400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғылыми мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Белсенді оқытудың әдіс тәсілдері арқылы оқу үдерісінде оқушының үәжін дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ


Ажимуратова Мадина Усимхановна

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

№67 негізгі орта мектебі

Түркістан облысы Шымкент қаласы


Бименова Меруерт Тилеубергеновна

«Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ


Резюме

В статье представлен опыт применения эффективных активных методов обучения на

уроках казахского языка и литературы.


Summary

The article presents the experience of using effective active teaching methods in the lessons of

the Kazakh language and literature.


Қазіргі заман оқушысы сыни ойлап, өзін-өзі бағалай алатын, алған білімін өмірде

қолдана алатын жан-жақты төлға болуы тиіс екені бәрімізге мәлім. Бұл жерде елімізде

жүзеге асырылып жатқан «PISA» бағдарламасы аясында функционалдық сауаттылықты

дамытуды айтуға болады. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері заман талабына сай

білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тҽрбие

ісінде, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары,

жетекші тұлға ретінде танылатыны сөзсіз. Оқушыларға бағытталған белсенді оқытудың

маңыздылығын сезіну жҽне оқушылардың оқу сауаттылығы саласындағы нәтижелерін

жақсарту үшін, оқу-тҽрбие үдерісінде белсенді оқытудың көптеген стратегияларын қолдану тиімді деп есептеймін. Белсенді оқытудың әдіс-тәсілдері оқу сауаттылығы саласындағы арнайы дағдыларды дамыту, бағалау, PISA аясында келтірілетін мысалдарды талдау және мәселелерді табысты шешу үшін қажетті дағдылар мен стратегияларды анықтау, мәселелерді шешуді іздеу стратегияларын ұғынуға мүмкіндік туғызады.

Белсенді оқыту әдіс-тәсілдері оқушының оқу сауаттылығына қатысты ойлары мен

дағдыларын дамытуды қолдайды. Солардың бірнешеуінен мысалдар келтіріп, тиімділігі

туралы айта кеткіміз келеді.

Мысалы: Жұппен ойлаңыз тапсырмасын алып қарасақ. Жұппен ойлау тапсырмасын орындау барысында олардың тақырып туралы ойлауға, ойларын жазуға және сыныптасымен талқылауға мүмкіндіктері пайда болады, қорытындысында олар топтық талқылауға дайын болады. Неліктен жұппен ойлау белсенді оқытудың стратегиясы болып табылады? Белсенді не болды? Пікір алмасу біздің оқуымызға әсер етті, біз кітап оқудан емес, өзіміздің өмірімізден алынған тҽжірибелерді талқылаудан үйрендік. Оқушылыларға белсенді болу мүмкіндігін беру өзін қолайлы сезінетін ортады әртүрлі әрекеттер жасау қажет. Біз шынайы өмірдегі үйренгенімізді пайдаланған кезімізде, біз зерттейтін нәрсемізден көбірек нәрселерді сақтай аламыз.

Белсенді оқытудың тағы бір тәсілі ақылмандар сарабы.

Оқушылар жұптарда немесе шағын топтарда сұрақтарға жауап беру, сұрақтарды шешу,

идеяларды ойластыру үшін бірге жұмыс жасайды. Идеяның неғұрлым көп нұсқаларын

ұсыну, әдеттегіден тыс идеяларды бөліп көрсету, және сынды жеңіп шығу. Процесстің

соңына таман оқушылар идеяларды араластырып қалыптастырады, бұдан әрі ең жақсы

идеяларды таңдап алады. Өрмекшінің торы әдісінде сабақ соңында оқушылардың жаңа

сабақта қарастырылған материал бойыншарефлексия жасайды. Ол рефлексияларды

«Өрмекшінің торы», «Аялдама», «Сен –маған, мен-саған», «Қар кесегі» сияқты әдістемелік ойындар түрінде ұйымдастыруды ұсынамын. «Өрмекшінің торы әдісінің мақсаты өзін емін-еркін сезінетін жағдайда бүгінгі өткен тақырыпты қайталай отырып, меңгерген, өзіне қызықты болған материалдарды есіне түсіреді және күмән тудырған мәселелелер, өзін мазалаған сұрақтар бойынша қосымша мәлімет алады, білім қоржынын толықтырады. Бұл әдісте оқушылар сабақта қорытындылау мақсатында тыңдаушылар шеңбер құрып тұрады.

Шеңбердегі мұғалімнің қолындағы шумақ жіпті сабақ тақырыбын еске түсіріп, әңгіменің

басы болатындай фразаны айтып қолындағы шумақ жіптің ұшін алдын ала өз саусағына

орап, шумақты шеңберде тұрған оқушыға лақтырады. Ол оқушы тақырып бойынша

маңызды ақпаратты, бір сөйлеммен айтып, жіптің ұшын өз саусағына орап, шумақ жіпті

келесі адамға лақтырады. Шумақ жіп барлық оқушының саусағына оралған кезде шеңбердің ортасында «өрмекшінің торы» тоқылады. Осылайша оқушылар ойнай отырып, бір сабақты қорытындылап, мәліметтерді нақтылап, белгісізді анықтап алады.

«БББ» кестесінің алғашқы екі кестесін, яғни «не білемін», «не білгім келедіні»

оқушылар жаңа тақырып басталмас бұрын толтырады. Жаңа білімнің маған берер пайдасы

қандай болмақ деген сұрақтарға жауап беруге ұмтылады.

«Борт журналы» стратегиясымен жұмыс жасау 5-10 минут мұғалім бүкіл аудитория

бойынша дәріс оқиды. Оқушылар 20 минут ішінде өз «борт журналдарын» толтырады

(түйінді сүздер, суреттер, тҽжірибемен байланыстыра отырып. Оқушылар жұпта, сосын

топта өз журналдарының мазмұнын талқылайды, бір-бірінің сұрақтарына жауап береді,

түсінбеген жағдайларда – мұғалімнен кеңес алады. Мұғалім бүкіл сыныппен «борт

журналдарын» талқылайды, жалпы сұрақтарға жауап береді.

Ойлан, жұптас, бөліс – оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен

кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған тәсіл. Тақтада сұрақ, тапсырма

жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3

минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3 – 4 минут талқылайды,

пікірлеседі. Мұғалім 2-3 жұпқа әз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрануына болады.

Кластерлер идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған

жазба кестелер. Негізгі тақырып немесе тірек тақтаның ортасындағы шеңберге жазылады да,одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне қосады да, өзара байланыстыру туралы әңгімелейді. Мысалы:

Еркін жазу – оқушылардың тақырып бойынша ұз ойларын қағазға түсіруді талап

ететін тҽсіл. Оқушылар берілген уақыт аумағында (5-7 минут) тоқтамай жазуы керек.

Сабақтың негізгі бөлімінде мұғалім оқушыларға білім алудың белсенді тҽсілдерін

ұсынып, олардың өздігінен жаңа мәліметті жан – жақта қарастырып, зерттеп, игеруіне

мүдделі. Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жаңа ақпаратпен танысып, ол туралы өзіндік

пікір қалыптастырады.

«Джигсо» әдісінің артықшылығы – топта жұмыс істеуге арналған құрылым ұсынып,

сөйлеу жҽне тыңдау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ететіндігі.

• Мұғалім сыныпты шағын топтарға бөледі (әдетте, тұрт адамнан). Мұғалім оларды

сыныптың тепе-теңдігін сақтай отырып, жынысына, қабілетіне, қарым-қатынастарына қарап бөледі.

• Құрылған әр топқа дәстүрлі тапсырма беріледі. Тапсырма үлестірме материалдар

түрінде таратылады. Күрделілігі бойынша оқуға арналған материалдің тиісті күрделілік

деңгейі сақталуы керек. Егер топ төрт адамнан тұратын болса, басты тапсырманың ішінде

топтың әр мүшесіне бір сұрақтан төрт сұрақ немесе тапсырма болады. Сұрақтар немесе

тапсырмалар топ ішінде оқушылардың өзара келісуі арқылы бөлінеді.

Сабақты бекітуге және үй тапсырмасына қолдануға болатын әдістер: Ыстық орындық -

Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып жҽне тақырып бойынша сұрақтарға жауап

береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша

бірлесіп алға шығып сөйлей алады. Мысалы, оқушылар белгілі бір рөлді немесе адамды

сомдай алады (мысалы, Гордон Браун немесе жалғыз басты жас ана).

Оңай және қиын сұрақтар кестесі. Бұл кестені оқушылар қандай да болмасын мәселе

бойынша өз пікірін келтіру үшін немесе жаңа ақпаратпен танысқанда толтыра алады.

Кестенің сол жағына олар түсініктері бойынша оңай, ал оң жағына қиын сұрақтарды

келтіреді. Мысалы, оңай сұрақтар дегеніміз мәтінде жауабы бар сауалдар, ал қиын

сұрақтардың жауабы мәтінде жоқ, оларға тек өзіндік тұрғыдан ғана жауап беруге болады.

Сонымен функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа

түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын жҽне оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік ҽлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени жҽне әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады, сондықтан теория мен тәжірибені байланыста болуын қамтамасыз ету үшін әрбір пҽн бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық қағидалардың, заңдылықтар мен ережелердің, яғни ұғымдық-ақпараттық материалдардың бала өмірінде кездесетін түрлі проблемалық мәселелерді шешуге көмегі тиетіндей, бала оны қолдана алатындай тәжірибелік маңызы ескерілуі тиіс, сондай-ақ оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, оның мән-мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету міндетті болып саналады. Белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін топтық жұмыста қолданған кезде оқу материалын түсінуде белсенді болғанын, оқушыларға топ болып жұмыс істеу ұнағанын; бастапқы күндегіден кейін оқушылардың арасында жақсы қарым-қатынас орнай бастағанын, сабақта көп сөйлемейтін оқушылардың өз пікірін айтуға дағдылана бастағанын,

оқушылардың арасында бір-біріне сын айтуға үйренгенін және жауапкершіліктері пайда

болып топтық жұмыс кезінде барлық оқушының қатысатынын айтуға болады. Менің

ойымша, оқушылар бүгінгі күні шығармашылық тапсырмаларды орындауды табыспен

меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Өстеміров К., Айтбаева А. Қазіргі білім беру технологиялары. - А.,2006ж.

2. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық

сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Оқу сауаттылығы.

Мұғалімнің жұмыс дәптері.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
2187
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі