арқылы жазылған алгоритм – программа деп, ал программа құру процесі программалау деп аталады. Программа компьютерде деректерге әрекет орындау үшін берілген командалар тізбегі болыптабылады. Программалау тілдері – бұл адамның компьютермен қарым-қатынасы үшін арнайы пайда болған формальді тілдер. Программалау тілдерінің де "жаратылыс тілдері" (орыс, ағылшын тілі т.с.с.) сияқты өзінің алфавиті, сөздік қоры, грамматикасы және синтаксисі, сонымен қатар семантикасы болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БАЙЗАҚ АУДАНЫ ҮЛГІЛІ АУЫЛЫ

ҮЛГІЛІ ОРТА МЕКТЕБІ















ТАҚЫРЫБЫ: TURBO PASCAL

















ОРЫНДАҒАН: Рахманберді Ақжарқын

ЖЕТЕКШІ: Әшім Майра















Тараз-2021

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ 3

1. TURBO PASCAL ТІЛІНІҢ НЕГІЗІ 4

1.1. Паскаль программалау тіліне кіріспе 4

1.2. Turbo pascal тілінің типтері 6

1.3. Программаның негізгі құрылымы 11

2. МАССИВТЕР 13

2.1. Бір өлшемді массивтер 13

2.2. Матрицалар 14

3. МАТРИЦАНЫҢ БАҒАНДАРЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС 17

3.1. Матрицаның әрбір бағанындағы кіші элементін табу 17

ҚОРЫТЫНДЫ 20

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 21



КІРІСПЕ

Программалаудың жаңа тілін құрастыратын автор әрқашанда программалауды барынша қарапайым және әртүрлі салада жұмыс істейтін адамдар үшін түсінікті етіуге тырысқан.

Осындай мақсатты алдына қойған адам – Никлаус Вирт, Цюрихтегі (Швейцария) Жоғарғы техникалық училищесінің информатика профессоры, 1970 жылы сол талапқа сай тіл құрған.

Никлаус Вирт өзінің ұсынған алгоритмдік тіліне атақты француз ғалымы, ең бірінші дүние жүзінде есептеуіш техниканы ойлап тапқан адам Блэз Паскальдің (1623–1662 ж.) атын қойған.

Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығымен және логикасына байланысты дүние жүзінде кеңінен орын алды. Қазір барлық есептеуіш техника осы тілде жұмыс істей алады. Программаның дұрыстығын өте жеңіл тексеруге болады. Себебі, оның мазмұны өте қарапайым және айқын. Сонымен қатар, Паскаль тілі жаңа бастаған программистерге программалаудың жақсы әдісітерін үйретуге ыңғайды.

Тілдің әрі қарай даму тарихы, электронды есептеуіш техниканың даму мүмкіндіктерімен тікелей байланыста болды. Паскаль тілінің әр түрлі версиялары жаңа мүмкіндіктермен толықтырыладамыды.

Тілдің кейінгі версияларының бірін – Паскаль 7.0-ді, MS-DOS және Wіndows операциялық жүйелер орталарына үйлестіріп, 1992 жылы Borland және Mіcrosoft фирмалары шығарды.

Ары қарай тілдің процедуралы – бағытталған Turbo Pascal, Borland Pascal, обьектілі – бағытталған Delphі программалау жүйелері дамыды.

Программалау тілдеріне қойылатын талаптардың бірі – ол мәліметтердің сақталуын сыртқы құрылымдарда ыңғайлы ұйымдастыру және сол информацияны программалауда тиімді пайдалануға мүмкіншілік беретін құралдарының болуы. Бұл мәселені шешуде Паскаль тілінде файл типті арнайы обьект қарастырылады. Информациялық технологиялар әлемінде файл түсінігі кеңінен тараған және оған осы курстық жұмыста көптеген анықтамалар беріледі.

Сонымен қатар курстық жұмыста Turbo Pascal тілінде бір өлшемді массивтер мен матрицаларға арналған есептерді шешу тәсілдері мен әдістемесі берілген. Матрицаның әр бағандары бойынша есептеулер жүзеге асырылған.

1. TURBO PASCAL ТІЛІНІҢ НЕГІЗІ

1.1. Паскаль программалау тілінекіріспе


Компьютерге түсінікті командалар тізбегі арқылы жазылған алгоритм – программа деп, ал программа құру процесі программалау деп аталады. Программа компьютерде деректерге әрекет орындау үшін берілген командалар тізбегі болыптабылады.

Программалау тілдері – бұл адамның компьютермен қарым-қатынасы үшін арнайы пайда болған формальді тілдер. Программалау тілдерінің де "жаратылыс тілдері" (орыс, ағылшын тілі т.с.с.) сияқты өзінің алфавиті, сөздік қоры, грамматикасы және синтаксисі, сонымен қатар семантикасы болады.

Программалау тілдері – жасанды тілдер. Олар жаратылыс тілдерінен мағыналары трансляторға түсінікті және командалары өте қатаң ережелермен жазылуымен,

«сөздерінің» санының шектелуімен ерекшеленеді. Программалау тілінің осыған қатысты талаптарын синтаксис бейнелейді, ал әрбір командалардың мағыналарын және тілдің басқа конструкцияларын – оның семантикасы бейнелейді.

Программалау тілі – ЭЕМ-де шешілетін әртүрлі есептердің программасын компьютерге түсінікті формада жазу тәсілі болып табылады.

Программалау тілдері жоғарғы және төменгі деңгейлі тілдер болып бөлінеді. Қолданбалы мазмұнды есептерді шешуге бағытталған, командалардың мол жиынтығынан тұратын табиғи тілге ұқсас программалау тілі – жоғарғы деңгейлі программалау тілі депаталады.

Жоғары деңгейдегі программалау тілі келесіқасиеттерге ие:

- Тіл алфавиті машиналыққа қарағанда біршамамолырақ;

- Пайдалануға берілетін операцияларды теру машиналық операцияларды терудентәуелсіз;

- командалар конструкциялары (операторлардың) мәтінді қайта қарау кезіндегі мазмұнды түрлерін бейнелейді және адамға ыңғайлы түрдеберіледі;

- айнымалылардың және олармен әрекеттердің аппараты қолданылады;

- мәліметтер типіәртүрлі.

Қазіргі кезде жоғары деңгейлі программалау тілінің бірнеше түрі бар. Кең қолданылатын жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің бірі – Паскаль тілі. Оның алғашқы вариантын 1971 ж. Швейцария ғалымы Никлаус Вирт жарыққа шығарған болатын. Автор атақты француз математигі Блез Паскальдың (1623-1662 ж) құрметіне жаңа программалау тіліне оның атын берді. Паскаль тілі оқып үйренуге жеңіл, алгоритм құрылымы сақталған, қолданушыға ыңғайлы тіл болып қана қойған жоқ, сонымен қатар көптеген күрделі есептерді шешу үшін қолданылатын қуатты программалау тілі болыптабылады.

Паскаль тілінің бірнеше баламалары бар. Қазіргі кезде кең қолданылатыны – Турбо Паскаль7.0 баламасы. Кез-келген Паскаль программа жеке атынан және .pas кеңейтілуінен тұратын мәтіндік файл болып табылады. Паскаль тілінде құрылған программаны мәшинелік тілге аудару үшін компилятор қолданылады. Турбо Паскаль жүйесі ТР бумасында жазылады. Программаны жүктеу файлы: turbo.exe, ол әдетте BIN ішкі бумасында орналасады (мысал: C:\TP\BIN\ turbo.exe). Турбо Паскаль7.0 программасының жұмыс ортасы 1- суреттекөрсетілген.


Сурет 1. Turbo Pascal программасының жұмыс ортасы


Turbo Pascal-дың құрамдас жұмыс ортасы келесі бөлімдерден құралған (1- сурет):

1. Жұмыстерезелері

2. Менюқатары

3. Көмекқатары

Файлды сақтау терезесі 2- суретте көрсетілген.

Сурет 2. Файлды сақтаудың сұқбат терезесі


1.2. Турбо Паскаль тілінің типтері


Тілдің қарапайым объектілеріне «сан», «идентификатор», «тұрақты», «айнымалы»,«функция» және «өрнек» үғымдары кіреді. Программадағы негізгі амалдардың орындалуына керекті мәліметтердің сандық, логикалық немесе символдық (литерлік) мәндері болады. Олармен жұмыс істеу колайлы болу үшін алгебра курсындағы белгілеулерге ұқсас шартты атаулар пайдаланылады. Бұл атаулар әр түрлі мәндерді (сандық мән, символдық мән т.б.) қабылдауы мүмкін, сондықтан оның типі деген ұғым енгізіледі.

1. Сандар. Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болып бөлінеді. Бүтін сандар: +4, -100, 15743, 0 т.б. Разрядтылығы 16 биттен тұратын дербес компьютер үшін қолданылатын бүтін  сандар  (ағылшынша  INTEGER) -32768-ден +32767 дейінгі аралықта ғана жазылады, бұдан үлкен сандар нақты сандарға айналдырылады.

Паскаль тілінде ондық және он алтылық бүтін сандар пайдаланылады. Он алтылық сандардың алдына $ белгісі қойылады. Мысалы, $АВС немесе $8В2.

Нақты сандар кәдімгі табиғи аралас сандар тәрізді санның бүтіні мен бөлшегін нүкте арқылы бөлген күйде жазылады. 

Мысалы: 2.65, 0.5, -0.862, -6.0.

 2. Атау —идентификатор (identification — объектінің белгілі  бір  символдар тіркесіне сәйкестігін бекіту) программаны және программадағы тұрақтыларды, типтерді, айнымалыларды, функцияларды, файлдарды т.б. белгілеп жазу үшін қажет.

Идентификаторлар тұрақтыларды, айнымалыларды, олардың түрін, функцияларды, программаларды, процедураларды, файл­дарды т.б. программа объектілерін белгілеу үшін қолданылады.

Идентификатор — міндетті түрде әріптен басталатын сандар мен әріптердің  тұратын атау. Оның ұзындығын өте үлкен етудің қажеті жоқ, өйткені атауларды теру және кейіннен есте сақтау біраз уақыт пен жады көлемін қажет етеді. Бірақ оларды өте қысқартпай, мағынасына сәйкес  атау  беру  қалыптасқан.

Мысалы: X, XI, СУММА, P23PS6, DT54AS, ALFA, baga2, SALMAK, OMEGA2  т.б.

Идентификатор стандартты және бейстандартты (өзіміз берген  атау)  болып бөлінеді.  Бейстандартты  атауды тұтынушы (компьютерді  пайдаланушы  адам) өзі тағайындайды.

Тілді алғаш жасаушылар стандартты атауларды кейбір тіл элементтері типтерінің, шамалардың (тұрақты, айнымалы), стандартты функциялардың, процедуралардың атауларын алдын ала баршаға түсінікті етіп белгілеу үшін енгізген, оларды тек сол өз мағынасында қолдануымыз керек. Мысалы,  REAL (нақты сан), INTEGER (бүтін сан), VAR (айнымалы), CONST (тұрақты), SIN, COS (тригонометриялық функциялар), EXP, LOG (математикалық функциялар), FALSE, TRUE (логикалық мәндер) т.б. ағылшын тілінің қысқартылған сөздері. Паскаль тілінде программажазуда қолданылатын басқа да түйінді сөздер жай атаулар ретінде қолданылмайтын стандартты идентификаторлар болып есептеледі. Олар: AND, ARRAY, BEGIN, END, CASE, CONST, VAR, PROGRAM, IF т.б.

Өзіміздің тұрақтыларға және айнымалыларға беретін атауларымыз  стандарттыидентификаторлардан өзгеше болуы тиіс, мысалы: L12, BAGA, SYT, F105, МАТА. Біз мысал келтіріп, қарастырып отырған тіл — Тurbo Pascal деп аталатын дербес компьютерге арналған  Паскаль  программалау тілінің бір нұсқасы, мұнда  идентификаторлар  тек  латын  алфавитінің үлкен не кіші әріптері және цифрларды ғана пайдалануға рұқсат етілген.

Тұтынушылар қойған бейстандарт атауларға әркім өз қалауынша тағайындаған шама атаулары, яғни стандартқа кірмейтін иден­тификатор жатады. Олар төмендегі талаптарға сай құрылуы қажет:

-Атау тек латын әріптерінен (астын сызу «_» белгісі де әріп болып саналады) басталуы тиіс. Тек белгілер (label) атауы ғана цифрдан да, әріптен де бастала береді;

-Атаудың алғашқыдан кейінгі символдары әріптерден, цифрлардан немесе астын сызу белгісінен тұруы мүмкін;

-Қатар орналасқан екі атау арасында кем дегенде бір бос орын белгісі болуы қажет;

-     Атаудағы символдар саны 127-ден аспауы қажет;

-Атауда бас әріптер мен кіші әріптерді қатар пайдалануға рұқсат етілген, олардың ішкі кодтары әр түрлі болғанымен транс­лятор үшін ешбір айырмасы жоқ болып саналады. Бірақ мұны даұтымды пайдаланған жөн, мысалы, ZatNomеri, BujmBagasу т.б.

3. Тұрақты   немесе   константа   деп   программаның   орындалу барысында мәндері өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады.

Тұрақтыға программаның орындалу барысында бірден сандық мән берсек те немесе оны программаның сипаттау бөлімінде  идентификатор  түрінде белгілеп алып, мән берсек те болады. Олар сандық, символдық, логикалық және тіркестік (integer, real, boolean, char, string) мәндерді қабылдай алады. Логикалық түрдегі тұрақтылар — true (ақиқат) немесе  false (жалған) мәндерінің біріне ие бола алады.

Символдық және тіркестік (string) мәндер үшін орыс, қазақ алфавитінің әріптерін және кез-келген символдарды пайдалануға болады. Олар апостроф ішіндегі таңбалармен (литерлермен) жазылады, мысалы: ‘S=’ , ‘қосындысы’, ‘функцияның мәні’  және т.б.

   Тұрақтыларға мысалдар:

-          бүтін:  х= -25; y = 1936; z= 123;

-          нақты:  х=2.14; y=4Е15; z=-0.5Е-12; beta =-250.0;

-          символдық:  s=’c’; sl=’h’; s2=’9’;

-          логикалық:  B1= true; B2 = false;

-          тіркестік:  С =’Turbo Pascal’;

Тұрақтыларға бейстандарт идентификаторлар атау ретінде берілуі тиіс. Егер программада оны құрастырған иесінің атауы бірнеше рет кездесетін болса, онда оны тұрақты түрінде берген жөн, өйткені бұл атау кейіннен өзгеріске ұшырамайды.

Барлық тұрақтылар программаның сипаттау бөліміндегі const түйінді сөзінен басталатынбөлікте көрсетілуі тиіс.

Оның жазылу  пішімі  (формасы)  төмендегідей:

const

       Mening_atim = "Бакыт Бөрібайұлы";

       Max = 1000;

       Міn = 0;

       Mektep_nomeri = 121;

4. Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар идентификаторлармен белгіленіп, әр уақытта әр түрлі мәнге ие бола алады. Айнымалылардың белгіленулері: ALFA, Ү, ХЗ, KOSINDI, BAGA, A1B8 т.б. Айнымалы атауы оның орындайтын міндетіне сәйкес түсінікті және қарапайым болғаны жөн. Айнымалылар атауы сипаттау бөлімінде var түйінді сөзінен кейін орналасады да, атауынан кейін қос нүктеқойылып, айнымалының типі көрсетіледі. Оның жазылу пішімі:

var   <идентификатор> :  <тип>

Мысалы:

Var А, В : integer;

Sum, baga : real;

Айнымалылар қарапайым және индексті болуы мүмкін.  Қарапайым айнымалылар өз атаулары бойынша жазылады. Мысалы,  delta,  х, у, result, number_of _ student.

 Программада пайдаланылатын мәліметтердің немесе  шамалардың мәндері  Паскаль тіліндегі алдын ала келісілген типтердің біріне тән болуы тиіс.

Мәліметтердің немесе шамалардың muni деп, олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады, яғни тип дегеніміз — шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама.

Мәліметтердің әрбір типі тек өзіне ғана сәйкес келетін операциялар жиынын орындата алады. Мысалы, 1 мен 2 мәндері бүтін сандар типіне жатады, оларды қосуға, азайтуға, көбейтуге және бөлуге болады. Ал, «IBM» және «PC» мәндері сөз тіркесі типіне жатады, бұларды біріктіріп жазуға ғана болады («IBM PC»). Қосуға, азайтуға, көбейтуге, бөлуге болмайды. Кез келген тұрақты, айнымалы, функция немесе өрнек өзіне тән бір типпен ғана сипатталады. Паскаль тіліндешамалардың типін көрсету міндетті болып табылады. Сондықтан программа алдында оның сипаттау бөлімінде пайдаланылатын барлық шама атаулары және оның типтері көрсетілуі қажет.

Паскаль тілінде пайдаланылатын барлық типтер скалярлық (қарапайым) және құрылымдық (структуралық) болып үлкен екі топқа бөлінеді. Скалярлық(қарапайым) типке шамалардың стандартты типі және жасанды тип (тағайындаған) жатады. Стандартты типтерге:

-          бүтін - INTEGER;

-          нақты — REAL;

-          логикалық — BOOLEAN;

-          символдық – CHAR;

-          жолдық  -  STRING.

Құрылымдық типтегі жиымдар — ARRAY, жазбалар — RE­CORD, жиындар — SET жәнефайлдар — FILE  түрлеріне бөлінеді.

Бұлардан өзге типтер программаның типтерді сипаттау бөлігінде анықталуы қажет. Тұрақты сандардың типін олардың сыртқы пішініне қарап-ақ ажыратуға болады, ал айнымалылар менфункциялар типтері программаның  сипаттау бөлімінде көрсетіледі.

Логикалық шамалар екілік сандар жүйесіне сәйкес «1» және «0» деген мәндерді ғана қабылдайды. Мұндағы «1» тексерілетін белгілі бір шарттың — логикалық тұжырымның орындалатынын, яғни ақиқат екенін, ал «0» сол шарттың орындалмайтынын — түжырымның жалған екенін көрсетеді. Бұл екі мән программада ағылшын тіліндегі айтылуына сәйкес true (1) және  false (0) болып жазылады.

Символдық шамалар апострофқа алынған бір символды ғана мән ретінде қабылдай алады, мысалы, ‘R’ ‘Л’ ‘%’ т.б. Бірақ әрбір таңбаны оның кодына байланысты реттелген бүтін сандармен де өрнектеу мүмкіндігі бар.

Мәліметтердің қарапайым түрлерін стандартты типтер деп атау  қалыптасқан. Стандарттытиптердің real түріненөзгелері реттелген деп аталады, өйткені оларды бүтін сан арқылы өрнектей отырып, өсуі не кемуі бойынша реттеп орналастыруға болады.

Стандартты типтер.  Паскаль тілінде төмендегі қарапайым типтер пайдаланылады:

-       бүтін типтер - SHORTINT, INTEGER, LONGINT, BYTE, WORD;

-       нақты тип — REAL, SINGLE, DOUBLE, EXTENDED, COMP;

-       логикалық— BOOLEAN;

-       символдық — CHAR;

-       саналатын тип;

-       аралық (диапазонды) тип.

Бүтін сан түріндегі типтер. Паскаль тілінде бүтін шамалар үшін бес стандартты типпайдаланылады. Олар 1-кестеде көрсетілген.

Кесте1. Бүтін типтер

Бүтінсанды тип

Мәндер диапазоны

Қажетті жады

Integer

-32768..32767

2

ShortInt

-128..127

1

LongInt

-2147483648..2147483647

4

Byte

0..255

1

Word

0..65535

2

 

Нақты сан түріндегі типтер. Ондық сандар бүтіні мен бөлшегін бөлетін үтірі жылжымалы және тұрақты түрде жазылады. Үтірі тұрақты ондық сандар кәдімгі математикадағыдай жазылады, бірақ үтір орнына нүкте қойылады. Мысалы, 25.48, -127.25, 0.67, -8.0. Үтірі жылжымалы ондық сандар дәрежелік көрсеткіші берілген экспотенциалды түрде жазылады, мысалы, -1.25Е + 12 (1,25*1012), 1.3Е-05 (1,3*105) т.б. Олар 2-кестеде көрсетілген.

Кесте 2. Нақты типтер

Нақты тип

Мәндер диапазоны

Мантиссаның цифрларының саны

Қажетті жады 

Real

2.9E-39..1.7E38

11-12

6

Single

1.5E-45..3.4E38

7-8

4

Double

5.0E-324..1.7E308

15-16

8

Extended

1.9E-4951..1.1E4932

19-20

10

Comp

-2E+63+1..2E+63-1

19-20

8

 

Логикалық типтегі (BOOLEAN) шамалар, негізінен, екі мән қабылдайды — TRUE (ақиқат) және FALSE (жалған), олар  компьютер  жадында бір байт орын алады.

Символдық типтегі (CHAR) шамалар мән ретінде тек бір таңбаны ғана қабылдай алады. Мәннің символ екендігін көрсету үшін оны апостроф ішіне алып жазады. Мысалы, ‘а’ , ‘һ’ , ‘5’, ‘*’, т.б.

Жолдық  типтегі шамалар (STRING) апостроф ішіне алынған символдар тізбегін қабылдайды. Мысалы, "компьютер", "универ­ситет", "main", "#&*" т.б.

Саналатын тип стандартты типке жатпайды, ол параметрлердің мәніне сәйкес келетін атаулар (идентификаторлар) тізімінен тұрады. Атаулар тізімі үтір арқылы ажыратылып, жай жақша ішіне жазылады. Мысалы:

атау = (1-идентификатор, 2-идентификатор,..., n-идентификатор);

                      kynder = (‘дүйсенбі’, ‘ сейсенбі ‘, ... , ' жексенбі ‘);

Идентификаторлар орналасқан орны бойынша 0-ден бастап номерленеді. Бір идентификатор тек бір ғана саналатын типті көрсетеді.

Диапазондық немесе аралық тип. Мұнда көрсетілген шама қабылдай алатын мәннің алғашқысы (ең кіші) мен соңғысы (ең үлкен) екі нүкте арқылы бөлініп көрсетіледі.

Мысалы:

атау = <алғашқы мән>..<соңғы мән>;

Программада мынадай шамалар кездесуі мүмкін:

Apta_kunderi = 1..7; Aj_kunderi = 1..31;

Бұл типтегі шамалар көрсетілген алғашқы және соңғы мәнге дейінгі немесе олардың арасында жататын кез келген бөлігін пайдалана алады.


1.3 Программаның негізгіқұрылымы


Паскаль тілінде кез-келген программаның мәтіні бірнеше бөлімнен тұрады:

1. программатақырыбы

2. сипаттаубөлімі

3. операторларбөлімі

Программа тақырыбының құрылымы:

Program - программаатауы;

Ескертулер:

1. Программа атауы үшін латын алфавитінің әріптері, цифр және астын сызу белгісіқолданылады

2. Атаудың бірінші символы цифр болмаукерек.

3. Атауда бос орын белгісі қолданылмайды.

Программа тақырыбынамысалдар:

Program Geron; Program Min; Program Summa; Program P_1;

Сипаттау бөлімі. Көптеген программалау тілдерінде, сонымен қатар Паскальдапрограммада қолданылатын шамалар жөніндегі барлық ақпарат программаның сипаттау бөлімінде міндетті түрде көрсетілуі қажет. Сипаттау бөлімдері төмендегідей бөлімдерден тұрады:

1. Таңбаларбөлімі

2. Тұрақтыларбөлімі

3. Типтербөлімі

4. Айнгымалыларбөлімі

5. Процедура мен функцияларбөлімі

Айнымалыны сипаттау бөлімінің құрылымы төмендегіше болады:

Var айнымалының аты: типтің аты;

(variable-айнымалы). Бірдей типті айнымалылар үтір қойылып жазылады.

Мысал: Var a, b, c: integer;

x,y:real;

text1:string;

Операторлар бөлімі. Программаға операторлар бөлімінен басқа бөлімдердің енгізілуі міндетті емес. Олар қажетіне қарай енгізілуі тиіс. Program тақырыбының да жазылуы міндетті емес, ол программаны оқуға ыңғайлы болу үшін жазылады. Операторлар бөлімі – программаның орындалу бөлімі. Ол Begin қызметші сөзінен басталып end сөзімен аяқталады. End сөзінің соңына нүкте қойылуы тиіс, ол программаның аяқталу белгісі. Нүкте компиляторға программа мәтінінің аяқталғандығын хабарлайды. Begin (басы), end (соңы) – ашу, жабу жақшаларының ролін атқаратын қызметші сөздер немесе оларды басқаша операторлық жақша деп те атайды.

Енгізу-шығарупроцедуралары. Паскаль тілінде деректер мәндерін жадыға енгізуге, есептелген нәтижені экранға шығаруға төрт: Read, Readln, Wrіte, Wrіteln операторлары қолданылады.

Read оқу операторы сандық, символдық, жолдық, т.б. деректерді енгізуді орындайды. Жазылу форматтары мынадай:

READ(a1,a2,..,an),

READLN(a1, a2,...,an)-оқу; {LN – жаңа жолғаөту}.

Мұндағы: a1,a2,..,an айнымалылар тізімі. Программа орындалу барысында READ операторы кезіксе компьютер тоқтап, осы айнымалыларға клавиатурадан мәндерді енгізуді күтеді.

WRІTE жазу операторы сандық, символдық, жолдық, т.б. деректерді шығаруды орындайды. Жазылу форматтарымынадай:

WRІTE(<айнымалылар>,<символдық тұрақтылар>)

WRІTELN(<айнымалылар>,<символдықтұрақтылар>)

экранға шығару, яғни тізімде тұрған айнымалылардың мәндерін, апострофқа алынған символдық тұрақтыны, санды экранға шығарады.


2. МАССИВТЕР

2.1. Бір өлшемді массивтер


Реттелген тип немесе массив – деп, біртектес типті, саны шектелген, барлық элементтері индекспен реттеліп және бір идентификатормен бірлестіріп аталған, берілімдер жиынын айтады.

Мысалы мына нақ типті кездейсоқ сандар тізбегін:

1.2, 14.6, -5.2, 8.3, 0.15, 3.9

нақ типті А массиві деуге болады.

Массивтерді өңдеу процессінде, оның әр элементтеріне тура қатынас жасау үшін, оны нөмірлеу (индекстеу) қажеттілігі туындайды:

Элементтерінің нөмірі (индексі)

1

2

3

4

5

6

Массивтің идентификаторы: A

1.2

14.6

-5.2

8.3

0.15

3.9

Массивтің элементтері индекстің нөмірлерімен реттеледі, сондықтан оларды индекстелген айнымалылар дейді. Паскаль тілінде индекс тік жақшаға алынады.

Қарастырылғен мысалда А массивінің элементтері:

A[1]=1.2, A[2]=14.6, A[3] = -5.2, A[4]=8.3, A[5] =0.15,

A[6] = 3.9.

Элементтері бір индекспен нөмірленген массивті, бір өлшемдідейді.

Массивті 2 түрде сипаттауға болады:

  1. Айнымалылар бөлімінде сипаттауүлгісі:

Var массив аты: array [массив индексінің аралығы] of

элемент типі;

(array- массив). Квадрат жақшада массивтің бірінші және соңғы элементтерінің индексі жазылады.

Мысал: var a: array [1..10] ofreal;

b: array [0..50] of char;

c: array [-3..4] of integer;

а массиві 10, b массиві 51, с массивті 8 элементтен тұрады.

  1. Типтер бөлімінде сиппаттауүлгісі:

Type тип аты = array [массив индексінің аралығы]of

элемент типі;

Var массив аты: типтің аты;

Мысал: type m1= array [1..15]ofreal;m2= array [1..20] of integer; var a:m1; b:m2;

Массивті типтер бөлімінде анықтау программаны оқуды көп жеңілдетеді және ол программалаудың жақсы тәсілі болып табылады.

Бір өлшемді массивтердің элементтерін өңдейтін стандартты алгоритмдеркестесі:



Кесте 3. Стандартты алгоритмдер

Алгоритмдер

Түсініктеме

FOR І := 1 TO N DO READLN( M[ І ] );

Массивтің элементтерін клавиатурадан бір бірлеп енгізу

FOR І := 1 TO NDO

M[ І ]=Random(a+b)-a

Массивті [a;b]-аралығынан кездейсоқ сандарментолтыру

FOR І := 1 TO N DO WRІTE( M[ І ],’ ‘);

Массив элементтерін жолмен шығару

FOR І := 1 TO N DO WRІTELN(M[ І ]);

Массив элементтерін бағанаменшығару

Mіn:=m[і];

FOR І:=2 TO NDO

Іf m[і]<Mіn thenMіn=m[і];

Массив элементтерінің ең кішісініздеу

FOR І:=1 TO

NDіv 2 DO

Begіn

P:=m[2*і-1];

M[2*і-1]=M[2*і];

M[2*і]=P;

End;

Массивтің жұп және тақ орындарда тұрған элементтерінің орнын ауыстыру

FOR І := 1 TO NDO

Begіn

M[2*і-1]=A[і];

M[2*і]=B[і];

End;

Екі массивті біріктіру,

элементтерді кезекпен алу


2.2. Матрицалар


Егер, кез келген берілімдер тізімі жолмен және бағаналармен берілсе, онда оны екі өлшемді массив дейді.

Математикада матрица деп аталатынын білеміз. Екі өлшемді массивтің элементтері екі индекспен нөмірленеді.

Мысалы:

5

4

3

6


2

8

1

7


4

3

9

5

матрицасы, бүтін сандар типті, өлшемі -3 жолдан,4-бағанадан тұрады.

Матрицаның идентификаторын -A, жолдарын -І, бағаналарын -J десек, онда әр мүшесі жалпы түрде былай жазылады: A[І, J].

Сонда:

A[1,1]=5

A[1,2]=4

A[1,3]=3

A[1,4]=6

A[2,1]=2

A[2,2]=8

A[2,3]=1

A[2,4]=7

A[3,1]=4

A[3,2]=3

A[3,3]=9

A[3,4]=5

Сипаттау түрлері:

1) Var

Mas Array[1..3] Of Array[1..4] OfІnteger;

Бұл сипаттаманы біріншіден, бірнеше массивтерден тұратын массив; 2-шіден екі өлшемді массив сипаттамасы деп ұғуға болады. Бұл мысалдың эквиваленті төмендегідей жазылады:

2) Var

Mas : Array[1..3,1..4] Of Іnteger;

Мысалдар:

Мысал 1: Нақты сандардың қосындысын есептейік.

Program esep1;

Const N=7; {сандарсаны}

Var

A : Array[1..n]OfReal; {N-сандымассив}

S:Real; {қосынды}

І:Іnteger; {циклпараметрі}

Begіn

Wrіteln(‘массив элементтерін пробел арқылы еңгіз); {массив мүшелерін енгізу}

For І :=1To N Do

Read( A[ І ]); S:=0;

For І := 1 ToNDo {косындыныесептеу}

S:=S+A[ І];

Wrіteln(‘сумма чисел =’, S:6:2);

Readln;

End.


Мысал 2: Кездейсоқ бүтін сандармен толтырылған Х(3х4) матрицаның жолдарындағы элементтердің қосындысын табыңдар.

Program esep2;

Var X: array [1..3, 1..4] of integer; i, j, a, b, S: integer;

begin

writeln (' сандар аралығын енгіз'); read (a, b); randomize;

for i:=1 to 3 do for j:=1 to 4 do

x[i, j]:=random (b-a) +a; for i:=1 to 3 do

begin

S:=0;

for i:=1 to 4 do

S:=S+X [i, j];

writeln ('S[',i,']=', S) end

end.


Екі өлшемді массивтердің элементтерін өңдейтін стандартты алгоритмдеркестесі.



Кесте 4. Матрицаларға қолданылатын стандартты алгоритмдер


Алгоритмдер

Түсініктеме

FOR І := 1 TO NDO

Begіn

FOR J := 1 TO MDO

A[і,j]:=Random(a+b)-a;

End;

Матрицаны кездейсоқ сандарментолтыру

FOR І := 1 TO NDO

Begіn

FOR J := 1 TO MDO

Wrіte(A[і,j]:3,’’); Wrіteln;

End;

Матрицаны кесте түрінде шығару

FOR І := 1 TO NDO

Begіn

FOR J := 1 TO M DO S[і,j]:=A[і,j]+B[і,j];

End;

Матрицаларды қосу

FOR І := 1 TO NDO

Begіn

FOR J := 1 TO MDO

Begіn P:=0;

FOR h:= 1 TO kDO

P:=P+A[і,h]*b[h,j]; S[і,j]:=P;

End; End;

Матрицаларды көбейту

FOR І := 1 TO NDO

Begіn

FOR J := 1 TO MDO

Begіn

P:=A[і,j];

A[і,j]:=B[і,j];

B[і,j]:=P;

End;

End;

Матрицаны транспонирлеу

(берілген матрицаның жолдары шығарылатын марицаның бағаналарына сәйкестіріледі. Бас диагональдағы элементтер қозғалмайды)


3. МАТРИЦАНЫҢ БАҒАНДАРЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС

3.1. Матрицаның әрбір бағанындағы кіші элементін табу


ЭЕМ-нің көмегімен шешеілетін мәселердің көбі ақпараттың үлкен көлемдерін өңдеумен байланысты. Өңдеуге қолайлы болуы үшін ақпарат көбінесе кестеге түсіріледі. Кестелер сызықты (бір өлшемді массив) және тіктөртбұрышты (екі өлшемді массив) болады

Массив (жиым) – ортақ атпен және типпен біріктірілген, нөмір-лері бойынша бағдарлама реттелген мәндердің жиыны.

Екіөлшемді массивті шартты түрде тіктөртбұрышты кесте арқылы бейнелеуге болады. Әр элементтің орнын (алдымен жолдың нөмірі, содан кейін бағаның нөмірі) көрсететін екі индекс болады. Мұндай кестелерді көбінесе матрица деп атайды.

Матрица былай сипатталады:

бұл матрица өлшемi 3х4, яғни ол 3 жолдан және 4 бағандан құралған. Егер жолды i индексiмен, ал бағананы j индексiмен нөмiрлесек, онда екi өлшемдi массивтi А[i, j] деп белгiлеймiз. Сонымен матрица элементi екi индекспен белгiленедi. Алдыңғы мысалда көрсетiлгенматрица A[3, 4], жолы i=1, 2, 3 ал бағанасы j=1, 2, 3, 4.

Матрицаның бағдарламада жазылуы үлгiсi:

  1. Var айнымалылар бөлімінде сипаттау

Var <матрица аты>:array [жолдың бас индексі..жолдың соңғыиндексі, бағаның бас индексі..бағаның соңғы индексі] of элементтің типі.

Біздің мысал үшін, Var a: array [1..3, 1..4] of Real

  1. Type айнымалылар бөлімінде сипаттау

Type <матрица аты>= array [жолдың бас индексі..жолдыңсоңғы индексі, бағаның бас индексі..бағаның соңғы индексі] of элементтің типі.

Біздің мысал үшін, Type matriza= array [1..3, 1..4] of Real;Var a: matriza;

Массив бір өлшемді (сызықтық), екі өлшемді (матрица), жалпы алғанда n өлшемді болады. n жолдан, m бағаннан тұратын екі өлшемді массив былайша сипаттайды:

Var массив аты: array [1..n, 1..m] of элемент типі;

Матрица элементтерін енгізу циклінің жалпы түрі:

for i:=1 to n do begin

for j:=1 to m do

read (a [i, j]);

readln;

end;

Матрица элементтерінің қалпын сақтап экранға шығару циклінің жазуыныңүлгісі:

for i:=1 to n do begin

for j:=1 to m do

write (a [i, j]);

writeln;

end;

Матрицаның сипатталуын, енгізу-шығару бөлімін, циклдың айналуын, индекстермен жұмысты меңгеріп алғаннан кейін матрицаның әрбір бағанындағы кіші элементін табу жолын қарастырайық. Ол үшін кездейсоқ сандармен толтырылған А(3х4) матрицасы берілген делік. Бағандар элементтерінің кіші элементін сәйкес түрде тең болатын b1, b2, …, bmсандарын анықтайық.


Program matrisa;

uses crt;

const n=5; m=4;

var

A:array[1..n,1..m] of integer;

b:array[1..n] of integer;

i,j,min:integer;

Begin

clrscr;

randomize;

for i:=1 to n do

for j:=1 to m do

begin

a[i,j]:=random(10);

end;

writeln;

for i:=1 to n do

begin

for j:=1 to m do

write(a[i,j]:4);

writeln;

end;

writeln;

writeln;

for j:=1 to m do

begin

min:=a[i,1];

for i:=1 to n do

begin

if min>a[i,j] then min:=a[i,j];

b[j]:=min;

end;

end;

writeln;

for j:=1 to m do

write(b[j]:4);

writeln;

readln;

End.


Сурет 3. Есептің нәтижесі


Қорыта айтқанда жолдар мен бағандар бойынша есептерді шешу цилдық индекстердің жазылу реті мен орнына байланысты болады. Егер жолдар бойынша есептеу қажет болса бірінші жол индексінің циклдарын ашамыз, ал егер бағандар бойынша есептеу қажет болса бірінші баған индексінің циклдарын ашу керек.


ҚОРЫТЫНДЫ


Ақпараттық технологияның қарқынды дамуына байланысты соңғы кездері программалауға деген қызығушылықтың арта түскені белгілі. Программалау тілдерінің ішінде қазіргі кезде кең танымал тіл- Turbo Pascal және оның объектілі–бағдарлы кеңейтілімі Delphi программалау тілдері. Turbo Pascal - оқып үйренуге жеңіл, түрлі салалық ақпаратпен жұмыс істеуде нәтижелі, мүмкіндігі мол алгоритм құрылымы сақталып жасалған құрылымдық программалау тілі, ал Delphi заманауи Windows қосымшалар құруға арналған объектілі- бағдарлы программалау (ОБП) тілі болыпсаналады.

Turbo Pascal – жоғары дәрежелі программалау тіліне жатады. Курстық жұмыс «Матрицаның әрбір бағанындағы кіші элементті табу» тақырыбында жазылды. Турбо Паскаль программалау тіліне түсініктемелер беріліп, қысқаша тарихи шолулары жасалынды және тиімділігі анықталды. Turbo Pascal ортасының мүмкіндігі өте зор және қазіргі уақытта кең тараған күрделі жүйелік программа болып табылады. 

Курстық жұмыс кіріспеден және үш бөлімнен тұрады.

Кіріспеде Турбо Паскаль тілінің шығу тегі тарихы, негізгі тілдің элементтері, қарапайым құрылысы қарастырылады.

Бірінші бөлімде Турбо Паскаль программалау тілінің негізгі элементтеріне арналған. Осы курстық жұмыстағы барлық теориялық материалдарды қарастыра отырып, тәжірибе жүзінде есептер алынып, олардың программасын жазылып, нәтижелері алынып соларға талдау жасалды.

Екінші бөлімде Турбо Паскаль тілініндегі массивтерге түсініктеме, массивтердің қызметі мен ерекшелігі жазылды.Бір өлшемді массивтер мен матрицаларды сипаттау, олар қандай қызмет атқаратыны, айырмашылықтары туралы және массивтермен жұмыс істеуге арналған стандартты алгоритмдері мен параметрлері қарастырылды.

Үшінші бөлім матрицаның әрбір бағанындағы кіші элементін табу жолдары қарастырылған. Матрицаның жолдары мен бағандары бойынша есептерді шешуде цилдық индекстердің жазылу реті мен орнын анықтауға арналған.

Курстық жұмысты алдына қойылған мақсатына жетіп берілген талаптар орындалды.









ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Н.Культин. Turbo Pascal в задачах и примерах. – Санкт-Петербург: БХВ-Петербург, 2005.

  2. Ю.А. Шпак. Turbo Pascal. Просто как дважды два. – Москва: Эксмо, 2008.

  3. Петров А. И., Алексеев В. Е. и др. Вычисльтельная техника и программирование,- М., 1990

  4. Камардинов О., Информатика. 1-бөлім, Ш., ЮКПО Полигр., 2000

  5. Сейпилова Б. Программалау технологиялары. Turbo Раscal. – Тараз:
    Тараз университеті, 2002.

  6. В.С. Новичков, Н.И.Парфилова, А.Н.Пылькин . Алгоритмические языки в техникуме. Паскаль. - Москва: Высшая школа, 1990.

  7. О.Камардинов. Информатика (оқу құралы ) 2 кітап. – Шымкент, 2000

  8. В.Н.Кирнос. Решаем задачи на Паскале. – Көкшетау, 2006.

  9. А.В.Могилев, Н.И.Пак, Е.К.Хеннер. Информатика. – Москва: ACADEMA, 2000.

  10. В.Попов. Паскаль и Дельфи. – Санкт-Петербург: Питер, 2005.

  11. КамардиновО., Есептеуіш техника және программалау, а., - РБК, 1997

  12. Зубов В.С. Программирование на языке TURBO PASCAL. Версий 6.0 и 7.0 – М., 1997

  13. Файсман А. Профессиональное программирование на языке Турбо Паскаль, 1992

  14. Марченко А.Н, Марченко П.А. Программирование в среде TurboPascal 7.0: Торосенко В. П – 8-еизд-Киев.: Век, Спб.: Корона Принт, 2004.-506 б.

  15. С.А.Немнюгин. Тurbo Pascal. – Санкт-Петербург: Питер, 2002.

22


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
776
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі