|
Сабақтың
тақырыбы
|
«Х» еліне саяхат. Х
дыбысы мен әрпі.
|
|
Күні:
|
Мұғалім: Нұрмашева Шарбану
Насыровна
|
Мектеп:
Х.Наубетов
|
|
Сыныбы: 1
«А»
|
Қатысқаны:19
|
Қатыспағаны:
о
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін
оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына
сілтеме)
|
1.2.9.1 Әріпті тану,
ажырату және оны дыбыспен
сәйкестендіру.
1.2.1.2 Оқудың
түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп
оқу) қолдану.
1.2.2.1 Мәтінде
автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін
түсіну.
1.3.5.1 Тақырыпқа
байланысты керекті сөздер, сызба, сурет, белгілер қолдана отырып,
жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және
жазу.
1.3.11.1 Сөйлемді
бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін
қою.
|
|
Сабақтың
мақсаттары
|
Барлығы: Жаңа білімді
меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап,
жетекші сұрақтар арқылы
талқылайды.
Кейбірі:
Алған білімді өмірде қолдана
алады.
|
|
Жетістік
критерийлері
|
Айтылған сөздер мен
сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай
алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені
түсінгенін көрсете алады.
|
|
Құндылықтарды
дарыту
|
Оқушыларды бір-біріне деген
құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|
|
Пәнаралық
байланыс
|
Дүниетану, ғылымға
кіріспе
|
|
АКТ қолдану
дағдылары
|
Аудиожазба ,
таныстырылым.
|
|
Тілдік
құзыреттілік
|
Хат-письмо-letter
|
|
Сабақ
барысы
|
|
Сабақтың жоспарланған
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған
іс-әрекет
|
Ресурстар
|
|
Сабақтың
басы
Ынтымақтастық
атмосферасын қалыптастыру
5
минут
|
(МК;Ұ)Балалардың көңіл
күйлерін сұрау. Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Қайырлы күн, достарым!
Қайырлы күн, ұстазым!
Ойын: «Адасқан буындар»(өткен сабақты еске
түсіру)
(МҚ)
-Балалар,мына жұмбақтың шешуін тауып
көрелік.
Аузы жоқ
сөйлейді,
Аяғы жоқ жүреді.
(хат-письмо-letter)0
(БЖ)
Хат туралы мәлімет
беру.
Хат жанры – ерте заманан бері келе жатқан
адамдардың қарым-қатынас жасау құралдарының
бірі.
Хатты не арқылы
жазамыз? Тағы да қалай жазуға
болады? Компьютер арқылы хат жазуға болады. Оны
интернет арқылы жібереді.
Хат тасушы
адамды кім дейді?
-Пошташылар
күнделікті 46 000 адамдарға хат тасиды, поштаға барған 1500-2000
адамдарға қызмет көрсетеді екен. Олар суық, ыстық күндерге қарамай
елдің көптен күткен хаттарын тасиды екен. Хатты жазып болған соң
оны конвертке салып, сыртына хат алушының мекен жайын жазып,
поштаға апарып саламыз .Бұрынғы кезде пошта болмаған кезде
көгершіндер пошташының рөлін атқарған. Хат түрлерін
айту.
-Біз бүгін х
дыбысымен танысамыз.
- Қане, балалар,
бәріміз х дыбысын айтып
көрейік.
- Балалар, х дыбысы
қалай айтылып тұр? (Созылмай, қысқа айтылып
тұр)
-Ендеше қандай дыбыс
деп ойлайсыз? (Дауыссыз
дыбыс)
-Дұрыс айтасыз, х
дыбысын айтамыз, естиміз. Ал мынау – х әрпі. Әріпті жазамыз,
көреміз. (Х әрпін көрсету, баспа, жазба түрімен
таныстыру)
«Хх» дыбысы –
дауыссыз дыбыс, араб, парсы тілінен енген сөздің барлық жерінде
кездеседі.
- Біз Х дыбысын қай
кезде айтамыз?
- Х дыбысы –
дауыссыз, ауа кедергіге
ұшырайды.
- Х дыбысымен біз өлең айта
алмаймыз.
|
Көңілді әуен қосып
қою.
Шаттық
шебері
Жұмбақты
шешу.
|
|
Сабақтың
ортасы
13
минут
|
1.2.1.2 Оқудың
түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп
оқу) қолдану. №1
Оқылым. Тізбектеп оқу, түртіп алу, осы
сөздердің ішінде түсініксіз сөз бар ма?
- хат - хабаp жiбеpу үшiн жазылып қойылған не жөнелтiлген жазбаша
мәтін.
Хабар - жаңалық
Халат - үй iшiнде күнделiктi киетiн жеңіл киiм.
Шахмат - ойын Хат, хабар, халат, шахмат, хайуан,
хайуанат.
№2 Өлеңді мәнерлеп
оқы.
Халел қарап
қалмайды,
Хамитқа хат
арнайды.
«Хоккей добы керек!»-деп,
Хабарлайды хал-жайды. (Ермек Өтетілеу) Ермек Өтетілеу
1938 жылы Ақмола
(қазіргі Астана)
қаласында туған.
№3. Жоғалған буын
ойыны: Ем…….хана,шебер……..хана,дәрі……хана.т.с.с. Осы сөздердің
мағыналарын түсіндіру. Дәріхана - Дәpi - дәpмек
даяpлап және оны сататын оpын;
Ұстахана - темірден әр түрлі
заттар жасап шығаратын шеберхана.
Шеберхана - әртүрлі материалдардан заттарды жасап шығаратын
орын.
—Енді осы аталған әр
мекеменің өзінін атқаратын жұмысын
айтайық.
(Ұ) Әріптерден сөз
құрастыру.
К,П,А,І,Т –
кітап
Х,Р,О –
хор
Х,Е,С,А,Н –
Хасан
Берілген сөздермен сөйлем
құрап жазады
|
Таныстырылым, оқулықпен
жұмыс
|
|
Сергіту
сәті
1
минут
|
«Шөжелерім» әні. (Биылғы жылы
тауық жылы, олай болса осы әнді биімен орындау). Видиодағы әуен
ырғағымен билеу.
|
Қимылын көрсете отырып
орындау. Видио
|
|
Аяқталуы
16
минут
Қызықты
тапсырма
8
минут
|
№4 Сұрақтардың
жауабын болжа. Диалогті рөлге бөліп
оқыңдар.
-Сен кітапханада
болдың ба?
-Қандай кітаптар
алдың?
-Кітаптарды
таңдауыңа кім көмектесті?
№5.
Дәптермен жұмыс.
Дәптерімді
ашамын,
Қолға қалам
аламын,
Көлбеу қойып
дәптерді,
Әдемі етіп
жазамын.
—Х әрпі қандай әріпке
ұқсайды? Х әрпі екі элементтен тұрады.Х
әрпін әуелі ауаға,кейін дәптерге
жазамыз. (Үлгі бойынша) 1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен
бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін
қою. (МК;Ө;Қ) Сөйлемді бас әріптен
бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қою білігін
бағалау. Оқушылардың Хх әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз әрі
көркем жазуын қадағалау. Оқушылар әріптерді жазу барысында бастырып
жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді
қолданады. «Кім шапшаң?»
ойыны
Көп нүктенің орнына
қ немесе х әрпін қой.
Ша... мат, ас... ана,...
алам,... абар,... алық, /қ,
х
|
Оқулық,
дәптерлер.
Дәптермен
жұмыс
|
|
Сабақтың
соңы
2
минут
|
Әр оқушысы өзі
қалаған адамға хат жазады
«Күнді бұлттан
құтқарайық» ойыны арқылы сабақты
қорытындылау.
1.Біз бүгін қандай
дыбыспен таныстық?
2. Х дыбысы қандай
дыбыс?
3. Неліктен дауыссыз
дыбыс деп аталады?
4. Хат туралы не
білдік?
|
Хат
суреттері
|
|
Дифференциация – оқушыларға
көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары
оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап
отырсыз?
|
Бағалау –
оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру
жоспарыңыз?
Кері байланыс «Хаттар».
( Қажеттісіне оқушылар стикер
жапсырады)
|
Пәнаралық
байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы АКТ
Құндылықтармен байланыс
(тәрбие)
|
|
Қолдау
көрсету.
Қабілеті жоғары
оқушылар айтылған сөздер мен
сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай
алады.
|
Оқушылар өздері
жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады.
(қуанышты, көңілді, көңілсіз,
ашулы)
|
Көрке еңбек,
музыка,, дүниетану сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген
құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|