жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғылыми зерттеу жұмысы. Латын әліпбиіне көшу:проблемалары мен перспективалары
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Көктал орта мектебі»ММ
Латын әліпбиіне көшу:проблемалары мен перспективалары
Орындаған : Даурембеков Дамир 11сынып оқушысы
Жетекшісі: Бабирова Даркеш Бегдилдаевна
2017-2018 оқу жылы
Абстракт
Латын әліпбиіне көшу өткен ғасырларда түрлі тарихи, саяси жағдайларға байланысты дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылып кеткен қазақ баласының басын қосушы фактордың біріне айналар еді. Өйткені бәріміз бір тілде сөйлегенімізбен, әртүрлі әліпбиді пайдаланамыз, мәселен, Ресейде, Монғолияда өмір сүретін қандастарымыз – кириллицаны, Қытай, Ауғанстан, Пәкістанда тұратын бауырларымыз – төте жазуды (араб жазуын), ал Түркия мен Еуропа мемлекеттерін мекендейтін алаш перзенті – латиницаны қолданады. Бұл, әрине, өзара хат-хабар алмасуды күрделендіріп, жазу арқылы тілдесуді қиындатады. Яғни латын әліпбиі – әлем қазақтарының рухани бірлігінің негізі деп айта аламыз.
Менің ғылыми ізденушілік тақырыбым « Латын әліпбиіне көшу:проблемалары мен перспективалары деп аталады.Латын әрпі жаһандану заманында техникалық қиындықсыз әлемнің кез келген нүктесінен ақпаратпен алмасуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ағылшын тілін меңгеруіне де жеңілдік туғызады. Әліпбиді ауыстыру қазақ алфавитіндегі артық белглілерден арылтады, орфографияның ерекшіліктерін сақтап фонетикалық жүйесін ретке келтіреді. Яғни «Латын әліпбиіне көшу ?» деген бүгінгі күннің сауалы – ел келешегін ойлаған әрбір азаматтың көкейкесті мәселесі болып отыр. Мені де осы сұрақ ойландырды қолданылып келе жатқан әліпбиімізді латын жазуына ауыстыру бізге не береді, неден ұтамыз, неден ұтыламыз деген секілді сұрақтарға жауап іздеп өз жұмысымды бастап кеттім. Мақсаты: Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашатынын түсініп, болашақ ұрпақтың тәрбиесіне орын алатынын айқындау. Осыдан шығатын міндеттер:
Тиісті әдебиеттер мен БАҚ-ға мақалаларды жинақтау және танысу;
Балалар арасында “Латын әліпбиіне көшу дұрыс па?» деген сұрақта сауалнама, бақылау арқылы анықтау.
Ұсынылған латын әліпби үлгісін оқушыларға таныстыру Өзектілігі: Латын тіліне өтіу бүгінгі таңда мәдени және рухани жаңартудың негізгі фактордың бірі болып табылады, себебі қазақ тіліндегі латын графикасы ұлттық болмыстың меңгеруіне үлкен көмек көрсете отырып әлемдік кеңестікке Қазақстанды интеграциялауға көмектеседі. Сондай –ақ қазақ тілін халықарылық деңгейге көтереді. Латын әліпбиі арқылы жастарда көптеген мүмкіндік туады. Жаңалығы: Ұсынылып отырған латын әліпбиі үлгісін оқушылармен бірге қолдана отыра қаншалықты тиімді екенін сараптау. Болжам: Егер латын әліпбін бұрын қабылданған жетістіктері мен кемшіліктерін зерделесек онда қазіргі латын әліпбиі қолданысқа оңтайлы кірер еді. Зерттеу жұмысы 3 кезеңнен тұрады Зерттеу пәні: Латын алфавитінің енгізілген әдістер мен формалар Зерттеу объектісі: латын әліпбиі Практикалық құндылығы: Мектептерде оқушылырға «Латын әліпбиіне көшу-уақыт талабы» екендігін насихатайтын еріктілер топтарын құру. Латын әрпімен жазуға үйрететін факультативті сабақтар қою. Осы жобаны жүзеге асыру мақсатында түрлі іс-шаралар, байқаулар ұйымдастыру.
Аннотация
Қазіргі тіл білімін жан-жақты зерттеп жүрген ғалымдар, зиялы қауым өкілдері,тіл жанашыр қаламгерлер жаңа ғасырдағы қазақ әліпбиі қандай болу керек деген сұрақ төңірегінде әрқилы пікірлер айтылуда.Кириллицамен қала береміз бе? Әлде латын жазуына көшеміз бе? Мен өз таңдауымды жасадым. Әрине, ол –латын әліпбиі. Осы жұмысымда мен латын қарпіне көшудегі мақсатымыз бен міндетімізді көрсетуді көздедім. Оның проблеммаларын анықтап шығу жолын іздеуге ұсынамын.
Негізгі бөлім
І.Латын әліпбиі тарихынан
1.1 Ахмет Байтұрсынов-қазақтың алғашқы фонологі
Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін арнайы зерттеп, әліпби құрастырған қазақтың алғашқы фонологі – Ахмет Байтұрсынұлы. А.Байтұрсынұлы – өзінің бүкіл саналы өмірін қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен айналысып, қазақ тілі ғылымын дамытқан ірі ғұлама. А.Байтұрсынұлы қоғам, ғылым және мәдениеттің өркендеуі жазу арқылы іске асатынын жақсы түсінді. Ғалым сауатсыздықты жою үшін әріп, оқулық мәселесін кезек күттірмейтін мәселе екенін біліп, 1910 жылдан бастап, араб жазуының қазақ тілі үшін қолайлы емес жақтарын түзеп, оны тілдің дыбыстық ерекшеліктеріне сай етіп, сингармониялық ұлттық әліпби түзеді. Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы полиграфиялық жағынан қолайлы-қолайсыз жерлерін, оқыту процесіндегі тиімді-тиімсіз жақтарын таразылай отырып, 24 әріптен тұратын әліпби құрастырады. Дауысты дыбыстар: а (ا), о (و), ұ (وو), ы (ى), е (ه) Дауыссыз дыбыстар: б (ب), п (ﭗ), т (ت), ж (ج), ш (ﭺ), д (د), р (ر), з (ز), с (س), ғ (غ), қ (ق), к (ك), г (ﮒ), ң (ﮎ), л (ل), м (م), н (ن) Жарты дауысты дыбыстар: у (و..), й (ﻱ) [8] Әліпбиде қазақ тіліне тән, төл дыбыстарға ғана орын беріліп, кірме дыбыстар алынбайды. Ғалым гетерогенді сипат алған емлені, әліпбиді жалпыхалықтық, ұлттық негізде қарастырады. Сондықтан А.Байтұрсынұлының бұл жазу жүйесін ұлттық қазақ жазуы деп атаймыз. А.Байтұрсыновтың реформалауынан кейін араб жазуын бүкіл түркі жұрты ұлттық жазу жүйесі деп таныса да, күштеу саясаты өз дегеніне жетіп тынады. Латын жазуына қарсыларға саяси айып тағылып, тіпті заң қорғау орындары да араласа бастайды. Жаңа әліпби қабылданғаннан соң, араб әліпбиін қолданатындарға шектеу қатты болып, өкіметтің уәкілдері тарапынан бақылауда болады. Латын жазуын қабылдағанда қол жетер нәтижеміз неде? деген тәрізді сұрақтар өз уақытында қойылғанмен, оларға жауап бұрмаланып, бүркемеленіп, басты саяси-идеологиялық мақсатты құпия қалдырып келген. А.Байтұрсынұлы реформалаған араб жазуымен тез арада, әрі жеңіл, оп-оңай сауат аша бастаған қазақ халқын тағы да жаңадан латын таңбасымен қайтадан сауат ашуға мәжбүр етті. XX ғ. бірінші ширегінде Орта Азия халықтарының арасында латын әліпбиіне көшу процесі үдей түседі. Сонымен қазақ жазу тарихындағы ұлттық жазу мен оның латын графикасына көшу кезеңдерін қарастыра келгенде мынадай қорытынды шығаруға болады. Латын графикасының қазақ қоғамында орын алуы тек саяси идеологиялық түрткіжайтқа негізделді.
Әліпби, емле және оны реформалауға байланысты қазақ оқымыстыларының арасындағы пікірталас алғашқыда «Дала уәлаяты», «Айқап», «Қазақ» газеттері беттерінен көрініс тапса, 1920 жылдан бастап «Еңбекші қазақ», «Жаршы», «Жаңа мектеп» газеттерінде де көрініс тауып, газет төңірегіне ұйыса бастайды.
Бүгінгі күнгі бұқаралық ақпарат құралдары мен зиялы қауым өкілдері арасында кеңінен талқыланып жатқан мәселелердің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру үрдісі. Себебі жазу – белгілі бір әріптердің жиынтығы ғана емес, ұлттың өзіндік болмысын танытатын таңбалар жүйесі, сол ұлттың тарихы, мәдениетінің таңбаланған жәдігері. Әр халықтың рухани, мәдени өсуін, ғылымы мен білімінің, барлық саладағы даму деңгейін көрсететін маңызы зор әлеуметтік-мәдени құбылыс. Жазу арқылы өткен мен бүгінгі және болашақ өміріміз жалғастық табады. Ол – ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ететін алтын көпір. Ал, жазудың өзгертілуі сол халықтың қоғамдық өмірінің барлық саласына, рухани әлемі мен мәдени деңгейіне, тіпті, әлеуметтік психологиясына әсер етеді.
Бұқаралық ақпарат деректеріне сүйенсек, бүгінде әлемнің 70% елдері латын жазуы арқылы білімді игеріп, ғылыми зерттеулермен танысуда . Бұл дегеніміз – білім, ғылым, саясат пен техника, мәдениет пен өнер, спорт т.б. қатысты жазбаша ақпараттың барлығы дерлік латын графикасымен беріледі, қоғамдық өмірдегі жаңалықтардың басым бөлігі осы графиканың негізінде таралады дегенді білідерді. Демек, латын әліпбиінің біздің отанымыздың әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу талабының орындалуы жолында маңызды роль атқаратыны сөзсіз.
Түркітектес халықтар тілінде латын әліпбиі 1926 жылдан бастап қолданылады. Латын әліпбиін алғаш қолданысқа енгізгендердің бірі – Түркия мемлекеті. Біздің елде ХХ ғасырдың 20-жылдары қазақ зиялылары латын әліпбиіне көшу мәселесін көтерді. Қазақ тілінің табиғатына сай әліпби үлгісін жасап, қолданысқа енгізген болатын. Қазақ тіл білімінің, әліпбиінің негізін салған бірегей ғалым А.Байтұрсынұлы: «Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білу керектігі одан да артық», - деген болатын. Бұл – ХХ ғасырдың басындағы қоғамдағы коммуникациялық үрдістерді зерделеуден туған ой болатын. Қазір адамзат баласы ХХІ ғасырға аяқ басып отыр. Жазудың маңызы бұрынғыдан бірнеше есе өскен заман. Сондықтан, әлемдегі елдердің басым бөлігі, соның ішінде туыстас түркі халықтары қолданатын латын әліпбиіне көшу – жаһандану дәуіріндегі рухани жаңғырудың алғашқы да маңызды сатысы болмақ...
Латын әліпбиіне көшкенімізбен оны қолдану мерзімі ұзақ болмағаны тарихтан белгілі. Бұл – кешегі кеңестік идеологияның салдары еді. Түркітектес ұлттардың түбі бір түркі екенін, тамырын тереңге жайған түбегейлі тарихы мен мәдениеті бар елдер екенін ұмыттыру үшін жасалған сұрқия саясаттың айла-шарғысы болатын. Ал рухани жаңғыру дәуірінде құлдық санадан арылып, бұрынғы құндылықтарымызды қайта қалпына келтірудің қажетілігі өз-өзінен түсінікті жайт.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, қазақтар арасында латын әліпбиіне көшу мәселесі жиырмасыншы жылдың орта тұсынан бастап сөз бола бастады. Алғашқыда осы жөнінде алдыңғы қатардағы қазақ оқымыстылары баспасөз беттерінде арнайы мақала, пікір-талас ретінде өз ойларын білдіріп отырды. Әліпбиге байланысты көзқарас, пікірталастарды бұқара арасына жариялап халық талқысына салып отырған «Еңбекші қазақ» газетінің орны ерекше болды. Аталмыш газетке екі топтың жүздеген мақалалары жарияланып отырды. Айталық,Н.Төреқұлов «Бізге қандай әліппе керек», Ә.Байдилдиннің «Жаңа әліппе тарихынан», Б.Байтоғайұлы, Қ.Басымов, М.Дулатов, Т.Шонанұлының «Бізге жаңа әліппе не үшін керек»,О.Жандосұлы, М.Жолдыбаев, Қ.Жұбанов, Е.Омаров, Қ.Кемеңгеров, Н.Қаймекеұлы,Ж.Аймауытовтың, М.Мұхтарұлы «Дыбыс белгілерін негізінен өзгерту керек» т.б. және шетелдік Г.И.Бройдо, Н.Яковлев, Поливанов, Навширманов, профессор Ашмарин, профессор Жюзе, академик Бартольд, профессор Л.Жирков, профессор Б.Шобанзаде сынды ғалымдардың бірнеше мақалалары оған дәлел бола алады.
Латын графикасын қабылдау қарсаңында, 1920 жылдарда, яғни араб жазуын қолданыстан мүлдем шығарып, латын әліпбиін қабылдау алдында қазақ зиялылары арасында түрлі бағыттағы пікірталастар болып, олар латыншылдар және арабшылдар немесе қазақшылдар деген екі топқа бөлінді. Соңында латын графикасы негізіндегі әліпби жүйесіне көшіру жұмысы басталады. Жалпы Шығыс елдеріне жақын орналасқан дамымаған мемлекеттердің алғашқы жазу графикасы ретінде латын әліпбиінің енуі 1924-32 жылдар аралығын қамтиды. Байқап қарасақ, сол кезде латын графикасын дүниежүзі болып қабылдау мақсатын жүзеге асыру сияқты жаһандық проблеманы алға тарту көзделген болуы керек. Осындай саяси идеологияның негізінде мына елдерде латын графикасы қабылданып, шама-шарқынша қызмет етті.
1.2
Қазақ әліпбиінің жүйелері
Қазақ тілі үшін әр кезеңдерде және
әр аймақтарда келесі жүйелер пайдаланылған:
Қазақстан Республикасында — кирил
жазуы негізінде, ресми түрде Қазақстан
бүкіл жерінде және Моңғолияның Баян-Өлгей
аймағында. Тағы да көршілес Қырғызстан,
Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан
елдерін бірыңғай мекендеген қазақ жұрты
пайдаланады, сонымен бірге басқа ыдыраған
КСРО республикаларында да
пайдаланылады.
Қытайда — араб жазуы
негізінде, ресми түрде Шыңжаң Ұйғыр
аутономиялық ауданындағы Іле Қазақ
автономиялық облысында. Тағы да Ауғанстан,
Иран және Пәкістан елдеріндегі қазақ
диаспорасы да пайдаланады. Түрік
Республикасында — қазақ диаспорасы
ресми емес түрде латын жазуы негізіндегі
түрік әліпбиін пайдаланады. Сонымен
бірге Түркия, Германия, АҚШ т.б. батыс
елдерінде қазақ диаспорасы әртүрлі
қалыпты емес латын жазуын пайдаланады.
•
Тарихы
1.3
Қазақ графикасының тарихы
Жазу
тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі
бірнеше тарихи кезеңдерді басынан
өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен.
Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб
графикасына негізделген әліпби жүйесін
пайдаланып келгені мәлім. 1929-40 жылдар
аралығында латын графикасына негізделген
әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940
жылдан бері қарай кирил графикасы
әліпбиін қолданып келеді.
• Ресми
әліпбилер
Кирил жазуы негізінде
Қазақ
кирил әліпбиі — көбінесе Қазақстан мен
Моңғолияда пайданаланылатын әліпби.
Бұл Сәрсен Аманжолов ұсынған әліпби
1940 жылы қабылданған, 42 әріп енген: 33 орыс
әліпбиінің әрпі және 9 өзіндік қазақша
әріп Ә, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ұ (1947 жылына дейін бұрын
осы әріп орнына Ӯӯ пайдаланылған), Ү, Һ,
І. Ертеде қазақ әріптері орыс әліпбиі
әріптерінің сонында қойылған, сосын
дыбысы жақын орыс әріптерінің артына
жылжытылған.
Келесі әріптер: В, Ё (1957 жыл), Ф, Х, Һ, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, қазақтың төл сөздерінде пайдаланылмайды. Бұл әріптер: Ё, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, тек кеңестік дәуірінде орыс тілінен, немесе орыс тілі арқылы енген сөздерде орыс емле нұсқауларымен пайдаланылған (1990 жылы бері ресми және жеке жария ақпараттарда, әдеби шығармаларда пайдалануы азая түсуде, сиректеніп кетті). Х әрпі қазақ фонетикасында Қ түрінде айтылады. Һ әрпі тек сиреген араб-парсы кіріс сөздерінде кездеседі, және де Х немесе Қ сияқты айтылады. Е сөздің нағыз басында [ʲe] дифтонгоиды боп сөйленеді. Э әрпі әрдайым Е боп айтылады. О сөздің нағыз басында [ʷo] дифтонгоиды болып айтыла алады. У әрпі буын жасамайтын дыбысты белгілейді, және де ҰУ, ҮУ, ЫУ, ІУ псевдодифтонгтерді алмастыру үшін пайдаланылады.
ІІ.
Қазақша қаріптер
Жақында өткен
заманда қазақ мәтінін теру көбінесе
қиыншылыққа ұшырайтын еді. Оның себебі,
амал жүйелерінде мен мәтінтергіштерде
Юникод арқауы жоқтықтан, қалыпты түрде
қазақша 8 бит белгішелеу парақ болмағаннан
және қалыпты компьютер қаріптері
жетіспеушліктен де. Осыған орай қазақ
кирил әліпбиін компьютерлерде белгішелеу
үшін 20-дан аса әртүрлі нұсқалары
ұсынылған.
Кезінде Қазақстанда
DOS үшін ҚР МҚ 920-91 мемлекеттік қалпы
қабылданған болатын. Бұл қалып CP866 8 бит
кирил (славян) белгішелеу парақтың
негізінде жетілдірілген. Енді бірталай
көп кідіріп Windows жүйесіне арнап ҚР МҚ
1048—2002 қалпы бекітілген. Осы қалыптың
қолдануы өте шектеулі болды, себебі ол
Юникод басқа ескірген 8 бит белгішелеуді
ығыстырып шығаруы қызған кезі болды.
Сонымен, тек кейбір мемлекетттік және
өкіметке жақын ұйымдар, соның ішінде
«ҚазАқпарат» ақпарат агенттігі де,
соңғы кезге дейін қолданған. Ағымда
барлық жерде де UTF-8 белгішелеу
қолданылады.
2.1
Пернетақта жаймасы
Қазақ
пернетақта жаймасы (Ё әрпі әдетте орыс
жаймасына көшіп теріледі)
Қазақ
пернетақта жаймасы орыс теруіш жаймасы
негізінде дамытылған және де РСТ ҚКСР
903-90 қалпында бекітілген. Осы жайма
Юникодпен қуатталған: Windows (NT тұқымдасындағы
2000, XP, Server 2003, Vista одан жоғары нұсқалары
да) және Linux амал жүйелерімен жеткізіледі.
Қазақтың өзіндік әріптері пернетақтаның
жоғарғы тізбегіндегі сан аясы орнында
орналасады. Ал, сан және басқа нышандар
(/, *, –, +) енгізу үшін көмекші сан
пернетақтасы пайдаланылады. Осы себебінен
қалыпты жаймада әріп емес нышандарға,
және Ё әрпіне де, тиісті орны табылмаған.
Араб жазуы негізінде
Араб әліпбиінде
— 29 әріп және бір белгіше бар (ٴ)
— «жоғарғы һәмзә», бүкіл сөздегі жіңішке
дауысты дыбысты белгілеу үшін, сөздің
басына қосылады (тек жіңішке дауыстыларымен
әрдайым үйлесетін Г және К әріптерінен
тыс). Жазу әдісі парсы мәнерінде
негізделінген. Жазу бағыты оңнан
солға.
Қарахан әулеті мезгілінен
(10 ғ.) бастап Қазақстан жерінде түркі
тіліндегі мәтіндерді жазып алу үшін
пайдаланылған.
Көп мезгілде
абжад түрінде боп қалды, яғни тек дауыссыз
дыбыстарды белгілеуімен. 1924 жылы қазақ
фонетикасындағы дауысты дыбыстарын
дұрыс белгілеу үшін қайта құрастырылған.
Жобаны дамытқан Ахмет Байтұрсынұлы
«төте жазу» деп атаған (тағы да «Жаңа
емле» деп де аталған). 1929 жылы латын
жазуы негізіндегі «Жаңәліп» әліпбиімен
ауыстырылған.
Оны қазір де Шығыс
Түркістан қазақтары (сонымен бірге,
кейбір ұлттық ерекше өзгешеліктерімен
қырғыздар мен ұйғырлар да) қолданады.
Тағы да араб жазуын пайдаланатын
Ауғанстан, Иран Пәкістан және Таяу Шығыс
елдерінде қазақ шетжұрты қолданады.
IIІ. ЛАТЫН ӘЛІППЕСІНЕ ӨТУ. ТАРИХЫ. ПАЙДАСЫ. ЗИЯНЫ.
Ең жоғарғы сана иесі Ұлы Жаратушы-Алла, Алладан кейінгісі Адам. Алланың адамға берген ең ұлы сыйы санамыздың арқасында Адам Атамыздың қарашаңырағының иелері қазақтар жер бетінде алғаш рет Руларға (Аталарға) таңба белгілеуді, санауды, Руна (Ру Ана) және Сына жазуларын дүниеге әкелді. Аспандағы күнге Күн, айға Ай, жерге Жер, жымыңдаған жұлдыздарға Жұлдыз, таң жұлдызына Шолпан, бір орнынан қозғалмай адасқан жандарға бағыт-бағдар сілтейтін жұлдызға Темір Қазық (Қазақ) т.т. деп ат қойды. Ұранға Алашты шығарды, таңбаға «Күн» мен «Айды», «Садақ тартып тұрған салт атты» мен «Шаңырақты», «Тіл» мен «Жебені» алды. Тауын Ақтау, Қаратау, Алатау, Қазығұрт (Қазық жұрт), Тәңір, Алтай, Қапқаз, Мұңалжар, Алып (Альпі), Шыңғыс, Әбілқайыр; суын Азау, Қас би, Арал, Балқаш, Байкал, Балтық т.т. деп атады «Алаш – Алаш болғанда, Ала тай ат болғанда. Таңбасыз тай, Енсіз қой болғанда, Алаш хан болғанда...» дейтін сөздер Алаш жайындағы аңыздың меншікті мүлкі қалыптаспаған (тайға таңба баспайтын, қойға ен салмайтын) заманнан келе жатқанын аңғартады». (Қазақтың көне тарихы. 27 бет). Алаш – Қазақтың ұраны. Ұранға шығу үшін елің болуға тиіс. Қазақ Алашты ұранға шығарып отыр. Демек, Қазақтың тегі Алаштан да, Алты Алаштан да көп әрі де жатыр Тағы бір көне жырда: «Алшын, Алшын болғалы Әлім еді ағасы, Шолпан еді анасы» деп жырлайды Ата шежіреміз. Шолпан жұлдызының екінші атауы таң жұлдызы. Шолпан анамызда, таң мезгілінде ғана көрінетін Шолпан жұлдызы да бастау текті білдіреді. Қазақтың қыз-келіндері тағатын әшекейлерінің «Шолпы» деп аталатынының сыры осы. Демек, ең алғаш «шолпы» таққандар солар, яғни «авторлық» құқық Шолпан анамыздікі.
«Маңғыстау Машайықтың жатқан жері,
Ағарып аппақ таңның атқан жері.
...Маңғыстау Машайықтың жатқан жері
Ашылған абыройын жапқан жері.
Жер жүзін жел маямен жеті айналып,
Ауғанға Асан бидің асқан жері» (Түмен Балтабасұлы (1884-1957) «Маңғыстау»). Қазақ Машайық деп, Әулие-пірлерді айтады. «Ағарып аппақ таңның атқан жері» - Адамзат мәдениетінің бастау алған жері. «Ашылған абыройын жапқан жері» - Ұят дегеннің не екеніне саналары жетіп, алды-артын жапырақпен, терімен, киіммен жапқан жері. «Жер жүзін жел маямен жеті айналу» - Жер бетінде қазақ мәдениетінің тарамаған жері жоқ деп отыр. «Мен Адайдың Ақтаны,
Сөйлеген сөзім тақталы
Сөйле» десең жыршыңыз
Алдарыңда жортақтар.
Туған айға ат берген,
Ақ қағаз бен хат берген
Екі ерін мен тіл-таңдай
Сөйлесін деп жақ берген.
Айтқан сөзге түсінбес
Адамның мисыз ақымағы» (Ақтан Керейұлы (1850-1912) Жыр-дария «Маңғыстаудың ақын жыраулары» Ақтау-1995. 159 бет). Атамыз аспандағы Айға «Ай» деп ат қойғандар, Ақ қағаз бен хатты ойлап тауып, алғашқы хат жазғандар және ең алғашқы тілі шығып сөйлегендер біздің аталарымыз, яғни бұл ұғымдардың бәрінің «аптырлық» құқығы Қазақ халқында жатыр деп отыр. Мұндай мысалдарды ежелгі шежіре-дастандарымыздан көптеп келтіруге болады. Демек, бүткіл жер бетіндегі жер, су, тау, елді мекендер мен ұлт атауларының қазақ рулары атауымен сәйкес келуі де бекерден-бекер емес. Осыған сәйкес, Біз қолданып жүрген атаулар, дыбыстық таңбалар мен сандардың бәрі осы атауларды ойлап тауып, дүниеге әкелген ұлы аталарымыздың есімі. Ежелгі Қазақ Алып биінде (Әліппе) осы қағида толық сақталған. Сол үшінде кейде біздер, санның орнына 1-А, 2-Ә, 3-Б, 4-Г, 5-Ғ, 6-Д, 7-Е, 8-Ж, 9-З, 10-И, 11-Й, 12-К, 13-Қ, 14-Л, 15-М, 16-Н, 17-Ң, 18-О, 19-Ө, 20-П, 21-Р, 22-С, 23-Т, 24-Ү, 25-Ұ, 26-У, 27-Һ, 28-Ш, 29-Ы, 30-І деген дыбыс таңбаларын қолданамыз. Адамзаттың жетпіс мың жыл ғұмырындағы ең алғашқы әлемдік ұлы держава Қазақ қағандығының қолданған дыбыстық 30 таңбаcы осы. Бұл 30 таңба әлем тарихындағы адамдардың, елдердің, мемлекеттердің, қағанаттардың дүниеге келу рет санымен толықтай сәйкес жасалған. Біз сол әліпби әлемінде өмір сүріп келеміз. Әліпби – халықаралық жағдайда түрлі мемлекеттердің, ұлттардың мәдени қарым-қатынасын жүзеге асыратын және олардың шыққан тегін анықтайтын құрал.
Кітапханаға бара қалсаңыз қажет әдебиеттер тізімі әліпби қатарымен реттеліп, жиналады. Бұл келушілер мен кітапхана қызметкерлері үшін де өте ыңғайлы. Әліпби тізбегімен медициналық карталар жинақталады. Науқастың ауру тарихы жайлы хабар оның Ата тегінің алғашқы әрпі бойынша тізімге ілінеді. Атлас (карта), анықтама, телефон кітапшалары, күнделік, қала, аймақ аттары түгелдей әліппе тізбегіне бағынады. Тіпті, ұялы телефонымыздағы адамдардың аты-жөніне дейін әліппе қатарымен тізіледі.
Әлемнің барлық елінде, сондай-ақ өзіміздің мемлекеттік мекемелерге тиісті базалардағы ақпарат осы заңдылық негізінде сақталады, анықталады. Демек, әріптер Әліпби қатарымен де, Адамзаттың Ата тек шежіресіне де сай болуға тиіс.
Егер Біз осы таңбалардың орнындарын ауыстырып, таңбаларды 30-дан аз, немесе көп ететін болсақ, жаңа енгізген Әліппе бізді Қазақи болмысымыздан, Ата тарихымыздан ажыратып жат елдің мүддесіне қызмет жасайтын болады. Сондықтан, жоғарыда көрсетілген әрбір таңбаның сырын, бүкіл қазақ баласына Ата шежіремізбен салыстырып зерттеуді ұсынамын!
Қазақтың дыбыстық таңбалары: 1.А,Ә,Е, 2.Б,П, 3.Г,Ғ,К,Қ, 4.Д,Т, 6.Ж,З, 7.И,Й,Ы,І, 8.Л, 9.М, 10.Н,Ң, 11.О,Ө, 12.Р, 13.С,Ш, 14.Ү,Ұ,У, 15.Һ. болып, 15 топқа бөлінген. Әр топтың бірінші әрібі бастауы, қалғандары сол топтың толысқан жалғасы. Қазақ Алып биінің кереметі, барлық таңбалар мен буындар осылай 15/15 болып белгілі бір математикалық жүйеге, яғни Адам Атамыздың шежірелік жүйесіне сай орналастырылған.
Қазақ Әліппесінде толып, толысқанды білдіретін 9 дауысты дыбыс бар: 1.а, 2.ә, 3.е, 4.о, 5.ө, 6.ү, 7.ұ, 8.ы, 9.і. Дауысты дыбыстар Аталық текті білдірсе, жіңішке дауысты дыбыстар әйел мен баланы білдіреді. Адамзат болмысының барлығы осылай табиғатпен тұтастықта жаратылған.
Ежелгі қазақтар да, солардың ізін жалғастырған Алаш арыстары да Алып биді (Әліппені) осылай жасаған. Алаш арысы Ахмет Байтұрсынов атамыздың басшылығымен жасалған соңғы Әліппеміз де осы қағидаға сай болған.
Кірме әріптер: в, ё, ф, х, ц, ч, щ, ъ, ь, э, ю, я барлығы 12 әріп. Тәжрибе көрсеткендей, бұл таңбаларды іс жүзінде қолданыста болмады десе де болады. Бірлі-жарлы қолданысқа енгендері тіліміздің шұбарланып, бұзылуына ықпал етті. Демек, таңбамызға реформа қажет.
Жалпы әліппе әріптері төмендегідей жолдармен дүниеге келеді.
Біріншісі, Ұлы Жаратушы – Алланың жаратқан саналы тіршілік иелері Адам Ата мен Ауа Ана ұрпақтары (Ад қауымы) арасында табиғи жолмен келуі. Бұл топқа бірін-бірі Адам және тілдерін Ана тілі деп атайтындар арасында, Рулық таңбалардың негізінде дүниеге келген Руна (Ру Ана) және Сына жазбалары жатады.
Екіншісіне, Ад қауымының өсіп, өніп, көбейіп, ұлтқа (мемлекетке) айналған ұрпақтарының арасында алдыңғы Ана тілді негізге алып, жаңадан туындаған әліпбилер тобы жатады.
Үшіншісі, жаулаушы елдердің зорлықпен енгізген Әліппесі.
Төртіншісіне, тәуелсіздік алғаннан кейінгі ұлттық негізде Әліппенің қайта жаңғыртылуы жатады. Демек, Біз Елбасымыз айтқандай, Әліппемізді шын ниетімізбен ұлттық тұрғыдан жаңғыртатын болсақ, бізге бұл мәселе де «Жеті өлшеп, бір пішу» тәсілін қолданғанымыз жөн болады.
Қазақтың-әріп таңбаларының рет саны Адамзат баласы мен олар құрған қағанаттардың (империялардың) дүниеге келу, есею және әлем елдері тарихының қалыптасу кезеңін көрсетеді. Бір, екі, үш; А,Ә,Б; Ата, Әке, Бала, т.т. болып сан мен әріп шежіре-тарихқа сай қатар өріледі.
Дәлел ме? Тыңдап көріңіз?
А – дыбысы Алып бидің де (Әліппе), сонымен бірге барлық дүниенің де бастауы.
Бір санының дыбыстық-таңба атауы «А» - негізгі мағынасы Ата мен Ана.
Қолдану аясын саралар болсақ: 1.Аб (Аба, Абыл мен Қабыл), 2.Ағ (Аға), 3.Ад (Ада, Адай,
Адам), 4.Аж (Ажа, Абысын-Ажын), 5.Аз (Ази, Азия, Аза, Қаза, Қазақ, Қазақия), 6.Ақ (Ақиқат, Аққа - Құдай жақ), 7.Ал (Алла), 8. Ам (Аман) 9.Ан (Ана, Сана), 10.Ап (Апа), 11.Ар (Ара), 12.Ас (Аса жоғары), 13.Ат (Ата, Атай, Атам), 14.Ау (Ауа, Ауа Ана), 15.Аш (Аша, Алаш, Алты Алаш, Алаша). Барлығы 15 түбір сөз. 30 таңбаның тең жартысы.
«А» таңбасы атына сай жасалған. Ер мен әйелдің басы қосылып, бел жағы бірігіп тұр. Зер салып қараған адамға Ер адамның жіңішке, әйел адамның жуан болып белгіленуінен, әйелдердің дүниеге ұрпақ әкелетінінің де меңзеліп тұрғанын байқар едік.
Екі санының дыбыстық атауы «Ә» - Әже мен Әке. Демек, ежелгі қазақ хандары мен
қағандарының бастарына киіп жүрген «Тәжі» әжемізге, яғни әкелеріміз бен шешелеріміздің аналарына деген құрметтерінің ең озық үлгісі болып тұр. «Әркімнің әкесі өзіне Әз әулие» деген сөз де содан бері жалғасын тауып келеді.
1.Әб (Әби, Әбес, Әбестік жасама), 2.Әд (Әділ, Әділет), 3.Әж (Әже, Тәж), 4.Әз (Әз әулие, Әзиз), 5.Әй (Әйел, Бәйбіше), 6.Әк (Әке, Әккі, Әкім), 7.Әл (Әлі, Әлді, Әлсіз, Әлем), 8.Әм (Әмеңгер, Әмбебап), 9.Ән, 10.Әң, 11.Әп, 12. Әр, 13.Әс, 14.Әт, 15.Әу (Әуе, Әу демейтін қазақ жоқ). 15/15 болып тұр.
Төртінші санатта тұрған Әз әулиеміз бүгінгі Қазақ атанған елдің түп атасы болады. Әз әулиенің де моласы Маңғыстауда, Ман Атаға жақын маңда.
Ежелде, Каспий – Әбескүн теңізі деп аталған. «Авестаның да» тегі де осы. Әбестік жасама деген сөз.
Үш санының дыбыстық атауы «Б» - Бала. Ал, ала, бал, бала деген біріккен сөздерден
тұрады. «Б» дыбысынан қарабала, балапан, Балтық, Баласағұн, Балық, Балықшы т.т. ұғымдар дүниеге келген. «А» - Ата, «Ә» - әке, «Б» - бала делініп Әліппенің үшінші дыбыс таңбасын береді.
Мысалы, «Б» дыбысынан басталатын «бұлт» деген сөзді алайық. Бұлт – өздеріңіз көріп отырғандай сөз түбірі ұлт. Бұлт аспанда, ұлт жерде. Жер бетіндегі ұлттар да, тура аспандағы бұлт сияқты дүниеге келіп, жел айдаған кезде жөңкіле көшіп, біресе ыдырап, біресе қайта қосылып, немесе жойылып та жатады. Бұлттың құрамы бу, қозғаушы күші жел. Ұлттың құрамы адам, қозғаушы күші ел (ру). Демек, екеуі қатар өріліп тұр.
III. ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ 11 ҚЫРКҮЙЕК 2017 11731 0 Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды [1]. Сондай-ақ, Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өтті [2]. Біздің қазіргі кирилл әліпбиіндегі қазақ тіліміз – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі. Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Сонымен қатар қырғыз, татар, башқұрт, қарашай-балқар, қырым, құмық тілдеріне жақын. Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. 1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирилл графикасы әліпбиін қолданып келеді. Мысалы, айта кетсек, Қазақ тілі үшін әр кезеңдерде және әр аймақтарда келесі жүйелер Қазақстан Республикасында кирилл жазуы негізінде, ресми түрде Қазақстанның бүкіл жерінде және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында пайдаланылған. Тағы да көршілес Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін бірыңғай мекендеген қазақ жұрты пайдаланады, сонымен бірге басқа ыдыраған КСРО республикаларында да пайдаланылады. Сонымен қатар Түркия, Германия, АҚШ, т.б. батыс елдерінде қазақ диаспорасы әртүрлі қалыпты емес латын жазуын пайдаланады [3]. Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді. Латынға Түркия 1928 жылы көшсе, Өзбекстан, Әзірбайжан КСРО ыдырағаннан кейін ауысты. Cол елдердің тәжірибесіне қарасақ, мысалы, Өзбекстан 1928 жылға дейін өзбек тілі араб әліпбиін қолданған. 1928-40 жылдар аралағында жазулары латын әліпбиі негізінде болған. 1940-1992 жж. кириллица қолданылып. 1993 жылы өзбек тілі қайта латын тіліне көшіп, қазіргі кезге дейін қолданып келеді [4]. Өзбек латын тілінің ерекшелігі - арнайы символдар мен диакритикалық белгілердің жоқтығы (тек апострофтар бар). Классикалық латын кириллицамен салыстырғанда 7 әріпке кем, сондықтан арнайы белгілер мен символдардың жоқ болу есебінен кейбір әріптерді екі еселеуге тура келеді. Нәтижесінде апострофпен қосқанда 29 әріптен тұратын өзбек латын әліпбиі құрылған [5]. Сол сияқты Әзірбайжанда 1925 жылдарға дейін ресми әліпби рөлін араб тілі атқарды. 1926-39 жылдары латын әліпбиін қолданса, 1940-2001 жылдары кириллица, одан кейін 2001 жылы қайта латын әліпбиіне көшті [6]. Еліміздің латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады. Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген. Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды. Бұл бізге таңсық дүние емес. Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Латын әліпбиі б.з.б. VII ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. I ғасырда қалыптасқан. Орта ғасырда латын әліпбиі Еуропаға тарады. Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. Қазіргі латын әліпбиінде 25 әріп бар. Дауысты дыбыстар е әрпі созылыңқы және қысқа айтылуына байланысты мысалы: Liber - тәуелсіз, Liber – кітап сөздердің мағыналары өзгереді [7, 238]. Түркияның ғалымы Әбдіуақап Қара өзінің «Латын әліпби қазақ тілін еркіндікке шығарады» атты мақаласында Түркия халқы латынға 1928 жылы өткенімен онда бар-жоғы 29 әріп бар. Олардан бірқатар дауыстылар ескерілмегенін бүгінгі ғалымдар айтып отыр. Негізі түркі тілдерін 34 таңбамен белгілеуге болады. Бүгін түрік латын әліпбиінде 5 әріп кем болып отырғанын айтады. Тіл ғалымдары, солардың ішінде ең ұтымды алфавиттің Қазақстан қолданған кирилл әліпбиі екенін айтуда. Мәселен, түрік ғалымы Хатиже Ширин Ұсер қазақ-кирилл әліпбиі өзге түркі-кирилл алфавитіне қарағанда, таңбаның графикалық және фонетикалық тұрғыдан бір-бірімен байланысты болуы және бір дыбысқа бірден көп таңба берудің болмауына байланысты мұқият дайындалғанын айтады. Бұл тұрғыда қазақ-кирилл әліпбиін дайындаған тіл ғалымы С.А. Аманжоловтың рөлінің зор екендігін атап өтеді. Бүгінгі күнге дейін Тіл саласының білікті мамандары латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің жобаларын жасауда қызу талқылауда ойларын да айтып бөлісті. Айта кетсек, солардың бірі - филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбектің пікірі: «Латын әліпбиіне көшудің қиыншылығы қазіргі біздің қолданып жүрген әліпбиіміз қазақтың төл әліпбиі емес, орыс тілімен араласып кеткені, бізге өзге тілден енген дыбыстар араласып кетсе онда кедергілер туындайтынын, латын әліпбиіне төл дыбыстарымызды баптап, соның аясында көшуін және қазақ жазуына тек әліпби ауыстыру ғана емес, түбегейлі реформа керек екенін, ол реформа үш мәселені дыбыс, әліпби және емле ережені бірдей қамтиды – деп айтты [8, 7]. Әрине, ұлт үшін маңызды өзекті мәселелердің оңды шешілуіне қосып отырған кәсіби білікті мамандардың пікірлері ескеріліп, латын қарпіндегі қазақ әліпбиін жасалу жолдарына қатысты өрбісе және басқа жоғарыда аталған елдердің тәжірибесіне қарап салыстыра отырып жасалса құба-құп болар еді. Қазіргі уақытта ұялы телефондарда жарнамалар, хабарламалар латын әліпбиімен жазылуда. Сонымен қатар, интернет желісінде де латын әліпбиіне аударатын транскрипция орнатылған, бірақ орыс графикасында ғана жасалған, болашақта қазақ графикасында жасалады деген ойдамыз. Латын әліпбиіне көшуде осындай бастапқы жұмыстар атқарылып отыр. Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады демекпін.
IV. 3ертеу бөлімі
Мен осы жобамды жүргізу барысында 5-11 сынып оқушылары мен ұстаздар арасында «Латын әліпбиіне көшу» туралы ойларын білу мақсатында сауалнама жүргіздім. Сауалнама қорытындысы төмендегідей болды.
Сауалнамаға 62 оқушы, 20 мұғалім қатысты.
Сауалнаманың сұрағы мынадай болды.
Латын әрпіне көшуді қажет деп санайсың ба?
Латын әрпілерімен жазылған мәтінді оқи аласың ба?
Латын әрпін тануға, жазуға қиындық туғызбай ма?
Сауалнаманы тек оқушылар арасында ғана емес мұғалімдер арасында да өткіздім. Сауалнамаға 20 мұғалім қатысты. Сұрақтары мынадай болды.
26.10.17 ж. № 569 ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген латын қарпіне негізделген қазақ тілінің жаңа алфавитімен таныстыңыз ба?
Латын әрпіне көшуді қажет деп санайсыз ба?
Бірінші сұрақ бойынша «ия» қажет деп санайммыз деп бірден бәрі жауап берді. 100%
Екінші сұрақ бойынша кейбір оқушылар былмейміз деп жауап берді яғни ол 5-6 сыныптар. Яғни 60% пайыз былетіні анықталды.
Үшінші сұрақтың жауабы «жоқ» қиындық туғызбайды деп бірден жауап берді. 60% жауап берді. Әрине бізді бұл жауап қуантты.
Сауалнаманың жауаптарын мына диаграмма арқылы көрсететін болсақ нәтижесі төмендегідей.
Латын әрпіне көшуді қажет деп санайсыз ба?
2 сұрақ. Латын әрпілерімен жазылған мәтінді оқи аласың ба?
Латын әрпін тануға, жазуға қиындық туғызбай ма?
Мұғалімдердің жауаптары. Диаграмма арқылы көрсететін болсақ төмендегідей.
Сұрақ. 26.10.17 ж. № 569 ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген латын қарпіне негізделген қазақ тілінің жаңа алфавитімен таныстыңыз ба?
Латын әрпін танисыз ба?
Келесі мен тарих пәнінің мұғалімі Ислямова Нүргүл Мешітбайқызымен кездесіп сұхбаттастық.
Менің қойған сұрағым: – Сіз, 27 жыл мұғалімдік қызметін атқарып келесіз сіздің ойыңызша латын әліпбиіне көшу дұрыс деп санайсыз ба?, неліктен?
2 сұрағым. Латын алфавитке көшу қиындық туғызбай ма? Сіздің ойыңыз кандай.
Апайдың жауабы мынадай мынадай болды:
2025 жылдан бастап еліміз латын тіліне көшетіні анық.Бұл үлкен маңызды қадам. Латын әліпбиі енгізілуімен бірге қазақ тілі дамуынын мәселесі шешіледі.Әрине, бұл стандартқа көшу байсалды жүру керек, сондықтан Президентіміз бұл мәселені халықпен, филологтармен бірге талқылауды ұсынып отыр.Алғашқы латын әліпбиінің нұсқасы да халық арасында кең талқылауда.Мен латын әліпбиіне көшу дұрыс деп санаймын, себебі, ол еліміздің бәсекелестігін нығайтады.
Латын тіліне көшу аса қиындық туғызбайды деп ойлаймын.Әсіресе жас буынға, себебі олар мектепалды тобынан бастап ағылшын тілін меңгереді.Сонымен қатар компьютер мен компьютерлік технологияларды кең пайдалануы аталған реформа дұрыс екенін айқындайды.
Сонымен
қатар мен өзім латын қаріптерін игере
алғанымды тексеру мақсатында оқулықтан
«Магнит» деген мәтінді тауып жаздым.
Қолым біршама жаттығып қалған секілді,
аса қиналмадым. Осы жұмысты жүргізбей
тұрған кезде мен «Үйрене алам ба?» деп
ойланушы едім. Қорқынышым сейілді. Мен
жаздым, демек сіздердің де қолдарыңыздан
келетініне сенімдімін. Жазып көріңіздер!
Біз жұмысымызды әрі қарай ауыл тұрғын арасында латын әліпбиін еркін меңгерген азаматтарды анықтау мақсатында халықтық IQ жүргіздік. (Фото, видио)
Бұл жұмысымыздың қорытындысы былай болды:
.
Қорытынды
Осы жұмысымды жүргізу барысында мен өзімді мазалаған сұрақтарға жауап таптым деп ойлаймын.
Латын әліпбиіне көшу өткен ғасырларда түрлі тарихи, саяси жағдайларға байланысты дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылып кеткен қазақ баласының басын қосушы фактордың біріне айналар еді. Өйткені бәріміз бір тілде сөйлегенімізбен, әртүрлі әліпбиді пайдаланамыз, мәселен, Ресейде, Монғолияда өмір сүретін қандастарымыз – кириллицаны, Қытай, Ауғанстан, Пәкістанда тұратын бауырларымыз – төте жазуды (араб жазуын) жазады. Бұл, әрине, өзара хат-хабар алмасуды күрделендіріп, жазу арқылы тілдесуді қиындатады.. Яғни латын әліпбиі – әлем қазақтарының рухани бірлігінің негізі деп айта аламыз. Латын әліпбиіне өту арқылы баға жетпес інжу-маржан, бай мұраларымызды кеңінен зерттеуге мүмкіндік алар едік.
Ендігі ретте латынға көшу не үшін қажет?- дейтін сауалға ғалымдардың дәлелдеуімен жауап беріп көрейік. Бұл сауда мен экономика саласында жұмыс істейтін қызметкерлерге жақын мәселе. Себебі, шетелден келетін күнделікті тұтыну тауарларынан бастап азық-түлік өнімдеріне дейін, соның ішінде бренд өнімдерінің барлығы дерлік атауы латын графикасымен жазылған. Біз күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде сағат сайын, сәт сайын осы мәселемен ұшырасамыз. Мысалы, Mersedes, Toyota, Land Cruzier деген атаулардың барлығын айна-қатесіз оқып, қиналмастан оның қандай маркалы автокөлік екендігін жазбай танимыз.Сонымен қатар, тұрмыстық техника құралдарын алатын болсақ LG, Samsung, Panasonic, Sony тағы басқаларының барлығының аты латын графикасымен жазылған. Бұл – әлемдік стандарт атаулыларының барлығына латын графикасы тән екендігін, атаулардың барлығы латын әрпінде жасалғандығын көрсетеді.Сондай-ақ, латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымыз: Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны, мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек.
Латын әліпбиіне ауысу – біздің ұлттық санамыздың отарсыздануының бір жолы. Бір ғана мысал, еліміздің латын әрпіндегі транскрипциясын Kazakhstan деп емес, Qazaqstan деп жазған болар едік.
Латын жазуын қабылдағанда қол жетер нәтижеміз әрқайсымызға байланысты және бұл уақыт еншісінде.
Ұсыныс:
Мектептерде оқушылырға «Латын әліпбиіне көшу-уақыт талабы» екендігін насихатайтын еріктілер топтарын құру.
Латын әріпімен жазуға үйрететін факультативті сабақтар қою.
Осы жобаны жүзеге асыру мақсатында түрлі іс-шаралар, байқаулар ұйымдастыру.
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы.
Городкова Ю.И. Латинский язык. Учебник-6-е изд,
Боровский Я.М , Болдырев А. Учебник латинского языка изд-4
Ақпараттық көздер.
5. Жүсіпұлы М. Ахмет Байтұрсынов және қазіргі қазақ тілі фонологиясы.– Алматы: Ғылым, 1998. - 216 б.+
6. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі // Құрастырған: Н.Уәлиұлы, К.Күдеринова, А.Фазылжанова.- Алматы: «Арыс», 2004.- 784 б.
7. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі.- Алматы: Сөздік-Словарь, 1999.-200 б.
8. Қалиұлы Б. Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ терминдері.//Ұлттық рухтың ұлы тіні.- Алматы: Ғылым, 1999.- 409-416 б.
Әулиекөл ауданы, Көктал орта мектебінің 9 сынып оқушысы Таипов Дінмұхамед Маратұлының «Латын әліпбиіне көшу: проблемалары мен перспективалары» атты ғылыми жобасына
сын-пікір
Дінмұхамед «Латын әліпбиіне көшу: проблемалары мен перспективалары» атты жұмысын аз уақытта зерттеп шықты. Әрине бұл қуантарлық жағдай. Зерттеу жұмысында оқушы көптеген әдебиеттерге шолу жасай отырып, қолданылып келе жатқан әліпбиімізді латын жазуына ауыстыру «Бізге не береді, неден ұтамыз, неден ұтыламыз?» деген сұрақтарға жауап іздеп, соған жауап тапты деп ойлаймын. Осы тұрғыдан келгенде Дінмұхамедтің ғылыми жобаның мәні өте зор. Бір ескере отыратыны, Дінмұхамед тың тақырыпты қарастырып отыр. Жұмыс барлық талаптарға сай рәсімделген.
Жетекшісі Бабирова Даркеш Бегділдақызы
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БОЛАШАҒЫ
Соңғы кезеңде қазіргі қазақ жазуында қолданылып жүрген әліпбиді латын әріптерімен ауыстыру мәселесі жөнінде жиі-жиі сөз бола бастады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан — 2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Халқына Жолдауында латын қарпіне көшу мәселесіне тоқтала келіп: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл — ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруге, ең бастысы — қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», — деп атап көрсетті [1.73]. Бұл ел ертеңі үшін болашаққа батыл қадам жасап, елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған, ұлт тірегі-ана тіліміздің болашағы үшін жасалған ғылыми мәнді шара деп білеміз. Мұны қазіргі кирилл-қазақ әліпбиіне немесе орыс тіліне теріс қарау деп емес, қайта қазіргі әліпбиіміз бен жазуымыздағы халықтың өз еркімен қалап алмаған, кешегі кеудемсоқ жүйенің өктем саясатының әмірімен күшпен таңылған кейбір кірме әріптерден арылып, таза қазақ әліпбиін жасау бағытындағы игілікті қадам деп түсінеміз. Латын әліпбиіне көшу, сайып келгенде, ана тіліміздің болашағын ойлап, қолданыс аясының одан әрі кеңейе түсуіне мүмкіндік жасап, тілімздің ішкі табиғатына әліпбиіміз арқылы жазудың айтуға жасап келе жатқан қиянатын болдырмай, қазақы айтылым (орфоэпия) мен жазылым (орфография) талаптарын жүйеге түсіру деп түсіну керек.
Қазіргі кезде латын әліпбиіне көшу мәселесіне қатысты ел арасындағы айтылып жатқан пікірлерді негізінен үш топқа біріктіріп қарауға болады: оның біріншісі, неше түрлі қиындықтар мен кедергілерді көлденең тартады, бұл «қиындықтарды» мемлекетіміз шеше алатынына сеніміміз мол, екінші біреулері, латын жазуының түрлі ақпарат кеңістігіндегі артықшылықтарын алға тартады, «латын жазуының артықшылықтарын» айтпай-ақ ел біліп, көріп отыр, ал үшінші бір топ, латын әріптерін қазақ әліпбиіне үйлестіру және кирилл әріптеріне иек артқан бұрынғы емле-ережелерімізге реформа жасауды ұсынып отыр. Латынға көшу туралы жоғарыда айтылған алғашқы екі мәселеге әр түрлі мамандық иелері белсенді пікір айтса, соңғы үшінші, яғни, латын әріптерін қазақ әліпбиіне үйлестіру ісінде негізінен тіл мамандары белсенділік танытып отыр. Бірақ тіл мамандарының да көзқарастары екі түрлі екенін байқаймыз. Оның бірі әліпбиге, негізінен, ана тіліміздің төл дыбыстарын алу арқылы қазақ тілінің табиғи ұлттық болмысын сақтауға ұмтылса, екіншісі, қазіргі оқыған жұрт бұрынғыдай өзге тілдің сөздерін бұзып айтуды оғаш көреді, сондықтан «қазақ тілі әліпбиінің құрамындағы қыруар әріпті өгейсітіп, жат дыбыстарға жатқызып, әліпбиі құрамынан шығарып тастау емлені шешуі қиын өте күрделі түйінге айналдыратын шешім» деген пікір айтып, қазіргі әліпбидегі жуандық және жіңішкелік таңбасынан басқа қырық әріпті де қалдырмай латынға алып өтуді жақтайды[2.4].
«Жеті рет өлшеп, бір рет кес» дегендей, латын әліпбиіне қатысты өз көзқарастарын білдіріп, ой бөлісіп, тіл тағдырына алаңдаушылық білдірушілердің айтқан пікірлерінің барлығын да маңызды деп білеміз. Дегенмен, мәселенің байыбына терең бармай, әліпби өзгертуді бұрынғы кирилл әріптерін латын әріптерімен ауыстыра салу деп түсінетіндер де бар. Егер бұлай түсінсек, қазіргі 42 әріпті өзгеріссіз латын әріптеріне ауыстыра салып, қайтадан орысша-қазақшасын араластырып сөйлеп-жазып жүре берсек, одан ештеңе де өзгермейтіні баршаға аян. Сондықтан әліпби реформасы нақты ғылыми ұстанымдарға сүйенеді.
Кешегі өктемсоқ кеңестік жүйенің солақай саясаты қазақ тілі дыбыс жүйесінде жоқ орыс тілінің ё, ю, я, в, ф, х, ч, ц, ь, ъ әріптерін әліпбиімізге еріксіз енгізгені баршаға аян. Онымен қоймай, әліпбиіміз кирилл жазуына ауыстырылып, орыс тілінен және сол арқылы басқа тілден енген өзге сөздерді де орысша қалай айтылып-жазылса, қазақ тілінде де солай қолданылуы керек деген талап қойылды[3]. Сөйтіп тіл экологиясы сол кезеңнен бастау алып, тілімізге жат дыбыс тіркестері де еш кедергісіз еніп, тіліміз шұбарланып, ұлттық бояуы мен өзіндік реңін жоғалтып, сөзіміз де құлаққа жат әуенмен «ән салғанына» үйреніп кеттік. Тіліміз шұбарланып, ұлттық бояуы мен реңкін жоғалта бастады.
Бір тілден екіншісіне сөз ауыса берсе де, әр тілдің өзіндік дыбыстары мен жазу емлесі болатынын есте сақтаған жөн. Кейбір ғалымдардың «Бір тілдің бір тілді үстемелеп, байытып, түрлендіріп отыруы - барлық тілге тән ортақ заңдылық», «орыс тіліне бес-алты мыңдай түркі сөздері енген» деген пікірлері дұрыс айтылған, бірақ орыс тіліне енген түркі сөздері орыс тілінің дыбыстық заңдылығына сай өзгеріске түсіп енгенін, ал қазақ тілінде өзге тіл сөздері еш өзгеріссіз, басқа тіл заңдылығына сай алынғанын да ескеруіміз керек.
Жазудан айту басым болған кезеңдегі «оқымаған» халық орыс тілінен келген сөздерді өз тілінің ұлттық бояуымен көмкеріп, бөтелке (бутылка) бөшке(бочка), бәтеңке(ботинка), орыс(русс), шайнек(чайник), кәмпит(конфеты), ұшқыш(летчик), пәнер(фанер), жорнал(журнал) деп өз сөзі етіп алған еді. Осы халықтық ұстаным А.Байтұрсынұлы сияқты ғалымдар еңбектерінің негізгі тірегі болды[4]. Бірақ кейінгі кезеңде «операция», «ассимиляция», «электр», «эксковатор», «съезд», «космос», «бюджет», «атом», «театр», «архитектура», «фотография», «телеграф», «архив» т.б өзге тіл сөздері тау суындай тасқындап тілімізге өзгеріссіз келіп жатты.
Тілді тіл етіп, бар табиғаты мен болмыс-бітімін айқындап тұратын басты заңдылықтарының бірі - дыбыстардың бір-бірімен көрші тұруы, тіркесуі. Қазақ тілінде буын, сөз ішіндегі және сөз бен сөз аралығындағы дыбыстар өзара келісіп, үйлесіп, үндесіп, басқаша айтқанда бір-бірімен қол ұстасып, жарасым тауып, үндестік заңына бағынып тұрады. Бұл заңнан тысқары тұрған дыбыс, буын не сөз болмайды. Ал тілінде үндестік заңы емес, сөз екпіні үстем орыс тілінен енген сөздер қазақ тілінің басты заңдылығына кері әсер етіп келеді. Сондықтан қазақ тіліндегі әр сөздің табиғи бояуы дыбыстар тіркесі арқылы, яғни үндестік заңы арқылы танылады. Орыс тілі және осы тіл арқылы дауыстының не бірнеше дауыссыздың сөз ішінде, әсіресе, бір буында қатар келуі қазақ тілінің табиғатына жат тіркесімдер болып табылады. Осындай тіркесі бар сөздер қазақ сөзінің ұлттық бояуына дақ түсірді. Мысалы: поэма,дуэт, какао, соус, оазис, Аида, Раиса, Зоя, сияқты т.б сөздер тіліміздің айтылым табиғатына сай келмей тұр. Кейбір ғалымдар «қазақ тілінде сингармонизм елеулі өзгеріске ұшырады» деген пікір айтып, аралас буынмен жазылған кейбір сөздердің «естілімі әуезді де әсем ырғақты» айтылатынын тілге тиек етеді. Шындығында, аралас буынмен жазылса да, «бидай», «ғибрат», «жиhаз», «жина» т.б. сөздердің орфоэпиясы аралас емес екенін ескеру керек[5].
Тіл білімінде сөздің мағынасын өзгерте алатын, мағынаға қатысты дыбысты «фонема» деп атайды, ал оның сөйлеу барысындағы естілетін әр түрлі реңктері дыбыстың вариант, вариациясы деп аталады. Егер фонеманың реңктерін арнайы әріптермен таңбаласақ, оған таңба да жетпес еді, бұл дұрыс та болмас еді. Бірақ осындай кемшілік біздің қазіргі әліпбиімізде бар. Мысалы, «қ», фонемасының реңктері х, h дыбыстары қош-хош, қалық- халық, қабар-хабар, қайыр-хайыр, қақарман-қахарман-қаhарман, Гауқар-Гауhар-Гаухар деген сөздерде қай дыбысты қолдансаң да мағына өзгермей тұрғаны, бұл кемшілік бір фонеманы үш әріппен таңбалаудан туындаған. Сөйтіп, қазақтың «қ» фонемасымен айтылатын сөздер әліпбиімізге қазақ тілінде жоқ, орыстың «х» фонемасы енгізілуіне байланысты, бірде қазақтың «қ» фонемасымен, бірде орыстың «х» фонемасымен, енді бірде араб сөздеріндегі «h» фонемасымен әр түрлі жазылып, жұртты адастырып жүр. Сондай-ақ, қазіргі жазуымызда қазақ тілінде «қатаң дыбыстан соң қатаң дыбыс, ұяң дыбыстан соң ұяң дыбыс келеді» деген заңдылығы «сұхбат», «сахна», «мәслихат», «ресми», «шашлық», «лағман», «қызмет» сияқты т.б. көптеген сөздерде бұзылып жүр. «Емле», «мемлекет», деген сөздер де дұрыс жазылмай орнығып қалды. Қазақ тілінің дыбыстық заңы бойынша сөз басында- «и», «у», «л», «р», дыбыстары, ал сөз аяғында «б», «д», «ж», «г», дыбыстары келмейтін болса, йод, йон, университет, логика, ленолиуим, лагерь, радио, рельс, штаб, завод, гараж, массаж, монтаж, филолог, монолог, педагог сияқты т.б сөздерде дыбыстық әуеніміз басқаша күй кешіп тұр. Бір түбір сөздің ішінде бір дыбыстың қатар қайталануы бұрын араб сөздері арқылы келсе де, оны халық ұлттық бояуымен өзгертіп (молла-молда, алла-алда-Алдаберген, суннат-сүндет, үммет-үмбет) алса, орыс тілі арқылы келген «касса», «миллион», «тонна», «аппарат» сияқты сөздер шәлкес тіркестермен өзгеріссіз қолданып, жастарымыз өзгеріссіз айтып жүр[6.89].1
Басқа тілдің сөздеріне есікті айқара ашып тастап, «қонақжайлық» танытып, сол күйінде ала беру тілдің лексикалық жүйесінде өзге сөздердің салмағы арта түсуіне, өз сөзіңнің азая беруіне себепкер болады. Мұндай әрекеттер тілді өшірмесе, өсірмейді. Бүгінгінің білікті ғалымдарының бірі Б.Қалиев: «Халықаралық терминдер барлық тілде еш өзгеріссіз алынады, деген ой дұрыс емес»,-дейді[7.416]. Ғалымның бұл сөзінің дұрыстығын тіліміздің қазіргі жайынан-ақ анық байқауымызға болады. Бұл жөнінде Ш.Құрманбайұлы: «Терминологиямыздың негізгі бөлігін өзге тілдерден дайын қалпында қабылданған терминдер құрап тұрған біздің жағдайымызда ұлт тілінде термин жасауға айрықша мән берілуі керек», - дейді[8.95]. Қазақ терминологиясының өз ана тілімізде қалыптасуы – туған тіліміз болашағының бір кепілі. Сондықтан Б.Қалиұлы, Ш.Құрманбайұлы сияқты терминология саласы мамандарының көзқарастарына ерекше назар аударған жөн деп білеміз. Негізінен барлық терминді жалпы жұрттың білуі де міндет емес, бәрін білу де мүмкін емес, сондықтан жалпы жұртқа өз тіліндегі термин ғана қажет, ал маманға өз тіліндегі терминмен бірге халықаралық деңгейдегі терминдерді де білу қажет. Осы тұрғыда қарасақ, бізде, құдайға шүкір, өзге тілдегі, халықаралық деңгейдегі терминдерге сүрініп жығыламыз да, өз тіліміздегі, яғни А.Байтұрсынұлы ұстанымдары бойынша жасалған, терминдер, тіл-әдебиеттен басқа салада, өте аз екенін білеміз. Менің ойымша, терминология үлкен жауапкершілікті қажет етеді: барлық терминді өз тілімізде сөйлетеміз деген де, өзгертпей қабылдай береміз деген де қателеседі, осы екеуінің шегарасын таба білген ұтады. Сондықтан өзге тіл сөздеріне жармаса бермей, таза ұлттық терминология қорын жасауға ерекше мән беріп, Елбасының Жолдауында айтылған «Қазақ тілінің осы заманның биік талабына сай, бай терминологиялық қорын жасаған соң рет-ретімен, кезең-кезеңімен қоғамдық өмірдің бар саласына батыл енгізуіміз керек»,-деген тапсырмасын бағдар етіп алуымыз керек[1.72].
Әліпби өзгерту мәселесі тек кірме сөздерге ғана қатысты емес, өз тіліміздегі төл сөздерімізді де жазуда кеткен олқылықтарды жөнге келтіруге көмектеседі. Қазіргі заман — жазу заманы. Адам жазу арқылы білім алады, жазу арқылы бір-бірімен байланыс жасап, жүрген-тұрғанын, жасаған жұмыстарын да жазып отырады. Осы жазулар бүгінгі ұрпақтың орфоэпия (айталым) заңдылықтарын ұмытып, айтуы да, жазуы да орфография (жазылым) заңдылықтарымен жүруіне итермеледі. Яғни, жазылым (орфография) күшейіп, айтылымға (орфоэпияға) үстемдік ете бастаған кезең, себебі халық оқымаған кезде тіл бұзылмай келсе, жұрт сауаттанған сайын жазу ісі де белең алып, алға шықты. Сонымен бірге сөйлеу әрекеті де жазудың ықпалымен кетіп, айтылым талаптары көп ескеріле бермейтін болды. Жазудың қызметі айтуымызды дәл таңбалау болу керек еді, яғни жазуымыз біздің айтуымызға қызмет етуі керек еді. Ал іс жүзінде жағдай керісінше болып, тілдің негізгі тіршілігі – орфоэпиясының талаптары ұмытыла бастады. Қазақ тіл білімінде қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі тіліміздің айту нормасын сақтап, қазақ тілінің артикуляциялық базасына сай айту мен жазу арасындағы ерекшеліктерге жете назар аударту, әсіресе, ғылыми қауымды алаңдататыны тіл дыбыстарының айтылу нормасы сақталмауы болып отыр[9.141]. Қазіргі жастар арасында тілдің айтылым (орфография) және жазылым (орфография) заңдылықтарын ажырата қарамай, жазылым бойынша сөйлеуі етек алып бара жатыр. Мысалы; «аман келді» деген тіркесте сөз арасындағы «нк» дыбыстарын біреулері сол күйінде айтса, екінші бірі «нг» (амангелді), үшінші - «ңк»(амаңкелді), төртіншісі - «ңг»(амаңгелді) деп, төрт түрлі айта береді. Осы тіркестің төртіншісі тоғыспалы ықпал арқылы дұрыс айтылған. Бұл заңдылықты мектеп оқушылары түгілі, кейбір ғалым ағалар да: «Қазіргі жастар бұлай айта алмайды, дәстүр-дәстүр деп елдің бұрынғы оқымаған кезіндегі сөзін қазір үлгі етуге, артық кетуге болмайды» деп, ана тіліміздің басты ерекшілігін танытатын - үндестік заңын мойындағысы келмейді.
Орыс сөздерінде келген сөз басындағы қос дауыссызды қатар айтуға үйреніп кеткеніміз сонша - енді дұрыс тұрған қазақтың өз сөздерін де «қос дауыссызды қатар айту» үлгісімен бүлдіре бастадық. Мысалы, трактор, спорт, стакан, кран, сияқты т.б. сөздер басындағы қос дауыссызды қиналмай айтуға үйренген қазекем енді өзінің дұрыс тұрған сөздерін бр (бір), бреу(біреу), крсін(кірсін), қздар(қыздар), қрқ (қырық), стық(ыстық), рас(ырас),смағұл(ысмағұл-сымағұл), рсты(ырысты) деп бүлдіріп, екі дауыссыз арасында, не сөз басында келетін қысаң «ы», «і» дыбыстарын өте көмескі айтуға, тіпті айтпай кетуге бейімделе бастады.
Қазақ сөздеріндегі дауысты-дауыссыз дыбыстардан тұратын «ый», «ій», әріптерінің тіркесін орыстың «и» әрпімен, ал ұу/үу тіркесін «у» әрпімен беру туралы емле - ереже «и», «у», әріп таңбаларын дауысты дыбыс деп жаңсақ түсінуге себеп болды. Қазақ орфографиясындағы осы қиындық салдарынан «и», «у» «дауысты дыбыстан кейін келсе-дауыссыз, ал дауыссыздан кейін келсе, дауысты болады» деген «жаңылтпаш» ережені туғызды[6.50]. Сөйтіп, оқушы мен мұғалім түгіл, оқулық жазып жүрген «ғалымдарымыз» да өздері адасқанымен қоймай, жұрттың да миын ашытып жіберді. Сондай-ақ, қазіргі жазуымызда «ый», «ій», «ұй», «үй» дыбыстары тіркестерін таңбалайтын «и» әрпі мен жалаң дауыссызды таңбалайтын «й» әрпінің екеуі де сайып келгенде бір «j» фонеманы таңбалайтынын байқауға болады. Қазақ тіліндегі «ы», «і» дыбыстары, біріншіден, фонемалық қасиетімен қатар, екіншіден, қатар келген екі дауыссыздың арасына тұрып, селбеспелік қызмет атқарады. Сонымен қатар, осы дыбыстардың емлесіне көңіл аудару керек сияқты. Оны біреулер жазуда, шама келгенше, аз қолдануды жақтап, мағынаға әсер етпейтін жағдайларда жазбауды жақтаса, енді біреулер түбір мен қосымша арасында бірнеше дауыссыз қатар келмеуі тиіс, сондай-ақ буын мен сөз аяғында келмейтін «б», «д», «г», «ғ» дыбыстырынан кейін «ы», «і» қолданылғанын жақтайды. Осындай тағы басқа жағдайларға байланысты қазір «рақ/мет», «ем/ле», «бағ/лан», «мәс/лихат» деген т.б. сөздерді «ы», «і» дыбыстарынсыз жазып, ал осындай «қазына», «мағына», «қатынас», «абырой», «жұдырық» деген т.б. сөздерде «ы», «і» дыбыстарын түсірмей жазып жүрміз. Қазақ жазуы емлесіндегі күрделі мәселелердің бірі сөздерді бірге және бөлек жазудың теориялық ұстанымдарын, негізгі таянышын анықтау болып табылады. Сол сияқты орыс тіліндегі сөздерді үлгі ете аударған сөздердің емлесінде де ойланатын тұстар бар. Мысалы, жазу практикасындағы кемшіліктің бірі орысша баламасына қарап бір типтегі сөздердің бірін қосып (аяқкиім-обувь), екіншісін бөлек (бас киім – головной убор) жазу жиі кездеседі[10.50-63].
Егер біз қазір ештеңе жасамай жүре берсек, тіліміздің жай-күйі ертең не боларын дәл аңғармасақ та, төмендегідей сөйлемдер көбейе түсетініне көзіміз жетеді. Мысалы, «Институттағы физика-математика факультетінің студенттері онлайн-семинарға қатысты» деген сөйлемдегі өз сөзіміз бен өзгенің сөзін салыстырсақ, болашақтағы сөзіміз қалай боларына күдікпен қарар едік. Біздің тілімізді мұқатқысы келгендер де дәл осындай сөйлемдерді тауып алып, «көзге шұқып» жүргендері де рас. Бірақ қазақ тілінің бай сөздік қоры мен оның кез-келген нәзік ирімдерді де дәл жеткізе алатын оралымдылығы мен мүмкіндігі мол екендігін қазақ тілді оқырманға дәлелдеп жатудың қажеті бола қоймас, дегенмен сөйлемдеріміз дәл жоғарыда айтылған мысалдағыдай дәрежеге жете қоймаса да, тіліміздің болашағын ойламай жүре беруге де болмайтындығын көрсетеді.
Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық негіздері жөнінде зерттеу жүргізген ғалым Н.Уәлиев айтылған сөзді арнайы таңбалармен жазу мәселесін дыбыс – фонема – графема - әріп байланыстары арқылы түсіндіріп, инвариант – вариант тұрғысынан талдайды[11.14]. Сондықтан латын әліпбиіне көшу жұмыстарында дыбыс – фонема – графема - әріп байланыстарын терең түсінетін ғалымдар Ә.Жүнісбек, Н.Уәли, Қ.Күдеринова сияқты т.б. фонолог мамандардың сөзіне құлақ қойған жөн деп білеміз. Латын графикасына (таңбасы) негіздерген қазақ әліпбиін жасау ісінде тіліміз дыбыс жүйесіндегі төл дыбыстар мен өзге тілден енген кірме дыбыстарды жеке-жеке қарастырып, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен жазу барысында туындайтын әр түрлі заңдылықтары ескерілуі тиіс. Сондықтан Әліпби жобасын жасау ісінде латын графикасын қазақ әліпбиіне икемдеу бағытында өзінің салмақты ойлары мен ғылыми маңызды зерттеулерін көп талқысына ұсынып жүрген білікті ғалым Әлімхан Жүнісбек еңбектерінің маңызы зор деп білеміз. Қазіргі таңда Ә.Жүнісбек бастаған ғалымдар қазақ тілі дыбыс жүйесіндегі 28 фонеманы (9 дауысты, 19 дауыссыз) латын графикасымен таңбалап, жаңа қазақ әліпбиін дайындап отыр[12]. Бұған қоса, кірме сөздерді таңбалау үшін «в», «ф», «һ» әріптері де әліпбиге алынуы мүмкін. Себебі бұл әріптер 1938 жылы әліпбиімізге енгізгелі қазақ тілінде әбден орнығып, біздің еркімізден тыс 80 жылға жуық уақыт қазіргі сөйлеу тіліміздегі болып жатқан үдерістерді таңбалап жүр деген көзқарас бар. Сөйтіп, ғалымдар шамамен 31-32 әріптен тұратын әліпби жасауды нысана етіп отырған сияқты. Бұл бұрынғы 42 әріптің қысқарып, шамамен 10 таңбасы алынып тасталынатынан көрсетеді. Мысалы, бұрынғы әліпбиде «ащы», «тұщы» және өзге тілден келген «щетка», «щи» деген санаулы сөзді таңбалау үшін арнайы «щ» әрпі алынған болса, енді осындай әріптердің қысқаруы нәтижесінде кірме әріптерге қатысты 30-40 басы артық ереже өзінен өзі жойылып кетеді екен. Сондықтан қазір Ә.Жүнісбек, Н.Уәли сияқты ғалымдар қазақ әліпбиін латын графикасына көшіріп қана қоймай, бұл жұмысты одан әрі қазақ жазуын реформалау (қайта қарастыру) ісімен байланыстыру қажеттігін айтып отыр.
Қазіргі таңда латын әліпбиі үлкен беделге ие болып, қолданыс аясы да мүмкіндігі де зор екендігін танытып отыр. Латын әріптері графизация (әріп таңбалау) заңдылықтарына, яғни, «көру-қабылдау-тану» талаптарына да сай. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатаны байқалады. Барлық дәрі-дәрмек атаулары, математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер т.б латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады. Латын графикасын қолданатын барлық елдердің әліпбиіндегі әріп саны тілдегі фонемалар санынан әлде қайда аз болуы да оның жетістігі болып табылады. Латын әліпбиінде әр түрлі диакритикалық таңбалар (нүкте, қос нүкте, сызықша, айшық, дәйекші т.б), яғни қосымша белгілер арқылы көптеген елдің барлық фонемалары латынның 26 таңбасымен ғана белгіленуі жазу үнемділігін танытатын тиімді әліпби дәрежесіне жеткізіп отыр. Жазуға қойылатын басты талап лингвистикалық (тілді дәл жеткізу) бағытта ғана емес, техникалық жағдайларға (баспа ісі, компьютер, телефакс, интернет т.б.) да сай болуы керек. Қазір латын әліпбиі осы талаптар биігінен де көрінеді, сондықтан оның бұл артықшылығын ескеріп, халық өз еркімен таңдауға мүмкіндігі болып тұрғанда әлемнің озық елдері игілігін көріп, көпшілігі қолдап отырған латын әліпбиіне біздің де көшкеніміз дұрыс деп білеміз.
Жазу - әрбір халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні зор құбылыс. Ол өткен мен бүгінді, бүгін мен келешекті жалғастыратын алтын көпір. Сондықтан жазу, алфавит адамзат тарихындағы құнды дүниелердің бірі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдыратын байлығымыз. Қазіргі орфографиямыздағы кейбір қиындықтарға қарап, «біздің жазуымыз осыншама сын көтермегені ме?» деп те ойлауға болмайды. Осы жазуымыз аға ұрпаққа білім беріп, оларды талай биіктерге жетеледі, қазақтың әдебиетін, мәдениетін, ғылымын көтерді, егеменді мемлекетімізге де қызмет етіп келеді. Енді жағдай өзгерді, біз бұрынғыны қанағат етіп қана қалмай, алға ұмтылған, әлемдегі дамыған озық елдердің деңгейінде ғана емес, алдыңғы қатардан көрінуге мүмкіндігі мол егеменді Қазақ елі ретінде әліпбиіміз бен жазуымызға да мемлекеттік тіл дәрежесіндегі Қазақ тілін әлемге таныта алатындай жағдай жасауымыз қажет. Латын графикасы арқылы таңбаланған қазақ әліпбиі мен жазуы қазақ елін осы биіктерге бастайтынына кәміл сенеміз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан — 2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Жолдауы.- Астана, 2012 ж.
2. Бизақов С. Емлені ескеруіміз керек// «Ана тілі» газеті, 2013. № 7. 14-20 ақпан, 4- б.
3. 1920-30 жылдардағы қазақ тілі жөніндегі зерттеулер:- Қарағанды : ҚарМУ, 1994.-19-22 б.
4. Жүсіпұлы М. Ахмет Байтұрсынов және қазіргі қазақ тілі фонологиясы.– Алматы: Ғылым, 1998. - 216 б.+
5. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі // Құрастырған: Н.Уәлиұлы, К.Күдеринова, А.Фазылжанова.- Алматы: «Арыс», 2004.- 784 б.
6. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі.- Алматы: Сөздік-Словарь, 1999.-200 б.
7. Қалиұлы Б. Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ терминдері.//Ұлттық рухтың ұлы тіні.- Алматы: Ғылым, 1999.- 409-416 б.
8.Құрманбайұлы Ш. Ұлттық ғылыми терминологияны қалыптастырудағы жүйелілік мәселесі // Мемлекеттік тіл: терминология, іс қағаздары мен бұқаралық ақпарат құралдарының тілі. – Астана, 1999. – 93-99 б.
9. Сәдуақас Н.Ә. Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі.– Ақтөбе: Литера- А, 2008. - 275 б.
10. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі сөздігі - Алматы: «Қазақстан», 1988.- 400 б.
11.Уәлиев Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық негіздері. КДА. – Алматы, 1993. – 25 б.
12. Жунисбек Ә. Әліпби ауыстыруды жазху реформасына айналдыру керек. - Орал: Ағартушы, 2007
Түйіндеме
Зерттеу жұмыс «Латын әліпбиіне көшу: проблемалары мен перспективалары» деп аталады.
Біз, қазақ елі, уақыт көшіне ілесіп, қалып қоймай, әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу үшін, жалпы ұлт ретінде сақталып қаламыз десек, көп кешікпей, әліпбиімізді латын жазуына көшіруіміз керек. Бұл – бүгінгі күннің талабы.
Латын әліпбиіне ауысу – біздің ұлттық санамыздың отарсыздануының бір жолы. Бір ғана мысал, еліміздің латын әрпіндегі транскрипциясын Kazakhstan деп емес, Qazaqstan деп жазған болар едік.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген