Асабаева Бижамал
Қуандыққызы.
Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
«Балдырған» санаторлық
бөбекжай -
бақшасының
тәрбиешісі
«Хайуанаттар бағында»
(кеңістікті бағдарлау)
Білім
саласы:Таным
ҰОҚ: Қарапайым
математикалық түсінігін
қалыптастыру
Мақсаты:
Білімділік: Кеңістіктегі заттар мен
сандардың орналасуының бір-бірімен тәуелсіз болуы туралы ұғыммен
таныстыру; «Оң,сол ,алда,артта,жоғарыда, төменде» ұғымдарын одан
ары қарай жетілдіру;
геометриялық пішіндер туралы
білімдерін бекіту;
Дамытушылық: пәндердің
байланысқан көмегі
аркылы балалардың
ақыл -
ой белсенділігін арттыру,
ойлау қабілеттерін дамыту, тілін дамыту, сөздік қорын
молайту;танымдық қызығушылығын
дамыту
Тәрбиелік: Зейінділікке,алғырлыққа және
табиғаттың бір
бөлігі жануарларды қорғауға,қамқор
болуға, сүйіспеншілікпен қарауға
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Топ
бөлмесінде «Хайуанаттар
бағын»ұйымдастыру;
Дидактикалық ойын:
«Хайуанаттарды орналастыр», «Өз орнын тауып орналастыр»;аңдардың
балалары –ойыншықтар;(арыстан,
жолбарыс,аю,түлкі,керік,піл )
Сөздік
жұмыс: бөлтірік, абдан, мыршай,
шөнжік
Қос
тілділік: Зоопарк -хайуанаттар бағы, Піл
-слон, жирав -керік,арыстан- левь, жолбарыс- тигр , маймыл
-обезянь
Ұйымдастыру
кезеңі.
Амандасу: Табиғатым
тамаша
Көз тоймайды
қараса Табиғатты
аялап
Жүрейінші
жараса
Жүректен жылу
соншама
Тілеймін саулық
баршаңа!
Тәрбиеші: балалар мынау ненің суреті?
Хайуанаттар бағының.
Тәрбиеші: Хайуанаттар
бағының.дегеніміз ол аңдардың бір жерге жиналған, топтастырған
жері. Онда біздің елде мекен
етпейтін,теледидардан ғана көре алатын,жыртқыш,жабайы жануарларды
адамдар өз көздерімен көруге мүмкіндік
жасалған.Хайуанаттар бағында да жабайы аңдар,құстар
ғана емес жануарлардың көптеген түрлері,
болады Құстар ұшып кетпес үшін,ал
жабайы аңдар қауіпті болғандықтан оларды торларда ұстайды..Онда
аңдарды балалар еркін бақылайды. Оларды хайуанаттар бағының
қызметкерлері баптайды. Хайуанаттар бағындағы жануарларға
кез-келген тамақты беруге тиым салынған.Өйткені олар ауырып қалуы
мүмкін. Хайуанаттар бағында қыста
аңдарға ерекше көңіл бөледі.Оларға түрлі дәрумендер
,көкеністер,жемістер беріледі.Кейбір аңдар суыққа шыдамсыз
болғандықтан оларға арнайы жылы күртешелер тігіп
кигізеді. Балалар,сол хайуанаттар бағына барғыларың
келе ме?
(Хайуанаттар бағындағы балалардың
қауіпсіздігін айтып
ескерту.)
Тәрбиеші: Ал ,ендеше барлығымыз топпен
Хайуанаттар бағына
саяхатқа
шығамыз.Көздеріңді жұмып бір сәт табиғатты
елестетеміз (музыка қойылады құстардың, аңдардың дауыстары) Міне
Хайуанаттар бағына келдік
-
аңдармен
(Арыстан.піл, жолбарыс,маймыл,керік )таныстыру,Олардың
тіршілігі,қоректенуі туралы әңгімелеу.
-Хайуанаттар бағы дегеніміз.
Онда тек жабайы аңдар ғана емес жан - жануарлардың көптеген
түрлері, құстардың әр түрлісі арнайы торларда ұсталады. Біз
барлығын аралап тауыса алмаймыз. Біз тек қана ертегілерде естіп
жүрген, теледидардан көрген жабайы аңдарды ғана
тамашалаймыз.
- Енді мен сендерге жұмбақ
жасырамын, жұмбақтың жауабын тапсандар тордың бетін
ашамын.
Жұмбақ.
Тарғыл түсті
Ерен күшті
(Жолбарыс)
- Жолбарыс неге ұқсайды
екен?
-Мысыққа
- Жолбарыс өте күшті, жылдам
жүгіретін жыртқыш аңдардың
бірі.
-Түсі қандай
екен?
- Сұр және қоңыр жолақтары
бар.
-Ал, жолбарыстың
құйрығында қандай айырмашылық бар
екен?
-Ұзын, жіңішке болады.
Жолбарыстың қасында балалары бар екен. Санайық нешеу
екен?
- Жолбарыс жан - жануарлардың
етімен қоректенеді.
- Ал, балалар, осы торда
тұрған кезде бұл аңдар немен
қоректенеді?
-Оларды адамдар
тамақтандырады. Сендер аңдардың алдында тұрған ыдыстарды көрдіңдер
ме? Сол ыдыстармен тамақ береді, күтіп бағады, ауырса
емдейді.
Топқа
оралады
1 тапсырма. Дидактикалық
ойын: «Кім дұрыс
санайды?» Үстел үстіне қойылған
Хайуанаттар бағында орналасқан ойыншық аңдарды санатады. Ойыншық
аңдарды әр түрлі етіп орналастырады(тігінен, шеңбер
бойына,көлденең) және санатады. Кеңістіктегі заттар мен сандардың
орналасуының бір-бірімен тәуелсіз болуы туралы ұғыммен
таныстырады.
Сергіту
сәті
Қорбаң,қорбаң
басамын
Алты қырдан асамын
Аю деген мен болам
Аңшы көрсем қашамын.
Қайшы құлақ қоянмын
Ақшыл түске боялдым
Сытыр еткен бұтақтан
Елең етіп ояндым.
Кел,балалар
ойнайық,
Ойнайық та ойлайық
.
Қандай жұмбақ болса
да,
Шешпей оны
қоймайық
2тапсырма. Кеңістікті
бағдарлау . « Не қай жерде
орналасқан?»
Жұмбақтың шешуін
табамыз.Сосын топ бөлмесінде аңдардың баласын тауып , орналасқан
жерін айтамыз.
Жұмбақтар: Қанжардай тісі
бар,
Тасыған күші
бар.
Күжірейген
жалды,
Білсең айт бұл
аңды? Арыстан(Аюдың оң
жағында)
Қорықпайды күшті
аңнан,
Қорқады тек
тышқаннан.
Тұмсығы ұзын
күшті,
Өзі ерен
мықты.Піл(Керіктің
артында)
Түрлі жылқы
бейнесі
Жолақ-жолақ
жейдесі. Зебра
Жазда
қыдырады,
Қыста
тынығады Аю(Арыстанның сол
жағында)
Бұлаңдаған
құйрығы,
Бір алдарлық
қулығы. \Түлкі (Терезенің
алдында)
Адамға ұқсайды, бірақ адам
емес,
банандарды жақсы
көреді Маймыл (Ағашта
жоғарыда)
Мойны ұзын болғанымен, Әрең
жетер төменге.
Теңбіл - теңбіл
денесі,
Серейіп көп
тұрады Керік (төменде ағаштың
қасында)
3тапсырма
« Хайуанаттар бағына
орналастыр» ойынын ойнату. Берілген
торларға сәйкес аңдарды орналастыру.Кесте берілген торға, көлеміне
қарай аңдарды қаламның көмегімен орналастыру.
4
тапсырма Үлестірмелі материалдармен
жұмыс: «Өз орнын тап »
ойыны Кестеге берілген суреттерді
топтастыру
Ойын; «Аңдар қайда
жасырынған?» Қортынды:Тәрбиеші:Балалар ,біз ойлау
қабілетіміз ұшқыр,шапшаң,білімді екенімізді ойын барысынды
көрсеттік.Ал, сабақ барысынды айтқан
тақпақтарымыз,әңгімелеріміз,ойнаған ойындарымыз неге
байланысты?
Қоштасу
шеңбері:
Табиғат біздің
анамыз
Табиғатқа
баламыз
Табиғатты
қолдаймыз,
Аң ,құсын да
қорғаймыз
Қош сау
болыңыз
(22)