жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Халқын сүйген , салтын сүйер.
Түлкібас
ауданы
Аудандық ашық семинар сабақ |
Мектеп : « Жанкент » жалпы орта мектебі |
||||
Күні: 26.11.2019ж |
Мұғалімнің аты -- жөні : Ташимбетова Ұ.З. |
||||
Сынып: 2 «А» |
Қатысқандар : 26 |
Қатыспағандар : 0 |
|||
Сабақтың тақырыбы |
Халқын сүйген , салтын сүйер. |
||||
Сабақтың мақсаты |
* Қазақ халқының салт-дәстүрі, әдеп -ғұрпы, жөн жораларын оқушылардың бойына сіңіру. *Оқушы бойында әдептілік және алғырлық, адам қасиеттерін қалыптастыру, ұлттық мақтаныш сезімін ояту. * Көрініс арқылы ұлттық сананы қалыптастыру, салт-дәстүрді үйрену. |
||||
Бағалау критерийлері |
Ұлттық салт-дәстүрдің, ұрпаққа мұра ретінде берілуінің маңызын, оқушылар бойына сіңіреді. Салт-дәстүрге адал болуға, оны қастерлеп, ұдайы сақтауға, жасампаздықпен дамытуға үйренеді. Ұлтжандылыққа, ата салтына беріктікке, парасаттылыққа тәрбиелеу керек екенін түсінеді. |
||||
Құндылықтарды дарыту |
«Ата мұраң - асыл қазынаң» «Салт-дәстүрін ел бұзбас, Уәде-сертін ер бұзбас» |
||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интерактивті тақта, бейнебаян, |
||||
Сабақ жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс- әрекет |
Ресурстар
|
|||
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру: кезеңі. Шаттық шеңбер . Психологиялық ахуал қалыптастыру «Аялы алақан» Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту. Нұсқаулық : қатысушылар шеңбер болып тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне жүректен шыққан жылы лебізін білдіреді. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. Топқа біріктіру. Топ ұраны . 1-топ. « Мейірімділік »Үлкеннен ұлағат,кішіге аманат . 2-топ.« Әдептілік » Кішіден ізет, үлкеннен парасат . 3- топ .« Жақсылық.» Жақсыдан үйрен , хаманнан жирен . |
«Аялы алақан»
|
|||
Сабақтың ортасы
|
Сабақты ашу І. Кіріспе бөлім. Мұғалім : Құрметті қонақтар, оқушылар ! Бүгінгі тәрбие сағатының негізгі мақсаты өз халқымыздың салт-дәстүрлері,асыл қазыналары, асыл мұралары туралы оқушыларымызға түсіндіріп, бойларына сіңіру болып табылады.Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі-өзіміздің қазақ халқы. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың ғасырлар бойы жазған зор еңбектері , салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері соның айғағы. Қазір, сіздер осы айтылғандардың, шағын болса да, куәсі боласыздар. Қазақ халқының салт – дәстүрлері бала тәрбиесіне байланысты. ІІ. Негізгі бөлім. «Салт-дәстүрі қазақтың – сарқылмайтын кенмен тең» І кезең. « Білгенге – маржан » қазақ ырымдары мен тыйым сөздер. ІІ кезең .« Жалғасын тап» мақал-мәтелдер. (Т.Ж). ІІІ кезең . «Адамның бір қызығы бала деген » көрініс тамашалау ІҮ кезең . «Ойнайық та, ойлайық» (Т.Ж.). Қазақ ырымдары мен тыйым сөздері І кезең « Білгенге – маржан ».( Ұ.Ж) ( қазақ ырымдары мен тыйым сөздері) * Қазақтар шашты жерге тастамайды – бас ауырады деп ырымдайды. * Шаштыдалағатастамайды, жерге көмеді. Себебі оны құс ұясына салса, иесі дертке шалдығады деп түсінеді. * Тырнақ өсірмейді – астына шайтан ұялайды дейді. * Ас бөлмесінде тырнақ алмайды. Тамаққа түссе – адам жазылмайтын ауруға шалдығады деп түсінеді. * Нанды баспайды. Нанды басқанды құдай атады, қарғысқа ұшырайды деп ұғады. * Қыз балаға шашы өссін деп желкеге жегізеді. * Бесіктің бас жағына пышақ, қайрақ, қамшы немесе үкінің тұяғын қояды. Мұндайда шайтан, жылан, жәндік, тышқан келмейді деп жорыған. * Cәби тоңқайып екі аяғының арасынан қараса, күткен жолаушы келеді немесе қонақ келеді дейді. * Жазғытұры далада ұйықтамайды. Бұл кезде далада ұйықтап қалған кісі бет-аузы қисаяды, жынданып ауырады деп ырымдайды. * Атты кісі бейіт тұсынан шауып өтпейді, әруақ атады, сайтан жабысады деп қорқады. Тыйым сөздері. ( Ұ.Ж.) Малды теппе, ақты төкпе. Отты шашпа, күлді баспа.Екі қолыңды төбеңе қойма.Есікті керме.Тұзды шашпа, баспа.Нанды бір қолмен үзбе. І І кезең . «Жалғасын тап» . мақал – мәтелдер. ( Т.Ж.) Ойынның мақсаты: мына қоржынға асықтар салынған. Ол асықтар бетіне сан жазылған. Қоржыннан кез-келген асықты аласыңдар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қойылады. Оқушылар мақалдың жалғасын табады . 1. Атаға қарап-... Анаға қарап-... 2. Ананың көңілі балада,... 3. Ата-ананың қадірін ... 4. Атаның баласы болма ... 5. Баланың жақсысы қызық ... 6. Ұядан не көрсе,... 7. Қарағайға қарап..... Отбасына қарап ... Бағалау : теңгемен бағаланадыі Қазақ халқы тойшыл, ырымшыл халықпыз. Біздің ерте кезден келе жатқан әр түрлі салт дәстүрлеріміз бүгінгі күнге дейін жетіп жатыр. Кане, балалар өзіміз білетін салт дәстүрлерімізді атап шығайықшы? Дәстүрді білесіңбе ? бейнебаян . Ұлттық тағамдар, ұлттық ойындар , қазақтың салт- дәстүрлері. Жақсы балалар, енді біз бүгін тәрбие сағатымызда тұсау кесу салтына тоқталамыз. І І І кезең . « Адамның бір қызығы бала деген » көрініс тамашалау.
Тұсау кесу салты туралы не білеміз? ( оқушылармен әңгімелесу) Тұсаукесу – қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны жүріс-тұрысы ширақ . Әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға баланың тұсауын кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді. Көбейіп, көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды. Ал, енді өзіміздің сыныбымызда тұсау кесу салтын көрсетпекпіз. Біз қазақ халқы әулеті дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұраларды насихаттап жүрген халықпыз..Ал, келін балам, кішкентай немеремді ортаға әкел. (осы кезде ақ жайма жайылып, тұсау кесуге қажетті заттар ортаға қойылады) Әже : Жолың болсын деселік, Жолыңа нұр төсейік. Жарылқасын алдыңнан. Тұсауыңды кесейік! Тұсауыңды кесейік! Күрмеуіңді шешейік Жансезім мен Медина баланы жетектеп « Тұсау кесу » жырын айтады . Қаз, қаз балам, қаз балам Қадам бассаң мәз балам. Тағы, тағы баса ғой, Тақымыңды жаза ғой. Қаз баса ғой қарағым, Құтты болсын қадамың ! , « Батаменен ел көгерер » « Жаңбырменен жер көгерер» (үлкен кісілер бата береді, шашу шашылады) «Тұсау кесер» тойының құрметіне Нұрсая ән шашу арнайды. Сергіту сәті.« Аққұсым » әні. ІҮ кезең.«Ойнайық та, ойлайық» (Т.Ж.) (қима қағаздар құрастыру) 1-топ.”Тілашар”. 2-топ.“Тұсау кесу”. 3-топ. “Шілдехана“ Бағалау : отшашу арқылы бағалаймын. Қорытынды : Бүгінгі тәрбие сағатымызда осыншама халық мұрасының ішінен адам тіршілігіне байланысты көне және бүгінгі күннің салт – дәстүрлерінің негіздер ғана айттық. Салт - дәстүр, әдет – ғұрып халықтың рухани өзегі, тілінің тірегі, мәдениеттің арқауы. Ғасырдан - ғасырға, ұрпақтан – ұрпаққа ауысып келе жатқан ата дәстүрінің желісін үзбей халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалы, оларды көздің қарашығындай сақтап, ілгері дамытып отыру өркенді өнегелі іс. Дәстүр, салт қашан да адам қиялынан туындап, заман ағымына қарай байып, мазмұны тереңдеп отырады. Сондықтан бұған осы тұрғыдан қарағанда дұрыс. Әркім керектісін, көңіліне ұнағанын, көкейіне қонғанын қабылдап, іс жүзінде қолданса, оны ұлтымыздың озық салт-дәстүрлерімен байланыстырып, байытып мазмұндандыра түссе, нұр үстіне -нұр. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші ,салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін.тілінің, салт-дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін. Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда құрметті оқушылар! |
Слайд
бейнебаян
интертақта
Қоржын асықтар
интертақта
Тұсау кесу рәсіміне қажетті заттар
Сергіту сәті
Қима қағаздар, Маркер
|
|||
Сабақтың соңы |
Рефлексия.
Кері байланыс: Оқушыларға медальдар беріледі |
Қоржындар
медаль |
|||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз ? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Денсаулық
пен қауіпсіздік техникасының
сақталуы |
|||
* Қазақ халқының салт-дәстүрі, әдеп -ғұрпы, жөн жораларын оқушылардың бойына сіңіру. *Оқушы бойында әдептілік және алғырлық, адам қасиеттерін қалыптастыру, ұлттық мақтаныш сезімін ояту. * Көрініс арқылы ұлттық сананы қалыптастыру, салт-дәстүрді үйрену. |
« Отшашу» сөздік бағалау «жарайсың», « керемет», «жақсы» теңгелермен бағалаймын Мақтау, мадақтау, медалдар |
Қауіпсіздік
және еңбекті қорғау ережелері
|
|||
Рефлексия:
|
|
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген