400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми мақала "Отбасы біреу – бала алуан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие бағыты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы

Булекшурина Мустахима Жангазовна

Санаты: Педогог сарапшы



Отбасы біреу – бала алуан

Бір атадан ала кұда, құла да туады. Ата тегі, гендік негіздері, әкесі мен шешесі, тәрбие көзі, туған және өскен ортасы бір болса да бір отбасының балалары әр түрлі болып өседі. Біреуі көпшіл, біреуі жуас, біреуі бұзық дегендей. Енді біреулері өнерге бейім болып келеді. Бұл құбылысты қазақта баланың арғы аталарында немесе әжелерінде болған қасиеттің қонуымен түсіндіреді. Логикалық пайымдауда бұл түсінікті де.

Алайда, швед психологтары мұндай көзқарасты дұрыс деп таппайды. Бір отбасы балаларының әр түрлі болу себептерін арнайы зерттеген шведтік психолог Элизабет Шенбек осы орайда өзіндік тың пікір айтады. Және оның пікірлерін қисынсыз деуге келмейді. Қайта психология ғылымындағы жаңа қадам деп қабылдаған жөн.

Э. Шенбек отбасында үлкен балалардың кіші балаларға қарағанда ұрыс-сөгісті көбірек еститінін алға тартады. «Мынадай жағдайды көз алдыңызға келтіріңізші: Үйде кішкентай апалы-сіңлілі екі бала қалды деңіз. Олар ойнап отырып, шыны ыдысты сындырып алды. Ұрысты кім естиді деп ойлайсыз? Әрине, оны кішісі сындырса да, үлкені сөз естиді. «Қайда қарап отырсың, абайламайсың ба!» деп. Үш жастағы сәбидің үйіне кішкентай нәресте келсе, әке-шешесі үлкен баласына ересек адам сияқты қарайды, соған лайық қарым-қатынас жасайды». Үйдің үлкен баласы үй шаруасына ертерек араласады. Кішілері оған кешеуілдеп барып, тартылады. Кішкене балалар үлкен балаға қызыққанымен, сол сияқты ертерек ересектермен қатар жүргісі келгенімен олардың да үлкен балалар тарапынан қызығатын жақтары аз емес. Мысалы, ата-ана үлкен балаға қаталдау болып келеді. Сондықтан да үлкен бала әке-шешенің махаббатын иемдену үшін оған еңбектену керектігін жақсы түсінеді. Есесіне, кішкентай бала ол махаббатты оңай алады. Кішкентай балалардың, әсіресе кенжелердің еркеліктері үлендеріне қарағанда көп кешіріледі, ал тұңғыш немесе үйдегі үлкен балалардың қылықтары әр кез қоштала бермейді. Пенсильвания университетінің профессорлары осы мәселеге сауалнама жүргізу барысында зерттеуге қатысқан аналардың 52% кіші, олардың тек 13% ғана үлкен баласына деген жылу сезімдерін көбірек көрсететіндерін айқындаған.

Әр нәрсенің қайыры бар. Үлкен перзентке деген қаталдық әрқашан сәтсіздікпен сипатталмайды. Оның, яғни қаталдықтың арғы жағында өзіне лайық пайдасы болады. Соның салдарынан үлкен балалар көбіне үлкен өмірге жақсы дайындықпен келеді. Олар өмірде кездесетін қиындықтармен табанды күресуге бейімді. Жас кезінен жауапкершілікке үйреген отбасының үлкендері көбіне жауапты, басшылық қызметтеріне орналасады және оны абыроймен атқарады. Ортаншы және кіші балалар бұл тұрғыда әлсіздік танытады. Зерттеушілердің пікірінше швед үкіметінің 82% тек тұңғыштардан тұрады екен.

Ортаншы балалар көпшіл келеді. Олар оңашалануды ұнатпайды. «Өле жегеннен бөле жегенді» тәуір көреді. Ортаншылар көбіне әскери қызметтерге, қоғамдық жұмыстарға тартылады екен.

Ал кенжелердің қандай артықшылығы, нендей ерекшелігі бар дейсіз ғой. Отбасының кенже балалары жауапкершілік жүгі үлкендерге қарағанда азырақ болғандықтан тәуекел істеріне көбірек барады екен. Э. Шенбек Ұлыбритания мен Швецияның парашюттік клубтарына сауалнама жүргізген кезінде парашютисттердің көбісі ортаншы және кенже балалар екеніне көз жеткізген. Олардың бала және ас кездерінде көп шектеуге алынбауы кенжелердің креативтік, шығармашылық жұмыстарда көш бастауына негіз болатын көрінеді. Зерттеушілер суретшілер мен әртістердің көпшілігі – кенжелер дегенді алға тартады.

Дерек көзі: Анна Козлова. Кр 9. 2011.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
1 мамыр
1151
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі