Материалдар / Ғылыми зерттеу жұмысы "Математикалық сауаттылық"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми зерттеу жұмысы "Математикалық сауаттылық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Математикалық сауаттылыққа байланысты есептер алынған. Алынған есептер ұлттық бірыңғай тестілеуге 11 сынып оқушыларының байқау сынағы есептерінен алынған. Есептерді оқушы байқау сынағы кітапшаларынан алып, өзі құрастырған. Ұлттық тесттің жаңа форматында математикалық сауаттылық енгізілгеннен кейін оқушы қызығушылығы болды.Математикадан алған білімді өмірде әртүрлі жағдайларға байланысты есептерді шығарғанда пайдалана алу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2018
2455
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Математикалық сауаттылық

«Сәтбаев қаласының № 1 мектеп-гимназиясы» КММ, Сәтбаев қаласы, Қарағанды облысы 7 сынып оқушысының ғылыми-зерттеу жұмысы,жетекшісі жоғара санатты математика пәнінің мұғалімі А.А.Байзакова

Зерттеудің мақсаты:

Күнделікті өмірде туындайтын көптеген мәселерді шешу үшін алған білім және біліктілік қабілетімді анықтап, практикада қолдана алатын дағдыларымды дамыту

Тақырыптың өзектілігі:

Өмірімде математиканың қандай роль атқаратынын түсіну, математика саласында пәндік білімді түрлі жағдайларда қолдана алуға үйрену

Кіріспе

Оқушыларға функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру процесінің негізі болып табылады. Математикалық сауаттылық сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқып үйренудің ғылыми бейнесін меңгерудегі басты құралы ретінде ерекше көңіл бөлу қажет. Математикалық сауаттылық оқушылардың математикалық тексті оқуына, жазуына және қайтып айтып беруіне, жазылғандар мен айтылғандарды түсіне білуіне ең минимальді талап ретінде қарауды қажет етеді.Оқушылар арасындағы функционалды сауаттылықтың қалыптастырудың жоғары деңгейі қоғамда тиімді қызмет етудің қабілеттілігіне, өзін-өзі анықтауға бағытталған қабілет, өзін-өзі дамытуға және қалыптастыруға бағытталады. ХХ1ғасырда жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты болу заман талабы. 2017 жылы ҰБТ-ның жаңа форматына функционалдық, математикалық сауаттылық енгізілді, сондықтан менің математикалық сауаттылыққа қызығушылығым болды, сол қызығушылығыма байланысты 11-сынып оқушыларының байқау сынағында берілген тапсырмаларын алып, өздігімнен ізденіп, сол тапсырмалардан өзімнің оқитын сынып деңгейіме сай есептерді шығардым.

Негізгі бөлім

Мынадай тапсырмаларды орындадым.

1.Марат және Жанат кітап сатып алғылары келді. Маратқа 70 теңге керек, ал Жанатқа 10 теңге керек. Олар кітапты бірігіп сатып алмақшы болды, бірақ ақшаларын қосқанда да жетпеді. Кітаптың бағасы бүтін сан болса, оның бағасын табыңыз. А) 35тг В) 60 тг С) 40тг Д)70тг Е) 50 тг шешуі:

кітап алу үшін Маратқа 70 теңге керек, жауапқа қарасақ 4 жауапта 70-тен кем сандар, сонда Маратта 0 теңге болғаны.

Жауабы: Д) 70 теңге

2. Амина 4 жаста, оның апасы Назерке жасы одан 3 есе үлкен. Назеркенің жасы Аминадан екі есе үлкен болған кезде, Амина қанша жасқа толады.

А) 12 В) 9 С) 10 Д) 8 Е) 16 шешуі: Амина жасы 4-те болса, Назеркенің жасы 12-де болады. х жылдан соң 2( 4+х ) = 12 + х теңдеуінен х=4 Амина жасы 8-де болады.

Жауабы: Д) 8

3. 2017²º¹6 саны қандай цифрмен аяқталатынын анықтаңыз.

А) 3 В) 6 С) 7 Д) 1 Е) 9 шешуі: 2017 санының дәрежесі 2016. 2016= (504)4, 2017 –нің соңғы цифры 7. 7*1=7;7*7=49; 49*7 =343; 343*7= 2401; 2401*7= ----7; ----7*7=-----9 сол 7 санын өзіне көбейтіп, шыққан санға 7-ні көбейтіп, қайталап отырсақ мынадай алгоритмге келеміз:көбейтіндінің соңғы цифры 7,9,3,1 қайталанады.2016=(504)4 болғандықтан 7-нің 4 дәрежесі 1 санымен аяқталады , сондықтан берілген сан 1-ге аяқталады.

Жауабы:Д) 1

4. Сымнан қабырғасы 12см болатын тең қабырғалы үшбұрыш жасалған, осы сымнан жасалған квадраттың ауданын табыңыз

А)36 В) 81 С) 144 Д) 16 Е) 49 шешуі: тең қабырғалы үшбұрыш периметрі 36 см, ол квадрат периметрі болады, 36/4═9 квадрат қабырғасы а=9 см, ауданы S=81 см²

Жауабы: В)81см²

5. 5-ке бөлінетін 3таңбалы сандарсанынтабыңыз.

А)180 В)200 С)100 Д)90 Е)300 шешуі: 5-ке бөлінетін 3 таңбалысандар 100,105, … , 995 995-100/5+1 =180

Жауабы:А)180

6. Егер а-в=2 және а²- в²=28 болса, онда а мен в мәні

А)а=6,в=4 В)а=4, в=6 С)а=7, в=5 Д) а= 8, в= 6 Е)а=6, в=8 шешуі: (а-в)(а+в)=28 (а-в)=2 (а+в)=14 екеуінқоссақ а=8 а-ныңорнына 8-ді қойсақ в=14-8=6

Жауабы: Д)а= 8, в= 6

7. 8; 23; 48; 83;128;... сан тізбегі берілген. Сан тізбегінің келесі санын табыңыз.

А)168 В)143 С)183 Д)123 Е)168 шешуі:8+15=23 23+25=48 48+35=83 83+45=128 128+55=183

Жауабы: С) 183

8.Кітап беттері 559 цифмен нөмірленген. Егер кітап беттері оның үшінші бетінен бастап нөмірленсе, кітапта барлығы неше бет болған?

А)222 В)225 С)221 Д)223 Е)224 шешуі: бір цифрмен нөмірленген бет саны 9,цифр саны 9; екі цифрмен нөмірленген бет саны 90, цифр саны 180; үш цифрмен нөмірленген бет санын табамыз ((559+2) - 189)/3+99 ═124+99═223

Жауабы: Д)223

9.Әсем мен Жанат бір поезда келе жатты Әсем алдынан санағанда 7-і вагонда, Жанат соңынан санағанда 7-і вагонда екеуі бір вагонда келе жатты, поезда қанша вагон бар? А)12 В)13 С)15 Д)14 Е)17шешуі: алдынан, соңынан санағандағы 7-і сан болса, барлығы 13.

Жауабы:В)13

10.Әсемнің сағаты әрбір бір сағатта 4 секунд қалып қалады. Әсемнің сағаты бір тәулікте қанша уақытқа қалып қалатынын анықтаңыз.

А)1 мин 36 сВ) 48 с С) 1 мин12с Д)1 мин 34с Е)1 мин 48 с шешуі: 4 секундты тәулікте 24 сағатқа көбейтеміз 4*24═96 с ═1мин 36с

Жауабы:А) 1мин 36с

11.Екі санның қатынасы 2:3 қатынасына тең. Егер бірінші санға 10 санын қосса, осы екі санның қатынасы 4:5 қатынасына тең болады. Осы сандарды табыңыз.

А) 50;75 В) 30;45 С) 75;100 Д)100;125 Е) 25;75 шешуі: бірінші санды х деп, екінші санды у деп белгілеймін х/у═2/3 х+10/у═4/5 осы екі теңдеуден екінші теңдеу

х/у+10/у═4/5 2/3+10/у═4/5 2у═150 у═75, х═50

Жаубы: А) 50;75

12. А және В-ны салыстырыңыз. А- 20 санының бөлгіштерінің саны; В- 20 санының 130-дан кіші еселіктерінің саны.

А) А≤В В) А≥В С)А═В Д)2А═В Е)берілген мәліметтер жеткіліксіз шешуі: 20-ның бөлгіштері 1;2; 4;5;10; 20 саны алтау, 20-ның еселіктері 20;40;60;80; 100;120 130-дан кіші еселіктерінің саны саны алтау А═6, В═6, А═В

Жауабы: С) А═В

13. Ең үлкен және ең кіші үш таңбалы сандардың қосындысы қаншаға тең? Егер бұл сандардың цифрлары әр түрлі сандар болса.

А) 1078 В) 1089 С) 1096 Д) 1100 Е) 1200

шешуі: цифрлары әр түрлі ең кіші сан 102, цифрлары әр түрлі ең үлкен сан 987 102-987═1089

Жауабы: В) 1089

14. Тік төртбұрыштың периметрі 28 см. Оның ұзындығының еніне қатынасы 4:3 қатынасындай. Тік төртбұрыштың ауданын табыңыз.

А)52 см² В) 46 см² С) 48 см² Д) 54 см² Е) 59 см²шешуі: 2(4х+3х) ═ 28

х═2, а ═ 8, в ═ 6S═ 48 cм²

Жауабы: 48 см².

Қорытынды

Математикалық сауаттылық есептері ҰБТ-ның жаңа форматына енгізілгендіктен ол қандай есептер екен деген сұрағым болды. Сол есептерді білу үшін 11- сынып оқушыларынан байқау сынағындағы тапсырмаларын сұрап қарадым. Сол есептерден өзіме ұнағандарын шығардым.Математикалық сауаттылық есептерін шығару барысында математикадан білім мен біліктерімді қолдандым. Берілген есептерді талдап, дәлме-дәл тұжырым жасауға дағдыландым. Мәселелерді дәлме-дәл шешу үшін математиканы қолдануға үйрендім,сан тізбегіндегі белгісіз санды табу үшін алгоритм құра алдым, тік төртбұрыш ауданын берілген есеп мазмұнына сай есептей алдым, сым арқылы тең қабырғалы үшбұрыш бір қабырғасы ұзындығы беріліп, сол сымнан жасалған квадрат ауданын таба білдім яғни математикадан алған білімімді қолдана отырып, ойлап практикада қалай екенін елестете отырып таптым. Адам жастарын, уақыт мезетін, кітап бетінің санын, алатын затына сай қанша ақшалары бар екенін есептейтін есептерді шештім. Мұндай мазмұндағы есептер күнделікті өмірде кездеседі, сондықтан шығару өте қызық, бұл есептердің бәрін шығармашылықпен ізденіп, шығардым. Алдағы уақытта да мұндай есептерді шығаруды жалғастырамын, себебі бұл есептер мені қатты қызықтырады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Математика-логика: тест жинағы.Алматы: «Достық» Қазақстандық білім беру орталығы, 2015

2.Байқау-сынағы, 2017 тапсырмалары. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі, Ұлттық тестілеу орталығы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!