400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Хабарлы сөйлем (Тауға саяхат)

Материал туралы қысқаша түсінік
2.3.7.1 - сөйлем түрлерін айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгі, леп белгі) қою 2.4.2.6 - сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚМЖ

Пән қазақ тілі


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны:

Менің мектебім

Мектеп: «Шахтинск қаласы Ә.Бөкейханов атындағы мектеп –лицейі» КММ

Мерзімі: 18.11.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Төлек Бақытгүл


Сынып: 2 «Б»

Қатысқандар: 26

Қатыспағандар: 2

Сабақ тақырыбы


Хабарлы сөйлем (Тауға саяхат)

Оқу мақсаттары (ұзақ мерзім жоспардан )

2.3.7.1 - сөйлем түрлерін айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгі, леп белгі) қою

2.4.2.6 - сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу

Сабақ мақсаты


Оқушылардың барлығы: сөйлем түрлерін айтылу мақсатына сәйкес анықтап тыныс белгілерін қояды,

сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табады

Оқушылардың көпшілігі: сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстырып, айтылу мақсатына сәйкес өз ойынан сөйлем түрлеріне мысал келтіреді

Оқушылардың кейбірі: сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстырып, тиісті тыныс белгілерін қолдана отырып, шағын әңгіме құрады

Бағалау критерийлері


Оқушылар:

  • сөйлем түрлерін айтылу мақсатына сәйкес анықтап тыныс белгілерін қояды

  • сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табады

  • айтылу мақсатына сәйкес өз ойынан сөйлем түрлеріне мысал келтіреді

Құндылықтарды қалыптастыру/

Тапсырмаларды орындата отырып оқушыларды өз ісіне жауапкершілікпен қарауға, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс


Жаратылыстану -тапсырмаларды орындауда табиғатты пайдалану.

Алдынғы білім


Сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.





Сабақ барысы

Уақыт/

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

(мақсатқа қалай қол жеткіземін?/ ?

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

(әдіс-тәсілдер)

Саралау тәсілдері

Ресурстар


Сабақтың басы

10 минут

Тұлғааралық байланыс орнату.

Оқушылармен амандасу, көңіл-күйлерін сұрау арқылы сыныпта қауіпсіздік және жайлы ахуал орнату.

Психологиялық дайындық: «Ақ тілек»

Көңіл – күйлеріңіз қалай?

Сабаққа дайынсыңдар ма?

Ендеше сабағымызды бастайық.


Сыныптың білім деңгейін анықтау

«Динамикалық шеңбер» ойыны арқылы ширату жаттығуын сыныппен ұйымдастыру

Мақсаты: Оқушыларға тапсырмаларды орындата отырып өз ісіне жауапкершілікпен қарауға, ынтымақты болуға шақырамын. «Динамикалық шеңбер» ойынына нұсқау береді




















Оқушыларды «Қар лақтыру» ойыны арқылы топтастырады.

Қар кесектерін алып, ондағы тыныс белгілер бойынша топтастыру.













Оқушылардың назарын сабаққа аудару мақсатында, сабақтың тақырыбымен, мақсаттарымен таныстырады, сұрақ қояды: Бүгін сендер сабақта не үйренгілерің келеді?

Жеке жұмыс «Дұрыс-бұрыс» әдісі арқылы ұйымдастырылады.

Тапсырма:

Мәтіннен хабарламаны табу.


















Іс қимылмен көрсетеді

Керемет (қолдарын көтеру)

Тамаша

О-О-О ( бас бармақтарын көрсету)












Оқушылар нұсқау бойынша ішкі, ортаңғы және сыртқы шеңберге бөлінеді. Сыртқы шеңбердегілер қозғалмай тұрады, ал ішкі шеңбердегілер берілген тапсырмалар бойынша білетіндерін ортаңғы шеңберге айтып келесі жұбына бір айналым жасап шыққанша қозғалады. Ортаңғы шеңбердегілер сыртқы шеңбердегілерге айтады. Сыртқы шеңбердегілер сол тақырып бойынша жасаған қорытындыларын жалпы айтады.



Оқушылар шеңберге тұрып қағаздан жасалған қар кесектерін алып бір-біріне лақтырып ойнайды. Одан кейін өзіне ұнаған қарды алып,- онда жазылған тыныс белгілерді оқып, 4 топқа бөлініп орындарына отырады.

І топ - Сұрақ белгісі

ІІ топ -Леп белгісі

ІІІ топ -Үтір

ІV топ - Нүкте

Әр топ өз тобының атауын анықтап хабарлайды.



Өз мақсаттарын айтады.






Мәтінді оқып, хабарламаны табады.




















Өзара бағалау

сыртқы шеңбердегі оқушылар қорытындылайды. Мұғалімнің графикалық бағалауы
















Мұғалімнің

ауызша оқушылардың топтасу жылдамдығын бағалау











Интерактивті тақтадада көрсетілген тыныс белгілері туралы түсіндірмемен танысады, өзін-өзі бағалайды.








































Топтау

Талаптары әртүрлі оқушылар топқа бөлінеді.

















Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда тапсырманы жылдам орындайды. Оларға қосымша тапсырма беріледі: Хабарламаның мәтіннен өзгешелігі қандай?











































Тыныс белгілері жазылған қар кесектері












Оқулық, қазақ тілі 2-сынып, 1-бөлім, 90-бет



https://imektep.kz/kz

Есіңе сақта!

«Мәтінге қарағанда хабарламаның көлемі қысқа, шағын болады. Хабарламада нақты бір ақпарат туралы ғана айтылады.»


Негізгі бөлім

20 минут


Оқушыларды бақылауды жүргізу мен қорытынды шығаруға жетелеу мақсатында, «Мен –саған, сен -маған» ойыны арқылы жұптық жұмыс ұйымдастыру.

Тапсырма:

Бір-біріне өзіңізге ұнайтын хабарлама айту.


Сергіту сәтін «Кунгфу Панда» әдісі арқылы өткізу. Нұсқау беру.

Хабарлы

Лепті

Сұраулы

Үтір


Жеке жұмыс

Қиындықты, түсінбеушілікті анықтап, жекелеген оқушыларға көмек көрсету мақсатында тапсырма орындату:Мәтінді оқу, ат қою, тиісті тыныс белгілерін қою, мәтінді көшіріп жазу. Сөздердің байланысын сызып көрсету.



Хабарламаны оқи отырып, өз хабарламаларын ойлап, айтады.






Хабарлы, лепті, сұраулы, үтір сөздеріне қимылдарын жасап көрсетеді.





мәтінді оқып, тыныс белгілерін қойып, сөздердің байланысын көрсетіп жазады.



Өзара бағалау «Бір +, бір - »













Дескриптор арқылы бағалау


  • Мәтінге ат қояды

  • Тиісті тыныс белгілерін анықтайды

  • Сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табады



Қарқыны төмен оқушыларға диалог арқылы қолдау көрсету.





















Оқушыларға бір тапсырма беріледі, әр түрлі нәтиже көрсетіледі.


Оқулық, қазақ тілі 2-сынып, 1-бөлім,

90-бет


Сигнал карточкасы









Оқулық, қазақ тілі 2-сынып, 1-бөлім, 90-бет


Дәптер, қалам, қарындаш








Сабақ соңы /

10 минут


Сабақ қорытындысы мен түсіну дәрежесін, меңгеруін бағалау мақсатында, « Детальдарын қосу» әдісі арқылы топтық жұмысты ұйымдастыру. Әр топқа суреттер ұсыну.

Тапсырма:

Табиғат аясына саяхат барысында алған әсерлері туралы әңгіме құру.






Қосымша проблемалар туралы әңгімелесу мақсатында, « Жетістік баспалдағы» рефлексиясын ұйымдастыру.

Әр оқушыға стикер тарату.






Үй жұмысын беру


І топ - Тауға

ІІ топ - Өзенге

ІІІ топ - Орманға

ІV топ – Қорыққа тақырыптарына критерии бойынша әңгіме құрады.

Критерии

  • Сөйлемдегі сөздердің байланысын сақтау

  • Әңгіме сурет мазмұнына сай болу



Стикерге аттарын жазып, қажет жерге жабыстырады.

  • Тапсырманы орындай алдым

  • Аздап қиналдым

  • Тапсырманы орындай алмадым



Үй жұмысын жазып алу.

37-жаттығу, 90-бет

Критерийлерге сүйеніп өзара бағалайды.

«Алға GO»

Ең қызықты әңгіме құрған топ кубокқа ие болады










Өзін-өзі бағалау




Балалар ортақ тапсырма орындайды, бірақ әр түрлі суреттер беріледі.


















Стикер, баспалдақ суреті



Мұғалімнің өткізген сабақ бойынша рефлексиясы /


Бұл сабақтың оқу мақсаттары cыныптың білім деңгейін анықтау, оқушыларды бақылауды жүргізу мен қорытынды шығаруға жетелеу мақсатында және қиындықты, түсінбеушілікті анықтап, жекелеген оқушыларға көмек көрсетуге бағытталған. Оқушылар хабарлы сөйлем туралы білімдерін жетілдірді. Хабарлама жасауды үйренді. Мәтін мен хабарламаның айырмашылығын түсінді. Хабарламаны өмірде қалай пайдаланатындарын білді. Сыныптағы оқушылар түгелдей дерлік қатысып, барынша ашылып, ойларын дәлелді жеткізуге тырысты. Жоспарлаған сергіту сәті оқушылардың көңіл күйлерін көтерумен қатар тыныс белгілер туралы білімдерін толықтыра түсті. Сабақта қолданған әдіс – тәсілдер арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы оянып, оқуға деген ынтасы артты. Сабақ барысында саралау шаралары тиімді қолданылды, әсіресе жұптық жұмыс барысында оқушылар да бір-біріне диалог арқылы қолдау көрсеткендері. Барлық жоспарлаған әдіс – тәсілдерді жүзеге асыруға уақыт жетпеді. Жоспарыма айтарлықтай өзгерістер енгізілген жоқ, тек уақытты үнемдеу мақсатында топтық жұмыста әр топқа суреттер ұсынып, табиғат аясына саяхат барысында алған әсерлері туралы әңгіме құрмай оқушылар хабарлама жасады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қаңтар
1665
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі