Материалдар / Халқымыздың салт дәстүрі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Халқымыздың салт дәстүрі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді сабақ жоспары талапқа сай жасалған. Топтық жұмыстар берілген. Дескрипторлары көрсетілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Тамыз 2024
128
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әдебиеттеік оқу

Бөлім

Мәдени мұра

Сабақтың тақырыбы

Халқымыздың салт-дәстүрі

Мұғалім

Елеуова Г.А.

Сынып

4 “А»

Күні


Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

4.1.4.2 Сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, таныстырылым, бейнежазба жасау

4.2.1.2* Шығарманы іштей көзжүгіртіп шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу

4.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше сын тұрғысынан бағалау және лексикалық, орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып, түзету

Сабақтың мақсаты

Сөйлеу барысында иллюстрацияларды қолдана отырып тақырыпқа қатысты ойларын түйіндеп айтады. Өлеңді оқып, қажетті ақпараттарға қатысты сұрақтар қояды. Пунктуациялық қателерді тауып, түзетеді.

Ойлау дағдылары: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут

1.Ынтымақтастық атмосферасы

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап

Судай таза көңілмен

Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

2.Топқа бөлу

«Бесік жыры», «Тұсау кесер», «Шілдехана» сөздері арқылы үш топқа бөлініп отырғызамын.

3. Үй тапсырмасы

«Мен бастаймын, сен жалғастыр» әдісі

Мұғалім (әр топқа үштен) мақалдың бірінші жолын айтады, оқушылар екінші жолын тауып жалғастырады.

* Білекті бірді жығады, . . . (Білімді мыңды жығады)

* Мектеп кеме, . . . (Білім теңіз)

* Оқу білім бұлағы, (білім өмір шырағы)

* Ананың көңілі балада… ( баланың көңілі далада)

* Әдепті бала арлы бала, (әдепсіз бала сорлы бала)

*Балалы үй базар… (баласыз үй мазар)

* Есік арқалағаннан, (бесік арқалаған артық)

* Ел боламын десең (бесігіңді түзе)

* Төріңде бесік тұрса, (төре де бас иеді)

4.Жұмбақтар шешейік.

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.        

Бұл кім? Ж: ана 


Әрі төсек, әрі үй.
Иесі оның сәби. Ж: бесік

5.Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

-Жұмбақтың шешуі кім туралы, не туралы болды?

-Иә, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Халқымыздың салт дәстүрі». Бүгін сендер тұрмыс салт жырларынан халықтың тұрмыс тіршілігін, әдет ғұрпын, салт дәстүрін танып білетін боласыңдар. Сөйлеу барысында иллюстрацияларды (суреттерді) қолдануды және қателерді тауып, түзетуді үйренесіңдер. «Халқымыздың салт-дәстүрі» бөлімін осы «Бесік жырымен» бастаймыз.


Балалар өлең шумағын хормен айтып, қимылдар жасайды.


Қима сөздерді алып өз топтарына отырады.









Мұғалімнің айтқан мақалдарының екінші қатарын тауып айтады.











Жұмбақтардың шешуін табады.






Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады.

ҚБ

Жарайсыңдар!

Керемет!

Тамаша!






«От шашу»



ҚБ 1-10 балл



Дескрипторы

-мақалдың жалғасын табады






















Өлең щумағы




Қима сөздер







Мақалдар














Жұмбақтар










Слайдтар







Сабақтың ортасы

30 минут

1.Ән тыңдау.

Мұғалім: Салт-дәстүр дегеніміз әр ұлттыңхалықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы. Біздер «Бесік жыры», «Тұсау кесу», «Шілдехана» деген үш топқа бөліндік. Тұсау кесу-бала тәй-тәй басқанда жасалатын думанды дәстүр. Шілдехана жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той. Қазір біз Мейрамбек Беспаевтың орындауында «Бесік жыры» әнін тыңдаймыз.

-Өздерің қандай бесік жырын білесіңдер?

2.Суреттермен жұмыс. (Ұжымдық жұмыс)

Слайдтан тұсау кесу мен бесік жыры дәстүрі бейнеленген суреттерді көрсетемін.

-Осы дәстүрлерді қайдан көрдіңдер?

-Отбастарыңда қазақ дәстүрлерінің қайсысы орындалады?

-Неліктен салт-дәстүрлерді ұмытпай, жалғастыру қажет?

3.Оқулықпен жұмыс. (Топтық жұмыс)

«Топтық тергеу» әдісі

Үш топқа «Бесік жырын» бөліп беремін.

Топтар өздеріне бөлінген өлең шумақтарын оқып, мазмұны бойынша әңгімелейді. Оқыған мәтіні бойынша әр топ бір сұрақ дайындайды және жауап береді.

-Бесікті қандай ағаштан жасайды?

-Дүлей күшпен белдесіп,

Батыр жатқан бұл бесік-деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?

-Неліктен бесікті киелі деп айтады?

4.Дәптермен жұмыс (Жеке жұмыс)

Киесі-қасиетті

Ақылман-қылды, көргені көп адам.

5.Ой қозғау, талқы сұрағы

-Сәбидің бесігі неден жасалған, қалай ойлайсыңдар?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

6.Зерттеу жұмысы

Бесік туралы іздену жұмыстарын жасап келген оқушыларымыз Аида мен Алмасқа сөз кезегін берейік.

Аида: Бесік-нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек.Бесікті ОрталықАзия мен Кавказ,ҮндістанҚытай жерін мекендейтін халықтардың басым көпшілігі пайдаланады. Тек әр түрлі үлгіде жасалады. Бесік көшпелі өмір кешкен қазақ халқы арасына ертеден тараған. Қазақ бесікті қарағайқайыңнан, көбіне талдан иіп жасайды. Мұндай бесік жеңіл, ықшам әрі берік, көшіп-қонуға ыңғайлы болады. Бесіктің жер бесікаспалы бесік деген екі түрі кездеседі. Қазақта бесік қасиетті, киелі құтты мүлік болып есептеледі. Бесіктің жасау жабдықтары шүмек, түбек, құc төсекжөргекқолбаутізебаутізе жастықбесік көрпе. Қазақ халқы шаңырақты, бесікті, табалдырықты қасиет тұтқан. Сондықтан да «Бос бесікті тербетпейді. Бос бесікті еш уақытта жабусыз қалдырмау керек. Үстіне ақ мата жауып, ең болмағанда ұршығына орамал байлап қою қажет. Бесіктің теріс жағына отырмайды. Бесікті саудаламайды. Айтқан бағасына сатып алу керек» деген бесікке байланысты ырымдар мен тыйымдарды қатаң сақтаған.

Алмас: Бесіктің пайда болуы туралы аңыз. Аңызға сүйенсек, ең алғашқы бесік Жетісу мен Алтайдың бойын мекен еткен Айдархан бидің кезінде пайда болған. Айдархан бидің әкесі, Мизам баба, қазақ даласына ағаш отырғызумен, орманды көбейтумен айналысады екен. Елге сыйлы Мизам баба 150 жыл өмір сүріпті. Өзі өмір сүрген ғұмырында еккен көшет-талдардан үлкен бау-бақшалар өсіп шығыпты. Мизам бабаның о дүниеге сапар шеккенінен хабардар қытайлар, бақилық бабаның еңбегін көреалмаушылықпен өртеп жіберіпті. Сол уақытта Мизам бабаның баласы, Айдархан би, алыс ауылға сапар шегіп кеткен екен. Би түсінде әкесін көреді, бір сұмдықтың болғанын сезген ол, үйге қарай аттың басын бұрады. Ауылға асығыс жетіп, ну орманның орнында шөл далаға айналған ауылын көріп қатты қапаланады… Бірақ жылдар өте береді… Айдархан би үйленіп, ең тұңғышы туылады. Бірақ туыла сап, сәби тоқтамай жылай береді. Оған шартарапқа аты шыққан емшілер де көмектесе алмайды. Бір күні бала жылауын тоқтатады. Әкесі қуанып кетіп, жүгіріп үйге кірсе, оны ақ шапан киген бір қария өрттен аман қалған сынық бұтақтарға жатқызып, сәбиді тербетіп отырады. Айдархан би жақын келгенде, ақсақал ғайып болады. Оның орнында қалған ағаш бұтағымен Айдархан, қазіргі «бесік» деп айтылып жүрген бұйымды жасайды.
Осылайша, «бесік» көшпелі қазақ халқының ажырамастай мұрасына айналады.

7. Есіңе түсір!

Салт дәстүрлер туралы бейнеролик көрсетемін. https://youtu.be/F2NK08gvC_0

8. Сергіту жаттығуы

Менің қолымдағы ыдыстың қимылын қайталаңдар.

9. «Суреттердің орнын тап» әдісі (жеке жұмыс) Салт - дәстүрлер бейнеленген суреттерді анықтамасының қасына жапсырады.

сөйлем

суреті

1

Тұсау кесу-бала тәй-тәй басқанда жасалатын думанды дәстүр


2

Бесік жыры ананың балаға деген үлкен махаббатының жырмен өрілген көрінісі.


3

Шілдехана жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той


Мұғалім: Болған жұмыстарыңды жұптарыңмен алмасып, тақтадағы дұрыс жауабына қарап тексеріңдер және оқығаны үшін бір балл қоясыңдар, әр дұрыс жауапқа бір балл қоясыңдар. Барлығын дұрыс орындаған оқушы төрт балл алады.

10.Топтық жұмыс

«Бесік жыры» тобы:

Кестедегі сөздерді өзгертіп жаз және мағынасын түсіндір.

Не?

Қандай?

Кие

Қасиет

Ақыл

...

...

...

«Тұсау кесер» тобы:

Берілген сөйлемдерді оқып, дұрыс сөйлеу үлгісін анықтап, дәлелдеңдер.

Нәрестені бесікке бөледі.

Бесікті тербетті.

Нәрестені бесікке салды.

Бесікті сүйретті.

«Шілдехана» тобы:

«Бесіктен өсіп шығыпты» тақырыбында 3-4 сөйлеммен ойларыңды жазыңдар.

11.Үйге: Үлкендерден бесік жырының бір шумағын сұрастырып, жазып ал. Әуенімен айтуға дайындал.

Әнді тыңдап, өздері білетін бесік жырын айтады.











Дәстүрлер туралы әңгімелейді.





Бесік жырын оқып, мазмұны бойынша әңгімелейді.











Сұраққа жауап береді.







Аида зерттеу жұмысында айтылған (өзімен бірге ала келген) бесіктің жасау жабдықтарын көрсетеді.














Аңызды тыңдайды.


Оқушылар бесіктің шығу тарихымен танысады.


























Мұғалімнің қолындағы бір реттік қолданбалы ыдысқа қарап қимылдар жасайды.






Болған жұмыстарын жұбымен алмасып, тақтадағы дұрыс жауабына қарап тексереді және балын қояды.
































Дескрипторы

-өлең шумақтарын түсініп оқиды

-мазмұнын әңгімелейді

-өлең мазмұны бойынша сұрақ дайындайды

















Аида мен Алмасқа «От шашу» қошеметін сыйлаймыз.







































Дескрипторы

-сөйлемдерді оқиды

- шілдехана суретін орнын тауып жапсырады

-тұсау кесер суретін орнын тауып жапсырады

-Бесік жырының суретін орнын тауып жапсырады

Жалпы-4 балл





Дескрипторы

-кестедегі сөздерді өзгертіп жазады

-сөйлемдердің дұрыс үлгісін анықтайды

-берілген тақырып бойынша ойларын жазады




Ән



Оқулық














Дәптер










Сұрақтар











































































Бейнеролик




Слайдтар





Кестелер





Плакат



Маркер




Сабақтың соңы

7 минут

Тест тапсырмасы (Жеке жұмыс)

1.Бесікті неден жасайды?

А) қарағай, қайың, тал

Ә) емен, шырша, тал

Б) бұтақ, қара ағаш, жиде

2. Бесік жырын кім айтады?

А) атасы

Ә) әкесі

Б) анасы

3. Дұрыс жазылған сөйлемді тап.

А) қол-аяғын ербеңдетіп бос жатқан сәбидің ұйқысы тыныш болмайды

Ә) қол-аяғын салбыратып бос жатқан сәбидің ұйқысы тыныш болмайды

Б) қол-аяғын қолбыратып бос жатқан сәбидің ұйқысы тыныш болмайды

4. Баланың тұсауын неліктен кеседі?

А) тез өссін деп

Ә) тез жүріп кетсін деп

Б) тез сөйлесін деп

5. Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той.

А) тұсау кесер

Ә) бесік той

Б) шілдехана тойы

6. Бесік жырында не туралы айтылады?

А) ананың жақсы тілегі, биік армандары мен қуанышы

Ә) анының уайымы мен ойлары

Б) ананың алтын бұйымдары

Мұғалім: Болған жұмыстарыңды жұптарыңмен алмасып, тақтадағы дұрыс жауабына қарап тексеріңдер және әр дұрыс жауапқа бір балл қоясыңдар. Барлығын дұрыс орындаған оқушы алты балл алады.

«Рефлексиялық шеңбер» кері байланыс

-Бүгін не білдік?

-Сенің көңіл-күйің қандай болды?

-Саған тапсырмалар орындау барысында қиындықтар кездесті ме? Қандай қиындықтар?

-Неліктен?






Тест сұрақтарын оқып, дұрыс жауаптарын табады.





























Дескрипторы

- бірінші сұрақтың жауабын табады

-екінші сұрақтың жауабын табады

-дұрыс жазылған сөйлемді анықтайды

-төртінші сұрақтың жауабын анықтайды

-бесінші сұрақтың жауабын табады

-алтыншы сұрақтың жауабын табады

Жалпы -6 балл












ҚБ

Жарайсыңдар!

Керемет!

Тамаша!





Тест тапсырмасы




























Кері байланыс



Тексерілді:



















































Оқушының аты------------------------------------------------------------------------





Cөйлем

Cуреті

1

Тұсау кесу-бала тәй-тәй басқанда жасалатын думанды дәстүр.















2

Бесік жыры ананың балаға деген үлкен махаббатының жырмен өрілген көрінісі.













3

Шілдехана жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той.


























Оқушының аты -------------------------------------------------------------------------------

Тест

1.Бесікті неден жасайды?

А) қарағай, қайың, тал

Ә) емен, шырша, тал

Б) бұтақ, қара ағаш, жиде

2. Бесік жырын кім айтады?

А) атасы

Ә) әкесі

Б) анасы

3. Дұрыс жазылған сөйлемді тап.

А) қол-аяғын ербеңдетіп бос жатқан сәбидің ұйқысы тыныш болмайды

Ә) қол-аяғын салбыратып бос жатқан сәбидің ұйқысы тыныш болмайды

Б) қол-аяғын қолбыратып бос жатқан сәбидің ұйқысы тыныш болмайды

4. Баланың тұсауын неліктен кеседі?

А) тез өссін деп

Ә) тез жүріп кетсін деп

Б) тез сөйлесін деп

5. Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той.

А) тұсау кесер

Ә) бесік той

Б) шілдехана тойы

6. Бесік жырында не туралы айтылады?

А) ананың жақсы тілегі, биік армандары мен қуанышы

Ә) анының уайымы мен ойлары

Б) ананың алтын бұйымдары











«Рефлексиялық шеңбер» Мысалға үйретіп қойғаның дұрыс.

-Бүгін сабақтан не білдіңдер?

Бірінші оқушы:

Мен бұгін бесікті тал, қайың, қарағай ағаштарынан жасайтынын білдім.

Тағы кім не білді?

Екінші оқушы:

Мен бесіктің шығу таризын білдім.



Мен бесіктің жасау жабдықтарынының атауын білдім. шүмек, түбек, құc төсекжөргекқолбаутізебаутізе жастықбесік көрпе.



Мен бос бесікті тербетуге болмайтынын білдім.



Мен Бесіктің теріс жағына отырмайтынын білдім.

Мен бесікті сатып аларда саудаласуға болмайтынын білдім.



Мұғалім: Бүгін сабақта не ұнады?

Маған ыдыспен жаттығу жасаған ұнады.



Маған бесік туралы аңыз ұнады.



Осы сияқты ......















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!