Оқу-тәрбие процесін
ізгілендіру
Бүгінгі күні оқу процесінде кез-келген оқу және
оқытылу жүйесінде бірнеше міндеттер мен талаптар тұр. Сол
міндеттерде көбіне оқытушы мен студент арасындағы міндеттер
қарастырылуда. Дегенмен студенттердің білім дағдылары әруақытта
тексеріліп отырады. Тексеруден гөрі қазіргі кезде диагностика
туралы көп айтылуда. Дәстүрлі тексеру әдістері неге қайта қаралуда?
Бұл оқу-тәрбие процесін ізгілендіруге байланысты. Ал диагностика -
оқу-тәрбие процесінің барысы және нәтижелері туралы ақпарат алу
тәсілі.
Диагностиканық міндеттері:
• студенттердің даму барысына және нәтижелеріне
талдау жасау (білім алуға әзірлігі, психикасының жұмысы,
дамуы);
• оқыту процесінің барысын және нәтижелерін талдау
(білімнің көлемі және тереңдігі, білім, іскерлік, дағдыларды
қолдана білуі, ой жұмысының негізгі тәсілдерінің болуы,
шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін білу);
• тәрбие барысын және оның нәтижелерін талдау
(тәрбиелік деңгейін, адамгершілікке сенімін,
адамгершілігін).
Егер өткен тәрбиеде талдау, тексеру және
бағалаудың объектісі студенттердің еңбегі болса, енді жаңа жағдайда
оқытушымен мен студенттіңоқушының бірлескен еңбегі, оның нәтижелері
талданады. "Енді жоспарланған көрсеткішке неге толықтай жете
алмадық?" - деген сұраққа жауап беру керек. "Оқыту процесі тиімді
болу үшін не істеу керек?" - деген сұраққа диагностика жауап
береді.
Диагностика нәтиже мен процесті бірге зерттейді.
Студенттің еңбегі оқытушының еңбегімен бірге талданып, студенттің
мүмкіндігі, қабілеті және икемділігі зерттеледі. Оқытушының
жұмысына ықпал еткен жағдайлар ескеріледі. Тексеру студенттің
"оқығым келмейді" деген пікірімен санаспайды. Ал диагностика онымен
санасады, студенттің оқуға ынтасын арттыру тәсілдерін табады.
Мысалы, тексеру арқылы студенттің барлық тапсырманы дұрыс
орындағаны анықталады. Оқытушы оған "өте жақсы" деген баға қойды
және мадақтады. Процесс те, нәтиже де жақсы сияқты. Тек қана
диагностика студенттің "өте жақсы" баға алғаны есте сақтау
қабілетінің жақсылығынан екендігін, бірақ оның ақыл-ой жұмысына
қабілеті нашарлығын анықтайды. Оқытушы кемшілікті жою мақсатымен
студентке түрлі тапсырмалар береді.
Дәстүрлі тексеру нәтижелерді бағалап, олардың
себептерін түсіндірмейді. Диагностика арқылы студенттердің білім,
іскерліктері тексеріліп бағаланады, сандық мәліметтер талданады,
бағыттар айқындалып, одан арғы жұмыстар болжанады. Диагностика үшін
көптеген әдістер және әдістемелер қолданылады. Мысалы, дәстүрлі
тексеру, бағалау әдістерімен қатар тест әдісі, студенттердің оқуға
керекті психикалық сапаларын, атап айтсақ, есті, зейінді,
ақыл-ойды, т.б. зерттеу, жеке студенттермен жұмысты жобалау әдісі
қолданылады.
Дәстүрлі тексеру әдістері диагностика арқылы
ізгілікке қызмет етіп, оқу орында жақсы қарым-қатынас орнатады.
Диагностика студенттерді "орташа", "үздік" деп бөлмей, олардың
мүмкіндіктерін анықтайды. Диагностикалық қорытындылар дәл, толық
болу керек. Барлық оқытушылар гуманистік идеяларды мойындағанда
ғана диагностика арқылы әрбір студент туралы ақпараттар жиналып,
оның қабілетін, дарындылығын дамытуға қолайлы жағдай
жасалады.
Оқушылардың білімдерін
тексеру, бағалаумен байланысты әлі шешілмеген мәселелер көп.
Гуманистік педагогикада бірінші орында оқу тәрбие процесінің барысы
және нәтижелері туралы ақпараттар алудың тәсілі, оқытушылар мен
студенттердің бірлескен еңбегінің нәтижелерін көтеру жолдарын табу
үшін талдайтын диагностика тұрады. Диагностика керекті ақпаратты
алудың қосымша тәсілі ретінде тексеру және бағалауды қолданады.
Тексеруді ізгілендіру. Студенттердің білім, іскерліктерін тексеру,
бағалау педагогикалық технологияның ежелгі бөлігі диагностикалық
құрамына кіреді. Бақылаусыз, тексерусіз оқытуға бола ма? Зерттеулер
оқу жұмысының сапасы мадақтау әдісіне байланысты екенін дәлелдеп
отыр.
Оқу
орындар өміріндегі демократиялық өзгерістер, ізгілендіру білім,
іскерліктерді бақылау және бағалауды жетілдіруді талап
етеді.
Оқыту нәтижелерін бағалау. Бақылау – білім,
іскерліктерді анықтау, өлшеу және бағалау. Тексеру – бақылаудың бір
бөлігі, негізгі дидактикалық қызметі мұғалім мен оқушы арасындағы
кері байланысты қамтамасыз ету, оқушылардың материалды қалай
түсінгендігі туралы мұғалімнің ақпарат алуы, білімдегі
кемшіліктерді дер кезінде табу. Бақылаудың жалпы қызметі; тексеру,
оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ынталандыру. Тексерудің мақсаты –
студенттердің білім деңгейін, оның сапасын, оқу еңбегінің көлемін
анықтау.
Бақылау арқылы процеске, оның нәтижелеріне баға
беріледі. Үлгерімнің табеліне, сынып журналына бағалар қойылады.
Әділ бағаның ықпалымен оқушылар дұрыс баға беруге үйренеді.
Үлгерімді диагностикалау мен бақылаудың маңызды принципі әділдік,
жүйелілік, көрнекілік. Баға әділ қойылу үшін диагностикалық
тестілердің (тапсырма, сұрақтардың) мазмұны ғылыми әдістермен
жасалып, оқытушылар мен студенттердің арасында дұрыс қарым-қатынас
болу керек.
Жүйелілік принципінің талабына сәйкес
диагностикалық бақылау білімді қабылдаудан оны тәжірибеде қолдануға
дейін жүру керек.
Көрнекілік принципіне сәйкес барлық студенттерді
бір өлшеммен сынақтан өткізіп, бағаны талдап қойып, тестілердің
нәтижелері талқыланады.
Тексеру жүйесіндегі бірінші звено-білім,
іскерліктерді алдын ала талдау. Ол оқу жылының басында өткізіліп,
студенттердің өткен оқу жылындағы білімдері анықталады. Тексеру
нәтижелеріне сүйеніп, студенттердің білім, іскерліктеріндегі
кемшіліктерді жоюға бағытталған оқу жұмыстары
жүреді.
1-бөлім: әр тақырыпты меңгеру процесін күн сайын
тексеру.
жаңа материалды оқумен қатар бұрынғы оқылған
материалдарды қайталау, қайта тексеру, білімді
бекіту.
2-бөлім: студенттердің білім, іскерліктерін
жүйелеу мақсатымен бөлім, тақырыптар бойынша мезгіл-мезгіл
тексеру.
3-бөлім: дидактикалық процестің барлық кезеңінде
алынған білім, іскерліктердің қорытындыларын әр сессияның аяғында,
оқу жылының соңында тексеру. Кешенді тексеру арқылы студенттердің
әр түрлі пәндерден алған білімдерін қолдана білуі анықталады.
Жетістікті тестілеу - бақылаудың әділ әдісі. Тестілеу - білімді
меңгеру деңгейін анықтау үшін қолданылатын тапсырмалардың жиынтығы.
Үлгерім тестілері жетістікті тестілеу - студентің оқыту және тәрбие
арқылы қандай деңгейге жеткенін анықтау. Дұрыс құрылған тестілер
көптеген талаптарды қанағаттандырып, оларды орындауға көп уақыт
кетпейді, сұрақтары қысқа, нұсқа болады.
Үлгермеудің басқа да себептері
бар. Ең бастысы – үлгермеу себебін анықтап, жеке жұмыстың жолдарын
белгілеу. Оқытушының, оқу орындардың міндеті әрбір студенттің жақсы
оқуына көмектесу.