Материалдар / Ғылымның техникалық-революцияның пайдасы мен зияны

Ғылымның техникалық-революцияның пайдасы мен зияны

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздар мен оқушылар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қырқүйек 2020
715
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді:

Пікір-сайыстың тақырыбы: Ғылыми – техникалық революцияның пайдасы мен зияны.

Мақсаты: Оқушылардың ойын еркін айтуға дағдыландыру, сөйлеу мәдениетіне баулу, шығармашылық, ізденушілік, коммуникативтік қабілеттерін дамыту.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

9 сынып оқушыларын бөлу, топ жетекшілерін сайлау, жақтаушы және даттаушы жақтарды анықтау.

Барысы:

ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Саламатсыздар ма! Бүгінгі дебатымызға қош келдіңіздер! Адамзат қоғамынын ұзақ даму тарихында шаруашылықтың ұдайы алға басып, жетілдірілуіне ғылым мен техниканың өркендеуі себепші болып келеді. XX ғасырдың екінші жартысында ғылыми-техникалық үрдіс аса жедел қарқынмен дамып, дүниежүзінің көптеген елдері мен шаруашылық салаларын қамтыды. Ғалымдар ғылыми тeхникалық революция (FTP) деп атаған бұл құбылыс қысқа уақыт аралығында қоғамның өндіргіш күштерін сапалық жағынан түбегешті өзгерткен "секіріс" ретінде бағаланды. Ол адамзат тарихында ғылым мен техника пайда болғаннан бері өндіргіш күштерді ұдайы жетілдіруге себепші болған ғылыми-техникалық прогрестен айырмашылық жасайды. Сонымен ғылыми-техникалық революция дегеніміз — белгілі бір уақыт аралығында дамудың жаңа сатысына көтерілуге себепші болған сапалық өзгерістердің жедел қарқынмен жүруі. Дүниежүзі аймақтары мен елдерінде FTP дамуы түрліше деңгейде өтуде. Жоғары дамыған елдерде XX ғасырдың 80—90-жылдарынан бастап, ҒТР-дың дәстүрлі үлгісінен басқа қазіргі заманғы тармағы дүниеге келді. Дәстүрлі FTP өндіріс пен адамзаттың жаңа тауарларға, технологиялар мен қызмет түрлеріне деген сұранысын қамтамасыз етеді. Жаңа үлгінің басты мақсаты — дәстүрлі FTP-дың адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына тигізетін кері әсерінің орнын толтыру немесе жою болып табылады. Адам өмірін қорғауға бағытталған бұл шаралар өте мол қаржыны қажет ететіндіктен, таралу ауқымы бірнеше елдің аумағынан аспай отыр. Дүниежүзіндегі көптеген елдерде ҒТР дәстүрлі сипат алған. Мешеу елдер экономикасына қатысты бұл ұғым мүлде қолданылмайды да. Қазіргі кезде ҒТР-дың құрылымдық бөліктері анықталып, негізгі белгілері талданған. Осы аталған мәселе бойынша «ҒТР пайдасы мен зияны» деген сауалға жауап іздейміз.

1.Пікір-сайыстың негізгі мақсаты- өзіңіз ұстанып отырған бағытын дұрыс екенін дәлелдеп шығу.

2.Екі қарсы топ \жақтаушы, даттаушы\ берілген қарары бойынша төрешілерді өз бағыттарының дұрыс екеніне көндіруі тиіс.

3.Әр топ үш ойыншыдан тұрады . Әрқайсысының ойында өз орны бар және міндеттері нақты белгіленген.

Пікір-сайыс тәртібі: 


Пікір - сайысты жақтау тобының бірінші спикері бастайды. Оның 3 минут уақыты бар. Сөзін төрешілерді, қарсыластарын, көрермендер мен өз тобымен амандасудан бастап, өз кейсіне көшеді.
Біріншіден, пікір - сайыс басталмай тұрып, төреші топтарға жеребе тартқызып, олардың бағытын анықтайды (жақтау / даттау), осыдан кейін топтар дайындыққа 3 минут уақыт алады. 
Топтың атын таңдайды. Екі топқа «Келешек», «Болашақ», «Ақиқат», «Парасат» деген аттар таңдауға беріледі. Таңдаған атты неге, не себепті сол атты таңдағанын түсіндіреді.
Екіншіден, тайм-кипер, яғни уақытты бағалаушы – Мәсімбай Елдос өзін таныстырып, атқаратын міндеттері туралы айтып, ережесін түсіндіреді.
Әр топ спикерлеріне белгілі уақыт беріледі. Регламент 3 минут. Әр минут сайын топ спикерлеріне белгі беріп отырады.
Үшіншіден, дебатта екі төреші болады. Төрешілер өздерінің міндеттері мен мақсаттары туралы айтып шығады – Қаутай Қадина, Қайратбекқызы Ақмаржан.
Осы аталған екі төреші әр спикердің сөздеріне талдау жасап, өз дауыстарын кімге беретіні және кімнің делелдері айқын болғанын айтады.
Топ жетекшілері: _________________________ және
________________________. Әр қарсыластан кейін кімнің сөйлетінін айтып отырады.
Пікір - сайыс тәртібімен таныстырылып болғаннан кейін бейнетаспаға назар аударылады. Бейнетаспада «ҒТР-ң дамуы» туралы жаңалықтан үзінді көрсетіледі.
Топ үш адамнан тұрады. Алғашқыда, екі спикер өз ойларын дәлелдеп шығады. Ал қорытындылаушы жетекшілері болады.
Әр топ спикерлері өз ойларын айтып болғаннан кейін төрешілерге ақылдасуға уақыт беріледі. Олар қорғап болғаннан кейін төрешілер сөз алады. 
Қорытынды: Төрешілер екі топтың пікірталасына баға беріп, ең көп аргумент және нақты ақпарат айтылған топты айтады. Жеңіске жеткен топпен «Ең үздік спикерді» анықтайды. Оқушылар апталықтың жабылу кешінде мақтау қағаздарымен марапатталады.
Көріп - тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ