15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Хабарлы сөйлем
|
Пәні: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім Күні: 17.11. 2017ж. Сынып: 2 «Ж» |
Мектеп: «Достық» бастауыш мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Конысова А Қатысқандар саны: 16 Қатыспағандар саны: |
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
Үзіліс кезінде демалуға арналған ережелерді сақтаймын Хабарлы сөйлем |
|||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау 2.3.7.1 - сөйлем түрлерін айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қою |
|||
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар: Хабарлы сөйлемге мысалдар келтіре алады Көптеген оқушылар: Хабарлы сөйлемнің тыныс белгісін біледі және ажырата алады Кейбір оқушылар: Хабарлы сөйлемге байланысты мәтін құрастыра алады |
|||
|
Бағалау критерийлері |
Мысалдар келтіре алады Тыныс белгілерін ажырата алады, дұрыс қояды Мәтін құрастыра алады |
|||
|
Тілдік мақсаттар |
|
|||
|
Құндылықтарды дамыту |
Оқушыларды ұйымшылдыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу |
|||
|
Пәнаралық байланыстар |
әдебиеттік оқу, өзін-өзі тану, музыка, дене шынықтыру |
|||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Ноутбук, бейнетаспа, аудиожазба |
|||
|
Бастапқы білім |
Диалог жаза аламын. Сөйлем дегеніміз не? |
|||
|
Сабақтың барысы |
||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс- әрекет |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру Топқа біріктіру «Мозайка» әдісі бойынша радио және кітаптың суретін төрт бөлікке бөліп, оларды араластырып, оқушыларға ұсыну. Оқушылар таңдаған сурет қиындыларын біріктіріп, бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топқа бөлінеді. 1-топ: «Ауызекі сөйлеу» 2-топ: «Жазбаша сөйлеу» Ой шақыру: Бірінші ауызекі сөйлеу пайда болды ма, әлде жазу ма? (Оқушылардың пікірін білу) Үй тапсырмасын пысықтау: «Желпуіш» әдісі бойынша өтілген тақырыптарға шолу жасау. 1. Сөйлем дегеніміз не? 2. Мәтін дегеніміз не? 3. Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ата. 4. Диалог дегеніміз не? 5. Мәтіннің түрлерін ата. 6. Өтіліп жатқан бөліміміз қалай аталады? 7. Монолог дегеніміз не? 8. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата. |
Сурет қиындылары
Бейнетаспа
Түсті қағаздан жасалған желпуіш |
||
|
Сабақтың ортасы 30 минут
|
Жаңа сабақтың негізгі идеясын ашу мақсатында «Миға шабуыл» әдісі арқылы жазбаша хабарландыру және аудиожазбадағы хабарландыруды салыстырмалы түрде тыңдату. Қорытынды шығарып, өтілетін жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс Оқылым, тыңдалым. 29-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы Үзілісте Сәуле- сынып ұжымының ұйымдастырушысы. Ол үзілісте кезекші-лердің терезені ашып, тақтаны сүртіп қоюын ескертеді. Тақта сүрткішті үнемі дымқылдап қояды. Балалардың үзіліс кезіндегі тәртібін қадағалайды. Бірде Сәуле: - Біз үзіліс кезінде дұрыс демалуға тиіспіз, ол үшін не істеу керек, әркім өз ойын айтсын, - деді. (Оқушылардың ойын тыңдау) Ал үзілісте сендер не істейсіңдер? Сендер де өз ойларыңды айтыңдар. Үзіліс не үшін беріледі деп ойлайсыңдар? Топтық жұмыс. «Қалам үстел ортасында» әдісімен үзіліс кезінде демалуға арналған ережелер тізбегін жазады. Дескриптор: 1. Берілген сұраққа өз ойларын айтады. 2. Демалуға арналған ережелер тізбегіне постер құрастырады. Сергіту сәті: «Қызыл гүлім-ай» Жазылым. 30-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аударту Үзіліс кезінде сыныпта жүгірмейді. Айқайлап сөйлемейді. Әрдайым әдеп сақтау керек. Дескриптор: 1. Сөйлемдерді қатесіз, сауатты көшіреді. 2. Сөйлем соңындағы тыныс белгілерін анықтайды. Жаңа ақпарат: Есте сақта! Ережемен таныстыру Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейді. Хабарлы сөйлемнің соңына (.) қойылады: Оқушылар мұражайға барды. Оқушыларға ережені тыңдатып, қорытынды шығару Айтылым. 31-жаттығу. «Автор орындығы» әдісі Суретпен жұмыс Суреттегі балалардың қайсысы үзілісте өзін жақсы ұстады? Қай оқушы өз тәртібін өзгертуі керек деп ойлайсыңдар? Біздің арамызда осындай балалар бар ма? Дескриптор: Суреттер бойынша өзін жақсы ұстаған және тәртібін өзгертуі керек балаларды ажыратады. Өздік жұмыс «Кім зерек?» әдісі Суреттер бойынша Қыс тақырыбына хабарлы сөйлемдер құрату. Дескриптор: Суреттерге байланысты хабарлы сөйлемдер құрайды. |
А3 қағаз, аудиожазба
Оқулық
А 3 қағаз, маркер
бейнетаспа тақта, дәптер
аудиожазба
Сурет қиындылары
слайд таратпа қағаз |
||
|
Сабақтың соңы 5 минут |
Кері байланыс: «Сымсыз телефон»
Үйге тапсырма: 32-жаттығу 90-бет. Ережені жаттау |
Қағаздан жасалған ұялы телефон |
||
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасы-ның сақталуы |
||
|
Деңгейлік тапсырмалар беру А деңгей- Хабарлы сөйлемге байланысты мәтін құрастыр. В деңгей- Тиісті тыныс белгілерін қой. С деңгей- Хабарлы сөйлемге байланысты мысалдар келтір. |
Жалаушалар |
Электр жүйесінен сақтану қажеттілігін ескерту |
||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Мен уақыттық кестені ұстандым ба? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
|
|||
|
Жалпы баға Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|
||||
Тапсырма
1. Хабарлы сөйлемге байланысты мәтін құрастырып жаз.
-------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------
2. Тиісті тыныс белгілерін қой.
Ертең біз тауға шаңғы тебуге барамыз Бізді тауға дейін автобуспен апарады Тауда ауа райы салқын болады Сондықтан жылы киім кию керек
3. Хабарлы сөйлемге мысалдар келтіріп жаз.
-------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------
Аты-жөні: -----------------------------------------------------------

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген