Материалдар / Ғылыми жұмыс: Ұялы сымтетікті қуаттаудың тиімді тәсілі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс: Ұялы сымтетікті қуаттаудың тиімді тәсілі

Материал туралы қысқаша түсінік
материал оқытушыларға қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Маусым 2021
416
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ЖОЛ-КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ









«ҰЯЛЫ СЫМТЕТІКТІ ҚУАТТАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ»



Орындаған: Айтбай Құдияр

Жетекшісі: Саханова Гүлжан

Жол-көлік колледжі МКҚК

Шымкент қаласы

























Шымкент, 2021ж.

«ҰЯЛЫ СЫМТЕТІКТІ ҚУАТТАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ»



Кіріспе

Өзектілігі:

Менің жұмысым ұялы сымтетікті қуаттаудың тиімділігіне арналған. Жоба барысында мен күнделікті тұрмысқа қажетті, электр энергиясын үнемдеуге көмектесетін оқытушының көмегімен ғылыми жұмыс жүргіздім.

Кез келген үйде электр энергиясы жоғары сұраныспен қолданатынымыз белгілі. Қарап отырсақ қаншама электр энергиясы шығын болып отырғанын байқауға болады. Қазіргі уақытта электр энергиясын үнемдеп қолдануға дабыл қағылып отырған кезде, мен өз үлесімді электр энергиясын үнемдеуге қосайын дедім, ізденіс жұмыстарын жүргізе бастадым.

Мақсат: ұялы сымтетікті электр энергиясыз қуаттап, электр энергиясын үнемдеуге үлес қосу, оның тиімділігіне көз жеткізу.

Орындалу жоспары:

  1. Энергиялар туралы жазылған әдебиеттермен танысу;

  2. Велосипедке генераторды орнатып, ұялы сымтетікті қуаттап, үй жағдайында қолданып көру;

  3. Экономикалық үнемділігін анықтау.

Орындау жоспары:

  1. Тақырып бойынша ақпараттарды жинақтау (оқулықтар,энциклопедиялар, журналдар, Интернет желісі)

  2. Экспериментті өткізу;

  3. Қорытынды анализі .


Сұрақтар бойынша әдебиеттерге шолу

Энергия – объектінің немесе жүйенің өзгерістер туғызу немесе жұмыс жасау мүмкіндігі. Әралуан энергия түрлерінің кең тараған атаулары: жылу энергиясы, химиялық энергия, электрлік энергия, жарық энергиясы, дыбыс энергиясы мен ядролық энергия. Кейде біз электростанциялардағы “энергияның өңдірілуі” туралы айтып жатсақ та, шын мәнісінде, энергия өңдірілмейді, тек бір күйден екінші күйге өзгереді (әдетте потенциалдық энергия электр энергиясына өзгереді).

Күн энергетикасы (Гелиоэнергетикагр. helios — күн, және энергетика) — күн энергиясын әр түрлі амалдар арқылы (электрэнергиясын және жоғары температуралы жылу өндіретін гелиоэлектростанцияларкүн элементтері мен батареялары, үй-жайларды, жылыжайды және т.б. жылыту мақсатымен төмен температуралы жылу алу үшін қолданылатын күн коллекторлары және т.б.) пайдалану. Мысалы, Батыс Еуропада тұрмыста күн коллекторын пайдалану.

 Күн қуаты - шешуші экологиялық факторлардың бірі. Атап айтқанда жарық жерде өмір сүретіндердің барлығына дерлігін фотосинтез арқылы энергиямен және құнарлы заттармен қамтамасыз етеді. Тірі ағзалар үшін сөуле толқынының ұзындығы, оның қарқындылығы және сәулелендірудің ұзақтығы қажет. Күн сөулесінің спектрі үш аймаққа бөлінеді, олар: ультракүлгін, көрінетін жәнө инфрақызыл сәуле шығару аймағы.

Күн сәулесі қуатымен жүретін көліктер технологиясы қарқындай дамып келді  Күн сәулесі қуатымен жүретін көліктер барған сайын шапшаң әрі қолайлы болып келеді. Өткен аптада Австралияның шөлейт аймағында болып өткен күн сәулесі қуатымен жүретін көліктер арасындағы жарыс осыны көрсетіп отыр. Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі бұл жарыс көлік саласында күн сәулесін пайдалану технологиясын дамыту, бұл саланы ынталандыру үшін өткізіліп келеді.
Соңғы бірнеше жылда күн сәулесі қуатымен жүретін көлік технологиясы қарқындай дамып келді – бүгінгі күні мұндай машиналар сағатына 130 шақырым жылдамдықпен де жүре алады. Алайда, барған сайын қымбаттап келе жатқан жанар-жағар май бағасына алаңдаулы тұтынушылар мұндай көлік сатып алардан бұрын жадында сақтайтын бір нәрсе бар: күн батқанға дейін үйге жетіп үлгермесеңіз, машинаңызды сүйретуге мәжбүр болуыңыз да мүмкін.
Жел энергетикасы — жел энергиясын механикалық,  жылу  немесе  электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын жаңартылатын энергетиканың саласы. Ол жел энергиясын халық шаруашылығына ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады. Елімізде арзан электр энергия көздерін іздеу мақсатында, “Қазақстанда 2030 жылға дейін электр энергиясын өндіруді дамыту туралы” мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, жел күшімен өндіретін электр энергиясы қуатын халық шаруашылығына қолданудың тиімді жолдары қарастырылуда. Қазақстанда жел күшімен алынатын электр энергиясы қуатын кеңінен және мол өндіруге болады.

Жел энергиясының басқа энергия көздерінен экологиялық және экономикалық артықшылықтары көп. Жел энергетикасы қондырғыларының технологиясын жетілдіру арқылы оның тиімділігін арттыруға болады. Жел энергиясын тұрақты пайдалану үшін жел энергетикасы қондырғыларын басқа энергия көздерімен кешенді түрде ұштастыру қажет. Республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік аймақтарында су электр станциялары мен жел электр станцияларын біріктіріп электр энергиясын өндіру өте тиімді. Қыс айларында жел күші көбейсе, жаз айларында азаяды, ал су керісінше, қыс айларында азайса, жаз айларында көбейеді. Сөйтіп, энергия өндіруді біршама тұрақтандыруға болады. Алматы облысының Қытаймен шекаралас аймағындағы 40-ендікте Еуразия мегабассейніндегі орасан зор ауа массасының көлемі ауысатын Орталық Азиядағы “жел полюсі” деп аталатын Жетісу қақпасындағы желдің қуаты мол. Ол екі таудың ең тар жеріндегі (ені 10 — 12 км, ұзындығы 80 км) табиғи “аэродинамикалық құбыр” болып табылады. Қақпа Қазақстанның Балқаш — Алакөл ойпатын Қытайдың Ебінұр ойпатымен жалғастырады. Осы жердегі жел ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде оның электр энергиясын өндіруге өте тиімді екені анықталды. Қыс кезінде желдің соғатын бағыты оңтүстік, оңтүстік-шығыстан болса, жаз айларында солтүстік, солтүстік-батыстан соғады. Желдің орташа жылдамдығы 6,8 — 7,8 м/с, ал жел электр станциялары 4 — 5 м/с-тан бастап энергия бере бастайды. Желдің қарама-қарсы бағытқа өзгеруі сирек болуына байланысты мұнда турбиналы ротор типті жел қондырғысын орнату тиімді. Желдің жалпы қуаты 5000 МВт-тан астам деп болжануда. Бұл өте зор энергия көзі, әрі көмір мен мұнайды, газды үнемдеуге және, әсіресе, қоршаған ортаны ластанудан сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Зерттеулер

1. Генераторды велосипедке орнатып, ұялы сымтетікті қуаттауды жұмысқа немесе сабаққа бара жатқанда қуаттап пайдалану.

1.1. Жұмыс жасар алдында, таңдап алған үлгі бойынша, оған керекті шикізат пен құрал-жабдықтарды анықтап, дайындаймыз:

-генератор - 1

- оттық(прикуритель) -1

-жалғағыш сымдар -2


1.2. Жасау технологиясы

1. Генераторды алып, велосипедке орнатамыз.

2.Ұялы сымтетікті қосамыз

3. Оның қуат алып жатқанын, жатпағанын бақылаймыз.




1.3. Экономикалық үнемділігін анықтау

Ұялы сымтетікті қуаттауға қажет болған шикізаттардың бағалары

Шикізат атауы

Саны

Бағасы

Генератор

1

500 теңге

Жалғағыш сымдар

2


Оттық (прикуритель)

1

500 теңге


Кестеде көрініп тұрғандай , ұялы сымтетікті қуаттау өте тиімді, барлығы жасауға небәрі 1000 теңге шығын кетті.

Қорытынды

Ұялы сымтетікті қуаттаудың тиімділігіне мынадай қорытынды жасауға болады:

  1. Электр энергиясын үнемдеуге үлес қосамын;

  2. Қолымда бар заттарды пайдаға асырдым;

  3. Электр энергиясы болмаса да мен ұялы сымтетігімді қуаттауға ешқандай қиындық жоқ.

  4. Қазақстанның экологиясын сақтауға үлесімді қосамын.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!