400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми конференция тақырыбы: " Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш сыныптарда оқыту тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасындағы оқушыларды тиімді оқыту арқылы дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

№75 мектеп-гимназия

Бастауыш сынып мұғалімі:

Ташқараева Анар Көшекқызы


Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш сыныптарда

оқытудың өзекті мәселелері

Заманның жаңа даму сатысында білім беру жүйесі қоғамның жаңа экономикалық саясат, әлеуметтік және интеллектуалдық деңгейіне сай келуі тиіс. Осыған орай білімнің мақсаты, мазмұны және оны оқыту тәсілдері қайта қаралып, оқу жүйесін реттеу, ұйымдастыру мәселелері зерттеліп, өз шешімін табуды қажет етеді.

Жаңа адамды тәрбиелеу мен оқытуда мектептің алатын орны ерекше. Оның қызметі үнемі дамуда. Жаңа заман талаптарына сәйкес мектептің дамуы көптеген қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешуді қамтамасыз етуі керек. 

Мамандардың пікірінше, ХХІ ғасырда тиімді білім беру жүйесін жасайтын жас ұрпақтың ақыл-ой және рухани потенциалын барынша дамытуға мүмкіндігі бар ұлт қана озат бола алады.

Нәтижеге бағытталған білім парадигмасының оқу бағдарламалары оқу үдерісін талдау мүмкіндігін кеңейтеді, яғни ол оқытудың мынадай жалпы ұстанымдарын қолдануға ыңғайлы:

бірінші ұстаным - өзара тығыз байланысты материалдарды блоктарға бөлу (қадамдарға). Бұл мұғалімнен оқу материалын тиянақты талдауды, мәтін бөліктері арасындағы байланыстың тығыз қисыны мен мазмұнын анықтауды талап етеді. 

екінші ұстаным – алгоритмдерді оқып үйренуге оқушылар белсенділігін арттыру, яғни жеке қадамдар мазмұны оқушыда талдаулар дағдысын қалыптастыруға бағытталады. 

үшінші ұстаным – оқушылардың әрбір жауабына артынша баға беру, яғни оқушының жауабына бағасын тез арада хабарлап, дұрыс жауап берген болса тиісінше бағалауды көздейді. 

төртінші ұстаным - оқудың қарқыны мен мазмұнын дараландыру, яғни ұтымды оқу қарқынын дараландыруды қамтамасыз етеді.

бесінші ұстаным – бағдарланған мәтіндердің эмпирикалық сенімділігін тексеру, мұғалімге әрбір оқушының мүмкіндігіне орай қиындық дәрежесін реттеуді міндеттейді.

Заманның жаңа даму сатысында білім беру жүйесі қоғамның жаңа экономикалық саясат, әлеуметтік және интеллектуалдық деңгейіне сай келуі тиіс. Осыған орай білімнің мақсаты, мазмұны және оны оқыту тәсілдері қайта қаралып, оқу жүйесін реттеу, ұйымдастыру мәселелері зерттеліп, өз шешімін табуды қажет етеді.

Жаңа адамды тәрбиелеу мен оқытуда мектептің алатын орны ерекше. Оның қызметі үнемі дамуда. Жаңа заман талаптарына сәйкес мектептің дамуы көптеген қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешуді қамтамасыз етуі керек. 

Мамандардың пікірінше, ХХІ ғасырда тиімді білім беру жүйесін жасайтын жас ұрпақтың ақыл-ой және рухани потенциалын барынша дамытуға мүмкіндігі бар ұлт қана озат бола алады.

Мектепке дейінгі білім мен бастауыш буын байланыс негіздері  білім беруде:

1.Балалардың жеке тұлғалық дамуын қалыптастырып, олардың одан арғы өмірлік қызметтерін қамтамасыз етеді

2.Біртұтас білім беру жүйесінде осы кезеңдердің және оқыту түрлерінің біртұтасты-

ғын ұйымдастыруға өз әсерін тигізеді.

3.Білім беру кезеңдерінде үздіксіз білім беру (балабақша-мектеп, мектеп жоғарғы оқу орны

Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастықтың негіздемесі:

-балалардың білуге деген құмарлығын дамыту;

-балалардың өздігінен шығармашылық жұмыс тапсырмаларын шеше білу қабілетін дамыту;

-балалардың интеллектуалдық және тұлғалық дамуына бағытталған шығармашылық қиялын дамыту;

-тілдік қарым-қатынасын дамыту (құрбы-құрдастарымен, ересектермен тіл табысып, сөйлесе білу)

Байланыс үрдісін 2 жақтан қарауға болады:

Мектепке дейінгі буын сатысында мектепке дейінгі балалық шақтың өзіндік құндылығы  қысқартылады және балалардың жеке тұлғалық сапасының негізі қалыптасады.

Мектеп өз жұмысын жоқтан құрмайды. Мектепке дейінгі балалардың жетістігін қапсырып алып, балалардың жинақтаған әлеуетін педагогикалық практиканы ұйымдастыра отыра дамытады. Сабақтастықтың осындай түсінігі балалардың дамуы мен оқып үйренуін үздіксіз іске асырып отырады.

Мектепке дейінгі мекеме мен мектептегі білім үрдісінің мақсатын, міндетін, мазмұнын, бағыттап отырады;

Әр баланың дамуына жағдай жасайды (денсаулығын сақтау, эмоционалдық саулығы).

Мектепке дейінгі мекеменің мақсаты:

денсаулығын сақтау, нығайту;

психологиялық дамуына жағдай жасау (есте сақтау, ойлау, қабылдау)

мектепте оқуға дайындау (мектеп, мектеп ережесі, қоңырау, үзіліс)

Бастауыш мектептің мақсаты:

денсаулығын сақтау нығайту;

қабілеттерін, ойлауын дамыту;

ерік, жігер сезімін дамыту.

Екі ұйым арасындағы әрекет: Мектепке дейінгі мекеме —танымдық әрекет —мағлұмат алады, талдайды, ойнайды, білім алып, тәжірибе жасайды. Бастауыш сынып —оқу әрекеті —оқи алуға үйренеді, оқығысы келеді, жаңа мазмұнды меңгереді, жаңа түсініктер қалыптасады. Мектеп пен мектепке дейінгі мекемедегі сабақтарды салыстыра отыра келесі ұқсастықтарды атап айтуға болады: Бір маңыздылық: балалардың танымдық әрекетін басқару, білім және білікпен қаруландыру бірмезетте жан-жақты тәрбиелеу. Оқыту мектепте де, мектепке дейінгі мекемеде де бағдарлама бойынша өткізіледі. Айқын және қатаң ұйымдастыру: әрқашан, әр уақытта нақты сабақ кестесі, әр баланы оқыту міндеті, педагогтың барлық балалармен ұжымдық жұмыс жүргізуі. Балаларды мектепке даярлау кезеңінде назардан тыс қалатын жағдайлар да болып жатады:баланың дене бітімімен бірге, саусақ сүйектерінің дамуы мен көру қабілеті т.б.

1.Іс-әрекетін жүйелі ұйымдастыра білуі;

2.Құрбыларымен, үлкендермен қарым-қатынасы;

3.Қоршаған ортасын қабылдау бейімі т.б.

Сондықтан алты жасар балаларға жағдай туғызудың негізгі жолдарын алдын —ала жан-жақты талдап, нақты шешімдер қабылдауды қажет ететін талаптар бар. Олардың ең бастылары арнайы білім беру кеңістігін құратын орта:

1.Оқу, ойын, жатын бөлмелері;

2.Жас ерекшеліктеріне сай оқуға, жазу-сызуға арналған парталар;

3.Гигиеналық талапқа сай асхана;

4.Сынып бөлмесінде әр баланың оқу-ойын құралдары сақталатын арнайы орын;

5.Баланың бойына ескеріліп құрылған сынып тақтасы. Мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен бастауыш мектеп сатысында мынадай жағдайлар туындайды:

Бастауыш мектеп мектепалды дайындық тобында берілетін тәрбиелену, білім беру және дамыту моделінен оқытудың мектептік моделіне үздіксіз байланыста өтуін қамтамасыз ету керек. Бұл жерде білім, білік, дағдылардың сабақтастығынан да балалармен жұмыс істеудегі әдіс-тәсілдердің сабақтастығы жоғары рөл атқарады. Басты мақсат мектепалды дайындық тобынан бастауыш мектепке көшудегі балалармен жұмыс түрлерінің тығыз сабақтастығы. Көбіне бастауыш мектепте мектепалды дайындық тобының әдіс-тәсілдерін, жұмыс түрлерін қолданғысы келмейді, ал даярлық тобы тәрбиешілері көбіне бастауыш мектеп моделін пайдалануға мәжбүр болады. Балаларды оқытудағы бастауыш мектеп моделі даярлық тобындағы балалардың мектеп талаптарына сай білім, білік, дағдылары

қалыптасқан, ұйымдастырылған оқушыны алғысы келеді. Мұндай сабақтастықтың нәтижесінде мектепке дейінгі балалықты бағалау түсіністігі жоғалады және баланың даярлық тобына баруы мектепке дайындық ретінде ғана қарастырылады. Мектепалды дайындық тобының мұғалімдері мен тәрбиешілері «Баланы мектепке даярлау» мақсатында балаларды партаға отырғызып, мектептік типте сабақтар жүргізеді. Мұндай жерде көбіне балалардың негізгі қызметі ойын екені естен шығарылады. Тек танымдық, дамытушылық ойындардың көмегімен білім негізі қалыптаса бастайды. Осылайша, қазіргі заманда сабақтастықтың құрылымы табиғи жолмен емес, жасанды түрде жүзеге асады,себебі бастауыш мектептегі әдіс-тәсілдер, балалармен жұмыс түрлері мектепалды дайындық топтарында кең қолданылады. Сондықтан да бұл мәселені бірден 2 жақты қарастырған жөн. Ал, ұйымдастыру жоспарында мәселені шешудің мынадай жолдары қарастыруға болады:

Біріншіден, балалардың мектепалды дайындық тобында қалыптасқан білім, білік, дағдыларын бағалау қажет емес, олардың даму деңгейін бағалау қажет деп ойлаймын.

Екіншіден, бастауыш мектеп мұғалімдері білім беру мен тәрбиелеу үрдісінде мектепалды дайындық тобына сай ойын әдістерін тиімді қолдана білсе. Қазіргі таңда Қазақстанда білім беру жүйесін дамыту стратегиясының мақсаттары мен міндеттері 2020 жылға дейін білімді дамыту стратегиясының негізгі қағидаларына байланысты іске асырылуда

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев кезекті Қазақстан халқына Жолдауында республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің негізгі даму басымдықтарын атап көрсетті. Қол жеткен нәтижелер – Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық. Жолдауда: «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу»- деп атап көрсетілген. Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей қатысты.

Сонымен қорыта келе айтарым, жаңа формация мұғалімін модельдеу проблемасын талдау, болашақ мұғалімдердің оқу үдерісіндегі іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымын талдау қазіргі заманғы жаңа формация мектептерінде жүмыс істеуге қабілетті мұғалімдерді кәсіби даярлаудың мазмұны мен тәсілдеріне өзіндік өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.

Қоғам дамуының қазіргі кезеңі адам қызметінің басым бөлігін ақпараттандырумен, компьютерлендірумен ерекшеленеді. Соған байланысты мұғалімдердің қызмет аясы кеңейіп, ақпараттық-компьютерлік іс-әрекетінің практикалық сүранысы артуда. Қоғамдық прогрестегі жетістіктер болашақ ұрпақтың білімі мен төрбиесіндегі жетістіктерге, ал ол өз кезегінде жаңа формация мұғалімінің білік деңгейіне байланысты. Сондықтан да мұғалімдердің инновациялық біліктілігі проблемасы аса назар аударуды талап етеді.

Жаңа формация мұғалімі пәнді жақсы білумен қоса, стандарт талап етіп отырған құзыреттіліктерді жете меңгеруі тиіс, жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру мәселесі де психологиялық - педагогикалық тұрғыда шешілуі керектігі де теориялық тұрғыда анықталды, яғни философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді, іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын талдау ізденіс жұмыстарының бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
776
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі