жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғылыми-зерттеу жұмысы "You Tobe"қазақша сөйлейді 2 сынып
«АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» ММ
«К.НОКИН АТЫНДАҒЫ №65 ЖББОМ» КММ
Ғылыми – зерттеу жұмысы
«YOUTUBE (ЮТЮБ)» ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙДІ
Ақтөбе қаласы, 2018 – 2019 оқу жылы
«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ
«К.Нокин атындағы №65 ЖББОМ» КММ
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «YouTube (ютюб)» қазақша сөйлейді»
Бағыты: 3 секция «математика, информатика»
Орындаған: 1 «ә» сынып оқушысы
Тынышева Айгерім
Жетекшісі: Жүсіпова Гүлнұр Нұрболатқызы
Ақтөбе қаласы, 2018-2019 оқу жылы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбы:«YouTube (ютюб)» қазақша сөйлейді»
Зерттеудің өзектілігі: интернет қажетті, оны дұрыс пайдалана білу маңызды
Зерттеу объектісі: ғаламтор, әлеуметтік желілер, ютюб сайты
Зерттеу мақсаты: Ғаламторды және ютюб желісін зерттей отырып, ютюбтағы қазақ тіліндеге бейнематериалдардың сан түрлі екендігін дәлелдеу;
Зерттеу міндеттері:
Интернет туралы ақпарат жинау;
Әлеуметтік желі түрлерін анықтау;
Ютюб желісі туралы мәліметтерді талдау;
Ютюбтағы қазақ тілді материалдарды жинақтау;
Ютюбтағы қазақ тілді материалдарды класстастарымен бөлісу;
Зерттеудің жаңалығы: YouTube әлеуметтік желісінде қазақша тілдегі бейнероликтер өте көп екендігін, балалар олардың бар екендігін білмегендіктен қарамайтындығы.
Зерттеу әдістері: жинақтау, жүйелеу, талдау, баяндау.
Зерттеу кезеңдері:
І. Даярлық кезеңі. Кіріспе.
ІІ. Тақырыпты зерттеу кезеңі.
ІІІ. Жұмысты қорғауға әзірлік кезеңі. Жетекшімен бірлескен жұмыс, өзіндік ой қорыту, жұмыс негізінде баяндама, презентация (слайд) даярлау.
ИНТЕРНЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Инернет дегеніміз не?
К
ішкентай
жасыма қарамастан интернетті ауаға
теңер едім. Себебі онсыз ешқандай мәселе
шешілмейді. Интернетті отбасыммен де
байланыстыруға болады. Осындай тұжырымға
келіп отқан себебім, әкем интернеттен
көліктер, тұрмыстық өмірге қажет
құрал-саймандар қарайды. Анам жасайтын
тамақтары туралы мәлімет іздейді. Апам
интернет арқылы сабақ оқиды. Ал ата-әжем
сериал қайрайды.
Ғ
ылыми
тілімен айтқанда, бір немесе бірнеше
мемлекеттің аумағында орналасқан
желілер ғаламдық деп аталады. Internet –
миллиондаған компьютерлерді бір алып
желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз
қол жеткізу және түрлі амалдармен
қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын
дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал
желі. Internet сөзі тікелей мағынасында
халықаралық желі дегенді білдіреді
(INTERnational NETwork).
Internet – бұл дүниежүзіндегі компьютерлер жиынтығы.
А
л
ауызекі тілмен айтқанда, талғамыңыз
бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi
қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.
Алыстағы немесе шетелдегі тума-туыстарына,
достарына бір мезетте хабарласуға,
үйден шықпай-ақ даладағы қызықты
жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы
мәлімет алуға, қандай да бір тауарға
не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз
ғана уақыт аралығында электронды пошта
арқылы хабарламалар алмасуға,
бейнеконференциялар өткізуге және
тағы да басқа көптеген мүмкіндіктер
ұсынады.
Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы жаңалықтарын бiлгiңiз келсе Интернет жәрдем беруге әзiр.
Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен, қонақ үймен таныса аласыз. Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, мектеп оқушысы да бәрi-бәрi қажет ақпарат таба алады.
Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi.
Интернет 1960 жылдары АҚШ-та пайда болған.
1990-шы жылдары Интернетті пайдаланушылар саны күрт өсті. Ал 2000 жылы оған 5 млн компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты. Ал қазірде интернет бүкіләлемдік қолданысқа ие.
Интернеттің
негізі АҚШ-да жасалғанымен, оның нақты
қожайыны жоқ. Әрбір үкімет, компания,
университет, мектеп, мемлекеттік
мекемелер ақпараттық қызмет ұсына
отырып, бұл желінің тек қана өз бөлігіне
иелік жасайды.
Интернеттiң мүмкiндiгi
шексiз. Алайда Интернетке жеке дара
ешкім де қожалық жасай алмайды. Сондықтан
ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік
қазынасы болып табылады.
Internet-тегі ақпараттар веб-сайттар түрінде ұсынылады.
Тағы бір анықтамасы мынадай: Интернет – жергілікті, аймақтық және корпоративтік желілер өзара, өткізу мүмкіндігі жоғары, есепсіз ақпаратты жіберу арналарымен қосылған ғаламдық компьютерлік желі. Сондықтан Интернетті желілердің желісі дейді.
Көптеген ақпаратты қорғауға мүдделі ұжымдар (мысалы, әскери, банктер және т.б.), рұқсатсыз кіруден қорғау үшін, өздерінің жеке корпоративтік желілерін жасайды. Корпоративтік желілер, әр елдерде және қалаларда орналасқан, мыңдаған және он мыңдаған компьютерді біріктіруі мүмкін.
1
.2
Интернеттегі әлеуметтік желіліер
Интернеттің негізгі ұсынатын тауары – сайттар және әлеуметтік желілер.
Әлеуметтік желілер – адамдардың бос уақыттарында Интернетте бірігетін қоғамдастық сайттары. Осы сайттарда адамдар жедел түрде мәліметтер алмасады және достар табады. Бірақ осы сайттар арқылы тек қатынасып қана қоймай, адамдар музыка, видео іздеуі де мүмкін.
Ә
леуметтік
желілерде адамдар өзі жайлы мәліметтер
тастап қалдыра алады (туған күні, оқыған
мектебі, университеті, ермектері және
т.б.), басқа қатынасушылар осы мәліметтерді
пайдаланып сол адамды таба алады.
Әлеуметтік желінің қызметі мұнымен
тоқтап қалмайды.
Әлеуметтік желілерде достармен, басқа қолданушылармен хат алмасуға; сурет алмасуға; сурет, видео, жазба-мақала жариялауға болады.
Ә
лем
бойынша ғаламторда көбінен тараған,
танымал және ең көп қолданылатын
әлеуметтік желілер:
Facebook
Twitter
ВКонтакте немесе VK
Instagram
Одноклассники
YouTube
Badoo
Pinterest
9. WhatsApp
10. Askfm
Е
ндігі
кезекте біздің елімізде кеңінен тараған
әлеуметтік желілірге тоқталамын.
Өзімнің зерттеу жұмысымда осы желілер
туралы ақпарат іздедім. Көпшілік бұл
желілерді қолданғандарымен, оның шығу
тарихын біле бермейді.
E-mail (Electronic Mail) - электрондық пошта. Желі тұтынушылары
а
расында
мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын
қызмет жүйесі. Бұл желі 1965 жылы Массачусетк
– технологиялық институтының
қызметкерлері Ноэль Моррис пен То Ван
Влектің MAIL бағдарламасын жазу арқылы
пайда болды.
ВКонтакте немесе VK (орыс. ВКонтакте, "байланыста" деген мағына береді) — орыстілді ғаламторда танымал ресейлік көптілді әлеуметтік желі. "Вконтакте" әлеуеттік желісінің негізін салушы — Павел Дуров. Бұл желі 2006 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Танымалдылығы жөнінен Белоруссия және Украинада – бірінші орынды, Ресейде – екінші орынды және Қазақстан бойынша төртінші орынды иеленеді.
F
acebook
— әлемдегі
ең ірі әрі ең танымал әлеуметтік желі.
2004 жылы Марк Цукерберг Facebook-тың негізін
қалады. Марк Цукерберг 23 жасында өзінің
сайтының арқасында әлемдегі ең жас
миллиардер болды.
I
nstagram
- фотосуреттер
және видео бөлісуге арналған әлеуметтік
желілік онлайн қызмет. Оның көмегімен
қолданушылар фотосуреттер жасауға,
оларға фильтр қолдануға, сонымен қатар
оларды басқа да әлеуметтік желілер
арқылы таратуға мүмкіндіктері бар.
Instagram әлеуметтік желісін дайындауды
Кевин Систром мен Майк Кригер
Сан-Францискода бастады. Желінің
қосымшасы Apple компаниясының App Store атты
қосымшалар дүкенінде 2010 жылдың 6
қазанында пайда болды.
T
witter
- (ағылш.
Twitter — «сайрау») қысқа мәтіндік жазбалар
жазуға арналған әлеуметтік желі немесе
жүйе. Тwitterдің бас кеңсесі Сан-Франциско
қаласында (Калифорния штаты) орналасқан.
Ашылған уақыты: 15 шілде 2006 жыл.
W
hatsApp
— смартфондарға
арналған мессенджер. Мәтіндік
хабарландыру, сурет, видео және аудио
жіберуге болады. Мессенджерді жасаған
компанияның негізін Ян Кум және Брайан
Эктон 2009 жылы Калифорния штатында
құрған.
Y
ouTube
- бұл
бейнероликтерді және бейнематериалдарды
жүктеуге, қарауға арналған әлеуметтік
желінің қызметінің бір түрі.
2. «YOUTUBE (ЮТЮБ)» ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙДІ
2.1 «YouTube (ютюб)» туралы не білеміз? |
Менің зерттеу нысаным – Ютуб әлеуметтік желісі. Себебі Ютуб балаларға басқа әлеуметтік желілерге қарағанда қолжетімді.
Оны дәлелдеу үшін мен 1,2 класс оқушылары арасында сауалнама жүргіздім.
Сауалнамаға келесі сұрақтарды қойдым:
Сіз әлеуметтік желіге тіркелгенсіз бе?
Сіз «youtube (ютюб)» қарайсыз ба?
Бұл сауалнамадан шығатын қорытынды, оқушылардың барлығы – ютюб әлеуметтік желісімен таныс. Және пайдаланады.
Балалардың қолданысындағы ең танымал желі туралы қандай ақпараттар бар соған тоқталайық.
YouTube — бұл бейнематериалдар орналасатын сайт.
Мұнда қолданушылардың қандай да бір бейнежазбаларды қосуға, қарауға не оларға түсінік беруге мүмкіндігі бар.
YouTube қолдануға ыңғайлы және қарапайымдылығының арқасында бейнефайлдарды орналастыруға арналған ең танымал орындардың біріне айналды. Бұл сайтта кәсіби түсірілген фильмдер мен клиптермен қатар әуесқойлық бейнежазбалар, сонымен қатар бейнеблогтар бар.
Бұл
жобаның негізі - 2005 жылы ақпанның 15-інде
Калифорния, Сан-Брунодағы Paypal фирмасының
бұрынғы үш жұмысшыларымен бастамасымен
құрылған.
Олар берілетін мәліметтердің аз көлеміне қарамастан жазбаның жақсы сапалы болуына мүмкіндік беретін Flash Video технологиясын қолданды. Бұл жоба жақсы көңіл көтеру құралына айналып, өзінің бірлестігін құрды.
Құрылған жылы: 15 ақпан 2005 жыл;
Құрушы: Стив Чен, Чад Херли, Джавед Карим;
Орналасқан жері: Сан-Бруно, АҚШ;
Саласы: интернет, видеохостинг;
Басшы компания: Google Inc.;
Сайты: youtube.com;
You Tube-те ең алғаш бейне 2005 жылдың 23 сәуірінде орналастырылды.
2006 жылдың қараша айында YouTube қызметін Google компаниясы 1,6 миллиард долларға сатып алды.
2015 жылы 15-сәуірде YouTube сайтына 15 жаңа тіл қосылды. Олардың қатарында қазақ тілі де бар.
Google компаниясы YouTube-ға басқа жетістікке қол жеткізді. Ай сайын YouTube қызметіне кіретін бірегей пайдаланушылардың саны 2013 жылғы санақ бойынша 1 миллиардтан асты. Бұл ғаламшардың әрбір жетінші тұрғыны және екінші интернетті пайдаланушысы айына бір реттен кем емес бейне хостинг сайтына қарайды дегенді білдіреді.
Егер YouTube ел болса, Қытай мен Үндістаннан кейін халық саны жағынан әлемде үшінші орын алар еді.
• YouTube пайдаланушыларының жалпы саны - 1 300 000 000 (бір миллиард, үш жүз миллион)
• YouTube-қа әр минут сайын 300 сағаттық бейнероликтер жүктеледі.
• YouTube-та әр күн сайын 5 миллиардқа жуық бейнеролик қаралады.
• YouTube-ты күніне 30 миллионнан астам адам қолданады.
• Орташа алғанда, 18-49 жас аралығындағы адамдардың 10-нан 8-і YouTube-ты қарайды.
• YouTube-ғы бейнені әр айда бақылайтын сағаттың жалпы саны 3,25 млрд.
• Әйелдер үлесі 38% құрайды.
• Ерлер үлесі 62% құрайды.
• Пайдаланушылардың жасына қарай пайызы:
2.2. YouTube (ютюб)» қазақша сөйлейді
Барлық кішкентай балалар қарайтын әлеуметтік желі – YouTube әлеуметтік желісі екендігін мен дәлелдедім.
Ендігі кезекте менің назар аударған проблемаларымның бірі – оқушылар, кластастарым ютюбты қарағанда, біріңғай орыс тіліндегі видеоларды қарайтындығы. Осы менің ойымды анықтау үшін біз жетекшіміз екеуміз 1,2 класс оқушыларымен сұхбат жүргіздік.
Сұхбаттасудың қорытындысы бойынша оқушылар ютюбтағы қазақ тіліндегі видеоларды білмейді екен. Осы мақсатта біз ютюбтағы қазақ тіліндегі балаларға арналған бейнематериалдарды қарап, олар туралы ақпарат жинадым.
YouTube-та қазақ тілінде жүргізілетін бағдарламалар өте көп. Мен зерттеу жұмысының барысында соны анықтадым.
Қазақ мультхикаялары мен ертегілерінің барлық түрі көрсетіледі. Мысалы: Қазақ елі, Көліктер 2, Мақтаншақ қыз, Қошқар мен теке (1 бөлім) және тағы басқалар.
Қазақ тілінде бағдарламаларда өте көп. Олардың бірі «Дара тұлға» оқу-танымдық анимациясы. Ұнаған себебі, оның әр бөлімінде қазақтың бір ұлы тұлғасы жайында баяндайды. Бөлім барысында оның өмірбаяны мен жасаған еңбектері, жеткен жетістіктері мен көрген қиындықтары ерекше түрде, балаға түсінікті жолмен көрсетіледі.
Сонымен қатар ауқымды каналдардың да қазақ тілінде жүргізілетін бағдарламалары бар. Атап айтатын болсам: «Тәй-Тәй» Шоу бағдарламасы, «Күлдір-Бүлдір», «I - balapan» танымдық бағдарламасы, «Ойлан тап!» викториналық ойын-сауықты бағдарламасы, сонымен қатар сөйлеуге, санауға және т.б. үйрететін интеллектуалды да бағдарламалар бар.
YouTube желісіндегі қазақ тіліндегі балаларға арналған көп қаралымға ие бағдарламалардың бірі – «Тәй-Тәй» Шоу бағдарламасы. Ол бағдарламаның басты мақсаты: 3-6 жас аралығындағы балаларды өз мақсаттарына жету үшін үйрету. Баланың бойында бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыру. Ата-аналардың дұрыс тәрбие беру туралы мысалдарын көрсету, кері байланыс орнату және ата-аналар мен балалар арасындағы салауатты қарым-қатынас. Кішкентай балалардың таланттары мен қабілеттерін көрсету арқылы аудиторияға жақсы көңіл-күй сыйлау.
Өзім балаларға арналған қазақ телехикаяларының ішінен «Томпақ» балалар телехикаясын күнде қараймын. Бұл телехикая – балаларға арналған Қазақстандағы тұңғыш анимациялық телехикая. Фильмде шынайы өмір мен фантастика араластырылған. Томпақ телехикаясы балаларды достықты қадірлеуге, патриотизмге, туған өлкесін мақтан тұтуға және елін құрметтеуге шақырады.
Сөз соңында, мен бұл тақырыпты талдағаныма өте қуаныштымын. Себебі мен достарыммен бұл ақпараттармен бөлісіп, қазақ тілінің дамуына өз үлесімді қостым.
ҚОРЫТЫНДЫ
Менің жобамның негізгі мақсаты интернеттерді талдай отырып, YouTube әлеуметтік желісінде қазақша тілдегі бейнероликтер өте көп екендігін дәлелдеу. Соны балаларға қараса екен деймін, ата-аналар соны балаларына көрсетсе екен деп айтқым келеді және YouTube-тың ішінде қазақша материалдар орысшамен бірге тең екендігін дәлелдедім.
Мен жоба барысында жинаған ақпараттарды осы уақытқа дейін кластастарымен бөлістім. Олардың барлығы енді қазақ тіліндегі бағдарламаларды көреді. Ендігі кезекте барлық мектеп оқушыларымен бөліскім келеді. Қазақ тіліндегі бейнематериалдардың бар екендігін барлығына айтсақ, ата-аналар балаларына қосып береді деп сенемін.
Қорытындылай келе, айтпағым әлеуметтік желілердің кішкентай бүлдіршіндерге оң ақпарат берердегі және үйретердегі орны бөлек. Баланың дамуындада маңызы зор.
Мен бұл жобаны зерттеу мен қорғау арқылы барлық балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігі болса екен деймін. Сөзімді өлең шумақтарымен аяқтаймын
«YouTube (ютюб)»-та қазақша сөйлейді»,
Оны бірақ көп балалар білмейді.
Өз ұлтым қазақ болғандықтан,
Қазақшаны төмен түсіргім келмейді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
|
Уикипедия — ашық энциклопедиясы, https://kk.wikipedia.org/wiki/
«Балалар әлемі» журналы
YouTube https://www.youtube.com

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген